Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
— Енді аппаратқа барамыз. Негізі былай: ат кісінейді. Бөгеліп, жан-жағы-
ңызға қарайсыз. Сонадайдан арғымақты көресіз. Солай қарай беттейсіз. 
Секектеп билей басып, көрсетілген жерге қарай жүргенде, «естен та-
нып жатқан» Алдарды көрдім. Ұстап, байқаған бойда айқайға басып: «Мен 
жын буған диуана, жындарымды шақырамын дариядан...», — деген сияқты 
айдалаға лаққан сөздермен жалбарына бастадым. 
Соңғы рет қышқырып, құлай кеткенімде, күлкі буған Шәкен орнынан атып 
тұрды. Оператор Беркович ашуға басты: «Неге күлесің? Дубльді бүлдірдің. 
Немене, сенің жекеменшік пленкі шығаратын фабрикаң бар ма еді?». Ақыр 
аяғында сілем қатып жығылған мені Шәкен өзімнің жын-перілеріммен «ем-
деп» алды. Ол бәрін де жылдам қағып алып, керемет бейнелей білетін. 
Бірде Шәкен айтты:
— Елаға, Олжас Сүлейменов менің ойымның негізінде «Атамекен» деген 
сценарийді сіз үшін жазып бітірді. Дайындала беріңіз. 
Елубайдан басқа адамды киноға түсіруге болмай ма екен десіп, театр-
дағылар шу шығарды. Шәкен басу айтып жатты:
— Ренжімеңіздер. Автордың талабы осындай. Алда әлі талай фильмдер 
бар. Талайыңыз түсесіздер әлі. 
Актер шығармашылығының барлық ауыртпалығын бастан өткерген Шәкен 
оны бағалай да білді. Актерлерге қатысты шаруа туындағанда ол өзінің 
мәртебелі міндеті деп біліп, көп іске бел шеше кірісетін, жоғарғы мекемелерге 
солар үшін шығып жүретін. 
Шәкенмен бірге Эстония, Латвия, Самарқанд, Ташкент, Баку, Душанбе ки-
нофестивальдарына бардым. Әрқашан табысты болатынбыз. Шәкен қазақ 
киносының танылуын қамтамасыз етті. Шығармашылық кездесулер кезінде 
ол әрдайым маған сөз беретін. Мен Ленинді, Амангелдіні, бақсының рөлін, 
«Эдельвейстегі» шпионды қалай ойнағанымды әңгімелей беретінмін. Шәкен 
менің әңгімемді орысшаға сонша керемет аударып беретіндіктен, бізді ду 
қол шапалақтауларымен марапаттап жататын. Оның тілінің өткірлігі қандай 
еді! Соңына таман қазақтың бірнеше әзіл әндерін орындап беретінмін. Ол 
қай жерде болса, сол жерде мереке-думан қызып, жүректерге жылы шуақ 
құйылатын. 
Шәкен соңғы рет «Асауға тұсауды» ойнағаннан кейін маған айтты:
— Елаға, бұл спектакль мың рет қойылған шығар, шамасы. Қалай болғанда 
да, келесі кезектегісіне афиша жасап, мың бірінші рет ойнап шығайық. 
Ол күнге жете алмады... 
Шәкен Айманов: Фотоальбом. Алматы: Өнер, 2004
Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВ,
Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВ,
Халық қаһарманы, 
Қазақстан халық әртісі
Äîñòàðûíû¬ òàáûñûíà «óàíà á³ëä³
Ø
әкенді еске алған кезде, қазақ халқының шығармашылығы мен 
өнерін де еске аласың. Шәкен домбыраны жақсы тартатын, халық-
тық дауыспен әнді тамылжыта айтушы еді. Халық композиторлары Мәди, 
Тәттімбет, Мұхитты жақсы көретін. Біздің әр кездесуіміз өте қызықты өтетін-
ді. Неге екенін, маған түн ауғанда, ылғи да достары мен таныстарының 
қаумалауында келуші еді. Кең пішілген кісі еді. Онымен бірге кәдуілгі шай 
ішудің өзі мерекеге айналып кететін де, халық күйлері тартылып, ән салына-
тын немесе өлең оқылатын. Оның үстіне Шәкен керемет әңгімешіл де еді. Мен 
үшін ол қашанда сүйсіндіре, сүйінте білетін нағыз актердің үлгісі болды. 
Бойына әр нәрсенің арғы жағын аңғарғыш сұңғылалық, өзгенің қайғысына 
ортақтасып, басқаның табысына шын жүректен қуана алатын қасиет біткен еді. 
«Қыз Жібек» фильмін тапсыру сәті жақсы есімде сақталды. Көркемдік 
қеңестің мәжілісінде тек Шәкен Айманов қана фильмнің музыкалық 
безендірілуін өз дәрежесінде бағалай білді. Ол менің шығармашылығыма 
қатты әсерленіп: «Жарайсың, жарайсың, ушастик (мені осылай атайтын). Сон-
ша тебіреніп тұрмын! Сөзім жетпейді!» — деп қайталай берді. 
Тағы бір есімде қалғаны, 1968 жылы Ленинград фестивалі. Онда біздің 
«Қазақфильм» студиясынан Шәкен Аймановтың «Атамекен» көркем фильмі, 

118
Òîïæàðªàí
119
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
Арарат Машановтың «По закону сохранения дум» деректі фильмі, Әмен 
Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультипликациялық 
фильмі көрсетіліп, марапатталды. Осы фильмдерді музыкалық жағынан 
безендіргенім үшін маған диплом берілді. Біздің ортақ табысымызға Шәкеннің 
қуанғаны сонша, марапаттар тапсырылып біткен бойда мені былайырақ 
шақырып алып: «Кино өнерінің барлық жұлдыздарын шақырып қойдым. Өз 
киномыздың жеңісін тойлауымыз керек», — деді. Сөйтіп, үлкен банкет берілді. 
Бұл еліміздің белгілі актерлері, режиссерлері мен композиторларымен кезде-
скен, араласқан отырыс болды. Бұл бір керемет той болды!
Шәкен өз халқын, оның өнерін нәзік сезіммен сүйе білген нағыз патриот еді. 
Шәкен Айманов: Фотоальбом. Алматы: Өнер, 2004
Хадиша БӨКЕЕВА,
Хадиша БӨКЕЕВА,
КСРО халық әртісі
Òåàòðäû æàí-ò©í³ìåí ñ¯éåò³í
Ø
әкенмен бірге сахнада ойнау бақыты маған да бұйырды. Оның 
партнерді сезіну қасиеті тым ерек-тін: әрқашан дәл сол сәтте сахна-
да болып жатқан жағдайды, партнерінің жай-күйін ескере әрекет ететін. 
«Асауға — тұсау» спектакліне репетиция жасай бастағанымыз күні кешегідей 
көз алдыма келеді. Шығармашылық ізденіс пен түйінді тұсты табу үрдісі сол 
жерде, репетиция залында, бетпе-бет, тікелей қарым-қатынас үстінде жүзеге 
асып жататын. Бұл өзі соншалықты қызу үрдіс еді. Өз дарыны жан-жақты ке-
мел бола тұра, ол ешқашан партнерден «асып түсіп ойнауға», қайткенде 
де ерекшеленіп көрінуге тырысқан емес, ансамбльді аса сезімталдықпен 
түйсіну қабілеті таң қалдыратын. Ол ашық, қатесіз жұмыс істейтін тамаша ак-
тер еді. Әлі тәжірибем аз әртіс болғандықтан қобалжып, партнеріме сүйсіне 
жүріп, іс жүзінде ширақ көрінуге тырысатынмын. Мұны түсіне білген Шәкен 
Кенжетайұлы дұрыс шықпаған сахналық көріністі әлденеше рет қайталататын 
және оны сонша беріле, менің жан дүниеме жіті үңіле жүріп атқаратын-ды. Еш 
нәрсені қалт жібермейтін ол бірлікте әрекет етудің қажет үйлесіміне жеткенше 
тыным таппайтын. Осындай мігірсіз жұмыстың өзі нәзік мейіріммен, сабырмен 
іске асып жататын. Шынымды айтсам, сол кезде маған Катаринаның рөлін сеніп 
тапсырғандарына таңмын. Шәкен Кенжетайұлы екеуіміз «Асауға—тұсауды» 
ширек ғасырға таяу ойнаппыз. Ұмытылмайтындығы сонда, толық аншлагпен 
өтетін әрбір ойында еш қайталауға ұрынбайтынбыз. Шәкен, былай айтқанда, 
қызба мінезді болғанымен, аса әдепті кісі еді. Ол өзін бәрін де білетін, қолынан 
бәрі де келетін әйдік әртіс ретінде танытамын деп тыраштанған емес. Оны-
мен бірлікте жұмыс істеу қөңілді әрі қызық еді. Шәкен әзіл-қалжыңға бейім 
тұратын, әрдайым халықтың қанатты сөздері мен мақал-мәтелдерін төкпелете 
айтып тастар еді. Құдды фольклордың тірі энциклопедиясы дерсің... Театрды 
жан-тәнімен беріле сүйетін ол киноға ауысқан кезде театрды сағынып жүрді. 
Репетицияға немесе спектакльге арнайылап келе қалса, бұл біз үшін өзіндік 
мерекеге айналатын. Оның шығармашылықтық және адами қасиеті бізді 
толық баурап алатындықтан, оның үстіне залда Шәкеннің отырғанын жон 
арқамызбен сезінгендіктен әрқайсымыз-ақ бұрынғыдан да жақсырақ ойнауға 
бар күшімізді сала түсетінбіз. 
Шәкен Айманов: Фотоальбом. Алматы: Өнер, 2004
Юрий ПОМЕРАНЦЕВ,
Юрий ПОМЕРАНЦЕВ,
Қазақстан  халык әртісі,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  иегері
Ø©êåí — «àøàí äà Ø©êåí
(Күнделік, естелік, эссе)
(Күнделік, естелік, эссе)
Ì
ен Шәкен Кенжетайұлы Аймановты алғаш рет сахнадан көрген едім. 
Бұл елуінші жылдардың басында болатын. Байырғы мәскеулік мен 
майдан даласынан тіке Алматыға тартып, осындағы орыс драма театрында 
жұмыс істеп жүрген едім. Алматының желсіз тынық бір кешінде Қазақ дра-
ма театрына бардым. Мұнда Шекспирдің «Асауға тұсау» атты пьесасына тап 
болғаным. Мен бұл спектакль туралы көп естігенмін және де оны мәскеулік 
режиссерлер Бибиков пен Пыжованың сахнаға қойғанын білетінмін. Петруч-
чио рөлінде Шәкен Айманов, ал Катарина рөлін Хадиша Бөкеева тамаша ой-
нады. Мұндағы ең бір жетістік сол — Шекспир рухында қойылғандығы және 
де мені ең таңқалдырғаны Аймановтың сыртқы түр-түсі, сүйкімділігі, дауы-
сы, қайсарлылығы еді. Біз сахна арқылы нағыз шекспирлік қаһармандармен 
қауышқан едік. 
Міне, осы кештен кейін-ақ бұл кейіпкердің көрермендер көңілінде ұзақ 
уақыт сақталатынын және болашағы зор актердің дүниеге келгеніне көзім 
жеткен-ді. Мұнан біраз уақыт өткен соң мен оны Шекспирдің тағы бір 

120
Òîïæàðªàí
121
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
кейіпкерінің — Отеллоның рөлінде көрдім. Аймановтың Отеллосы нағыз 
трагедиялық сарынмен дүниеге келген-ді. Бізді, көрермендерді, ол тағы да 
өзінің дарындылығымен, бүкіл түр-тұрпатын еркін меңгеруімен тәнті етіп 
қызықтырған. Тіпті сондағы мынадай бір мизансцена: Отеллоның басқыштың 
ең жоғарғы жағынан еденге дейін домалап келген бейнесі әлі күнге дейін көз 
алдымнан кетпейді. Ал мұндай сахналық көріністер өте көп болатын. Мен үшін 
осы бір екі кейіпкерді көру аса қажет еді, неге десеңіз, Шекспирдің кейіпкер-
лерін ойнау актер үшін ең биік шың, ал мұны меңгеру, сөз жоқ, шеберлік бо-
латын. Айманов мұнан кейін де театрда әртүрлі пландағы сан алуан кейіпкер-
лерді жасады. 
Дегенмен, Шәкен Кенжетайұлы өзінің жетістіктеріне ешқашан да қанағат-
танбайтын. Ол әлденесін жоғалтқан жандай қашанда ізденіс үстінде болатын. 
Меніңше, оны киноға алып келген де осы ізденіс қой деп ойлаймын. Онымен 
менің кинодағы кездесуім қалай болды дейсіз ғой? Бірде біздің студиямыз 
«Дала қайыңдары» фильмін түсірді. Міне, сонда маскүнемнің басынан өтетін 
өте бір қызықты эпизод маған тапсырылды. Осы бір эпизод түсіріліп болғаннан 
кейін мен оның көрсетілуін асыға күтіп жүрдім. Кейіннен студияның көркемдік 
кеңесі фильм жақсы, бірақ та әртіс Померанцевтің түскен эпизоды фильмге 
нұқсан келтіріп тұрғандықтан, кесіп тастау керек деп шешім қабылдағанын 
естідім. Мен бұған қатты қапаландым және де енді киноға түсуім екіталай 
болар деп түйгенмін. Сол себепті де 1957 жылы режиссер Аймановтың рөлге 
шақыруы мен үшін күтпеген жайт еді. Ештеңеге түсінбеген күйі киностудияға 
келдім де, Айманов отырған кабинет есігін имене аштым. Мен жан-жағыма 
қарап та үлгермей жатып-ақ, Шәкен бірден шаруаға көшті: 
— Сен білесің бе, «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне басты рөлде ойнауды 
саған ұсынғым келіп отыр. Әрине, Мәскеу немесе Ленинград қалаларынан 
әртістер шақыруыма да мүмкіндік бар, дегенмен, біз өзіміздің алматылықтар-
дың болғанын қалап отырмыз, — деді. Мұнан кейін фотосынақ та, киносынақ 
та, іштей толқу да болды. Не керек, осы бір рөлге мен қабылдандым. 
Тұңғыш режиссерлік жұмысында басты рөлді кеше ғана кинодағы алғашқы 
қадамы сүрінуден басталған актерге сеніп тапсыруға қалай ғана дәті барды 
десеңізші! Мұның тағы бір қиындығы болашақ фильм Мәскеуде өтетін қазақ 
өнерінің онкүндігінде көрсетілмекші. 
Бұл рөл менің шығармашылық өмірбаянымда зор оқиға болып жатталып 
қалды. Бәлкім, жұртшылық бұл фильмде Аймановтың тек қана қазақстандық 
әртістерді түсіргеніне көңіл бөлген болар?! Тамаша әншілеріміз Бибігүл 
Төлегенова мен Ермек Серкебаевтың есімдері, міне, осы фильмнің арқасында 
ғана одаққа танылған еді. Айманов бүкіл елімізде танымал режиссер болған 
кезде де республикамыздан тыс жерлерден әртістерді сирек шақырып 
жүрді. Ал, шындығында, Мәскеудің өзінде зор беделге ие оның кез келген 
«жұлдызды» шақыруына болатын еді. Бірақ та ол мұнан бойын аулақ салатын. 
Ең әуелі өз кадрларын тәрбиелеуге көп күш жұмсайтын. Оның дәл осындай 
ұстанымдылығы қазірдің өзінде де кімді болса да ойландырса керек. Қазір 
астанадан актер, режиссер, сценарист шақыру «індет» болып кетті. Мінеки, 
соның да салдары болуы керек, студиядан шыққан кейбір фильмдердің «ені» 
ғана біздікі болып шығады. Мысалы, «Көгершіндер маусымы еді» фильмінің 
қазаққа қатысты қай жері бар? 
Сонымен «Біздің сүйікті дәрігер» атты фильмді түсіріп бітірдік. Мәскеу 
жұртшылығы фильмді кереметтей қабыл алды. Өкінішке орай, фильмнің 
премьерасы болған күні менің спектаклім болып, Кино үйіне бара алмадым, 
көрермен ықыласын өз көзіммен көре алмадым. 
Бірақ та бір күні кеште қолым босап, Райкиннің қойылымына қатысу үшін 
Маяковский атындағы алаңдағы театрға келгенімде, репетициядан шыққан 
әртістердің әңгімесінен, өмірде мұндай да жайт болады екен, дәл біздің фильм 
туралы айтқан сөздерін құлағым шалғаны: «Олардың комедиясы да тәп-тәуір 
екен, аты қандай еді, әлгі «Біздің сүйікті дәрігерді» айтамын, тамаша екен...» 
Ал қазір қазақ фильмдерінің осындай өміршең болған бірде-біреуі 
жоқтығы өзегіңді өртейді. Бұл фильмді көгілдір экраннан қанша рет көрсең 
де қызыға қарайсың. Әрине, басқа фильмдер секілді ол да ескірді. Кейбір 
беру тәсілдері, сахналық көріністердің қазіргі уақытпен салыстырғанда балаң 
болып көрінуі еріксіз күлкі шақыратын да шығар. Бірақ та бұл картинаның 
ең бір басты қасиеті онда қандай бір уақытқа да бағынбас достық ат-
мосферасы, мейірімділік пен қуаныш ұшқыны бар. Фильм өзі жарыққа 
шыққан жылы көрермендердің риясыз сүйіспеншілігіне бөленді. Мінеки, 
менің алдымда сол кезеңнің бір жорналы жатыр. Онда Михаил Роммның 
мейірімділікпен жазылған сөздері бар: «Біздің сүйікті дәрігер» фильмін 
жұртшылық зор ынтамен көріп, күлкіге қарық болды. Өйткені бұл нағыз ко-
медия болатын. Республикалық студиялардың мұндай фильмдері біздерді, 
астаналық кинематографистерді, бұрынғыдан да жақсы еңбектенуге, сөйтіп, 
өз студиямыздың таңбасын сақтауымызға міндеттейді». 
Алматыда көптен тұрып келе жатқан мен үшін қанша қынжыларлық 
жайт болғанымен, қазақ кинематографиясы Айманов және онан кейінгі 
болып екі кезеңге бөлінеді. Егер де айғақтарға жүгінер болсақ, «Ботагөз», 
«Жамбыл», «Шабандоз қыз», «Менің атым Қожа» секілді үздік фильмдер 
Айманов бар кезде шықты. Дегенмен, уақыт жылжып өтуде. Осы уақытқа 
дейін Қазақстан сияқты ұланғайыр республикаға сай шығармалар жасай-
тын, Аймановтың орнын басатын, оны жоқтатпайтын көптеген талант-
тар келуі керек-ақ еді. Бірақ та, тағы да фактіге жүгінер болсақ, Қазақстан 

122
Òîïæàðªàí
123
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
киноөнерінде осы уақытқа дейін ешкім де аймановтық биіктен көріне ал-
мады десем артық айтпаспын. 
Оның ірі тұлға екендігі айтпаса да аян. Ол әрқашан қалың жұрттың орта-
сында қалжыңдап, жақындағыларға көңілділіктің, оптимистіктің шапағатын 
төгетін. Мен оның ешқашан ашуланғанын, айқайлағанын көрген емеспін. 
Оның бар келбетінен байсалдылықтың, салмақтылықтың лебі есетін — өзінің 
айналасында тамаша шығармашылық атмосфера құрайтын. Ол ешқашан 
өзінің әмірін жүргізбейтін, қайта өзіңе қатысты міндеттер жүктеуге тырыса-
тын. Мен оның осындай қасиеті үшін құлай сүйетінмін және де мұның көмегін 
көп көрдім. Кейінірек, еліміздің басқа да студияларында фильмдерге түскен 
кезімде әмірші режиссерлерді де кездестірдім. Ал Айманов ерекше жаратылған 
жан еді. Әлі есімде: фильмде менің өз достарымның ықылас-мейіріміне риза 
болғандықтан жылап жіберетін сәтім бейнеленетін соңғы көріністі тоғыз рет 
түсірді. Неге екені белгісіз, оның көңілі толмады. Егер де осы кезде маған ашу-
ланып, қысымға алғанда, мен мұны мүлде жасай алмас едім. Ол актер психоло-
гиясын тамаша сезінетін, сондықтан да кереметтей салмақтылықпен: «Кәнеки, 
Юрочка, тағы, тағы да бір рет» — деп, өзіне баурап алатын. Мен мұнан кейін 
оның «Жол қиылысы», «Атамекен» фильмдеріне де атсалыстым. Оны бәрі де 
жақсы көретін. Студияның кез келген цехтарымен ол достық қарым-қатынаста 
болды. Және де тағы бір таң қаларлығы сол — түсіру алаңындағылардың бірі 
қалмай соның ығына жығылатын. Әрине, бұл үлкен беделдің арқасында ғана 
келсе керек. 
Өнер саласында талай жыл қатарынан еңбек етіп келе жатқан менің бір 
білерім — нағыз суреткер үшін даңғыл жолдың өте қауіпті екендігі. Біз міндетті 
түрде қиналуымыз, қателесуіміз, құлауымыз керек. Мамыражай өмір бізге 
жараспайды. Менің ойымша, Аймановтың салмақты болып көрінуі сырт 
көзге ғана. Ол өзін-өзі жинақы ұстайтын. Неге десеңіз, өзінің атақты екенін, 
басқалардың үлгі тұтатынын біле тұра, ол қиналыс-толғаныстарын тереңге жа-
сыра білді. Ол өте ержүрек адам еді. Тіпті, кейде оны да сынайтын, ұрысатын. 
Бірақ та ол қашанда Шәкен қалпында қала білді. Табиғат оған талантты — 
актерлікті де, режиссерлікті де, басшылық қасиеттерді де аямай-ақ берген. Де-
генмен де, оның өнерге сіңірген барлық еңбегін біле тұрып, әлі де өзінің талан-
тына сәйкес ең басты картинасын жасай алмады ғой деп ойлаймын. Ол — бұл 
ісін жүзеге асыруға жақын еді, тіпті, сол бір басты жұмысының, дүниеге келер 
туындының кейбір көріністері, фрагменттері кейбір фильмдерінен елес беріп 
қалатын. Бірақ та ол жүзеге аспады... 
 Жазып алған Дәрежан Өмірбаев 
«Жаңа фильм» жорналы. № 12, 1986
Сәбира МАЙҚАНОВА,
Сәбира МАЙҚАНОВА,
КСРО халық әртісі, 
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  иегері
 
¼àçà« êèíîñûíû¬ æàðû« æ±ëäûçû
Ø
әкен шын мәнінде адамгершілігі зор, абзал азамат еді ғой. Ол театрға 
менен бір жыл кейін келді. Өнердің ыстық-суығын бір көрген қимас 
әріптесім еді. Сахнадағы әрбір көрініс сайын өз кейіпкерінің көңіл күйіне орай 
түр-әлпетін өзгерте қоятын ондай шебер актерді өз басым бұрын-соңды көрген 
емес. Көңіліңдегі түйткілді көзқарасыңнан-ақ білетін сұңғылалығы тағы бар... 
Ал, сахнадағы ойыны — өмірдің өзінде өткен оқиғаға бергісіз болатындай 
сондай бір табиғи ойнайтын. Кейін өзі киноға кеткен кезінде де туған театрын 
ұмытпай жиі келіп тұрды. Ол кеткен соң театр «жетімсіреп» қалғандай әсерде 
жүрдік. Тіпті театрдан неге кеттің деп, ренжитін едім. Бірақ киноға жұлдызы 
тартты да тұрды ғой. Онысы абыройсыз болған жоқ. Меніңше, Шәкен Айманов 
өнер шыңындағы алып бәйтерек. Ондай дара тұлға өнерде де, өмірде де си-
рек кездеседі. Жай ғана қоңыр дауысымен ән салғанының өзі әлі күнге дейін 
құлағымнан кетпейді. Асқан әнші болмаса да әнді бар ынты-шынтысымен 
беріле айтатын. Жастарға деген қамқорлығы қандай еді! Кино түсіргенде 
төл театрын да ұмытпады. Шәкеннің арқасында өзім де бірер фильмге түсіп 
үлгердім. Талант ұшқыны бар жастар көрсе — балаша мәз болып қалады. Ол 
ешбір арнайы оқу орнын бітірмесе де, оның бойына біткен өнері ана сүтімен 
дарығанына шүбәм жоқ. 
«Алматы ақшамы» газеті, 2 ақпан, 1989
Майра Шәкенқызы АЙМАНОВА-ӘШІМОВА,
Майра Шәкенқызы АЙМАНОВА-ӘШІМОВА,
Қазақстанның еңбек сіңірген  әртісі
 
¼àçà« êèíîñûíû¬ æàðû« æ±ëäûçû
Ì
енің білетінім — аяулы әкеміздің есте сақтау қабілеті ерекше еді. 
Естігенін өмірі ұмытқан емес. Қырық жасында киностудияға біржола 
ат басын бұрған ол өмірінің ақырына дейін бойындағы бар ерік-жігерін кино 
өнері жолына сарқа жұмсады. Егде тартқан кезінде де жүріс-тұрысы да тым 


124
Òîïæàðªàí
125
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
ширақ, шаршап-шалдығып жүргенін көрген емеспіз. Музыка аспаптарының 
тілін жетік білетін ол кез келген аспапта ойнай беретін. Қайда барса да қолынан 
домбырасы түспейді. Үстіне қандай киім кисе де, өзіне жараса кететін. Басына 
кейде қалпақ кигенімен, көбінесе беретпен жүретін-ді. Үй ішінде ешқайсымызға 
дауыс көтеріп сөйлеген емес. Өзі қатарлы құрбы-достарының ішінен Жүсіпбек 
Елебековты ұстаз санайтын. 
... Шәкен өзінің жомарт жүрегінің жылуы арқылы тек өнер адамдарының 
ортасында ғана емес, қарапайым адамдардың да қимас досына айналды. Оны 
ақтық сапарға аттандыру рәсіміне қатысқандардың ішінде «Қазақфильм» сту-
диясынан келген күзетші әйел де болған. Оның күйеуі бір кездері жазықсыз 
жауапқа тартылған жерінен Шәкеннің араласуымен отбасына оралса керек. 
Міне, енді сол әйел өз отбасына жасалған жақсылықтың өтеуі ретінде оның 
зиратының маңына шие ағашының көшетін отырғызады. Бір ғажабы, қақаған 
қыс айында отырғызылып, тереңнен тамыр тартқан осынау шие ағашының 
көшеті көктем келген сайын жапырақ жайып, қаулап өсіп келеді. 
«Алматы ақшамы» газеті, 2 ақпан 1989 
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,
КСРО  халық әртісі,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  иегері
Ì©¬ã³ãå ³ç «àëäûð¾àí
¡
рбір халықтың тарихында оның ұлттық ой-пікірі мен мәдениетінің 
алтын діңгегі іспетті ұлы тұлғалар болады. Олардың еңбектері бүкіл 
халық өнерінің арғы-бергі жағымен тұтастай байланысып, ұлттық рухани 
тіршілігіне ой салып отырады, өткеннен тағылым берсе, болашағына сабақ 
болады. Ондай данышпандардың мұрасы өлмейді, туған халқымен, ұлтымен 
бірге жасайды. 
Шәкен — біздің халқымыздың тарихындағы осындай адам, қазақ театры 
мен киносының жапырақ жайып өркендеуіне ерекше мол үлес қосқан жан. Ол 
түсірген киноларда өз халқымыздың ұлттық мінезін терең бейнелеген, дәуірдің 
ой-пікірін бүкіл адамзат игілігіне жарата білген ұлы суреткер. 
Арыны асқақ, дарыны дарқан Шәкен ағаны есіме алған сайын оның өзіне 
тән мінезі мен адамдық болмысы, сезімнің нәзіктігі мен рухани әлемінің 
кеңдігі бірден ойыма түседі. Алатаудың асқақ шыңындай «мен мұндалап» 
тұратын Шәкен ағамен консерваторияда оқып жүрген студенттік кезімде таны-
стым. Жанымдағы құрбы қызыммен қосылып бір жолы екі дауыста радиодан 
ән айтқан болатынмын, сол әнді естіген Шәкен аға мені өзіне жақын тарта бас-
тады. Атағы жер жарған Шәкен аға біз үшін қол жетпейтін биік шынар іспетті 
болатын. Біздер Шәкен ағамен жолығуға бата алмай жүрексініп тұратынбыз. 
Біздер үшін Шәкен ағаның өнерден алатын орны өз алдына бөлек болса, халық 
ішінде жүрген талай саңлақтардың бірін ойдан, бірін қырдан көзі шалып қалса, 
жетелеп әкеп, өнер бәйгесіне өзі қосатын. Шәкен аға талант атаулыны ту сырты-
нан танып, солар қанатын қақса деп дамыл таппайтын. Мұндай істер тек алып 
жүректі жандардың ғана қолынан келетін жай ғой. 1954 жылы консервато-
рияны бітірейін деп жүргенімде Шәкен ағаның сырттай таныстыруымен мені 
бір режиссер іздеп келіп, өзінің фильміне түсіруге шақырды. Маған шағын рөл
беріп, Қарашаш деген әнші қыздың бейнесін жасадым. Мен өзім қандай фильм-
дерге түссем де, әнші қыздар бейнесін сомдау бақытына ие болып жүрдім. 
Шәкен аға екеуіміздің жолымыз өнердің екі басқа саласында болғандықтан, 
көбіне киноға түсетін кездерде ғана ұшырасатынбыз. «Біздің сүйікті дәрігер» 
атты музыкалық комедиясын түсірерде: «Сен кинода өзіңді-өзің ойнайсың, 
ән айтасың», — деді. Айтқанындай, қазір есімі мәшһүр жұртқа белгілі қазақ 
өнерін алға сүйреген бір топ өнер қайраткерлері сол кинода өз бейнелерін 
мәңгіге қалдырды. Қең даладай кемеңгер ұлы адамның кісі жатырқамайтын 
табиғи мінезі мен білімі, бітімі бөлек дара қасиеттерімен ерекшеленіп тұрса 
да, үнемі жастардың ортасында жүргенді жаны сүйетін. Ол кісінің қабақ шы-
тып, тыжырынып немесе тырнақ астынан кір іздеп біреулерге соқтыққанын 
көрген де, естіген де емеспін. Сондықтан болар, Шәкен аға үнемі гүл-гүл 
жайнап, құлпырып жүретін. Оның бетіндегі әжімдердің бәрі сол күлкі табы-
нан қалған іздер сияқты болып көрінеді. Бірде «Біздің сүйікті дәрігер» кино-
сын бір-екі эпизодын далада түсіруге тура келіп қалғанда, әлдебір кедергілер 
шығып, түсіру алаңында әбігер басталып кетті. Сондай сәттерде Шәкен аға 
өз алдына шахмат ойнап, не болмаса домбырасын тыңқылдатып отыра 
беретін. Сырт көзге байсалды көрініп тұрса да, іштей толғанып, үлкен сабыр-
мен, күйіп-жанбай-ақ, тығырықтан шығу халін тауып кететін. Шәкен аға өзіне 
ғана тән қоңыр дауысымен қазақтың халық әндері «Жиырма бес», «Қарғам-
ауды» сүйіп орындайтын. Әнді бар жан-тәнімен беріліп тыңдай да білетін. Бір 
жолы Шәкен ағамен Қарағандыда Құрманғазы атындағы оркестрмен гаст-
рольде сапарда жүргенде кездейсоқ жолығып қалдым. Сол жолғы концерт-
те мен репертуарымдағы «Гауһартас», «Бұлбұл», «Ахау-керім» әндерін орын-
дадым. Концерттен кейін Шәкен аға «Бибигулиха, бері кел, — деп шақырып 
алды. «Сен Гауһартастың екінші шумағын қайдан алдың?» — деді. «Мен әуелі 
бұл сұраққа түсінбей дағдарып қалдым да, іле Қ. Баубекова берді», — дедім. 

126
Òîïæàðªàí
127
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
Сөйтсем мен айтып жүрген «Гауһартас» әнінің екінші шумағындағы «Қадалып, 
қалқам, саған қарай бердім» деп басталатын ән жолдарын Шәкен аға аяулы 
замандасы Қ. Баубековаға арнап жазған екен. Мен мұны кейіннен естіп, бір 
кездескенде: «Сөзін сіз жазған екенсіз ғой», — деуім мұң екен, Шәкен аға 
қалжыңдай жөнелді: «Саған өлең жазғаным үшін қаламақысын төле», — деп. 
Мен сол «Гауһартасты» орындаған сайын мәңгіліктің тылсым кұшағына ерте 
кеткен Шәкен ағаның бейнесін елестетемін. Жоғарыда айтып кеттім, Шәкен 
ағамен тым сирек кездесетінбіз деп. Өйткені мен де гастрольдік сапарлармен 
шетелдерге, еліміздің түкпір-түкпіріндегі аудандарға кетіп қалатынмын. Тек 
киноға түскенде ғана Шәкен ағамен кеңірек әңгімелесуге мүмкіндік туатын. 
Көрермендердің жүрегіне жол тауып, ыстық ықыласқа бөленген «Тақиялы 
періште» атты музыкалық комедиясында бас кейіпкер ана қыздарының бірі 
болып ойнадым. Сол кинода анама арнап айтатын әндерді мен емес, фоно-
грамма арқылы Бақыт Әшімова орындайды. Мен тек әуен ырғағымен қимыл 
жасап жүрдім, олай еткен себебіміз, ол әнді Шәкен аға Мәскеуде жүргенде 
М. Кристалинскаяның дауысына арнап жаздырған болатын. Мұны айтып 
отырған себебім, бұл құпияны біле бермейтін көрермендер, күні бүгінге дейін 
менен «сол әнді орындап беріңізші» деп қолқа салатыны бар. 
Шәкен аға киноның болашағы мол өнер екенін дер кезінде қалай сезінген 
десеңізші! Оның қолынан шыққан фильмдер қазақ киносының алтын қорын 
байытып кетті. Иә, Шәкен аға туралы қандай лебіздер білдірсек те артық емес. 
Қазақ деген халқы барда Шәкен аға мәңгі жасай бермек! 
«Қазақ әдебиеті» газеті, № 10, 11.03.1994
Қуат ӘБУСЕЙІТОВ, 
Қуат ӘБУСЕЙІТОВ, 
Қазақстан  мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкері
ʯë³ìäåï êåëåðì³ñ³¬, à¾à!
Ø
әкен Аймановтың ұлағатқа толы ұлы әртістік өмірбаяны кімге бол-
са да аса ғибрат. Сахналық ойдың көркемдік жетекшісіне дейін 
көтерілген ол көптеген пьесаларды қоюда терең ойлылық танытып, сахнаның 
көбіміз сезіне бермейтін сырын ашуда жемісті еңбек етті. Шәкен ағаның 
өнерпаздық жаратылысындағы бірегейлігінің сыры — дарын иесінің өнер 
мен білімге ынтызар қалың елдің ортасынан шығуы еді. Бұл оның сахнадағы, 
кинодағы бейне-болмысының парасат-пайымынан аңғарылатын. 
Өзі туып-өскен ауылда Аббас атты ағасының, бірқатар музыкалық аспап-
та ойнайтын атақты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың балалардың басын 
қосып, орыс тілін үйрететінін Шәкен аға жиі еске алып: «Менің ең алғашқы 
ұстазым Махмұт аға еді», — десе, енді бірде: «Менің театрдағы ұстазым — 
қазақ сөзінің кестесін терең, толық білетін, шешен, асыл-ойдың иесі Қалекем 
еді», — деп отыратын. Шәкен ағаның сегіз қырлы, бір сырлы болып өсіп-
қалыптасуына әнші Қали Байжановтың да тигізген әсері, өнегесі көп. 
Шәкен аға «Қазақфильмде» бүгінде осынау өзінің атындағы киностудия-
да режиссер, бас режиссер қызметіне өмірінің 17 жылын арнады. Уақыттың 
көкейкесті мәселелерін қозғап, оның көркемдік шежіресін жасауда Шәкен аға 
өзінің өнерпаздық алымдылығы мен сезімталдығын байқатты. Бұл уақыттар 
ішінде жанрлық, формалық ізденіске ғана емес, терең мазмұнды мәнге ие 
болған бірқатар көркем ленталар пайда болды. Ол фильмдер Шәкен ағаның 
режиссерлік, ұлы актерлік талант қолтаңбасын айқын танытты. 
Әріптестеріне талап қоя білетін суреткердің жомарт жүрегі кең де еді. «Біздің 
сүйікті дәрігер» фильмі көрерменді көркемдік шешімі арқылы баурайтын ерек-
ше фильм болды. Ал сондағы ойнайтын актерлердің көбі кейіннен халқымыздың 
мақтанышына айналған өнер шеберлері ғой. Шәкен ағаның ұстаздық ісі өнегелік 
қызметінен-ақ аңғарылса керек. Ол ізбасар інілеріне сабақ, тәлім-тәрбие бола-
тын ізденістерге барды. Мұны «Атаманның ақыры» атты екі сериялы фильмнен 
айрықша айқын көреміз. Фильм өзінің оқиғалық құрылысы мен психологиялық 
тереңдігі, бейнелеп отырған жайының шынайылығы жағынан үздік шыққан ту-
ынды. Сондықтан да дүниежүзілік экранға жолдама алды. 
Өзім ыстық сезіммен куә болған есте қалған ұмытылмайтын кездер — 
Шәкен ағаның кайтыс болар алдындағы төрт-бес жыл еді. «Өмір жолы» атты 
фильмнің қоюшы режиссері болдым. Фильмнің сценарийін жазған Қабыш Си-
ранов, оператор Александр Фролов, суретшісі С. Романов, көркемдік жағын 
басқарған Шәкен аға еді. 1959 жылы Баянтауда «Найзатас бөктерінде» атты 
тұңғыш көркемсуретті телефильм жасадық. Мен қоюшы режиссері, операторы 
Марк Беркович, суретшісі С. Романов, сценарийін жазғандар Шәкен аға мен 
Тұрғанбай Мәткаримов еді. Менің өтініп сұраған бір тілегімді орындап, Шәкен 
аға осы фильмде жылқышы Бейсенбай қарттың рөлін ойнады. Бұл Шәкен 
ағаның қоштасу рөлі болады деп кім ойлаған?!
1970 жылы «Атаманның ақыры» атты екі сериялы фильмде Шәкен ағаның 
оң қолы, екінші режиссер болып қызмет еттім, фильмде кішігірім рөл де ойна-
дым. Бұл фильм мен үшін үлкен шығармашылық мектеп болды. 
Тұла бойы өнерден жаратылғандай, замандастарының есінде мәңгі жар-
қылдап, жайнап, өз қасиетімен тамсандыра беретін асылдай ардақты ағаның 
өнері мен өнегесі айта берсем таусылмайды. 
«Қазақ әдебиеті» газеті, № 10, 11.03.1994

128
Òîïæàðªàí
129
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
Асхат АШРАПОВ, 
Асхат АШРАПОВ, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  иегері
¦ñòàç, à¾à, äîñ Ø©êåí 
¼
азақ өнеріне еңбегі сіңген көрнекті қайраткер Ш. Аймановпен қоян-
қолтық жүріп, қызметтес болған жылдарымды өмірімнің жарқын 
беттерінің бірі деп есептеймін. Сонау Мәскеуде оқып жүрген шағымда, дәлірек 
айтқанда, 1953 жылы Шәкен ағамен таныстым. Сол таныстығымыз достыққа ұлас-
ып араласып кеттік. Үлкенге іні, кішіге аға бола білген Шәкен аға менің Қазақстанға 
келуіме себепкер болды. Шәкен ағаға дейін шоқ жұлдыздай жарқыраған әйгілі ре-
жиссерлер — С. Қожықов, А. Қарсақбаев, Қ. Әбусейітов барлығы «Алматыға кел» 
деп қолқалаумен жүретін. Мен тек Шәкен ағамен кездескеннен кейін ғана ойым-
ды бекітіп, келісімімді бердім. Туған ағадай қамқоршы бола білген Шәкен ағаның 
жұбайым Лоланың тағдырына да тигізген ықпалы зор болды. Шәкен аға түсірген 
«Біз осында тұрамыз», «Бір ауданда», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», 
«Атаманның ақыры» фильмдерінің бірінде басты рөлдерді сомдаса, енді бірде 
эпизодтық рөлде ойнады. «Атаманның ақыры» фильмінде үш жасар ұлым Тимур 
бас кейіпкер Шадияровтың баласы болып ойнады. Қарап отырсам, менің отбасым 
Шәкен аға үшін еш уақытта бөтен болып көрмепті. 
Алғашқы жылдары Шәкен ағамен жұмыс істеу маған оңайға соққан жоқ. 
Өйткені актерлік өнердің қыр-сырын жете меңгерген суреткердің режиссурасы 
басқаша болатын. Ол өзінің идеясын, философиялық көзқарастарын актер ойыны 
арқылы жеткізуге күш салатын. Шәкен ағамен ұзақ жылдар үзеңгілес жүрген опе-
ратор М. Беркович екеуі бірін-бірі емеуріннен-ақ түсіне қоятын. Мен екінші опе-
ратор ретінде жүріп, біртіндеп тәжірибе жинақтауға көштім. Шәкен аға ең соңғы 
«Атаманның ақыры» деп аталатын көркемсуретті фильмін маған «түсіресің» деп 
түбегейлі шешті. Шынында, бұл кезде ол режиссерлік бабына келіп, томағасын 
сыпырған бүркіттей жұтынып тұрған кезі-тін. А. Кончаловский мен Э. Тропининнің 
ықшам да мазмұнды сценарийі талғампаз режиссердің қөңілінен шыға кетті. 
Сондықтан болар, кино өте сәтті шықты. Басында бір сериялы болады деп 
шешілген фильм оқиғасы екі серияға созылып кетті. Бүкіл әлемді аралап кеткен 
бұл фильм Шәкен ағаның кинематографияда сүбелі де жаңа тіл тапқанын паш етті. 
Осы фильмнен кейін Ә. Таразидің сценарийі бойынша кемеңгер Абай туралы кино 
түсіруге бел байлап жүрген режиссер бұл арманын өзімен бірге ала кетті. 
Шәкен аға еш уақытта қолын қусырып бос отырған емес. Үнемі ой үстінде 
жүретін. Өзінің түсірген фильмдерінде кеткен олқылықтарды келесі фильмде 
жібермеу жағын қарастыратын. Әр киносында туған халқының қадір-қасиетін, 
рухани болмыс-бейнесін, таным-табиғатын, сонымен қоса адамгершілік-
этикалық қағидаларын танытуға күш салатын. Шәкен аға фильмдерінен ұлттық 
бояу нақыштары анық сезіліп тұрғаны содан болса керек. 
Табиғат Шәкен ағаға сергектік, сезгірлік, нәзіктік, пәк жүректілікті сыйлаған. 
Ол адамдар жүзіндегі өзгелер аңғара бермейтін мұң мен қайғы табымен де 
іштей сырласа біледі. Өзі де солармен бірге жан дүниесімен беріліп мұңаяды, 
ол кез келген ортада — зиялы қауым, еңбекші қарапайым адамдар арасында 
өзін еркін ұстап, олармен тез тіл табысатын. Шығармашылық сапармен ұзақ 
жолдарға отбасымызбен қоса шығып тұратын кездер жиі болды. Жолдың мех-
натын тартып, арып-ашып қонақүйге жеткен кезімізде орын болмай сеңдей 
соғылысатын сәттер талай рет бастан өтті. Сондайда Шәкен аға жанындағы 
серіктестерін орналастырып алмайынша, жарғақ құлағы жастыққа тимей зыр 
жүгіретін. Еш уақытта да қара басының қамын ойламайтын. 
Кино түсіру кезінде көптеген қиындықтарды басынан кешіруге тура 
келетіні белгілі. Әсіресе, шыжыған аптап ыстықта, таңдайың кеуіп, құйқаң 
құрысып тұрғанда, Шәкен ағаның әзіл-қалжыңы демде сергітіп жіберетін. 
Бос уақытымыздың көбі аққу мойын домбырасын баяу ойнатып, қос ішектің 
күмбірлеген үніне қосыла әндеткен Шәкен ағаның жанында өтетін. Бір әңгіменің 
тетігін ағытса, теңіздей толқып тебіреніп, өзге жұртты да еріксіз ұйытып алатын. 
Шәкен Айманов кино әлеміне тосыннан дүбірлетіп, атой салып оята келді, 
ұлттық киноның даму-өрлеу үдерісін тездетті. Қазіргі жас режиссерлердің 
Шәкен ағадан алатын тағылымы мол-ақ! Тек ұлы суреткердің өмір жолына, 
шығармашылық соқпақтарына жіті назар аударса болды. 
 
«Қазақ әдебиеті» газеті, № 10, 11.03.1994
 
Әбділда ТӘЖІБАЕВ, 
Әбділда ТӘЖІБАЕВ, 
Қазақстан халық жазушысы
¦ìûòûëìàñ òàëàíò 
Á
іздің ұлттық өнеріміз гүлдене бастаған сонау отызыншы жылдар-
да мұрат-мүддесі бір адамдар бір-бірімізді іш тартып, аса жақын 
сезінуші едік. Сондай адамның бірі — Шәкен Айманов еді. Шәкен менен кіші 
болғандықтан да мен оны інімдей көруші едім. Ол өзінің жарқын мінезімен, 
қарапайымдылығымен, оған қоса актерлік зор талантымен қадірлі еді. Міне, 

130
Òîïæàðªàí
131
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
Шәкенді мен күні бүгінге шейін көз алдыма сол қалпында елестетемін. Ол 
кейінгі жылдарда кино өнері саласында көбірек еңбектенсе де, оның, әсіресе, 
театр саласындағы жемісті жылдары менің жадымнан мықтап орын алған. 
Шәкенге байланысты екі оқиға әсіресе ойымнан шықпайды. 
Аяулы Мұхаң өзі аударған пьесаларын үнемі дос-жарандарының сарабына 
салатын. Оған ақын-жазушыларымен қоса әртістер, режиссерлер де қатысатын. 
Бірде оның ғажайып тәржімесі «Ревизордың» талқылауына қатыстым. Пье-
са бастан-аяқ оқылып бітісімен, Шәкеннің «Мен болам Хлестаков» деп ұшып 
тұрған сәті көз алдымда. Сол шақта Мұхтар қарсылық білдіріп, Гогольдің өзі 
Хлестаковты жұқалтаң, жүдеу өңді адамның ойнауын қалағандығын айта келе: 
«Меніңше, бұл рөлге Камал лайық, ал сен, Шәкен, ер екенсің» деді. Айтқандай-
ақ, Хлестаков Камал Қармысовтың орындауында құлпырып кетті. Көп ұзамай 
Мұхаң Шекспирдің «Асауға — тұсауын» аударып, әлгіндей бір жиында өзі 
оқыды. Мен оны сүйсіне тыңдап отырып, бұны Шәкен қалай қабылдар екен 
деген сезімде едім. Әлден уақытта пьеса оқылып бітті де, Әуезов: «Шәкен, 
бұл жолы пьеса сенікі» деп еді, Шәкен қуанғанынан қызарып кетті. Сол 
«Асауға — тұсауда» басты рөлде ойнаған Шәкеннің бақытты кейпі күні бүгінге 
дейін көз алдымда. Бұл жайлы Николай Погодин: «Айманов пен Бөкееваның 
МХАТ юбилейіндегі ойынына қарағанда сіздердің театрларыңыз дүние-
жүзіндегі еш театрдан қалыспайтындай екен», — деп еді. 
Шәкеннің «Ақан Сері — Ақтоқты» спектаклінде Ақан рөлін құлпырта 
орындаған кездерін ешқашан да ұмытпақ емеспін. Біз сахнадан шебер 
сомдалған образды көріп, пәк махаббаттың куәсі болдық. Оның киноөнері 
саласына ауысуы театр үшін де, өзі үшін де біраз өкініш тудырғандай еді. 
Өйткені оның талант қыры, әсіресе, театр сахнасында барынша жарқырап 
көрініп еді. Мен бір кезде оған: «Сенің театрдан кетуіңе байланысты кейбір 
адамдар сахналық жетістіктерінен айырылып қалды», — деп өз кейістігімді де 
білдіргем. Дегенмен, ол киноөнері саласында да қыруар іс тындырды. Әсіресе, 
сценарийін Николай Погодин екеуіміз жазған «Жамбыл» фильмінде ұлы 
ақынның бейнесін асқан шеберлікпен орындады. Оның тума талантына дән 
риза болдық. Ол осы рөл арқылы өзінің кинодағы актерлік талантын мәңгілік 
еткендей, әсіресе, фильмнің мына бір тұсы тебіреніске толы. Жамбыл ән салған 
солдатты домбырамен сүйемелдеу үстінде. От құшағындағы ауыл. Адамдар 
ерекше бақылауда, осы кезде Жамбыл көтеріліске шыққан халықтың мұңын 
шағып 16-жыл жайлы өлең айтады. Міне, осы жерде Шәкен ақын образының 
жаңа бір қырын ашып береді. 
Ол өмірден тым ерте кетті. Бергенінен берері көп талант иесі арамызда 
жүрсе, ұлттық өнерімізде әлі де қыруар іс тындырар еді. Ол — тарих, халық, 
уақыт тудырған ерен талант. 
Егер Әуезов пен Мүсіреповті біз әдебиетіміз бен театрымыз тарихын-
да шығармашылығының орны өзгеше, дара тұрған қаламгерлер деп білсек, 
Шәкенді де қазақ өнерінің дамуына сондай қажет тұлға еді деп танимыз. 
Шәкен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланып, халықпен 
қарым-қатынаста, тығыз байланыста болды. Халық алдында шығармашылық 
есеп берді. Біз бүгін оның талантты ізбасарларын көріп, ол ойнаған кино-
ларда оның бастамасымен салынған Алматы кино үйінде Шәкенмен сәт са-
йын дидарласқандай боламыз. Оның қажымас, табысқа деген сенімді, өмірге 
құштар жарқын бейнесі халық жүрегінде сақтаулы. 
 «Қазақ әдебиеті» газеті, № 50, 13.12.1974
Мүлік СҮРТІБАЕВ,
Мүлік СҮРТІБАЕВ,
Қазақстан халық әртісі,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  иегері
¼±çàð øû¬
ˆ
мірдегі, өнердегі тәжірибемнен түйгенім — ұлттық өнеріміздің 
сом алтындай тұлғалары халықтың қайнаған ортасынан шыға оты-
рып, ғасырлар бойы жинақталған рухани болмысымызды қаймағын 
бұзбай, кейінгі ұрпаққа жеткізе біліпті. Мен осындай дарындардың, сах-
на өнеріміздің алтын ғасырын, Елағаң, Қалибек, Қанабек, Серағаң, Шәкен 
Аймановтың өнегесін көріп, өкшелес болып өскеніме қуаныштымын. 
Бұл аса талантты топтың ішінде мен үшін Шәкеннің орны ерекше. Мен асыл 
ағаны, ең алдымен, актерлік талантын бөле-жара айтар едім. Бұл орайда актер 
Шәкеннің, мысал үшін, екі рөлін тілге тиек етуге болады. Ол рөлдер — Ақан және 
Петруччио. Жасырары жоқ, кейде небір шебер сахнагерлердің ойынын көре оты-
рып, «әттең, рөлдің мына бір жерін жөндесе» деп ойлайтының бар. Шәкеннің та-
лант даралығы сондай — бейнені еш мүлтіксіз сомдайтын, кейіпкерінің бүкіл қыр-
сырын жеріне жеткізе ашатын. Бұл рөлдерді қазақ сахнасында қаншама актер 
орындаса да, Шәкен — Ақан, Шәкен — Петруччио жүректен кетпейді. Өнерімен 
қазақ өнерін өрге бастырған Шәкен — құзар шың сияқты елестейді маған. 
Әйкен екеуіміз (Әйкен Мұсабекова, Қазақстан Республикасының халық 
әртісі. — 
Ред.
) Қарағанды театрында еңбек етіп жүргенде «шіркін, Шәкенмен 
сахнада бірге ойнасақ» деп армандайтынбыз. Ол арманымызға жеттік те. 
Шәкен республика Жоғарғы Кеңесіне Қарағандыдан депутаттыққа кандидат 

132
Òîïæàðªàí
133
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
болып ұсынылып, Күләш Байсейітова екеуі Қарағандыға келді. Сол жолы бір 
айдай уақыт біздің үйде болды. Әйкен екеуіміздің де, театр актерлерінің де 
қуанышында шек жоқ. Шәкен театрда «Абайды» қойды. «Қозы Көрпеш — Баян 
Сұлу» спектаклінде Қодар бейнесін орындау үшін де көп дайындық жасады. 
Әйкен — Баян, мен Қозы рөліндеміз. Қодар дәстүрлі танымда жағымсыз, қара 
бояу аяусыз жағылатын бейне еді ғой. Ал Шәкен Қодарды жағымды-жағымсыз 
деген анықтамалардан биікке көтерді, адам ретіндегі күйініш-сүйінішін 
тереңнен ашты. Қодардың Баянды ерекше сүйетінін, оны көргенде сары май-
дай еріп сала беретінін, Қозы мен Баянды бірге көргендегі көзін тұмандатар 
алапат қызғанышын қалай бейнеледі десеңізші! Ал Шәкен — Қодар 
монологының күш-қуаты қандай! Актерлер де, көрермен де Шәкеннің бейне 
шешіміне таң қалдық. Актерлік шеберлік, парасат дегенің осы болса керек. 
Шәкеннің адамгершілік қасиеті жеке әңгіме арқауы. Біздің үйде бір ай бо-
лып, әңгіме-дүкен құрған, пікірлескен кез біз үшін бір үлкен мектеп. Оның 
тамақ ішудегі, отырыстардағы бекзаттығын, керемет қарапайымдылығын, 
көпшілдігін, адамды үйіріп алар тартымдылығын да сол жолы терең таныдық. 
Менің сол кездегі үш жасар балам Бақашқа дейін Шәкенді өте жақсы көретін. 
Шәкен кеткен соң көпке дейін үй ішімізбен бір асыл туысқанымыз кетіп, үйіміз 
ойсырап қалғандай күйде жүрдік. 
Асыл ағамен бірнеше кинофестивальға бірге бардым. Сол сапарларда 
да оның керемет қасиетін сездім. Қай республикаға барсақ та, біздің деле-
гацияны құшақ жайып, құрақ ұшып қарсы алатын. Қандай ортада да Шәкен 
жан жылылығы, астарлы сөз, тамаша әзілмен баурап, дүйім жұртты аузына 
қаратушы еді. Ал біздер мақтаныш сезіміне бөленетінбіз. 
Өнер адамдары сезімтал, сан түрлі мінез иелері бар. Кейде өзара 
шығармашылық бәсеке, қызғаныш деген де болады. Шәкеннің бір керемет 
қасиеті — кеңдігінде еді. «Алдар Көсе» фильмі түсірілер қарсаңында мені Алдар 
рөліне кинобайқауға шақырды. Оның алдында «Қыз бен жігіт» фильміне түскен-
мін. Киностудиядағылардың барлығы жақсы таниды. «Байқаудан өттің» дескен. 
Бір күні киностудияға барсам — Шәкен шашын тақырлап алдырып тастаған, Ал-
дар рөліне дайындалып жүр екен. Мен ренжідім де, кетіп қалдым. Шәкенге көпке 
дейін өкпелеп, анадайдан көре қалсам, бұрылып кетіп жүрдім. Бір күні көшеде 
мені көріп қалған Шәкен дауыстап тоқтатты: «Жас-ау, неге өкпелеп жүрсің? Мен 
де актер емеспін бе? Саған керемет рөлдер болады әлі. Мен «Абайды» қоямын. 
Рөл көкесін сонда көресің. Өкпелеме», — деді. «Шын екен-ау, Шәкеннің сөзі» деп 
ойладым мен сонда. Содан соң-ақ арқа-жарқа қайта араласып кеттік. 
Шәкен киноға кетсе де, театрдан қол үзген емес. Өз фильмдерінде театрдағы 
үлкен ағаларын, талантты әріптестерін рөлге түсіретін. Мысалы, «Біздің сүйікті 
дәрігерде» қандай жұлдыздар бас қосқан десеңізші! Кейінгі жас ұрпақ ре-
жиссерлер Шәкеннің осы бір қасиетін неге тағылым етпейді екен деген ойға 
қаламын. Жас режиссерлер кәсіби емес адамдарды түсіруге құмар. Ал кино 
дегеніңіз бір жағынан ұзаққа кететін тарих қой. 
Жуырда ғана Шәкеннің 80 жылдығы өз елінде кең көлемде аталып өтті. Об-
лыс орталығы Павлодарда, туған ауылы Баянауылында күніне үш-төрт рет кез-
десулер өткіздік. Шәкен өнерін қадірлеген халық ағылып келіп жатты. Облыс 
басшылығы да үлкен жұмыс атқарды. Марат Мұсабекұлы Әбдірахманов, Алтын 
қызым, Валентина Ивановна сияқты азаматтарға риза болдық. Мен ойладым — 
өнерді сыйлайтын, түсінетін азамат жақсы басшы да бола біледі екен-ау. 
Шәкеннің інісі, Кенжетай шаңырағының түтінін тік көтеріп келе жатқан 
Кәукеннің арамызда болғанына, ағасының тойын халықпен бірге тойлайты-
нына қатты қуандым. Кәукеннің өзі де өнеріміздің үлкен тұлғасы ғой. Елінде 
Шәкенге көрсетілген құрмет — өнерге көрсетілген құрмет деп қабылдадым 
өз басым. Ол солай болуы тиіс те. Өйткені Шәкен, Шәкен сынды тұлғалар — 
халықты танытатын тұлғалар. 
 «Қазақ әдебиеті» газеті, № 10, 11.03.1994
Асқар ТОҚПАНОВ, 
Асқар ТОҚПАНОВ, 
Қазақстан халық әртісі
 
Á³ð ˜ç³ á¯ò³í òåàòð æ¯ã³í àð«àëàäû 
Ø
әкен Кенжетайұлы — менің құрдасым. Диплом жұмысым Шәкен, 
сондағы Керімнің рөлін ойнаған Леонид Соболев пен Мұхтар 
Әуезовтың «Абай» трагедиясын қою болды. Керімді ол жоғары деңгейде, 
әрі күрделі, әрі нәзік, драматургиялық жағынан өте сенімді орындап шықты. 
Шәкеннің әр сөзіне, әрбір ым-ишаратына иланбау мүмкін емес еді. 
Шығармашылық жолындағы екінші ұшырасуымыз 30-жылдардағы қазақ зиялы-
лары өміріне арналған Ш. Хұсайыновтың «Марабай» спектаклін коюға байланыс-
ты болды. Шәкен ірі лингвист — Марабайдың образын сомдады. Үшінші кездесу 
Шәкен Чарльз Бреттаны ойнаған «Терең тамырлар» спектакліне сай келді. Чарльз 
Бреттада ол кейіпкер кейпіне енудің таңғажайып үлгісін танытып, әсерленуді ұшар 
биігіне жеткізді. Шәкен Кенжетайұлының осы рөлді ойнағанын көрген Юрий Алек-
сандрович Завадский мен Павел Кадочниковтың көңілдері босап, үлкен табысымен 
құттықтауға келгенде, тебіреністі үнмен: «Шәкен, сіз өз мүмкіндігіңізден де асып 
түстіңіз», — десті. 

134
Òîïæàðªàí
135
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
Шәкен Кенжетайұлы Қазақстанның театр әлемінде ғана емес, сондай-ақ 
кинематографиясында да зор тұлға еді. Оның қойған дүниелерінің шарапаты-
мен актерлеріміз Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Хадиша Бөкееваға 
Мемлекеттік сыйлық берілді. 
Шәкен жан-жақты, әмбебап адам еді. Күйлерді, халық әндерін керемет орын-
дайтын. Ол ән салған кезде сілтідей тынып, ынтыға құлақ тосатынбыз. Ол адамды 
сиқырлап, өзіне табындыра білетін актер дарынын иеленді. Жалғыз өзі бүтін бір 
театрға татитын, бүтін театр жүгін арқалай алатын. Кез келген ортада асаба, дирижер 
бола кететін және оған жұртшылық та ынтамен бағынатын. Оның тапқырлығы мен 
жарқын ақыл-ойына үзеңгілестеріне, біздер тәнті едік. 
 
Шәкен Айманов: Фотоальбом. Алматы: Өнер, 2004
Әмина ӨМІРЗАҚОВА,
Әмина ӨМІРЗАҚОВА,
Қазақстан халық әртісі,
  Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  иегері
ѱ¬¾ûëà åä³
Ì
.О. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына мен Шәкен 
Кенжетайұлы бірқатар рөлдерді керемет ойнап, сахна шебері, сөз 
шебері болып қалыптасқан, ол туралы жартылай аңыз әңгімелер айтылып 
жүрген кезде келдім. Маған Шәкеннің өзі ойнаған «Мылтықты адам» пье-
сасында Щадриннің зайыбының рөлін ойнайтын Қазақ КСР-інің халық әртісі 
Р. Қойшыбаеваның ұяң дублершасына бәрі де қорқынышты еді. Репетицияға 
құдды есім кіресілі-шығасылы кісідей, әйтеуір сүлдемді сүйретіп келгенмін. 
Алайда Шәкен актерлік қызуқандылығымен, ашықтығымен бірден баурап 
әкетті де мен, өз бойымдағы қысылып-қымтырылу сезімінің қайда кеткенін 
білмей де қалдым. Партнерімнің маған деген сенімі қанат бітіріп, кібіртік, 
күмілжуден бірден арылдым. Дәл жасалған образдық шешімнен, дәл табылған 
қарым-қатынас, жағдайды оқудан оның көздері оттай жанатын. 
Кейінірек, басты рөлінде өзім ойнаған режиссер А. Карповтың «Ана ту-
ралы аңыз» картинасынан кейін кездескенімізде Шәкен әзілдей тұрып, мен 
үшін комедиялық рөл жазылып жатқанын айтты. Содан кейін ешқандай ойын-
қалжыңсыз «Тақиялы періште» сценарийімен танысып шығуды ұсынды. Бұл мені 
қуантты, әрі қобалжытты, өйткені комедиялық рөлде ойнап көрмеп едім. Шәкен 
көңілімді демеп, «сен сан алуан типаждар жасауға жаралғансың», — деп күлді. 
Шәкенмен режиссер ретінде бірге жұмыс жүргізу де қызық екен. Түсіру 
алаңындағы тып-тыныш ахуал мені таңқалдырды. Шу да жоқ, қарбалас жүгіріс 
те жоқ. Бәрі де оның ым қағысынан, бірер ауыз сөзінен қажет нәрсені түсіне 
қояды. Ол өз ойын актерге өте жеңіл жеткізе білетін. Бесенеден белгілі жайт, 
әрбір актер өз сүйікті образын жасауды арман етеді ғой. Бір таң қаларлығы, 
біздің жағдайымыз нешік, нені армандап жүрміз, — Шәкен бәрін де 
сұңғылалықпен білетін, жанымызды терең танып үлгеретін. Оның аралас-
құраластыққа бейімдігі мен қарапайымдылығы бізді бірден тартып әкететін. 
Ауа райының бұзылуына немесе түсіруге кедергі келтіретін басқа да себептер-
ге бола оның ашуланғанын көрмеппіз. Қайта, қалжыңдап, төңірегіне бізді жи-
нап алып, домбыра тартып, әнмен сүйемелдей отырып, халық аңыздарынан 
сыр шертетін. Ол көпірме қызыл сөзден ада, тамаша әңгімешіл кісі болатын. 
Шәкенмен бірге кинофестивальдарга жиі бардым. Біз қайда болсақ та, 
барлық оқиғаның дәл ортасынан табыла білетін оның айналасында өмір қыз-
қыз қайнап жататын. Соның арқасында қазақ делегациясы кино корифей-
лерімен тығыз байланысты болып, бұл біздің шығармашылық жұмысымызға 
деген сенімімізді арттыра түсетін. 
Шәкен Айманов: Фотоальбом. Алматы: Өнер, 2004
Марк БЕРКОВИЧ, 
Марк БЕРКОВИЧ, 
кинооператор, 
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Äîñ æ¯ðåã³
(Күнделік, естелік, эссе)
(Күнделік, естелік, эссе)
 
À
дамның дидары мен даланың дидарында қандай ұқсастық бар! Екеуіне 
де күннің тік түскені жақпайды-ақ. Тал түсте, шақырайған тас төбеге шығып 
алған кезде, дала тап бір шелпектей жалпайып, ал адамның бет-жүзі жайылып 
кетеді (операторлық қағидалардың бірі). Осыны ойлай келіп, түс әлетінде дема-
лыс жариялайтынбыз да, болашақ картинаны тек таңертеңгілікте және кешке ғана 
түсіретінбіз. Мұның өзі оп-оңай бола қоймайтын. Түсіру тобымен түгел тіресуге тура 
келеді: жүргізушілер де, жарық берушілер де, актерлер де, тіпті, қоюшы-режиссер 
де қарсыласып бағады. Әйтсе де мен табандап тұрып алатынмын. 
Сол жолы, таңғы алагеуімде «Найзатас баурайында» фильмін ашық далада 
түсіруге аттанған бір топ қашандағыдай Жасыбай көлін жағалай жүріп, асхана 

136
Òîïæàðªàí
137
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
жаққа ілбіп келе жатқан-ды. Ұйқысы қанбаған кісілердің мені іштей сыбап келе 
жатуы да мүмкін. Оқасы жоқ. Асхана дегеніңіз таяқ тастам жерде, ал мына таңның 
таңғажайып сұлулығын пленкаға түсіріп қалуға мүмкіндік ылғи бола бермеуі де 
мүмкін. Көлді қоршап тұрған шың-құздың ұшар басынан таңның қызғылт шапағы 
төгіледі, ал көлдің айдынында бір шөкім бозғылт тұман жүзіп жүр; айнадай 
жарқыраған су бетінен ауық-ауық сүйір толқын көрініп қалады да, сол сәтте биікке 
шоршыған балықтардың аппақ бауыры жарқ ете түседі. Әлгілер суға қайтадан 
шолп еткен кезде, сол тұстан талайға дейін тармақ-тармақ шеңбер тарап жатады. 
Асханаға бара жатқанда әудем жерден-ақ кіре берісте жиналып тұрған 
кісілерге көзім түсті. Бір қызық болғаны күмәнсіз. Топқа кимелей кіріп, жақын 
келгенде көргенім мынау еді. Есікте абажадай қара құлып ілулі тұр; онымен 
де қоймай, сыртынан айқыш-ұйқыш тақтай қағып тастапты. Қабырғадағы 
келістіріп-ақ жазған хабарландыру бірден көзге түседі: «КСРО халық әртісі 
Евгений Диордиевтің келуіне және қолда бар азық-түлік қорын түгелдей сол 
кісіні тамақтандыруға жұмсаудың қажеттігіне байланысты Майқайың ал-
тын кенішіндегі жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің асханасы кино түсіру 
тобының өзге мүшелері үшін жабылатын болады. Әкімшілік». 
— Аймановтың-ақ қалжыңы қалмайды. — Диордиевтің дауысы қолмен 
қойғандай ап-анық сенімді шықты. — Бір мезгіл басқаға ауыз салса қайтеді екен. 
Жалт бұрылған жұртшылық асханаға келіп тұрған екі досты көрді. 
— Әзіл ғой, бауырым! Түсінікті-ақ емес пе! — Шәкен дауысына мұң қоса 
сөйледі. — Сүйген жүректен айтылған әзіл ешкімді де ренжіте алмақ емес!
Сөйтті де Диордиевті қолынан жетелеп алды, бүкіл тобымызбен соңынан 
ағыла жөнелдік. Шәкен бастап келеді. Тап бір помещик усадьбасындағы ұлан-
асыр тойды қыздырып, биді бастап бергелі тұрғандай. Ал асханада бізді күндегі 
ботқаның орнына, кем дегенде бір қойдың еті тұтас қойылған таңғы ас тосып 
тұр екен: үлкен-үлкен табақшаларға Диордиев ерекше ұнататын бал қосылған 
шелпектер толтырылыпты. Мұның бәрін Аймановтың шығарып жүргеніне 
ешкімнің де күмәні жоқ еді. 
Таңертеңгі астың ұзаққа созылатынын аңдаған соң, мен қарын қамын 
ойлаған мына жұртты кино түсіруге қуып шыққандай болдым. Оператордың 
бұлайша билеп-төстеуінің мәнісі мынау: екі-үш сағат кино түсіргеннен кейін, 
кешке дейін үзіліс жарияланады, күннің нағыз қызған шағында балық 
аулайсың ба, ұйқыны соғасың ба, суға түсесің бе — өз еркіңде. Осыдан екі күн 
бұрын бастаған бір эпизодты жалғастырған біз сол күні таңертең өте қолайлы 
жағдайда бірнеше тамаша көріністі түсіріп алдық. Ал күн арқан бойы көтеріліп, 
адамдардың бет-жүзіне көлеңке түсе бастаған кезде топты таратуға рұқсат 
беріп, өзіміз Аймановтың көл шетіндегі үйшігіне беттедік. Мұндағы жуан сама-
уыр бүйірі қызып алып, бүлкілдеп-ақ тұр екен. Бір тамашасы — кино түсіретін 
жеріміз бен демалатын жеріміздің арасы тиіп тұр. 
Жапсырма дәліздегі сол сәттер жан рақатына толы еді ғой, шіркін! Бүлк-бүлк 
еткен самауырдың жанға жайлы дыбысын сұхбаттасушылардың әңгімесі ғана 
бөліп қояды ауық-ауық. 
— Менің жеделхат салғаныма таңданған жоқсың ба? — дейді Айманов да-
уысын соза түсіп. 
— Әрине, таңқалдым, — дейді Диордиев бас изеп қойып. — Бұл фильмде 
мен істейтін ештеңе жоқ деп әуелде-ақ шешіп қойып едік қой. 
— Келгенің жақсы болды, рақмет, — дейді Шәкен жан-тәнімен. — Маған 
сондай қажетсің қазір. 
— Тамақ біткеннің бәрін менің аузыма салуға бекінгендеріңе қарап, өзім де 
солай деп ойлаған едім. 
— Ой, қойшы! — Шәкен қабағын кіржитті. — Өкпелеп-ақ қалғансың ба!
— Тап бір ақымаққа ұқсаймын ба, соншама? — Жауап тез-ақ қайтарылды. 
Тағы да үнсіздік. Әңгіме арнасын басқа жаққа аудару үшін, сәл де болса 
уақыт керек еді. 
— Фильмге жаңа кейіпкер қосуға бекіндім, — деп бастады сөзін Шә-
кен. — Менің кейіпкерімнің — ұжымшар төрағасының бір балықшы досы бо-
лады... 
— Сондай кісі бар ма еді! — деп таңдана сұрады Диордиев. 
— Болмаса, енді болады. — Шәкен шорт кесті. — Сол балықшы қарт менің 
Бейсембайыммен көп жылдан бері дос. Соғыстан бері ме, одан бұрын ба, 
әйтеуір, көптен. Тура мына сен екеуіміз сияқты. Бірі үшін екіншісі, былайша 
айтқанда, өзінің бір бөлшегіндей — ар-ожданы, пікір таластырушысы, тіпті, 
әділқазысы да, үкім шығарушысы да сол. Олар бір-біріне ең бір жүрекжарды 
сырларын ақтарысады, күдік-күмәнін айтысады. Тағдырдың бар мұңы мен 
қуанышын бөліседі екеуі. Ең бір қиналған кездерінде бір-бірімен әңгімелессе — 
дұрыс шешім табуға көмектеседі, күш-қуат қосады. 
— Осындай адал досқа ақыл сұрап қана келмей, сонымен таласа жүріп, 
өзінің ойының дұрыстығына көз жеткізу үшін де келеді. — Диордиев қыз-
балана іліп алып кетті. 
— Дұрыс айтасың! — дейді Шәкен де жайнай түсіп. — Осы жұмыс сені 
қызықтырарын білгенмін! Мұнда кәдуілгі әңгіменің өзіне терең астар беру ке-
рек болады. 
— Мәтін дайын ба еді? — деп шыдамсыздана сұрады Диордиев. 
— Алғашқы нұсқалары бар, — Шәкен иығын селқос қозғап қойды. 
— Тіпті сөзі нашар болса да, онда тұрған ештеңе жоқ. Бар мәселе мәтіннің 
астарында жату керек!
— Соқпа, достым, кінәңді кешірткің келеді екен! — деп жайыла күлді Евге-
ний Яковлевич. — Сөздің астары тереңдей түсуі үшін, сол мәтіннің өзі әдеби 

138
Òîïæàðªàí
139
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
тұрғыда мінсіз шығуы шарт. Мінсіз, таза, асыл сөз ғана мәтіндегі ойдың аста-
рын аспандатып жібере алады. Ақыл айтып кетсем, айып көрме. 
— Ақылдың артығы болмайды! — деп күлді Шәкен. — Өзім де күмәннан 
арылмай жүрген едім. Кім біліпті, осынымыздан, бәлкім, ештеңе шықпас та! Мүмкін 
жеңіліске де ұшырармыз. Бірақ қайдағы-жайдағының құрбаны болып кете барған-
ша, биік мақсат жолындағы ақтық сайыста көз жұмғанды жөн көремін өз басым. 
— Жеделхатты алған кезде-ақ қиналып жүргеніңді сезген едім. Шақырғаның 
сондай жақсы болды. 
... Евгений Яковлевич Диордиев 1912 жылы туған. Одесса театр училищесінде 
білім алған. 1946 жылы Алматыдағы орыс драма театрына қабылданған. «Ле-
нинград проспектісінен» Шекспирдің «Король Лиріне» дейін талай-талай рөлде 
ойнаған. Режиссер ретінде де бірнеше спектакль қойған. Кинода «Біздің сүйікті 
дәрігерде» Филькиннің, «Бір ауданда» фильмінде Крыловтың, «Найзатас баурай-
ында» фильмінде балықшының бейнесін және басқа рөлдерді табысты орында-
ды. КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Республика 
Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ленин орденімен наградталған... 
Дастарқан басында төртеу едік. Диордиев, Айманов және... мен елесіммен 
екеуіміз... Менің өзім — «Найзатас баурайында» фильміндегі сол кездегі 
қоюшы-оператор, қазіргіден жас болатынмын. Менің елесім — ширек ғасырдан 
кейін қазір осы жолдарды жазып отырған тағы да мына өзім. Ой-қиялыма 
ерік беріп, әңгімелеп отырған үш адамыма қажет жерінде қосыла кетемін де, 
солардың әңгіме-сұхбатын тыңдап, ой-армандарын ұғуға тырысамын. Қазір 
ғой, менің жасым олардың екеуінен де асып түсіп отыр!
Бір жағынан, осыдан ширек ғасыр бұрын да оларды байқатпай бақылауға 
мүмкіндігім бар еді — камераны айтамын да! Камераның алдында осынау екі 
талантты әртіс бір-біріне қалайша қосарлана кетуші еді десеңізші! Мүмкін мұны 
қосарлану деу дұрыс та болмас! Тегі, бұл қарсыласу болар! Кереғар келу — 
олардың шығармашылық ынтымағының өзегі еді. Әрқайсысы әріптесінің не-
мен қаруланғанын білетін де... бір-біріне қарсы адымдайтын. Бірі «бұлай» 
десе, екіншісі «жоқ, олай емес, бұлай» дейтін. 
Мәскеу консерваториясында бір күлкілі жай болғаны бар. Студенттердің 
сынақ концертінде конферансье қағазға қарап тұрып-ақ: «Қазір студентка 
Леонтьева трионың жағаласуымен Бетховеннің «“Шотланд әндерін” орын-
дайды...» — деп салғаны. Көне залдың қабырғалары күлкіден қақырап кете 
жаздады. «Жәрдемдесуімен», «сүйемелдеуімен» дегеннің орнына жаңылыс 
айтылған сөз екені белгілі бола тұрса да, сол жаңсақтықтың ойламаған жерден 
мағыналы шыққанына күлген еді жиналған жұрт. 
Мұны еске алып отырған себебім мынау — Диордиев пен Айманов қай кез-
де де «қапталдаса қақтығысып» өмір сүретін, достасатын және солай іс-қимыл 
жасайтын. Экранда да солай етуші еді. 
Крылов пен Баяновты алайықшы. Бірі — Орталық Комитеттің, бірі — аудандық 
комитеттің хатшысы. Ұстанған позициялары өмірлік мәні бар көптеген мәселеге 
кереғар келіп жататын, әрі дос, әрі қарсылас осы адамдардың тартысы соңғы кадрға 
дейін бір сәтке толас таппайды. Шығармадағы өндірістік қақтығыстың көңілге қона 
бермейтініне қарамастан, осынау кейіпкерлердің адамгершілік тұрғыдан бетпе-бет 
келуі «Бір ауданда» фильмінің сюжетін тастай қатырып ұстап тұр. 
Диордиев айтыс десе қызып кететінін «Біздің сүйікті дәрігер» фильміндегі 
басты рөлдердің бірін орындау кезінде де көрсеткен болатын. Әуелде бұл рөл 
сценарий авторы Яков Зискиндтің кеңесі бойынша ленинградттық күлдіргі актер 
Сергей Филиповқа ұсынылған-ды. Сөз бар ма, Филипов бұл рөлге қатып-ақ кетер 
еді, алайда оған жіберілген сценарий Ленинградтан қайта оралды. «Карнавал 
түні» фильмінің улы-шулы табысынан кейін дүрілдеп тұрған актердің әлі ешкімге 
белгісіз Аймановпен бірге істес болып, тәуекелге бел байлап жатқысы келмегені 
байқалды. Әрине, ол бас тарту себебін: уақыты жоқтығымен, денсаулық 
жағдайымен байланыстырып-ақ түсіндіріп баққан, дегенмен, Аймановтың бір 
соққы алғаны анық еді. Бір жақсысы, мұны Диордиев білмейтін. 
— Түсінбейсің ғой мені! — деген-ді ол маған бір жолы. — Осы рөлге түсіп, 
байқауға шақырылғаным қандай шамыма тигенін білу үшін өзің актер болуың 
шарт. Байқау дегенің бір азап қой! Актер бола жүріп қайта емтихан тапсырғандай 
нәрсе! Бас тартқым-ақ келеді, дегенмен, бар күмән-күдігімді былай жиып қойып, 
неге келісім берген себебімді білесің бе? Өйткені бір жолы Шәкен күрсіне отырып, 
қиналып жүргенін айтқан болатын. Сонан кейін ғой, жын соққандай аласұрып, 
ерегісіп ойнағаным сол рөлді. Кей тұста асыра сілтеп жібергенім де сонан. 
...Қатал мінезді ұжымшар төрағасы Бейсембай мен Врубель салған Пан бей-
несіне ұқсап кететін балықшы қарт... Бейсембай өзінің қимас досымен алыс-
жақындағы оқиғаларды, жүрекжарды ойлары мен жанын жеген күмәнді 
тұстарын қандайлық сыр ақтара бөліседі десеңізші! Өмірдің өзінен өрілген 
табиғи даналығына қандай ден қояды десеңізші! Достық қарым-қатынастағы 
қақтығыстар дүниеге әкелген «Найзатас баурайында» фильміндегі әуелде 
белгіленбеген осы бейнені. Диордиевті шақыртқан жеделхаттың Алматыға 
шұғыл жөнелтілгені де сондықтан еді. Айманов үшін ондай шешімге келу онша 
қиынға түскен жоқ; әдеби дарынымен жарқырай қоймаса да, сол фильмге сце-
нарий авторларының бірі де, қоюшы-режиссер де өзі болатын. Астарлы мәтін 
туралы ойдың келіп жүргені де сондықтан. Екі достың риясыз, бүкпесіз әңгімеле-
суі — артқан үмітті ақтап, фильм мазмұнын байыта түскенін атап айту жөн. 
Балықшы қатысатын көріністі түсіріп болған соң Диордиев Алматыға қайта 
ұшып кетті. Шәкен екі жұмадай түнеріңкіреп жүрді де, кенет, түрленіп шыға 
келді. Пошта жәшігін тауып алыпты. Қатып қалған бір бөлкені соған салып, 
ортасын ойды да, әбден қарайып кеткен бір шірік жұмыртқаны салды соған. 
Иісі қолқа қабады. Шәкен тыжырынып қойды да:

140
Òîïæàðªàí
141
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
— Тәні саудың — жаны сау! — деді баппен сөйлеп. 
Сөйтті де, қоса жолдайтын қағазды көрсетті: «КСРО халық әртісі Евгений Ди-
ордиевке. Сіз Баянауылға келіп кеткеннен қалған азық-түлікті өзіңізге жолдай-
мыз. Қабыл алуыңызды өтінеміз. Әкімшілік». 
— Шыныңды айтшы, — деймін мен. 
— Қалай айтсам екен! — дейді Шәкен күле сөйлеп. — Асқа тәбеті шаппай-
тындардан емес, әйтеуір. 
— Ол сондайлық күнә ма екен!
— Сөз бар ма! Қазақтар бір қазан етті бір-ақ жейтіндерді дәріптеп те қойған. 
Еркек тоя ішіп, тыңқиып жүруі керек. 
— Онда келеке етіп нең бар! Қалжыңың кісі өлтіре қоймас, дегенмен 
адамның жанын жейтіні анық. Өйте берсең досыңнан айырылып қаларсың. 
Шыдамын тауысып аламын деп қорықпайсың ба? Бір күні шарт кетсе.... 
— Шарт кетпейді, ешқашан! — дейді Шәкен сарт еткізіп. — Екеуіміздің арамыз 
салқындауы мүмкін емес. Өйткені мен оны жақсы көремін, ал ол мұны біледі!
«Жаңа фильм» жорналы, № 8. 1987
* * *
Ø©êåí Àéìàíîâòû¬ ìåðåéòîéûíà
À
қпан айының аяғында Қазақстан кинематографистері әдебиет және 
мәдениет өкілдерімен бірлесе отырып КСРО халық әртісі, республи-
ка Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аса көрнекті кинорежиссер Шәкен 
Аймановтың туғанына 60 жыл толуын атап өтеді. Кинооператор Марк Бер-
кович қатарынан он бес жыл Шәкен Аймановпен бірге қызмет атқарды. Ол 
марқұмның өмір жолы туралы естелік жазып, аяқтап қалды. Төменде біз 
болашақ кітаптан шағын үзінді беріп отырмыз. 
... Міне, біз драматург Мұхамедқали Хасенов екеуіміз Шәкен жөнінде 
жасалмақ фильмнің сценарийін жазып жатырмыз. Осы жөнінде күнде жүз-
десіп, он ойланып, тоқсан толғанамыз... Иә, Шәкен әрқашанда бізбен бірге. 
Келешек фильм жөнінде кеңесіміз біткеннен кейін, мен өзімнің мемуарлық 
очерктерімді қолыма аламын. Қайран Шәкен, күні кешегідей маған күлімсіреп 
қарайды да тұрады. Мен онымен тағы да біргемін. 
— Сен Шәкен ағаймен қанша жыл бірге істедің? — дейді Мұхамедқали, 
көзілдірігін ала беріп. 
— Біз күндіз де, түнде де бірге болатын едік, тіпті, Шәкенсіз өз бетіммен 
жүрген кезім болған жоқ сияқты. Турасын айтқанда — он бес жыл!.. 
— Мм... 
— Ал мен оны отыз жылдан бері қарай білемін! — деді Мұхамедқали. Ал 
мына сценарийдің шекесі қызбай жатқанын қарашы! Демей көр, періштем!.. 
— Сен «Тақиялы періштені» ойға түсіріп тұрған жоқсың ба?
— Түсірсе несі бар?!
— Борис Бабочкин Шәкенді қазақ кинематографистерінің жетекшісі деп 
тегін айтпаған ғой. 
— Иә, ол шынында да, кино өнеріміздің жетекшісі еді!
— Бір жай ойыма түсіп тұрғаны! — деді Мұхамедқали, біраз үнсіздіктен 
кейін, — Шәкен аға, жаңылмасам, не Каирдан, не болмаса Софиядан оралған 
еді. Сол жолы да оны әдеттегідей көп жора-жолдастары алдынан шығып қарсы 
алды. Артынан олардың көпшілігі үйді-үйіне тарап кетті де, біз Шәкен екеуіміз 
оңаша қалдық. 
— Осы Қалыбек Қуанышбаевтың мерейтойы қай жерде болады екен? — деп 
сұрады Шәкен. 
Мен бұл сұрауға не деп жауап берерімді білмей, аңтарылып қалдым. 
— Есімде жоқ…
— Әй, жігітім-ай, Қалекең ертең жетпіс бес жасқа толады ғой!.. Бұл үлкен 
өнер иесінің мүшел жасы республикамыз үшін елеулі оқиға ғой! — деді Шәкен 
салмақты пішінде. 
— Тіпті, есімде жоқ, — деп желкемді қаси бердім. 
— Кәне, театрға тарт! — деп бұйыра сөйледі Шәкен шоферға. 
Театрда ол ұзақ болған жоқ. Мен машина ішінде күтуде болдым. Неге екені 
белгісіз, ол театрдан көңілсіздеу шықты. 
— Мәдениет министрлігіне! — деді Шәкен…
... Біраздан кейін Шәкен аға мені жинақ кассасына дейін алып барды. Одан 
бір қорап ақша алып шықты. 
— Ал, бала, кеттік! — деп күлімсіреді ол. 
... Үстел үстіне жайылған дастарқан тағамдарға толы. Қалыбек аға әрі қобалжып, 
әрі қуанып отыр. Өзі аң-таң. Бірақ, қалай дегенмен де, бұл банкетті ұйымдастырған 
Шәкен екенін Қалағаң іштей сезіп отырған сияқты. Өйткені Шәкен аға сахна май-
талманы Қалекеңнің өнер жолын ерекше бағалайтын еді. Оның үстіне ол Шәкеннің 
талантын шарықтатуға тікелей көмектескен ұстазы болатын. 
— Қалаға, неге қобалжисыз сонша? Шәкеннің жомарт қолдылығын жұрт-
тың бәрі біледі ғой, — дедім мен. 
— Иә, Шәкеннің ақжарқын, адал жанды адам екенін білемін... 
— Және бір қызығы бар, — деді Хасенов. Келесі күні Шәкен аға мені Қалыбек 
Қуанышбаевтың үйіне бірге ертіп барды. Қалекең қалбалаң қағып, бізді жылы шы-
раймен қарсы алды. Мен шәкірт пен ұстаздың ыстық құшағын, бір-біріне деген ай-
нымас ықыласын және көрдім. Бір-біріне қуана қарасып, айтпақ ойларын көзбен 
көріп, көңілмен ұғынысып тұрғандай. 

142
Òîïæàðªàí
143
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
— Сен маған жас жігіт секілді көрінесің де тұрасың, — деді әлден кейін 
Қалағаң. Кәне, отыр, дойбы ойнап жіберейік. 
— Осы бір көріністің өзін аса дарынды актерлер ғана ойнайтын, солардың ғана 
қолынан келетін секілді болып көрінеді бізге, — деді Мұхамедқали. 
— Иә, дарын атаулылар санаулы ғой, көрмейсің бе, біз сөз етіп отырған 
орны толмас екі дарын иесінің екеуі де жоқ бүгін...
— Қайран Шәкен, десеңші!..
...Міне, біз тағы да Шәкен жайлы сценарийді қарап, жөндеп, ширатып от-
ырмыз. Сәтті болуын тілер едік... 
«Жаңа фильм» жорналы, 1974, № 4
Îë äîñòàðûíû¬ 쩬㳠åñ³íäå 
(Ш. Аймановтың 60 жасқа толуына)
(Ш. Аймановтың 60 жасқа толуына)
¼
азақ  халқының  аса  талантты  актері,  режиссері  және  үлкен  қоғам 
азақ халқының аса талантты актері, режиссері және үлкен қоғам 
қайраткері Шәкен Аймановтың есімі өнер сүйетін адамдардың бәріне 
қайраткері Шәкен Аймановтың есімі өнер сүйетін адамдардың бәріне 
де қымбат және бағалы. Оның фильмдерде және театр сахнасында жасаған 
де қымбат және бағалы. Оның фильмдерде және театр сахнасында жасаған 
бейнелері  жолдастары  мен  достарының  мәңгі  есінде  сақталады.  Шәкен 
бейнелері жолдастары мен достарының мәңгі есінде сақталады. Шәкен 
ағаның қазақ өнерінде алатын орны және істеген жұмыстарына талай жазу-
ағаның қазақ өнерінде алатын орны және істеген жұмыстарына талай жазу-
шылар мен журналистер, суретшілер мен музыканттар өздерінің еңбектерін 
шылар мен журналистер, суретшілер мен музыканттар өздерінің еңбектерін 
арнаған,  болашақта  да  арнай  бермек.  Шәкен  Айманов  туысқан  республи-
арнаған, болашақта да арнай бермек. Шәкен Айманов туысқан республи-
каларменен және шетел өнер қайраткерлеріменен ұдайы мәдени байланыс 
каларменен және шетел өнер қайраткерлеріменен ұдайы мәдени байланыс 
жасап  келеді.  Солардың  қайсысы  болса  да  Шәкен  Аймановқа  тамаша  бір 
жасап келеді. Солардың қайсысы болса да Шәкен Аймановқа тамаша бір 
сүйіспеншілік сезіммен қарайтын-ды. Шәкен туралы жасалып жатқан фильм-
сүйіспеншілік сезіммен қарайтын-ды. Шәкен туралы жасалып жатқан фильм-
де  оның  достарының  актер  туралы  пікірлері  де  айтылған.  Ол  —  өмірде  өте 
де оның достарының актер туралы пікірлері де айтылған. Ол — өмірде өте 
ізетті, адал жүректі, ақылды және әзіл-оспақты көп айтатын көңілді адам еді. 
ізетті, адал жүректі, ақылды және әзіл-оспақты көп айтатын көңілді адам еді. 
Міне, бүгін біз өзіміздің жорналымызда Шәкеннің туысқан республикалардағы 
Міне, бүгін біз өзіміздің жорналымызда Шәкеннің туысқан республикалардағы 
кейбір достарының пікірлерін бермекпіз. 
кейбір достарының пікірлерін бермекпіз. 
Гасан СЕЙДБЕЙЛИ,
Гасан СЕЙДБЕЙЛИ,
кинорежиссер,
Әзірбайжан халық әртісі
Шәкен екеуіміздің өте бір қызықты кездесулерімізді айтқым келіп отыр. Бір 
күні Шәкен өзінің көптеген кинематография саласында істес достарымен Баку 
қаласына келді. Мен оны Каспий теңізінің жағасындағы саяжайыма қонаққа 
шақырдым. Біз онда көп отырдық. Ол сол отырған көпшіліктің әрдайым көңілін 
көтерумен болды. Тіпті, керек десеңіз, сол маңдағы ауылдардан келген ұялшақ 
әзірбайжан қыздары да бүкіл топты той-думанға бөлеп отырған Шәкенге таяу 
келіп, оның тамаша қызыққа толы әңгімесін тыңдаумен болды. 
Оның тамаша шешендікке, мысқыл менен өткірлікке толы сөздері және 
әртістік қимыл-қозғалыстары төңірегінде отырғандарды қайран қалдырды. 
Осы сияқты оның ерекше көңілді мінездері, адамды өзіне тарта білетін 
келісімді қылықтары менің есімде мәңгі сақталатын сияқты. 
 
* * *
Ефим ДЗИГАН,
Ефим ДЗИГАН,
кинорежиссер,
КСРО  халық  әртісі
Жамбыл туралы фильм қойылатын болды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе — 
басты рөлге кімді қою еді. Бұл сияқты өте күрделі рөлді кім ойнап бере алар 
екен деген сұрақ туды. Осы кезде көп актерлермен бірге Шәкен де сынға түсті. 
Біз Шәкенді бір байды жақтайтын мақтаншақ ақынның рөлінде ойнатқымыз 
келіп еді. Шәкенге домбыра беріп, өлең айтқыздық. Ол домбырасын қолына 
алып, отыра қалды. Біз оны түсіре бастадық. Міне, дәл осы арада ол өзінің 
асқан талант екендігін дәлелдеп берді. Сондықтан да біз оны Жамбылдың 
рөліне тағайындадық. 
 
* * *
Георгий ЧУХРАЙ,
Георгий ЧУХРАЙ,
кинорежиссер,
КСРО  халық  әртісі
Шәкен Айманов — кеңес кинематографиясының тарихынан үлкен орын 
алатын адам. Біз оны әр уақытта да көңілі көтеріңкі, достықты сыйлап, жастар-
ды жебей білетін адам ретінде білетін едік. 
Менің есіме V Халықаралық Мәскеу кинофестиваліндегі бірлесіп істеген 
жұмысымыз түсіп отыр. Бұл өте қиын фестиваль болды. Мұнда жюри-
ге қатысушылардың арасындағы күрес, айтыс-тартыс өте сұрапыл болды. 
Дұрысын айтсам, осы әділқазылар алқасының төрағасы болған маған достық 
жәрдемі өте қажет еді. Шәкен Айманов маған осындай дос болып шықты. Осы 
арада ол өзінің тамаша іскер екендігін, өжет те батыл екендігін, сонымен бірге 
тамаша тапқыр екендігін дәлелдеп берді. 

144
Òîïæàðªàí
Марк ДОНСКОЙ,
Марк ДОНСКОЙ,
КСРО халық әртісі,
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері,
Социалистік Еңбек Ері
Шәкен Айманов жөнінде көп айтуға да болар еді. Менің айтайын деп 
отырған ойымның ең бастысы — оның бала мінезділігі. Ол тек қана талантты 
емес, сонымен бірге дана да болатын. Оның бет-әлпеті қаһарлы емес, инабат-
ты еді. Ол әр мәселені де айтыс-тартыс арқылы шешуді жақсы көретін. 
— Сәлем, Марк! — деді Шәкен бір күні маған. 
— Сәлем, менің қымбатты достым! — дедім мен де. 
— Сен білесің бе, мен шахматты сенен гөрі жақсы ойнаймын. 
Біз ойнап кеттік. 
— Сен осы шахмат ойнағанда, қате жібересің бе, жоқ па? — деп сұрадым 
мен одан ойнап отырып. 
— Сенің мынау сұрағың қызық екен, дүниеде қателеспейтін адам бар ма?
— Бар, бар, — дедім мен оған. 
— Кім ол? — деп таңқалды Шәкен. 
— Меніңше, олар кәсіпшілер. Олар өз кәсібін тамаша біледі. 
— Ха-ха-ха! Сен менің ойымды қайталап отырсың. Оларда бәрі дұрыс 
болғанымен, олар суреткердей қиналмайды. Өнер азапсыз емес, өмір 
толғаныссыз емес. Міне, өнерпаз осылай өмір сүру керек. 
Біздің қымбатты досымыз Шәкен Айманов өмірде де, өнерде де осындай еді. 
«Жаңа фильм» жорналы, 1974, № 5
V. АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ 
V. АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ 
МАТЕРИАЛДАР
МАТЕРИАЛДАР

146
147
V. Ақпараттық-анықтамалық материалдар
Àéìàíîâ Ø©êåí (Ø©õêåð³ì)
Êåíæåòàéμëû
(1914—1970)
Ø
әкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда қазіргі 
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Оның 
өнерге деген бейімділігі бала жасынан байқалған. Әкесі Кенжетай мен 
туған жездесі, әнші Қали Байжановтан тәрбие алған ол, жастайынан 
ойын-сауық , жиын-той өткен жерден табылып, ән салып, өлең оқып, 
жұрт көзіне ілігеді. 
Ауыл мектебін бітіріп, (1928) Семей мұғалімдер институтында оқып 
жүргенде, 1933 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылды. 
Театрды өзінің актерлік мектебіне балаған Шәкен Айманов қазақ 
сахнасындағы қайталанбас образдармен, спектакльдерімен тарихта 
қалды.
Театрдағы үздік рөлдері: Ақан Сері («Ақан Сері — Ақтоқты», Ғ. Мү-
сірепов), Қобыланды («Қарақыпшақ Қобыланды», М. Әуезов), Казанцев 
(«Түнгі сарын, М. Әуезов), Тихон («Найзағай» А. Островский), солдат Ша-
дрин («Мылтықты адам», Н. Погодин), Петруччио («Асауға тұсау», Шек-
спир), Отелло («Отелло», Шекспир).
1952 жылы «Абай» (М. Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин 
атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады.
1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне түседі. 
1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді.
Ең алғашқы түскен киносы — «Амангелді». Фильмнің Алматы түбін-
дегі Қаракастек ауылында түсіріле бастағанын естіген бойда өз қалауы-
мен барып, эпизодқа түседі және сол фильмге кеңесші болады. Одан кейінгі 
кезеңде қазақ киносының алғашқы бастаулары болып есептелетін «Райхан», 
«Раушан гүлі», «Абай жырлары», «Алтын мүйіз» фильмдеріне де қатысады. 
Бұлардан кейін түсірілген «Жамбыл» фильмінде Шәкенге Шаймұхамет 
ақынның рөлі берілді. Бірақ фильмге дайындық барысында ол сценарийдегі 
өлеңдерді ұнатпай, басқа өлеңдерді оқып береді. Сонысына риза болған ре-
жиссер Ефим Дзиган бастапқы шешімін өзгертіп, 39 жастағы Шәкенді 100 
жасаған абыз ақынның рөліне бекітеді.
Киноға келгеннен кейінгі мезгілде Шәкен Кенжетайұлы ондаған рөлдерде 
ойнап, оннан артық фильмдер түсірген. Солардың ішіндегі «Атамекен» фильмі 
Душанбедегі фестивальде бас жүлдеге ие болған. «Атаманның ақыры» фильмі 
суреткердің ең соңғы туындысы болды. 
Өнерде өзгеше талантымен танылған Шәкен Кенжетайұлы өмірде ешкімге 
ұқсамайтын, ашық-жарқын, ерекше жомарт адам болған. Осы қасиетіне 
қарай достары оны «бүгінгі заманның серісі» деп атаған. Дүниенің бетіне 
қарамайтын ол жұртпен араласқанды, достарымен әңгіме-дүкен құрғанды 
ұнатқан. Кез келген жиылыстың аяғын кішігірім тойға, ойын-сауыққа айнал-
дырып жіберетін Шәкен аға кейде өзі ұнататын әртістерін шақырып алып, 
текеметтің үстіне отыра кетіп, «қақпақыл», «құмар», «хан» деген асық ойын-
дарын ойнайды екен.
Көзкөрген әріптестері Шәкен Кенжетайұлының шенді мен шекпендіден 
ықпаған, қай кезде де өз пікірін табанды түрде қорғай алатын батыл, тегеурінді 
тұлға болғанын айтады. Режиссер ретінде де ұстамды, сабырлы қалпынан 
танбаған. Актерге рөлін бір-екі рет түсіндіріп, егер ала алмаса, үндемей, қоя са-
лады екен. Кино түсірудегі жұмыс тәртібі де ешкімге ұқсамайтын. Асығу дегенді 
білмеген. Бірақ түсіру алаңына келген бетте жұмысына сақадай сай болған. 
Соны көргендер: «Бұл қай уақытта дайындалып үлгереді?» деп таңғалатын бол-
са керек. Тумысынан талантты Шәкен аға актерлерді ешқашан шаршатпаған, 
жалықтырмаған, анекдот, әзіл-қалжың айтып, айналасындағыларға әрқашан 
көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білген. Актер ретінде де, режиссер ретінде де 
импровизацияға өте шебер болған. Өкінішке қарай, Шәкен Кенжетайұлы 
«Абайды» түсірсем деген арманына жете алмай кетті.
Шәкен Айманов фильмдерінің өміршең болатын себебі, суреткердің кез-
келген фильмінде өзінің еліне деген сүйіспеншілік, адамды құрметтеу, оның 
ішкі психологиясын ашуға ұмытылыс басым. Туған халқының болмысын әрбір 
фильміне арқау ете білген режиссер, сол кездің өзінде қазақ үшін өте маңызды 
деген тақырыптарды көтерді, әртүрлі жанрларға барды. Адам тағдырын, оның 
өмірінің трагедиялық тұстарын астарлап болса да айтып отырды. Бұл ретте ол 
«Кино — елдің төлқұжаты» деп түсінді.

148
Òîïæàðªàí
149
Кинорежиссер ретінде: «Махаббат аңызы» (1954), «Дала қызы» (1955, 
К.А. Гаккельмен бірге), «Біз осында тұрамыз» (1957, М.И. Володарскиймен 
бірге), «Алдар Көсе» (1964), «Атамекен» (1966), «Тақиялы періште» (1968), 
«Атаманның ақыры» (1970), т.б. фильмдерді түсірген. 
1958—1970 жылдары Қазақстан кинематографистер одағын ұйымдастыруға 
қатысып, одақ басқармасының 1-ші хатшысы болды. 
Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1936, 1958) 
қатысты. Каир қаласындағы Азия мен Африка елдері Халықаралық және 
Мәскеу қаласындағы өткен ІІІ-халықаралық кинофестивальдердің (1963) 
қазылар алқасы мүшесі болды.
Актердің шығармашылығына арнап «Шәкен Айманов» атты деректі фильм 
түсірілді. Есімімен Алматы қаласындағы көше және киностудия, Павлодар 
облысындағы Баянауыл ауданы орталығындағы қазақ орта мектебі аталады. 
Киностудияда Ш. Айманов атындағы кабинет-мұражай ашылды. Тұрған үйі 
мен «Қазақфильм» студиясының ғимаратында ескерткіш тақта және бюст-
ескерткіш орнатылған. Павлодар қаласында Шәкен Айманов атында кино-
театр ашылған.
Шәкен Айманов «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, екі мәрте 
«Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Àêòåð, ðåæèññåð Ø©êåí Àéìàíîâòû¬ 
ôèëüìîãðàôèÿñû
КИНОДАҒЫ РӨЛДЕРІ:
КИНОДАҒЫ РӨЛДЕРІ:
• Амангелді. 
Амангелді. «Ленфильм», 1938. Режиссер: М. Левин. Эпизод.
• Райхан.
Райхан. «Ленфильм», 1940. Режиссер: М. Левин. Сәрсен рөлі.
• Ақ раушан.
Ақ раушан. ЦОКС, 1942. Режиссер: Е. Арон. Майдангер рөлі.
•  Абай  жырлары.
Абай жырлары. Алматы киностудиясы, 1945. Режиссерлер: Г. Ро-
шаль, Е. Арон. Шәріп рөлі.
• Алтын мүйіз.
Алтын мүйіз. Алматы киностудиясы, 1948. Режиссер: Е. Арон. Жакан 
Досанов рөлі.
• Жамбыл. 
Жамбыл. Алматы киностудиясы, 1952. Режиссер: Е. Дзиган. Жамбыл 
рөлі.
• Біз осында тұрамыз.
Біз осында тұрамыз. Алматы киностудиясы, 1957. Режиссерлер: 
Ш. Айманов, М. Володарский. Беисов рөлі.
• Біздің сүйікті дәрігер.
Біздің сүйікті дәрігер. Алматы киностудиясы, 1957. Режиссер: Ш. Ай-
манов. Эпизод.
•  Бір  ауданда.
Бір ауданда. «Қазақфильм», 1960. Сценарий авторы, режиссер 
Ш. Айманов. Баянов рөлі.
•  Алдар  Көсе.
Алдар Көсе. «Қазақфильм», 1964. Режиссер: Ш. Айманов. Алдар 
Көсе рөлі.
• Найзатас бөктерінде.
Найзатас бөктерінде. «Қазақфильм», 1969. Режиссер: Қ. Әбусейітов. 
Бейсенбай рөлі.
 РЕЖИССЕРЛІК ЕҢБЕКТЕРІ:
 РЕЖИССЕРЛІК ЕҢБЕКТЕРІ:
• Махаббат туралы аңыз.
Махаббат туралы аңыз. Алматы киностудиясы, 1954. Режиссерлер: 
Ш. Айманов, К. Гаккель.

150
Òîïæàðªàí
151
V. Ақпараттық-анықтамалық материалдар
•  Дала  қызы.
Дала қызы. Алматы киностудиясы, 1954. Режиссерлер: Ш. Айманов, 
К. Гаккель.
• Біз осында тұрамыз. 
Біз осында тұрамыз. Алматы киностудиясы, 1957. Режиссерлер: Ш. Ай-
манов, М. Володарский.
• Біздің сүйікті дәрігер.
Біздің сүйікті дәрігер. Алматы киностудиясы, 1957. Режиссер: Ш. Айманов. 
• Бір ауданда.
Бір ауданда. «Қазақфильм», 1960. Режиссер: Ш. Айманов. 
•  Ән шақырады.
Ән шақырады. «Қазақфильм», 1961. Режиссер: Ш. Айманов.
• Жол қиылысы.
Жол қиылысы. «Қазақфильм», 1963. Режиссер: Ш. Айманов.
• Алдар Көсе.
Алдар Көсе. «Қазақфильм», 1964. Режиссер: Ш. Айманов. 
• Атамекен.
Атамекен. «Қазақфильм», 1966. Режиссер: Ш. Айманов.
• Тақиялы періште.
Тақиялы періште. «Қазақфильм», 1968. Режиссер: Ш. Айманов.
• Атаманның ақыры.
Атаманның ақыры. «Қазақфильм», 1970. Режиссер: Ш. Айманов.
КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІЛІК ЕҢБЕКТЕРІ:
КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІЛІК ЕҢБЕКТЕРІ:
• Өмірге жол.
Өмірге жол. «Қазақфильм», 1959. Режиссер: Қ. Әбусейітов. 
• Ән қанатында. 
Ән қанатында. «Қазақфильм», 1966. Режиссер: Ә. Мәмбетов. 
 
ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК 
ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК 
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА СОМДАҒАН РӨЛДЕРІ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА СОМДАҒАН РӨЛДЕРІ
• Есен. «Еңлік-Кебек».
«Еңлік-Кебек». М. Әуезов.
• Граммофонов. «Менің досым».
«Менің досым». Н. Погодин.
• Казанцев. «Түнгі сарын».
«Түнгі сарын». М. Әуезов.
• Уанжун. «Арқалық батыр».
«Арқалық батыр». Ж. Шанин.
• Дүйсен. «Біздің жігіттер».
«Біздің жігіттер». Б. Майлин.
• Садовский. «Аристократтар».
«Аристократтар». Н. Погодин.
• Хлестаков. «Ревизор».
«Ревизор». Н.В. Гоголь.
• Чех офицері. «Қызыл сұңқарлар».
«Қызыл сұңқарлар». С. Сейфуллин.
• Егор. «Амангелді».
«Амангелді». Б. Майлин және Ғ. Мүсірепов.
• Исатай. «Исатай-Махамбет».
«Исатай-Махамбет». М. Ахинжанов.
• Кассио. «Отелло».
«Отелло». В. Шекспир.
• Шадрин. «Мылтықты адам».
«Мылтықты адам». Н. Погодин.
• Қодар. «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу». 
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу». Ғ. Мүсірепов.
• Кәрім. «Абай».
«Абай». М. Әуезов.
• Марабай. «Марабай».
«Марабай». Ш. Хусаинов.
• Гельпах. «Профессор Мамлок». 
«Профессор Мамлок». Ф. Вольф.
• Ақан. «Ақан Сері — Ақтоқты».
«Ақан Сері — Ақтоқты». Ғ. Мүсірепов.
• Профессор Тарасов. «Жеңіс жыры».
«Жеңіс жыры». С. Мұқанов.
• Фогель. «Гвардия намысы».
«Гвардия намысы». М. Әуезов. А. Әбішев.
• Алдар Көсе. «Алдар Көсе». 
«Алдар Көсе». Ш. Хұсаинов.
• Петр Крымов. «Петр Крымов».
«Петр Крымов». К. Финн.
• Петруччио. «Асауға тұсау».
«Асауға тұсау». В. Шекспир.
• Визирь Аяз. «Жомарттың кілемі». 
«Жомарттың кілемі». А. Тәжібаев.
• Қобыланды. «Қарақыпшак-Қобыланды».
«Қарақыпшак-Қобыланды». М. Әуезов.
• Сатин. «Шыңырауда».
 «Шыңырауда». М. Горький.
• Кривенко. «Жеңімпаздар». 
«Жеңімпаздар». А. Чирсков.
• Темир. «Достық пен махаббат».
«Достық пен махаббат». А. Әбішев.
• Бретт. «Терең тамырлар».
«Терең тамырлар». Д. Гоу.А.д’Юссо.
• Великатов. «Таланттар мен табынушылар».
«Таланттар мен табынушылар». А.Н. Островский.
•  Автор. «Абай».
«Абай». М. Әуезов. 
• Тихон. «Найзағай».
«Найзағай». А.Н. Островский.
• Отелло. «Отелло».
«Отелло». В. Шекспир.
  
ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК 
ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК 
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА ҚОЙЫЛҒАН 
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА ҚОЙЫЛҒАН 
СПЕКТАКЛЬДЕРІ
СПЕКТАКЛЬДЕРІ
• «Амангелді».
«Амангелді». Ш. Хусаинов.
• «Достық пен махаббат».
«Достық пен махаббат». А. Әбішев.
• «Арбасу».
«Арбасу». Х. Жұмалиев және А. Сәрсенбаев.
• «Таланттар мен табынушылар».
«Таланттар мен табынушылар». А.Н. Островский.
• «Асыл тастар».
«Асыл тастар». Н. Баймұхамедов.
•  «Абай».
«Абай». М. Әуезов романы бойынша қойылған инсценировка. 
• «Америка дауысы».
«Америка дауысы». Б. Лавренев.
• «Қайыңды тоғай».
«Қайыңды тоғай». А. Корнейчук.
• «Ақан Сері — Ақтоқты».
«Ақан Сері — Ақтоқты». Ғ. Мүсірепов.
 

152
153
V. Ақпараттық-анықтамалық материалдар
Ø©êåí Àéìàíîâòû¬ ˜ì³ð æîëû ìåí 
øû¾àðìàøûëû¾ûíà àðíàë¾àí ê³òàïòàð
Киногердің өмір жолымен және шығармашылығымен танысқысы 
келетін оқырмандарға төмендегі кітаптарды ұсынамыз:
Шәкен  Айманов  =  Шакен  Айманов  =  Shaken  Aimanov:  Фотоальбом/ 
Шәкен Айманов = Шакен Айманов = Shaken Aimanov: Фотоальбом/ 
кіріспе мақаланың авторы О. Сүлейменов; шығ.алқасы: А. Сәрсенбайұлы, 
кіріспе мақаланың авторы О. Сүлейменов; шығ.алқасы: А. Сәрсенбайұлы, 
К. Кенжетаев , А. Әшімов ж.б.; құраст.: С. Санбаев, Қ. Бегалин; фотоаль-
К. Кенжетаев , А. Әшімов ж.б.; құраст.: С. Санбаев, Қ. Бегалин; фотоаль-
бомды құрастандырғандар мен оның тарихи, мұражайлық, тақырыптық, 
бомды құрастандырғандар мен оның тарихи, мұражайлық, тақырыптық, 
баспагерлік арнайы сарапшылары: Т. Жаманқұлов, С. Жұмабекұлы, Р. Мә-
баспагерлік арнайы сарапшылары: Т. Жаманқұлов, С. Жұмабекұлы, Р. Мә-
женқызы  ж.б.  Алматы:  Өнер,  2004.  158  б.:  сур.  Қазақ,  орыс,  ағылшын 
женқызы ж.б. Алматы: Өнер, 2004. 158 б.: сур. Қазақ, орыс, ағылшын 
тілдерінде. 
тілдерінде. 
Көркемсуретті фотоальбом Қазақтың ұлттық өнерінде айбынды, театр
сахнасында классикалық образдарды сомдаған тамаша актер, дарын-
ды режиссер, қазақ киносының қалыптасуына, дамуына өлшеусіз үлес 
қосқан ХХ ғасырдың ұлы тұлғаларының бірі Ш.К. Аймановтың 90 жылдық 
мерейтойына орай шығарылған. Мұндағы мақала, естелік авторлары 
Шәкен Аймановтың өмір жолы, жоғарғы адамгершілік, еңбексүйгіштік 
қасиеттері жайында, оның жастар үшін жанашыр аға, ұлағатты 
ұстаз болғанын, еліміздің кино өнері қазынасына баға жеткісіз үлес 
қосқанын әңгімелейді. Фотоальбом әр кезеңдегі сомдаған рөлдерінің 
фотосуреттерімен безендірілген.
Шәкен Айманов. 23-кітап/ Бас редактор Е. Арын; бас ред. орынбасары 
Шәкен Айманов. 23-кітап/ Бас редактор Е. Арын; бас ред. орынбасары 
А. Нұхұлы; құрастырушы, жауапты ред. А.Ж. Құдабаев. Павлодар: «ЭКО» 
А. Нұхұлы; құрастырушы, жауапты ред. А.Ж. Құдабаев. Павлодар: «ЭКО» 
ҒӨФ, 2003. 118 б. (Кереку — Баян кітапханасы).
ҒӨФ, 2003. 118 б. (Кереку — Баян кітапханасы).
Бұл кітапқа Шәкен Айманов туралы жазылған Ә. Кекілбаевтың, А. Әші-
мовтың, К. Кенжетайұлының, Ә. Сығайдың, т.б. әр кездегі жазылған естелік 
мақалалары қамтылған. Киногердің өмірі мен шығармашылығы жайлы 
мағлұмат алғысы келетін жалпы көпшілік қауымға арналған.
Шәкен Айманов туралы естеліктер / Құраст.: К. Кенжетаев, Р. Сатаев. Алма-
Шәкен Айманов туралы естеліктер / Құраст.: К. Кенжетаев, Р. Сатаев. Алма-
ты: Білім, 2004. 224.: сур.
ты: Білім, 2004. 224.: сур.
Бұл кітапта Шәкен Аймановтың інісі Қазақстан Республикасының халық 
әртісі Кәукен ( Әбдірахим) Кенжетаевтің және басқа да қызметтес, үзеңгілес 
болған белгілі азаматттардың, ғалымдар мен қайраткерлердің аты аңызға 
айналған актер режиссер Шәкен Айманов туралы балалық шағы мен өмір жо-
лынан сыр шертеді.
 
Ахмадиев М., Ескендіров А. Қоңсы қонған қоңыр ел. Адамзаттың Аймановы жай-
Ахмадиев М., Ескендіров А. Қоңсы қонған қоңыр ел. Адамзаттың Аймановы жай-
лы толғаныс / М. Ахмедиев, А. Ескендіров. Алматы: Қазығұрт, 2009. 288-б.
лы толғаныс / М. Ахмедиев, А. Ескендіров. Алматы: Қазығұрт, 2009. 288-б.
Кітапта қазақтың даңқты киногері Ш.Айманов пен оның нұрлы істерінің, 
өнегелі өмірінің адами болмысы баяндалады. Өмірде болған өміршең игі 
істердің баршасы да артық боямасыз суреттелген. Бұл нұрлы сәттердің куәгері, 
Ш. Аймановтың өкіл баласы, ҚР халық әртісі Мұрат Ахмадиевтің естеліктері 
оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Қазақ пен ұйғырдың ғасырлар 
тереңнен тамыр тартқан достығы, кешегіден-бүгінге жарасымды жалғасып 
келе жатқанын айшықтайтын соны суретке бай оқиғалар кітап бойында тұнып 
тұр. Кітаптың бір артықшылығы барша оқиға желісі өмірлік дәйекті деректерге 
негізделген.

Посвящается
100-летию


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет