Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің


Аллювий және жайылманың құрылысы



Pdf көрінісі
бет49/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

Аллювий және жайылманың құрылысы. Аллювий — қҧрлықтағы шӛгінділердің ең бір маңызды тҥрі 
немесе оларды ӛзен шӛгінділері деп атайды. Ол ӛткен барлық дәуірлерде кездеседі, дегенмен ең кейінгі тӛрттік 
кезең қабаттарындағы оның орны тіпті басқаша. Тӛрттік кезеңде аллювий аумақты жазықтар, ӛзен 
террасаларын тҥзеді. 
Ӛзен арнасының тҥбіндегі шӛгіндіні арна аллювийі дейді. Жазық аймақта ол негізінде қоқыстан шайылған 
қҧмнан тҧрады. Оның табанында тҥйірлігі әр тҥрлі қҧмға қосымша малта, қиыршық тастар, ӛсімдіктердің 
ҥзіліп-жыртылған қалдықтары кездеседі. Одан жоғары кӛлбеу бағытта қабаттасқан, бір жаққа қарай еңкіш ҧсақ 
қҧм және қҧмайт шӛгінділер жатады. Арасында су сабасына тҥскенде жаралған лайлы қҧмайт линзалары 
кездесуі мҥмкін. Жазғытҧрымғы тасқын жайылма бетіне тегіс тарап, оның бетінде ағыс ӛте баяу болатындықтан 
қҧмайт (алеврит), балшық-саз шӛгеді. Олардың арасында кӛптеген ӛсімдік қалдықтары, қала берсе, шымтезек 
линзалары кездеседі. Қабаттасуы шамалы жатық толқын тәрізді болып келеді. Оның ҥстіне ӛзен сағасына 
тҥскенде жайылма бетінде топырақ, ӛсімдік тамырының іздері қалады. Осындай шӛгіндіні жайылма аллювийі 
дейді [Cурет-20]. 
Сурет-2. 
Жайылманың кҧрылысы 
А —арна, В —жайылма, С — ойдым, D —арна жалы,
Сурет-19. Ӛзен кобыларынын. біртіндеп ығысуыныц ыкліам- сызбасы (а, б) 
А — бастапқы сатысы кезекті сатыларда біртіндеп ығысуы, Б — ойдымнық тҥзілуі және кӛне кӛлшік 
(старица) 


62 
Н — ӛзен тасығандағы деңгейі, һ — ӛзен сабасына тҧскен кездегі деқгейі, М — аллювийдің қалыңдыгы. Арна 
аллювийі: 1 — ірі қҧм, қиыршық, малтатас; 2 — уақ қҧм мен қҧмайт; 3 — ойдым аллювийі; 4 — жайылма 
аллювийі. 
Аллювийдің қалыңдығы ағынның ең тӛменгі және жоғарғы сағасының биіктігімен ӛлшенеді. Жазық далада 
оның қалыңдығы 10—15 метрден 30 метрге жетеді. Аллювийдің тік қимасынан арналық, жайылмалық 
тҥрлерінің бірнеше рет алмасып тҧратының кереміз. Тау- қыратты аймақтарда ағынның кҥштілігінен 
болғандық- тан арна аллювийі басым болады да ол су сҥкреткѐн ірі кесектерден (дӛңбек, малтатас) тҧрады. 
Жайылма шӛгінділері жоққа тән, ол тек ӛзен арнасы бір себептеп кеңіген тҧста ғана тҥзіледі. Жайылма бетін 
жиі-жиі бҥйірінен қҧйған ысырынды конустың пролювий шӛгінділері басады. 
Жайылма бетінің бедерінен ҥш геоморфологиялық элемент байқалады: 1) Арна ҥймесі оның жиек шетінде 
тҥзіліп, негізінде қҧмнан тҧрады. Ҥйіндісі жайылма бетінен биік. 2) Жайылманың орталық беті — ең кең тҧсы. 
Беті әр тҥрлі апан-ойдымдармен жықпылданған. Қҧмдақ жыныстарыи жел кӛтерігі, бетінде эол дӛңдері де 
пайда болады. 3) Терраса кемерінің табанындағы тҧсы. Арнадан алыс болғандықтан оның бетіне ең майда, жҧқа 
қҧмайт-лай аллювий шӛгеді. Кӛбінесе бҧл тҧс — кӛне арна апандары. Сол себептен шалшық, батпақ, бҧлақ 
жайлайды. Қейінгісі биік террасадан шыққан жерасты суларының кӛзінен туады. 
2. Ӛзен аңғарының даму жолы және циклдігі. 
Жоғарыда ӛзен аңғарының дамуының екі сатысы кӛрсетілді. Алдыңғы жас сатысында тҥпкі эрозия басым, 
аңғар тар, тік бетті болды. Кейінгі толысқан сатысында ӛзен жайылмасы кеңейіп, оның кӛлденең қимасы жәшік 
пішіндес еді. Ӛзеннің эрозия базисі (теңіз, кӛл деңгейі) кӛтерілген немесе тӛмен қҧлдыраған шақта аңгар 
қайтадан жаңғырады да қайтадан табанын сойып, кеңи бастайды. Эрозия базисының ӛзгеруі жердің ішкі 
тектоникалық қозғалыстарына байланысты."Кейінгілер баяу болған кездерде бедер жазықтанып, аллювий 
шӛгеді. Қҧрлық жоғары ӛрлесе немесе эрозия базисы ылдиласа соған бейімделіп, ӛзен қайтадан аңғарын жарып
жаңа бойлау қимасын тҥзе бастайды. Ол тепетеңдік сызыққа жеткен соң қайтадан бҥйір эрозия жанданып, 
аллювий жиналады. Осыдан келіп, гипсометрлік тӛмен бетте жаңа жайылма тҥзіледі; бҧрынғы жайылма 
кемерден биік. 
Жазық алаң қҧрады. Осы циклдер бірнеше рет жаңарып тҧрса, әр ретте саты-саты кемерленген жазық алаңдар 
пайда болады да, оларды аңғар т е р р а с а л а р ы дейді. Әр кезең ағынның ӛз табанын сойып, жыртуынан 
басталып, жаңа табан тҥзуімен аяқталады. Сӛйтіп, аяғында аңғар кӛп кемерлермен бәлінген террасалардан 
қҧралады. Ең биік терраса — ең кӛнесі, тӛменгісі - ең жасы. Оларды тӛменнен жоғары қарай жайылмадан I, II, 
III, IV, тт. террасалар деп нӛмірлейді. [Cурет-21]. 
Сурет-21. 
Ӛзен террасалары 
Р — қазіргі арнасы, П — жайылма, I, II — бірінші және екінші террасалары, 1 — тылдық қаптырма кӛктеуі, 2—
терраса алаққайы, 3 — кемердіқ қабағы, 4 — кемер; 1 — аллювий, 2 — тҥпкі жыныстар. 
Әр терраса мынандай бӛлімдерден қҧралады: жазық алаңқай, оның кемері, кемердің жоғарғы қабағы (бровка), 
келесі жоғарғы кемермен алаңның тылдық қабысу сызығы (тыловая закраина). Әрбір кемер мен одан тӛменгі 
алаң эрозияның бір цикліне сай болады. Террасаның аллювий шӛгінділерінің табаны тҥпкі тау жыныстарынан 
тҥрады да оларды тҧғыр (цоколь) деп атайды. 
Тҧғырының деңгейі мен аллювийдің қалыңдығына байланысты террасалар ҥш типке бӛлінеді [Cурет-22]: 
эрозиялық немесе скульптуралық (А), аккумулятивтік (Б), тҧғырлық немесе эрозия-аккумулятивтік аралас. 
Эрозиялық террасаның кемері де, алаңы да тҥпкі жыныстардан тҧрады. Қейде алаң бетінде жҧқа аллювий 
жатуы мҥмкін. Мҧндай қҧрылым ӛзеннің бастапқы даму сатысында-ақ тектоникалық режим кенет ӛзгеріп, 
аллювий жӛнді шӛкпегенін кӛрсетеді. Аккумулятивтік террасада кемері де, алаңқайы да тҥгел аллювий 
шӛгінділерінен қҧралады да ірге тҧғыры ӛзен деңгейінен тӛмен жатады, яғни ол жер бетіне шықпайды. Мҧндай 
қҧрылым жыныстарды ӛзен терең тілімдеп, жайылмасы толық тузіліп, аллювий шӛгіндісі қалың болғанын, 
ендеше даму жолында толық циклден еткенін дәлелдейді. Жайылмасы жырылып қалдығы терраса ретінде 
сақталған. Тҧғырлы террасаның (В) іргесі тҥпкі жыныстардан, ал кемердің жоғарғы жағы мен алаңкайы 
аллювийден қҧралады. Ол қҧрылым кейінгі жырымдалу алғашқы аккмумуляциядан артық тҥсіп, эрозия терең 
болғанын кӛрсетеді. 


63 
Аңғар террасаларының саны мен олардың типтерінің ара кездесуі жер қабығындағы қозғалыстарға байланысты. 
Олардың саны дҥмпуі жиі таулы аймақтардағы аң- ғарларда кӛп болады — 7—10, одан да артық. Жазықтағы ірі 
ӛзендерде 2—3 террасалар тҥзіліп, олар кӛбінесе аккумуля- тивтік типке жатады. 
Террасалардың абсолюттік және салыстырмалы биіктігі ӛзен бойлауында ӛзгеріп тҧрады. Бҧл жағдай екі тҥрлі 
болады: 1) эрозия базисі -қҧлдыраса террасаның биіктігі ағыстан жоғары қарай аласарады; 2) ӛзеннің жоғарғы 
жағы кӛтерілсе тӛмен саласында терраса биіктігі аласа болады. Осы кӛрініс ҧдайы кӛтеріліп жҥрген Кавказ, 
Карпат, Альпі сияқты жас тау сілемдерінен байқалады. 
 
Сурет-22. Ӛзен террасаларының типтері 
Террасалар: А — эрозиялық, Б — аккумулятивтік, В — тҧғырлық (цоколдық). 1 — аллювий, 2 — тҥпкі тау 
жыныстары 
Ӛзен сағасы жер бедерінде әр тҥрлі кӛрінеді. Олардың тҥзілуі ағын мӛлшеріне, оның мезгіл сайын ӛзгеруіне, 
езен шайындысының мӛлшері мен қҧрамына, қҧятын бассейннің ащы-тҧщылығына, теңіз деңгейінің 
тербелуіне, тектоникалық қозғалыстарына байланысты. Олардың ішіндегі ең бастысы — ӛзен тасыған 
шайындының мӛлшері және жер қабығының қозғалыстарының қарқыны мен бағыты. Солардың, ара 
қашықтығына байланысты ӛзен сағасының екі тҥрі — атырау не эстуарий пайда болады.
Атырау 
Теңізге қҧйған кезде ағысы кенеттен баяулайды да ағызып жеткізген лай-қҧмы теңіздің тҥбені шӛгеді. Содан 
соң су астыңғы ысырынды конусты тҥзеді. Ол ҧлғая келіп қайырланып, су бетіне шығады. Оның порымы сҥйір 
бҧрышы ӛзен жақта орналасқан ҧшбырыш, яғни гректің дельта әріп пішіндес болады. Қҧйған теңізі тайыз, 
ағынсыз шалқу-қайту шамасы аз болса жағалау тҧсы арнадан шӛккен шӛгіндіге толадыда ағынға бӛгет болады. 
Сонда ағын ӛзіне жол іздеп кӛптеген сулаттарға бӛлінеді. Тарамдалған арналар арасында жалпақ қҧм аралдар 
қалады. Осының бәрін жинастастырып атырау (дельта ) дейді. Арна тараптары ӛздері тасымалдаған 
шӛгінділерге кӛміліп тайыздалады, жеке-жеке шалшық батпақтарға айналып кҧрыйды. Әр жазғытҧрымғы
тасқын кезінде атырау пішінін ӛзгертіп, кеңиді, ӛрлей, теңізге қарай ӛсе тҥседі. Ақырында ӛзен сағасында кең 
жаздық пайда болады. 
Атыраудың аумағы әр тҥрлі. Хуанхэ мен Яньцзы ӛзендерінің сағасы бірігіп кетіп, атырауының ҧзындығы 1000 
км, танындағы ені 300-400 км жетеді. Лена ӛзенінің атырауы-28 000км
2
, Еділдің атырауы -19000км
2
шамасында. 
Атыраудың теңізге және екі бҥйіріне қарай ӛсіуі жылдамдығы да әр тҥрлі. Еділ ӛзенінің атырауы бӛгеттер 
салынбай тҧрғанда жылына 170 метрге ӛсетін. 
Ағыстың эрозия базисі болғандықтан атырау шӛгінділері кӛбінесе майда қҧмнан, қҧмайтан тҧрады. Кӛл 
батпақтарында олар ӛсімдіктер қалдығына байып, кейде шымтезектер пайда болады. Олар теңіз шалқыған кезде 
оның шӛгінділерімен қабаттаса, жанаса кездеседі. Кейде атырау қҧмдарын жел кӛтеріп, бетінде эол 
жиынтықтары да тҥзіледі. Теңіз тҥбінде қҧмды жыныстармен бірге ӛзен ертіндісімен темір, алюминий, 
марганецтің каллиодтары шӛгеді. Қосылған ащы теңіз суының әсерінен олар тез коагуляцияланады ( латынша: 
ҧю). 
Эстуарий (латынша теңізге кӛмілген жағалау, қолтық) деп ӛзен сағасын бойлап кірген шығанақтарды 
атайды.Олар теңіз суынын оның жағада шалқуынан пайда болады. Теңіз шалқыған кезде суы арнаны бойлап, 
алысқа ҧмтылады да қайтқан кезде суымен қоса кҥшті ағыстап теңізге ағады. Сонда ағынмен бірге кӛшкен қҧм-
лайды теңіздің жағалау ағысы қағып әкетеді. Теңіз деңгейі кӛтерілсе немесе саға арнасы тӛмен қҧлдиласа алса 
да оны теңіз басады-эстурарий тҥзеледі. Осылайша жері тӛмен тҥскеннен Обь пен Енисай сағалары (оларды 
жергілікті тҧрғындар «жырық» -губа дейді) жаралған. Енисай ӛзенінің арнасы Қара теңіздің тҥбінде 100м 
тереңге шейін созылуы осығанда дәлел. Қара, Азов теңізінің жағалауындағы Днепр, Дон, Бук ӛзендерінің теңіз 
суы толған осындай қолтықтарын лиман (грекше «лимнэ» -шығынақ) деп атайды. Лимандар бойынында 
шайындыдан қҧм қҧлтылар тҥзіліп, олар ӛзен суының ағысына тосқауыл болады. 
Ӛзен жҥйелерінің дамуы және су айыруының ауысуы. 
Ӛзендер жҥйесі ең басты ӛзенге және оның кӛптеген салаларына бӛлінеді. Ӛзеннің барлық тармақтары 
тараған ӛлкені оның су жинайтын бассейн деп атайды. Әр ӛзен жҥйесі басқысынан су айырық жота арқылы 
бӛлінеді де екі жҥйе қарама қарсы екі жаққа ағады.


64 
Мысалы, Сарыарқа осындай су айырық. Ӛзендерінің бір жҥйелері теріскей жаққа – Обь - Ертіс бассейндеріне 
қарай, екіншілері оңтҥстік бетке ағып, Арал – Балқаш бассейіне қҧяды. Ӛзеннің регрессивтік эрозиясының 
қарқынына байланысты айырығының орны қашанда жылжып отырады. Оған қосымша себеп – екі айырық 
бетінің қҧлау жазықтығының айырмашылығы, ӛзен ағынының мӛлшері, эрозия базисінің тӛмен жоғарылығы. 
Кӛлбеуі тіктеу және базисы тӛменрек ӛзеннің басқа беттегіден эрозия қарқыны артық болады да су айырық 
кейінгі жаққа ауысады. Сонда эрозиясы кҥшті ӛзен суы айырықты тіліп ӛтіп, қарсы беттегі ӛзеннің басын не бір 
тармағын ӛзіне жалғастырып әкетеді. Осы жайды ӛ з е н н і ң і л і п әкетуі дейді. 
Ӛзен салалары аймағының климаты және жерінің жоғары кӛтерілуі тҧрақты болса барлық денудациялық 
әрекеттер салдарынан су айырықтар мҥжіліп, олар жазықтанып, ӛзен аңғарлары кеңиді. Ақыр соңында 
бҧраынғы тау жота орнында оның жазықталған, шӛккен нардай кӛсілген жҧрнағы қалады. Осындай аймақты
п е н е п л е н (жазық дерлік) не д е н у д а ц и я л ы қ ж а з ы қ деп атайды оны жалпылай теп – тегіс деуге 
болмайды. Жазық бетінде әр жерден денудацияға тӛтеп беретін берік тау жыныстарынан тҧратын тӛбе, 
шоқылар кӛрінеді. Қырқа, тӛбе жоталары арасында кең науалы ӛзен аңғарлары шӛгінділерге толады. Пенеплен 
ҥлгісі ретінде ӛзіміздің Сарыарқаны атаған абзал
Ӛзен әсеріне байланысты қазына байлықтар. 
Ӛзен шӛгінділері арасында ерекше шащыранды кен шоғырлары кездеседі. Ӛзен ӛз жолында әр тҥрлі 
жыныстар жҥйелерін жырып ӛтеді де олардың арасысындағы кен минералдарын да шайып ағызады. Ағыс 
бойында ҥгінділер меншікті салмағына қарай ірік теледі: жеңіл минералдар тӛмен қарай әрі шайылады, 
ауырлары жол – жӛнекей шҧңқыр, жарықшақ, қайран, бҧта, арна иірілімі секілді кедергі кездескен жерде шӛге 
бастайды. Осылайша алтынның, платинаның, алмастың қалайытастың шоғырлары тҥзіледі, оларды
қ о р ы м д ы к е н д е р деп атайды. Олар қазіргі аллювий шӛгінділерінде де, кӛне геологиялық жыныстар 
арасында да кездеседі. 
Кӛне аллювий – атыраулық шӛгінділермен қабаттасып қоңыр кӛмір жаралады. Мысалы, Мәскеу тҥбінің кеніші. 
Қҧмы жақсы шайылып, қоқыстантаза болуы себепті ӛзен – атырау шӛгінділерін мҧнай – газдар да толтырады. 
Мысалы, Апшерон тҥбегінің мҧнайы плиоцин дәуіріндегі кӛне Еділ ӛзені сағасының шӛгінділерініде 
шоғырланған. Ол кезде Еділ сағасы Апшерон тҧсында орналасқан. 
Аллювиалдық, атыраулық жазықтар ауыл шаруашылығына де қолайлы. Жайылма мен террасалар топырағы 
қҧнарлы болады, су болса қасында ағып жатыр. Сондықтан егінжайлар осындай жерлерде жаратылады,мекен 
тҧрғындар да террасалар алаңында салынады. 
Аллювийдің малтастары, қиыршық, қҧмдары қҧрылыста кең пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет