Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
де тұрады. Сол әйелдің қолынан талай рет су ішіп жүрсем де байқамаппын. Енді 
қарасам, шынында, әдемі қол екен», — дейді Әбекең. 
Сұлулықты іздеумен өтетін шаһбаз жандардың қыран көзі әсемдікті тез ша-
лады. Сол сұлулық ақынның шабытын шақырады, жанын толқытады. Ақын 
тереңнен суыртпақтап тартып шешен сөз құраса, көркемөнер адамы сол 
сұлулықтың теріндісінен сомдалған бейне жасауды іздестіреді. 
Шәкеннің, әсіресе, өзімен бірге жұмыс істейтін жолдастарына шығарған 
өлеңдері болатын. Сөз реті келгенде, сондай бір-екі өлеңінің шығу тарихына 
тоқтала кетейін. 
1942 жылы қыркүйек айының бас кезінде Қазақтың мемлекеттік ака-
демиялық драма театрының әртістері екі бригадаға бөлініп, Кеген, Нарынқол 
аудандарына концерт беруге шықпақшы болды. Соғыс жылдары көркемөнер 
адамдары ауылда еңбек етіп жатқан колхозшы қауыммен жиі дидарласып, 
концерт қойып, өнер көрсететін. Филармония әртістері қалай бөлшектенсе 
де, барлық жерді түгел қамти алмайды. 
Қалибек Қуанышбаев пен Шәкен Айманов бастаған бір топ адам Нарынқол 
ауданына, Жағда Өгізбаев пен Камал Қармысов бастаған топ Кеген мен 
Жалаңашқа бармақшы. 
Жүсекең бұл кезде үйде көп болмайды, көбіне ауылда, колхозшылар ара-
сында жүреді. Мен баламен үйде отырам. 
Жүсекең жолға шығарында: «Сен де Қалекилермен бірге барып, жолшыбай 
Кегенде тұратын өзің білетін Хакім Наримановтың үйіне түсіп қал. Ол сонда 
аудандық Советтің бастығы болып істейді. Сенің баратыныңды айтып тапсы-
рып қойғам», — деп қадағалап кеткен. 
— Жүсеке, мен бармай-ақ қояйын. Жас баламен жалғыз қайда шұбатылып 
жүрем, — дегеніме көнбей: 
— Неге жалғыз? Бәрі өзіміздің адамдар. Кегенге жеткенше бірге барасың. Сені 
жолшыбай түсіріп кетеді. Қайтарларыңда бірге ала қайтады. Өзің үйден шықпай 
жаман жүдеп кеттің. Аз да болса көңіліңді көтеріп, демалып қайт, — деді. Соны-
мен Жүсекеңнің айтуы бойынша, сегіз айлық Дариғамды алып, Қалекилермен 
бірге мен де жолға шықтым. Мінген көлігіміз қорапты жүк машина. Алматыдан 
кештеу шыққан едік. Жолшыбай Шелекке тоқтап, екі бригаданың адамдары 
бөлініп-бөлініп қонуға тура келді. Біз Қалеки, Шәкен, Сейфолла, Ақат бесеуіміз 
ауданның бірінші хатшысының үйіне түстік. Өнер адамдары жүрген жері қашанда 
ойын-сауық екені белгілі. Оның үстіне Қалеки мен Шәкен кішігірім тоймен тең. 
Түнімен ән айтып, домбыра тартып кеш жаттық. Мен қызым оянып кетпесін деп, 
түнімен ұйықтамай шықтым. Анда-санда жолға бекер шыққан екем деп өкініп 
қоямын. Ертеңіне жолға шықтық. Машинамыз қайта-қайта бұзылып, жүрісіміз 
өндімей қойды. Жүргенімізден тұрғанымыз көп. Не керек, біз «Кәртоғайдың» 
көпіріне жеткенде, күн әлдеқашан батып, қас қарая бастаған. Кегеннің жолына 
ол кезде асфальт төселмеген. Ойлы-қырлы мүйісі көп-ақ. Жолдан әнтек бассаң, 
қатер үстіндесің. Оған қоса машина да саңғырап тұрған жоқ. Осының барлығы 
жиналып келіп, тағы да жолға қонуға мәжбүр етті. Сол жерде көпір жанында 
отырған күзетшінің үйі бар екен. Жас баланың далада жатуы қиын болар деп, 
үй иесінен рұқсат сұрап, мені сонда алып келді. Үйдің жағдайы сондай келіссіз 
екен. Жатпақ тұрсын, тізе бүгуге болатын емес. Мен баламды көтеріп қайта 
шықтым. Енді далада машинаның үстінде жатуға тура келді. Бір жақсысы Дариға 
бауырыма жабысып, тұмсығын тығып алды да, түнімен бұйығып ұйықтаумен 
болды. Межелі жерге жеткеннен кейін мен қалып қойдым да, Шәкендер ары 
қарай кетті. Мен түскен үй өте қонақжай екен, барын аузыма тосып бәйек бол-
ды. Бірақ балалы әйел біреудің үйінде демалып оңа ма, әсіресе, түнде бала жы-
лап, жұрттың мазасын алмасын, астын былғап қоймасын деп мазам кетеді. Сол 
жатқаннан бірнеше күн жаттым. Олар кешіккен сайын мазам кетеді. Тіпті, кейде 
жазықсыз Жүсекеңді жазғырам. Күндіз үйде жалғыз қалам. Бүйтіп демалғаны 
құрысын деймін. Шыдамым таусыла бастады. Бір күні монша жағылған екен, 

96
Òîïæàðªàí
97
II. Өнерпаз жолы
Дариғаны қолтықтап алып сонда кеттім. Көптен су көрмеген баламды енді шо-
мылдырып бола бергенімде, бір бала келіп:
— Әртістер келді, сізді сыртта күтіп тұр, — деп айқайлады. Қуанғаным сон-
дай, баламды орап алып далбалақтап жүгіріп келем. Кішкене кешіксем, мені 
тастап кететіндей көрінеді. Не керек, көптен көріспегендей құшақтасып, мәз 
болдық та қалдық. Әртістердің мінездері қызық қой, бірін-бірі жұма көрмей 
қалса, құшақтасып сүйісіп жатқаны. Шын мағынасында сағынысып тұрады. 
Үнемі бірге жүргеннен бе, бауырмал келеді. 
— Хабиба, сен баламен кабинаға отыр, жаңа ғана моншадан шықты, суық 
тиіп қалар, — деді Қалеки. 
— Ортамыздағы бір балаға суық тигізіп не көрініпті, біраз бізбен бірге 
отырсын. Өзі тіпті жағы түсіп, халі мүшкіл боп қалыпты ғой, көрген-білген 
жаңалығымызды естісін. Мен шығарған өлеңдерімді айтып берейін, — деп 
көнбей бізді орталарына алды. 
Машинаға шығысымен көңілім жаңғырып сала берді. Шәкен Сейфолла мен 
Атайбекке шығарған әндерін домбыраға салып айтып, күлкіден езулері жиылмады. 
Біз ол кезде асханадан талонмен тамақ ішетінбіз. Сейфолла өзіне тиісті 
тамағын кастрөлге құйып алып, үйіне әкететін. Ал Бақберген деген баласын жа-
нынан тастамай көтеріп алып жүретін. Сол Сейфоллаға арнап өлең шығарыпты. 
Сөзіне лайықты әні де бар. 
Көрің құрғыр оңбассың сен, Сейфолла,
Бақбергенің болушы еді ылғи қолда. 
Кастрөлмен тамақ тасып өтті күнің, 
Ұйқыңды қандыршы бір осы жолда. 
Ойбай-ау, қарта ойнауды шығардың ба, 
Қолыңнан келмейді ол, олла-білла. 
Ақыры үш жүз сомнан айырылдың,
Қартадан тапқан сенің пайдаң сол ма?
Қоймасаң бұл қылығыңды, ей, Сейфолла,
Қаларсың бір тиынсыз қаңғып жолда. 
Үйің қашық тұрасың Басарықта,
Балаңменен жетіп ал күн жарықта. 
Тыпыршумен осылай күнің өтті. 
Рақат жай болар ма сен ғарыпқа.  
— Мынау қайтеді-ей, көріңді... өлтірді-ау мені, — деп Сейфолла да елмен 
бірге ішегі қата күледі. Шәкен қандай қалжың айтса да ренжімейтін. 
Енді кезек Атайбекке келді. Бұған шығарған өлеңі тіпті күлкілі екен. Өлеңнің 
әрбір сөздеріне байланыстыра қимыл жасап, кейде тіпті сөз таба алмай тұрып 
қап, басын шайқап, көзімен, бет пішінімен көрсеткенде, күлкіден ішегің 
түйіледі. 
Бұл өлеңді «Молдабай» әнімен айтады екен. 
Ей, Нарынқолға келісімен,
Нарынқолға келісімен,
Атайбек тапты жақынын. 
Ертең ерте тұрат та,
Жылжып кетед ақырын. 
Онан тойып келсе де,
Мұндағы біздің тамақтан,
Есесін алды-ау пақырың. 
Мойны ырғайдай қылқиып,
Түсетін құстай жұнтиып, 
Осы тамақ үстінде,
Өлмес пе екен, апырым. 
Е-е-е-е-ей, Атайбек, ақырын, ақырын. 
О-о-о-о, а-а-а-ай...  
Кейінгі жеті жолды тездете айтып, «апырым» дегенде бір-ақ тоқтайды. 
Ең соңғы жолды құбылтып қайырғанда, астарынан «әй, саған дауа болмас» 
дегенді аңғартатын еді. 
Шәкен жүрген жерінен аз да болса, айта жүрерліктей бір жаңалық 
әкелетін әдеті. Бұл жолы не жаңалық әкелді екен дейміз іштей. Көрген-білген 
жаңалықтарынан біраз әңгіме айтты. Бір кезде:
— Жүсеке, «Әке туралы жыр» әніне мен жаңа сөз жаздым. Сол сөзді 
тыңдап көріңізші, — деп өлеңін оқи бастады. Іштей толқып отырғаны 
сезілді. Тегінде, өлең оқу, ән салу, көңілдің толғанысын аңғартады ғой. 
Бір шумақ өлеңді, әртүрлі оқуға болады. Көңіл күйің қалай толқыса, сол 
мағынада ұғасың. 
Шәкен оқыған бұл өлеңді жай ғана нәрсе деп ұқпадық. 
Ассалаумағалейкүм, асыл әке! 
Ағарған бейнетпенен шашың, әке. 
Ақтармын ақ батаңды әрқашанда, 
Кіргенше қара жерге басым, әке. 
Ат бердің аталусыз қалмасын деп,
Ас бердің ұзақ жолда талмасын деп. 
Жетелеп өнер-білім есігіне,
Қияға қанат қағып самғасын деп. 
Сағындым домбыраңды қоңыр майда,
Күй шерткен тебірентіп талай жайда. 
Тізеңде отырушы ем сазыңды ұғып,
Бал татыр сол күндерім кеттің қайда!
Ардақты асыл бейнең көз алдымда, 
Барымды түгел тарттым өз алдыңа. 
Бұл өмір асуы көп ұлы жарыс,
Білмеймін, кем қалдым ба, оза алдым ба!
Өлең оқылып біткен соң:

98
Òîïæàðªàí
99
II. Өнерпаз жолы
— Өлеңің жақсы екен. Ой-санаңа қозғау салатын дүние ғой мынауың. 
Маған жазып бер. Оқушы балаларыма үйретейін. Өзім де үйде отырғанда ай-
тып жүрейін, — деп Жүсекең жазғызып алды. 
— Өлеңі жақсы екен, бірақ қорқыныш әкелгендей болды-ау маған! — 
деді Шәкен кеткен соң әлденеден секем алғандай. Өлеңнің соңғы шумағын 
байқайсың ба? Өзін жастайынан өнерге баулыған, аяулы, зерделі Кенжекеңнің 
аруағына, аялап өсірген туған еліне, өз өмірінен беріп отырған есебі ғой мы-
нау. Бұл ән шыққалы қашан. Бұрын неге жазбады бұл өлеңді? Жаңа бір сөзінде 
Торыайғыр көлінің басында отырып жазып едім деді-ау! Ол сонда туған жердің 
топырағында отырып, әсемдіктің падишасындай Баян тауына, бауырыңдағы 
айнадай жарқыраған көлдеріне көз жүгіртіп ойға шомды-ау. Бойымдағыны 
іркіп қалмай еліме бердім. Жетпегенім болса кешір мені деп отыр ғой. Мы-
нау өлеңі менің қорқыныш сезіміме қозғау салғандай, жүрегі құрғыр бір 
жамандықты сезгендей ме, қалай, — деп көпке дейін айтып жүрді. 
1970 жылы қыркүйек айында Жүсекең «Алматы» санаторийінде демалып 
жатты. Бір күні Шәкен: 
— Жүсекеңе, осы демалыста барасың ба? — деп телефон соқты. 
— Ертең баруға дайындығым жоқ. Бірер күннен соң барам, — дедім. 
— Не дайындық керек, бауырсақ пісіріп алсаң болады ғой. Ертең жұмыстан 
бостау кезім еді. Бірге барып қайтайық. Кәукен мен Шабал да сонда жатыр. 
Уақытым болмай бара алмай жүрмін. Бірге барып қайтайықшы, — деп қиыла 
сұрады. Тіпті, «мені тастап кетпе» деп қояды. Мен оған «жарайды, көрерміз» 
деп шұбалаңқы жауап бердім. 
Адамның мінезі қызық қой. Егер сені біреу қадірлей түссе, әлдеқандай боп 
шалқақтайтының бар ғой. Шәкеннің дауысын ең соңғы еститінімді қайдан 
білейін. 
Бірақ Шәкен ертеңіне келмеді. Неге келе алмағаны белгілі еді, «Атаманның 
ақыры» атты фильмін түсіріп, соны бітіруге асығып, қолы тимей жүрген кезі 
болатын. 
Сол жылы желтоқсанның 24 күні таңғы сағат алтыда телефон шыр ете түсті. 
Оқыс шыққан телефон үні бәріміздің ұйқымызды шайдай ашты. Телефон труб-
касын Жүсекең көтерді, Сапекең екен. Қысқаша амандықтан кейін Жүсекең:
— Ойбай, не дейсіз?! — деп қолындағы трубкасын тастап жіберді. Сосын 
«Бауырым-ай, жампозым-ай, енді қайттім, боздағым-ай!» — деп айқайлап, зар-
ланып коридорда ерсілі-қарсылы жүгіре берді. Тура бір шоқ басып алғандай. 
Балалар да үрпиісіп түрегелді. Бір сұмдықтың болғанын біліп, Жүсекеңнің ай-
наласына жиналдық. Оның есі шығып кеткен. Не істеп жүргенін өзі де білмейді. 
Біз сұрауға дәтіміз бармайды, тіпті Жүсекеңнің түрінен шошып кеттік. Бір кез-
де, «Шәкенім-ай, сен де кеттің бе? — дегенді естігенде, балаларым шулап қоя 
берді. Бір сәт есімді жиып, жердегі трубкаға көзім түсті де: 
— Жүсекең-ау, ананы алсаңшы, Сапекең күтіп тұрған шығар, — дедім. Са-
бырлы, білгір Сапыш аға әлі күтіп тұр екен. Жүсекеңе көңіл айтып:
— Сен балаларды шошытып жібердің, білем. Балалар шу ете түсті ғой. 
Бұндайда ұстамды болған жөн. «Тағдырға ешкім ара тұра алмайды», — деп 
тоқтау айтқан болды. 
— Қазір бәріміз жиылып, Төлебаев көшесімен Калинин көшесінің түйіскен 
жерінде кездесеміз. Сол жерге сен шыға ғой. Енді есебін тауып, Кәукенге 
естіртуіміз керек, — десе керек. 
Жүсекең өңі қуарып, тоңған кісідей діріл қағып, киіне бастады. Үйде қалып, 
байыздап отыруға менде шама жоқ: 
— Жүсеке, мен де барсам қайтеді, — деп едім, бетіме қарап тұрды да: 
«Жүре ғой», — деді. 
Шәкен Мәскеуде қайтыс болған еді. Денесін әкелуге Кәукен жүріп кетті. 
Түнгі сағат ондар шамасы. Аэропортта Шәкеннің денесін әкелетін ұшақты 
күтіп тұрмыз. Ел көп жиылған. Ығы-жығы. Біреуді біреу біліп болмайды. Қашан 
келеді деп асыға күтудеміз. Шәкен дәл бір алыс жолдан келе жатқандай, 
сағынып қарсы алатындаймыз. Ақыры күткен ұшақ та келіп қонды. Күтіп 
тұрған көпшілік Шәкенді тірі көретіндей ұшаққа қарай лап қойды. Бұларды 
тоқтатқан кісі болған жоқ. Не керек, аңсаған көңіл алып-ұшқан жүрек, сағымды 
қуған елестей боп тоқырап қала берді. Денесін салған темір табытты мықтап 
қоршап тастаған. Көп аялдамай, машинаға салып алып кетті. Қалаға кірген 
соң, орталықтағы дене сақтайтын жерге беттеді. Машина межелі жерге келіп 
тоқтады. Жұрт тағы да табытқа ұмтылды. Дене салынған табытты бірнеше жігіт 
көтеріп, баспалдақпен төмен қарай түсіп кетті. Бұдан әрі баруға болмайтынын 
білген жұрт, иіріліп тұрып қалды. Шәкеннің фәни жалғаннан өткенін енді ғана 
ұққандай. Бәрі де жылап тұр. Амал қанша! Ажалға кім араша тұрған. 
Шәкенді ақтық рет түнетуге Кәукеннің үйіне әкелді. Кәукеннің үйі әкелері 
Кенжетай отырған қара шаңырақ болатын. Кенжекең де осы үйден шыққан. 
Әкесінің жатқан үйіне Шәкенді де қойды. Бұл күндері Жүсекең жылауды қойып, 
ешкіммен сөйлеспей, жекеленіп үнсіз жүретін болды. Екі жағы суалып, өңі 
қуарып кеткен. Әншейінде не болса соған көз жасын көл қылатын Жүсекеңнің 
жыламай бекініп алғаны таңырқатады. Әлде көз жасын көрсетуге Кәукенді аяй 
ма екен деп ойлаймын. Енді бірде ауыз сенекте үнсіз сілейіп тұрғанын көрдім. 
Маған көзі түсті де: «Үйге барам, кілтті бер», — деді. Кілтті алған соң үйде біреу 
күтіп отырғандай асыға басып жүріп кетті. 
Мен Жүсекеңнің ағасының қызының жолдасы, күйеу баламыз Зейнолланы 
шақырып алып: «Сен де үйге барып, Жүсекеңнің қасында бол», — деп тапсырдым. 
Зейнолла үйге барғандағы Жүсекеңнің қалпы мынандай екен. Диванның 
арқасына шалқая басын қойған күйі, баяулаған зарлы үнмен Тоқбайдың «Екі 
жиренін» домбырасына қосылып айтып отырса керек. Көзінен парлаған жас омы-

100
Òîïæàðªàí
101
II. Өнерпаз жолы
рауын жуып кеткен. Жанды байқар емес. Тек ән. Ән қанатының дірілі, барлық 
денесін бірге дірілдетеді. Ән толқыны тереңге батырып бара жатқандай. Сол 
тереңнен Шәкен үнін іздейді. Осы өзі айтып отырған, Шәкен талай айтатын «Екі 
жирен» әні арқылы, құлақта қалған әуез болып естіліп тұрғандай сезінеді. Асыл са-
баз, теңдесі жоқ өнерпаз інісімен ән арқылы, Шәкен сүйетін әні арқылы қоштасып 
отырғандай. Домбыраның қос ішегі, Жүсіпбектің зар үнін құптағандай, діріл 
қағып үн қосады. Иесінің көңіл күйін басайын деп келе жатқан саусағынан сезе 
қояр серігі, жан серігі — домбырасы Жүсіпбектің бүгінгі жайын түсінгендей бе-
зек қағып мұңды үн қосады. Неге түсінбесін... Домбыраның осы он екі пернесінің 
үстінде саусақтары талай рет жорғалаған Шәкеннің, әсіресе Тоқбай айтқан «Екі 
жирен» әнімен сан қайтара тебіреніп тартушы еді. Бұл пернені енді қайтып басар 
ма он саусағы Шәкеннің? Үнін қосып айтар ма «Екі жирен» әніне... Айтпайтынын 
білгендей зар илейді домбыра. Пернелері сыңсып жылап, қос ішегіне үн қосып, 
бәрі бірге Жүсіпбекті құптайды. Бұл үшеуі бірін-бірі жұбатқысы келмейді. Шәкен 
сынды өреніне, қанша зарлай жыласа да, аздау болып тұрғандай жылай түсті 
қосылып. Өнер сырын, ән сазын жүрегіңмен түсінуші ең, сырбазым. Сен де кеттің 
бізді тастап өмірден. Жазмышына тағдырдың көнбесіне не шара деген оймен дом-
бырасын қасына қойды да, ұйқыдан оянған жандай жан-жағына қарайды. Зейнол-
ланы көріп: «Сен неғып тұрсың ол жерде. Мұнда кел. Солай, шырақ!» Аяусыз ажал 
орны толмас олқылыққа тағы да душар етті. Ойсырата опырып кетті көркемөнер 
қабырғасын. Амал қанша көнбеске. Уақыт мерзімі әсте-әстелеп орнын толтырар. 
Сынық бүтінделер. Уақыт деген үлкен күш. Ол бәрін де ұмыттырады. Ал мен ше, 
мен ұмыта алмаспын. Шәкенді қалай ұмытармын? Қаләкиді қалай ұмытармын. 
Абай Әбдірахман өлгенде келіншегі Мағышқа тоқтау айтып өлең жазған екен. 
Сол өлеңінде: «Шыны сорлы мен дағы, Мағыш байқап қараса», — деген сөзі бар 
еді. Сол сөз қазір менің сөзім, менің мұңым сияқты. Қалекиді іздеп көңілімді мұң 
басқан шағымда, Шәкенмен кездессем, көңілім жаңғырып, ойым сергіп сала 
беруші еді. Бір мүйізді жоқтап жүргенде, екінші мүйізден айырылып, маңғып кет-
кен кәрі бұғыдаймын мен қазір. 
Менің әке-шешемнен, апа-қарындасымнан, ішімнен шыққан баладан 
айырылып, қайғырған күндерім де болған. Соның бәрінен ауыр күйреткен 
Мұқаң мен Шәкеннің қазасы. Мұқаңнан айырылу асқар тауыңның құлағаны, 
айдыныңның суалғанымен тең болса, Шәкен өлімі бүкіл көркемөнердің белін 
сындырып кеткендей болды. Оның үстіне тым жас кетті ғой. Кенеттен кетті. Ар-
манда қалдық. Ол қараңғы түнде сәулесімен жол салып, ағып түскен құйрықты 
жұлдыз сияқты ерекше жан еді ғой. Иә... иә, солай, шырағым, Зейнолла! 
Жүр, Шәкеннің ақырғы түнінде көз ілмей жанында болайық. Ұзақ сапарына 
аяғымыздан тік тұрып шығарып салайық...» 
Опера және балет театрының маңы лықсыған халық. Ілби басып алды театрға 
кіріп, арғы есіктен шығып жатыр. Далаға шыққандары тарап кете қоймай, театр 
маңында айналсоқтап жүр. Бір-бірімен ақырын ғана сөйлеседі. Жайшылықта екі кісі 
бас қосса даурыға сөйлеп, қарқылдай күлісетін қазақтар бүгін үнсіз. Театрдың екінші 
қабатында музыка ойнап тұр. «Көбік шашқан» күйінің зарлы үні жиылған қауымның 
қайғысына үн қосып, сай-сүйекті сырқыратады. Шәкеннің табыты да екінші қабатта, 
бас жағында қара лента байланған суреті ілулі тұр. Кенеттен қайтыс болғандықтан 
ба, түрі өзгермеген сол қалпында жатыр. Өлді деуге жүрегің сенбейтін сияқты. 
Табытқа қарасаң, жүрегің езіле түседі. Қоштасуға келген жұрт толассыз ағылып жат-
ты. Олардың ішінде үн салып, жоқтау айтып жылап бара жатқандар да бар. Олар 
Шәкеннің дарқандығын, серілігін, елден еректігін, қазақтың маңдайына сыймай 
кеткендігін айтып, жылап барады. Қазақ әйелдерінің үн сала айтып жоқтаған зары 
адамды егілтпей қоймайды ғой. Зарлы үнге шыдай алмай жиылған жұрт егіліп 
кетеді. Бұл жоқтау іштей үн қосқан әркімнің ойында айтылып жатты. Шәкенге 
арналған мына жоқтау да менің өзегімді жарып шығып еді.  
Бәйгеге қосар жүйрігім, 
Мінсіз туған сүйрігім. 
Өнерлі туған өренім, 
Толықсып толған кемелің. 
Көп жабының ішінен 
Суырылып шыққан тұлпарым,
Падишасындай айдынның 
Сән келтірген сұңқарым. 
Еңселі ерек еліңнің
Өрге сүйреп өнерін. 
Уақыт, мезгіл, күндерің
Серпіп тастап артына,
Өнерлі елмен теңедің. 
Елден ерек жаралған 
Шыңға біткен шынарым. 
Алтын тұғыр үстінде 
Шегір көзді қыраным. 
Асқарды сәнмен сәлделеп, 
Көгілдір тартқан мұнарым. 
Қайнардай тесіп жайылған, 
Тынбай аққан бұлағым. 
Сусындап елің суаттан, 
Рақат табар құрағым. 
Салтанат, сәнмен жарасқан
Алтын ерлі пырағым,
Сәулеңді шашып еліңе
Маздай жанған шырағым. 
Күн асқан сайын сағынып,
Шәкенім, саған жылармын! 
Қазақ халқы Шәкен сынды аяулы асыл перзентінен кездейсоқ айырылып қалды. 
Алтын балдаққа қондырған ақ сұңқар қайтып оралмастай көк жүзіне сіңіп ғайып 
болды. Кешегі бірге жүрген Шәкен көрген түстей асыл арман боп кете барды.

102
Òîïæàðªàí
103
II. Өнерпаз жолы
Сламбек ТӘУЕКЕЛ,
Сламбек ТӘУЕКЕЛ,
кинорежиссер,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ø©êåí. Ø©êåí à¾à. Ø©êåí àòà
¼
азақ жұртшылығының құлағына жылы естілетін есім. Оның өзіндік 
қайталанбас поэтикасы бар. Тарихи тұлға — ағамызды, атамызды 
әбден жақсы сипаттайтын есім!
 Бүгінгі күндері осы есім иесінің дүниеге келгеніне бір ғасыр болғаны 
көпшілікке белгілі екені күмән туғызбайды, себебі бұл уақыт сынағынан 
мүлтіксіз өткен адамның бейнесін көз алдыңа елестететін, қазақ ұлтының тама-
ша үлгілі ұлының есімі. Ұлы ұлының. Халықтың мақтанышы, көзінің қарашығы, 
жүрегінің қылы. 
Қырық төрт жыл Шәкенсіз өмір кешіпті қазақ өнері. Әсіресе сахнасы мен 
экраны. Жер басып, ауа жұтып, серілігі мен пендешілігін қатар жасап жүрсе 
де сол қос өнер: театр мен кино панасы мен жақтаушысы бар екенін сезіп 
жүрер еді. Жетімсіреді, жүдеді. Бірақ оңалды. Өкініштісі, бергенінен берері 
көп ғұлама суреткерінің өмірден ерте озғаны еді. Кім мәңгілік? Кім ортамыз-
дан кетпей жатыр? Шәкен ойсыратып кетті... 
Шәкен феномені неде еді?! Ол өзі үйренді, өзгелерді де үйретті. Ашық түрде, 
ыңғайсызданбастан, амбиция дегенді түйіп қойып, уақыттың тым аз екенін 
сезініп. Ойыншы да өзі, жаттықтырушы да өзі. Көшбасшы да. Нәтиже кешіккен 
жоқ, дер кезінде келіп отырды. Жетістіктер де жақындап, біртіндеп бас көр-
сетті. Сахнадағы рөлдер мен спектакльдер өз алдына, жаңашыл жанның тала-
бы киноөнерімен құмартты, жаңа ізденістерге жол ашылды. Қоғам өміріндегі 
Ұлы Жеңіске байланысты оңтайлы өзгерістер жұртшылықтың белсенділігі мен 
қайрат-жігерін көтерсе, руханият арнасы да айтарлықтай серпіліс сезіп, бейбіт 
өмір тынысының үстемдігі орын ала бастаған болатын. Қазақ өнерінің аса 
абыройлы да дарынды өкілдерінің бірегейі болып үлгерген Шәкенге тағдыр 
киноөнерінің жетекшілігін қолына ұстатты. Ол күрделі өнердің бүкіл болмы-
сына толығымен араласып кетті. Суреткерлікті де, ұйымдастырушылықты да 
қолына алды. Ұлттық өнердің шеңбері киноөнерінің алғашқы үлгілерімен 
кеңейе бастады.
Жаңа өнердің жан-жақты мәселелері алдына қыры мен сыры белгісіз 
тосқауыл болып қана қоймай, болашаққа жетелеген ерекше күш те бола білді. 
Техника жетістіктеріне тығыз байланған өнер дарынды мамандарсыз да алға 
баса алмайтыны белгілі. Кинотүсіру алаңдарында, басшылар кабинеттерінде
әріптестер ортасында болашақтың қызу талқылауларда туындаған бейне-
елестері пайда бола бастады. Арман-мақсаттар жоспарларға айналып жүзеге 
асырылатын болды. Халықтың асыл армандарынан қалыптасқан тақырыптық 
жоспарлар сценарийлер мен кинофильмдерге айналып, көрермендер 
ықыласына бөленіп, киноөнері ел санасының шешуші бір тармағына айналып 
кетті. Қазақ ұлттық киноөнері деген түсінік қалыптасты. 
Анықтама: Кезінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының ортасында түсі-
рілген деректі хроникалық фильмдерден («Қазақстанның 5 жылдығы», 
«Түрксіб») кейін 30-шы жылдардың аяғында «Ленфильм» киностудиясының 
қолдауымен қазақ тақырыбына түсірілген алғашқы көркемсуретті «Амангелді» 
фильмдерінен бастау алған қазақ киноөнері Ұлы Отан соғысы жылдары Ал-
матыда Біріккен Орталық Киностудияның («Мосфильм», «Ленфильм») — 
БОКС-тың арқасында біраз техникалық жабдықтарға және Алматыда тұрақтап 
қалған сирек мамандарға ие болып қалған еді. Міне, осының бәрі, шындап 
айтқанда, тек Шәкен Аймановтың киноөнеріне келуінен бастап толыққанды 
іске қосылды. (Әрине, жұмыс істемей тұрды деуге болмайды).
Жалпы Шәкен Кенжетайұлы қазақтың көркемсуретті киносының негізін 
қалаушылардың бірі болып қоғамға белгілі тұлға ретінде танылды. Оның 
шығармашылық істерімен қатар осы қоғам қайраткерлігі бірге өсті. Өте да-
рынды, адамгершілігі мол, мінезі дарқан, қолы ашық, ақжарқын, «аузын ашса 
жүрегі көрінетін» досжанды адам болғанын естімегендер жоқ шығар. Төңірегі 
мен айналасы адамға толы болатын. Өз басыма көптеген елдерде Қазақстанды, 
нақтырақ айтсақ қазақ халқын, осы Шәкен ағамыздың бейнесімен салысты-
ратындай болып көрінетін. Солай болды да. Халықаралық, Бүкілодақтық 
фестивальдарға қатысушылардың арасындағы аса сыйлы, аса қалаулы қонағы 
болатын. Кішіпейілдігі, көңілжайлылығы, тапқырлығы мен сөзшеңдігі адамдар-
ды өзіне магнитше тартатын. Әсіресе, Москваның Кино үйінде Шәкен ағаның жа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет