Бетпақтың медиен шӛлін оңды-солды шарлаған, батыста Сарысуды сағалап,
Жетіқоңырды сүзген, түстікте Мойынқұмды Хантауға дейін түгел тексеріп,
терістік шығыста Арқаға асып, Желтау мен Ортауға дейін барып қайтқан,
мемлекеттік-әскери мәні зор үлкен операция кезінде екі самолет апатқа
ұшырады, бес адам дизентериядан, жеті адам шӛлдсн ӛлді. Тереңнен ойлап,
мұқият жүргізілген осыншама жұмысқа қарамастан, неміс шпионы суға
батқан тастай із-түзсіз жоғалды.
Бірақ біздің қырағы чекистер іздестіру шараларын тоқтатпаған. Ақыры,
талмай жүргізілген табанды жұмыс нәтижесінде, бет пердесін ӛзгерткен,
жаулықтың жаңа бір тәсіліне кешкен қаскӛй дұшпан құрыққа түсті. Арада
бес-алты ай ӛтер ӛтпесте, қыс кӛзі қырауда, Шудың жайылма етегіндегі
Жуантӛбе аулында, ашық ауыз, немесе ол да жат пиғылды басқарма мен
ферма меңгерушісінің сеніміне кіріп, кәдімгі совет колхозшысы кебінде
жылқы бағып жүрген жерінде тұтқиылдан ұсталды. Қатерлі жау арнайы
күзетпен қажетті жерге жеткізіліп, тиісті жауапқа тартылған.
Неміс шпионы, немісшесі тұрыпты ғой, ағылшынша да, французша да
жақсы біледі екен. Ал орысша, қазақшаға бірдей. Және бір ғажабы, қазақша
еркін, тіпті шешен сӛйлегенімен, жаза алмайды; керісінше, орысша біле тұра
сӛйлегісі келмейді, тек жазады. Жазғанда,"бір бет, екі бет емес, тұтас бір
дәптер. Кітап десе болғандай. Колхоздың баққан малы, еккен егіні, жұмсаған
қаржысы тіркелетін, үсті жыпырлаган таңба, етегі айдақ-сойдақ сызықты,
арнайы түптелген, мұқабалы, табақтай сары кітап. Тӛбесін астына түсіріп,
аяғын үстіне келтіріп, теріс жағынан бастап жазыпты. Соның ӛзінен-ақ
жаудың жат пиғылы танылған. Ең сорақысы бұл – қазіргіше емес, ескіше
жазу еді, яғни, патшалық тәртіп кезіндегі "ять" дей ме, бұғанасы шығып,
белінен буылған "с" ме, сол баяғы заман кітаптарындай. Буржуйлардың
кӛңілге тоқ, кӛзге алдамшы, ирек-ирек хұсни-хаты. Шпион әуелде ештеңені
мойындамаған, Тіпті, қазақша ғана сӛйледі. Бірақ біздің чекистердің
қолындағы деректі айғақ — сырттай қарағанда бейкүнә кӛрінгесін,
мұқабасында "Книга учета" дейтін жапсырмасы бар қисап кітабы мойын
бұрғызбады. Ал сонша бейнеттеніп, неге тұтас бір кітапты толтырып шықты
десек, ол да ап-айқын: шпион ӛрісі тарылғанын, қайда барса құтылмайтынын
аңдаған, аңдаған да, ӛзін ақтайтын, ақтайтын емес, басқа біреу етіп
кӛрсететін деректер жинастыра бастаған. Міне, гәп қайда! Бірақ осы жазу
ӛзінің түбіне жетті. Шалақазақпын, татармын, қазақ арасына бұрыннан сіңген
Sauap.org
10
тағы бірдеңемін деп табандап отырып алса, тергеу ісі тығырыққа
тірелмегенімен, бірталай қосымша қиындыққа ұшырайтын еді. Шпионның
орысша сауаты, қаскүнемдік іске тым әріден — революция кезеңінен бастап
арнайы дайындалғаны белгілі болған соң, неміс, француз, ағылшын тілдеріне
де жетіктігі оңай анықталған. Сӛйтіп, түйін шешіліп, шығыршық тарқатыла
келе, біздің қырағы да қайратты, ақылды да парасатты чекистер қаскӛй
дұшпанның тағы бір ордасын талқандады. Иә. Біз жауды әшкерелеуге
колхоздың басы аяғына қайрылып тӛңкерілген қисап кінегесі себеп болды
дедік. Себеп болды, ӛзінен ӛзі ашып берген жоқ. Оны айтасыз, осы дүкімет
дұрыс оқылмағанда, мәселенің мүлде басқа бағытқа кӛшіп кетуі де ықтимал
еді. Яғни, септесу үшін аса күрделі жұмбақты шешу керек болды. Осы
шаруаға қатысты, бізге тілектес, ағайындас азаматтар,— бұл тарапта қызмет
атқаратын жұрт ішінде ақылды, парасатты жігіттер әлі де кӛп,—солар
арқылы жартылай ресми, жартылай жең ұшынан жалғасып дегендей, әлгі
аталмыш "Книга учетамен" мұқият танысып щыққан соң, біздің чекистердің,
шынында да аса күрделі мәселеге жолыққанына кӛзім жетті. Мүмкін,
шпионның қағазға түсіргені — ӛз ӛмірі, немесе ойдан құрылған ақталу
хиқаяты емес, кәдімгі кӛркем туынды шығар деген пікір туған. "Әдебиетке
әркімнің бар таласы",— деп еді, мен осыдан біраз бұрын, баспада тәуір
орында отырғанда алдыма келген, қырық үш жыл бойы жоғары партиялық
басшылық қызметте болып, дербес пенсияға шыққан соң сӛз ӛнеріне
бсйімдігін аңдаган, "Жалындаған жастық шақ", "Кемел замандағы керемет
істер" дейтін, қос кітаптан тұратын естелік роман жазып әкелген советтік бір
қария. Ӛзінің бастан кешкен немесе кешпеген ӛмірі туралы шпионның да
роман жазғысы келуі ықтимал ғой, Шытырман хикаясы, кесек оқиға, келісті
суреттері болмаса да, әуестене, қызыға оқыдым. Жарыққа шықпағы ләзім
деген ойға бекідім. Бірақ... ӛңдесе, ӛзгертсе... тұрпаты бұзылмақ. Оқиғаға
қоспай, ойын үстемелемей, суреттерін қоюлатпай, сол жазылған қалпында
ұсынғанды жӛн кӛрдік. Алайда, жазбаны тұтасымен орыс тілінде беру
ыңғайсыз, біреудің еңбегін нақпа-нақ иелене салу әбес, және біздің
оқырманымыз қазақ қой. Оның үстіне, жат кӛзқарастағы адам, ептеп тігісін
жатқызбасақ, бұл заман деген аумалы-тӛкпелі, қателесіп кетуіміз ғажап емес.
Сонымен, неміс шпионы жазған ӛмірбаяндық (немесе ойдан қиыстырылған)
хикаят, еркін аударып, долбарлап кӛшіргенде тӛмендегідей болып шықты.
* * *
Әкем ӛлді. Ғұмыр бойы таза жүрген, адал тұрған, құлдыққа да, қорлыққа
да кӛнбеген, тірі пендеге жақсылықтан басқа жасамаған Сыпатай мырза
ұжмақтын тӛріне сапар шекті. Армансыз кетті. Арманым жоқ деді. Кӛңілінде
жалғыз-ақ түйткіл бар — үлкен ұлының ӛлі-тірісінен хабар ала алмай барады.
О дүниеде табысары сӛзсіз, бірақ әкем сонау 1907 жылы каторғаға кеткен
бейбақтың тӛңкеріс жылдарында Итжеккеннен аман шыққанына сенеді. Одан
соңғы жерде бұрынғыдан да асқан қырғындар болды, Ыбырай мырза соның
бәрінен де ӛткен сияқты. Отыз екі жыл бойы айтпаған сӛзі. Кӛкірегінде
Sauap.org
11
тұнған қайғы-зар тәсілім сәтінде қайта қоздады. Басында мүлги елбіреп,
тумаса да туғаннан артық болған бел баласы мен отырмын, Бірақ Сыпатай
мырза қысылып, сан-дырақтаған кезінде де тұңғышы Ыбырайды ғана ауызға
алды. Атап шақырды, аймалап құшақтады. Мені. Иә. Мен — Ыбыраймын
дедім. Қасыңдамын. Ешқайда кеткем жоқ. Әкем тыншыды. Менін бетіме
жанары жасаурай, тіке қарап тұрып, жымиып күлді. Ризамын деген. Ақтадың
ата қарызын. Алла жолыңды оңғарсын. Жӛніңді тап. Жапанда қалдың. Енді
қайтесің... Жалғызым-м... деп барып сылқ түсті. Жалғызы кім? Бұдан қырық
жыл бұрын Сібірде сүйегі қураған Ыбырай мырза ма? Онда екінші баласы
Сіләмбек қайда қалады? Жоқ. Мен едім. Жалғызы мен едім. Мен — Стамбек
Сыпатайұлы!..
Әкем ӛлді. Жаны жаннатта. Мен жалғыз қалдым. Жалғыздыққа —
кӛкірегім шерге толып, жапанда күн кешуге әуелден-ақ жазған екен. Рас,
басында барар жерім болмады. Одан соң кәрі әке-шешемді тастап кете
алмадым. Кейіннен олар мені тастай алмады. Енді міне... Тура елу жасқа
толғанда тӛрт тарабым бірдей ашылды. Бірақ дүние тар еді. Қазақтар
айтатындай, барар жер, басар тауым жоқ. Ең дүрысы осы — Бетпақтың қақ
ортасындағы медиен екен. Неге медиен. Медиен емес. Аспанда күн, жерде
құрт-құмырсқа. Қысқа қарай кӛз кӛрім тӛңірек қаптай ӛрген ақбӛкеннен
кӛрінбей кетеді, Ал ауылда — ӛзіміздің шарбақ қорада, жеркепе тӛнірегінде
айғыр үйір жылқы бар. Тіршілікке қажетім түгел. Мен адам бетін кӛрмегелі
— ӛз шаңырағымнан тысқары тірі жанмен тіл қатыспағалы қаншама жыл
болды. Ӛмірімдегі бақытты күндер. Жалғызсырап кӛргем жоқ. Енді шын
жалғыз қалғанда, ұзақ ауырған, қуатты ағзасы дертке бой бермеген қайран
әкем азаппен кӛз жұмғанда, күнә болса да айтайын, бір сәт бойым жеңілейіп,
азаттыққа жаңа шыққандай сезімге берілдім. Бір сәт қана. Содан соң ауыр
қайғы ӛзінің тұңғиығына тартқан. Мен екі-ақ күн ӛмір сүріп, кӛкке ұшқан
сәбиім Жансеріктің, құдай қосқан қосағым Зағираның, үстеріне сораң
шыққан, басылған, жер болуға тақаған ескі қабірлерінің қатарынан қайран
әкем, бір кездегі құрметті ақсақал, мыңғырған бай, қартайған шағында ӛз ел,
ӛз жерінде қашқын кебін киген Сыпатай марқұмның жер бесігін қазып
жатып, нық шешімге келдім. Менің де арманым жоқ екен. Шын зұлмат
заманда небәрі жеті-сегіз-ақ ай бұғауда болдым, елу жыл бойы еркін тірлік
кештім. Менен тәуір талай азаматтың сүйегі Сібірде қалды. Менен ақылды,
менен қайратты мың сан жігіт аштан ӛлді, оққа ұшты. Бар керегімді осы
Бетпақтан тауыппын. Енді ешқайда кетпеймін. Бес күн бе, бес ай ма, бес-он
жыл ма — осы құт мекенде тұра берем.
Әкем ертегіші, әңгімеші еді. Кӛл-кӛсір, ұшы-қиырсыз аңыздар. Сол
айтқандай, мен тоқтамға келер-келместен, мархұмның әзіз топырағы үйіліп
бітпестсн, жел ғана жететін қиян шӛлге кӛктен шайтанның арбасы түсті.
Ішінде үш адам. Екеуі — бірі орыс, бірі қазақ — менің қандас туыстарым;
үшіншісі — таулық әлде гүржі, әлде лезгин; мүмкін дағыстандық.
Аэропланның тапа-тал түсте адасып, арнайы іздесе де табылмас біздің
мекеннің үстінен шығуы — тәңірінің маған арнаған тағы бір талқысы екенін
Sauap.org
12
бірден аңдадым. Ен оңайы — үшеуін бірдей кекіліктей қылып атып тастау
еді. Ағылшынның. винчестерімен, Антантаның винтовкасымен емес, әлі де
жеті оғы сақталған революциялық маузермен. Менің қандас туыстарым —
озбыр мен дүңгене ажалга ӛздері сұранып тұрды. Жазықсыз жапа шеккен,
ӛркенді ғұмырын жойған барлық туыстарымның қаны үшін, асыл әкемнің
намысы үшін құрбанға шалып жібергсн жақсы-ақ еді. Бірақ мен күнә
арқалағым келмеді. Үшінші — дағыстандық жігіт ақкӛңіл, мейірбан адам
екен. Әрине, әйелі бар, балалары бар, мүмкін, ата-анасы да бар—қүдай
алдында нақақ қан арқалауға батпадым. Бірақ бұларды жіберуге де
болмайтын еді. Қайта айналып келеді, менің бейбіт ӛмірім бұзылады. Амал
не, жібердім. Адасса обалдары ӛзіне. Бірақ тағы да дәтім шыдамады, мүмкін,
ең үлкен қателігім де осы болар — жол нұсқадым. Әйтсе де істің анығын
білмек үшін алыстан қара шалып тӛрт күн бақтым. Жандайшап қазақ жершіл
әрі иттей тӛзімді болып шықты. Ел шетіне ілінері анық байқалды. Әлі де кеш
емес еді. Бірақ мен бӛгет жасамадым. Мүмкін, ұям ашылғанын сылтау етіп,
жалғыздықтан құтылғым келген шығар. Білмеймін... Құтты ордама қайта
оралған сәтте, әрине, қатты ӛкіндім. Бірақ кеш еді. Ӛзім сілтеген жобамен
шӛлден ӛткен үшеуді қуып жете алмайтын едім. Асығыс қамданып, кетуге
ынғайландым. Сонда ғана есіме түскен. Бар жылқыны шӛлге тастап, бас
сауғалап барамын. Олар қандай қиындықта болса да мені сатпас еді. Мен
саттым. Тірі малды ғана емес, ӛлі аруақты да. Бірақ кезеңі ӛтіп кеткен, амал
жоқ. Әбден есім шыққаны ғой. Малдың — бізді асырап-сақтаған, серік
болған, ес болған жылқының не жазығы бар! Кесірткеден басқа түгі жоқ
Бетпақта қасқыр жемес, бірақ құдықтан кім су алып бермек — мына аңызақ
аптапта қаталап ӛлмей ме. Шыңыраудан қауға тартып, жылқыларды тегіс
суғардым. Үш қабірді кезек-кезек құшақтап, шер тарқаттым да, бар
қаруымды артынып, жеке атқа қос торсық су теңдеп, бар малды алға салып,
кешкі салқынмен тура оңтүстік шығысқа қарай аттандым. Екі қонаға жерде,
жан баспас иенде, жарлауыт қабақ астынан жылып шығатын мол сулы бұлақ
бар еді. Әуелгі тоқтаған, бір қыстаған жеріміз. Аттарды ауыстырып мініп,
кӛп жүріп, аз аялдап, соқтыртып отырып күн жарымда келіп жеттім. Әрине,
жан жоқ. Мен күткендей, шашылган сүйектер де кӛрінбейді. Одан бері қанша
заман. Тозбайтын — топырақ қана. Бұлақтың кӛзі бітелгенмен, тіршілік нәрі
үзілмепті. Аршып, тазартып, мейлінше суладық. Жерсінсін, қара іздемесін
деп, екі күн аялдадым. Содан соң малды Қамбар-Атаға, ӛзімді Қызыр әулиеге
тапсырып, артыма қарай-қарай кеттім. Құдай кӛлденең пәле-жаладан қақса,
суаттан ұзамайды, алғашқы қармен оралармын, ал қазір, ӛзім пана таппай
тұрғанда мұншама жылқыны ешқайда сыйғыза алмас едім. Бар үміт
қарындасым Айсалқамда. Содан соң... Жансалқам… Тұлымы желбіреген
құлынша-ғым үшін безген шығармын қапастан. Тек... Айтудың ӛзіне қорқам
— бар ма... тірі ме?.. Бұғанасы бекімеген бала тұрғай үлкендердің ӛзі қайда
қалды... Жансалқам аман болса, бәрі орнына келер еді.
Құдай оңғарды. Оңай табылды. Жалғыз қарындасым сол баяғы
Жуантӛбеде, отыр екен. Күйеуі соғыста ӛлген. Балалары жас. Бір замандағы
Sauap.org
13
уылжыған бай қызы бейнет басқан, беті жарылып, маңдайы әжімденгсн,
сойдақтіс кәрі колхозшы болыпты да шығыпты. Түні бойы жылады. Менің
барлығыма, тірілігіме. Баяғыда үмітін үзсе де, ӛлгенін жаңа ғана естіген
әкесіне. Мезгілсіз ӛткен жеңгесіне. Ӛзінің талайсыз тағдырына. Қорқыныш та
бар. Мен үшін. Қайда барам, кімге сиям?.. Менің алдымда кінәлі сезінеді.
Жалғыз туысы — жалғыз сіңлісінің оқи алмай қалғанына. Бірақ бұл — мен
үшін үлкен қуаныш еді. Оқымағаны емес, бой жетіп, адам қатарына қосылуы.
Кӛргсн жан сұқтанардай сұлу болып ӛсті дейді Айсалқам, бір жылап, бір
жұбанған аралықта. Жирен шашы арқасын жапқан, ұзын бойлы, ақмаңдай,
мойыл кӛз. Қырындамаған жігіт жоқ. Ферма бастықтың аяғының кемісінен
әскерден қалған, студент ұлының да ойы болған тәрізді. Сӛз байласыпты
десіп жүруші еді, оқымысқа бұйырмады. Сарысудан осы ауылға жоқ қарап
келген балуан жігіт алып кетті, бір қолы шолақ екен, әскерден былтыр
қайтқан түйеші. Қазір Телікӛлде отыр ма, Арқа жайлап кетті ме, құдай білсін,
бірақ іздесе табылады, ӛзі де хабарласса керек... Бұдан артық қандай бақыт
болуы мүмкін! Қызым жеткен, тұрмысқа шыққан, қарындасым аман, балалы-
шағалы.
Бірақ ертеңіне мен ӛзімнің осы ауылға бӛтендігімді сезіне бастадым.
Кӛзімнің кӛк, шашымның сарғыш, бетімнің қушық екенін жаңа ғана
білгендеймін. Кӛршілер кіріп шықты, ауыл түгел хабарланған сияқты.
Қарапайым жұрт арамдықтан ада, бірақ ӛте әуесқой келеді. Мені қазақ
дегенге кім сенер. Ең үлкен куәлігім — Жансалқамның әкесі деген сӛз.
"Туған ағам. Әкеміз Қызылжардан алған бір шешеміз ноғай еді, содан
туған",—деп қойыпты. Ақылыңнан айналдым. Мұнысы қисынға жуық.
"Қалада тұрады. Демалысқа келді",—деді тағы бір сӛзінде. Бұған ешкім
сенбесе керек. Әрине, жер астынан ӛнді немесе іргедегі Бетпақтың қақ
ортасынан шықты деп те ешкім ойламайды. Әйтеуір бір жақтан келді.
Қайдан? Әрине, түрмеден. Ендеше ӛз адамымыз. Қазақ түрмеден ӛткен кісіге
күмәнмен емес, жанашырлықпен, сеніммен қарайтын халге жетіпті. Ешкім
қазбаламады. Тек ферма бастық қана, сәлемдесе кірген болып сыр тартқан.
Менің Бетпақ жайынан, Сарысу бойы, тіпті, арыдағы Ұлытау, Кӛкшетау,
Қызылжар тарабынан да жаксы хабардар екенімді аңдаған соң кӛңілі
орнықты. "Айсалқамның туысы екені рас, бірақ түрмеден келді’’деп шешкен
сияқты. "Енді осы ауылда қалатын шығарсыз, балаңыз тұрмысқа кетті,
қарындасыңыз жалғыз... қиын ғой",—деген. Содан соң ауылда байы соғыста
ӛлген жас келіншектердің кӛптігін, еркектің қадірі зорлығын айтып, ойқастап
отырып, менің бойдақтығымды анықтаған. Қауіптене бастап едім — ферма
бастықтың ӛз есебі бар екен — бұл ауылда малшы жетіспейді, әсірссе жылқы
мен түйенің жайы қиын болып тұр... Қой деген, сиыр деген сіздей азаматқа
қол емес... Мен қуанып кеттім. Бірақ сыр бермедім. Қарындасымның шиттей
бала-шағасын жеткізуге кӛмек керегін ӛзім де аңдап отырмын, әйтсе де
ойланайын дегем. Отыз жылғы ауыр еңбектен шаршаппын, аз-маз
тынығайын дегем. Осыған тоқтадық.
Sauap.org
14
Мен шынында да дем алдым. Үйден шықпаймын, күнұзақ Айсалқам от
жағушы, күл шығарушы қызметші болып істейтін жетіжылдық мектептің
кітапханасынан алғызған қазақша газет, журнал, кітаптарды оқимын, түннің
бір уағына дейін әңгімелесеміз. Әуелде Вашингтон Ирвингтің Рип Ван
Винклі сияқты елу жыл (әлде жетпіс жыл ма — есімде жоқ, әйтеуір ұзақ)
ұйықтап тұрған, басқа бір заманнан келген кісі құсап едім, жоқ, езімді
уақытынан қалған, ӛліп тірілгеи пенде емес, үңгірден шыққан, ақыл-есі озық
адамдар тіршілігімен жаңадан ғана таныса бастаған жабайы питекантроп
сезінген едім. Арада апта ӛтпей, керісінше екеніне — тӛңірегімдегілер, осы
ауыл, осы ел, тұтас мемлекеттсгі барлық жұрт үңгірге қамалғанына кӛзім
жетті. Газеттерде не айтадьг? Құдайым-ау, осындай да болады екен!
Кітаптарда ше? Ғаламат! Ең тәуір деп ұсынғандарының езі балдыр-батпақ,
жиренішті әрі татымсыз ӛтірік. Әрине, менің қолыма советтік классика түсе
қойған жоқ. Қазаққа жетпей жатса керек. Оның есесіне қазіргі заманның
"Інжілін" ежіктеп тұрып оқығам. Орысша, қазақ аулыңда ешкім қолына ұстап
кермеген, жап-жаңа. Ӛзі сондай қалың. "Краткий курс истории ВКП(б) деп
аталады. Менің кӛзімді ашқан, тобама түсірген, кімдердің арқасында қандай
мерейлі заманда ӛмір сүріп отьірғанымды санама құйған ғажайып кітап еді
бұл. О, қүдірет! Құдай ұлы Иисус Христос! Алланың елшісі Мұхамед!
Шынында да үлкен мәртебе екен. Қолыңа баспа бетін кӛрген қағаз ұстау.
Тасқа басылған — сен кӛрген, сен хат таныған кездегіден ӛзгерсе де, алғаш
сӛйлеген ана тіліңде оқу! Мен "Қысқаша курсты" оқуға тоймадым. Оқыған
сайын кӛзім қарақтана түскен. Ӛткен ӛміріме шүкіршілік, бүгінгі барыма
тәуба айтқам. Кей кезде ӛзімді, ӛзімді ғана емес, ӛзгелерді де табалап, мәз
болып күлуші едім. Кітап оқу, мейлі ол «Краткий курс» болса да, қандай
бақыт. Ендігі бір бақыт — қағаз, қалам. Жиендерім бастауыш кластарда. Ӛзге
сабақтармен қатар орыс тілін де оқиды. "Нан — хлеб, жол — дорога, сиыр —
корова" деп, таң атқаннан кеш батқанға дейін ежіктеп жатқандары. Ауылда
бір орыс жоқ, бірақ мұндағы үғым бойынша, орыс тілінсіз күн кӛру мүмкін
емес сияқты. Бір кезде бүл ӛлкеде қазақша білмесең күн кӛру қиын еді. Міне,
прогресс! Міне, түземдіктердің цивилизациялы әлемнің есігінен сығалағанда
тапқаны. Бар жетістік алда сияқты. Енді аршындап ілгері басу, үздіксіз даму
үшін орыс тілін білу керек. Ӛз тілін ұмытса да. Орыс тілі! Білсең болды,
жетесің, жетісесің. Мың жылдан бері орыс тілінде сӛйлеп келе жатқан жұрт
жерұйыққа (түпнұсқада қазақша — "жеруюк" деп жазылып, жақша ішінде
"молочные реки, кисельные берега" деп дәйектелген,— М.) баяғыда
қоныстанып алған сияқты. Орыс тілін біліңдер, балалар! Мұғалімдікке
сұрансам ба екен? Шайтан азғырса да кӛнбедім. Әрине, тексере бастайды.
Қайдан келген, қайда тұрған и все прочее... Ең жақсысы — отыз жылғы
үйренген кәсібім жылқышылық. Ешқандай құжаттың керегі жоқ. Жұт соғып
колхоздың малын қырып алмасаң болды. Қырып алсаң, қажетті жерде тиісті
дүкіметті ӛздері тауып береді. Құдай бетін ары қылсын.
Сонда да мұғалімдік маған қол емес. Бірақ саусағым жыбырлап отыра
алмадым, Міне, қолыма ұстаған қаламды сияға матырып, "А" деп жазам. А.
Sauap.org
15
Аз. Содан соң Я. Я — Мен. "Мне отмщение — аз воздам" Толстой. Толстой
алған эпиграф. Матфей? Лука? Ұмытыппын. Мен мұсылманмын. Кәпірдің
кітабынан... Нағыз кәпірдің кітабы міне—алдымда жатыр. Менің саусағым
жыбырлап тұр. Жазғым келеді. Әйтеуір бір сӛздерді. Мағынасыз болса да.
Есте қалған ескі шумақтарды. "Исчезли юные забавы — Как сон, как
утренний туман!" «Во глубине сибирских руд» "Стал считать Казбек
угрюмый — М не счел врагов... Иә! Әйтеуір бірдеңе. Бас салып "Краткий
курсты" кӛшірмейсің ғой. Кенет маған бір әзәзіл ой келген. "Анти-курс"
жазу. Кӛрініп тұр-ау бар жамауы. Батпағы мен былығы. Қисынсыз ӛтірігі.
Ау, ұлы Сталин қайда, орыс революциясы қайда? Шала сауатты
семинаристің атын кім білетін еді ол кезде. Ал одан кейін? Большевиктер
ӛкімет басына келгеннен соң ғана есімі атала бастаған. Онда да кӛбін
кӛлеңкеде. Енді міне. "Владимир Красное Солнышко" қайда, "ұлы кӛсем
Сталин" болмаса, маймыл қанша тырбаңдағанмен адамға айналмайды екен.
"Анти-курс истории ВКП(б)". Жоқ. Айтуға ғана оңай. Аз-маз сауатты "Анти-
курс" жазып шығу үшін, баяғыда жолда қалған университетімді тәмамдамай-
ақ қояйын, соңғы отыз жыл ішіндегі әдебиетті түгел қарап шығу керек екен.
Ал, жарайды. "Анти-курс" жазылды дейік. Не үшін, кім үшін? Ӛзім үшін,
әрине, Ӛзім үшін онсыз да бәрі айқын емес пе. Құрысын. Оқитын нәрсе
таусылды. Жазатын тақырып және керексіз екен, Бірақ менің аяқталмай
қалған университеттік білімім кеудеме сыймай барады, Қолым... байлап
қоймасам, ырқыма кӛнер емес. Аурудың бір түрі болу керек. Отыз жыл бойы
қағаз кӛрмегеннен асқынған. Ақыры емін таптым. Ӛзімнің бастан
ӛткендерімді жазам. Жариялау үшін, жазушы болу үшін емес. Ӛзім үшін.
Әуелі қағазға түсірем. Содан соң ойланып кӛрейін. Неден басталды. Не
шықты. Не болды. Мына апокалипсис заманын туғызған күнәхарлардың
ішінде мен де бармын ба?
Жоқ. Кейінгі іс менің еркімнен тыс болған. Мснің бар қызметім қазір
ӛлшемге алынатын 1913 жылдың 31 декабрімен бітеді. Одан соңғысына
жауап бере алмаймын. Менің зәредей қатысым жоқ. Мен жендет емес,
құрбандық болдым. Иә. Құрбандық. Ендеше, қалай құрбанға айналғанымды
анықтауым керек. Жоқ. Ол да емес. Мен жадау тұрмыста, жапырайған жаман
тамда, бірақ қалың ел ортасында жатқан осы қоңторғай күндерімде бұл ӛмір
деген тым сұрықсыз нәрсе емес-ау деген тоқтамға келдім. Мен дүниеден баз
кешкем жоқ-Басымнан қаншама қысым, қыстақ дәуірлерді ӛткерсем де, елуге
жаңа іліндім, бұдан соң да біраз жасасам деймін. Бірақ қалай, қайтіп?
Алдымен бүкіл ӛмірімді шолып шығам. Содан соң,—бұдан қырық. жыл
бұрын алдымда тұрған сауал,— енді не істеу керек деген мәселеге жауап
іздейміз. Ал, бастадық .
...Мен, Стамбек Сыпатайұлы Дәулеткелдиев, Россиядагы ең кӛне, ең
атақты әулеттердің бірінің тұяғымын. Арғы атамыз XIV ғасырда, Даланың
қуаты қайтпаған кезде ӛз еркімен Ордадан келіп, орыс туының астына тұрған
Достарыңызбен бөлісу: |