жоғарыға отырғызды. Қасымда маған иелік етуші жас қайсақ, одан әрі мені
тұтқынға алған дембелше түземдік, олардан тӛменге ӛздерінше сәнді киінген
тағы бірнеше кісі келіп жайғасты. Сабырлы мінез, маңғаз қалыпта кӛрінуге
тырысқанымен, әуестіктерін әрең жасырып отыр. Кӛз қырымен, қабақ
астымен тінте, тексере қарайды. Аздан соң үйге құндыз бӛрік, қымбат шапан
киген, бурыл мұрт, шоқша сақалды карт келіп кірді. Үйдегі жастар тегіс
жамырай кӛтерілді. Еркімнен тыс қимылмен мен де орнымнан тұрдым. Осы
рудың кӛсемі екені танылған. Қасында маңдайы, жағы оқалы, иекке дейін
тартылған ақ жібек шалма ораған (түпнұсқада кимешек осылай аталады,—
М.), орта жастардагы, кербез кейіпті, бойы тік, етжеңді бәйбішесі бар. Ру
кӛсемі орындарынан тұрған жігіттсрдің бәрімен қол алысып, салмакпен
амандасты да, мені қаусыра құшақтап, баурына басты, Содан соң тӛрге,
манадан бері менің сол жағымда бос тұрған орынға отырды. Бәріміз де тізе
бүгіп, түрікше жайғастық. Тек бәйбіше ғана тӛрге шықпаған. Маған
таңырқай, жатсьша қараған қалпы босағада бӛгеліп еді, бәріміз отырып,
қожайыны — ру кӛсемі арнайы шақырған кезде ғана басын изеп, ауыр
күрсінген. Содан соң бірдеңе сұрады. Менің кісенім туралы екен. Мана басқа
бір жұпыны (сірә, қызметшілерге тиесілі) үйде білезігі қырқылып, есікте
қалған кісен осында жетіп, босағаға, тор шарбақ (кереге,— М.) басына
ілінген екен. Бәйбіше әуелі кісенді сипап кӛрді, содан соң салбыраған
шынжырынан тарта ұстап, сәл тұрды да, ӛксіп жылап жіберді. Үлкен кӛздері
жасқа толып, маған қарады, қайтадан кісенге кӛз салды. Тӛрге аттай бере,
дауыстап жылап, бетін басты да, үйден шығып кетті.
Мен таңырқауды ұмытқалы қашан. Ұққам да жоқ, ойлап бас та
қатырмадым. Аз уақыт ашық күмбез астын ауыр тыныштық жайлады. Кӛк
аспанда ұлпа бұлттар қалқиды. Алдымызға дастарқан жайылып,
кӛшпенділердің мен кӛрмеген экзотикалык тағамдары қойыла бастады, ат-
тарын кейін білдім — құрт, ірімшік, жент, қуырған бидай, балқаймак, торта,
қазы, шұжық, тағы басқа да нәрлі, қуатты астар. Манағы қызметші келіншек
ошақтағы ағаш кӛміріне қызған жез кұмғаннан дӛңгелек кеселерге
әлденендей қызылкүрең сұйықтық құйып тарата бастады. Кофе емес, сүт
қосқан, мӛлшерден тыс қою шай екен. Мен кӛсемнің оң райын таныған соң,
қайткенде де әзіргі жағдайым жаман болмасын аңдап, әрі кісен салмағынан
Sauap.org
30
құтылғам, үстім тазарып, киімім жаңарған, діңкем құрыса да маужырап,
рахаттанып отырмын.
Ақсақал ӛз тілінде жӛн сұрай бастады. Мен ымдап, тұспалдап айтқан
болдым. Оқушы шәкірт едім. Петербургта ("О-о!—дескен, қарапайым
түземдіктер тегіс таңырқап.— Петербор!..") оқып жүргем. Ешқандай кінәм
жоқ. Қарулы жендеттер (түземдіктердің империяның жарақты кісілерін жек
кӛретіні әмбеге аян) ұстап алып, ұрып-соғып, аяқ-қолыма кісен салды.
Сібірге каторгаға айдады. Кӛктегі құдай жәрдем жасап, жолай қашып
шықтым. Мына Сіздің жігіттердің (мені осы ауылга әкелген, тӛменіректе
отырған екі қайсақты кӛрсеттім) арқасында пәледен құтылдым. Енді жас
мырзаның (мені қабыл алған қияқмұрт жас жігіт осы ақсақалдың баласы
екені түрінен де, ыңғайынан да қатесіз танылган) және Ӛзіңіздің
мархаматыңызға жолығып отырмын... Зерделі қарт кӛсем менің айтқан
сӛздерімді түгел ұқты. Бас изеп, мақұлдауына, мені иықтан қағып
жұбатқанына қарағанда, ұққандай кӛрінді. Енді сенің басыңа ешқандай қатср
жоқ. Осы ауылда, осы үйде жатасың. Мына менің баламмен, мына біздің
жігіттермен бірге боласың. Содан соңғысы аспандағы Алланың әмірінде...
Атымды сұраған. Станиславқа тілі келмеді. Истам... Аслам... Ақыры,
мені арқаға қағып күлген. Жас мырзаның есімі Сіләмбек екен, менің атым
соған сәйкес Стамбек болып шықты. Басқа жігіттер де атап айтып жатыр.
Әлібек, Ахметжан, Мұстафа, Темірхан, Шәміл деген сияқты, кӛбі мұсылман
әлемі, татар, түрік тарихы туралы мен оқыған әдебиеттен белгілі есімдер.
Кӛздері қара, беттері жалпақ, бастары домалақ, жел, күн қаққан қоңырқай
ӛңді, әйтпесе кәдімгі адам, жол тосқан қарақшыға да, жанкешті мүридтерге
де ұқсамайды; әйткенмен мен мұсылман қауымының, оның ішінде татар текті
халықтардың түрі момақан, тілі жұмсак келерін білетін едім.
Әңгімс үстінде,— ру кӛсемі сараң сӛйлесе де мен туралы ӛзіне қажет
деректің біразына қаныққан кезде,— жігіттер, сірә, кӛшпелі тұрмыс, әскери
демократия әсері, ӛздерін ӛте еркін ұстайды екен, дабырласып, гуілдесіп
кеткен, әлденеге дауласады, әлденеге келіседі, кейде бірі сӛйлеп, басқасы
тыңдайды, кейде екеу-үшеуден ӛзара таласып, мақұлдасып, ақсақалға
жүгінеді, әйтеуір ауыздары бір тынған жоқ,—осы қызғылықты, мәнісін,
мағынасын ұқпасам да сырттай соншама табиғи кӛрінгсн әңгіме үстінде,
әуелгі тағамдар ортайып, шай ішіліп болған соң жаңа дастарқан жайылып,
алдымыз-ға ұзындығы метрге жуық сопақша, үлкен ағаш астауға салынған,
жілік-жілігімен жүйеленген бір қойдың еті тұтасымен тартылды. Мен аштық
туралы оқығаным, естігенім бар, әліме қарап, сыпайы-лап ішсем де, лықа
тойып отырғам, жаңа бір жазаға бұйыратындай қобалжып едім, ешкім
зорламады. Астауға артылған ет үстінде үйтіп пісірген бас тұрған. Ру кӛсемі
алдына алып, бір құлағын маған, екінші құлағын ӛзінің баласына кесіп берді.
Қарын тойғаннан бері ас таңдай бастағам, түрін де, дайындау тәсілін де
ұнатпағанмен, амал қанша, зорлана ауызға салдым, мен қауіптенгендей емес,
ӛте дәмді, әрі жеңіл екен, соған орай, қожайынның ашуын тудырмай, аман-
есен жеп таусудың сәті түсті.
Sauap.org
31
Жұрт тарады. Аулаққа, тоғай арасына шығып келдік. Маған дәл осы
үйге, тер алдына, қалың кабатталған киіз кілем үстіне тӛсек салып берді.
Тӛбедегі тесік (шаңырақты айтады,— М.) жабылды. Жалғыз ӛзім.
Байқауымша, есік құлыптанбады. Сыртта күзетшілер тұрса керек. Дәл бүгін
маған бәрібір еді, ӛлген адамдай ұйықтаппын.
Келесі күндері де кӛпе-кӛрнеу қысас болған жоқ. Мен де кӛнпіс,
момақан кейіп таныттым. Ішем, жеймін, ұйықтаймын. Жігіттермен бірге
кӛлге түсем, ауыл маңында серуендеймін. Бір-екі рет атқа да міндім. Әрине,
шабандоз болмасам да, бұрын талай рет салт жүргем, бірақ қазақтың ағаш ері
жалпақ һәм жайсыз (кейін білдім, ат жалындағы ӛмір үшін бұдан қолайлы ер
табылмас), мұндағы жылқының арқасы да басқаша сияқты (шынында да
солай, кейін кӛзім жетті, қазанат, жабы аталатын далалық тұқымдардың
қабырғасы кең, сауыры жалпақ келеді, бірақ бұл — тіршілік ыңғайымен
қалыптасқан қасиет) сондықтан үзеңгіге аяқ салып кӛрмегендей кепке түстім.
Алғашқы күні соншама берекем қашты. Әйтеуір жығылғам жоқ. Ердің
қасынан ұстап отырдым, ал ат желген кезде қопандап, ӛте жайсыз хал кешіп
едім. Үнемі менімен бірге жүретін Сіләмбек мырза қанша салмақты болайын
десе де күлкісін жасыра алмады. Шегі түйіліп, ат жалын құшып, әрең
басылған. Атқа қалай, қай жағынан міну, қалай отыру, тізгін ұстау, тақым
қағу, қамшылау жайын — бір сӛзбен айтқанда, кӛшпенділердің шабандоздық
ӛнерін үйрете бастаған. Қандай аңқау халық. Мен атпен жүруге жетігіп алған
соң, қараңғы бір түнде жасырын шығып, тура терістікке — әнеукүні ғана ара-
арасымен бой тасалап, әрең ӛткен казак станицаларына қарай тартып
отырады деп ойламайды.
Кӛп ұзамай казактарды кӛрудің де сәті түскен. Арада жарты айдай ӛтіп
еді. Мен құлан-таза оңалмасам да, тыңайып қалғам. Түс кезінде, қымыз ішіп
(мен бұл сусынға әбден үйреніп, тіпті, құмар болып алған едім) үйде
отырғанбыз. Ахметжан ба, Темірхан ба, тәуелді жігіттердің бірі асығыс
жетіп, әлдебір жайсыз хабар айтты. Іле-шала ауыл еркектерінің біразы
жиналып қалды. Тегіс ұатулы. Үлкен мырза (ешкім атын атамайтын ру
кӛсемінің есімі Сыпатай екенін кӛлденеңнен суыртпақтап білгем) ауылда
жоқ, алыс далаға, әлдебір шаруамен кеткен болатын. Ендігі билік Сіләмбек
мырзада. Кісілері жарақтана бастаған екен, кейбірінің қолында жұпыны істік
найза, кейбірінде кәдімгі ағаш шабатын балта, отты қару атымен жоқ. Тек
мырзада ғана ағылшын винчестері бар, отау үйде, кереге мен кілем арасында
ілулі тұрғанын байқап қалғам. Менің долбарымша, соғыссыз бітетін іс емес,
жау тегіс мылтықты, жан-жақтан қаптап келеді. Сіләмбск мырза саспады.
Жігіттерді тегіс ӛз үйлерінде отыруға, айқай шықса ғана кӛтерілуге бұйырған
(бұл әңгіменің егжей-тегжейін, әрине, кейін ұқтым). Ӛзі де қаруланбады.
Винчестерді ең шеткі үйде тұратын Мұстафаға берді, қайткенде де ақырына
дейін шыдауға бекінгендей. Екеуіміз үлкен мырзаның ақ ордасына қарай
жүрдік. Бірер рет кіргенім бар, сән-салтанатты, жиһазды, аса бай юрта.
Баяғыдағы половец хандарының шатырлары қандай болғанын білгісі келген
тарихшы, этнографтар қазіргі дала князьдарының ордасын тексеріп, тануы
Sauap.org
32
қажетін ұққам. Сол ордаға әкелді. Алдымен шиыр-шықталып оралып, іргеге
сүйеулі тұрған кілемдердің бірін жазғызып, мені соған жатқызды, Жаңағы
суыт жеткен жігіт басқа емес, маған қатер тӛнгені туралы ескерткенін, бар
дүрбелең мен үшін екенін сонда ғана ұқтым. Біреуден біреу естіген. Содан
хабар патша тыншыларының құлағына тиген. Енді полиция мені ұстауга келе
жатыр. Қайсақтардың кең далада еркін тұрмыс құрып жатқанымен, патша
ағзамға бодан екенін мен, әрине, жақсы білем. Ӛкімет ӛкілдсрі тап басып
келіп, қатал талап қойса, қашқынды бермей тұра алмайды. Жаңа ауыл
жігіттері соғысқа да әзірлігін анғартты. Халықтың жүрегі таза. Бірақ сұрау
қашанда ру кӛсемінен, ел басшысынан. Сіләмбск мырза мені аман алып
калудың қантӛгіссіз жолын қарастырып отыр. Ырқына кӛне бердім. Мені
жансыз зат сияқты, кілемге қоса, шиыршықтай айналдырып, орап, жабыла
кӛтеріп, қабырғаға сүйеп қойды. Тӛбем ашық, сәл-пәл жайсыздығы болмаса,
бірер сағат емес, бірер күн тұруға да болатын сияқты. Бірақ мен кӛп
тұрмадым. Келер сәтте кілемді қайта жығып, мені шырмаудан босатып алды.
Сіләмбек мырза асығыс жарлықпен жібек кӛрпе, мамық жастықтар қаланған
биік тӛсекті бұздырды. Мені іргеге таман жатқызып, үстімнен кӛрпе-
жастықты әлденеше қабаттап жинатқан.
Мен пысынағанмен, жан тӛзерлік, тұншығып ӛлмес қалпыма үйреніп
үлгермедім, дүңкілдеген ат тұяғы, үргсн ит даусы, содан соң құлаққа
жағымды, етене туыс, бірақ магынасы мен әуезі қатаң орыс сӛздері естіле
бастаған. Таза орыс тілі емес, провинциялык ерекшелігі бар сияқты, әрі
қазақша аралас. Қашқын каторжникті ұстауға келіпті. Анық біледі, осы
ауылда. Кім айтты? Ұзынқұлақ. (Мұндай есімді адам бұл ауылда жоқ сияқты
еді, кӛрші ауылдардың бірінен шыққан онбаған болады; кейін білдім, бұл —
кісі аты емес, біреуден біреу естіген хабар — дақпырт деген сӛз екен, яғни,
сенуге де, сенбеуге де болады, нақты дерек орнына жүрмейді.) Атты полиция
жұртты дабырлатып, иттерді шулатып, ауылды екі айналып шықты; содан
соң үй-үйге кірген сияқты. Ақырында үлкен үйге — мырзаның ӛзінің
ордасына, яғни мен жатқан жерге келді. Дабырлап, орысша, қазақша аралас
сӛйлеп, тура тӛрге шыққан. Сыңайына карағанда, оншақты адам сияқты.
Ӛкіреңдей балдырлап, әлдекімдерді сыбап қойып, сораптап отырып қымыз
ішті. Жоқ, асығыс, бешбармаққа қарамайды. Сыйлағысы келіп тұрса, асатын
етін қоржынға салып берсін. Міне, дұрыс. Патша ағзамға қарсы атақты
террорист, пәленбай генерал, пәленбай губернаторды ӛлтірген қанішер
қарақшының каторгаға бара жатқан жолда, Қызылжардан ӛте бере,
күзетшілерді тегіс ұрып жығып, кең далаға қарай қашқаны рас. Осы ауылда
деген сӛз бекер болды. Демек, келесі ауылда. Немесе. осы маңайдың бір
жерінде тығылып жүр. Кӛрсендер ұстап бересіңдер. Кӛре тұра ұстамасаңдар,
тиістІ жерге жеткізбесеңдер оңдырмаймыз. Сыпатай мырза бастап, осы
рудың барлық еркегі Сібірге айдалады. Дайындала беріңдер. Біз
ұзынқұлақтан Сыпатай аулы деп естігеміз. Әлі де күмән тарқаған жоқ,
Сыпатай аулы. Мүмкін Сматай аулы. Әлде Сәбетей аулы. Шорт білсін.
Есімдерің ұқсас, түгел ұсқынсыз. Смайыл деген бар ма? "Можыт Семей?"—
Sauap.org
33
деді Сіләмбек мырза. Қайдағы Семей? Семипалат. Полицейлер қатты
дабырласты. Семипалатинск қайда, жердің түбі, шығыс жақта. Бірақ кім
білсін. Каторжник қашқалы он үш күн болды. Аяғында кісен. Мүмкін аштан
ӛлген шығар. Мүмкін, суға кеткен, батпаққа батқан шығар. Ең дұрысы —
қасқыр жегені. Әйтпесе, жабайы киргиздардың оздері-ақ жеп қояды.
Қарқылдасып күлген. Содан соң тегіс түрегелді. Есіктен шықты. Есіктен
шыга бере қайта оралды, іргеде қалаулы тұрган жүкті тугел құлатты. Ораулы
кілем, сырмактарды тепкілесіп, ауыздарынан балағат ақтарылып, босағадан
әрең асқан. Белдеуде ширыққан аттарына мініп, ауылдың барлық итін
шулатып, аулаққа қарай шапқан.
Әлде тӛзімім таусылды ма, әлдс әуестік жеңді ме, мен атып тұрып, есік
алдына шықтым. Оншақты кісі мәстектерін тӛпелей қамшылап, қиқу салып,
кӛлді жағалай тырағайлап барады. Отырыстары мүлде бӛлек, қайсақтар
сияқты жамбастай, ер үстінде қисая толқып, ат жалына жабысып алған.
Киімдері де полицейлерге ұқсамайды. Казактар! "Қазақ-орыс"— деді боп-боз
болып, қушиып тұрған Сіләмбск мырза. Ӛзінде болмаған әдетпен ысқырта
боқтады. Бірақ жаңағы казактардың тілімен салыстырғанда уытсыз ғана емес,
тым жұпыны, сыпайы еді. "Сұмырай, қанішер қазақ-орыс" ағайындарын біраз
жерге ұзатып, ішім босаткан соң мейірбан кейіпке енген жас мырза мені
құшақтап, арқамнан қақты, "Аман! Аман!" дейді. Ал мен аман қалғаныма
қуана алмадым. Бар тілегім кесілгендей, қасірет жамылып тұр едім.
Ӛйтпегенде ше! Болашақ тірлігімді, зор үмітімді осы казактарға
байланыстырып едім ғой. Қандас, діндес бауыр, еркін ӛмір! Әрине, мен
казактар қауымы баяғы Сагайдачный
мен Булавин заманынан басқаша
екенін, тіпті, Емелька Пугачев
кезіндегі мінез-құлқын да ұмытқанын
білетінмін.
Патшалық тәртіпке біржола мойын сұнған, орыс халқының, империяның
ажырамас бӛлігіне айналган. Бірақ қандай қылмысы болса да, еркіндік іздеп
қашқан панасыз бейбақты қуғындайтындай дәрежеде азып-тозды деп
ойламағам. Міне, кӛзіммен кӛрдім. Бар тіршілігі бейшара каторжникті ұстау,
ұстамауға тіреліп тұрғандай, керемет ынталы, ыза мен ӛшпенділік —
ешқандай негізсіз, себеп-салдарсыз қара кӛңіл қандай! Браво, вольный казак!
Жарайсың, арда казагым! Патша ағзамның қаргылы тӛбеті болып шығыпсың.
Жаңа мені тауып алсаң ғой, қолымды қайырып байлап, ұрып-соғып, алдыға
салма жаяу айдап, әлім құрыған шақта арқанмен сүйретіп, қарқ-қарқ күліп
әкетіп бара жатар едің! Жоқ! Оңайлықпен әкете алмайтын едің! Мен осы
ауылға қонақпын. Мұсылман баласы үйіндегі қонағын жазаға, жалаға
бермейді. Бұдан ӛткен масқара, бұдан артық қорлық жоқ. Ӛлсе де бермейді.
Ал мына кӛшпенділердің дін рәсімін орындауы шамалы болғанымен, ділі
қатты сияқты. Түгел қырылса да мені алып қалар еді. Ата салты үшін,
азаматтық борышы үшін ғана емес. Адамдық, арының үкім күшімен. Қалай
ойламагам осы уақытқа дейін. Мен жай ғана қашқын, қатардағы қонақ
емеспін. Бұғауымды шешіп, бүгін болмаса ертең қайта түсер кіріптар халден
— тура келген ӛлімнен арашалап қалған ӛздері, яғни, жасаған жақсылығын
Sauap.org
34
аяғына жеткізуі керек. Мен жай ғана адам емеспін. Бұлардың үғымынша мен
ниеті харам ақ патшадан жапа шеккен, ӛздерін күнде жауламаса да,
тықсырып, жаныштап отырған, әбден қандарын қарайтқан басқыншы жұртқа
жақпай, бұғауға түскен бүлікшілмін, яғни жауыңның жауы — сенің досың.
Осылай топшыладым.
Тағы бір кілтипан барын аңдағам. Кӛбіне ымдап, дыбыстап, кейде
жекелеген сӛздердің мағынасын топшылап, ептеп үғыса бастағамыз. Ру
кӛсемі Сыпатай ақсақалдың менен қайта-қайта сұрағаны — каторгада осы
ӛздеріндсй қайсақтарды кӛрген-кӛрмегенім. Сіләмбек мырзаға түрі ұқсас жас
жігіт кездескен жоқ па. Мен не айтам. Ішкі жақтан келе жатқанымды, Сібірге
— азапты тұраққа жетпей қашқанымды, айдалғандардың ішінде әртүрлі ұлт
ӛкілі
— кавказдық немесе қазандық мұсылмандардың да кездесетіні туралы
ежіктеген болдым. Сіләмбск мырзаның кӛзі оттай жайнайды, Сыпатай
ақсакал еңсесін жазып, екі айыр, ұзын, буырыл сақалын салалап, үнсіз
күрсінеді. Әлденеше мәрте әңгімедсн соң ұққаным — кӛсемнің үлкен ұлы
каторгаға кеткен, осыдан тура жеті жыл бұрын.
Кейіннен әнгімесін толық естідім.
Қазіргі Петропавловск қаласы тұрган, бұрын Қызылжар атанған жер —
қарауыл Дәулеткелді байдың ата-мекені екен. Туған жеріне орыстың бекініс
қаласы орнаған соң Дәулеткелді балалары екіге жарылады: үлксн ұлдар енді
гәуірдің қол астында тұрмаймыз деп, оңтүстікке қарай кӛшеді, шанырақ иесі
кенже ұл — осы Сыпатай ақсақалдың бабасы ата қоныстан аумапты. Бұлар
орыс ӛкіметі мен қазақ хандары жасаған келісім бойынша, Есілді бойлап,
Қызылжарды тӛңіректеп кӛшіп жүреді. Бірақ уақыт оза келе казактардың
қысымы күшейе түседі, қарашекпендер мыңдап кӛшіп келеді, жер тарылады.
Әбден есірген переселендер мен казактар бсйбіт, қарусыз ауылдардың малын
тартып алуды, адамдарын соққыға жығуды ӛздерінің міндетті борышындай
кӛреді. Әрине, сылтау табылады. Қазақ — ат үстінде жүретін халық. Мал
баққан халық. Ат үстіндегі адам бір қоныста отырмайды.Бағылған мал бір
орында тұрмайды. Қия басса болды —"Жеріме түсті!"— деген дау әзір. Бұл
жер
— қазақтың ғасырлар бойы мекендеген, бабасының сүйегі жатқан ата
жұрты екендігі, бұл араға казактың кеше ғана, қарашекпеннің бүгін ғана
келіп қонғаны есеп емес. Сылтаудың үлкені — кайсақтың беті жалпақ, ӛңі
қоңыр. Ең бастысы — заң да, күш те сенің жағыңда... Шекараға жақын
тұрған екі жыл ішінде мен неше түрлі сұмдықты кӛрдім. Қан кайнайды, ыза
буады... Бірақ қайсақтар-ға зәредей де кӛмек тигізе алмадым. Әрине, заңға
жүгінсек, шындап қуынсақ ылғи осылай кете бермес еді, бірақ тіл білетін,
жӛн-жоба білетін мен ӛкіметтің кӛзіне түсе алмаймын, аз басым сауда-да.
Байырғы жұртыңды жек кӛргеннен, жаңа жұртыңа жан ашығаннан басқа не
келмек қолдан!.. Сонымен, империяның туған ұлдары — казактар мен
қарашекпендер бір жақта, ӛгей ұлы, Ӛгей де болса ұл емес, басыбайлы құлы
— бұратана қайсақтар бір жақта,— оқтын-оқтын дау-дамай, ұрыс-жанжалдар
Sauap.org
35
шығып тұрады ғой. Ауыл үстінде ат ойнату, зорлық-зомбылық тыйылмайды.
Бірде таяу маңдағы переселендер тұрағынан бес-алты ӛгіз жоғалыпты.
Мүмкін, барымташылар әкеткен шығар, мүмкін, сонылап, желдеп кеткен
шығар. Қарашекпендер аша, балталарын алып, Сыпатай аулына келеді де,
дәл іргеде жатқан жылқыны айдап жӛнеледі. Әрине, жылқышы жігітті ӛлімші
етіп сабаған, Ауылдағы бас кӛтерер азамат тегіс атқа қонады. Жылқыны
айырып алу кезінде бірнеше мұжық соққыға жығылады, ал тӛбесін сойыл
ойған бір мұжық тіл тартпай кетіпті. Мана, алғашқы шабуылда құлаған
жылқышы күп болып ӛлген, одан соңғы қақтығыста тағы қаншама қазақ
жараланған - бірақ оның бәрі есеп емес, тергеу, тексеру кезінде бас күнәкар,
әдеттегіше, жергілікті жұрт болып шығады да, қайсақтарды бастап бүлік
шығарған, қісі ӛлтірген қылмыскер Ыбырай Сыпатай баласы Сібірге
айдалады...
Мұның бәрін кейін білдім. Ал сол сәтте, тағы бір тұтқыннан, бәлкім,
азапты ажалдан аман қалған күні қуана алмадым. Менің еркіндікке жету
турасындағы жоспарымның қазақ-орыс варианты — яғни, казак
станицаларының біріне сіңісіп, ес жиып, жағдайды толық бағдарлаған соң
ӛмірлік мақсат жолына қайта түсу туралы киялдарым мүлде негізсіз болып
шықты. Тілі, діні, ғұрпы бӛлек, түр-тұлғасы бӛтен, ашық аспан астында
қарапайым тіршілік кешсе де, бар бақыт осындай салқам тұрмыста деп
білетін кӛшпенді жұрт ортасында — бір кезде князь Игорь еріксіз түнеген
киіз шатыр астында жатып, таң атқанша дӛңбекшідім. Жалған дүние. Қайта
айналып кетпей ме. Жоқ! Тарих бір-ақ бағытта дамып келеді. Мен ертең
емен-жарқын кӛңілмен еліне қайтатын жауынгер князь емеспін. Мен —
кайда барса да басына пана таппайтын, ӛз жұрты талақ еткен панасыз
қашқынмын... Заманым осы. Пешенектер. Половецтер. Содан соң татар-
моңғолдар. Мың сан арбамен, жүз мыңдаған малымен кӛшіп жүрген. Қандай
күшті болған! Ендігі зағип халдері мынау. Тапа-тал түсте ӛкірендей шауып
бес казак келеді де, бүкіл ауылдың астын-үстіне түсіреді. Аузына келгенін
айтады, қорлайды. Қырып кетсе де құқы жетіп тұр. Ал кешегі Қонжық
ханның, Бату ханның әулеті аузын да аша алмайды. Дәрмен жок.
Ӛшпенділіктен бӛтен ештеңе қалмаған кӛкіректе. Қазақ-орыс дейді. Шала-
пұла деген сияқты. Жарты орыс. Толық орысты да жетістірмес. Білмейді
дейсің бе, түсінбейді дейсің бе, бар пәленін қайдан шығып отырғанын.
"Орыспен жолдас болсаң, жаныңда балтаң болсын!" "Сары орыстың бәрі
орыс!" Бұрын естідім бе, кейін түйдім бе — осындай макалдары бар. Бірақ
мені қабыл алды. Бәрі орыс демей. Балтасыз... Мен қонақпын! Құлдыққа
сатпасына, азар кӛрсетпесіне кӛзім жеткен. Тегіміз бӛтен болса да, түбіміз
бір. Бәріміз де Адам-Атаның баласымыз!.. Сол сәтте ғана есіме түсті. Бұдан
бес жүз жыл бұрын, мың жыл бұрын жасаған, осы Ордада тіршілік кешкен,
дәл осындай киіз шатыр астында түнеген бабаларым! Міне, тағдырдың
тәлкегі! Менің арғы бабам Бӛкей Орданың күш-қуаты шеңбірек атып тұрған"
шақта орыс ішіне қашады. Арада бес ғасыр ӛткен соң, бар билік Россияға
кӛшкен шақта сол Бӛкейдің бақытсыз ұрпағы Станислав — мына мен
Sauap.org
Достарыңызбен бөлісу: |