Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29

 Мақалада  ҚР  –  дағы  шағын  және  орта  кәсіпкерлігінің  дамуы  мен  тиімділігін 
арттыруға  мемлекет  тарапынан  қолдау  кӛрсету  үшін  қабылданған  «Бизнес  картасы 
2020» атты бағдарламасы экономикамызды әртраптандыруға мүмкіндік береді.  
 
РЕЗЮМЕ 
 В  статье  рассматриваются    для  развития  малого  и  среднего  бизнеса  РК  была 
принята программа «Карта бизнеса 2020» который дает просветание и развитие нашей 
экономики.  
 
 
 
ӘОК 328.937 
ТҦРҒЫН ҤЙ – НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ 
 
Қожамқұлов Т. – э.ғ.к., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)  
Абдиева Б.М. – оқытушы, (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Биылғы  Жолдауда  (2011  жылғы)  тұрғындарды  үймен  қамтамасыз  етуге  ерекше 
назар  аударған  (2.5.  қараңыз).  Халықтың  әл-ауқатын,  тұрмысын,  кӛңіл-күй  ахуалын 
үймен қаншалықты қамтамасыз еткенімен айқын байқауға болады. Қазақта аталы ұғым 
бар.  Ол  –  үйсіз  адам  күйсіз.  Кӛңіл  –  күй  кӛп  жағдайда  ӛмір  сүріп  отырған 
шаңғырағыңыздың жағдайына тығыз байланысты. Үй салу, демек, құрылыс жүргізу аз 
мерзімді  қамтымайды.  Тұрғын  үйдің  ӛмір  сүру  циклі  де  ұзақ.  Совет  Одағы  кезіндегі 
сапалы  құрылыс  материалдарынан  салынған  тұрғын  үйлер  ғасырдан  астам  мерзім 
мызғымай  сол  қалпында  тұр.  Тұра  береді  де.  Алыстан  іздемеңіз,  Алматы  шаһарын 
араласаңыз ғасырдан астам ғұмыры бар ғимараттардан аяқ алып жүре алмайсыз. Қазіргі 
салынып жатқан тұрғын үйлердің ӛмір циклі қаншаға жетеді екен? 
Тұрғын үй салу құрылысы сӛз болғанда есте ұстайтын бір жайт бар. Ол – бірнеше 
жылды  қамтитынын  кӛрсеткіштер  болуы  қажет.  Осындай  кӛрсеткіштермен  елдің 
әлеуметтік әлеуетін айқындап, қол жеткен табыстарды дәл және шынайы кӛрсетеді.  
Осы салада мемлекетіміздің бес жылдағы кӛрсеткіштері қомақты (1 кестеге кӛңіл 
аударыңыз). 
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
106 
1 – кесте. 
Қазақстандағы қҧрылыс қарқыны 
 
Кӛрсеткіштер 
Ӛлшем 
бірлігі  
2
005ж 
2009ж  2009-2005 
салытырға 

Негізгі капитал тартылған инвестиция –  
барлығы  
млрд. 
теңге 
2421,0  4546,9 
187,8 
Шетел инвестициясы 
млрд. 
теңге 
578,4 
1682,1 
290,8 
Құрылыс жұмыстарының кӛлемі (қызмет) 
млрд. 
теңге 
1066,3  1790,0 
167,9 
Құрылыс –монтаж  жұмыстарына 
инвестиция  
млрд. 
теңге 
1145,2  1825,7 
159,42 
Тұрғын үй құрылысының инвестициясы 
млрд. 
теңге 
254,3 
290,4 
114,19 
Жалпы нысандар кӛлемі  
мың 
ш.м. 
6740 
9883 
146,63 
Оның ішінде тұруға арналмағандары 
мың 
ш.м. 
1748 
3875 
221,68 
Құрылыс ұйымдарының саны 
 
бірлік 
5624 
5242 
-93,20 
Орташа жылдық саны-барлығы 
мың 
адам  
179,6 
212,4 
118,26 
Құрылысшылардың  орташа айлық жалақы 
теңге 
47921 
93858 
195,94 
ІЖӚ-дегі құрылыс үлесі 

7,8 

102,56 
 
Қазақстан  Республикасында  құрылыс  қарқыны  2005-2009  жылдары  үздіксіз 
үдемелі қарқында болды. Негігі капитал тартылған инвестицияның барлығы 2005 жылы 
2421,0  млрд.  теңге  болса  2009  жылы  4645,9  млрд.  теңгеге  жеткен,  ӛсімі  187,8  пайыз. 
Шетел инвестициясы 576,4 млрд. теңгеден 1682,1 млрд болып 290,8 пайыз.   
Құрылыс  жұмыстарының  кӛлемі  (қызмет)  1066,2  млрд.  теңгеден  1790,0  млрд. 
теңге  жетіп,  ӛсімі  167,9  пайыз  болды.  Құрылыс  –монтаж  жұмыстарына  кеткен  қаржы 
2005 жылы 1142,2 млрд теңгеден 1825,7 млрд теңгені құрап, ӛсімі 159,42 пайызға жетті. 
Тұрғын  үй  салыға  жұмсалған  қаржы  2005  жыылы  254,3  млрд.  теңгеден  2009 
жылы 290,4 млрд теңгеге жетіп, ӛсімі 114,19 пайыз болды.  
Жалпы нысандар кӛлемі 2005 жылы 6730 мың ш.м. құраса, 2009 жылы 9883 мың 
ш.м. жетіп 146,63 пайыз кӛбейді.  
Құрылыс ұйымдарының саны қаралып отырған мерзімде 2005 жылы 5624 болса, 
2009 жылы 5242 болды. 
Құрылысшылардың  орташа айлық жалақысы 2009 жылы 93858 теңге болды. 
Ішкі  жалпы  ӛнімдегі  құрылыс  үлесі  2005  жылғы  7,8  пайыздан  2009  жылы  8 
паййызға жетті.  
Статистикалық    агенттігінің  дерегі  бойынша,  2009  жылы  құрылыс  саласының 
негізгі капиталына тартылған инвестиция кӛлемі 4546,9 млрд.  
Тұрғын үй құрылысы саласына 290,4 млрд. теңге қаржы бӛлініп, 6,4 млн. шаршы 
метр тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді. 
Кез  келген  дамыған  елдің  әлеуметтік  әлеуетін  айқындайтын  кӛрсеткіш  – 
пайдалануға  берілген  тұрғын  үйлердің  кӛлемі.  Тек  қана  бір  жылдың  ішінде  (2009ж) 
еліміздің әрбір тұрғынына 1 жылға шаққанда 2009 жылы 0,40 шаршы метр құрғын үй 
пайдалануға  берілген.  15  млрд.  теңге  қаржы  бӛлінді.  Бұл  жалпы  кӛлемі  250,8  мың 
шаршы  метр  болатын  жалға  берілетін  3000  пәтер  салуға  мүмкіндік  берді.  Жалға 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
107 
берілетін пәтерлердің жалпы кӛлемі 730,6 мың шаршы метр немесе 8900 жеке пәтерден 
тұрады.  Үлескерлерінің  мүддесін  қорғау  мақсатында  Үкімет  бірқатар  кешенді 
шараларды жүзеге асырды. Осы мақсат үшін мемлекет тарапынан 518,782 млрд. теңге 
қаржы  бӛлінді.  Үлескерлерді  қолдау  мақсатына  қабылданған  осындай  қолдау 
шараларының нәтижесінде 2007 жылдың кыркүйегінен 2010 жылдың маусымына дейін 
62  мың  үлескерлер  қатысқан  450  тұрғын  үй  кешенінің  45,5  мың  үлескерлері  пәтер 
кілтін алған, 353 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.  
Ӛңір әкімдіктерінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда азаматтарға ЖТҚ салу үшін 
бӛлінген  136  мың  гектар  жер  телімі  бар.  Егер  осы  бӛлінген  жер  телімдері  бойынша 
ЖТҚ-лар  салынатын  болса  пайдалануға  берілетін  ЖТҚ  кӛлемі  14  млн.  шаршы  метрді 
құрайды. 
Мемлекет  басшысының  тапсырмасына  сәйкес  ӛткен  жылы  Қазақстан 
Республикасында  2010-2014  жылдарда  құрылыс  индустриясын  және  құрылыс 
материалдары  ӛндірісін  дамыту  жӛніндегі  бағдарлама  жасалып  жүзеге  асырыла 
бастаған. 
Бағдарлама  2010-2014  жылдар  аралығында  кезең-кезең  бойынша  жүзеге 
асырылады.  
2010-2012  жылдар  аралығындағы  бірінші  кезеңде  құрылыс  саласын  қолдау  және 
дамыту мақсатында инфрақұрылым базасын нығайту кӛзделініп отыр.  
Бағдарламаның 2012-2014 жылдарға арналған екінші кезңінде құрылыс саласында 
қалыптасқан әлеуетті тиімді пайдалана отырып одан әрі дамыту мақсаты кӛзделген. 
Жолдауда тұрғын үй мәселесі 2.5. бӛлімшеде ерекше атап кӛрсетілген. Мазмұны: 
«Азаматтардың ӛмір сапасының озық кӛрсеткіші – тұрғын үй  жайлылығының деңгейі. 
Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 миллион шаршы метрге ұлғайды. Бұл бүгінде 
бір миллионнан  астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады дегенді  білдіреді. Бұл  – біздің 
тұрғын үй саясатымыздың нәтижесі. Сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз 
ету  жүйелеріне  кең  ауқымды  жаңғырту  жүргізіп,  сондай-ақ  тұрғын  үй  қатынасының  
оңтайлы моделін құруды қамтамасыз ету қажет. 
Күрделі жӛндеуді қажет ететін нысандардың үлесі 32 пайыздан 2015 жылға қарай 
22 пайызға тӛмендеуі тиіс. Жаңғыртылған жүйелердің ұзындығы 2015 жылға қарай ел 
бойынша тұтастай алғанда 31 мыңнан астам шақырымды құрайтын болады.  
Мемлекет  халықаралық  қаржы  институттары  мен  біздің  банктерімізді  тарта 
отырып,  жеке  инвесторларға,  кәсіпорындар  мен  азаматтарға  тұрғын  үйлер  мен 
коммуналдық  нысандарды  жӛндеу  және  реконструкциялау  үшін  қаржыландырудың 
бірлескен арнайы тетіктерін ұсынады. 
Тұтастай  алғанда,  оны  жүзеге  асыруға  1,5  миллион  адам  –  кӛппәтерлі  тұрғын 
үйлердің  тұрғындары қатысады. 
Біз  тек  осылай  еткенде  ғана  тұрғын  үй  жағдайын  жақсартып,  азаматтардың  ӛз 
мүлкін сақтауға жауапкершілігін жоғарылата аламыз» деді Елбасы. 
Қорыта айтқанда жүзеге асатын игілікті шараларға байланысты еліміздің тұрғын 
үй құрылысы саласында бұрын болмаған жаңа даму дәуірі басталады. 
Тұрғын  үй  барлық  әлеуметтік  мәселелерді  ойдағыдай  шешузің  бастауы,  негізі, 
шындығы,  ақиқаты.  Енді  осыларды  қысқаша  тарқатайық.  Тұрғын  үй  салудың  негізі 
және басқару агентігі бар. Ол қомақты игілікті жұмыстарды атқарып келеді. Солардың 
басты дегендері мыналар: 
Жер қатынатары заңдылықтарын қатаң сақтау; 
Осы бағытта үзбей үздіксіз тексеру жүргізу; 
Мемлекет  мүддесі  үшін  сатып  алынатын  жер  телімдерін  бағалаудың  бұрын 
болмаған сапалы жаңа ережесі мен тәртібін енгізу; 
Жер  телімдерін  сатып  алғанда  бұрынғы  тӛлеген  бағасынан  аспайтын  қаражатқа 
сатып алу; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
108 
Жеке  меншік  тұрғын  үйлер  салуға  бӛлінген  жер  телімдеріне  ғана  басымдық 
беріледі; 
Барлық ӛңірлерде аймақтық жер басқармасын құру
Ауыл шаруашылығы нысанына берілген жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру; 
Заң бұзушылық және иесіз қалған жерлерді анықтау; 
Жер  телімдеріне  мемлекеттік  бақылауды  және  картографиялық  кешенді 
жобаларын жасау жұмысы тұр. 
Биылғы Жолдаудағы ӛзекті мәселенің бірі – тұрғын комуналдық шаруашылықты 
дамытудың жайы ӛте жақсы кӛтерілді. Шынымен де, осы саланың күрделі мәселелері 
кӛптен  бері  халықты  толғандырып  жүретін.  Қаржының  жоқтығынан  кейінге  қалып 
келді.  Кӛптеген  қалалардағы  үйлердің  коммуникациясы  тозған.  Күрделі  жӛндеуден 
ӛткізу  оңайға  түспейді.  Ауыстыру  да  кӛп  қаржыны  талап  етеді.  Ол  үшін  тұрғын  үй 
коммуналдық  шаруашылықты  дамыту  бағдарламасы  қолға  алынып,  мемлкет  қаржы 
институттарын  тартатын  болды.  Елбасы  үкіметке  жӛндеу  және  қалпына  келтіру 
жұмыстарын кеңінен қаржыландыру тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Осы арқылы біздің 
еліміздегі  тұрғын  үй  жағдайын  жақсартып  қана  қоймай,  азаматтардың  ӛз  мүліктерін 
сақтау жауапкершілігін арттыра аламыз.  
Тұрғын үй мәселесін шешу сайып келгенде шоғырланған кӛрсеткіш. Ол тиянақты 
жақсы  болмаса,  кӛңіл  күйі  пәс  болса,  Жолдаудағы  күрделі  міндеттердіжүзеге  асыру 
ойдағыдай болмақ емес. 
Жолдауда ерекше атап кӛрсетілген міндеттердің бастылары мыналар. 

 
Жедетілген экономикалық жаңғырту. 

 
Әлеуметтік желісін жаңғырту. 

 
Білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыру. 

 
Тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін барлық жағдайлар жасалған.   
Алдағы міндеттерде аз емес. 

 
Тілдерді  дамыту  барысында    қазақ  тілін  меңгергендердің  үлесі  басым 
кӛпшілікті  құрайды.  Алдағы  міндет  –  2017  жылы  мемлекеттік  тілді  білдетіндердің 
санын 80 пайызға дейін жеткізу. 

 
Жұмыспен  қамтудың  тиімді  жаңа  стратегиясын  жүзеге  асыру.  Жаңа 
инновациялық  экономикалық  жоғары  білікті  кадрлардың  бұрын  болмаған  сапалық 
жаңа генерациясын қажетсінеді. 

 
ТКШ-ны жаңғырту. Шоғырланған кӛрсеткіш. Он жылда тұрғын үй қоры 30 
миллион  шаршы  метрге  ұлғайды.  Сӛйтіп  бір  миллионнан  астам  тұрғындар  жаңа 
пәтерге қоныстанады. Келешкте тұрғын үй қатынастарының оңтайлы үлгісі жасалады. 

 
Сапалы  ауыз  сумен  қажетінше  қамтамасыз  ету,  аса  маңызды  және 
басымдықтардан  ойып  орын  алады.  Орталықтандырылған  сумен  қамтамасыз  ету 
ауылдық  жерлерде  40,  қалаларда  72  пайызға  ӛскен.  Сумен  қамтамасыз  ететін 
жүйелердің  60  пайызының  тозығы  жеткен.  Жер  асты  суларын  пайдалануға  ерекше 
кӛңіл аударылатын болады.  

 
Ӛмірдің  жаңа  саласына  жету  табыстарға  тікелей  байланысты.  Жолдауда 
кӛрсетілгендей  зейнетақылар,  бюджеттік  сала  қызметкерлерінің  еңбекақылары, 
степендиялар  кӛлемі  ӛседі.  2012  жылы  аталғандарың  кӛлемі  2008  жылмен 
салыстырғанда 2 есе ӛседі.  
Елбасы кӛп мерзімнен бері басымызды ауыртып идея кӛтерді Үстіміздегі жылы 6 
миллион шаршы метр тұрғын үй бой кӛтереді. «Экономикалық тұрғын үй» деп аталған 
жаңа бағдарлама бойынша пәтер алам деушілердің жасына, табысына қарамайды. Кім 
пәтер  алғысы  келсе  оның  20%  тӛлеуге  депозит  ашу  қажет,  қалғанын  несие  алып 
жабады.  Осы  жоба  үстіміздегі  жылдың  екінші  жатысынан  бастап  күшіне  енеді.  Бұны 
үдемелі экономиканың жемісі деп білген жӛн. 
Тұрғын  үй  салу  жер  мәселесінің  тығыз  байланыста  екендігін  әңгіме  еттік.  Осы 
тұста  үш  ғасыр  толып,  40  жыл  елді  билеген  Абылай  ханның  жер  мәселесі  жӛнінде 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
109 
ұстамы мен саясатын, айтпай кету әбестік болар еді. Абылай жерді бүтіндеді, шекараны 
белгіледі.  Қазіргі  шекара  Абылай  белгілегеннен  ептеп  кішірейген,  оныңда  себептері 
бар. Абылайдың билік құрған кезінде қазақтың бір сүйем жерін ешкімге бермеген. Ол 
кезеңде  бодан  болған  қазақ  елі,  жері  азат  болған.  Абылайдың  қол  таңбасы  жан-
жағымызды  қоршаған  елдердің  бәрінде  бар.  Абылай  кезіндегі  жер  тарихы  және 
тағдыры  қазіргі  жер  тарихымен  үндестікте,  будандасып  кірігіп  жатыр.  Бұны  ой 
таразысынан ӛткізгеніміз қазіргі жайдайда емес, болашаққа таптырмас сабақ болар еді. 
Жер  мәселесі  жӛнінде  Абылай  мектебінің  сабағын  шеберлікпен  меңгергеніміз  жӛн. 
Абылай ұстанымын ұсғанымыз абзал.  
Дәл қазір әртүрлі дағдарыстар жӛнінде аз айтылып, аз жазылып жатқан жоқ. Дода 
алаңына  айналдырып  жарыса  жазып  жатырмыз,  қаржы,  экономика,  әлеуметтік 
дағдарыстарды және т.б. Әзірге жұмған аузымды ашпайтын күйзелістің дара түрі бар. 
Ол  кӛңіл  күй  дағдарысы  Бұл  кӛптеген  елді  шарпып  ӛршіп  тұр.  Билік  және  Үкімет 
халықтың кӛңіл күй несиесінен бір жола айырылып қалмауы шартты мәселе.  
Кӛңіл күй сезім бірге жүрді, делектикалық байланысты, ӛзара тәуелділікке болып 
ғұмыр  кешеді.  Кейбір  шенеуніктердің  алаяқ  әдістері  мен  жұмысқы  іс-қимылдарының 
салдарынан халық бірнеше мәрте алданып қалғандығын жылы жауып, жасырып қоюға 
болмас. 
Сенім сейілсе – кӛңіл күй құлазиды. Ӛйткені сенім мемлекетте қордаланып қалған 
жағымсыз  сеңді  талқандап  бұзуға  қуатты  жеткілікті  күш  екендігін  анық  және  ашып 
айтқан жӛн болар. Есте бекем ұстайтын бір жайт бар. Ол әртүрлі дағдарыстар (әртүрлі 
деңгейдегі)  кӛңіл-күй  ұласқанда  қоғамды  түп  тамырымен  талқандайтын  (қопаратын( 
ойқын  ядролық  қару  деп  қорытындылауға  әбден  болады.  Кӛптеген  ел  үрей  үстінде 
қалтырауық ӛмір сүріп тұр. Олардың іске асырып жатқан амалдары тығырыққа тірелуді 
уақытша жұмсартуға бағытталған ағымдағы уақытша стратегия. 
Бәрімізге  кӛңіл-күй  күйзелісіне  душар  етпейтін  ұзақ  мерзімге  есептеген 
перспектикалық  стратегия  жасау  қажет-ақ.  Оны  желбуаздыққа  салып,  сылбыр  (баяу) 
жасау  қоғамның  ӛмір  сүру  циклін  қысқартумен  тең.  Қазіргі  заман  ӛркениетті 
ӛзгерістермен  бірге,  білдіргіш,  қасіретті  дәуір  екендігін  жадымызда  һам  бекем 
сүруіміздің негізгі талаптарының бірі және басты талап.   
Кӛңіл күй үлкенді кішілі барлық үрдістерге нақтылы әсер етеді. Ӛмірде болған бір 
оқиғаны айтайын. Совет Одағы ғарышты меңгеруге үлкен күш, орасан қаражат жұмсап 
алға озып шығуға құштар болды. Ғарышқа жәндіктермен қоса Лайканы жіберіп алды. 
Кезекте  адамды  ұшыру  тұрды.  Арнайы  бағдарламамен  космоновтарды 
дайындықтан ӛткізді, солардың ішінен екеуін іріктеп таңдап алды. Олар негізгі ұшуға 
тиісті космонавты (аты-жӛні осы күнге дейін бей мәлім), екіншісі Юри. Оларды ұшар 
алдында  жеке  бӛлмелерде  тынығып  демалуға  жіберіп,  білдіртпей  құралды  қосып 
қойған. Ғарышқа ұшатын негізгі адамның болар-болмас, тіпті сӛз етуге болмайтындай, 
кӛңіл  күйіндегі  секемді  құрал  кӛрсетіп  берген.  Комисия  мүшелерінің  ұйғарымен  оны 
ұшырмаған.  Юри  Гагарин  болса  негізгі  емес,  жанама  құқыққа  ие  еді.  Тағдыр  оны 
ғарышқа  ұшырды,  әрине  бірғана  айналып  шықты.  Сол  кездегі  Совет  Одағының 
біріншісі  Никита  Хрущев  мақтануды  жанындай  жақсы  кӛретін  еді.  Ол  «Ақ  түйенің 
қарны жарылғандай» қаражатты оңды солды шашып «той» жасады. Әлемге жар салды.  
Мақаланың  бітер  жерінде  кӛңіл  күйінің  әсер  етпейтін  жерлері  мен  кеңістіктері, 
ӛрісі  мен  аясы  барма,  деген  сауалды  қою  ӛте  орынды.  Жауабы  екі  ұшты  емес,  біреу  
ғана.  Ол  бәріне,  барлығына  ықпал  жасайды.  Кӛңіл  күйі  әсер  етпейтін  жерлері  бар 
дегенді  ғылыми  негізде  дәлелдейтін  нұсқаны  әзірше  естіп,  кітаптардан  оқып  таба 
алмадым.  Себебі  жоқ  болуға  тиіс.  «Кӛңілдің  әсер  етпейтін  кеңістігі  мен  жерлері  бар 
деу»,  піспеген  шикі  думблез,  есерсоқ,  жолдан  қосылған  кӛк  атылардың,  қотыр  қоңыр 
тайды  мінгендердің  ойдан  шығарған  шындыққа  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайтын, 
бейшаралардың  жалған  парқы.  Бұны  дәлелдеп  жатудың  қажеті  де  жоқ.  Ӛткені  әлемге 
белгілі ақиқат және шындық.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
110 
Кӛңіл күйдің патшалық ететін заңғар әсерін санамызға бек шоқып, ӛмір сабағына 
айландыра білейік жамағат.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  Қазақстан  халқына 
Жолдауынан. «Егемен Қазақстан» 28.01.2011ж.  
2.  Әубасаров  Я.А.,  Нәрібаев  К.Н.,  Кабдиев  Д.К.  «Экономикалық  теория  курсы», 
Қазақ ұлттық университет бастасы, Алматы, 1999 жыл.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  2011  жылғы  Жолдаудағы  күрделі  мәселелердің  бірі  тұрғын  үймен 
қамтамасыз ету баяндалады.  
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются    один  из  сложных  проблем  в  Послании  2011  года 
обеспечение жильем.  
 
 
 
ӘОК 343.224.1. Қ 56 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕХАНИЗМІНДЕ 
БИЛІК БӚЛУ ҚАҒИДАСЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 
 
Қожабекова А.Д. – т.ғ.к., доцент  (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан  Республикасы  ӛзінің  тәуелсіздігін  жариялағаннан  кейін  әлемдік 
ұстанымдар  аясында ӛмір  сүруге бет бұрған  болатын. Мұның негізгі  бағыты қоғамды 
демократияландыру,құқықтық  мемлекет  қалыптастыру  және  мемлекеттегі  билікті 
тежемелік-теңгермешілік қағидасы негізінде жүзеге асырудан кӛрініс тапты.  Бұл асқақ 
идеяларға  еліміз  бірден  жетуі  мүмкін  емес,  сондықтанда  бұл  бағытта  мемлекеттік  іс-
шаралар жүзеге асырылған болатын . 
Жоғарыдағы  аталған  қоғамды  демократияландыру  тетіктері  бір  мақсатты 
кӛздейді,  ол  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын  сақтау  және  тиісінше  қамтамасыз 
ету. Осы бағыттағы ең маңызды тетіктердің бірі мемлекеттік  билікті бӛлу  қағидасына 
сүйене  отырып  жүзеге  асыру.  Елімізде  билік  бӛлу  қағидасы  ең  алғаш  рет  егемендік 
туралы  декларацияда  кӛрініс  тапқан.  Нақты  айтатын  болсақ,  Қазақ  Советтік 
Социалистік Республикасының  Мемлекеттік егемендігі туралы 1990жылғы  25қазанда 
қабылданған  декларациясының  7  пункітінде  былай  делінген:  «Республикада 
мемлекеттік  ӛкімет билігі оны заң шығару,атқару, сот билігіне бӛлу принципі бойынша 
жүзеге  асырылады».    Бұл  кӛрсетілген  қағида  Қазақстанның  болашақ  конституциялық 
құқықтық  дамуына негіз болып табылады. Билік бӛлу қағидасы тәуелсіз Қазақстанның 
1993 жылы қабылданған алғашқы Конституциясында кӛрініс тапты. Тәуелсіз еліміздің 
тарихындағы, одан кейінгі конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданғаны белгілі. 
Бұл конституцияның 3 бабында мынандай норма белгіленді: 
1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық. 
2.  Халық  билікті  тікелей  республикалық  референдум  және  еркін  сайлау  арқылы 
жүзеге асырады, сондай-ақ ӛз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. 
3.  Қазақстан  Республикасында  билікті  ешкім  де  иемденіп  кете  алмайды.  Билікті 
иемденіп  кетушілік  заң  бойынша  қудаланады.  Халық  пен  мемлекет  атынан  билік 
жүргізуге  Республика  Президентінің,  сондай-ақ  ӛзінің  конституциялық  ӛкілеттігі 
шегінде  парламенттің  құқығы  бар  Республика  Үкіметі  мен  ӛзге  де  мемлекеттік 
органдар ӛздеріне берілген ӛкілеттер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
111 
4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде 
заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бӛліну, олардың тежемелік әрі тепе-
теңдік  жүйесін  пайдалану  арқылы,  ӛзара  іс-қимыл  жасау  принцпіне  сәйкес  жүзеге 
асырылады».  Қазіргі  кезеңде  бұл  конституциялық  қағида  белгілі  дәрежеде  қоғамда 
жүзеге  асып  жатыр.  Белгілі  ғалым  С.С.Сартаев  пен  Л.Т.Наразкулова  1995  жылғы 
конституцияның  маңызы  туралы  мынандай  ой  білдіреді:  «Принятие  Конституции 
Республики  Казахстан  1995г  прежде  всего  было  обусловлено  необходимостью 
реализации  новой  модели  разделения  государственной  власти,  которая  позволила  бы 
обеспечить  ее  единство  и  эффективность.  Поэтому  в  Конституции  Республики 
Казахстан особо подчеркивается, что государственная власть является единой, так как 
суверенитет  народа  неделим;  но  функционирует  она  на  основе  рассредоточенения 
публичных  функций  между  различными  государственными  органами».  Жоғарыдағы 
аталған  авторлар  конституцияның  билік  бӛлу  қағидасына  байланысты  нақты 
тетіктердің  кӛрінісін  былай  сипаттайды:  «При  реализации  принципа  разделения 
государственной  власти  важная  роль  отводится  распределению  публично-властных 
полномочий  между  высшими  органами  государства,  учреждаемых  Конституцией  РК: 
Президентом РК (раздел 3), Парламентом РК (раздел 4), Правительством РК (раздел 5) 
Конституционным  советом  РК  (раздел  6)  и  Верховным  судом  РК  (раздел  7).  Целью 
нынешней  Конституции  выступает  распределение  властных  полномочий  таким 
образом,  чтобы  в  общей  сложности  функционирование  данных  органов  обеспечивало 
их  тесное  взаймодействие  на  основе  Конституции  и  законов  во  имя  прав  человека  и 
правопорядка в обществе».  
 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясын қабылдау, ең алдымен, 
оның  біртұтастығы  мен  тиімділігін  қамтамассыз  ететін  мемлекеттік  ӛкімет  билігін 
бӛлісудің  жаңа  моделін  жүзеге  асыру  қажеттілігін  туындады.  Сондықтан  да  ҚР 
Конституциясында  мемлекеттік  билік  біртұтас,  ӛйткені  халықтың  егемендігі 
бӛлінбейді;  бірақ  ол  жариялылық  функцияларын  әр  алуан  мемлекеттік  органдар 
арасында  бӛліп  жайғастыру  негізінде  қызмет  етеді,  -  деп  ерекше  аталып  кӛрсетілген. 
Мұндай  қорытындыға  біз  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  3-ші  бабының 
мәніне  сүйеніп  келіп  отырмыз:  «республикада  мемлекеттік  билік  біртұтас,  ол 
Конституция  мен  заңдар  негізінде заң  шығару,  атқару  және  сот  тармақтарына  бӛліну, 
олардың  тежемелік  әрі  тепе-теңдік  жүйесін  пайдалану  арқылы,  ӛзара  іс-қимыл  жасау 
принцпіне сәйкес жүзеге асырылады». 
Мемлкеттік  ӛкімет  билігін  бӛлісу  принцпін  жүзеге  асыруда  жариялылық  билік 
ӛкілеттіктерін  ҚР  Конституциясы  бекіткен  мемлекеттің  жоғарғы  органдары:  ҚР 
Президенті (3 бӛлім), ҚР Парламенті (4 бӛлім), ҚР Үкіметі (5 бӛлім), Конституциялық 
кеңес (6 бӛлім) және ҚР жоғарғы Соты (7 бӛлім) арасында бӛліп жайғастыру маңызды 
роль  атқарады.  Бүгінгі  таңдағы  Конституцияның  мақсаты  билік  ӛкілеттіктерін  жалпы 
алғанда  аталған  органдардың  қызметін  адам  құқықтары  мен  қоғамдық  тәртіп  игілігі 
үшін Конституция мен заңдар негізінде ӛзара іс-қимыл жасау принцпінде құру. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы 
Рпезидентінің  ӛкілеттіктері.  ҚР  Конституциясы  әу  бастан-ақ  ҚР  Президентінің 
мәртебесін реттейді, ҚР Президентінің мемлекеттік механизм мен мемлекеттік билікті 
бӛлісу  жүйесінде  алатын  орны  мен  ролі  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 
40-бабында ӛте қысқа да терең мазмұнда тұжырымдалған. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  –  мемлекеттің  басшысы,  мемлекеттің  ішкі 
және  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарын  айқындайтын,  ел  ішінде  және 
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан ӛкілдік ететін ең жоғары лауазымды 
тұлға.  Аталған  конституциялық  норманың  мазмұнына  жүгінсек,  бүгінгі  таңда 
мемлекеттік  даму  стратегиясын,  оның  ұзақ  мерзімді  біріншілігін  (приоритетін) 
эвалюцияның  жалпы  бағдарламасын    анықтау  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
112 
мойнына  жүктеледі  екен.  Осымен  Конституция  Президентінің  мемлекетік  механизм 
және мемлекет билігін бӛлісу жүйесінде алатын орнын түбегейлі ӛзгертіп отыр. 
1.
 
Республиканың  Президенті  –  халық  пен  мемлекеттік  билік  бірлігінің, 
Конституциясының  мызғымастығының  адам  және  азамат  құқықтары  мен 
бостандықтарының  рәмізі  әрі  кепілі,  сондай-ақ  мемлекеттік  биліктің  барлық 
тармағының  келісіп  жұмыс  істеуін  және  ӛкімет  органдарының  халық  алдындағы 
жауапкершілігін  қамтамассыз  етеді.  Бұл  баптан  ҚР  Президенті  мемлекеттік  билік 
тармақтарының  біріне  де  жатпайтынын  аңғарғандай  боламыз.  Ӛзіне  жүктелген 
қызметтерді  атқару  мақстында  ҚР  Президентіне  нақтылы  ӛкілеттіктер  берілген. 
Осылардың  қатарында  ең  маңыздысы  оның  заң  шығару,  атқару  және  сот  биліктері 
саласындағы  ӛкілеттіктері.  Бұл  ретте  Президент  билік  тармақтарының  ӛзара  келісімді 
іс-әрекетін қамтамасыз ету ӛкілеттігіне ие. 
Заң  шығару  саласында  президент  келесі  аса  маңызды  ӛкілеттіктерге  ие: 
Парламент қабылдайтын заңдарға вето қою, яғни оларды қайта талқылап, дауысқа салу 
үшін  қайтару;  заңдық  күші  бар  заңлар  мен  құқықтық  актілерді  шығару;  Парламентке 
кезекті  және  кезектен  тыс  сайлауларды  тағайындау;  парламенттің  бірінші  сессиясын 
шығару;  депутаттардың  қазақстан  халқына  беретін  антын  қабылдау;  парламент 
палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын  шақыру;  парламенттің ӛкілеттігі 
мерзіміне Сенаттың 7 депутатын тағайындау. 
Президентке  оның  бастамасы  бойынша  әр  палата  депутатары  жалпы  санының 
үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару ӛкілеттігі беріледі 
(53-баптың 4-тармағы); сондай-ақ егер парламент президентінің заң жобасын енгізілген 
күннен  бастап  бір  ай  ішінде  қарауға  тиістілігі  талабын  орындамаса,  Республика 
Президенті заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы (61-баптың 2-тармағы). 
Сӛйтіп  бүгінгі  таңда  парламентпен  қатар  Президент  те  заң  шығарушы  орган 
болып  табылады.  Алайда,  бұл  жәйтті  олар  заң  актілерін  бір  мезгілде  шығарады  деп 
ұғынбау  керек.  Біріншіде  конституцияда  Парламенттің  заң  шығару  жолымен  реттйтін 
аса  маңызды  қоғамдық  қатынастар  шеңбері  айқын  белгіленген.  Екіншіден,  Президент 
тек  конституцияда  тікелей  қарастырылған  жағдайларда  ғана  заң  актілерін  шығара 
алады. 
Біз жоғарыда қарастырып ӛткен Президенттің заң шығару құқығы Конституцияны 
қабылдау  кезінде  сынға  алынады.  Алайда,  мұның  кӛптеген  елдердің  конституциялық 
заң  шығарушылығына  тән  құбылыс  екенін  естен  шығармаған  жӛн.  Мәселен,  Италия 
Республикасы  Конституциясының  76-шы  бабына  сәйкес  «заң  шығарушылық  қызметі, 
егерде осындай ӛкілеттіктің принциптері мен басшылық критерилерийлері анықталған 
болса  және  ол  белгілі  бір  мәселелер  шеңберінде  белгілі  бір  мерзімге  белгіленсе, 
Үкіметке  берілуі  мүмкін»-деп  кӛрсетілген.  Дәл  осындай  нормаларды  ӛзге  де  алдыңғы 
қатарлы  елдердің  Конституцияларында  кездестіруге  болады.  ҚР  Президентінің  заң 
күші  бар  актілерді  шығаруы  Парламент  пен  Үкіметтік  іс-әрекеттерін  үйлестіру, 
олардың  күшін  кезек  күтпейтін  мәселелерді  шешуге  бірлесе  күш  қосуын  қамтамасыз 
ету қажеттілігінен туындайды. 
Президенттің  Парламенттің  ӛкілеттілігі  мерзіміне  Сенаттың  7  депутатын 
тағайындау  құқығы  кәсіпқой  заң  шығару  органын  қалыптастыру  процесін 
ынталандыруға  бағытталған  және  ол  Президенттің  үйлестірушілік  ролімен 
қарастырылған.  Аталған  шара  Парламентте  белгілі  бір  саяси  микроклиматты 
қалыптастыруға  және  билік  тармақтары  арасында  сындарлы  (конструктивті)  диалог 
орнатуға ықпал етеді, деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасы Президентінің атқарушы 
билік саласындағы ӛкілеттігіне тӛмендегі жәйттер жатады: 
-
 
Үкімет  және  басқа  да  атқару  органдарын  қалыптастыру  мен  байланысты 
ӛкілеттіктер; 
-
 
Премьер-министрдің    оның  маңызды  шешімдерінің  барлығы  туралы 
баяндамасын тұрақты тыңдап отыру құқығы

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
113 
-
 
Егер  олар  ӛздеріне  жүктелген  міндеттерді  әрі  қарай  орындай  алмайды  деп 
есептеген немесе парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда, Үкімет пен оның 
кез-келген мүшесінің жұмыстан кету туралы мәлімдемесін қабылдау құқығы; 
-
 
Ӛз ынтасымен Үкіметтің ӛкілеттіктерін тоқтату. Премьер министрді және кез-
келген Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы шешім қабылдау құқығы; 
-
 
Министрліктер,  мемлекеттік  комитеттер,  ӛзге  де  орталық  және  жергілікті 
билік  органдары  актілерінің  әрекетін  толық  немесе  жартылай  жоққа  шығару  немесе 
тоқтата тұру құқығы; 
-
 
Премьер –министрдің ұсынуы бойынша әкімдерді тағайындау құқығы. 
Атқару  органдарының    лауазымды  адамдарын  тағайындайтын  Президенттің  
бұрынғы  Конституциямен  салыстырғанда  үлкен  дербестікке  иелігі  бар.  Мәселен 
Парламенттің  келісімі  тек  премьер-министрді  тағайындағанда  ғана  қажет.  Премьер  –
министрдің  ұсынысы  бойынша  Президент  Үкіметінің  құрылымын  анықтайды,  оның 
мүшелерін  тағайындайды  және  жұмыстан  босатады,  сондай-ақ  Үкімет  мүшелерінің 
антын қабылдайды, оның аса маңызды мәселелер бойынша отырыстарында тӛрағалық 
етеді,  үкіметке  Парламент  мәжілісіне  заң  жобаларын  ұсынуды  тапсырады,  жоғарғы 
атқару  органдары  актілері  әрекетінің  күшін  толық  немесе  жартылай  жояды  немесе 
тоқтата тұрады. Ол –ол ма егер ҚР 1993ж Конституциясы бойынша президент Жоғарғы 
кеңеске  тек  Бас  прокурор,  Ұлттық  банк  тӛралығасының  кандидатураларын  ғана 
ұсынатын  болса,  енді  ол  парламенттің  келісімімен  аталған  маңызды  құрылымдардың 
басшыларын,  сондай-ақ    Парламенттің  келісімімен  Ұлттық  Қауіпсіздік  Комитетінің 
тӛрағасын тағайындайды. 
Жалпы алғанда атқару билігі саласындағы Президенттің ӛкілеттілігі айтарлықтай 
кеңейтіледі.  Ал  бұл  ӛз  кезегінде  президенттің  үлкен  дербестігін  және  Парламенттің 
еркіне онша тәуелді емес екендігін білдіреді. Осымен қатар ҚР Үкіметі  мен Премьер-
министрдің ролі мен дербестігі күшейтіле түседі. 
Бұрынғы  конституциямен  салыстырғанда  ҚР  Президентінің  сот  билігі 
саласындағы  ӛкілеттіктерді  де  айтарлықтай  кеңейтілген  президент  жергілікті 
соттардың  судьяларын  тағайынадайды,  сондай-ақ  жоғарғы  соттың  құрамына  қатысты 
ауқымды ӛкілеттіктерге ие. Яғни, Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесіне сүйене отырып, 
Парламенттің  Сенатына  Республика  Жоғарғы  сотының  тӛрағасы  жоғарғы  сот 
коллегиясы  тӛрағалары  мен  судьяларын  сайлау  немесе  қызметінен  босату  туралы 
ұсыныстар  жасайды.    Жоғарғы  сот  кеңесі  –  Президент  ұсыныстар  құрастыратын 
консультативтік-кеңестік орган. 
Қазақстан мемлекеті басшысының үйлестіру сипатындағы ӛкілеттіктер мен қатар 
ӛкімет билігі тармақтары арасындағы келіспеушіліктерді шешу ӛкілеттігі де бар. Бұлар: 
Президенттің  парламентті  тарату  және  үкіметтің  отставкасын  қабылдау  құқығы, 
үкіметтің ӛкілеттігін тоқтату, премьер-министрді және үкіметтің кез-келген мүшелерін 
қызметтерінен босату туралы шешім қабылдау құқығы. 
Президент  парламенті  келесі  жағдайларда  тарата  алады:  парламент  Үкіметке 
сенімсіздік  білдіргенде;  парламент  премьер  –  министрді  тағайындауға  екі  рет  келісім 
бермегенде;  Парламенттің  палаталары  арасындағы  немесе  парламент  пен  мемлекеттік 
ӛкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси 
дағдарыс болғанда (63-баптың 1-тармағы). 
Сӛйтіп,  егер  ӛкімет  билігі  тармақтары  арасында  еңсерілмейтін  келіспеушіліктер 
пайда  болған  жағдайларда,  толғағы  жеткен  осы  саяси  шиеленісті  шешу  міндеті  
Президентке жүктеледі. Бұл міндет ӛкімет билігі тармақтарының келісімді іс-әрекетін 
қамтамассыз  ету  жӛніндегі  оның  конституциялық  қызметінен  обьективті  түрде 
туындайды.  Қазақстан  республикасы  президентінің  билік  бӛлісу  жүйесіндегі  бүгінгі 
ролі – оның мемлекеттің бірлігін қамтамассыз ету болып саналады.  
ҚР 
Парламентінің 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясы 
бойынша 
ӛкілеттіктерін қарастырып кӛрелік (ҚР Конституциясының 4-бӛлімі) 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
114 
Қазақстандағы  демократиялық  ӛзгерістер  процесі  кәсіпқой  парламент  пен 
парламентаризмді  қалыптастыруды  аса  маңызды  міндеттер  ретінде  алға  тартып  отыр. 
Үлкен  заң  сӛздігі  парламентаризмге  келесі  анықтама  береді:  «Парламентаризм 
дегеніміз ӛкілетті орган – парламенттің басқа органдармен арақатынастағы формальды 
үстемдігін  білдіретін  заң  шығару  және  атқару  қызметтерін  айқын  бӛлісумен 
сипатталатын  құқықтар  жүйесі.  Парламентаризм  жағдайында  үкіметті  парламент 
құрастырады да ол оның алдында жауапкершілік кӛтереді». 
Парламенттік басқару формасы орнаған республиканың басты сипаты да осы емес 
пе? 
Кейбір  зерттеушілердің  пікірі  бойынша  президенттік  республикадағы 
парламентаризмді  Парламенттің  министрлерге  (бірақ  нақтылы  емес,  жиі  ретте 
үкіметтің  заңды  басшысы  –Президентке)сенімсіздік  білдіру  мүмкіндігіне  иелігімен 
сипатталатын  мемлекеттік  басқару  жүйесі  деп  ұғыну  баршылық.Ал  министрлер  ӛз 
кезегінде Президент алдында да жауапты болып қала береді(қос жауапкершілік).Белгілі 
Ресей мемлекет танушысы В.Е.Чиркин осындай пікірді ұстанады.Советтік құрылыстан 
кейінгі мемлекеттер жағдайында парламентаризмнің қалыптасуын кең ауқымда ұғыну 
қажет деп есептейміз осы заманғы демократиялық елдерде жоғарғы ӛкілетті органдарға 
тән сапалар мен қызметтерді динамикалық процесс ретінде бірте-бірте қалыптастырған 
жӛн. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  билік  бӛлу  қағидасына 
байланысты әлеуеті,ӛзінің әлі толық мүмкіндігін пайдалана қойған жоқ. 
Қазақстан  Республикасында  билік  бӛлу  қағидасы  мынандай  ерекшеліктермнг 
жүзеге асуда: 
1.Билік бӛлу қағидасы биліктің біртұтастығы негізінде; 
2.Билік тармақтарға,яғяни заң шығару,атқару,сот билігіне бӛліну негізінде; 
3.Билік  тармақтарының  ӛзара  теңгермешілік  тепе-теңдік  қағидасының 
үйлесімділігінің негізінде. 
Билік  бӛлу  қағидасы  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігінің    алғашқы 
күндерінен  бастап  мемлекеттік  құқықтық  даму  тәжірбиесіне  енгізілген  болатын.Билік 
бӛлу  қағидасы  Қазақстан  Республикасының  1993  жылғы  және  1995  жылдардағы 
Конституциясында  орнығып  бекіді.  Қазіргі  кезеңде  билік  бӛлу  қағидасы 
конституциялық құқықтық тұрығыдан түрленіп дамытылуда. Билік бӛлу қағидасының 
жүзеге  асуы  жоғарғы  мемлекеттік  органдар  жүйесінен  жергілікті  басқару  жүйесіндегі 
тармақтарға дейін ӛрбітіліп дамытылуда. 
Қорыта келгенде, билік бӛлу принцпін Қазақстанда жүзеге асыру конституциялық 
құқықтық  тұрғыдан  алғанда,  жаңадан  қалыптасып,  дамуды  бастан  кешуде.  Болашақта 
бұл бағытта әлі кӛптеген реформалық қадамдарды жүзеге асыру қажет.      
      
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  –  Конституция  Республики 
Казахстан. – Алматы: Казахстан,2008. -96 б. 
2.
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: ЮРИСТ, 2003.-132 б. 
3.
 
Прозорова  Н.С.  Теория  «разделения  властей»  и  современно  буржуазное 
государство. // Советское государство и право, №9, 1974.8-11 с.  
4.
 
Азаркин Н.М.Политко – правовое учение Монтескье: авторефара канд. диссер. 
М., Мысль, 1999.-975 с 
5.
 
Теория права и государства. Учебник для вузов // под ред. Проф. Г.Н.Манова.-
М.:Изд-во БЕК, 1996. – С.256. 
6.
 
ҚР  Конститууиясы  1995.  –  30  тамыз.  (1998.-7қазандағы  ӛзгерістер  мен 
толықтырумен бірге) // Алматы. – 2001. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
115 
Бұл мақалада тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі  мемлекеттің біртұтастыңы мен 
тиімділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік ӛкімет билігінің жаңа үлгісін қалыптастыру 
туралы айтылады. 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматривается  формирование  новой  модели  государственной 
правительственной власти, обеспечивающей целостьность и независимость государства 
после провозглашения независимости.  
 
 
 
ОӘК 371.1 К 64 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет