Ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. Иен емес, елді мекен



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата19.02.2017
өлшемі0,9 Mb.
#4511
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
айтқанда,  тұсаудың  кеңіп,  арқанның  ұзарған  бір  кезі.  Кең  қоныстағы  бұла 
жұрт  қалың  тамаға  қыл  бұрау  әлі  түспеген.  Елмен  бірге  Сарысуды  бойлап, 
кӛштік те жүрдік. Жалпы жұрт ес жиды. Жаңа ӛкімет күш жиып жатыр екен. 
Одан хабарымыз жоқ; бар болса да дәл сондай дәрежеде жүргізіледі деп кім 
ойламақ.  Ел  еркіндікке  жаңа  шыққандай.  Ойын-сауық.  Думан-мереке. 
Жадырамас қисын жоқ. Қара бұлт тӛнді — айықты. Тыпырлап барып кейінгі 
ӛкімет  те  сабасына  түседі.  Құл  жиылып  бас  болмас.  Әуелде  кӛкке  қолы 
жеткендей ӛкірендеген парықсыз Жалбағай мен сауатсыз Жақыбай Ақымбет 
пен  Нұрымбеттің  қолжаулығына  айналған.  Бай  —  бай  қалпында.  Жарлы 
тәңірінің қолтығында. Қазақтың бар дәулеті баяғыша, құрығында тұрған. 
Ел ежелгі салтымен жүріп жатты. Осылай бола береді деп ойлады. Мен 
де  кӛңілдегі  алаң  азайып,  орманды  ӛлкеге  деген  сағыныш  сейіліп,  арғы 
бабамның  тозған  жұртына  біржола  сіңісіп,  барақат  күн  кешкем.  Бұрынғы 
отандастарым  —  орыс  қана  емес,  бүкіл  батыс  жұртының  тіршілік-салты 
соншама қолайсыз, жасанды, ауыр кӛрінді. Бұрынғы ӛмірім — нәресте, сәби 
кезім емес,ес білген ӛскін кезім емес, оң-солды таныдым, ақиқат жол таптым 
деп  ойлаған  жеткін  шағым  —  қазір  атынан  ғана  емес,  сән-салтанат,  мән-
мағынасынан  да  айырылған  байтағымыз  —  кӛне  Питерде  ӛткен  күндер 
соншалық  тұрпайы,  жабайы  кейіптенді.  Бұдан  бес  жүз  жыл  бұрын  Ордадан 
қашқан атамның ең соңғы аманатын арқалап жүргендей сезіндім ӛзімді. Түр-
тұлғам,  іс-қимыл,  ой-әрекетімнің  бәрі  ӛзгергсн.  Тек  түсім  ғана.  Ол  да 
уақытша  сияқты.  Мен  ақтың  қашқын  офицері  ретінде  бой  тасалап  жүрген 
кезде тар дүниеге келген ұлымыз Дәулет кӛп жасамады, кӛне кӛш жолында, 
ескі  қорымда  қалды.  Одан  соңғы,  сағындырып  туған  кішкентай  қызым 
Жансалқам — қаракӛз аққүба. Тек шашында жирсн рең бар. Мұндай кейіпті 
қазақтар  кӛп  кездеседі,  бӛтен  нәсіл  деп  ешкім  ойламас  еді.  Мінеки,  орыс 
орманына сіңген бидай ӛңді бабам тәрізді, мен де жусанды далаға жайылып 
бара жатқан сияқтымын. 
Қазір  жалғыз  үй  калсақ  та  бізді  ешкім  кірме  деп  шетке  қақпайды. 
Дәулеттіміз.  Жылқы  ӛсіп  сегіз  жүзге  жеткен.  Қой  мыңның  үстіне  шыққан. 
Әрине,  қаруы  қайтпаған  әкем  де,  ат  үстінде  ӛзгеше  тыныс  табатын  мен  де 
кыстың біраз уақытын қырда — қостағы жылқыда ӛткіземіз, жазда да бар тір-
шілік малмен байланысты, апам мен келіні де қой қосақтасып, бие сауысып, 
ас-су  әзірлеп  дегендей,  ешбір  жұмыстан  шеттемейді,  бірақ  шаруаның  кӛбін 
малшы-қоңсылар  атқарады.  Қыста  соғымы  мен  сойысы,  жазда  сауыны  мен 
мінісі  бар,  басыбайлы  ешкім  жоқ,  еркімен  жүріп,  қалауымен  қызмет 
атқарады, "таптық езгі" кӛрді, зар жылады дей алмаймын. Еңбек, кәдімгі адал 

Sauap.org
 
 
57 
 
еңбегіне орай ақыларын алып отырды. Су мол, шӛп шүйгін, мал мыңғырып 
ӛсіп  келе  жатты.  Біздің  дүние  аз-маз  оңалған  кездің  ӛзінде  терістікке  қарай 
кӛше қоймауымыздың бір себебі осы еді. Ең негізгі себеп, әрине, менің кӛзім 
кӛк,  шашым  сары  болып,  қалған  жұрттан  бӛлектеніп  тұруым  —  орысқа, 
шәрлі  жерге  жақын  аймақта  қатердің  сейілмеуі.  Оның  үстіне,  шынын  айту 
керек,  біз  жаңа  жұртқа  бауыр  басып,  мүлде  сіңісіп  қалғандаймыз.  Ағайын 
ғана  емес,  туыс-жегжат.  Ел  тынышта  Ақымбет  әулетіне  ұзатылған  жалғыз 
қарындасым  Айсалқам  барған  жерінде  ерекше  сыйлы.  Құдаларымызбен 
араласымыз күшті, алыс-берісіміз мол. Сыпатай мырзаға ауыр салмак, маған 
атақ  пен  абырой  әперіп  отырған  мол  дәулет  —  жазда  қырдан  суға  тӛгіле 
құлайтын,  қыста  қасқара  тұрып  қар  тебетін  кӛк  алалы  кӛп  жылқы  ішіндегі 
бірнеше  үйір  осы  Ақымбет  байдың  қалыңға,  киітке  бергек  боздары  мен 
жирендері.  Малы ӛссе де басы ӛспеген  әксй  Сарысуды  емес,  жалғыз  қызын 
қимайды. 
Кӛп ұзамай бұл ӛңір де жанға пана болудан қалды. Еңбек етпегендердің 
хақысын бәрінен де жоғары қойған жаңа ӛкімет, ӛздерінің тілімен айтқанда, 
қорларды  зор  қылуға  шындап  кірісті.  Бардікін  алып  жоққа  берді;  ақылмен, 
адал  еңбекпен  дәулет  жинағандарды  жау  деп  танып,  берекесіз  күн  кешкен 
қулар  мен  кежір,  жалқауды  езілген  енбекші  тап  деп  жариялады.  Ең  үлкен 
әділдік — байдың малын кедейге тартып әперу екен. Тарихтың ең тұрпайы, 
қиын  кездерінде,  ең  қатал,  заңсыз  патшалықтардың  ӛзінде қарақшылык пен 
тонаушылық  ізгі  қасиет  ретінде  мадақталмап  еді,  Совет  орнатқан  жаппай 
теңдіктің  арқасында,  адамзат  ғұрпындағы  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  игі 
ұғымдардың  бәрі  теріске  шығып,  қасиет  атаулы  аяққа  басылды.  Кез  келген 
дәуірде,  кез  келген  ұлыс,  мемлекетте,  тіпті,  дамудың  әуелгі  деңгейікдегі 
жабайы  тайпалардың  ӛзінде  ең  тӛменгі  сатыда  тұруға  тиіс,  еңбекке  қыры 
жоқ,  ұяттан  ада,  кісіліктен  махрұм,  жиренішті  әрі  бұралқы  пенделср  ел 
билеуге,  жұрт  тағдырын  шешуге,  адамды  біржола  аздыруға  кірісті,  сӛйтіп, 
бір  халықты,  бір  мемлекетті  емес,  жарты  әлемді  қанға,  қасіретке  бӛктіріп, 
жаһаннамға жол ашты. Кӛп ұзамай-ақ жер үстінде тозақ орнады, о дүниеден 
айырмасы  —  дию-пері  жаққан  бұл  тамұққа  игілер  мен  ізгілер,  адалдар  мен 
абзалдар  түсуге  тиіс  еді.  Соның  бәрін  кӛріп  отырып  мен  ӛзімнің  ӛткен 
ӛміріме — жаңа бір қауымға жӛн сілтемек, дүниені шайқап, Россияны қайта 
құрмақ  ниетпен саяси  күреске  араласқан  күндеріме  лағнат айттым.  Күнәһар 
екем, ойлап тұрсам, мендей күнәкарлар, күнәлары менен де артық әшадылар 
мыңдап, миллиондап саналады екен — кешегі тӛңкеріс, бұлғақ пен қырғын, 
қазіргі  заңға  айналған  заңсыздық,  ертеңгі  апат  пен  түнек  сол  біз  бастаған 
істің  жалғасы  —  біз  бықсытқан  шаланың  қалыңға  түскен  қара  түтінді  ӛрті 
екен. Амал не, кеш ұқтым. Егер ғайыпты болжап, осының бәрін ертерек, жол 
басында 
білсем, 
террористерге 
қарсы 
террор 
ашатын 
едім, 
революционерлерге қарсы революциялық ұйым құрар едім. Бір мен емес, ӛзі 
құлатқан  тасқын  астында  қалған,  ӛзі  тұтатқан  ӛрттің  ӛтінде  күйген  кешегі 
күрескерлердің  бәрі  де  бар  жұмысын  керісінше  жасары  анық.  Яғни, 
адамзаттың досы — біздің соңымызға шырақ алып түскен үшінші бӛлім екен 

Sauap.org
 
 
58 
 
ғой.  Бірақ  ақылы  аз,  парасаты  кем  ӛңшең  топас  не  бітірсін.  Ӛздері  де 
жойылды,  біз  де  құрыдық.  Бәрі  құрыды.  Бетпақтың  шӛлінде,  қабырғасыз 
қапаста  он  жеті  жыл  отырып,  аман  шыққан  мына  мен  —  ӛзгеше  бақыт 
бұйырған  адаммын.  Бақытым  сол,  ӛзімнен ӛзім  қаркылдап  күлем.  Күлмеске 
шарам  жоқ.  Жаңа  заман,  жаңа  тәртіп  орнатып,  ұлы  Россияны  түнекке 
батырған соғынды Троцкий Алматыға айдалғанда, одан соң елден аласталып, 
шет  жұртқа  қуғынға  кетіп  бара  жатқанда  не  ойлады?  Тоңмойын  еді,  дүлей 
еді, сонда да... Әрине, әлемдік революцияға сенген күйінде кетті, ақыры алды 
тілегенін  —  тӛңірегі  аманда  тӛбесі  тесіліп  елді  (түпнұсқада  әлде  "ит  ӛлімі 
бұйырды", әлде "иттей болып ӛлді" — "настигла собачья смерть", біз кейінгі 
мағлұм  деректер  бойынша  нақтылап  бердік:  Сталин  бағыттаған  жендет 
қайламен  ұрып,  қарақұсын  ойып  жіберген  Троцкий  қиналса  да  қапасқа 
түспей ӛлген ғой,— М.). Кӛсемдер тағдыры-ның ішіндегі ең сәтті финал (бұл 
тұжырымды да біз қостық: контекстсн осындай қорытынды шыға-ды,— М.). 
Ал біздің чекистердің сый-сияпатынан ӛткен, мойнына тұзақ ілініп тұрған — 
кешегі құдірет, бүгінгі мүскін Зиворьев пен Каменев, Бухарин мен Рыков ең 
соңғы  сәтте  қандай  сезім  кешті?  Тек  бұлар  ғана  емес.  Бар  ғұмырын 
революцияға бағыштаған, осы жолда адам айтқысыз қиындықтардың бәріне 
тӛзген,  ақыры  қан  кешіп  жүріп  тілегіне  жеткен  жүздегсн,  мыңдаған  болат 
большевиктер  енді  жаңаша  тергеліп,  жақсылап  азапталып,  халық  жауы 
ретінде  атуға  кесілгенде,  немесе,  бар  хақысынан  айрылып,  Сібірге,  Мұзды 
мұхит жағасына жалаңаяқ айдалған кезде нендей күйде болды? Тамаша емес 
пе!  Ал  енді,  сондай  алып  тұлғалардың  —  жаһаннам  шырақшыларының 
тағдыры  немен  тынғанын  біліп  ӛлуден  асқан  бақыт  бар  ма?  Бұдан  ӛткен 
қанағат бар ма? Жоқ. Жоқ! Ендеше, мен армансызбын. 
Хош. Мұның бәрі кейін. Қазір жиырма сегізінші жыл. Болашақтан сенім 
болмаса  да,  үміт  бар.  Ӛмір  әлі  де  қызыболыкӛрінетікез.ділет  туралы, 
кісілітуралы ұғым біржола жойылмаған шақ, Ең бастысы — жеңімпаздардың 
бүкіл  әлемді  қан  майдан,  қапас  зынданға  айналдырмақ,  қисынсыз,  есірік, 
бірақ  уақыт  оза  келе  тұтасымен  жүзеге  асқан  жоспары  әшкереге  шықпаған 
заман. 
Оқыс  ауырып,  аяқ  астынан  шешеміз  Зербала  қайтыс  болған.  Елудің 
жуан ішіне енсе де, ӛңін бермеген, салмақты, паң, манардай ақ бәйбіше еді. 
Тез  кетуіне  ел  шетіне  қиқу  ілінгені де себеп  болды  ма деймін.  Соңғы бірер 
жылда  ата  жұрттан  аулақтадық  деп,  үлксн  ұлы  Ыбырайды  есіне  жиі  алып, 
тоңторыс  күйге  түсіп  еді.  Мен  шешемді  қатты  сыйладым.  Шешем  де  мені 
теріс кӛрген жок. Бірақ жұғысып кете алмадық. Мен әкемнің басқа әйелінен 
туып,  шетте  ӛскен  ӛгей  бала  сияқты  едім.  Сыртқа  теппесе  де,  айтарлықтай 
ішке  тартпаған.  Әлде  қазақтың  баласы  шешеден  гӛрі  әкеге  жақын  болатын 
салтынан ба, әлде менің түрімнің бӛлектігіне қоса тым ересек келгенімнен бе. 
Әйтеуір  арамыздан  бір  бӛтендік  арылмай-ақ  қойды.  Тек  Зағираға 
үйленгеннен соң ғана сенімге енгендей болдым. Ал кішкентай Жансалқамды 
туған  немере  санаған.  Ӛзі  бағып,  ӛзі  күтеді.  Сергек  ұйықтап,  тың  жүретін 
шешеміз  жығылган  сәтінен-ақ  ары  қарады.  Бірақ  ағзасы  бүтін,  дені  күшті, 

Sauap.org
 
 
59 
 
ажалмен  апта  бойы  арпалысты.  Ыстығы  кӛтеріліп,  талықсып  жатқан  соңғы 
екі  күн  бойы  келінімен  бірге  басында  отырдым.  Анда-санда,  арасын  бӛліп-
бӛліп,  анық  сӛйлеп,  сандырақтап  кетеді.  Бұдан  жиырма  жыл  бұрын  қиыр 
алыстағы  Якут  ӛлкесіне,  әлде  жер  шетіндегі  Сахалинге  каторгаға  кеткен 
үлкен ұлы Ыбырай мырза кісенін сүйретіп, аман-есен келіпті. "Құлыным...— 
дейді.— Мен сені танымай қалдым ғой. Түрің де орыс сияқты болып кетіпті... 
Сен орыс емессің. Кісен неге қиылмайды?.. Ӛмір бойы кісенмен жүресің бе? 
Атқа қалай мінесің... Атқа міне алмайсың. Орыс болып кетіпсің. Кӛзің кӛк... 
Кӛріңде  ӛкіргір  Мекалай...  Кісен...  Тірсегіңді  қиды-ау!.."  Зағира  жылап 
отырды.  Менің  де  кӛңілім  босады.  "Сирағың  қызылшақа...  Қабырғаң... 
қайысты...  Келдің  ақыры...-  дейді.  -Енді  кӛшеміз.  Кӛк  Есілге..."  Баласымен 
табысып, бақытқа кенеліп, о дүниеге аттанып кете барды. Бұдан бұрын талай 
қаза  кӛрсек  те,  сең  соққандай  болдық.  Тӛңіректегі  ағайынға  тегіс  ат 
шаптырып,  жаназасын  шығардық.  Елдің  бар  рәсімімен  жамбасын  жерге 
тигіздік. Бірақ қонақасы беріп, артын күте алмадық. Нешеме мың жыл бойы 
еңбекші жұрттың қанын сорған алпауыт бай Сыпатай Дәулеткелдиевтің мал-
мүлкін кәмпескелеу үшін арнайы комиссия келіп түскен. 
Қаралы  ауылдың  хал-күйіне  қараған  жоқ.  Адамның  қайғы  қасіретінен 
ләззат  алатын  сырқат  жандар  болады.  Мұндай  әшадылар  біреу-екеу  емес, 
жүздеп, мыңдап саналса, қарулы топ, билікті тап болса, кауым тірлігі, ел тын 
ысы соларға қарап тұрса замана қайтпек! Топырлай шауып, тарқылдай күліп, 
ұялас  үйірімен  келген.  Қатты  куанышты  –  бай  емес,  бәйбішенің  ӛлгеніне. 
Байдың  тірілігіне,  кӛрешегі  алда  тұрғанға.  Қабір  басынан  қайтқан  жұрт 
жылыса тарап, тоз-тоз болды. Саба-саба қымыз калды. Астау-астау ет қалды. 
Кәмпескеге келген белсенділер, оларға ерген әуесқой жалаңаяқтар, мылтығы 
шошайған  екі  мілиса,  аудан  ӛкілі  Ұлтарақ,  ауыл  ағалары  Жалбағай  мен 
Жақыбай – ұзын саны жиырма шақты адам, түгел қазақ, қаралы дастарханды 
той-думанға айналдырды. Қарындары жарылуга тақағанша ішті, жеді, аудан 
ӛкілі Ұлтарақтың былғары сӛмкесінін түбінде ширек құты арақ бар екен, ел 
бастаған,  топ  бастаған  үшеуі  қалған  жұртқа  кӛрсете,  ӛзгеше  бір 
жетіскендіктің  белгісіндей,  бұрын  ұлыста  болмаған  отты  суды  қайта-қайта 
мақтап,  мӛлдірете  шайқап,  естік  түйедей  сораптап  отырып  ішті. 
Орындарынан  әрең тұрған  соң,  жар  жағалап,  тал  сағалап бой  жасырмай, үй 
іргесіндегі  бұта-шилердің  түбіне  қатар-қатар  шоңқиысып,  арам  шектерін 
ақтарғаннан  кейін,  қолдағы  барлы-жоқты  малды  тізді,  кебеже,  сандыққа 
дейін  тінтіп,  алтын  теңге,  асыл  алқа,  күміс  білезік  тұрыпты  ғой,  еркектің 
құндыз  ішік,  қыл  шапанынан  әйелдің  ішкиім,  шылауышына  дейінгі  барлық 
дүние-мүлікті қаттады. Қазынаңның кӛбін молаға тыққан шығарсың, малдың 
жарымын қырға айдап тастаған шығарсың, анығын айт, мойында деп, қорлап, 
мазақтап,  әкейді  бірталай  қинады.  Содан  соң  маған  кӛшті.  Кіммін,  қайдан 
жүрген орыспын, байқұлақтар-дың ӛз адамындай қабылдауы неден, ақтардан 
неге  бӛлініп  қалдым,  революцияға  қарсы  элементтермен  байланысты  қалай 
жүзеге  асырып  жатырмын,  ендігі  мақсат  не  –шәу-шәу,  шанқ-шаңқ.  Мен 
сазарып отырдым да қойдым. Жауаптасудың, сӛйлесудің ӛзін қорлық санаған 

Sauap.org
 
 
60 
 
едім. Мәртебелі комиссия, мылтығы шошайып, мойнында жүрген екі мілиса, 
тамашаға  жиналған  қаншама  жалаңаяқ  –  заманды  билеуші,  елді  басқарушы 
жаңа  қожайындарымыз  улап-шулап  тағы  да  дастарқанға  отырды.  Бұл 
жолғысы – біздің  қаралы  дастархан  емес,  ӛздеріне  арнап шалынған бір  тай, 
үш қоң – отыз емес, тоқсан адамға жетер сыбаға, ашкӛз обырлар осының ӛзін 
азырқанып,  сойысшы  ауыл  жігіттерін  балағаттап,  боқтап,  әрең  тоқтаған. 
Босқа ысырап жасап, артық мал жығуды обал кӛрген  – Қорабай деген жігіт 
еді.  Осы  елден,  сүйегі  тама,  туған-туысы  жок,  соңғы  екі-үш  жылда  біздің 
бүкіл  шаруашылықты  басқаратын,  әбден  сіңіскен,  ӛркеуде  азамат.  Домбыра 
тартатын,  ӛлең  айтатын  серілігі,  күреске  түсетін  балуандығы  бар,  сейіл-
серуені  созылыңқырап  кеткен,  әкей  ӛз  еңбегің,  қалың  берем  десе  де  қыз 
айттырмай  жүрген  бойдақ.  Бір  кезде  біздің  Айсалқамда  кӛңілі  болып  еді. 
Қарындасымыз  да  теріс  кӛрмепті.  Бірақ  сыртқа  шығара  алмайды, 
айырылысуға тура келген. Туыспаса да туған кӛре ме, табиғатында мәрт жігіт 
біздің  шаңыраққа  адал.  Қатынның  керегі  жоқ,  қалаға  кетем,  ойын-сауық 
үйірмесіне кіріп әртіс, не циркке барып балуан болам дейтін, онысын тежеген 
және ешкім жоқ – сахараның ер кӛңілді, ӛнерлі жігіті кең дүниені қызықтап, 
шашылып-тӛгіліп жүріп жатқан. Еңді мына кепке менен артық намыстанды, 
зығырданы  қайнады.  Дәмдес  болған,  мейір-шапқатымызды  кӛрген  басқа 
жігіттер де әрең жүр. Кешке дейін екі ойлы едім, ақыры бекіндім. 
Бекінгенім  –  басқа  жол  қалмаған.  Заңды  ӛкімет  ӛкілі  саналатын 
қарақшылар  ӛздерімен  бірге  әкемді  де  ала  кететінін  мәлімдеді.  Түрмеге 
жабатын  кӛрінеді,  тергейтін  кӛрінеді,  содан  соң  әлде  Қостанайға,  әлде 
Орынборға айдауға тиіс екен.Бұл – жоғарыдан түскен нұсқау сияқты. Ӛздері 
шешкен  мәселе  –  менің  жайым.  Байқұлақ  ретінде  айдай  ма,  әлде  қашқын 
ретінде сотқа тарта ма – сол тӛңіректе ғана таласты. Қазақ аталғанмен, тегім 
орыс – бір пәлесі жүға ма деп, тартыныңқырап отыр. Ақыры, алып кетейік, 
тиісті  жерге  барғанда  ӛздері  шешер  дескен.  Күні  кеше  ғана  Нұрымбеттін 
қойының  соңында  салпақтап  жүрген,  бүгінгі  ел  иесі  Жалбағай  кетік 
тістерінен қап-қара тілі жылтыңдап, шиқ-шиқ күлген. "Қатынын қайтеміз?" - 
деп еді. Ауданнан келген ӛкіл, осыдан он жыл бұрын бүкіл Сарысуға әйгілі 
баукеспе  ұры  (түпнұсқада  "конокрад",–  М.)  Ұлтарақ  қарқ  ете  түсті:  "Алып 
кетеміз...– деген.  – Жолай сӛйтеміз!" – "Сӛйтеміз" емес, түйеден түскендей, 
атап  тұрып  айтты.  "Ұлтарақ  жолдас,  онда  ертеңді  күтпе,  бүгін-ақ  қасыңа 
алып  жат!"  –деді  Жақыбай.  "Алып  жатамыз,  –  деді  Ұлтарақ.  –  Ӛкіртеміз..." 
Қарақшылар  қыран-топан  болды.  Мен бәрін  естіп,  босағада  отырмын.  Отыз 
тісім  үгітіліп,  аузыма  қалай  түспегенін  ӛзім  де  білмеймін.  Аясуға 
болмайтынын,  аяушылық  жоқ  екенін  кәміл  ұқтым.  Әлбетте,  қазіргісі  қиын 
емес. Қиыны кейін. Бірақ амал не. Тіршілік жасамай болмады. 
Қой таңертеңнен ӛріске шықпаған, үй арасында ұйлығып жатыр. Жылқы 
ӛзеннен қайырылған, күн ұзақ ауыл маңында, дәл іргеде шұрқырасып ол тұр. 
Иесінің басына күн түскенде ең алдымен мал жануар жетімсірейді екен. Ал 
жалшылар  мен  қоңсылар  әртүрлі  кепте.  Біреулері  тегін  мал  үлестіреді-міс 
дегенге  куанып  жүр.  Кӛпшілігі  дағдарыс  үстінде.  Қазақ  "Бүлінген  елден 

Sauap.org
 
 
61 
 
бүлдірге  алма"  деген.  Арамнан  тату,  яғни  ұрлықпен,  зорлықпен  келген  мал 
мен  дәмді  иелену  күнә  саналатыны  тағы  бар.  Осы  ӛңірде  орныққан, 
ағайындасып сіңіскен он жыл ішінде ешкімге қиянатымыз болмаған. Байдың 
малы  кӛпке  ортақ  деген  дәстүрмен,  кӛрші-қоңсылар  міністен  тарылмаған, 
сауыннан  қысылмаған.  Жыл  сайын  екі  жүз  бие  байланады,  бес  жүз  қой 
қоздайды  –  ақ  отау  іргесіндегі  желілі  құлын,  кӛгенді  қозыдан  басқа  барлық 
мал ағайын алаштың сауынында, жаз бойы тегін пайдаланады, күзде үйір мен 
отарға  қосады.  Тегін  сүтті  тӛңірегіне  бӛліп  беру  –  Сыпатай  байдың  шетін 
мырзалығы  емес,  ата  қазақтың  қалыптасқан  салты.  Малды  бай  сараң,  кәпір 
атанбас  үшін  ғана  тӛңірегіне  қарасар  еді.  (Әрине,  сараңдар  да,  кәпірлер  де 
ұшырасатын,  бірақ  ондай,  қоғамнан  оқшау,  елден  безген  адамдарға  біткен 
мал не жау қолында кететін, не жұт 
астында      қалатын,  бір  қисайса 
қайтып 
оңалмаушы еді.) Енді  міне, еңбекші 
жұрттың  қанын  сорған, 
тап ретінде жойылуға   тиіс жат нәсіл деп   жарияландық.   Халық түгелімен
 
кедей  болса,  жер  үстінде  ұжмақ  орнайтын  сияқты.  Ақыр  түбі  жалпақ 
жұт,  жаппай  қайыршылыққа  соғары,  бар  кесел  адамның  азуымен  ғана 
тоқтамасы анық еді. Бірақ ол – ертең. Ал бүгін ақырзаман біздің баста тұр. 
Әрине,  кӛз  кӛрген  жұрттың  біразы,  тіпті,  кӛпшілігі  жанашыр,  тілектес 
кӛңілмен  қарады.  Атой  шықса,  артын  ойламай,  сойылға  жармасатындар  да 
табылар  еді.  Бірақ  мен  кері  кеткен,  үмітсіз  кӛпке  кӛлденең  ешкімді 
шатылдырғым  келмеді.  Ойға  алған  іске  тек  соқа  бас  Қорабайды  ғана 
қатыстыруды жӛн кӛрдім. Қорабайдың кӛзі жайнап кеткен. Ӛңшең бұралқы, 
шибӛріні қырып тастайық та, малды айдап, тӛмен  – Телікӛлге түсіп кетейік 
деген.  Бір  Сарысу  ғана  емес,  бүкіл  Сары-Арқада,  байтақ  қазақ  даласында, 
мыңдаған  жылдар  бойы  түліктен  түлік,  тұқымнан  тұқым  қуып,  ӛсіп-ӛнген 
қайран  мал  түбір-тұяғымен  талапайға  түсіп,  Россияға  айдалып  жатқанын 
қайдан  білсін.  Мен  мал  емес,  жан  сақтау  керегін  ұғындырдым.  Мүңдай 
зорлықпен құрылған ӛкімет ұзақ жасамаса керек. Бой тасалай тұрған жӛн. 
Құдайдан  тыс,  адамдықтан  ада,  момын  ауылдарды  тежеусіз  тонап 
үйренген  қарақшылар  ӛте  бейқам.  Әлдебір  жерде  әлдекімдер  тарапынан 
қарсылық туар деген ұғым қаперге кірмеген. Ойға алған істі оп-оңай жүзеге 
асырдық.  Алдымен  Қорабай  дастарқан  басында  да  қоқайып,  мылтықтарын 
тақымына  басып  отырған  екі  мілисаны  сыртқа  шақырды,  ерекше  құпия 
бірдеңе айтпақ. Үй артына айнала бере, ұрып жықпай-ақ, қолдарын қайырып 
жіберіп,  екеуміз  екеуінің  мылтығын  тартып  алдық.  Естері  шығып,  мелшиіп 
қалған  қос  бейбақты  қоя  беріп  едік,  ойбайлай  аттандап,  ішке  кірген. 
Қарақшылар  опыр-топыр  болды.  Далаға  жүгіріп  шыққан.  Жүгіріп  шыққан 
беті  ұйлыға  жапырлап  есік  алдына  іркілді  де,  таласа-тармаса  кептеліп, 
қайтадан  үйге  кіре  бастады.  Ышқына  ақырып  оңай  тоқтаттым.  Кездері 
алақтаған  қалпында  тегіс  жерошақ  басына,  қатар-қатар  тұрғыздық.  "Иттің 
балалары,  есірген  екенсіңдер,  қазір  түгел  атам!"  –  деп  кіжінеді  Қорабай. 
"Шынында да, түк қалдырмай, тегіс атып тастасам ба екен..." деген ой жылт 
етті  менің  басымда.  Бірақ  атпайтынымды  білем.  Жиырма  жандайшабын 
құртқанмен  ӛкімет  құламайды,  ештеңе  ӛзгермейді.  Қан  арқалағым  келмеді. 

Sauap.org
 
 
62 
 
Адам кейпіндегі айуандарды қорқытып ойнауға зауқым тағы жоқ. Қорқытпай 
және  болмады.  "Жүріңдер!"  –  дедім  аулақты  нұсқап.  Зағира  ақтар  қашқан 
кезде  қолға  түскен,  тӛсек  астында,  киізге  оралып  кӛмулі  жатқан  маузерді 
алып келді. Мілисадан тартып алған бесатарды қолына ұстаттым. Сол кезде 
тонаушыларға  ӛз  аулымыздан  қосылған  жалаңаяқтардың  бірі  жылап  қоя 
берген,  "Мырза,  қасықтай  қанымды  қи!..–  дейді.  –Бір  қара,  үш  қой  береміз 
деген соң шайтанның азғыруына кӛніп едім. Шыбын жанымды қи, ӛмір бойы 
құлың болып ӛтейін..." Басқалар да босаңсып, жалбарына бастады. Кәмпеске 
комиссиясының  бастығы  Жалбағай,  тіпті,  мал-мүлкіміздің  жарымын 
қайырып  беруге,  бізге  мүлде  тимеуге  уәде  қылды.  Жібімеген,  қорықпаған 
Ұлтарақ  пен  Жақыбай  ғана.  Аудан  ӛкілі  Ұлтарақ  үндемей  түнерсе,  осыдан 
біраз  бұрын  әлдеқайда  барып,  екі-үш  ай  оқып  келген  ауыл  белсендісі 
Жақыбай  тіл  тартпаған.  "Жолдастар!  –  дейді,  тӛңірегіндегі,  еңсесі  түсіп, 
берекесі  қашқан,  ӛңшең  қоян  жүрек  қуларға.  –  Біз  тӛңкеріс  жолында  шәйіт 
боламыз!  Жолдастар!  Біз  Ленин-Сталин  ісі  үшін  құрбан  болғалы  тұрмыз! 
Сендердің ерлік істерің ұмытылмайды! Біздің қанымыз үшін кек алатын күн 
туады!  Жойылсын  байқұлақ!  Жасасын  кеңес!  Жер  жүзі  еңбекшілерінің 
жырын  айтайық,  жолдастар!  Тӛңкеріс  ұранын  айтып  тұрып  ӛлейік!"  Алаяқ 
сұм! Сӛз жоқ, менің ешкімді де атпасымды біліп тұр. 
Білгендіктен  де  соншама  батыл.  Мойнын  созып,  шынымен-ақ  бүлік 
ұранын  бастауға  ыңғайланды.  "Аттан,  әлемдегі  аш  пен  құл!.."  мен  күле 
жаздап,  әрең  іркілдім.  "Тоқтат,  малғұн!  –дедім  ақырып.  –  Қалғандарың  да! 
Кӛп  мылжыңдамай,  жүріңдер  былай!"  Шынымен  ашуланғам.  Әлде  мына 
үшеуін атып кетсем бе екен... Менің жүзімдегі рақымсыздықты таныса керек, 
манадан  тілектес  тұрған  ауыл  адамдарының  ӛзі  ошарылып,  кері  серпілді. 
"Шырағым  Стамбек,  арамдардың  қанына  адал  қолыңды  малып  қайтесің",– 
деген  арттан  дауыстап,  әкемнің  ӛзі.  Кӛгілдір  күміс  ай  жарығында  ӛкімет 
ұлдарын  топырлата  айдап,  ауыл  сыртына,  қырат  басына  алып  шықтық. 
Манадан  бері  қатал  мінез  танытқан,  Жалбағай  мен  Жақыбайды,  ӛкіметті, 
барлық  ӛкілдерді  сыпыра  боқтап  келе  жаткан  Қорабай  менің  түріме  қарап, 
шынымен қауіптене бастады. "Қоя берейік, – дейді сыбырлап. – Ана үшеуін 
бӛліп  алып  қалайық,  аманатқа.  Содан  соң  сӛйлесеміз  ауданымен..."  Аңғал 
қазағым-ай...  мына  ӛкіметтің  де  адамымен  сӛйлесуге,  әлденендей  келісімге 
отыруға болады деп 
ойлайды.  "Жоқ!"  –  дедім  мен.  Немене  жоқ? 
Қорабайдың басын ауыртпадым.  Тұтқындарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет