екен. Шоқынып, үйленіп, біржола орнығыпты. Ұрпақтары ӛсіп-ӛніп, басқа
әулеттермен туысып, кенінен тамыр жайған. Біз бабамыздың Ордадан
Sauap.org
16
шыққанын мақтан ететінбіз, сонымен қатар, ұлы державаға ертелі-кеш
батыстан, шығыстан құйылған ондаған, жүздеген басқа да әулеттер сияқты,
ӛзімізді таза орыс санаушы едік. Біздің тұқымнан Ресейдің құдірет-күшін,
сән-сәулетін арттырған қолбасылар, дипломаттар, оқымыстылар, басқадай
игі жақсылар кӛп шықты. Сүйегіміз асыл, тегіміз терең екені шежірелердің
бәрінде сайрап тұр, ата данқына да, абыройымызға да ешкім күмәнданған
емес. Әйткенмен, Ұлы Екатерина заманынан бастап, біздің әулеттің бұрынғы
дәреже-мансабы кеми бастапты. Ал император Павел тұсында патша
сарайында мүлде кӛлеңкеде қалғанымен, Сібірдің терең кеніштерінде тәп-
тәуір танылады (сӛз ыңғайына қарағанда әлдебіреулер каторгаға айдалған
сияқты,— М). Әйтсе де байлық пен беделден арылмаған. Тікелей ӛз
аталарыма келсем, олардың ең таңдаулы ӛкілдері Наполеон соғыстары
кезінде — Бородино мен Березинада, Қысқы жорық пен Ләйпциг түбіндегі
ұрыста қаза тапты. Тірі қалғандарының ешқайсысы Сенат алаңындағы
бүлікке қатыспаған. Бірақ император ағзамның оң кӛзіне ілінбедік. Менің
үлкен әкем князь В. отыз жыл тұракты әскер қатарьшда қызмет атқарса да
генерал шеніне жете алмай, Қырым соғысы қарсаңында полковник
дәрежесінде отставкаға шығыпты. Бірақ қарт жауынгер Тавридадағы масқара
жеңілісті кӛтере алмай, миына қан құйылып қайтыс болған. Мұның бәрін
тәптіштеп айтып отырғаным, біздің әулет ғасырлар бойы Мемлекет пен
Таққа қалтқысыз қызмет етті, ӛзінің бар тірлігінің мәні — Отан алдындағы
борышты ӛтеуде деп білді...
Кәрі полковник ӛзінің Орел губерниясындағы мекеніне келгенде шағын
шаруашылық ӛте мүшкіл халде еді. Полковниктің алғашқы некеден туған
жалғыз ұлы — менің әкем ӛзінің емірін реформаторлық жұмыска арнамақ
болады, Геттингенде дәріс алған, неміс философтарының дүни-ені қайта құру
туралы идеяларымен басы шырмалған әкей бүкіл Европаны аралайды, тіпті,
Америкага ӛтіп кетуге шақ қалады, Кәрі полковник ескі ұясына қайтып
оралған кезде ол ӛзін де, ӛзгені де ұмытып, деревкядағы ахуал, шаруалары
босату, қауымды қайта құру туралы еңбектср жазумен әуре болып жатса
керек. Екі-үш мақала, очеркі сол тұстагы журналдарға шыққан да сияқты. Ол,
тіпті, реформаны күтпей, біздің иеліктегі шаруаларға толык еркіндік беру
туралы ӛз әкесінің алдына мәселе қойса керек, Кәрі полковник, әрине, бұл
ұсынысты геттимгендік желекпелік деп қана кабылдаған, оқымысты ұлдың
аузын ашырмапты. Арада екі-үш жыл етпей, Азаткер патша арнайы
манифестін жариялағанда құрғақ идея мен нақты істің ара катынасы қандай
екені айқындалады. Әуелде, басқа дворян ұялары сияқты, біздің иелік те ту-
талақай болады. Ӛзі нық сенген, осы жолда бар емірімді түгесем, айдауға да,
абаққа да дайынмын деп жүрген әкей (түпнұсқада — батюшка,— М.)
мәңгіріп қалса керек. Танқаларлық ештеңе де жоқ. Бары алдында тұрган, тым
дәулетті болмаса да, ішіп-жемдігі мол салқам сері ("молодой повеса") бір-ақ
күнде "жалғыз үйлі Овсяников" болады да шығады. Әкейдің Петербург
университетінен кафедра алмақ болған, басқадай жолмен болашағын
берекелеуге тырысқан қам-қарекеттерін айтпай-ақ қояйын. Ақыр түбі әбден
Sauap.org
17
қажыған, жасы елуге тақаған кезінде кеше ғана ӛзінің басыбайлы құлы
саналған, реформадан соң шамалы жер алып, тынымсыз еңбек етіп, ӛзінің
іскерлігімен байыған қара шаруалардың бірінің жалғыз қызына үйленеді.
Кәрілігін қамтамасыз еткеннен соңғы арманы бала кӛру екен. Перзент тұрмай
қояды. Ақыры, некенің, тоғызыншы жазында
— 1895 жылы мен туыппын. Әкейдің — бір кездегі делебелі Геттинген
ұланы, енді ата-тегін, бағзы замандардағы атақ-данқын бәрінен жоғары
қоятын қарт князьдің бар тірлігі бала бағуға арналады. Қаражатын да, күш-
қуатын да аямайды.
Мен Елец қаласындағы гимназияны алтын медальға бітіріп, 1911 жылы,
он алты жасымда Петербург университетінің заң факультетіне келіп түстім.
Әлбетте, әкей мені ескірген неміс рухында тәрбиелеген жоқ. Бірақ патшалық
құрылыстың Россия үшін ең үлкен сор екенін миыма сіңіргсн. Алайда, мені
тәрбиелеген — әкем емес, арнайы шақырылған тәжірибелі оқытушылар да
емес, тасқа басылған жазу. Мен, әрине, әкемнің ғылым саласындағы, саясат
саласындағы сәтсіздіктерінен
жақсы
хабардармын.
Сондықтан ӛз
жолымды іздеуім
керекті. Ӛзімнің жолы
ғана
емес, Отанымның болашақ бағдары. Біздің әулеттің ескіден қалған жалғыз
мұрасы — әлденеше ұрпақтың қолтаңбасы бар бай кітапхана. Мен Тит Ливий
мен Тацитті, Плутарх пен Светонийді, Гомер мен Цицеронды ғана емес,
Вольтер мен Руссоны, Шеллинг пен Шопенгауэрді де зерделеп оқыдым. Ұлы
француз революциясының тарихын тексердім. Ғажайып кезең, ғаламат
жандар. Менің пейіл-иманым якобилер жағына ауды. Идеалым Марат та,
Дантон да емес, Робеспьер еді. Ақыл-парасат күшін арттыру, жүйке бекіту,
мінез қалыптастырумен қатар, дене қуатына да айрықша кӛңіл бӛлдім.
Гимназияның сонғы класына кӛшкен жылы әкеймен бірге Европаны аралап
қайтқан соң мен ӛзімнің болашақ ӛмірім революциялық күрес жолына
бағышталарын біржола түйсінгсн едім. Уни-верситеттегі, ӛзімнен әлдеқайда
ересек, әртүрлі үйірмелерге, жасырын ұйымдарға белсене қатысып жүрген
ойшыл, күрескер жастардың арасына түскенде, мен таңдаған жолымның
дұрыстығына тәнті болдым. Жетеді! Шыдам шектен шықты. Бұдан әрі карай
бұрынғыша ӛмір сүру мүмкін емес! Пушкин мен Толстойды тугызған жетпіс
миллиондық великоросс халқы барлык асыл қасиетін танытатын, ұлы
миссиясын ақтайтын ӛзгеше талайын табуы керек. Оған сай мүмкіндік толық.
Тек жағдай келіспей тұр. Суворов пен Кутузовты шығарған, әлемдік
құрылыктың алтыдан бір бӛлігін баурына басқан Орыс мемлекеті әлемдегі ең
қуатты державаға айналуға тиіс. Оған да жетер күш бар. Тек шарты келіспей
тұр. Сол жағдайды жасау керек, сол шартты туғызу ксрек. Мұны бәрі де
ұқты. Бәрі де білді. Бірақ түскен жол әртүрлі, ұсынған бағдар әрқилы еді.
Мен социал-революционерлер партиясын мақұл кӛрдім. Кӛп үзамай қарулы
жауынгер топқа кірдім. Біз қоғамды жаңғырту жолындағы іс-әрекет дәйекті
түрде жүргізілетін революциялық террорсыз жүзеге аспайды деген сенімге
бекіп едік. Мен әуелде онша маңызды болмағанымен, ӛзіндік мәні бар
бірнеше акцияға қатыстым; тікелей емес, сырттай бақылаушы, хабаршы
Sauap.org
18
ретінде ғана. Серіктерім мені баласынған. Мүмкін, сын кезеңі шығар. Бірақ
мен жиналып шешім қабылдаған, қаншама уақыт жаппай бақылап, ақыры
топырласып жүріп қастандық ұйымдастырған мұндай әрекеттерге
қанағаттанбадым. Жоғары шенді, аты дабыралы ұлықтарды ғана аулайды.
Басқаларға ескертпек. Ой салмақ. Қорықпаған, ойланбаған жендеттер ғана
зұлымдыққа баратындай. Аңғырт қана емес, босбелбеу, тіпті, дәрменсіз іс.
Әлбетте, нәтижесі шамалы. Оның үстіне, екінші және үшінші акциялар
кезінде біздің арамызда охранка тыңшысы барын аңдадым. Құпия полиция
бәрін біледі, тіпті, кейбір істеріміздің сәтті, болуына тілектес — қайткенде де
торын құрып, тӛбемізден бақылап қана отыр. Келесі бір, шамалы ғана шаруа
сәтсіздікке ұшырап, жігіттер ғайыптың күшімен ұсталмай кеткен соң мен оп-
оңай есептеп шығардым. Жаратылыстану факультетінің тӛртінші курсында
оқитын, қалың шаш, қыр мұрынды сұлу блондин, почтмейстердін баласы,
сібірлік. Біздің топтағы,— террористер тобы емес, студенттер тобы,— Елена
дейтін қызға кырындап жүретін. Ойландым, әртүрлі кездейсоқ жайыттарды
ескердім, басқаларды да тексеріп шықтым — күмәнім сенімге айналды.
Әрине, мен Покшишевскийдің,—әдемі блондиннің фамилиясын ешқашан
ұмытпаймын,— сорлы Покшишѐвскийдің сатқындығын жолдастарымның
алдында дәлелдей алмайтын едім. Менікі негізінен дерек емес, түйсік. Бас
араздыкка балауы, қызғанышка жабуы мүмкін. Оның үстіне, қатарымызда
Покшишевскийден гӛрі тереңірек орныккан тағы біреудің жоқтығына кім
кепіл. Айкындаған ӛзім, үкімді де ӛзім шығардым. Әрине, орындаушы да
ӛзім. Сатқын блондиннің құдайдан ӛзі тілеп алған ажалы социал-
революционер жастар арасында үлкен ашу-ыза туғызды. Менің, қайран
қалғаным, біздің ағайындар қысасты қаза — тек тап жаулары-на ғана еншілі
сыбаға деп санайды екен. Ӛздері кімді болмасын кекіліктей жалпасынан
түсіруге әзір, ал олардың қылшығы қисаймауға тиіс сияқты. Ал үйірмешіл,
дабырашыл бейсауат студенттер қауы-мы бұл — азат ойлы жас ұрпаққа
жасалған қатаң ескерту деп білген. Шешендер профессор мінберіне
кӛтеріліп, бүкіл полиция департаментіне, дәл осы іске ешқандай қатысы жоқ
университет ректора-тына ғана наразылык білдірумен шектелмей, қазіргі
мемлекет құрылысын мансұқ етіп, патша ағзам-ның ӛзіне жақындап барған.
Полицияның нақты дерегінше, әлдебір куртизанканың пәтерінен кеште-тіп
шығып келе жатқанда, иен, қараңғы бұрышта әлденендей бұзақылар,—
мүмкін, жезӛкшенің ескі тамырлары,—ӛлтіріп кеткен, жалаңаштап тонап
әкеткен (тоналғаны рас, қымбат сюртугі Фин шыға-нағының батпағында
шірігенмен, алтын сағаты әлі күнге дейін Санкт-Петербургтағы, ах,
кешіріңіз-дер, ...градтағы каналдардың бірінің түбінде жатыр) сатқынды
жерлеу — ұлт батырын шығарып салуға парапар оқиғаға айналды. Қабір
басында қаншама асқақ сӛздер айтылды, тыңдап тұрғанда табытқа ӛзің түсіп
кеткің келеді екен — болашақ Кювье, болмай қалған Коуп. Достары мен
әріптес-тері тегіс қатуланып алған. Әрине, мен де ашулымын. Елена сұлудан
кӛзімді айырмадым. Араларын-да ештеңе болып үлгермесе де, батырдың
бейбақ жесірі ретінде кӛрінгісі келетіндей. Түгел қара киі-нуге дауаламаған
Sauap.org
19
сияқты, мойнына қара орамал салыпты. Ертең екінші біреумен ойнап кетерін,
қала-сам, менікі де боларын түйсініп тұрған жоқ. Бірақ маған ендігісі бәрібір
еді. Менің Троям алда. Сол күні-ақ құпия серіктеріме ӛзімнің партия
қатарынан шығатынымды мәлімдедім. Әрине, кӛбі қорқақ-тыққа балады,
сатқындықтан сезіктенгендері де бар. Маған салса, екеуі бірдей. Тез
сусыдық. Тіпті, біразымен қарама-қарсы кездескенде бас изеспейміз. Мен
ӛзімнің бақылауға түскенімді аңдадым. Әлбетте, полицияның бақылауынан
ауыр емес. Тек сақтықты молайта түсу қажет.
Кӛп ұзамай, 907 жылғы жаныштау кезінде айрықша озған полиция
офицерлерінің бірі жалпа-сынан түсті. Түнгі қызметтен қайтып келе
жатқанда, тура есігінің алдында қақ маңдайдан атып кет-кен. Содан соң
отставкадағы жандарм полковнигі. Қызмет басында жүрген кездегі еңбектері
үшін. Арада ай ӛтпей тағы бір жандайшап — жыртқыштың ӛзі болмаса да
кӛзі, адал қызметіне орай байланған наградасын алуға астанаға келген,
провинциялык губернатордың адъютанты. Небәрі жарты жыл орайында
кӛлденең жазаға — жендеттік ерлігі мен құлдық ықыласына сай қазаға
ұшыра-ған бейбақтың ұзын саны сегізге жетті. Әрине, мен. Мұның бәрі менің
ісім еді. Аңғал да ақылсыз серіктерім сияқты мен наһан киттердің ғана
соңына түскем жоқ. Топас, қатал, кәрі губернатор ӛлсе, оның орнына әрі
залым, әрі іскер, жас біреу отырады. Полиция бастығы ӛзгергенімен,
ӛкіметтін құлақ, кӛзі бітелмейді, жуан жұдырығы әлсіремейді. Патшаның
ӛзін ӛлтіргенде тапқанымыз белгілі. Заман қатая түсті, дүние бұрынғыдан да
тарылды. Бұрын езіліп жатқан, еңіреуден жазбаған халык енді мүлде
жанышталды, бүкіл Россияны зар басты. Жоқ!
Қатардағы полицейден ұлы князьға дейінгі аралықтағы жұрт ұстаған
"игі жақсылар" (түпнұсқада "лутчие люди",— М.) тӛңірегіне үреймен
болмаса да, күдікпен қарап, бұдан ары басқаша билік жүргізу қажетін,
ездерін осыншама жек керетін халықпен есептесу керегін, мемлекетті, бүкіл
әкімшілік жүйесін қайта құрмай дүние оңалмасын ұғынуға тиіс еді. Әрине,
бұрынғылардың миына ештеңе қонбайды; қызметке, іске жаңадан араласып
жатқан кейінгі буын алдынғылардың тағдырын кӛріп, жаңаша ой түйері
күмәнсіз. Бұл — бейбіт жолмен, үгіт, тәрбиемен жүзеге асатын іс емес.
Данышпан Пушкин мархаматқа шақырып, азаттықты дәріптеді. Гоголь бүкіл
қауымды, ел ішін кеулеген қоқысты әшкереледі. Толстой ерлікті, ізгілікті,
адалдық пен адамдықты марапаттады. Не шықты? Оңалып кеткен, түзеліп
кеткен ештеңе жоқ. "Аюға намаз үйреткен — таяқ" деген мақал бар екен
қазақта. Біздің аюға арнап айтылғандай. Елдің санасы жаңғыру үшін ұлы
сілкіністер ("великие потрясения") қажетті. Әрине, бір адамның қолынан
келетін шаруа емес. Бірақ "Ұшқыннан жалық қаулайды!" деген, социал-
демократтардың ұраны нақты ӛмірден алынған. Ұшқын бар. Қаулау үшін,
іріп-шіріген, бірақ тұғыры тас, ұстыны орнықты ескі қоғам біржола жаңару
үшін рсволюциялык террор кең кӛлемде, жан-жақты жүргізілуге тиіс.
Жанғырудың ең басты шарты — түбегейлі тазарту! Біз ӛткендердің күрес
жолын зерделеп, ӛзіміздің шамалы тәжірибемізді қорытып, ойласа, ақылдаса
Sauap.org
20
келе жаңа катехизис жасадық, мұрат, бағдарымыз-ды нақтылай, айқындай
түстік. Ең алдымен, соны серпіліске кеселі тиюге мүмкін сұмпайылардың
кӛзі жойылуға тиіс. Содан соң патшалық тәртіптік, қылмыскер құрылыстың
тірегі болып отырған қайратты, парасатты кісілерді қатардан шығарамыз.
Жұртты үрей жайлайды, қауымның іргесі шайқа-лады, ӛкімет берік
бағдарынан жаңылады. Күні озған қоғамды шылпара талқандауға, түп-
тұқиянымен құртуға жол ашылады. Нәтижесінде, әлемнің алтыдан бір
бӛлігінде революциялық ӛрт тұтанады, жеңіспен, жаппай жанғырумен ғана
аяқталар қуатты бүлік бүкіл жер шарына таралады. Сол ұлы мұратқа жол
ашар жалынды да жарақты топ ештеңеден тайсалмауға тиіс еді. Мен ӛз
жасағымды құрдым, жекелеп жүргізілетін әрекет аймағын ежелгі екі
астанаға, барлық провинциялық орталықтарға кӛшіру туралы жоспар
ойластыра бастадық. Міне, дәл осы кезде тұзаққа іліндім. Соңғы ерлік,—
қазір ойлап отырсам, сұмдық, тіпті қылмысты істерім үшін емес. Мүрдем
кеткен Покшишевскийдің тозақ-тан жолдаған сәлемімен. Баяғыда ӛткен, ӛзім
де ұмыта бастаған ескі істер шылауы. Соңғы кезде мансапты, атақты жуандар
қазаға ұшырамағанымен, революциялық террор жаңаша сыпат алғанын,
кеңінен таралуға бет қойғанын аңдаған охранка ӛздеріне ежелден мәлім,
бірақ тұзаққа ілінбей жүрген жігіттерді қатаң бақылауға алады ғой. Ақыры,
тобымен жапырлаған, әрине, іске аспаған кезекті қастандық үстінде біреуін
қолға түсіреді. Ӛрмекті тарқата келе, баяғы бір іске шығады. Орындаушы
болмасам да, тікелей қатыспасам да хабардар, сыбайлас ретінде мен, қазір
мүлде араласпай кеткен, тіпті, араздықта жүргсн ескі серіктеріммен бір
бұғауға шалындым. Бізге үлкен "құрмет" кӛрсетілді. Анау-мынау емес, аса
қауіпті мемлекеттік қылмыскерлер ғана "сая табатын" Петропавловск қапас-
қамалына түстік.
Әрине, ештеңені мойындамадым. Ӛте кӛтеріңкі, тіпті, кей реттерде
кӛңілді жүрдім. Кейінгі жұмыстарымның соншалық таза жасалғанына
масаттанғам. Ескі іске қатысым шамалы ғана екені тағы ӛзіме аян. Бірак,
патша заңы ақ-қараны қашан айырған. Жазықсыз, бейкүнә жандар мыңдап,
Отанға игілік қана тілеген марғасқалар жүздеп айдалды, асылды, құртылды.
Ал шын жау — патшалық құрылыстың ғана емес, бүкіл мемлекеттің, ұлы
орыс халқының қас дұшпандары —"саяси күнәкарлар" ретінде ғана, тыным
алып, денсаулығын түзетіп, білімін толықтырып, ойланып-толға-нып, жаңа
айла-шарғыға молығып қайтуы үшін, ауасы таза, табиғаты бай, оңаша, әрі
тыныш, тірші-лігі келісті ӛлкелерге — айдауға емес, демалысқа жіберіліп
тұрды. Нәтижесін енді кӛріп отырмыз. Хош. Сонымен, бес жыл каторгаға
кесілдім. Одан соң он жыл еркін қоныстанушы. Жаңа айтқаным-дай, тергеу
орындарының қолындағы айгақпен салыстырғанда мен жазықсыз жапа
шектім. Бірер жыл бұрын болса, университетпен ғана қоштасып, аман
шығуым да мүмкін еді. Бірақ біздің Россияда, тіпті, патша тұсында да,
науқаннан қымбат ештеңе жоқ еді. "Отанға қауіп тӛнген", әлемдік соғыс
тұтанғалы тұрған, Балқанда қырқыс басталып (сәл-пәл жаңсақ дерек, сӛз
болып отырған уақыт— 1914 жылдың кӛктемі екені байқалады, бұл кезде
Sauap.org
21
Балқан соғысы аяқталған — М.), Европаның есінен адасқан барлық
монархтары ақыр түбі ӛздерінің басын жұтатын жаппай қантӛгіске құмартып
отырған кезең еді. Бес жыл каторга!! Бұл тозақтан аман шықсаң, "еркін"
қоныстанушы бақытына жетесің! Мен әуелде ашу-ызадан, кернеген кектен
құтырып кете жаздадым. Содан соң мәңгіріп, езіліп, естен адасуға жақын
халде бұратылып жата бердім. Ақыры, этаппен айдауға түскен кезде бәріне
де кӛнген, болашақтан, тіршілік атаулыдан баз кешкен кейіпке енсем керек.
Бірақ мен жас едім. Жігерлі, қайратты едім. Тіршілік ӛз заңын жүргізді. Мен
ӛмір сүре бастадым, каторжник ретінде болса да.
Қорғасындай толықсып, жарым кӛкжиекті жасырған ұлы ӛзеннен ӛттік.
Байтақ Сібірге ендік. Эшелон әулие Петр мен әулие Павелдің атындағы
сиықсыз қалашыққа тоқтады. Мен темір торлы терезеден алғаш рет тірі
киргизды, яғни кәдімгі қазақты кӛрдім. Жадау киімді бірнеше жүкші.
Тарихтан окығанымды еске түсірдім. Иә. Сібірді Ермак жаулаған. Бірақ
киргиз, яки қазақ даласына узақ уақыт бойы тіс батпаған. «Кең даланы саны
мол, аса жауынгср кӛшпенділср иеленіп отыр, түстікке қарай қадам басу
мүмкін емес...» Ермактың жолын қуган воеводалардың бірінің Борис
Годуновқа, әлде Михаил Романовқа жолдаған ақпары. Миллер, әлде Фишер...
Фишер. Фишердің тарихынан. Жадым бұрынғыша, есім түзу. Иә.
"Многочисленные и воинственные..." "Прогресшіл" (кейінгі тарихтың
бағасы) жасақты ата мекен жеріне енгізбеген. Ақыры... империя кұрамына
қосылды. "Фелица..." "Богоподобная царица—Киргиз-Кайсацкия Орды,—
Которой мудрость несравненна..." Сол даналықтың арқасында, кеше ғана ат
құлағында ойнап, кең далада еркін шапқылап жүрген номад бүгін құдайы
бӛтен жұрттың ӛзінен аударып алған қаласында (біздің авторымыздың бұл
дерегі онша нақтылы емес: қоныс қазақтікі болғанымен, қаланы орнатқан
Орыс ӛкіметі,— М), ӛз жерінде, құлдык қамытын киіп, ауыр тендерді кӛтеріп
жүр.
Сонда да менен бақытты. Бұлар — тірі. Мен —"Ӛлген үйге" бара
жатырмын. Достоевский. Осыған ұқсас... дәл осындай сӛзі бар. Анау —
ӛзеннің арғы бетінде, малын бағып, киіз үйін тігіп, отын маздатып отырған
киргиздар да менен бақытты деген. Мына киргиздар басқашарақ... Кенет
маған темір тор — менің тереземе емес, бүкіл қырғыз-қайсақ жұртының
алдына тартылғандай кӛрініп кетті. Сол сәтте, әлде сәл кейінірек, әйтеуір сол
күні мен ӛзімнің кім болғанымды есіме алдым, Ӛзімді қайтадан еркін сезіне
бастадым. Великоросс халқына ғана емес, сол халыкпен тағдырлас барлық
жұртқа — Ұлы Россияға азаттық әпермек болып, қаруға жүгінген мына мен
— ежелгі алтын әулеттің асыл сынығы — ӛз басымды да арашалай алмай,
айдауға кетіп барамын. Күлкілі еді. Табиғат заңына қайшы, ақылға сыймас іс
еді. Мен ӛзімнің алдымда ұзақ ӛмір тұрганын түйсіндім. Кӛп ұзамай қапастан
құтылатыны-ма сенім пайда болды.
Евро-азиялық ортағасырлық қалашықта, тұйық жолда екі күн тұрдық.
Мен — күні кеше ғана таңдаулы жандарм офицерлерін ӛз қолыммен
жаһаннамға аттандырған социал-революционер — үйшіктегі итше
Sauap.org
22
шынжырда ӛлуге тиіс емеспін, қатесіз жүзеге асатын, ӛте қарапайым, әрі
тамаша жоспар ойлап таптым. Сол күні ішім бұзылды. Ішім бұзылғаны —
бітеу әжетхананың тӛбесіндегі ашық желдеткіш екі дүниенің біріне тура
бастар кең қақпа болып кӛрінген. Тек секіріп іліну керек, тартылып шығу
керек. Қанша әлсіресем де, соңғы күндерде аз-маз оңалғам, бұған шамам
жететінін аңдадым. Тағы бір керегі — ең басты шарт — екі минут уақыт еді.
Орайлы сәт келер күні, біздің қожалақ эшелон шайқала салдырлап, Сібірдің
терең қойнауына карай бет түзеген шақта, қарағай, кайың аралас орман
ішінде туды. Таң атқаннан бері тӛрт-бес рет шоңқайған тышқақты аңдудан
жалыққан күзетші бетін бүрып, есіктен аулақта махорка ораған. Екі минут
емес, бір минут, бәлкім, он бес-жиырма-ақ секундта мен адам айтқысыз
күшпен, осы он тоғыз жылдық ғұмырымда жұмсаған барлық қайрат-қуатыма
парапар серпінмен вагон үстіне шығып үлгердім. Астыдан айқай естілді,
ашык терезеден оқ атылды, бірақ мен аяғымда кісен, қолымда колау болса да,
құдайдың кең аспанының астында тұр едім; эшелонды бойлай қашқам жоқ,
секіре ытқып, осы, ӛз вагонымның артқы бұрышына жеттім де, платформаға
асыла, созыла тартылып барып тӛмен қарғыдым. Сүйегім аман сияқты.
Жолдың оң қабағына, түстік бетке кұлағам. Азап пен ажал арқалаган ауыр
состав ышқына сартылдап, тӛбемді тесіп барады. Мен созылып, ұзарып
кеткен аждаһаның кӛзден ұшуын күтпедім. Тұра сала орман ішіне сүңгідім.
Бұлталақтағам жоқ, бұрылғам жоқ, түстікке қарай жүре бердім. Ет қызуымен
жолдан бірер шақырымдай ұзаған соң ғана аңдадым, кісен шалған қызыл
асық жалаңаш шақа, тобықтан, тізеден сау жер жоқ, түгел қан. Бет-аузым да
бүтін емес сияқты. Ауыр азаппен тағы азғана жүрген соң, қалың тоғай
ішіндегі тұнба бұлаққа жуынып алдым, ентігімді басып, жүрегімді
тоқтаттым, бағдарымның дұрысына кӛзімді жеткіздім, құдайға сиындым да,
кісенімді жинай тартып, сылти басып одан ары жол шектім. Бұл жақ тұтас
Достарыңызбен бөлісу: |