найманның қақ ортасынан суы мол, шӛбі шүйгін, малға жайлы, жанға тыныш
Сарысуды аталарымызға мұрас етіп кесіп берген тақсыр иемнің аруағы бар
ұрпағын желеп-жебеп келеді, ел біреу, ұлыс ортақ десті. Кешегі ел ауада
Кенесары ханмен ақырына дейін бірге ат шабысқан тағы біз, тамаға иек
сүйеген қазақ ұлы кемшілік кӛруге тиіс емес десті. Ата баласы болып
ақылдаса, кеңесе отырып, Сарысу мен Кеңгірдің құйғаны — ықтасыны биік,
күнесі мол Қаражардан қоныс кесіп берді.
Мен ел ішінде — аумалы-тӛкпелі дүрбелең мен кӛші-қон үстінде ӛткен
оң бес жыл орайында бар қазақты танымасам да, Қызылжардан Шуға дейінгі
аралықтағы неше мың шақырым аймақты біршама білдім. Алаштың жаманы
жоқ. Бірақ мен қыздары сұлу, ұлдары бұла, ақсақалы кең, азаматы мәрт,
бұдан жүз жыл бұрынғы еркіндігінен айырылмаған, әдет-салтын таза ұстаған,
әрі ӛнерлі, әрі жомарт тама сияқты ел кӛрмедім. Бар қазақ бір атаның баласы
десек те, енші бӛлісіп біткен, заманның тарылған кезі — үмітіміз ортақ,
тілегіміз түйіс болып шықты, бар зымыстаннан бір-ақ күнде арылғандай,
еңсеміз кӛтеріліп, арқамыз кеңіп сала берді.
Жайсыз уакытта келсек те жайлы орналастық. Кӛп ұзамай қылышын
сүйретіп қыс жеткен. Бұл кезде жылқы қырда, кой қамыс ығында, үлкен ауыл
— үйіріле қонған киіз үйлер тоғай ұйығында. Шығыс капталымыз — жел
ӛткізбес биік қабақ, қалың тоғай бойлаған мол су, батыс жағымыз — шоқы-
шоқы тал ӛсксн, шилеуіт, кең қорық, жоғары мен тӛмен — кейде тұтаса,
кейде күргейлене біткен қызыл қайың, кӛк терек, боз ағаш. Ауыл орныққан
аймақ — тай шаптырым жер — желден, бораннан ықтасын, күнес ойпаң.
Қысты күйлі ӛткердік, кӛктем туа бір басымыз екеу болып, мал тӛлдеді, кӛп
Sauap.org
50
ұзамай жаз шықты, біз Сарысуды ӛрлеп, қалың тамамен бірге Арқаға
жайлауға кӛштік. Дәл осы шамада мен ӛзімнің қазақ болғаныма біржола ден
қойдым. Ден қойғаным, сырттай ғана емес, іштей мойындағаным — ӛзім
тұрған, тумаса да туғандай болған ауылдың мұратынан, ӛздерін қазақ деп
атайтын кӛшпенді қырғыз-қайсақ жұртының тұрмыс-болмысынан бӛтен
ешқандай тілек қалмапты менде. Бар әлем, бар тіршілік осы киіз үйлермен,
маңыраған қой, шұрқыраған жылқымен ғана шектелетін сияқты. Бұдан тыс
сштеңе қызық емес, ештеңеге зауық жоқ, ат үстінеи түспейтін болдым, жиын-
той, ойын-сауықтан қалмайтын болдым, жүйрік тандау, бәйге бабымен
әуестене бастадым, әрине, тағдырласып кеткен туыстас дос-жаранмен,
танысып, араласып, етене жақындасқан ел жігіттерімен бірге қызды
ауылдарды тӛңіректегеніміз, бозбалалық құрғанымыз айтпаса да түсінікті.
Осының бәрі таң еді. Тансық еді. Кешпенділер ӛмірінің ӛзгешелігі, менің сол
ӛмірге біржола бет қойғаным емес. Мұншама барақат бұрын — ӛткен жылы,
одан арғы, одан арғы жылы да болған. Таңсығы — бәрін жаңаша
қабылдауым. Таңы — арттан, туған ӛлкеден жеткен тосын хабарға селт
етпеуім. Ӛйткені бұл — Христос ӛлшемімен есептегенде 1917 жыл болатын.
Наурыз туып, күн райы оңала бастаған кезде бұдан бірнеше апта бұрын
соншама алыста — арсыдағы айдың ар жағы, күрсідегі жұлдыздың бер
жағында, мен кеткен соң атына дейін бұзылған ескі Питерде император
Николай Екіншінің тақтан тайғаны туралы хабар жеткен. Содан соң билікке
уақытша ӛкімет келіпті. Одан кейін бұлығып, былығып, шат-шәлекей болып
жатқан сияқты. Әрине, үлкен жаңалық. Бірақ... маған қатысы қанша? Ӛзімнің
қазақ туыстарымнан артық таңырқағам жоқ. Зорлықтан ада, заңсыздықтан
тыс, демократиялық негіздегі жаңа мемлекет... Орнатсын қолдарынан келсе
сол партиялар, патшаны тақтан құлатқан қайраткерлер. Мен демократиялық
қоғамда ӛмір сүргелі үш жыл. Маған салса, осы жазда елге келіп, ауылдағы
үлкен-кіші азаматты тегіс жинап, бірнеше мәрте әңгіме ӛткізген, мені жат
кӛрмегенімен, айтарлықтай іш тартпаған қысқа мұртты жас қазақтың сӛзі
мәндірек. Алаш баласы автономия алуы керек. Солай. Ол менің автономиям
болмақ. Халықтың болашағы ғана емес, жеке адамдардың, яғни менің де
тіршілігім осыған байланысты. Сондықтан әскер құрылса, қызметке әзір
екенімді мәлімдедім. Жоқ. Мен соғыстан қашқан офицер емеспін. Мен сол
революцияны жақындатқан жандардың бірімін. Бұрынғы ғұмырым солай. Ал
қазір, кешелі-бүгін емес, неше жылдан бері осы Даламен біте қайнастым.
Стамбек Сыпатайұлы Дәулеткелдиев, ұлты қазақ, руы арғын ішінде қарауыл,
діні ислам, туған жері Қызылжар, жасы жиырма екіде, білімі университеттің,
екі жарым курсы, әзірше бойдақ...
Әлбетте, заман үлкен ӛзгеріс алдында тұрғаны анық аңдалған. Әзірше
үрей емес, белгісіздік қана. Жақсылықтан үміт мол. Ерекше қуанған біздің
ауыл еді. Жазғы жайлауға кӛтерілмей тұрғанда-ақ Қызылжарға қайта кӛшу
туралы ойластыра бастағамыз. Бірақ дәл биылғы жылы ел ішінде тыныштық
болмасы айқын еді. Билікке талас, партиялар арасындағы күрес, тағы
басқадай беймәлім қатерлер ӛз алдына, герман соғысы аяқталмаған, қайта
Sauap.org
51
қыза түскендей, немістердің басымдығы танылғандай. Әкей менің биылша
жайлы қоныстан қозғалмасақ деген сӛзіме тоқтаған. Оның үстіне, осы
жақында ғана, іргесін түріп орын берген, қонысы шектес Ақымбет баймен
құда болғамыз, дүрбелеңде оққа ұшып ӛлген кіші шешемізден туған
қарындасым Айсалқамды жаз ортасында, қан жайлауда ұзатпақ болып, құдай
атымен уәде айтысып, құйрық-бауыр жесіп едік. Әкейдің бұдан басқа да
түйгені кӛп сияқты. Соның бірі — мені үйлендіріп, келін түсіру. Кезеген жері
де жоқ емес — таманың ел ұйтқысы болып отырған жуандарының бірі
Нұрымбет ауылы, байдың ӛзінің болмаса да, жақындарыный бірінің қызын
іліндірмек. Мен, әрине, бұл құдалықтың мән-мағынасын түсінем.Нұрымбет
әулетінің қыздары қолаң, жібек шашты, ақ маңдай, қара кӛзді, денелері
толымды, паң келеді, ӛлеңге, жырға қосылып жүрген сұлулар; бұл ауылда
дос-жар жігіттерім де бар, бірақ менің кӛңілім басқада. Қаралы жеңгем
Зағира жасы жиырма беске жаңа толған, ӛте кӛрікті әйел. Мен алғаш
кӛргенде балауса бойжеткен кейіпте, кӛзі үлкен, қасы қиық, тәкаппар,
құбақан келіншек екен, ӛзіме аса биіктен, бірақ әуестене, мүсіркей қарағаны
есімде қалыпты: Ұрғашыға кӛз салар сиқым болмаса да, түземдік арудың
бұла кӛркіне сұктанғам. Тумаса да туғандай ағамыз Сіләмбек мырзаның
ӛзінен бірер жас үлкен, келіншек түскеніне де әжептәуір уақыт ӛткен, әйтсе
де мүшесі бұзылмаған, ӛңі нұрлы, жүзі ашық, сүйікті зайыбы болып шықты,
мені Сал-жігіт деп атайтын. Қымызы қорлы, шайы дәмді, жас та болса,
ауылдағы барлық жұрттың анасындай мейірбан жеңгеміз. Енді міне, байы
қазаға ұшырап, баурындағы кішкене қызынан тағы айрылып, қаралы үйде
тұл қалды. Күйеуінің жылы ӛткен соң жақын әменгерлерінің біріне берілмек
сиякты. Ал маған жаңадан қыз айттырмақ. Бірақ мен ата салтын аттап кете
алмадым. Салтты ғана емес. Иегі балғын, кірпігі отты Зағира сұлуды
қимадым. Ерте кӛктемде Сіләмбек мырзаның, онымен қатар шәйіт болған
тағы қаншама боздақтың жылын ӛткергенбіз. Ат шаптырып, ас беруге
жағдай жоқ, бірақ ағайындас, тамырлас тақау тӛңірек түгел шақырылған.
Патша жарлығынан соң дүрліксе де дүрбелеңге ұшырамаған, қан кермеген
тама мен бағаналы, қуандықтың игі жақсылары, ер-азаматтары біздің күні
кеше ғана қаншама қасірет шеккенімізді нық танығандай еді. Ӛлгенге иман,
тіріге ғұмыр, дәулет тілесіп, бұрынғыдан да бауыр тартып аттанған. Қаралы
ту жығылысымен-ақ әкем кӛптен күткенімдей, құдалық жайын айтқанда күні
бұрын әзірлеп қойған шешімімді білдірдім. Реніш-ӛкпемді жасырма-ғам.
Туған әмеңгері тұрғанда қай қазақ жесірін сыртқа тебуші еді. Егер сіздің бел
балаңыз екенім рас болса, Зағираға мені лайық кӛрсеңіз, басқа қалауым жоқ
дедім. Сыпатай мырза жадырап барып, қатты түнерді. Жадырағаны —
баурына салған ұлының адалдығына кӛзі жетті, әрі қимай жүрген келіні үлес-
енші, үй-орманымен ӛз ошағында қалады. Түнергені — ат жалында табысқан
ағайынмен туысу қиындады — Нұрымбет әулеті кішілікке қыз бермейді.
Шал аз-маз үнсіз отырып, оқыс қызарған. Ақталған. Әрине, солай. Тек беті
ашылмаған бала болған соң, есік кӛрмеген тектіге қол артпақ. Маған
Зағирадан артық сұлудың да, тектінің де керегі жоқ дедім. Әкей бұдан ары
Sauap.org
52
сӛз айтпады. Енді жалғыз-ақ кілтипан қалыпты. Зағираның ӛзінің
ризашылығын сұрау керек. Дәстүр-салт солай екен. Әрине, марқұмның туған
інісі ретінде менің хақым жоғары, бірақ бұл шаруа — әйел қалауынан тыс
шешілмеуге тиіс, жесір әрине, оның да ықылас-келісімі бойынша, ұнатқан
әмеңгеріне шығуға ерікті. Тұл жеңгем менің талабымды естігенде қатты
таңырқапты. Содан соң ептеп жылап алған сияқты. Жылап отырып бас
изеген. Тек бір шарты бар. Менің сүндетке отыруым керек... Міне шатақ!
Араға жүрген жеңгеміз күліп айтқанмен, ырымын жасаса болды, оп-оңай деп
кӛңіл жұбатқанмен, ӛте ауыр хабар. Мәселе операцияда емес.
Әрине, балалардың сүндеттелгенін талай кӛргем, ӛте күрделі және
ешқандай хирургиялық аспап, қажетті дәрі-дәрмексіз, тым жабайы тәсілмен
жасалады. Мәселе онда емес. Шыдармын, тірі қалармын деп ойлаймын. Бар
кілтипан еркектік намыста. Сыртымнан болса да бүкіл ауыл күлмей ме. Бала
бәлиғатқа толмақ түгілі, әртүрлі жағдаймен сәби, ӛскін кезеңін ӛткеріп алса
жиырма бірдеңе жас емес, оннан асса сӛлекет. Араға жүрген жеңгемізге қазақ
жігіттерінің салтымен шәйі орамал сыйладым. "Жеңеше, тіпті ешқандай
бӛгеті жоқ,— дегем.— Күнбатыстағы барлық жұрт сүндет дегеннің не екенін
білмейді. Бірақ әйелдері риза, балаларын тауып жатыр..." Жеңешем сақылдап
тұрып күлді. "Мүмкін соның ӛзі қызық шығар,—деген.— Мәселе онда емес.
Мәселе мұсылмандық-та!" Мен қуанып кеттім. "Жеңеше, мұсылман болғанда
мендей болсын,— дедім.— Лә иллях илаллах, Мұхамед расул аллах! Құдай
бір, пайғамбар хақ. Ағузыны қәзір аңыратып берейін. Ал сүндет деген...
Жасым ӛтіп кетті ғой, қансырап ӛліп кетсем, қайын сіңілің екінші қайтара тұл
қалмай ма..." "Жарайды,—деді жеңешем, аузын баса қыстығып, тағы біраз
күліп алып.— Жесіріңді кӛндірем. Қалған жұртқа аз-маз ӛтірік айтуға тура
келеді". Сылқым жеңгей ертеңіне шүйінші сұрап келіп, күміс сақина киді.
Ӛзім де молда болып кеттім дейді. Шариғат бойынша, бәлиғатқа толған еркек
дінге кірсе, сүндет парыз емес деген қисын таптық. Теріс болса, құдай
күнәмізді кешіре жатар. Ал қалған жұрт сенің алғашқы келген кезде, оңаша,
жылқыда жүргенде сүндетке отырғаныңды біледі екен...
Арада оншақты күн ӛткенде Зағира екеуміздің некеміз қиылды. Сӛйтіп,
мен кӛшпенділердің сонау, мезгілсіз қазасы мол жаугершілік заманнан келе
жатқан, шаңырақ құтын бұзбас тамаша салтының арқасында сұлу құшып
қана қойғам жоқ, Сыпатай мырзаның туған ұлы, заңды мұрагері ретінде
біржола байландым. Әрине, еркек ретінде шексіз бақытты едім. Менің
Ордаға сыймаған арғы бабам орыстан қыз алып, мамық тӛсекке кӛміліп,
ӛзінің бар ғұмырын жаңа жұртқа бағыштаған, бар ұрпағын бӛтен халыққа
теліген кезде не ойлағанын кім білсін, арада жиырма әулет ауысып, бес жүз
жыл ӛткен соң сол Далаға қайтып оралған мен мықыны от, омырауы жұпар
половчанканы құшып-аймалап жатып, сол бабамның арманда айырылысқан,
басқаға бұйырған нақ сүйерімен қайта табысқандай күн кештім, бұрынғының
бәрі кӛңіл алдарқату екен, ӛзімді енді ғана осы халықтың туған перзенті
сезіндім.
Sauap.org
53
Елге қайту жайын ойластыра бастадық. Әрине, үдере кӛшуге болмайтын
еді. Әкей жұрт жайын, жаңа ахуалды айқындауға сенімді үш жігітін
аттандырған. Арада ай ӛткенде әрең оралды. Жер орнында, ел бұрынғыдан
басқа десті. Майданға алынған азаматтар бірлі-жарымдап қайтып жатыр.
Олардың айтуынша, орыстар ойсырай жеңілуде, ішкі жақ қырық пышаққа
бейім, шайқала тұлданып тұр. Қызылжар тӛңірегі, әсіресе қазақ-орыстармен
жапсарлас аймақ үлкен қатер күтуде. Терісаққаннан қайрылған ағайындар
Кӛкшетауға ӛтерде, ақ ту кӛтеріп келе жатқанына қарамастан, тағы да патша
жасағының тұтқиыл шабуылына ұшырапты. Адам шығыны аз, тӛрт-бес жігіт
ӛліп, оншақты адам жараланған, бірақ қазақ-орыстар тігерге тұяқ қалдырмай,
бар малды айдап әкетіпті. Июнь жарлығынан соңғы жаппай дүрбелеңде
ӛздері де шапқынға түскен, ӛздері де кедейленген аталас қауым жылу жинап,
ортаға біраз мал салып берген екен, бірақ бұрынғы ауылды ақ боз үйлерінен
ғана танығандай, Есіл бойында бізден сорлы жұрт жоқ десті, жүдеп-жадап
келген екі жігіт. Үшіншісі — әкесі шапқында ӛліп, шешесі осында, ӛз
ажалынан қайтқан жалғыз басты жеткін еді, Сыпатай ақсақалға кешу сәлем
айтып, туған жерінде, аталас ағайындардың ортасында қалыпты.
Біз ақылдаса келе, заман тыншып, ел ес жиғанша тағы бір қыс ӛткізуге
келістік.
Күздің қара суығында Россияның, уақытша болса да, әлсіз болса да,
заңды ӛкіметі тағы құлағаны, ат тӛбеліндей экстремист элементтердің билікті
тартып алғаны туралы суық хабар жетті. Осыдан соң-ақ байтақ метрополия,
соның ізін баса орысқа қараған барлық отар аймақ шат-шәлекей болды.
Бұлғақ басталды. Бірақ бұл — XVII ғасырдың басындагы, державаны құраған
бар халықтың алтыдан бірі опат тапқан, яғни, бір миллионнан астам орыс
ұлы жер құшқан әуелгі бұлғақтан әлдеқайда қаһарлы, мүлде жүгенсіз,
адалдық та, кішілік те ерлік пен мәрттік те адыра қалған, адам баласының
тарихында болмаған ӛзгеше бүліншілік еді. Әуелгі бұлғақта шын
мұраттардың атын жамылған жалған патшалар шыққан, қара халық ӛз
ұғымындағы әділ әміршіні таққа отырғызу үшін күрескен, ал біздің еншімізге
тиген бұлғақта ата-тегін, ӛткен ӛмірін жасырмаса да, аты-жӛнін ӛңдегсн,
патша тағына емес, сӛз мінберге мінген, ӛздерін халық ӛкілі, қарапайым да
мейірбан пенде деп жариялап, бұрынғы-соңғы барлық тирандардан асып
түскен жүгенсіз диктаторлар шықты. Мұндай зорлыққа кӛнбеген
патриоттардың бір кезде әлемнің алтыдан бір бӛлігін алып жатқан, енді
мүшкіл, сорлы, ӛлесі кепке түскен ұлы державаны сақтап қалу, елді адамдык,
христиандык кейіпке түсіру жолындағы қантӛгіске толы ауыр күресі
басталды. Қазақ арасына қанша сіңсем де, орыс дво-рянымын, менің де
ұлттық, отаншылдық сезімдерім оянған. Бірақ әуелде, қанды 18-жылдың
алғашқы жартысында мүмкіндік аз, жер тар болды. Одан соң Бүкіл
Россияның жоғарғы әміршісінен үлкен үміт күткен едім — кӛп ұзамай
кӛңілім қалды. Ниеті түзу болғанымен, қолданған тәсілдері парықсыз еді.
Қатал емес, парықсыз. Әрине, мен қазақ ауылына, Сыпатай шаңырағына
берік байланғам. Бірақ, жақын жерде Колчак құрамалары емес, Ерікті армия
Sauap.org
54
тұрса, ештеңеге қарамай, қатардағы солдат ретінде қолыма винтовка алар
едім. Егер миллиондаған отандастарымның қанымен жуылған Оңтүстік Орыс
жазығында шәйіт болмасам, Новороссийск түбінде немесе Перекопта тыным
табуым анық-ты. Және кейінгі азапты, азап емес, жан шырқырап, рух
жаншылған масқара қорлықтың бірін кӛрмей, армансыз ӛлетін едім. Бұдан
соңғы жерде мен ӛзімнің жеке басымның қайғысын ғана тартқам жоқ, кіші
ұлт— езілген отар ұлттың ешқандай құқығы жоқ, панасыз, дәрменсіз сорлы
перзенті ретінде күн кешуіме тура келді.
Тағдырдың мазағын қараңыз. Мен ӛзімді революционер-террорист
санадым. Россиядағы түбегейлі ӛзгеріс жолындагы күреске жас ӛмірімді
бағыштадым. Осы тараптағы аз-маз істерім үшін каторгаға айдалдым. Енді
міне, сол революция! Сіз тілегеннен он есе серпінді, жүз есе қуатты бүлік!
Қоғамды, мемлекетті қайта құру үшін күреспек қайда — сол іріп-шіріген,
барлық халық үшін, ең алдымен орыс халқы үшін қапас болған жамау-құрау
державаны сақтап қалу жолында шайқасып жатқан, кеше ғана ӛзің
алтыатардың қарауылына іліндіре алмаған патша генералдарымен тілектес
болып шықтың, солардың туы астында, тым құрса, қатардағы жауынгер
ретінде соғысып, қанға тұншығып елуге қолың жетпей қалды!.. Кейін білдім,
бұл — маған бұйыруы мүмкін нәсіптің ең жеңілі екен.
Үш жүз жылдан бері құмыра түбінде булығып жатқан жын босанып,
жарыққа шықты. Құтырына жайпап, қирата тапап, жарты дүниені қанға
бӛктіріп, таққа жетті. Ең қара пиғылға, соқыр сезім, дүлей күшке тізгін
берген, ӛздерін социал-демократ, социал-революционер деп атайтын солақай
күштер жеңіске жетті. Ең ақырында, кешегі одақтастарын түгел шетке
шығарып, үйреншікті тәсілмен бар билікті қолына алған болшевиктердің
диктатурасы орнады. Бұлардың оттан да, судан да, мыс құбырдан да тіпті,
Сібір мен Тозақтан да ӛткен тасшайнар кӛсемдерінің ӛздері ойлап тапқан,
ӛздері иеленген аттары ғажайып еді. Ең үлкенінің — бар бүліктің ұйтқысы,
бар қырсықтың мәйегі болған жаңа Робеспьер-Нечаеятың есімінен кеңдік,
мейірбандық, молшылық лебі ессе, одан кейінгі-лері — бірі темір, бірі тас,
ақыл, парасат, қасиет — Россиядағы неше жүз жылдық дворян тұқымдары-
ның, дворян тұқымын айтасыз, мың жылдық Рюрик әулетінің бұрынғы-соңғы
барлық фамилиялары-нан айбынды естілетін ӛзгеше есімшелер: Троцкий,
Каменев, Бухарин, Рыков, Сталин, Дзержинский, Луначарский, Урицкий,
Менжинский...
Россияны, империя құрамындағы барлық халықты, "бүкіл жер
жүзі еңбекшілерін" жаңа жолға бастамақ, бақытқа жеткізбек кӛсемдеріміз
"толық интернационал"— әртүрлі ұлт ӛкілдері тәрізді, жер шалғай,
қайсысының не істеп жатқанын нақты қадағалауға мүмкін-дік жоқ, бірақ аты-
жӛндерінің ұксастығындай, бәрі де бір атыздың жемісі тәрізді. Есімдері
жасанды болғанымен, істері кӛрнекі — құдайдың медиен түпкірінде жатқан,
адамзатқа деген қияли ӛшпенділі-гі жоқ, тонаушылықты қасиет санаған
сырқат моральдан таза, "таптық бітіспес қайшылықтан" ада, аңғал да бейғам
халық ортасында отырып-ақ зұлматтың бар ызғарын айқын сезіндім.
Sauap.org
55
Соғыс бітті. Қызыл комиссарлар ел ішінде жаңа тәртіп орнатуға кірісті.
Террор басталды. Алдымен, бес жүз жыл бойы империяның тірегі болып
келген казактар сословие ретінде жойылды: қырқысқа қатысқаны бар,
қатыспағаны бар — бас кӛтерер еркек тегіс оққа шалынған. Содан соң
бүлікке дайындық кезінде айдау мен каторганы бірге ӛткерген, тӛңкеріс
күндерінде қатар шайқасқан социал-революционерлер заңнан тыс деп
жарияланып, партия ретінде аласталды — ең үлкен кесемдерінен бастап,
қатардағы мүшесіне дейін тегіс түрмеге жабылған. Содан соң кешегі езуші
тап ӛкілдері — неше ғасыр бойы еңбекшілердің қанын сорыл, Россияны ұлы
держава дәрежесіне жеткізген, әлемдік ӛредегі мәдениет жасаған ежелгі
әулет ӛкілдері еңбек түзеу, жаңаша тәрбиелеу лагерьлеріне — социалистік
каналдар мен құрылыстарға жӛнелтілді. Бұл екі ортада, ел ішінде қалған, күні
кеше ғана Ақ қозғалысқа қатысқан, қатысуы ықтимал, немесе қатыса
жаздаған жат элементтер әшкереленіп, яғни, кылпуы шалынған жерде
ұсталып, тергеп-тексеріліп, сотталып, атылып жатты. Бұл реткі тазарту
шарасы маған да қатысты болып шықты. Сарысудағы тама арасында аты-
жӛнін ӛзгертіп, қазақша киінген ақтың офицері жасырынып жүр деген хабар
сонау Ақмолаға жетіпті. Арнайы әскер шыққан жоқ, бірақ ел әкімдері —
заманы ӛткен Ақымбет пен Нұрымбет емес, кешегі малшы-жалшы, бүгінгі
болыс-би Жалбағайлар мен Жақыбайлар кәдімгідей тергеу жүргізген. Ақтар
қайда, мен қайда, патша тақтан құламай тұрғанда осы ӛңірге келгенімді,
ешқайда шықпағанымды бүкіл ел біледі, ӛздері де біледі, бірақ қаншама
куәдан айғақ алынды, қаншама қағаз толтырылды. Ақыры, сол неше қадақ
қағазбен, арнайы жолбасшымен Ақмолаға аттануға жарлық берген, таза
болсам, сондағы нағыз большевиктердің алдында ақталып шығуым керек
екен. Мына хикая қаншама қызық кӛрінгенмен, жол жүруге ықыласым
шамалы еді, бірақ әкей ат ерледі, қоржынның екі басын азыққа толтырды,
қасыма екі жігіт қосты, ертеңді күтпей, сол күні-ақ түн жамылып шығып
кеттік. Үш-ақ қонып Сарысудың етегіне түскеміз. Арада ай ӛтпей қалған
ауыл да артымыздан жетті. Біздің Қызылжарға қайту туралы жоспарымыз
тағы да мӛлшерсіз мезгілге шегерілді. Халқы мол, қатынасы жақсы, яғни,
әкімшілік күшінде тұрған аймақта менің аман жүре алмасым мағлұм болған.
Бір кезде мен жаңа туыстарым үшін отанымнан аулақтасам, енді мен үшін
бүкіл Сыпатай әулеті жұртынан безді. Бұл — жиырма екінші жыл еді. Рас,
кейінірек әуелгі отыз үй түгелімен ескі қонысқа қайыра кӛшті де, Сарысуда
біз ғана қалдық, бірақ әкем жалғыз ӛзі болса да тауқыметті менімен бірге
белісетін еді. Әрине, риза-хош айтысып, мойын бұрылған жаққа кетуіме
болатын, мүмкін, мың шақырымдап жол жүріп, шет елге ӛтудің де сәті түсер,
мүмкін, Сібірдің не Қиыр шығыстың бір түкпірінде, қалың орыс ішінде бой
тасалаудың жӛні табылар, әйтпесе, анық ақиқаты да сол — арада ай ӛтпей-ақ
қызыл шеңгелге ілініп, басымды жоярмын — қартты рулы елінен бӛліп,
далада қалдырғаннан да ӛзімді құрбанға шалуға бейім едім. Бірақ амал не,
әлде бақыт, әлде сор — Сыпатай мырзаның кӛңілінде кӛлеңке жоқ асық жілік
ұстап, туған ұл атанған, оң жақтағы жесір келінімен некесі қиылған Стамбек
Sauap.org
56
ат тізгінін аулаққа бұрса, бұл — ақсақал үшін ӛліммен тең болар еді, менің
ӛзімше ізгі әрекетім ақыл-есі түзу кез келген қазақ үшін әдепке қайшы,
ақылға сиымсыз, адамгершілікке жат іс танылар еді. Әрине, ӛз аулымда, ӛз
шаңырағымда, ақ-адал қосағымның қасын-да қала бердім.
Мен үшін, біздің ауыл, бүкіл тама үшін ғана емес, бар қазақ үшін
тыныштық заман орнады. Азғана уакытқа. Самалдай желпіп ӛте шыққан,
бірақ қызығы бүкіл ғұмырға жетерлік бес жыл. Қазақтардың тілімен
Достарыңызбен бөлісу: |