Шеберлік негіздері


Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті



Pdf көрінісі
бет22/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   141
Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті 
 
«Мәдениет дегеніміз – өткені әрт‰рлі, қазіргісі және болашағы 
да әрт‰рлі адамдардың бір мезгілдегі болмысы және тілдесуі – 
мәдениеттер, диалог формалары мен ол мәдениеттердің бірін-бірі 
туғызуы», - деп жазады В. Библер. Сонымен қатар «мәдениет – бұл 
адамның барлық біртұтастығы, өзіне ұмтылған ниеттену деп 
ұғылған феномен, яғни өзінің рухани шыңы». 
А. Белыйдың пікірінше, «мәдениет дегеніміз – ол өмір 
стилі, осы стильде ол өмірдің өзінің шығармашылығы, бірақ 
сапасыз емес, сапалы: мәдениет адамның өзіндік сапасының 
өсуімен анықталады, ол біздің дара «мен»-іміздің және бір 
мезгілде мәдениет әрқашан қайсыбір «мен»-нің әмбебапта 
мәдениеті болған». Демек, мәдениет дегеніміз – бір мезгілде 
адамнан тыс және оның өзінде де болатын нәрсе. Бұл ұғымның 
өзін оны құраушы элементтері: «ғылым», «өнер», «дін», «білім 
беру» және т.б. деген тізіммен анықтау м‰мкін емес. Мәдениет 
ол біртұтастық, адам қызметінің көп жағын органикалық 
біріктірген, сондықтан оны шартты т‰рде қоғамдық мәдениет 
және жекебас, дара мәдениеті деп бөлінеді. Кез келген дәуірдің, 
халықтың мәдениеті ол сол дәуір адамдарының мазмұнының 
соларға тән өмір с‰ру образы мен өзіндік сапасымен байланыс-
ты. Сол мағынада ол ‰немі бірегей және индивидуальды кез 
келген мәдениеттің сипаттамасының басталу н‰ктесі, оны құру-
шылардың д‰ниетанымымен өзіндік сапасы болып саналады. 
Сонымен, біз бәріміз және әрқайсымыз жеке болып өз 
кезеңіміздің (дәуіріміздің) мәдениетін құрушы және тасушысы-
мыз. Бір мезгілде біздің әрқайсымыз – әлеуметтік-біртұтас, өзін 
шексіз ‰немі дамытушы мәдениетпіз. 


44
Педагогтың кәсіби мәдениетінің қалыптасуының негізі 
ретінде оның жалпы мәдениеті болып табылады, олар: 
• жан-жақтылықта, ой-өрісінің кеңдігінде, эрудицияда; 
• жоғары рухани қызығушылық деңгейімен қажеттілікте-
рінде, адамдармен, табиғатпен тілдесуде жоғары эстетикалық 
және мінез-құлықтық қажеттіліктерінде; 
• ойлау 
мәдениеті 
мен 
тұлғаның 
эмоционалды 
мәдениетінде, еңбек мәдениетінде, тілдесуде, құқықтық және 
экологиялық мәдениетінде және т.б. 
Адамның жалпы мәдениеттік негізгі қасиеттерінің бірі – ол 
әмбебаптығы. «Егер қайсыбір қызметпен шұғылданатын адам 
тек өз кәсібінде, тар кәсіби д‰ниесінде ғана қала беретін болса, 
біріншіден, ол тұлға ретінде жоғалады, екіншіден, кәсіби 
диапазоны тарылады, өйткені негізгі сапалар шығармашылық-
тың жалпы заңдарына негізделген және олар нәрін тек өз 
саласынан ғана емес, аралас салалардан да алады, тіпті кейде 
тікелей қарама-қарсы қызмет т‰рінен де пайдаланады». 
Сонымен қатар жалпы мәдениет тұлғаның әмбебаптығына 
және жан-жақтылығына тірелмеуі, теңеспеуі қажет. Нағыз мәде-
ниетті адамды сипаттау ‰шін «руханилық» және «интеллегент-
тілік» ұғымдары қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет