Ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. Иен емес, елді мекен



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата19.02.2017
өлшемі0,9 Mb.
#4511
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ұрғанда күнәлі-күнәсізді талғамайды. Тӛреші — дүлей күш, қозғаушы — кір 
кӛңіл,  зағип  түйсік.  Бірақ...  тұнық  неге  лайланады,  тасқын  неге  осыншама 
дүлей?  Неге?  Тӛрт  қүбыласы  түгел,  ақылды,  абзал  адамның ӛзі ӛмірден  баз 
кешсе, асылып иә атылыл ӛлетіні бар. Мүмкін, осы дүрбелеңнің барлығы  — 
адамзаттың жер бетінен мүлде кӛшпегінің жоралғысы болар. Адамзат ӛзін ӛзі 
ӛлтіруге  бекінген...  Сонда,  Адамзатымыз  —  ақ  түстілер  болғаны  ма?  Жер 
бетіндегі  қаншама  ұлт  пен  ұлыстың  тағдырын  европалықтар  ғана  шешуі 
керек пе? Басқасын қойғанда, қашан ӛлмегін? Қазақтың атынан билік айтуға 
қай құдай ӛкілет берді? Ӛкілет бермесе, бұл құдай қайда қарап отыр? Қарап 
отыр.  Бәрі  де  соның  еркімен  жасалып  жатыр.  Ендеше...  ақырзаман  деңіз. 
Ақырзаман! 
Ақырзаман туғанын, бәлкім, біздің де санаулы ғана күндеріміз қалғанын 
біле  тұра,  асылу,  атылу  қайда,  тіршілік  қамына  —  ӛзімізше  бақытты  ӛмір 
амалына кірістік. Ілдалда емес, далбаса емес, бакытты ӛмір. 

Sauap.org
 
 
90 
 
Шынында  да,  Ӛкімет  жоқ,  Партия  жоқ.  Қысас  пен  зорлық  алыста. 
Ұжданың  жаншылмай-ды,  жаның  киналмайды.  Мұхиттағы  иен  аралдан  да 
оқшау, жолсыз, сусыз сағым теңізінің терең тұйығындағы ұлтарақтай қоныс. 
Ӛзің бай, ӛзің патша. Бар уайым күнделікті тіршілік қамы ғана. 
Ал тіршілік жаман емес. Жылқымыз жиырма шақты. Суланып, отығып, 
қалыпқа түскен Жирен-қасқа айғырға шағын үйір бӛліп бердік. Кӛктеңбілдің 
ӛз  баурынан  шыққан,  биыл  қысыр  қалган  тӛрт-бес  байтал  мен  саяқ  құнан, 
дӛнен.  Алғашқы  күндерде үйірге  таласар деп,  екі  айғырды  екі  жаққа  айдап, 
қарауылдап  отырдық.  Құдайдың  қу  даласында  қашанғы  күзетесің,  тӛрт-бес 
күннен соң қосылып кеткенін, оқшаулау болса да қанаттас жүргенін кӛрдік. 
Мына  тар  заманда,  енші  айырмас  иенде  мал  екеш  малдың  ӛзі  соғыс  емес, 
бітім  іздепті,  бірін-бірі  қара  тартыпты.  Жылқы  жайын  жақсы  білетін  кӛкем 
қатты  қуанды.  Енді  жиырма  жыл  тұрсақ  та  тұқым  азбайды,  екі  айғырдың 
ұрпағы  ӛзара  будандасып,  ӛсіп-ӛніп  кӛбейе  береді,  дәмнен  тарықпаймыз 
дейді. Шіркін, отыз шақты қой болса ғой дейді. Бар қажстіміз түгенделер еді. 
Жиырма  жыл  деген  сӛзге  мен  күлдім  де  қойдым.  Қазір  алпыс  бестегі  әкем 
сексеннің  бесеуіне  келеді  екен.  Мен  елудсн  жаңа  асам.  Несі  бар.  Робинзон 
Крузо  елсіз  аралда  жиырма  сегіз  жыл  тұрған  ғой.  Жиырма  сегіз  жыл  бойы 
кӛкжиектен қашан кеме кӛрінеді деп, жағалауды күзеткен. Біздің елге асығар, 
қуаныш  хабаршысын  күтер  жӛніміз  жоқ.  Кӛкжиектен  біреу-міреу  кӛрінсе, 
тек  қана  бақытсыздық  әкелмек.  Соған  орай  қаруымыз  да  сай  еді.  Тұтас  бір 
әскер  келмесе,  он  бес-жиырма  адамнан  құралған  жазалаушы  отрядтың 
атқанын  атып,  қалғанын  шалден  қатырып,  жеңіп  аларымызға  күмән  жоқ. 
Біздің Зағираның ӛзі мерген болып шыққан. Ал Жансалқам оқ жеткізуге, су 
тасуға  жарайды.  Қызық  болар  еді.  Әрине,  қызық  емес.  Бетін  ары  қылсын. 
Жиырма жыл болмайды, әрине, екі-үш жыл бой тасалау қажетіне кез жеткен. 
Қазір  күн  жылы,  кӛктем  жаңа  шыққан,  алда  ұзақ  жаз  бар,  бірақ  біз  қыс 
қамына  кірістік.  Кӛлқайнар  құдығымызды  Жетіқоңырдың  құмынан  арнап 
әкелген  сексеуіл  бұталарымен  тӛбесінен  түбіне  дейін  мұқият  шегендедік. 
Құдық  басынан  арқан  бойы  жерден  үй  салуға  —  дәлірек  айтсақ,  жеркепе 
қазуға  кірістік.  Әкем:  "Ойпыр-ай,  енді  қарсақ,  суырдың  кебіне  түсетін 
болғанымыз ба..." деп, әуелде тіксінгенмен, ұқтыра келе мақұл кӛрді. Құдық 
қазудан тауанымыз шағылған, әйтсе де тәжірибе алып, машығып қалыппын. 
Шамасын  белгілеп,  сол  күні-ақ  кірісіп  кеттім.  Әлде  еріккеннен,  әлде 
қызыққаннан, анау-мынау емес, тура үш бӛлменін іргесін шаптым. Ортаңғы 
—  ас  үй,  түбінде  ӛзара  қабырғалас  екі  қоржын  отау  бар.  Қаза  бастағаңда 
Зағира  біздің  ойға  келмеген  бір  ақыл  тапқан.  Су  құйып  жібіту.  Мен  су 
шығындағаннан  гӛрі  жан  қинағанды  тәуір  кӛріп  едім,  әкей  келінін 
мақұлдады.  Су  мол,  қанша  құйсаң  да  жетеді  деген.  Құдық  түбіндегі  судың 
молы  рас,  күн  сайын  ертемен  қауға  тартып,  мал  суарғанда  ӛзім  де  кӛріп 
жүрмін,  жӛппелдем  жиырма  бес-отыз  шелек  алғанда  қыл  арқан  белгіленген 
түйіннен қарыс сүйем тӛмен түседі де, бірер сағатта қайтадан қалпына келеді, 
бірақ дүниеде кенеусіз нәрсе жоқ, шелектеп болса да айлар бойы, жыл бойы 
үздіксіз  шығындаған  соң,  құйылып  жатқан  қоры  сарқылмасына  кім  кепіл. 

Sauap.org
 
 
91 
 
Қабырға сор тартып, немесе жарылып кетеді деген сылтаумсн суымды сақтап 
қалдым.  Құдық  қазған  кездегі  Гамлет  лепесінің  (сірә,  Шекспирдің 
Гамлетінің: "Боламыз ба, әлде тозамыз ба!" дегсн сӛзі туралы айтып отырса 
керск,— М.) ызғырығы жоқ. Асықпай, салмақпен сілтей ұрып, қайла шабуға 
кірісіп  кеттім.  Топырақ  тартатын  терең  құдық  емес,  әкемді  жүмысқа 
араластырмадым.  Онсыз  да  шаруасы  жеткілікті.  Бір  заманда  Ши  сындырып 
кӛрмеген  Сыпатай  мырза  желі  басын  қадағалайды,  сауын  кезінде 
құлындарды  ұстап  тұрады,  қырға  шығып  жылқы  кӛздейді,  ұзаңқырап 
жайылатын түйелерді қайырып қояды. Менің ісім қалыпқа кӛшкен соң, таяу 
маңнан  атыс-шабыс,  қуғын-сүргін  келе  қоймасына  кӛз  жеткен  кезде  жақын 
тӛңірек  оты  тозып,  қылтанақсыз  қалмас  үшін  малды  ұзатып,  ӛзі  жайып 
қайтатын  болды.  Әрине,  ауылда  аяқ  артар  кӛлік  қалады.  Бірақ  ақсақал 
қайратты  еді,  тың  еді,  қауіп  сырттан  ғана  келмек.  Әйтсе  де  мылтық  алудан 
бас тартатын. 
Астан  тарыққамыз  жоқ.  Қыстан,  кӛктемнсн  қалған  сүр  бар.  Ақ  мол. 
Қымыз,  саумал.  Сонда  да  бірдеңе  жетіспейтін  сияқты.  Мен  он  бес  жылдан 
бері  анда-санда  ғана  үзіп  тататын,  мүлде  жоқтамайтын  нан  емес.  Құрт-май, 
ірімшік, қатық деген сияқты дәмдер. Жылқы сүті ірімейді екен. Оның үстіне 
қымыз ішіп жүріп қымыз сағындым. Сары  -Арқаның, Сарысудың үйірілген, 
қою сары қымызын. Бетпақтың шӛбі бӛтен, бие сүті сүйық әрі кӛгілжім түсті. 
Әкей  ас  жеткілікті  болса  да,  менің  қарбытып  тоя  алмай  жүргенімді  андаса 
керек,  қоныс  іргесі түгел  белгіленіп,  үш  бӛлме  қабатынан  ойылып,  ортаңғы 
үй тізеден тӛмен түскснде тағы бір жылқы сойды. Менің сараңдығым ұстап 
еді,  "Балам,  Қарынбайдың  заманы  ӛтті,  бәрібір  байымаймыз",—  деп 
ризашылықпен  күлген  де,  шаруасын  ӛзі  жасаған.  Дӛненнің  тӛрт  аяғын 
ілгіштей матап, жалғыз ӛзі -ақ жығып салды, бата жасады да, келініне басық 
тартқызып қойып, бір-ақ орып қорқырата бауыздап, терісін сыпыруға кірісті. 
Жанымыз  түгел  дсйді.  Бес  бие  құлындады.  Жаудан  түсіріп,  бір  ӛзі  он  атқа 
татитын  жирен  айғырды  тағы  әкелдің.  Бұйыртып  жегізсін.  Құдай 
тыныштығын берсін. 
Бұйыртып  жегізді.  Тыныштығын  берді.  Жаз  ортасы  ауып,  бүкіл  дала 
отқа түскен табадай толықси қызған, кӛз кӛрім кӛкжиекті буалдыр, сұрғылт 
сағым  буған  кезде  текшелей  қазып,  тынымсыз  тереңдеткен  үйіміздің  бойы 
қол ұсынымнан асты. Сол кезде есіме түскен. Кӛксіген Есіл жоқ, мол арналы 
Сарысу  жоқ  —  моншасыз  калай  күн  кӛреміз.  Әрине,  қосымша  бейнет, 
қаншама  жұмыс.  Бірақ  кең  сарай  салып  жаткан  адамға  алақандай  монша 
деген не. Әкем мен әйелімнің ақылын алып, су құйып жібіттім. Тез қазылды. 
Енді  кешкі  салқын мен  түнгі  тоңазда  күндік  жердегі құмға  қайта барып,  үй 
тӛбесін  жабатын,  арқалық,  тіреу  болатын  сексеуіл  таңдадық.  Тӛрт  түйемен 
екі-үш  мәрте  қатынап,  керегімізді  артығымен  жеткіздік.  Күз  түсе  ұядай  үш 
бӛлмелі үй  моншасымен,  барлык жабдығымен  дайын  болды.  Енді не керек! 
Үй бар. Су бар. Мал бар. Басымыз түгел. Жарты дүниені топан басса да, бізге 
келер пәле жоқ. 

Sauap.org
 
 
92 
 
Шынымды  айтсам,  әуелде  кӛңілде  түйткіл  болды.  Қобалжу  болды. 
Қауіп-қатер  емес,  жалғыздық  жайы.  Рас,  біз  тӛрт  жанбыз.  Жүз  елу-екі  жүз 
мың,  бәлкім,  тӛрт-бес  жүз  мың  шаршы  километр  аймақта  тӛрт  -ақ  адам  . 
Қиналсаң  — кӛмек,  ауырсаң  демеу  күтпейсің.  Жер  әлсмде  бізден басқа  тірі 
пенде жоқ сияқты. Адам-Атаның ұжмақтан қуса да, талақ етпеген құдайы бар 
еді. Тұқымы құрымасына кепіл еді. Ал біз ше? Біз де құдайдан үміт үзгеміз 
жоқ.  Соншама  шытырманнан  бір  емес,  әлденеше  рет  аман  шығуымыз  да 
жаратқанның жебелеуінен. Алайда, жердегі Ібіліс (түпнұсқада Сатана — М.) 
күштірек  еді.  Қызыл  қанға  шомылған  Ібіліс  жасағы  сау  етіп  жетіп  келсе, 
сырттай  қанша  қоқиғанымызбен  жан  сақтау  қиынға  түспек.  Сонда  да 
алғашқы  күндерде,  алғашқы  болғанда,  үй  салып  біткен,  бұл  арада  екі-үш 
жыл, бәлкім одан да кӛбірек бой тасалауымыз мүмкін екенін анық түйсінген 
кезде кӛңілім қатты құлазыды. 
Робинзон  елсіз аралда жиырма сегіз жыл ӛмір сүрсе, ол  — кітап, қиял. 
Робинзонға сұлба болған, ӛмірде шын жасаған теңізші Селькирк тӛрт-ақ жыл 
тұрған.  Әлде  бес  жыл  ма.  Тӛрт-бес  жыл.  Соның  ӛзінде  естен  айырылуға 
тақап,  жабайы  кепке  түскен.  Ал  кемесі  қирап,  мұхит  аралында  қалған  тағы 
біреулер айналасы бірер жыл ішінде адамдық бейнеден жаңылса керек. Бәрі 
де жалғыздықтан, адам — қоғамдық жәндік деседі. Бірақ пенденің тегі ортақ 
болғанымен,  табиғаты  әртүрлі  сияқты.  Селькирк  те,  басқа  европалыктар  да 
шулы  кентте,  құмырсқа  илеуіндей  быжынаған,  халқы  тығыз  мекендерде 
қалыптасқан жандар. Сахарада ӛскен, алты ай жазда кең далада — жайлауда, 
алты  ай  қыста  ақ  қар  басқан  иенде  —  оңаша  қоста,  алыс  отар,  шалғай 
мекенде  күн  кешкен  қазақ  қандай  аралға  тастасаң  да  жалгызсырамас  еді. 
Сыпатай  мырза  да  Зағира  да,  тіпті,  менен  туған  кішкентай  Жансалқам  да 
оңаша  калдық-ау,  иенде  тұрмыз-ау  деп  жабыққан  жоқ.  Қайта,  куанышты. 
Күнәсіз сәбиіме, кӛнбіс әйеліме, бізден басқа панасы жоқ жетім әкеме қарап, 
мен тағы да тәубаға келдім, шүкіршілік айттым. Екі жыл емес, үш жыл емес, 
жиырма,  отыз  жыл  осы  Кӛкжайлауда  отырамыз  деп  ӛзімді  сендірдім, 
кӛңілімді бекіттім. Сол күннен бастап ӛмір сүру жеңілдеді. 
Екі-үш  жыл  емес,  мұндай  аз  ғана  мерзімде  заман  оңалмасын  ӛзім  де 
білгем, жиырма-отыз жыл да емес, оған менің ӛмірім жетсе де, басқалардың 
ӛмірі,  тӛзімі  жет  педі  —  тура  он  алты  жыл  мысыр  еттік  берекелі,  кенішті 
Кӛкжайлауды.  Елу  жылдық ұзақ  ғұмырымдағы  ең  бақытты  күндерім десем, 
қателеспеспін.  Рас.  Университетте  оқыған  әуелгі  жыл...  Қатер,  күрес 
алдындағы  кезең,  ӛз  жайымды  емес,  Ел  жайын  (бұралаңды,  ұзак  ӛмір 
жолында  ӛз  басына  пана  таппаған  қашқын  бір  кезде  құдіретті,  ұланғайыр 
Россия  империясының  болашағы  үшін  күресіпті  деп  ойлаудың  ӛзі  қандай 
күлкілі...)  кӛбірек  ойлаппын.  Бұғаудан  босаған,  ӛліп  тіріліп,  тыныштықта, 
байлықта күн кешкен заманда арттағы ескі жұртымды ұмыта алмаппын, сол 
сойқанды,  қанды  майданға  кайта  кіруді  армандап,  дүниенің  бар  даналығын 
игердім  деп  ойлайтын,  бірақ  бүкіл  әлемді  апатты  халге  жеткізген  ақ  жүзді 
қауыммен қайта табысудан үміт үзбеппін — кӛңілде түйткіл, жүректе жара, 
ниетте жарықшак бар екен. Шын бақытты арғы жұрттан біржола безіп, бергі 

Sauap.org
 
 
93 
 
жұрттың қалың ортасына сия алмай, жан сақтау, қайткенде де тіршілік нәрін 
үзбеу  амалына  түскен...  сол  амалдың  іске  асуына  септескен  кең  даладан  — 
құс ұшпас, қарсақ жортпас, сусыз, тұлдырсыз Бетпақтың шӛлінен тауыппын. 
Ештеңе де керек емес екен маған ол күндерде. 
Күзгі  салқын  соққанда  киіз  үйді  жығып,  тамға  (жертӛле  деп  айтуға 
қимаймыз,  сыңғыраған  кең  сарай)  кӛштік.  Бірақ  шаруа  біткен  жоқ.  Қайта, 
қыс  жақындаған  сайын  кӛбейе  түсті.  Тӛрт  түйені  қатар  артып,  құмнан 
сексеуіл  тасыдық.  Отынға  ғана  емес.  Желекті  жас  шыбықтан  шарбақ  тігіп, 
ықтырма  тұрғыздық.  Тӛңіректі  шалып,  оты  мол,  бұталы,  қалқалы  жерлерді 
белгіледік.  Қыс  түскенше  бар  дайындығымызды  тәмамдап,  тӛрт  тарабымыз 
туралы толық мағлұмат алдық. 
Бетпақтың  қысы  жылы.  Қазақ  май  тоңғысыз  дейді.  Яғни,  май 
қатпайтындай  жұмсақ  деген  сӛз.  Қар  жұқа.  Кӛбіне  аттың  шашасынан  оза 
қоймайды.  Біз  тұрған  соншама  жылда  екі-үш-ақ  рет  қалың  жауып,  тізеден 
асты.  Бірақ  тез  ериді.  Қыстың  қақ  ортасында-ақ  жусандары  қарайып, 
бүйырғыны  мен  раңы  бозара  сояуланып,  теріскен,  түйесіңір  мен  итсигек 
күреңіте  бусанып,  бүкіл  дала  тенбіл-теңбіл,  ойдым-ойдым,  ӛзгеше  түрге 
енеді.  Мал  тебіндемей  жайылады.  Ылғал  мол.  Кейде  жел  тұрып,  жаяу 
борасын  жүріп  кетуі  мүмкін.  Қыс  оқыс  қатайып,  аяз  шамамен  жиырма, 
мүмкін, отыз градусқа тақап калатын күндср бар. Бірақ кайтымы тез. Малға 
да, жылы киінген адамға да қатері жоқ. Жайлы. Шаруаға жайлы. Бетпақтың 
күні  шақырайып,  шӛбі  қураған  аңызақ  жазынан  жер  аягы  кеңіген  ылғалды 
қысы артық еді. Бірақ ең жақсысы — кӛктем. Кӛктем кайда да әсем ғой, әйтсе 
де Бетпақтың кӛктемі айрықша нұрлы. Ӛзім кӛрген алғашқы кӛктемде баска 
бір әлемгс енгендсй, сүйсіне мейірленгем. Ӛтксн жазда қаңсып, қурап жатқан 
жалаңаш  дала  мүлде  ӛзгеше  кейіпке  кӛшкен.  Наурыз  тумай-ақ  қар  сӛгіліп, 
қоңыр күрең, ақтаңдақ алаңқайлар бір-ақ күнде желекті мақпал жамылды. Үй 
іргесінен басталған жасыл кілем кӛкжиекпен астасып, бүкіл әлем қайта туған. 
Мен ғайыптан ӛсіп шыққан жатаған, желекті, сояулы — түрлі кептегі әрқилы 
шӛптің  бір  талын  жұлып  иіскеуге  де  қолым  бармай,  жер  бауырлап  жата 
кеттім.  Топырақ  сыз,  коңыржай.  Бусана  толқын  түр.  Кӛк  атаулы  кӛкіректі 
кере  жұпар  атады.  Жайлап  басып  әкем  келді  қасыма.  "Мынау  —  жусан,— 
деймін.— Ал мынау не шӛп?" "Бұл — ажырық деген. Жылқының асы". "Ал 
мынау  "Мысық-құйрық".  Шынында  да  мысықтың  құйрығына  ұқсас.  Жер 
бауырлап,  шұбатылып  жатыр."  нәрлі  шӛп,—  дейді  әкем.—  Бұйырғынды 
білесің. Жапақ, тарлау, беде, тітір деген шӛптер де жылқыға жерік ас. Малды 
жақсы семіртеді. Мына тұста тәуір ӛсіпті. Анау ойда — қалың сораң. Қарасы. 
Қызыл сораң да ксздеседі әнеу бір тұста. Мырза сораң дегені де бар. Мырза 
аталатыны  —  жеуге  жарамды  дәні  бар,  таршылық  кезде  үгіп,  тамаққа 
пайдалануға  болады".  "Тағы  не  бар?"—  деймін.  "Кӛп  қой.  Қоянжын, 
түйеқарын,  шығыр,  күйреуік,  балықкӛз,  сіңбірік,  ақшотау,  сіркеқара, 
коңырбас... Құдайдың жан иесі мал атаулыға арнап жаратқан шӛбінде қисап 
бар  ма..."  "Соның  бәрі  ӛсе  ме  осы  Бетпақта?"  "Бетпақта  ӛсетіндерін  ғана 
айтып  тұрмын  ғой,—  дейді  әкем.—  Майсалы,  нулы  жерде  тудым,  шӛл  мен 

Sauap.org
 
 
94 
 
қырдың жайын кӛп біле бермеймін". "Жейтін... адам жейтін шӛптер бар ма?" 
Әкем  күлдІ.  "Шӛп  жеп  орыс  боп  кетіппіз  бе?.."  "Жаңағы  мырза  сораңды 
айтам..."—  дедім.  "Иә,—  деді  әкем  беті  шалбарлана  әжімденіп.— 
Шәушымылдық  болмаса...  Тамыры.  қызғылтым  түйінді,  кішкентай  бұта. 
Бірақ  кӛрмедім.  Ал  құмда...  Құмды  коныстанған  адам  аштан  елмейді.  Кӛсік 
деген,  жаужұмыр  деген  бар.  Тамырлары  жер  бетіне  тақау,  бірер  қарыстан 
шығады,  сопақша,  ұзыншақ.  Кіршілдек,  қышқылтым,  ӛте  нәрлі.  Содан  соң, 
қоянтобық деген жеміс. Жаңағыдан тереңіректе жатады, екі қарыстай жерде, 
домалақ,  бармақтай,  бармақтай.  Иә,  сосын...  мондалақ...  Бұл  —  кӛк  сабақ 
сары  гүл,  тамыры  түйенің  құмалағындай,  домалақ,  түрі  қоңырқай 
болғанымен, дәмі сүйкімді. Мұны ешқашан кӛргем де, жегем де жоқ, әкеміз 
айтып отырушы еді, баяғыда ел Арқадан Сырға кӛшеді екен, шӛлді басады, 
құмнан асады, сонда тәттілеп, ащылап жеп жатушы едік деп... Ойлап тұрсаң, 
тоқтық пен аштықтың жерігі бір екен..." 
Соңынан  әкем  айтқан  нәрлі  тамырлардың  кейбірін  жеп  те  кӛрдім. 
Аштықтан  емес,  тоқтықтан.  Кейінірек  арнайы  шығып  та  әкеп  жүрдім. 
Еріккеннен,  жұмыссыздықтан.  Мүмкін,  дәм  алмасу  үшін  ағзамыз  тілеген 
шығар. 
Қайткенде  де,  кішкентай  Жансалқам  әкесі  базардан  оралғандай 
қуанатын. Ылғи ет. Ылғи сүт. Не пісәс, не басқа тамақ жоқ. Бауырсақ тауып 
беріңдер  деп  қырсығады.  Ӛткен  жылы  ма,  арғы  жылы  ма,  бауырсақ  жегені 
еміс-еміс есінде. Немесе естігенін айтады. Бауырсақ. Шелпек. Құрт. Ірімшік. 
Тауып бере алмаймыз. Ӛзімізді кінәлі санаймыз. Мондалақ, кӛсік қазып әкеп 
алдаймыз. 
Баяғыда,  бала  кезімде  естіп  едім.  "Халық  аштан  қырылып  жатыр,  нан 
болмай",—  дегенде,  корольдің  қызы:  "Онда  неге  тоқаш  жемейді?"—  депті. 
Қазақшаға кӛшірсек, "Ет таусылса, неге май жемейді?" болып шығар еді. Ет 
таусылған  жерге  май  қайдан  келмек.  Нан  мен  тоқаш  әуел  бастан  жоқ.  Бар 
ӛмірі мал сүмесіне қараған ел. Мал кетсе, тамыры тартылған бұлақтай, елдің 
бүкіл  тірлігі  суалмақ  екен.  Біз  Кӛкжайлауға  қонғаннан  соңғы үшінші  жылы 
бар малы қолды болган бүкіл қазақ халқы аштан қырылды. 
Мексика  мен  Перуді  жаулаған  конкистадорлар  заманы,  тарихында 
мұндай сұмдық болған емес. Кортес пен Писарро адам қанын судай ағызды, 
одан  соңғы  Альфингер  мен  Ордас  сияқты  келте  қарақшылар  түземдіктерді 
бестеп,  ондап,  жүздеп  аулады,  қолы  ұзын,  қарпымы  кең  Алмейда  мен 
Альбукерки  жер  шарын  қақ  бӛліп,  теренңен  тартқан  елу  жылдық,  жүз 
жылдық  жоспарлар  жасады  —  нәтижесінде  айналасы  екі-үш  ғасырда  мұхит 
айдынындағы алақандай аралдарың не, жер шарының жарымын алып жатқан 
алып құрлықтар ӛзінің байырғы иелерінен тазартылып, ӛміршең де жеңімпаз 
нәсілдің  мәңгілік  мекен  -тұрағына  айналды.  Оқ-дәрісі  жоқ,  темір  текті 
жарақтардан  ада,  тым  құрса  ат  мініп  үйрснбсген,  жалаңбұт  тайпаларды 
(Станислав-Стамбек  бұл  арада  аз-маз  қателесіп  отыр,  кейінгі  орта 
ғасырларда,  отарлық  экспансия  кезінде  мағлұм  болған  батыс  құрлық 
халыктарының  кӛбінің  мәдениеті  жоғары,  кей  реттерде  Европалықтардан 

Sauap.org
 
 
95 
 
артық  еді,—  М.)  жою  үшін  нендей  амал  қолданбады  дейсіз:  басын  шапты, 
дарға  тартты,  отқа  жақты,  итке  талатты,  шӛлге  қуды,  ауызсуларын  улады, 
ӛздерінің озық үлгілі мерез бен  соз, ШЕШЕК пен алапес сияқты ауруларын 
жұқтырды  —  не  істемеді  —  ақыл-ойын  да,  қулық-сұмдығын  да,  ғылым-
білімін  де  қалтқысыз  жұмсады,  аянған  жоқ,  сӛйтіп,  ақыр  түбі,  екі  жүз  жыл, 
үш  жүз  жыл  дегенде  мұраттарына  жетті  —  топырақпен  бірге  жаратылған, 
мыңдаған жылдар бойы бақытты тұрмыс кешіп жатқан, ұшан мұхиттың арғы 
жағындағы  асыл  нәсілге  қастандық  ойламақ  түгілі,  олардын  бар-жоғынан 
бейхабар  қаншама  халық,  неше  миллион  жан  —  әйел-еркегі,  шал-кемпірі, 
бала-шағасы  —  тұқым-тұяғымен  жер  бетінен  аласталды.  Ғайыптан  тірі 
қалған  жеке  топтарын  құл-құтан  қылып,  борыштар,  кіріптар  қылып  қойды. 
Неткен  тартыншақ,  жұмсақ,  әрі  топас  жұрт  бұл  испандар  мен  португалдар, 
ағылшындар мен голландтар — бүкіл Батыс Европа жамиғаты! Қаншама күш 
жұмсаған,  оншақты  ұрпақ  ғұмырына  созған.  Ал  біздің  қызыл 
рсволюционерлер  —  менің  ағайындарым  —  қазақ  сияқты  дарқан  халықты, 
бай халықты, кең ӛлкені мекендеп, кенеусіз ӛскен арда халықты бір оқ атпай, 
бір тамшы қан шығармай, жалгыз-ақ жылда жусатып салған! "Белдеуде бұзау 
қалмасын,  кӛгенде лақ  калмасын!"  деген  коммунистік  ӛршіл  ұранмен  қолда 
барын тегіс сыпырып алған соң, бар тіршілігі малға ғана қарап тұрған халық 
бестеп -ондап, елулеп-жүздеп емес, жүз мыңдап, миллиондап қырылмағанда, 
екі  ғасыр,  үш  ғасыр  бойы  шегін  шұбатып  жүрмсй,  бір-ақ  жаз,  бір-ақ  қыста 
тегіс  жер  жастанбағанда  қайтсін!  Жасасын  заманымыздың  акыл-ойы,  ар-
намысы,  данышпандардың  данышпаны,  күштілердің  күштісі,  тереңдердің 
тереңі,  ірілердің  ірісі  —  туысқан  бауырымыз,  әке-шешеміз  кәмӛнес-
балшабектер  партиясы!  "Ондай  партия  бар!"—  деген  екен  ұлы  кӛсем.  Бар 
екен. Бір-ақ күнде тӛңкерді де тастады. Шіріген буржуазиялық парламентке, 
т.б.,  т.с.с.  тәртіп,  низамға  пысқырған  да  жок..  Тӛтенше  билік  тілеген 
құрылтай  делегаттарын  қойдай  қуып  таратты.  Жаса,  Владимир  Ульянов-
Ленин!  Ақ  генералдардың  бірін  біріне  соқты,  Жаса,  Лейба  Бронштейн-
Троцкий!  Содан  соң...  кӛмекші  болған,  жебеуші  болған,  тілеуші  болған 
ақымақтар  мен  ашықауыздардың  тобын  жойды.  Жаса,  Каменев,  Бухарин 
және  К.  Одан  кейін  бұлардың  ӛзі,  бұлардың  етегінен  ұстағандар,  етегінен 
ұстағандардың  етегінен  ұстағандар,  етегінен  ұстағандардың  етегінен 
ұстағандарға  жанасқандар,  етегінсн  ұстагандардың  етегінен  ұстағандарга 
жанасқандарды  кӛргендер,  е...  е...  е...  е...  жанасқандарды  кӛргендерді 
танитындар, кӛргендерді танитындар туралы естігендер, е... е... е... е... к... к... 
к...  естігендер  туралы  естігендер,  естігендерді  кӛрмегендер,  кӛрмегендерді 
білмегендер...—  тегіс  ӛздеріне  лайық  сазасын  алды.  Жаса,  ұлы  Сталин! 
Соның  бәрі  кімнің  соры  десең,  соның  бәрі  ең  алдымен  біздің  сорға  — 
қазақтың  сорына  болып  шықты.  Жүз  адамның  жетпісі  ӛлсе  отызы  қалады, 
отыз жыл ӛтпей қайтадан жүзге толады. Он адамның жетеуі кетсе не калады? 
Қаншама  заманнан  соң  ортасы  толады?  Кеше  ӛзінен  еңсесі  тӛмен  тұрған 
тоғыз  —  тоқсанға  ілініп,  толықсып  отырғаңда,  ендігі  жүз  болатын,  ұзамай 
мың болатыны шалқып дәурен сүретін кешегі онның сарқыншағы  — аштық 

Sauap.org
 
 
96 
 
тозағы,  ождан  тамұғынан  ӛткең,  жетім-жесір,  қорқақ-жалтақ  үшеу  бұрынғы 
санына жете ме, жетпей ме? Жетсе, баяғыдай жүре ала ма, әуелгі орнын ала 
ала  ма?  XX  ғасыр  адамзатқа  апат  әкелсе,  сол  апаттың  ең  ауыр  салмағы 
қазаққа  түсіпті.  XX  темір  ғасырдағы  сырты  әсем,  іші  зәр,  аяр  да  жалған 
ұрандар  бүкіл  Россия  империясына  ӛлшеусіз  шығынға  түсер  ең  үлкен 
шығынды  қазақ  кӛтеріпті.  Коммунизмге  жеткен  осыншама  бақыты  үшін 
кімге рахмет айтуы керек бұл халық? Әлбетте, менің әулетіме. Әлемді қайта 
құрмақ  болған,  сол  үшін  қарақшылық  жолға  түскен  мына  маған!  Дүниеден 
баз кешіп, иенге ұмтылуым — жан сақтау амалы ғана емес, құдаймен кӛңілде 
тілдесер, риясыз кешу сұрар оңаша тыныштықты аңсау да болса керек. Мен 
ӛз  күнәмді  бұрын  да  білгемін.  Бірақ  мұншама  дәрежеде  қылмысқа  баттым 
деп ойламағам. Мен! Мен сияқтылар! Менен гӛрі жолды, яғни, бастаған ісін 
аяғына  жеткізген  мыңдаған  бейбақтар.  Социал-революционер.  Социал-
демократ.  Октябрист,  кадет.  Максималист,  анархист.  Оңшыл,  солшыл. 
Меньшевик,  большевик...  Бәрінің  тӛбесінде  тау  кыраны  —  мұртты  гүржі 
тұрыпты. Бәрі де соған қызмет еткен. Соған қызмет еткен болып шықты ақыр 
түбіңде...  Бұл  —  енді  ғана,  бұрынғы  ана  тілімдегі  "БК(б)П  тарихының 
қысқаша  курсын"  оқып  шыққан  соң  түйген  ойым.  Ал  сол  бір  күндерде... 
Буын-буынымнан әл кетіп, тӛсек тартып жатып қалдым. Жас тӛгіп жылағам 
жоқ. Ашу шақырып қарғыс та айтпадым. Ет-жүрегім езіліп, үнсіз зар тұттым. 
Ата-бабамның ӛскен елі, ӛзімнің бауыр басқан жұртым, жалғыз перзентімнің 
туған ұлты — жүздеген жыл бойы кең даланың кӛркі болған мәрт халықтың 
жер  бетінен  кӛшкен  талайсыз  тағдырын,  азаладым.  Бүл  күнді  кӛрмесем 
керек-ті,  бұл  кепке  жетпесем  керек-ті.  Тӛңкерістен  соңғы  кезеңде  когам 
ӛміріне бел шешіп араласуым жӛн екен. Ак патшаға қарсы шыққан, каторгаға 
айдалған  деген  атағым  бар,  екі  тілге  бірдей  жетікпін,  сауатым  жоғары, 
кӛргенім  кӛп,  ел  басқару  ісіне  ат  салысу  қажет  еді,  жоғарыдан  арнайы 
шақырулар  келгенде,  ауыл  арасына  шыққан  комиссарлармен  жүздескенде 
ұсынып  отырған  жұмыстан  бас  тартпау  керек  еді,  мүмкін,  автономия 
кӛлемінде  болмаса  да,  белгілі  бір  аймақта  тәп-тәуір  мансапқа  жетсем, 
жұртымның басына түскен ауыртпалықты аз-маз жеңілдетуге, бәлкім, кейбір 
зауалдардың зәрін қайтаруға себім тиер еді. Бас сауғалаудан аспаппын. Жаңа 
тәртіптің  жаршысы  болмай-ақ  қояйын,  партиясына  кіріп,  қанды  шелекті 
жаламай-ақ қояйын, атқамінер әкім, тым құрса, губерниялық кеңседе тілмаш 
болып  жүріп  те  кӛп  игілікке  ұйтқы  болар  ем...  Аз-маз  ес  жиып,  ой 
тоқтатқанда  мұның  бәрі  бос  далбаса  екеніне  кӛзім  жетті.  Ақылдың  кемдігі, 
танымның  үстірттігі.  Құдай-ау,  эсэр  емес,  тіпті,  меньшевик  те  емес, 
большевик  болғандардың  ӛзі  оққа  ілініп  жатқанда,  курс  тәмамдамаган 
студент  қайда,  ғылымды  түгескен,  ізгіліктен  басқаны  насихаттамаған 
профессор  Ақ  теңізге  айдалып  жатқанда,  мені  болыстық  не  губерниялық 
кеңседе екі күн аман отырғыза ма! Әуелі жазалаушы отряд, кейін азық-түлік 
жинайтын жасақ құрамында елді қасқырдай таласаң, бейбіт күндерде кешегі 
қандышелектердің  ӛзін  қан  қақсатқан  арызқой,  жалақорға  айналсаң,  немесе 
құпия  полицияға  тыңшы-үндемес  болсаң  —  тіршіліктен  аз-маз  үміт  бар. 

Sauap.org
 
 
97 
 
Әйтпесе...  14-жылы  қазылған  кӛрің  қаншама  мәрте  жаңартылғанын, 
тереңдеп, кеңи түскенін, тартқыш, тапқыш қасиетке жеткенін білсең керек! 
Буыным  бекіді.  Үйелменімді  қуантып,  орнымнан  тұрдым.  Бірақ  ішім 
қуыс еді. Бауырым езіліп, жүрегім шымырады да тұрды. Сұмдық еді. Әкейдің 
алып келген хабары сұмдык еді. Адам сенбейтін. Бірақ айна қатесіз ақиқат. 
Біз жатқан жеріміз қанша тыныш болса да, бар қажет ӛзімізден табылса 
да,  қалың  елмен  катынаспай  тұра  алмадық.  Ең  ауыры  —  белгісіздік  екен. 
Мүмкін,  жаңа  тәртіп  құлаған  шығар.  Әлде,  НЭП  кезіндегідей,  қиялап 
тартатын, адамдыққа сыйымды тағы бір саясат ойлап тапты ма. Қалың ел не 
болып жатыр. Әкейдін жүйкесі берік. Мен әуелден саяқ жаратылған жанмын. 
Зағира  бар  бақыт  ошақ  басында  деп  санайды.  Жансалқам  ес  білгеннен 
жалғыз  жүріп,  жалғыз  ойнап  үйренген,  желідегі  құлыннан  басқа  серік 
іздемейді.  Әйтсе  де  белгісіздік  жегідей  жеді.  Ақыры,  жаңа  тұрмыстың 
үшінші  жылы  ат  ерттедік.  Бір  ат.  Жол  менікі  еді.  Алайда  кӛкем  рұқсат 
бермеді. Балам, кӛзге түсіп каласың деген. Мен байқап жүретінімді, бейсауат 
кӛзге шалынбасымды айта бастап едім, сырттан бақыламай, жұртпен сӛйлесу 
керек  деді.  Сонда  ғана  түйсіндім.  Баягыдай.  Қанша  қазақпын  десем  де, 
түрімді  жасыра  алмаймын  ғой.  Сӛз  мәнісін  ұққанымды  кӛрген  соң  әкем  де 
қысылып қалды. Мен қызарып кетсем керек. "Мұнда шаруа кӛп, мен малға ие 
бола  алмаймын,  оның  үстіне,  кім  біледі,  жалғыз-жарым  адасқан  қары-
қарақшы  үстімізден  түсіп  жүре  ме..."—  деді  кӛкем  күмілжіп.  Немересінің 
бетінен сүйіп, үнсіз аттанып кетті. Ажал кӛлеңкесі ұялаған Сорбұлаққа емес, 
тура түстікке тартқан. Айтқанындай, оншақты күннен соң аман-есен оралды. 
Кӛлігі  тың,  ӛзі  де  ширақ.  Тек  жел  қағып,  қарайған.  Шӛлден  бе,  жолдан  ба, 
түтігіп  кеткен.  Аттан  түсіп,  сусын  ішіп,  Жансалқамды  алдына  алып,  аяқ 
жазған  соң  ғана  күрсіне  тіл  қатты.  "Қырылып  жатыр!.."  Ӛзен  бойы  ӛліктен 
кӛрінбейді дейді. Аштықтан бұратылған, ісіп-кепкен адамдар,— басқа емес, 
қазақтар,— шұбырып, Қаратауға қарай кетіп жатыр. Онда да аштық дейді. Ел 
Сырға  ауған,  Сырда  да  аштық.  Аяғында  әлі  бар  тірі  жан  атаулы  бір  жағы 
Шуды  ӛрлеп  қырғызға,  бір  жағы  таудан  асып,  шӛлді  басып  Тәшкен, 
Самарқанға  ӛтуге  тырысады.  Сӛз  ыңғайына  қарағанда,  қырылып  жатқан 
Қазақстан  ғана.  Онда  да  басқа  емес,  қазақ.  Шет  жұрттар  жиналған  қалалар, 
қарашекпендер орныққан селендер дін аман... 
Тамақтан  түйір  ӛтпеді.  Бірақ  алдында  ас  тұрған  адам  аштан  ӛлмейді 
екен.  Жүрек  күпті,  кӛңіл  үрейлі  болса  да,  қажетті  тіршілік  қамын  жасай 
бердік.  Су  сүзіп,  тау  кезіп  жүріп  нәр  тапқан,  ғайыптан  тірі  қалған  қазақ 
атаулыны  біржола  жайпап  ӛту  үшін  келгендей,  33-жылға  қараған  қыс 
каһарлы болды. Алдағы малдан айырылсақ, біз де қалған жұрттың соңынан 
кетеріміз анық еді. Қысқы соғымға екі күр атты катарынан сойдық та, қалған 
жылқыны,  тӛрт  түйеге  қосып,  Жетіқоңырдың  құмына  айдадық.  Кәдімгідей 
қос  тігіп,  әкеміз  бел  шешпей  тебін  күзетті.  Қасқыр  жоқ,  сірә,  малы  кеткен 
қазақпен  қоса  қырылса  керек,  бірақ  мына  тұлдырсыз  кенде  жылқыдан  кӛз 
жазуға  болмайтын.  Мен  тӛрт  күнде  бір  қатынап  тұрдым.  Екі-үш  рет 
алмастырып,  орнында  қалғанда,  мұндай  ауыр  шаруаға  біздің  әкей  сиякты 

Sauap.org
 
 
98 
 
сүйегі  асыл,  ат  үстінде  туып,  мұз  тӛсеніп  ӛскен  дала  перзенттері  ғана 
шыдайтынына  кӛзім  жетті.  Тоғыз  биенің  бесеуі  құлын  тастап,  бір  түйеміз 
мертігіп,  сойысқа  түскені  болмаса,  ауыр  қыстан  аман  ӛттік.  Қақаған  аяз 
түгілі, жалындаған оттан, ақыр заман, қияметтен де аман шығарымыз белгілі 
болган. Мұным, әрине, күпірлік. Бірақ жер аяғы кеңіген соң, Шу бойына  — 
Ақжайқыннан түсіп, Жуантӛбеге дейін жүргенде қатар-қатар тігілген, қысқы 
боранда  да  шаңырағы  құламай,  уығы  шашылмай  аман  қалған,  бірақ  аппақ 
үзіктері борсып, қопсыган, иен қалған киіз үйлерден баска ештеңе кӛрмедім. 
Кейбіреулерінің  есігі  сыртынан  жабылған  екен,  ашып  қарауға  жүрегім 
дауаламады.  Былтыр  әкем  айтқан,  амалы  таусылған  жұрт,  шырқырап  кӛз 
алдында кетеріне шыдамай, балаларын үйге қамап, ӛздері аулаққа барып ӛліп 
жатыр  деп.  Әрине,  қараптан  қарап  ӛле  салмайды.  Тышқан  іздейді,  тамыр 
қазады, шабақ сүзеді — таба алмай, ала алмай қар астында, жар басында, су 
жағасында  демі  үзіліп  жығыла  береді.  Биыл  ӛзен  жайылып  тасыған  екен, 
қарға-құзғын,  қасқыр-қарсақтан  аман  қалған  сүйектер  казір  Ақжайкынның 
түбінде  тыныстап  тұнған.  Соның  ӛзінде...  шалғын  арасы  толған  қаңқа. 
Епетейсіз жығылған, бүріскен, құрысқан қалыптарында саудырай шашылып 
жатыр.  Жаңылмасам,  Қазақ  Ордасы  Шу  бойында  құрылды  деп  оқып  едім 
баяғыда, ӛзіммсн аталас туыстарымның бірі, атақты тарихшының енбегінен. 
Енді  сол  жерде  кӛмілгендей  кӛрінді.  Жалгыз  Шу  ғана  болса,  ер  қазақтың 
ӛкшесі ғана кетілер еді ғой, Сыр мен Ертіс, Есіл мен Жайық. — бәрі... бәрі де 
осы кепке ұшыраған. Ғаламат. Қазір ойлап тұрсам, әлемнің бес жүз жылдык, 
отарлау  тарихында  дәл  осындай  кең  кӛлемдс,  аз  уақытта,  мұншама  мінсіз, 
таза  жүргізілген  операция  жоқ  екен!..  Және,  орыс  коммунистері  ӛкімет 
басында  жүз  жыл  отырса  да,  олардың  мақтан  етерлік,  орнына  келген, 
тиянақты  жасалған  жалгыз-ақ  шаруасы  —  осы,  қазақты  тұқымымен  қыру 
жоспарын  ойдағыдай  жүзеге  асырып,  Европаның  оншақты  мемлекеті  еркін 
сияр байтак ӛлкені ӛз ұрпақтары үшін біржола босатып алғаны болса керек. 
Кең даланы қаптай ӛрт жапқанда қақ ортада ғайыптан бір түп ши аман 
қалатын.  Тірі  қалғандар  да  бар  болып  шықты.  Жүзден  екеу,  мыңнан  үшеу 
дегендей. Соның бірі Алмаш кемпір екен. 
Түр-тұлғасы ұсқынсыз әлдебір тірі жанның, ӛзеннен бӛлініп қалған таяз, 
қомша  суды  жалдай  кешіп  жүргенін  анадайдан  байқағам.  Жақындап 
келгенде, жағада екі кішкентай бала ойнап отырғанын кӛрдім. Ал су кешуші 
— қобыраған аппақ шашы білте-білте, үсті-басы ӛрім-ӛрім кәрі кемпір екен. 
Мен  қатарына  жеткенде  құмда  отырған,  қарындары  қампиып  кеткен, 
шаштары ӛскен, жас шамалары үш-тӛрттердегі қалқанқұлақ екі бала кӛздері 
бақырайып,  таңырқай  қарады.  Тізеден  су  жалдап,  еңкеңдеп,  әлдене  сүзіп 
жүрген кемпір, ел кӛрмей, жан кӛрмей келе жатқан кӛк азбан екі балаға карап 
оқыранған  кезде  ғана  мені  байқады.  Шошып  кеткен.  "Ассалаумағалей-күм, 
апа!"— дедім мейлінше сыпайы дауыспен. "Ойбай кӛтек! Орыс па десем... 
Ноғай  ғой.  Мұсылман  екенсің  ғой..."—  деді  кемпір  жүрегін  басып. 
Асығыс,  қимылмен  қылтадан  жоғары  түрілгсн  етегін  түсірді.  "Е-е,  апа, 
орыстан  кӛргсн  бір  қорлығыңыз  бар  ғой?"—  дедім.  "Жоға,  шәрде  болмаса, 

Sauap.org
 
 
99 
 
орыс  қайдан  келсін  мұнда.  Мен  білген  орыстың  бәрі  адам  сияқты  еді. 
Жамандығын  кӛргем  жоқ".  "Онда,  казактан  кӛрген  жаксылыгыныз  бастан 
асты гой..." Кемпір алақанының сыртымен мандайын сүртіп, күрсінді. Маған 
қадала  карады.  Кӛзі  адырайған,  ұшқынды,  ӛткір,  жағы  сорайған,  бет-аузы 
шалбар-шалбар, қолы қап-қара күс, үстіндегі сауыс-сауыс мақпал қамзол мен 
қандай матадан тігілгені, әуелгі ӛң-түсі белгісіз, бой-бойымен сӛгілгсн пара-
пара қоңыр кӛйлек иығына әрең ілініп салбырап тұр. "Шырағым, тамағы тоқ, 
уайымы  жоқ  адам  сияктысың.  Бірақ  не  белсендіге,  не  кепеуге  ұқсамайсың. 
Кӛктен  түстің  бе,  жердсн  шықтың  ба.  Кім  қырса  да  қырылды  алаштың 
баласы.  Ӛз  басым  үшін  емес,  мына  екі  жетімек  немерем  үшін  жүрмін. 
Асығыс  болмасаң,  қайыр  жасап  аттан  түс,  мына  сүзгінің  бір  жағын  ұстап 
жібер. Балық сүземіз..." 
Сүзгісі  бір  кездегі  ақ  шаршы  болса  керек,  ұзындығы  құлашқа  жақын, 
сатал-сатал,  кырық  жамау,  ескі  шүперек  екен.  Балық  —  ең  үлкені 
шынашақтай  ғана,  кӛбі  қолға  ілінер-ілінбес  шабақтар  екен.  Кішкентай 
демесең,  жыпырлап  жүр.  Кемпір  ұсынған  шүперсктің  екінші  жақ  шетінен 
ұстадым.  Бір  қолмен  жер  сызып,  жалдай  сүзіп  келеміз.  "Иә,  алла,  бергеніңе 
шүкір,—  дейді  кемпір  күбірлеп.—  Ризығыңды  тауыспа.  Екі  жетімді  жеткізе 
гӛр... Ал, кӛтер!"— деді кенет. Кӛтердік. Суы сүзіліп шыққанда шүперектің 
ортасында  салынды,  балдыр  аралас  кӛп  шабақ  қалған.  Жағада,  екі  баланың 
қасында  сырты  қара  қожалақ,  ішіне  азгана  су  құйылған  кӛк  қауға  тұр  екен, 
кемпір  шабақтарды  соған  апарып  салды.  Екінші  қайыра  түстік.  Тәуірірек 
шықты. Үшіншіде мәз ештеңе ілінбеді. Содан соң қомша судың қарсы бетіне 
кӛштік. Не керек, он ба, он бес пе рет сүзгенде жарты шелек шабақ жидық. 
"Болды.  Ендігісі  ертеңге  қалсын.  Анау  жерде  тағы  бір  су  бар.  Балығы  кӛп. 
Бірақ бұдан гӛрі тереңірек..."— деді кемпір. 
"Бұл  қалай  болды?.."—  дедім  мен  жағаға  шыққан  соң,  шұлгауымды 
орап,  етігімді  киіп  жатып.  "Е-е,  мырза  жігіт,  айт,  айтпа  —  орнына 
келмейді,—  деді  кемпір.—  Тым  асығыс  болмасаң,  дәм  ауыз  тие  кет.  Мына 
балықты  біз  бүгінге  тауыса  алмаймыз.  Құдай  ертеңгі  ризығын  тағы  бере 
жатар".  "Шеше,  қалай,  мына  құрт  шабақтар  да  асуға  келе  ме?"  "Қазір 
кӛресің,—  деді  кемпір.—  Басқа  түссе  баспақшыл  деген.  Мен  үйрендім". 
Кемпір анадайдан, бұта түбінен салдыратып кесе, табақ және тайкылау темір 
шелек әкелді. "Міне, былай,— деді маған кӛрсетіп.— Шабақты алып, сығып, 
шегін  шыгарасың  да,  суға  шайып,  темір  шелекке  саласың.  Қазір, 
құлыңдарым, қазір... 
Мына  ағаларың  жақсы  кісі  екен,  екеулеп  тез  жасап  тастаймыз",—  деді 
мешел екі балаға қарап. Әлде әбден мәңгі кеткен бе, әлде қарындары тоқ па, 
бастары  қауғадай,  мойындары  қылқиған  екі  бала  сылбыр  қимылмен  тас 
қалап,  құм  құйып,  еріне  ойнап,  ӛз  беттерімен  отыр.  Біз  жұмысқа  кірісіп 
кеттік.  Кӛн  шелектен  шабақ  алам  да,  бас  бармақпен  желбезек  түбінен 
жылжыта  сығам.  Тарының  түйіріндсй  ғана  кӛкшіл  ӛті,  бидай  дәніндей  ғана 
торсылдағы  мен  жіптік-жіптік  ішек-қарны  ақтарылып  сыртқа  шығады. 
Ӛңшең  тоқ  балық.  Және  кӛп.  Кемпірдің  саусағы  епті,  мен  үшеу-тӛртеуін 

Sauap.org
 
 
100 
 
тазартқанша,  оншактысын  аршып  тастады.  "Сонымен,  шешей?.."—  дедім 
кемпірді әңгімеге тартып. Әрине, ас үшін емес, әңгіме үшін бӛгелгем. "Иә,— 
деді ксмпір терең күрсініп, Маган бажайлай карады.— Тілің таза екен. Осы 
сен шалақазақтар ішіндегі таза қазағы болып жүрме". "Рас",— дедім. "Туған 
жерің  қайда?"  "Туган  жерім  Есіл  еді.  Ӛскен  жерім  Сарысу".  "Онда  біле 
қсймассың",—  деді  кемпір.—  Анау  Ақжайқыннан  мына  Қамқалы  кӛлге 
дейінгі  жерді  еркін  жайлаған  Уыз  деген  мырза  болған.  Уыз  бай.  Мүмкін 
естіген  де  шығарсың.  Шеше,  шеше  деп  отырсың,  бүгінгі  түріме  қарама. 
Менің жасым сенен кіші болса керек, отызға жаңа іліндім. Алмаш еді менің 
атым.  Уыз  байдың  дәурені  жүріп  тұрған  кезінде  атағымды  естіп  айттырып, 
қырық,  жетіні  матап  беріп,  сонау  Созақтан  алған  сұлу  тоқалы  мен  едім, 
Бүлықсыған  он  алты  жасымда,  күні  кеше  ғана.  Менімсн  бірге  байдың  ақ 
отау-ына  құт  келді.  Сол  жылы  екінші  ұлы  Петірборға,  үлкен  оқуға  кірді. 
Түңғыш ұлдың қатыны ұл тауып, жақсы кӛретін жалғыз қызына баяғы Байзақ 
датқаның әулетімен құда болды. Уыз мырзаның жасы қырықтан жаңа асқан, 
атан  ӛгізді  құдықтан  тартып  шығаратын,  қайраты  кемел  шағы.  Мені  тоқал 
емес,  үлкен  келіндей  ерке  ұстады.  Айтып  айтпай  не  керек.  Уһ... 
Ауылымыздан  ойын-сауық,  жиын-той  арылған  емес.  Алаштың  жақсысы 
үйімізге  соқпай  ӛтпейді.  Орыстар  да  келетін.  Үлкен  ұлықтар.  Жиһанкез 
оқымыстылар.  Бұл  орыстардың  түрі  де,  мінезі  де  басқа  еді.  Кейінгілермен 
салыстырып айтам. Ӛңшең марғасқа. Сырбаз, сыпайы. Тіпті, тәкаппарлығына 
дейін  жарасымды. Бай-екеңнің  атын  атамайды,  "Мурза"  деп  қана  сӛйлеседі, 
мені  "Ханум"  дейді,  бірде  омырауы  толған  шен,  бет-аузы  толған  сақал, 
бірдеңе бірдеңені дейтін оқымысты ұлық қолымнан да сүйді. Міне  — мына 
қолымнан!—  Алмаш  қап-қара  кӛн  болып,  жарылып-жарылып  кеткен,  қу 
сүйек  қолын  кӛрсетті,  тырнағы  аз-маз  ӛскенімен,  саусақтары  салалы,  түзу 
екен.—  Ерке  болдым,  қызықты  дәурен  кештім,—  деді  Алмаш  сӛзін 
сабақтап.— Отызға толғанда он сегіздегі ӛңім сақталып еді... 
Тек...  нәресте  кӛрмедім.  Ӛзім  іштей  уайымдағанмен,  ешкім  кем 
санамайды, бәйбішенің балалары тегіс апалап тұрады, келіндерімнің етегінен 
ӛрбіген  сәби  түгел  менің  баурым-да.  Мен  түскен  жылы  оқуға  аттанган 
Әлижан  Петірбордан  демалысқа  келгендс  арнайы  сәлем  береді.  Тӛрт 
құбылам  түгел  еді.  Бір  мен  емес,  барлық  жұрт  шат-шадыман  болатын. 
Жарлы-жақыбай бар, малшы-жалшы кӛп, бірақ аштан ӛлген қазақ жоқ еді... 
Жаңа  ӛкімет  жеңді,  заман  бұзыла  бастады.  Бұрынғы,  маңдайы  кере  қарыс, 
сақалы қауғадай, жылы жүзді, ӛңі суығының ӛзі кісілікті, маңғаз орыстардың 
орнына ӛңшең  қару  асынған,  қылыш байлаған,  кӛздері  шақырайған,  түстері 
ызбарлы,  ӛз-ӛзінен  ашулы  басқа  бір  орыстар  келді.  Бұл  кезде  Орынборда 
үлкен  қызметте  жүргсн  Әлижан  мырза  алаш  азаматтарымен  бірге  қамауға 
алынғаны  туралы  хабар  жетті,  ізінше,  інісімен  сыбайлас  деп,  байдың  үлкен 
ұлын әкетті. Кӛп ұзамай қалқоз басталды. Қолдағы аз ғана мал түгел алынды. 
Ол  мал  ортада  тағы  тұрған  жоқ.  Ресейге  кӛмек  деп,  осы  ӛкіметті  орнатқан 
жұмыскерге  жәрдем  деп,  дүркін-дүркінімен  айдап  әкетіп  жатты.  Кӛгенде 
қотыр лақ қалмады. Соңда да жан бағуға болатын еді. Жұрттың сойып алған 

Sauap.org
 
 
101 
 
соғымы  бар.  Бұрыннан  жиған  құрт-майы  бар.  Мылтық  асынған белсенділер 
үй-үйді  аралап,  кебеже,  сандыққа  дейін  ақтарып,  қора  іргесінен  қырман 
басына  дейін  қазып,  тіске  басар  дәм  атаулыны  сыпырып  отырды.  Ақыры 
міне...  Ордалы  жұрттың  орны  ғана  үңірейеді.  Қаптаған  елден  карасын  да 
таппайсың.  Түгел  кетті.  Барымызды  шьшшымдап  аузына  тосқан,  ажа-лы 
жетпеген екі немере қалды. Жанымның сірілігінен мен қалдым..." 
Әжептәуір  отырдық.  Шабақ  бІтер  емес.  Қауға  ішінде  қарындары 
тырсиып,  жапырлай  тӛңкеріліп  жатыр.  Қол  сұқсаң  түбі  құрттай  қайнайды. 
Аршылып,  темір  шелекке  кӛшкені  онның  біріне  жетпейді.  Мен  жалығып, 
қажып  кеттім.  "Е-е,  жарар  енді,—  деді  заманында  қымыз  бен  шұбаттан 
басқаны  ішпеген,  қазы  мен  қартадан  басқаны  жемеген,  бір  кездегі  сүлу 
токал.— Мына, бетіяде жүргсн үлкснірск бес-алтауын аршысақ болды!" Жіті 
қимылмен  сәбидің  шынашағындай  ғана  шабақтардың  оншақтысын  бірінен 
соң бірін сығып, шетінен тазартты да, қалғандары қауға түбінсн қос қолдай 
сүзіп  алып,  темір  шелекке  түгел  кӛшірді.  Үстіне  жаңа  ғана  ӛзіміз  жалдагай 
судың шеткері тұнығынан тӛрт-бес ожауын әкеп құйды, шырт еткізіп шақпақ 
шағып,  күні  бұрын  жинап  койған  шӛпшсгін  тұтатты.  Ағаш  мосысы  да  әзір 
екен, шелекті лаулаган от үстіне ілді. 
"Қырық жыл қыргыннан да тірі шығатын ажалсыздар болады ғой,— деді 
Алмаш  аузы-басы  тобарсып,  отқа  шӛпшск  қалап  отырып.—  Аман  қалған 
қадау-қадау  кісілерді  жинап,  қайтадан  қалқоз  жасап  жатыр  дсйді.  Кеше 
тӛменнен  бір  топ  жаяу  ӛтті.  Үй  басы  мал  береді  дейді.  Кужак  Кәләшокін 
кетті, Стәлін білмепті, енді жұртты жарылқамақ. Тек қалқозга кірсе болганы. 
Кім сенеді. Қалған елді жинап алып, амалын тауып, тағы да қырғалы жатыр.  
Бірақ жан сауғалар жерің кане. Енді аяйтын нең бар. Мылтықпен келіп, 
айдап әкетіп жатса кӛрерміз. Әзір осы жерден бүйырған несібемізді жейміз. 
Анау тұста, жар астында күркеміз бар. Қысқа дейін қанша заман..." 
Шелек бұрқылдап қайнап, іші толған шабақ қуырған қарамықтай аппақ 
боп жарылып, шат-шәлекей  араласып жатыр. "Болып  қалды,—  деді  Алмаш, 
мен үңіле қарағанға, карны ашып отыр деп ойласа керек.— Енді сәл ғана..." 
Аздан  соң  шелек  оттан  түсті.  Ішіндегі  қайқия  бырысқан,  ішек-қарны 
жарылған,  түйіртпектене  бӛлінген  шабақтар  түбіне  тұныл,  қайнаған  су 
шымырлап барып басылды. Басылған кезде қарасам, беті кӛлкіген май екен. 
Кәдімгі май. Алмаш қалқи сүзіп, жарты кеседей сап-сары кегілжім май алды. 
Шелек  асылғанда  от  басына  келген,  үнсіз  телміріп  отырған  екі  немересіне 
жарты  қасықтан  ішкізген.  Содан  соң  агаш  касықты  кӛсіп  алып,  маган 
ұсынды.  "Алда  жарылқасын,—  дедім  мен.—  Ӛзің  іш.  Балаларыңа  сақта". 
Алмаш  майды  аузына  апара  берді  де,  кесеге  қайта  құйып,  қасық  басын 
жалаумен  шектелді.  Содан  соң  ботқа  болып  кеткен  шабақтарды  түгел  сүзіп 
алып, жеке ыдысқа салды. Қымыз ішетін үлкен шара аяқ екен. Ортаға тақау 
шықты.  Енді  жейтін  шығармыз  дегем.  Жемедік.  Алмаш  түйіртпек  ботқаны 
қасық  сыртымен  одан  әрмен  араластырып,  жаныштап,  майдалай  бастады. 
Кӛріп  отырмын,  аршылмағак  ша-бақтардың  ішек-қарны, жыны  мен еті қоса 
ұнталып жатыр. 

Sauap.org
 
 
102 
 
Ісіне тиянақты әйел сияқты, мұқият езіп болған соң, үстіне екі касық май 
құйып,  тағы  аралас-тырды.  Содан  соң  жер  түстес  қонырқай,  қою  ботқаны 
менің  алдыма  қойған.  "Жартысы  сенікі,  мырза  жігіт,—  деген.—  Сен 
болмасаң,  ширегін  де  ұстай  алмайтын  едім.  Жеп,  әлденіп  ал.  Шӛлдесең  су 
мол.  Ал  енді..."  Ӛзі  саусағының  ұшымен  шӛкіп  алып,  ұядағы  қарақанат 
балапандар сияқты аузын ашқан екі ұлды кезекпе-кезек жемдей бастады. Мен 
дүдәмал  кӛңілмен  аз  отырдым  да,  адал  асқа  қол  создым.  Дәмі  қышқылтым, 
соншалық  сүйкімсіз  екен.  "Балықтың  ӛтінен,—  деді  Алмаш.—  Залалы  жоқ. 
Мүмкін,  іштегі  уды  жоюға  пайдасы  да  бар  шығар.  Аз  болса,  түгелге  жуық 
аршитын едім. Ӛзің де асықтың. Ештеңе етпейді". Мен кӛңіл үшін тағы екі-
үш  түйірін  алдым  да,  кетпек  ыңғай  білдіріп,  етегімді  қақтым.  Қоржынымда 
бітеу  қазы,  майлы  жая,  тағы  қаншама  сүр  бар  еді.  Екі  аптаға  ӛлшеп  алып 
шыққам.  Бірдеңе  берсем  бе,  бермесем  бе  деп  ойланып,  тағы  аз  бегелдім. 
"Бізге  ештеңенің  керегі  жок,—  деді  менің  ойымды  сезгендей  Алмаш— 
Құдайдың кӛзі түзу болсын. Ал сен, жапан түзді жолдас қылған мырза жігіт, 
бұл  жақта  кӛп  бӛгелме.  Атың  да  мықты,  қаруың  да  сай  сияқты.  Бірақ 
ӛкіметтің кӛзіне түссең тегін жібермейді". "Олар да аштан ӛлмеп пе еді?"— 
деп  сұрадым.  "Аштан  ӛлген  белсенді  кӛргем  жоқ"—  деді  Алмаш,— 
Райкомың  да,  аткомың  да,  пүркорал-сотың  мен  кепеуің  де  бала-шағасы, 
шаңырақ-үйелменімен  тегіс  аман.  Ендігі  жалғанда  солардың  ұрпағы 
жасайды. Қанды жерде құзғын семіреді деп бұрынғылар бекер айтпаған. Сақ 
жүр.  Келген  жағыңа  қайт.  Бұл  елдің  ғайыптан  тірі  қалған  жақсы 
азаматтарына кездесе қалсаң, Алмаш сұлудың колынан дәм таттым дегейсің. 
Тірі екен, екі немересін қатарға қосу үшін ит етін жеп жүріп аман қалыпты, 
енді шабақ аулап, лай судан май сүзіп жүр дегейсің. Замам оңалса, дастарқан 
қайтадан  то-лып,  қарын  тойса,  тәубасын  ұмытпасын,  ел  бүлінген  шақта 
аштан ӛлген мың сан мүскінге дұға қыла жүрсін дегейсің. Саған да айтарым 
осы, мырза жігіт. Қайт келген жеріңе, пәлеге жолықпай түрғанда!.." 
Бірақ  мен  қайта  алмадым.  Қаралы  алқапты  жағалап,  тағы  екі-үш  күн 
жүрдім. Дала кезіп, аң, құс аулап, су бойлап балық ұстап, әлдебір себеппсн 
қор  сақтап,  ең  аяғы  ит  жеп,  тышқан  қазып,  әйтіп-бүйтіп  ғайыптан  аман 
қалған  біраз  адаммен  кездестім.  Аңдай  сӛйлескем,  Сарысудан  туыс  іздеп 
шыққан  жолаушы  болып  біраз  жӛнге  қанықкам.  Ақыры  арып-аршып, 
Кӛкжайлауға жеткенде, үрейленіп, уайымдап отырған катын-баламмен, қарт 
әкеммен  қауышқанда  Жерұйықты  (түпнұсқада  "Обетованная  земля"—  М.) 
жаңа тапқандай еркін тыныстап едім. 
Сырттан  қайыр  жоғын,  дүние  ойран  болып,  іргелі  елге  заманақыр 
орнағанын  білген  соң,  біз  тұйықтан  шығар,  ӛткенге  оралар  жол  кесілгеніне 
біржола тәнті болдық. Әкей де, мен де мәңгібақи осында қалатынымызға ден 
қойдық.  Айтпай  үғысқамыз.  Бізді  ендігі  әлеммен  жалғастыруы  мүмкін 
жалғыз-ақ  жіптік  бар.  Ол  —  қарындасым  Айсалқам.  Біз  әйтіп-бүйтіп  бой 
тасалап  жүргенде  Сарысудағы  басы  асау  барлық  тама  ойға  қарай  тӛгіліпті. 
Арқадағы  зорлықшыл  ӛкіметке  бой  ұсынбай,  Орталықтан  келген,  осы 
жүгенсіз заманның ӛзінің шегінен шығып, ойына келгенін істеген қаныпезер, 

Sauap.org
 
 
103 
 
зорлықшыл әкімді қосшыларымен бірге, тірідей кескілеп ӛлтірген де, бір-ақ 
күнде  түп  кӛтеріле  кӛшкен.  "Ескі  жұрттың  қасқыры  жеткен  жоқ,  жаңа 
жұрттың  касқыры  білген  жоқ"  дегендей,  арғы  ӛкімет  қуып  жете  алмай 
қалады,  бергі  ӛкімет  жаңа  тәртіп  орнатып  үлгермейді,  екі  ортада  әлейім-
тәлейім басталған. Әрине, олардың да барын сыпыруға кіріскен, бірақ ешбір 
есепке  енбеген,  орнығып  қоныстанбаган  жалпақ  жұрттың  біраз  малы  кең 
даланың әр тарабында қалып қойса керек. Тама дін аман, кӛп болса, жартысы 
ғана аштан қырылды дескен білетін адамдар. Сол тірі қалған жарым жұрттың 
ішінде біздің Айсалқам жоқ деп кім айтар. Үміт мол еді. 
Заман  азған,  адам  тозған  кезде  ең  үлкен  бақыт  —  бас  амандығы,  ең 
үлкен қуаныш — қарын тоқтығы десек, біздін бақыт — ӛлшеусіз, қуаныш — 
кенеусіз  екен.  Ӛмір  үйреншікті  арнаға  кӛшті.  Күн  озған  сайын  тіршілік 
жеңілейе түсті. Кӛңіл таза, уайым жок, жер бстіндегі алғашқы кісілер сияқты 
тіршілік  кештік.  Жұмыс  ауыр  болмаса  да  жеткілікті,  алданыш  мол.  Ӛмір 
қызық.  Мұндай  иендегі  оңаша  ғұмырды,  әдетте,  бірыңғай  күндер,  қалыпты 
тіршілік  деп  сыпаттар  сді.  Ал  біздің  бір  күніміз  бір  күнімізге  ұқсамастай, 
тіршілік те бай, сан салалы. Мен осы медиенде ӛткен соңғы он алты жылда 
аса  бір  мағыналы  ғұмыр  ксштім  деп  ойлаймын.  Іші-сыртым  бірдей 
тазарды.Ӛмір  мәнін,  замана  жайын  түсінгендей  болдым.  Ӛкінер,  қайрылып 
қарар  ештеңе  қалмаған.  Тағдыр  алда  қандай  сыбаға  тартса  да  реніш,  кейіс 
орынсыз.  Бәріне  ризамын.  Ӛйткені  мен  он  тоғызға  жетпей  үзілген  ӛмірімді 
жазмыштың  күшімен  қайта  жалғастырдым,  екі  емес,  үш  есе  ұзарттым.  Әке 
таптым,  жар  таптым,  бала  сүйдім.  Сондықтан  әр  күнім  қуаныш  еді. 
Кесірленер, қамығар ретім жоқ. 
Ерігер  жӛнім  тағы  жоқ.  Қазір  ойлап  тұрсам,  осы  таршылық  заманның 
ӛзінде  демалыстағы  адам  сияқты  болыппын.  Малдың  бар  бейнеті  әкенің 
мойнында. Үйдің бар шаруасы әйелдің қолында. "Адам тозаққа да үйренеді" 
деген  сӛз  бар  қазақта.  Яғни,  тағдыр  жазса,,  пенденің  кӛтермейтін  бейнеті 
жоқ. Әкем мен әйелім бәрін кӛтерді. Ӛздері үшін ғана емес, мен үшін, менің 
жалғыз қызым үшін... Бұл да істің бір жағы ғана болар. Қазақ шалы мен қазақ 
әйелі  ӛ  здерінің  мың  жылдық  дәстүрінен  оза  алмаган,  ата-бабаларынан 
қалыптасқан табиғи мінезін, адамдық шартын сақтаған. Сондықтан да бейнет 
астында жүрміз, қиындық кӛріп жатырмыз деп ойламаған, қамықпаған. Әкем 
малға  қарағаннан  жалықпайды,  тіршілік  тұтқасы  деп  қана  емес,  адал  серік, 
тағдырлас  жан  иесі  ретінде  сүйсіне  қызықтайды.  Ең  үлкен  куанышы  — 
биелердің  құлындауы.  Егер  от  молырақ  болса,  жылқы  тӛрт-бес-ақ  жылда 
бірнеше  жүзге  жетер  еді  дейдІ.  Бүл  кісінің  айтуынша,  шаруа  жайын,  жер 
жайын  жақсы  білетін,  еңбекшіл  адамға  ғана  мал  бітпек.  Жеті  атамыздан 
байлық  арылмауы,  әрине,  Қыдыр  қонғаннан,  сонымсн  қатар,  ақыл  мен  іс 
арқасында  келген  зейнет  деп  отыратын.  Бірак,  байлыққа  ұмтылмадық. 
Керексізі  ӛз  алдына,  біз  қоныстанған  куаң  жер  тым  құрса  елу  жылқыны 
кӛтермейді.  Жиырмасының  ӛзі  артық.  Сондықтан  ӛсімін  шектеп  отырдық. 
Яғни,  екі-үш  айда  бір  жылқы  соямыз,  Екінші  жылы  мен  тағы  да  жаз  бойы 
бейнеттеніп,  азық  сақтар  шошала  —  жер  кепе  емес,  еңкейіп  әрең  кіретін 

Sauap.org
 
 
104 
 
қасқыр  апан  есігі  бар  үңгір  қойма  қазғам.  Қыс  бойы  су  қатырып,  мұзға 
толтырғам. Енді жаз бойы жас ет жейміз. Ас-су, әрине, Зағираның қолында. 
Жалаң  еттен  тагамның  неше  түрін  жасайды.  Таяу  тӛңіректен  тезек  тереді, 
теріскен  шабады,  түйенің  жүнінен  алаша  тоқиды,  шидем  тігеді,  шуда  мен 
қылдан  арқан  еседі;  сойысқа  түскен  жылқылардың  терісінен  тайтулақ 
жасайды,  и  салып,  малма  сапсиды,  бие  сауып,  қымыз  ашытады,  баласын 
қарайды...—  бір  сӛзбсн  айтқанда,  ертеден  кешке  дейін  жұмыстан  бір 
босамайды. Шаршадым деп, қажыдым деп кабақ шытқан емсс. Мен кӛргенде 
казақ әйелі сән де қуды, салтанатқа да малынды, той тойлап, ойын-сауық та 
құрды.  Заманына,  ортасына  лайық  күн  кешетін.  Қайткенде  де  түңлік  ашып, 
қазан кӛтеріп, бала күткеннен артық, бақыт бар деп білмейтін, жар құшағы, 
ошақ  басынан  бӛтен  тілегі  болмайтын.  Қызметші,  күң  емес,  шаңырақтың 
құты,  ауылдың  ұйтқысы,  айтқаны  түгел  орнына  келетін  толық  әмірші. 
Әлемдегі  ең  озық  саналы  әйел  —  сол,  ӛткен  күндердегі  қазақ  әйелі  деп 
ойлаймын. 
Біздін ӛзгеше тыныш, ерекше бақытты, кең арналы ӛмірімізде күтпеген 
оқиғалар сирек болатын. Соның бір-екеуі есте қалыпты. 
Кӛкжайлауға  біржола  орныққаннан  соңғы  үшінші  қыс  қой  деймін. 
Бізден  ертерек  тұратын  әкей  сырттан  ӛзінде  болмаған  әдеппен,  дауыстай 
кірді.  "Стамбек!  Ай,  Стамбек!  Сауысқан  келді,  сауысқан!"  Атып  түрып, 
күпімді  жамыла  сала  сыртқа  ұмтылдым.  Менің  соңымнан  Зағира  мен 
кішкентай  Жансалқам  да  шыққан.  "Қане,  қайда?"—  дейді.  "Әнеки!"  Тура 
күресіннің ар жағында, алдыңғы күні ғана сойылған малдың қаны мен жыны 
тӛгілген жерде шықылықтай қонып, жеті-сегіз ала қанат сауысқан жүр. Олар 
да қара  аңсай ма,  әлде бізден  қатер  жоғын  аңдады  ма,  таяқ  тастам барғанға 
дейін  ұшпады.  "Шошынып  кетпесін!"—  деген  әкей.  Ізімізбен  басып  кері 
кайттық.  "Құдая,  тәуба!—  дейді  әкей.—  Біз  де  ел  екенбіз.  Ауыл  екенбіз. 
Сауысқан келді деме, құт келді десеңші!" Артынан сүрастырып кӛрсем, қазақ 
ұғымында ең берекесіз, ең сұмпайы құс — сауысқан екен. Жауыр ат, жаман 
түйеде  тыныш  жоқ,  жемтік  іздейді,  күресінді  қазады,  ала  қ  анаттарын 
тынымсыз қағып, үй маңындағы тезек, күл, қоқым атаулыны шашады, тіпті, 
сарқылдаған,  шықылыктаған  даусына  дейін  сүйкімсіз  кӛрінсе  керек.  Бірақ 
сауысқансыз  ауыл  болмайды.  Тіршілік  бар  жерде,  малды  ауыл  бар  жерде 
сауысқан да бар. Міне, біз де жетіппіз сол бақытқа. Оның үстіне, маң далада 
бізді  кара  тұтып  келген  жалғыз  осылар.  Сауысқанның  алғаш  қонған  жеріне 
артық-ауыс тамақты тӛгіп тастадық. Күн суытып кетсе ықтасын болсын деп, 
сол  маңнан  сексеуіл  тігіп,  ескі  тулақтарды  байлап,  қалқа  жасадық. 
Сауыскандар ешқайда кетпеді. 
Ауылдың  ана  шетінен  мына  шетіне  ұшады,  анадайда  жайылып  жүрген 
ӛрелі атқа, түйелерге барады, біздің меймандос кӛңілімізді таныған соң, тура 
күресінде,  қол  созым  жерде  отыратын  болды.  Жемнен  кенде  емес.  Кейде, 
тіпті,  жас  ет  салып  тұрамыз.  Әрине,  асыранды  сауысқандарымызды 
жемдейтін  кішкентай  Жансалқам.  Ӛткен  жылы  кәріліктен  ӛлген,  біз  үшін 
әжептәуір  қайғы  болған  Бӛрбасар  тӛбетті  күн  сайын  еске  алушы  еді,  ойын 

Sauap.org
 
 
105 
 
табылып,  серпіліп  қалды.  Кӛктемге  қарай  сауысқандар  бізді  тастап, 
әлдеқайда  ұшып  кеткен.  Бірақ  қыс  түсе  қайта  келді.  Кӛбейіп,  оннан  асып. 
Жансалқам  үшін  ғана  емес,  бәріміз  үшін  мерекелі  той  болған.  Жазға  қарай 
менің жемді молырақ салып, жайпақ ыдысқа узбей су құйып, сауысқандарды 
ұстап  қалмақ  әрекетімнен  ештеңе  шықпады.  Тағы  кеткен.  Тағы  да  қыс  түсе 
аман  оралған.  Қарасы  молайып,  жиырмаға  жетіп.  Ӛзіміз  ӛсірген,  ӛзіміз 
асыраған  сауысқандар  бізді  ешкімге  сатқан  жоқ.  Кейде  әжептәуір  азайып, 
кейде күрт кӛбейіп, жыл сайын алыстағы қыстауларына қайтып келіп түрды. 
Енді  ойлаймын,  алдағы  қыста  қайтер  екен?  Мол  асқа  кенелеміз  деп,  жазда 
жаңадан  туған  балапандарын  ертіп,  ӛлі  даладан  әрең  асып,  қанаттары 
талығып,  қысқы  жайға  жеткен  кезде  қараң  қалган  ескі  қонысты  кӛреді. 
Даланың  адамға  бауыр  басқан  еркін  құсы  жылайды,  жоқтайды,  аза  тұтады. 
Сол сауысқандардан басқа кім іздемек біз бейбақты!?. 
Күй  тілемес  сауысқаннын  ӛзі  Бетпақ-Даладан  қашатын  аптап  жазда 
құмырсқа  асырамак  болдық.  Кәдімгі  құмырсқа.  Шӛлде  кемірушілердің, 
кесіртке-жылан,  шыбын-шіркейдің  неше  атасы  бар  сияқты.  Зоолог, 
энтомолог  болсам,  ӛзім  үшін  ғана  жасайтын,  жариясыз  ғылымда  талай 
жаңалық  ашар  едім.  Бірақ  ұсақ  жәндіктер  ішінде  құмырсқа  ғана  менің 
кӛңілімді  аударған.  Бала  кезімде  талай  қызықтаған,  орманның  шӛмеле 
илеулі,  бармақтай  қызыл  құмырсқасы  емес.  Арқаның  от  орнындай  дӛмпеш 
илеулі қоңыр құмырсқасы да емес. Бұлардан әжептәуір кіші, шымалдан кӛп 
үлкен, жылтыр қкара қүмырсқа. Илеу деген атымен жоқ. Тарам-тарам данғыл 
жол  салмайды.  ШӛптесІн  тақыршақты  тесіп  қазған,  ши  қуысындай  ғана 
жіптік іннен санамалап шығып жатқанда, айырым белгілері танылса, бір ұяда 
қаншасы  барын  түгендеп  алуға  болардай.  Жиырма-отыз.  Қырық-елу.  Асса 
жүз.  Мен  әуелде  мұндай  шағын  үйелмен  құмырсқаның  аздығынан  деп 
ойлағам.  Байқап  қарасам,  қырық-елу  қадам  ӛткен  сайын  дәл  осындай  ұялар 
ұшырасады.  Неге  бір  жерге  жиналмайды,  неге  үлкен  илеу  қүрамайды? 
Тамақтың  тапшылығынан  екен.  Илеулі  тіршілікте  мӛлшерлі  тӛңіректен 
соншама жәндікке жеткілікті нәр жинау қиынга түсер еді, сондықтан шӛлдегі 
құмырсқа шашырай қоныстанып, тіршіліктің дәл осы ӛңір үшін ең қолайлы 
тәсілін  тапқан.  Бірақ  ауыл  іргесіндегі  құмырсқаның  жағдайы  басқашарақ 
болуға  тиіс.  Мен  сандарын  кӛбейтпек,  илеуге  жинамақ  болып,  үлкенірек 
кӛрінген  үйелмендердің  бірін  қолдан  асырай  бастадым.  Яғни,  үя  тӛңірегіне 
тамақ қиқымдарын тӛгіп тастаймын, тіпті, шыбын қағып, коңыз үстап беріп 
жүрдім. Екі басы буылтық, ортасы қылдай, жылтыр кара күмырсқаның ӛзінен 
әлденеше  есе  үлкен  жүкті  еркін  кӛтеретініне,  қалай  қарай  кетсе  де,  ӛздері 
үшін  меңіреу  орманға  парапар  шӛп  ішінде  адаспай  жӛн  табарына  қайран 
қалам. Дүниенің біз безіп шыққан екінші шеті түгілі, осыдан бірер шақырым 
жерде  не  больш  жатканынан  мүлде  бейхабар,  ӛз  заңы,  ӛз  тағдыры  бар, 
бәлкім,  ӛзіндік  қуаныш,  ӛзіндік  қызығы  мол  тіршілік  кешіп  жатқан 
жәндіктерге сағаттар бойы қ араймын да отырам. 
Ақыры,  біздің  бұл  араға  кӛшіп  келуіміз  мыңдаған  жылдар  бойы 
ұрпақтан ұрпақ жалғап, осы кең далада тіршілік кешіп жатқан құмырсқалар 

Sauap.org
 
 
106 
 
әулеті  үшін  оңалмас  апат  әкелгеніне  кӛзім  жетті.  Мал  тапамай,  адам  аяғы 
баспай  тұрмайды.  Менің  арнайы  қамқорлық  жасаған  әрекетіме  қарамастан, 
екі-үш  жазда  үй  іргесінде  ештеңе  қалмады  —  ұялары  бұзылып,  қырылып 
біткен.  Иен  шӛлдегі  бейбіт  құмырсқалардың  ажалы  да  сонау  қияндағы 
солтүстік  астанада  басталған  бүліктің  нәтижесі  болып  шықты.  Бізден  кінә 
жоқ.  Бірақ  құмырсқалардың  жазығы  қанша?..  Табиғат  заңы,  тіршілік  заңы 
осы болса, азын тапаған, әлсізін алып жеген адам әулетінің бар ісі оң болғаны 
ғой. Кісі есебі кісіден, ұлыс есебі ұлыстан... Ал жер бетіндегі адамзат тұқымы 
мүлде  құрып  кетсе,  жанды-жансыз  табиғат  ӛркендеп  ӛспек,  ӛзінің  шын 
мұратын  таппақ  екен.  Менің  бұл  қорытындыға  келуіме  Бетпақтағы,  Бетпақ 
емес, бүкіл қазак даласындағы бӛкен-киіктердің тағдыры себеп болды. 
Мен  әуелде  бӛкен  мен  киік  екеуі  екі  түрлі  аң  деп  ойлаушы  едім. 
Сӛйтсем,  жазда  —  киік,  қыста  —  бӛкен  екен,  антилопаның  бір  ғана 
тұқымының ортақ атауы. Жазда жүні тықыр, жер түстес құбақан киік қысқа 
қарай қ алың ақ тон киеді, бӛкен, немесе ақбӛкен дегеніңіз — осы. Біз алғаш 
келген жылдары бүл далада киік ӛте сирек кездесетін. Мен кӛргенде Сарысу 
бойында  да  шамалы  еді.  Бұрын  мол  болған.  Бірақ  уакыт  озған  сайын  азая 
берген.  Дәмді  еті  үшін  ел  арасына  бір  жағы  Үрімші,  Шәуешек,  бір  жағы 
Бұхара,  Самарқаннан  келетін  саудагерлер  айрықша  құмартатын,  жұрт 
ұғымынша қымбатқа (шын мәнісінде су тегі арзанға) сатып алатын мүйіздері 
үшін  арнайы  зулағаны  ӛз  алдына,  кең  далаға  сыймай  бара  жаткан  қалың 
қазақ,  сол  қазақтың  жарты  әлемді  жайлаған  малы  түз  аңына  отық  пен  суат 
қалдырмаған. Міне, мыңғырған мал талауға кеткен соң, қара ормандай қалың 
ел жусап түскен соң, қасқырына дейін аштан ӛлген кең дала, тұқымы құруға 
тақаған азғана киікке оңаша тисе керек. 1932 — мешін жылғы апаттан кейін 
кӛзі ашылған, ӛрісі кеңіген киік құрттай қаулап, еселеп ӛсе бастайды. 
Арада жеті-сегіз жыл ӛтер-ӛтпесте Бетпақтың даласы киіктен жыртылып 
айырылған.  Әрине,  жазда  тігерге  тұяқ  жок.  Киіктің  тұрақты  мекені,  ӛсіп, 
ӛнетін жері — сулы, нулы ӛлкелер. Бірақ қыстап шығуға, құралай ӛргізуге ең 
қолайлы  жер  —  Бетпақ  еді.  Бірде,  қар  жапалақтап  жауып  тұрған  қыс  күні, 
тапа-тал  түсте  аулымыздың  үстін  ақбӛкен  басып  кеткен.  Түйелермен  бірге 
жүреді.  Адамнан  қорықпайды.  Несіне  қорықсын,  біз  адам  деп  атайтын  екі 
аяқты  жандықтарды  бұрын-соңды  кӛрмеген.  Оның  ғаламдағы  ең  жыртқыш 
аң екенін білмейді. Бізде оқ мол еді. Ет те мол. Шошытпайын деп, ауылдан 
аулақ шығып, (кейін, қызығы басылып, тым кӛбейіп, тӛңіректегі ӛрісті тапап 
бара жатқан кезінде әдейілеп үркітуге, таяу маңнан қуғындауға тура келген) 
оңаша,  саяқ  жүрген  текелердің  жетеуін  қатарынан  атып  алдым. 
Қабаттастырып,  тӛрт  оқпен.  Жон  арқасында  қоңыр  жағалы  бар,  қалың,  ақ 
ұлпа  терісі  үшін.  Әрине,  етін  де  жедік.  Таңсық  кӛрінген.  Содан  бастап,  тон 
тігетін, бӛстек, кӛрпе жасайтын аса қымбат терісі үшін жыл сайын қыста киік 
аулайтын болдым. Әлбетте,  қажетті  мӛлшерде  ғана.  Оқ шығармас  үшін  жаз 
бойы  бейнеттеніп,  әр  түстан  қамба  әзірлеп  те  кӛрдім.  Бірақ  дала  кең, 
нәтижесі еңбекке татымады. Қайта керісінше, қолда қалған, шудасын, жүнін 
пайдаланып отырған үш түйеміздің бірі жығылып, кӛп шығынға ұшырадық. 

Sauap.org
 
 
107 
 
"Қоңыр  аңның  киесі,  енді  аулама",—  деген  әкей.  Содан  сон,  әкейдің 
қойымыздың  жоқтығы  —  үлкен  кемшілік  деген  сӛздері  есіме  түсіп,  киік 
асырауға кӛңіл кеткен. Әрине, үлкенін емес, лағын ұстап. Онша қиын шаруа 
емес. Ұстағанды айтам. 
Алғаш кӛргенде таң қалғам. Қар жаңа кӛшкен. Бетпақ бусана жаңарған 
шақ. Құмнаң қайтып келе жатқам. Кенет әудем жерде жалғыз киік тұр екен. 
Мені  байқамады.  Жер  тарпып,  шыр  кӛбелек  айналды  да,  аяғын  баурына 
алып,  жата  кетті.  Жаралы,  не  ауру  болар  дегем.  Тақап  келгенде  аңдадым, 
жаны  қиналып,  лақтап  жатыр  екен.  Жиілрыла  ышқынып,  алдыңғы  аяғымен 
жер  тіреп,  түра  қашпақ  болды,  бірақ  кӛтеріле  алмады.  Мен  тіршілік 
күпиясына  бӛгет  жасамайын  деп,  тез  аулақтадым.  Әйткенмен,  тым  ұзап 
кеткем  жоқ.  Аттан  түсіп,  анадайдан  бакылап  отырмын.  Ешкі  аман  туды, 
лағын жалады ма, басқадай, табиғат сыйлаған аналық міндеттерін атқарды ма 
—  әжептәуір  уакыттан  соң  жан-жагьша  қаранып,  орнынан  тұрған.  Мені 
кӛрісімен,  желе  аяңдап,  аулақтай  берді.  Соңында  қарауытқан  ештеңе  жоқ. 
Апысырақ  кетпегеніме,  ене  киіктің  жанын  қинағаныма  ӛкінсем  де,  болар  іс 
болған,  лақты  кӛргім  келді.  Бойлай  ӛскен  үлкен  жантақтың  түбі  еді,  тура 
келдім. Жоқ. Ештеңе жоқ. Шыр айналдым. Ақыры, атым оскырған кезде әрең 
кӛрдім. Баса жаздаппыз, дәл аяқ астында жатыр. Тұмсығы дӛмпеш, жаурыны, 
құйымшағы  сорайған,  сиықсыз,  сүрғылт  күрен  құралай  алдыңғы  екі  аяғына 
басын  салып,  қимылсыз  қалпында  созылып,  сұлық  жатыр.  Жерден 
айырғысыз. Соншама дәрменсіз киіктің лағының ӛзі тіршілік заңын түйсініп 
туған.  Мӛп-мӛлдір  қара  кӛздері  ғана  бақыраяды.  Қорқыныш  емес,  әуестік, 
жарық  дүниені  танысам  деген  жылулы  ұшкын  бар...  Мен  басымды  шайқап, 
жүріп  кеттім.  Одан  бері  қанша  жыл.  Қазір  киік  жайын  да,  дала  жайын  да 
біршама  білем.  Ерте  кӛктемде  Бетпақтың  иен  түпкіріндегі,  тағалы  аттың  ізі 
шекіп  қана  түсер  ойпаң  тақырлар  әжептәуір  кӛлшікке  айналады.  Кейде 
үлкенді-кішілі  шұқанақ  жылғалар  суға  толады.  Осы  кезде  жұмсақ,  жайлы 
қысты аман ӛткерген мыңдаған киік қатар-қатарымен лақтай бастайды. Басы 
епетейсіз үлкен, сирақтары мӛлшерден тыс ұзын, кішкентай құралайды жаңа 
туған  кезінде  жаяу  аласың.  Араға  бірер  күн  түссе  шапқан  атка  жеткізбейді. 
Міне,  сондай  киелі  жануар,  киік  дегеніңіз.  Кӛкеме  айтқам  жоқ,  түстік 
жердегі,  ӛзім  Борлыкӛл  деп  ат  қойған,  мамырға  дейін  құрғамайтын  терең 
қақтың жағасындағы қалың жусанды киік қотанына барып, қоржынға салып, 
жаңа  туған  құралайдың  тӛртеуін  әкелдім.  "Әй,  обал  болады-ау!.."—  деген 
кӛкем.  Бірақ  әкеп  қойдым,  асырауға  кірістік.  Әрине, отыққанша  жуас,  мама 
биелердің  бірін  еміздік.  Содан  соң  қолдан  жемдеп,  тостағанмен  су  беріп 
отырдық. Тез ӛсті. Күзге қарай екеуінің түмсығы бүрынғыдан да дӛңестенді, 
тӛбесін  тесіп,  түбі  былқылдак,  сұрғылт  сары  мүйіз  шошайды.  Желтоқсанда 
түктері  ұзарып,  қорбиып,  кәдімгі  ақбӛкенге  айналды.  Қыс  бойы  әжептәуір 
бейнет  шектік.  Шӛп  жұлып  әкелеміз,  тӛртеуін  қосақтай  арқандап,  далаға 
бағамыз.  Арықтап,  жүдеп-жадап,  әрең  ӛтті  кыстан.  Кӛктемде  тӛңірек  түгел 
тұтам  ӛскенде  тез  оңалды.  Аяқтарын  кеңінен  тұсап,  арқанмен  біріне  бірін 
тіркеп  қоям.  Үй  маңынан  ұзамайды.  Әбден  үйренген  киіктерді  енді  бос 

Sauap.org
 
 
108 
 
жіберетін  болдық.  Күн  озған  сайын  ауыл  маңынан  алыстай  берді.  Бірақ 
суатқа келіп тұрады, бізді жатырқамайды. Кетеді, тұрмайды деді әкей. Сірә, 
сӛйтер.  Сонда  да  союға  кимадық.  Акыры  бір  күні  тӛртеуі  де  жоқ  болып 
шықты. Күні бүрын білсек те, туысымыздан айрылғандай құлазыдық. Әсіресе 
Зағира.  "Обал  болды-ау,  ұшып  ӛледі-ау..."—  деген.  Тақаудағы  екі  жүз 
шақырым  жерде  тамшы  су  жоқ,  мына аңызақта  жол  таба ала  ма,  әлде  теріс 
кетіп,  құм  мен  шӛлдің  бір  түпкірінде  қаталап  ұша  ма  —  кім  білсін.  Адал 
дәмімізді ұмытқан киіктерге ӛкпелеген жоқпыз. Әуел баста үйірінен айырған 
біз  кінәлі  едік,  Ноқтада  туған,  тӛңірегіне  тегіс  тәуелді  кісі  оғлы  еркіндікке 
ұмтылғанда, кең  даланың  еркесі  бұла бӛкен  неге азаттық аңсамасын..  "Суға 
жетеді!"—  деді.әкей.  Тәңірі  ӛзі  жаратқан  жан  иесін  кӛзінен  таса  кылмайды. 
Апарады бастап қажетті жеріне. 
Тәңірі  тагала  ӛзінің  даладағы  киігіне  дейін  ұмытпайды  екен.  Ал  адам 
ше?  Ӛзімізді  айтпаймын.  Кеше  ғана  жүз  мыңдап  қырылған  қалың  қазақтың 
құдайы не бітірді? "Орнында бар оңалар. Тұқымы тұздай құрымаса, кенересі 
қайта  толар",—  деген  әкей.  Тіршілік  үшін  таптырмас  философия.  Ал  ӛмір 
мағыналы  арна  табуы  үшін,  адам  ӛз  жерінде  отырып,  ӛзін  кісі  сезіну  үшін 
тағы  басқа  кӛп  нәрсе  керек.  Мен  тағдыр  қосқан  халқымның  оңалып  келе 
жатқанын  кӛрдім,  бірақ  оңып  кетеріне  кӛзім  жетпейді.  Ӛте  қиын,  шарасыз 
халге  түсті  ғой.  Қазаншұңқырдың  ең  түбінде  қалды  ғой.  Баса  түспесіне, 
жаныша  түспесіне,  үстінен  тағы  бір  топаңды  қаптатпасына  кім  кепіл... 
Күлкілі. Оғаш. Мен  — ӛмір бойы ӛз басын сауғалаудан аспаған Станислав-
Стамбек, арысы ұлы Россия, берісі іргелі Қазақстан туралы ойлауымның ӛзі 
сӛлекет  емес  пе.  Бірақ...  бүкіл  ел,  ең  үлкен  халықтардын  ӛзі  мен  сияқты 
жекелеген  адамдардан  құралады  ғой.  Солардың  әрқайсысы...  Мұным  да 
ақымақшылық. Утопия. Бір тал ши, тіпті, зәулім бәйтеректің ӛзі, бір тал, бір 
шоқ  түрғай,  миллион  шыр-пылы  қалың  ши,  ойды-қырды  жапкан  мыңдаған 
түп ағаш бүкіл даланы, қалың орманды қамтыған қызыл ӛртке қарсы тұра ала 
ма. Адам да сол сияқты. Замана зүлматын ешкім де тоқтата алмақ емес. Тұтас 
бір халыктың,  ұлы мемлекеттің дымын  ӛшіру  үшін  жалғыз-ақ  ұшқын  жетіп 
жатыр. Сол ұшқынды тұтатпасам да, тұтатуға дем берген мен сияқтылардың 
күнәсі кырық жыл иенде тұрса да, күн сайын кырық мәрте сәждаға жығылса 
да  кешірілмек  емес.  Қанмен  ғана  жуылар,  қазамен  ғана  ӛтелер  қылмыс... 
Ӛзіңмен  кетсе  жақсы  ғой.  Тағдырдың  құлаштай  сілтеген  гүрзісі  әуелі 
жақындарыңның  басына  түседі  екен.  Неткен  қатыгез  жалған!..  Жоқ!  Сен 
тудырған заман сенің ӛзіңнен қатыгез емес. 
Менін  ең  үлкен  қуанышым  да,  ен  үлкен  уайымым  да  жалғыз  қызым 
Жансалқам еді. Күлгін шашты, қыр мұрынды, қара кӛзді аққұба. Шешесінен 
де  сұлу  болатын  түрі  бар.  Зерек.  Бес  жасында  хат  таныды.  Біздің  оқу 
жабдығымыз  —  бір  тұтам  сексеуіл  шыбығы  мен  ақ  тақыр.  Сабақ  жүйесіз 
емес,  тұрақты  кесте  бойынша  жүргізіледі.  Азбуканы  игерген  соң, 
арифметиканың  тӛрт  амалын  ӛттік.  Ана  тілі  мен  орыс  тілінен  сабақ  бере 
бастадым.  Ағылшынша,  немісше  ауызекі  сӛйлесіп  жүреміз.  Орысша  әуел 
бастан  жақсы  біледі.  Әкем  айтқан  баяғыда.  Шырағым,  ендігі  заман  орыста 

Sauap.org
 
 
109 
 
қалып  тұр  ғой,  бізге  қарама,  мына  бала  тіліне  жетіге  берсін  деп. 
Жансалқамның  сӛздік  қоры  онша  мол  емес,  бірақ  акцентсіз,  еркін 
шүлдірлейді.  Әкем  дән  риза.  Мәз.  Ал  басқа  сабақтар...  ала  құла,  бірі  тым 
озык,  екіншісі  қалық.  Сапасы  емес,  деңгейі.  Яғни,  кейбір  пәндер  бастауыш 
кезеңде  жүрсе,  кейбір  пән  гимназияның  2-3-кластарынан  озып  кетті. 
Мәселен,  арифметикадан  кӛбейту,  бӛлуге  жеткенде,  тарихтан  антик  дәуірін 
тәмамдап,  орта  ғасырларға  кӛшкенбіз.  Бұлай  калдыруға  болмайтын  еді. 
Мәселе  оқуда  емес.  Мезгілді  уакытында  гимназияның  толық  курсын  алтын 
медальға тәмамдар едік. Рас, куәліксіз. Бар кілтипан  оқуда ғана емес. Мына 
иенде  жас  бала  қалай  адам  болмақ.  Біз  жүре  берерміз.  Ажал  жеткен  күні 
ӛлерміз.  Ал  Жансалқам  бой  жетпей  ме,  ӛзі  қатарлас  жүртпен  араласқысы, 
біліскісі келмей ме... Бізбен бірге медиенде мәңгі-бақи байлануға тиіс емес-
ті.  Жалғыз-ақ  жол  тұр.  Тірідей  айырылысу...  Құдайға  тәуба,  ӛрісі  бар.  Бұл 
кезде Шудың етегіндегі Жуантӛбе дейтін ауылдан Айсалқам әпкесі табылған. 
Феодалдық  Россиядағы  құлдық  қамыты  —  басыбайлы  тәртіптің 
жаңғырған,  жетілген  түрі  —  бүкіл  қазақ  халқын  жусатып  салған  сталиндік 
колхоздардың  қайта  орнамағы  туралы  мен  естіген  қауесет  шындыққа 
айналды.  Қазақ  даласындағы  ӛзінің  ең  алғашқы  және  түпкілікті,  ең  басты 
міндетін орындаған колхоз құрылысы енді екінші басқыш жоспарға кӛшкен. 
Ол  —  жеңімпаз  әулетті  асырау,  қажетті  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету.  Қай 
жиһангер  екені  есімде  жоқ,  Шыңғыс  хан  ба,  Темірлан  6а,  қолбасылары 
әлдебір бай ӛлкедегі жергілікті халықты түгел қырып-жоюға кіріскенде, жол 
ортадан  тоқтатыпты,  ертең  бізді  кім  асырайды,  салық  тӛлейтін,  мал  бағып, 
егін салатын мӛлшерде кісі қалсын деп. Қазақтың жайы да сол сияқты болып 
шықты.  Босатылған  қонысты,  ондағы  игілік  пен  қазынаны  толық  игеретін 
күн алда, аштан аман қалғаны ендігі қожайынға тиесілі малды бағып, ӛзінен 
кетіп,  басқаның  иелігіне  кӛшкен  жерге  егін  салып,  жарым  құрсақ,  жалтаң 
тіршілігі  үшін  қысқа  күнде  қырық  мәрте  алғыс  айтып,  құлдық  қамытын 
тамашалап,  әзірше  жүре  тұрсын  деп  шешкен  сияқты.Мешін  апатынан 
әлдеқалай  қақас  қалған  жұртты  там-түмдап,  ойдан-қырдан  қайта  жинап, 
тобымен қосақтап ұйыстырып, алдарына мал беріп, абыройлы жаңа мұрат — 
ӛткен  жылдарда  бас  сүйектен  қаланған  социалистік  мұнараның  іргесін 
бекітіп,  түпкілікті  негіздеу  міндетін  жүктепті.  Езуші  тапты  жойған,  қанау 
атаулыдан  құтылған,  осыншама  азаттыққа,  еркіндікке  жеткен  жалпы  жұрт, 
ішінде  біздін  Айсалқам  да  бар,  Ленин-Сталин  ісі  үшін  аяусыз  күреске 
кіріскен де кеткен. 
Ата-енесі  кәмпескеде  айдауға  кеткен,  күйеуі  банды  болып  оққа  ұшқан, 
тӛрт  баласы  аштан  ӛлген,  ӛзі  ғайыптан  аман  шығып,  тағдыры  ұқсас,  бар 
жақынынан  айырылып  жалғыз  қалған  тағы  бір  момын  сорлымен  тұрмыс 
құрған сорлы қарындасым әкесімен аңырап табысыпты. Бұл — біздің ақсақал 
байыздап отыра алмай, не болса да елдің хабарын біліп қайтайьш деп арнайы 
аттанған  35-жылдың  жазы  болатын.  Содан  бері  ӛзгерген  ештеңе  шамалы. 
Ӛкіметтің райы бұрынғыша. Жұрттың халі де баяғыдай. Жүмыс ауыр. Ас-су 
жоққа  жақын.  Қысқа  қарай  әкеміз  қоржынының  екі  басын  майлы  етке 

Sauap.org
 
 
110 
 
толтырып,  Жуантӛбеге  тағы  бір  барып  қайтқан.  Әрине,  соғымға  құр  ат, 
сауынға құлынды бие беруге, жекелеп емес, қосарлап тізуге болар еді, бірақ 
ел  іші,  баяғы  пейіл  жоқ,  кӛз-құлақ  кӛп,  азып-тозған  аш-арық  жұртты  біріне 
бірін  аңдытып  қойған,  ол  қайдан  түскен  молшылық  деп  сұрамай  ма.  Тіпті, 
мал айдап апармағанның ӛзінде кӛзге шалынуы қатер. Әкесі екені рас шығар, 
сонау Сарысудан келгеніне де сенер, бірақ аты күйлі, ӛзі ӛңді, еркін жүрген 
бұл  нендей  жан  демей  ме.  Екінші  сапарында  ауыл  белсенділерінің  аз-маз 
тергеуіне  ұшырап,  күдік  туғызғанымен,  аман-есен  оралды.  Сен  барсаң 
ұсталады  екенсің  деп  қайтқан.  Бірақ  байланысымыз  үзілмеді.  Әкей  келер 
жазда  да  түнделетіп,  жасырын  барып  келді.  Біз  Жансалқамды  қандай 
қиындықта жүрсе де ел ішінде отырған әпкесіне тапсыруға бекіңдік. Жасы он 
екіге  шыққан,  оң-солын  танып,  адам  болып  қалған  Жансалқамды  шешесі 
мүңаймай,  бетінен  сүйіп,  күліп  шығарып  салған.  Мен  Бетпақтың  шегіне 
жеткізіп,  ӛзінің  бәсіресі  кек  жорғаны  жетелеп  қайттым.  Әрине,  ат  мінгізіп, 
тай тіркеп жіберуге де болады, сезік тудырмайық дегеміз. Бұдан арғы жерге 
атасының алдына отырып барады. Күзден бастап мектепте оқисың, тӛртінші 
класқа  түсесің,  жаз  шыққанда  демалысқа  келесің  деп,  сӛйлер  сӛзін,  жүріп-
тұру  жайын  тағы  бір  рет  пысықтап,  ӛкпе-бауырым  езіліп,  медиенге  бет 
бұрдым. Бес күннен соң әкей де келді. Жеткіздім, тапсырдым, кӛлденең кӛзге 
шалынғам жоқ, бірақ бас кӛтерер азамат тағы да кӛгенделіп, шетінен түрмеге 
айдалып  жатқан  сияқты,  күмән  кӛп,  тексеру  кӛп,  бұдан  соңғы  қатынас 
ауырлайтын тәрізді деп келген. 
Қандай  қиын  бӛгесін  болса  да  дерексіз  кетпес  едік.  Бірақ  сол  беті 
жоғалдық.  Жансалқамға  ауылда,  аттанар  қарсаңда  тағы  бір  айтқаным  бар. 
Егер келер жылы хабарласа алмасақ, арғы жылы күт. Одан арғы жылы күт. 
Ақылың  бар,  біз  әртүрлі  жағдаймен  шыға  алмай  қалуымыз  мумкін.  Жалғыз 
әпкең далаға , тастамайды. Оқып адам боласың, сол үшін елге бара жатырсың 
деп. Апасы да, атасы да осыны айтқан. Ең соңғы сӛздері екен. 
Сол жылы қыс айрықша қатты келді. Әуелі бүрын кӛрмеген қалың кар 
жауды.  Ат  баурынан  аса.  Су  мол,  жер  отты  болады  деп  қуандық.  Қуаныш 
ұзаққа бармады, оңынан жел тұрып, дүркірей ұйтқып, неше күн бойы боран 
соқты. Итсигек пен түйе жантақтан басқа бұдыр қалмаған жер тоңы шығып, 
қап-қара  болды.  Содан  соң  күн  оқыс  жылынып,  қара  жаңбыр  басталды  да, 
арты мұзға ұласты. Қу дала кӛгере шытынап, қатқан да қалған. Біз, амал жоқ, 
қүм  ішіне  тереңдей  ендік.  Біз  деғенім  —  жиырма  шақты  жылқы  мен  әкем 
екеуміз.  Бұрын  кезектесетін  едік,  енді  қабатымен  жүрміз.  Ауылда  жалғыз 
қалған Зағираның жайы тағы белгісіз. Әйтеуір құм ішіндегі мұз — сіреу емес, 
қабыршак, жылқы түяғына оңай ойылады, жаздан бітік қалған раң мен еркек, 
бүйырғын мен ебелек, изен мен ажырық қыс бойы табан аудармай жайылуға 
жетерлік.  Басына  қалың  жыңғыл,  жоны  мен  ойына  сексеуіл  мен  қоянсүйек 
қаптай ӛскен құм жалдардың арасы да бораннан ықтасын, ызғырықтан пана. 
Суық  қайтпаса  да,  аяз  сынып,  боран  басылған  бір  күні  әкей  қоярда  қоймай 
мені ауылға жіберді. Жалғыз отыр, қорқып отыр, тым құрса, амандығымызды 
білсін  деген.  Зағира  шынында  да  құлазып  отыр  екен,  жалғыздықтан  емес, 

Sauap.org
 
 
111 
 
даладағы біздің уайымнан. Бел шешіп, бой жылытып, бір түней сала, артық-
ауыс  жылы  киімдерді  қанжығаға  бӛктере  байлап,  кері  салдым.  Дәл 
уақытында  жетіппін,  биік  барқан  астындағы,  сексеуілден  тіккен  шағын  қос 
иен  кешеден  бері  от  жағылмағаны  байқалады,  кӛңіліме  қоркыныш  еніп, 
жылқыға  шаптым.  Межелі  жерде  жусап  тұр  екен,  ішінде  ертоқымын  қар 
басқан,  шылбырын  сүйретіп,  әкем  мінетін  жуас  жирен  азбан  да  жүр.  Кӛзім 
қарауы-тып, ат үстінен ауып түсе жаздадым. Құм үлкен болғанымен, жүрер 
жолымыз шектеулі, әкейді кӛп ұзамай-ақ тауып алдым. Бақытымызға қарай, 
тірі  екен,  тірі  болғанда,  оқ  тиген  жаралы  текедей,  бӛксесі  сүйретіліп, 
кеудесімен жылжып барады. Мені кӛргенде: "Е, балам, келдің бе...— деді бар 
болғаны.— Әкең қартайыпты. Осы жаста аттан жығылып кӛрмеп ем..." Әкей 
емес,  ат  жығылса  керек.  Мұздан  тайып.  Әкейдің  жамбасы  сынған.  Әуелде 
талықсып біраз жатқан сияқты. Содан соң тіршілік қамына кірісіпті. Әйтеуір 
қыбырлай  берген  соң  үсімеген,  жарықтан  үміті  үзілмеген.  Бірақ  бұл 
еңбектеумен жал-жал құмдардан асып, жылы қосқа жете алмас еді. Ат беліне 
кӛлденең  артып  алып  келдім.  Амал  не,  айдала,  сынықшы  жоқ.  Тым  құрса 
жылы үйге жеткізсем керек еді, ұзақ жолға әкей шыдаса да, мертігі асқынып 
кетуі мүмкін, оның үстіне барып қайтқанша тӛрт күн керек. "Балам, жылқыңа 
ие  бол,  ықпаса  да  ит-құс  қуып  кетеді,  бәріміз  аштан  ӛлеміз",—  деді  әкей. 
Мұнысы  рас  еді.  Және,  жайлы  пеш  түбінде  жатады  демесек,  ауылда  да 
айрықша кӛмек жоқ. Күрке ішіне сексеуілді лаулата жағып қойдым, сӛнгенде 
де  қызулы  шоғы  мол,  ұядай  жылы,  екеуміз  қосылып,  сынықты  айналдыра 
бастадық.  Ақыры,  кӛп  азаптан  соң  орнына  түскендей  кӛрінді.  Мен  ай  бойы 
түнде  жылқы  күзетіп,  күндіз  әкемді  бағумен  болдым.  Қыс  ызғары  қайтып, 
күн әбден жылынған кезде, әлі де сынығы жазылмаған, ерге отыра алмайтын 
қартымды ат беліне теңдей артылған сексеуіл үстіне кӛлденең салып, бізден 
мүлде күдер үзіп, жүдеп отырған келінінің қолына тапсырдым. 
Кӛкемнің  жамбасы  кисық  бітті.  Шойнаңдаған  ақсақ  болып  қалды. 
Онысы  ештеңе емес-ау,  атқа  ұзақ отырса,  сырқырап,  жаны  қиналады.  Ауыл 
маңынан ұзай алмайды. Қартымыз ӛзімізбен бірге жасайды деп ойламасақ та, 
бұл — тосын бақытсыздық еді. Қанатымыз қырқылды. Әкем алыс-тағы елге 
қатынау  қайда,  қысқы  тебіндегі  жылқыға  барудан  қалды.  Ӛзі  де  қатты 
торыққан.  "Кӛке,  Жуантебеге  қайта  барсаң  ұсталатын  едің,—  деймін 
жұбатып.—  Айсалқам  жалғыз  сіңілісіне  жетімдік  кӛрсетпес.  Ал  жылқы... 
бірдеңесі  болар.  Тым  кӛбейіп  кетті.  Оншақтысы  жетеді.  Осы  маңайда-ақ 
жайылар". Сонымен кӛңіл жұбаттық. Әкеміз де тәңірісіне тәуба айтып, ӛзінің 
жаңа жағдайына бірте-бірте кӛндікті. 
Кӛкемнің  мертігуі  —  бар  кеселдің  басы  екен.  Алдымен  жұттан  аман 
шыққан  жалғыз  түйеміз  ӛлді.  Кӛктемде  екі-ақ  бие  құлындады.  Қар 
кеткенмен,  су  тартылмай  тұрған  шақта,  желдеді  ме,  үйір  іздеді  ме,  жаман 
сәурік бастаған тӛрт-бес құнан, дӛнен жоғалды. Ізін шалғанмен, іздеуге шама 
жетпеген.  Қалған  малдан  қайыр  күттік.  Бірақ  мал  шығыны  —  садақа  емес, 
үлкен  қайғының  хабаршысы  болып  шықты.  Зағираның  аяғы  ауыр  еді. 
Тіршілік  —  зейнеттен  тақсіретке  айналған  мына  жапанда  құдайдан  бала 

Sauap.org
 
 
112 
 
тілемесек те Жансалқамның соңынан бауыр ермегені кӛңілде тұратын. Бірақ 
тағдыр иімеді.  Қысқы  жалғыздық  ауыр  тиді  ме, одан  соңғы  қамкӛңіл  тірлік 
әсері ме, әлде тәңірі тағалам ӛз бейнеттері жетер, иендегі қабырғасыз түрмеге 
түспей,  періште  қалпында  кӛкке  ұшсын  деді  ме,  күні  толмай  туған 
торсықшеке  ұл  Жансерік  екі-ақ  тәулік  ғұмыр  кешті.  Жалған  дүниенің  сырт 
айналғанын сонда біліп едім. Тәубам аз, күнәм мол екен, жаз ортасында кӛз 
ашып,  жер  басып  жүргеннен  бергі  ең  үлкен  қасірет  түсті  басыма.  Асыл 
жарым  Зағирадан  айырылдым.  Осыдан  бірталай  бұрын  ішіме  жел  қарысты 
деп домаланып қалғаны бар. Жылқы майын жағып сылады, ыстық сорпа ішіп 
терледі,  екі-үш  күн  жүрмей,  тұрмай  үйде  отырды.  Әкей  қатты  қорыққан. 
"Түйнек  болмаса  игі  еді..."  деген  маған  оңашада.  Сол  түйнек,  яғни 
аппендицит болып шықты. Бір жарым ба, екі ме айдан соң кайталанған. Ішін 
баса бүрісіп, ыңырана күрсініп, жатып қалды. Ешқандай шара таппадық. Мен 
біліп тұрмын. Әкей де айтқан. Түйнекке қазақта ем жоқ. Хирургия үшін оп-
оңай  нәрсе  иен  далада  жазылмас  дерт.  Бар  үміт  —  әлденеден  ұшынған 
шығар,  мүмкін,  шынында  да  шаншу  қадалған  болар,  ӛткен  жолғыдай  тарап 
кетер  деген  жӛнсіз  долбар,  далбаса  тілекте  ғана.  Зағираның  қаншама 
қиналғанын,  біздің  аяқ-қолымыз  суып,  қалай  үрейленгенімізді  айтуға  тіл 
жетпейді. Шаңыраққа ұйтқы, ошаққа құт болған қайран Зағира бізді жапанға 
жалғыз  тастап,  аттанып  кете  барды.  "Кеудең  —  ана,  бӛксең  қыз  зайыбым-
ай,—  Сен  кеткен  соң  не  болды  қайран  күнім!.."—  деген  екен  баяғыда,  Есіл 
бойында жасаған атақты бір ақын. Біздің күніміз түнекке батты. Бірақ менің 
ӛзегімді  ӛрте-ген  —  бүкіл  емірін  тек  маған,  әкеміз  бен  баламызга  ғана 
бағыштаған  асыл  жардың  талайсыз  тағдыры  еді.  Не  кӛрді  бейнеттен  басқа. 
Қуғын-сүргін,  қайғы-қазадан  басқа.  Тағдыр  қосқан  жұбайы-ның  қанды 
қазасын  шекті.  Құдай  табыстырған  қосағы  шыққан  тегі  батыстан  болса  да, 
ортағасырлық  шығыс  феодалының  мінезімен  тұрмыс  құрыпты.  Тӛрт  құрсақ 
кӛтеріп  еді.  Алғашқысы  туған  әкесімен  бірге  шәйіт  кетті.  Екіншісі  әлейім-
тәлейімде  мезгілсіз  ӛлімге  ұшырады.  Кенжесі  де  қатал  заман  күрбаны. 
Тӛртеуден  қалған  сарқыт  —  емірене  сүйген  жалғыз  қыздан  тірі  айырылды. 
Жарық  дүниедегі  мехнаты  жан  тӛзгісіз.  Соншама  қиын  күндерде,  ауыр 
тұрмыс  астында  тым  құрса  бір  рет  қабақ  шытпады-ау.  Уайымы,  зары 
білінбеді. Қолы 
—  береке,  жүзі  —  қуаныш  еді.  Демі  —  шәрбат,  қойны  —  ләззат  еді. 
Тіршіліктің  ӛзегі,  менің  бар  қажыр  -қайратым  —  балғын  тамағында,  жұпар 
омырауында  түрған.  Енді,  періште  болып  ұшқан  кішкентай  ұлының  қасына 
жетіп,  қырат  басындағы  топырақ  тӛмпешікке  айналған  соң  ойлап  карасам, 
біздің  шаңырақ  қана,  бүкіл  Бетпақ  қана  емес,  жарты  дүние  жетім,  тұл 
қалыпты,  қаңырап,  иен  қалыпты.  Ішім  ӛртеніп  үйде  отыра  алмадым,  сабыр 
тауып далада жүре алмадым. Атқа мінсем, жерге түскім келеді, жерге түссем, 
кӛкке ұшқым келеді. Ең оңайы — тағы бір қабір қазып, атылып ӛле салу еді. 
Сол сәтінде Зағирамен қосылар едім, қосылмасам, о дүние жоқ болып шықса, 
бұ  дүниенің  азабынан  құтылар  едім.  Бірақ  ӛлмедім.  Ӛзімді  тоқтаттым. 
Алыстағы  жетім  бала  үшін.  Алыстағы  жетім  бала  үшін  емес,  қасымдағы 

Sauap.org
 
 
113 
 
жетім  шал  үшін.  Мүмкін,  Петербургтан  басталған,  даланың  тӛрінен  ӛріс 
тапқан  езгеше  ӛмірім  дәл  бұлай  аяқталуға  тиіс  емес  деген  қарсылықтан  ба. 
Әйтеуір  ӛлмедім.  Ал  әкем  қаусап  қалды.  Ӛзін  кінәлі  санайды.  "Мен  кетуім 
керек  еді!..—  дейді  —  Менің  кезегім  еді..."  Ӛзім  қаралы,  ӛзім  жаралы  — 
бірақ  менен  де  зарлы,  менен  де  сорлы  шалды  жұбатуға  мәжбүр  болдым. 
"Ӛлме, әке,— деймін.— Асыл текті Сыпатай мырза ай далада ӛлуге тиіс емес. 
Заман  түзелер.  Ел  оңалар.  Әзірейіл  кімді  қаласа,  соны  алады.  Күнәға 
батпаңыз".  "Балам,  сен  қарайлар  ештеңе  қалған  жоқ  бұл  Бетпақта.  Оқуың 
жетеді,  бар  билік  орысқа  кӛшті,  тіл  білесің.  Елге  барып,  тіршілік  жасап 
кӛрсең  кайтеді?.."  "Мен  сені  тастап,  ешқайда  кетпеймін!"—  дедім.  "Мен 
ӛлем,—  деді  әкей.  —  Шайтан  дейсің  бе.  Міне,  сексенге  тақадым.  Енді 
ұзамаспын. Мен ӛлген соң ӛмірің жеңілденеді. Әкесін арқалап жүрген ешкім 
жоқ. Жӛніңді тап. Бәлкім, оған дейін заман да түзеліп қалар",— дейді. Менің 
түрім  орыс,  тұрмысым  қазақ,  бұл  тұрпатыммен  қай  ортаға  да  сыймас  едім. 
Ӛмірді жаңадан бастайтын жастық шақ алыста қалған, еншілі тағдыр осылай 
екен,  енді,  казақша  айтқанда,  барар  жер,  басар  тау  жоқ,  жол  шеті  —  осы. 
"Мен  Зағираның  қасында  қалам",—  дедім.  Кейінірек,  Зағираның  қырқын 
ӛткеріп, кӛндікпесем де, қайрылмас қазаны біржола мойындаған кезде маған 
тағы  бір  ой  келген.  Ақсақалдың  менімен  бірге  иен  қапаста  аурулы  тіршілік 
кешуі  әділдік-ке  жатпайды.  Туған  қызы  бар,  арыса  да,  азайса  да  орнында 
отырған  елі  бар,  сексенге  келген  мүгедек  кәрі  шалға  жаңа  ӛкімет  тиіспейді 
(мен  қателесіппін,  асын  ішіп,  аяғымен  жүрген  кісі  түгілі,  тӛсек  тартып, 
кірпігі  әрең  кимылдап  жатқан  "халық  жауларының"  ӛзі  лайықты  орнын 
жаңылмай  табады  екен),  әрі  баурында  ӛскен  Жансалқамға  кӛз  болады...  Ең 
дұрысы  осы...  Бірақ  дымымды  шығаруға  батпадым  —  шал  тумағандығын 
кӛрсетті, қуып отыр деп ойлауы мүмкін, кӛңілі қалары ӛз алдына, қайткенде 
де мені мұндай халде тастап кетпес еді. 
Адам  ажалды  сұрап  алмайды.  Жасқа  келе  ме,  кәріге  келе  ме  —  тағы 
белгісіз. Кӛкемнің менің саулығымнан басқа тілеуі болған жоқ. Әкелі-балалы 
қос бейбақ, Бетпақтың терең түпкірінде, елсіз, жансыз иенде бірімізге біріміз 
селбесіп, тағы жеті жыл ғүмыр кештік. 
Соңғы  отыз  жыл  ӛмірі  қуғын-сүргінде  ӛткен  абзал  қартымның  ен 
ақырғы  тілегі  орындалды  —  менің  алдымда  кӛз  жұмған.  Христос  туғаннан 
есептегенде  1945-інші,  қазақша  тауық  жылы,  апрель  —  кӛкек  айының  29-
жұлдызы, жексенбі күні еді. Ақ жуып, жаназасын шығарып, арулап, әспеттеп, 
анасы  —  қара  жердің  қойнына  тапсырдым.  Заты  қазақ,  Орта  жүз,  арғын 
ішінде қарауыл, туған жылы доңыз, алты мүшел және он жыл жасап, сексен 
екісінде, ақыл-есі түзу, дені таза қалпында, кәлимага тілін келтіріп, иманын 
айтып, армансыз аттанды. Туған жері — Есілдің қолқа-жүрегі, орыс орнаған 
Қызылжар  еді,  топы-рағы  Бетпактың  шӛлінен,  ӛзі  ӛмірінің  соңғы  он  алты 
жылын  ӛткерген  Кӛкжайлау  дейтін  берекелі  мекеннен  бұйырды.  Жеңгелей 
алған бәйбішесі  мен  қыздай  алған  тоқалынан небәрі  тӛрт  перзент кӛріп  еді. 
Түңғышы  Ыбырай  мырза,  зорлықшыл  қарашекпекдерден  ата  қонысын, 
адамдық  намысын  қорғау  үстінде  қысасқа  ұшырап,  бұғауланып,  каторгаға 

Sauap.org
 
 
114 
 
айдалды, кейінгі тағдыры белгісіз. Екіншісі — Сіләмбек мырза, 1916 жылғы 
дүрбелеңде  орыстың  жазалаушы  отряд-тарымен  қақтығыста  шәйіт  болды. 
Үшінші  —  мен,  Стамбек,  перзенттік  парызымды  түгел  ӛтемесем  де,  ата-
анамды қолдан келгенше бағып-қақтым. Тӛртінші — арна ішінде бір бидай, 
жалғыз  қарындасы-мыз  Айсалқам,  біз  кермеген  бар  ауыртпашылық  соның 
басына  түсті;  ақыры  ақсақалдың  жалғыз  неме-ресі  Жансалқам  соның 
қолында  ӛсті,  һәм  екі  жиенін  тәрбиелеп  отыр.  Әкем  Сыпатай  мырза  текті 
сүйек-тен  шыққан,  ер  кӛңілді,  жомарт  қолды,  алыс-жақынға  бірдей  сыйлы, 
иман-тауфиқты  адам  еді.  Жеті  атасынан  байлық  арылмап  еді,  ӛзі  де 
кедейшілікке ұрынбай, жоқшылық кӛрмей ӛтті. Дүние малын қуған жоқ, тірі 
жан  иесіне  қиянат  жасамады.  Алланың  жүзін  ашық  дидарымен  кӛрері  хақ. 
Нұры  бейіште  шалқысын!  Артында  қалған  ұрпағының  жарығы  үзілмесін! 
Аталы жұрты аман болсын! Әумин!.. 
 
* * * 
Біздің қырағы чекистер бұл қисынсыз сандырақты мүқият оқып шықты. 
Құтылмасын біліп, тергеушілердің назарын басқа жаққа аудару үшін тапқан 
амал.  Әлдебір  жерден  —  теріс  пиғылды,  зиянды  кітаптан  кӛшіріп  алған. 
Сондай жат пікірлі еңбекті оқудың ӛзі айыптау актісі үшін жеткілікті айғақ. 
Ал  айыпкер  оқумен  шектелмей,  ӛз  қолымен  (бұл  жағы  нақты  анықталған) 
кӛшіріп  шықса...  бұдан  ӛткен  қылмыс  бола  ма.  Айдауға  ғана  емес,  атуға 
лайық. Бірақ әділ үкім шығару үшін қылмыскер ӛз айыбын — неміс шпионы 
екенін  мойыңдауға  тиіс.  Сол  негізде  сыбайластарын  анықтау,  сызған  карта, 
жинаған  деректерін  қолға  түсіріп,  ұялы  үйірімен  зиянсыздандыру  қажетті. 
Амал не, сары орыс... сары қазақ нағыз шыныққан шпион — темірдей берік 
ит  болып  шықты.  Әуелгі  жауап  үстінде  кӛрінген  нәрсеге  таңырқап,  аңғал, 
ақымақ  кейіп  кӛрсеткенімен  де,  кӛп  ұзамай,  тиімді  тәсілдер  қолданыла 
бастағанда  тілі  шықты.  Жок,  неміс  фашистері,  ӛзінің  шпиондық  жұмысы 
туралы  емес.  Заманға  деген,  қоғамға  деген,  сол  заманды  туғызған  біздің 
сүйікті  революционерлер,  сол  қоғамды  орнатып  жатқан  туысқан  совет 
ӛкіметі...  бізді  жеңістен  жеңіске  бастаушы,  заманымыздың  ақыл-ойы, 
абыройы  большевиктер  партиясы...  содан  соң,  айтудың  ӛзі  қорқынышты, 
адамзаттың  данышпаны,  әлемнің  жарық  күні,  бәрімізді  осы  бақытты  ӛмірге 
жеткізген  ұлы  Сталин...  Түгел  тиісті  жеріне  жіберген.  Анау  қағазда 
жазылғаны  не,  бейбастақ  баланың  балдыры,  кәдімгідей...  балағаттап  емес, 
одан  да  ӛткір  сӛздермен...  қазып,  қопарып,  былғап...  Оның  айтуынша, 
халықтың  шын  жауы  —  анау  фашистер  емес,  мына  біздің...  Иә!  Нағыз 
фашистер!  Бір-ақ  нәрсеге  ӛкінем  дейді.  Айдалада  жатып  алмай,  ақырына 
дейін  қызылмен  күресуі  керек  екен.  Колчакқа,  Деникинге  барып  қосылуы 
керек  екен.  Тым  құрыса  Созақта  ӛлмедім  дегенін  қайтерсің.  Бет  пердесі 
осылай ашылды. Жау! Ӛкіметтің, партияның, халықтың жауы! Тоғыз қайтара 
атсаң да, қылмысы жетіп жатыр. Бірақ... әділ үкім үшін бұл сұмырайдың ӛзін 
неміс шпионымын деп мойындауы керек еді. Неміс шпионы! Бәрі анық. Тек 
анық  емес нәрсе  —  ӛзін  әшкерелеуге  себепші  болған  геологтар жайы.  Күнә 

Sauap.org
 
 
115 
 
арқалағым келмеді дейді. Аядым дейді. Орысты да, қазақты да емес, таулық 
жігітті. Лак. Эфендиев Мұстафа. Кәдімгі, алғашқы күннен-ақ неміс фашисін 
ақтамақ  болған,  тіпті,  бізді  шӛлде  ӛлімнен  құтқарды  деп  қорғаған  күмәнді 
жас  жігіт.  Сыбайластығы  —  біздің  чекистер  айласын,  ақылын  асырып, 
адымын ашырмай, құдайдың қу даласынан ұстаған неміс шпионымен тікелей 
байланысы  анықталмады,  бірақ  алдағы  уақытта  сырттай  қатаң  бақылауға 
белгіленген  лак  Мүстафа  Эфендиев  қызметтен  босатылып,  ӛзінің 
Дағыстанына  кетті.  Ал  қалған  жұрт  еңбектеріне  сай  тиесілі  наградаларын... 
ала  алмаған.  Батыста  —  Европада,  ежелгі  Нюрнберг  қаласында  адамзатқа 
қарсы қылмыс жасаған Гесс, Геринг және басқа фашистерге сот басталардан 
үш күн бұрын, Азияның қақ ортасындағы бұрынғы Ақ-Мешіт, қазіргі Қызыл-
Орда  қаласында  дәл  осыған  ұқсас  тағы  бір  процесс  ашу  әрекеті  сәтсіздікке 
ұшырады.  Ӛзін  Стамбек  Сыпатаевич  Дәулеткелдаев  деп  жариялаған  әккі 
дұшпан  кезекті  жауап  үстінде  қасақана  ӛліп  кетті.  Бір  кӛзі  шыққан,  қолы 
сынған,  аузындағы  отыз  екі  тісінің  жетеуі  ғана  қалған  Стамбек  демі  үзілер 
сәтте  ышқына  айқайлапты:  Қарғыс!  Қарғыс  атсын  сендерді!  Күндерің 
санаулы! Ӛз қандарыңа ӛздерің тұншығасыңдар әлі! Қарғыс атсын! 
Біз осы, соңғы дерекке сендік. Тек... қай тілде айтты екен — орысша ма, 
қазақша ма? Ақсүйек дворян кем дегенде екі-үш тіл білуге тиіс. Соңдықтан 
Стамбек  ӛзінің  соңғы  сӛзін  жаңа  дәуірде  халықаралық  саналатын  ағылшын 
тілінде айтуы да мүмкін: «Dаmn іt!»  
Әйтпесе, геттинген рухына, неміс философтарына қарызын біржола ӛтеп 
кету үшін неміс тілінде. «Vеrflucht sei alles!» 
Жан ышқынғанда ана тілі ауызға түседі дейді ғой.  
Жасампаз  жаңа  заманмен  орысша  қоштаспағы  қисынды:  «Будьте  вы 
прокляты! Будьте прокляты во веки веков!»  
Жоқ. Ата тілі жақынырақ сияқты: «Қарғыс! Қарғыс атсын! Кӛріңде ӛкір! 
Қан жалдап тудың, қанға тұншығып ӛл! Адамзат тарихындағы ең қаралы, ең 
қапас, зұлмат заман, халықтардың қарғысы атсын сені!»  
Бұл сӛздер XX ғасырда барынан түгел айрылған ең бақытсыз қауым — 
Алаш жұртының аузында табиғи әрі зілді естіледі екен. 
Стамбек ӛзінің керез сӛзін қазақ тілінде айтқаны күмәнсіз. 
 
 Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 
ұмытпаңыз! 
 
Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 
Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 
жоюға тиіссіз. 
Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 
аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  өз 
мойныңызға аласыз.  
Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 
жеткізуге шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет