Ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. Иен емес, елді мекен



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата19.02.2017
өлшемі0,9 Mb.
#4511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
 
 
36 
 
қырғыз-қайсақ  ішіне  қашам.  Мені  тықсырған  —  қыспақ  пен  қапас.  Бабам 
Бӛкейді  ығыстырған  қандай  зауал?  Кӛп  ұзамай  Орда  ӛзінің  күш-қуатынан 
айрыла бастады, ақыры шылпара болып ыдырап, бӛлшектеніп, бүгінгі зағип, 
кіріптар  халге  түсті.  Сірә,  ел  тұтқасы  болуға  тиіс  азаматтардың  шетке 
қағылуы  —  дүрілдеп  тұрған  державанын  ӛзінің  кӛп  үзамай  күйремек 
жоралғысы  сияқты.  Әлем  аумалы-тӛкпелі.  Арада  екі-үш  ғасыр  ӛткенде 
кӛшпенділер  ұрпағы  жаңа  таныс  тауып,  империяның  орталығы  қайтадан 
шығысқа кӛшпесіне кім кепіл? Иисус Христос туғалы екі мың жыл да ӛткен 
жоқ, алда қаншама мың жыл ғұмыр бар. Не болмақ, немен тынбақ? Күлкілі 
еді. Ӛз басымды арашалай алмай, ертеңім түгіл, бүгінгі күнім немен бітерін 
білмей  жатып,  халықтардың,  империялардың,  әлемнің  болашағы  туралы 
ойлағаным күлкілі еді. Сірә, ұзақ уақытқы тергеу, азапты этап, ең бастысы — 
бүгінгі  үрей,—  шынымды  айтайын,  мен  алғаш  түрмеге  түскен,  үкім  күтіп 
отырган  кездерімде  де  мұндай  қорықпаған  едім,—  осының  бәрі  ақылымды, 
жүйке-тамырымды  шайқаса  керек.  Мен  қараңғы  киіз  үй  ішінде  жатып, 
қарқылдап  күлдім.  Іргеден  ит  үргенде  ғана  ес  кіріп,  әрең  тоқтағам.  Тез 
тыншыдым.  Бар  түйін  ежелгі  дәстүрінен  айныған,  империяның  тірек-күші, 
бишік-шоқпарына  айналған  казактарға  қарап  тұрган  жоқ.  Тұтқыннан 
қашудың,  Россияға  жетудің  жолы  кӛп.  Ес  жияйын,  оң-солымды  таниын. 
Содан  соң  ӛзімнен  бұрынғы  қаншама  революционер  "пана  тапқан,  күрестің 
басқа  тәсілдеріне  кӛшкен,  неше  барып,  неше  қайткан  Европадан  бір-ақ 
шығам. Құдай куә. 
Ертеніңе түп кӛтеріле кӛштік. Казактардың қарасыны молайып, қайтып 
келмесіне сенім жоқ оның үстіне жазғы жайылым реті де солай сияқты. Біз 
жылжи қонып, арада үш күн ӛткен соң, шағалалы кӛлдердің бірінің жағасына 
тоқтадық.  Бүкіл  әлемдік  қырғын  соғыс  басталғанын  мен  осы  жерде  жатып 
естідім.  Менің  континенттік  туыстарым  —  германдық  нәсіл  бір  жақта, 
англосаксондар,  романдар  мен  славяндар  бір  жақта  —  жер  шарында  адам 
қанынан ағатын ӛзендер жасауға кӛптен құмартып жүрген. Тілегені табылды. 
Енді бірінің басын бірі жоймай тоқтамайды. Варварлар!.. 
Алғашқы  күндерде-ақ  біздің,  яғни,  Россия  қарулы  күштерінің  барлық 
майданда  бірдей  сәтсіздікке  ұшырай  бастағаны  аңғарылды.  Орыс 
әкімшілігімен, казак станицаларымен байланысы бар ел билеушілер арқылы 
ұзынқұлақтан  тараған  хабар  осындай.  Мен  қайсақтардың  жүзінен  "әй, 
ӛздеріне  де  сол  керек!"  деген  сыңай  таныдым.  Орыс  ретінде  маған  ондай 
жеңіліс те, мұндай пиғыл да ӛте ауыр тиді. Бабаларымның неше әулеті осы 
Державаның  қуатын  арттыру,  іргесін  кеңейту,  абыройын  кӛтеру  жолында 
қаны  мен  тсрін  аямап  еді.  Ендігі  менің  сиқым  мынау.  Бірақ  ӛзімді  қор 
санағанмен, бүратаналарды кінәлай алмадым. Социал-демократтар партиясы 
кӛсемдерінің  бірі:  "Алдағы  бүкіл-әлемдік  қырғында  біз  ӛз  еліміздің,  яғни 
Россияның  күйреп  жеңілуін  тілейміз",—  деп  еді.  "Қираған,  құлаған 
империяның моласы үстіне жаңа қоғам орнатпақ. 
Мүмкін, сӛзінің қисыны да бар шығар. Монархия ел тыныш, жұрт аман 
кезде ӛз бетімен биліктен кетпейді. Бірақ мен ӛте жайсыз халге түскен едім. 

Sauap.org
 
 
37 
 
Екі  жақта  да  тотальдық  мобилизация  жүріп  жатқан  сияқты.  Қайсақтар 
переселендер  тұрағы,  казак  станицаларында  бас  кӛтерер  еркек  қалған  жоқ 
десіп жүрді. Кӛп ұзамай Брусиловтың тепкіні туралы дақпырт жетті (Стамбек 
орыс  әскерлерінің  Шығыс  Пруссиядағы  тұтқиыл  шабуылы  туралы  айтып 
отырған  сияқты;  Брусилов  тепкіні  —"Брусиловский  прорыв"—  бұдан  кӛп 
кейін  —  М.).Мен  қуана  алмадым.  Бір  ұрыста  ұтармыз,  мұнымен  соғыс 
бітпейді.  Әлемдік  қырғынның  арты  немен  тынары  белгісіз,  әйтеуір  жуық 
маңда толастамасы анық еді. Яғии, менің меймандық сапарым созыла түседі 
деген сӛз. Россия тар. Европа отқа оранған, Қытай мен Жапонияда мені күтіп 
отырған  ешкім  жоқ  —  ұшы-қиырсыз  дала  мұхитының  ортасында  жападан 
жалғыз ӛзім, шарасыз, дәрменсіз кепке түстім. Даниэль Дефо хикаясынан бар 
айырмам  —  иесіз  аралда  кемесі  қираған  Робинзон  емеспін,  Робинзондар 
еліне түскен Жұмамын. 
Гимназист  кезімде  оқыған,  авторларын  да,  атын  да  ұмытқан  отарлық 
романдарда 
әлдебір 
ақ 
адам 
зәңгілердің 
бе, 
үндістердің 
бе, 
полинезиялықтардың  ба  —  әйтеуір  қиыр  ӛлкедегі  түземдіктердің  ортасына 
түсетін де, даналық пен ерліктің не бір ғажайып үлгілерін жасайтын. Ақылы 
асып  жатады,  ерлігі  басым  шығады,  ӛнері,  білімі  ӛз  алдына,  әрі  кӛрікті,  әрі 
мінезді;  ақыр  түбінде  ру  кӛсемі,  тайпа  батыры  танылып,  түземдік  ең  сұлу 
қызды  күңдікке,—  күңдікке,  ӛйткені  асып  туған  ақ  адамның  алыста  қалған 
үлгілі  христиан  елінде  ӛзін  зарыға  күтіп  отырған  абзал  жанды  асыл  жары 
бар,— уақытша катындыққа алады, ақыр түбінде қойны-конышын алтын мен 
алмаска  толтырып,  Англияға  (Испанияға,  Францияға,  Германияға)  оралады. 
Бәрі ӛтірік. Жат ортаға — қаралардың, қоңырлар мен қызылдардың арасына 
түскен  ақ  адам  ең  бақытты  жағдайда  менің  кебіме  енбек  —  құрметті  қонақ 
ретінде  сол  ру,  тайпа,  аралдағы  жұпыны  кептің  біріне  айналады.  Онда  да 
жүрегі таза, пейілі түзу болса ғана. Ӛйткені, цивилизация аталатын жұқпалы 
дерттен бейхабар,  ең  алыс  арал,  шытырман  джунглидің ішінде  тұратнн  тыр 
жалаңаш  түземдіктің  ӛзі  ақ  адамды  ең  алғаш  кӛргенде  тек  қана  таңырқаса 
керек.  Оның  түр-түсі,  киімі,  жүріс-тұрысы  тегіс  тұрпайы  тәрізденеді, 
орынсыз,  әдепсіз  кӛрінеді.  Езгіге,  түспей,  миы  шырмалмай  түрған  әуелгі 
кезде  ең  тӛменгі  сатыдағы  жабайы  ӛзін  ақ  адамнан  артық  санайды.  Әрине, 
қорқады. Қорқуы мүмкін. Ен мәдениетті, ең ақылды деген кісіміз жол тосқан 
қарақшыдан,  елес  пен  жын-шайтаннан  қорқады  ғой.  Табынбайды,  қорқады. 
Қайдағы  табыну.  Табынғаны  сол  ма  —  ержүрек  Магелланды  қырық  бӛлек 
етіп  турапты,  капитан  Кукті  тұздамай,  қақтамай-ақ  отқа  пісіріп  жепті.  Әлі 
келген  соң,  әрине.  Ӛкінішке  қарай,  кӛбіне  керісінше  болады.  Біз  —  артық 
жаратылған,  яғни  бұзық,  қанішср  туған  ақ  раса  Вест-Индияны  үндістерден 
тазарттық,  Африканы  құлдыққа  жектік,  Азияны  бұтарлап  жатырмыз, 
Океанияда не қалғанын ешкім біліп болмайды. Міне бұл — талассыз ақиқат. 
Ендеше,  Магелланың  қара  қанын  ағызған  Силапу-Лапу  жасасын!  Кукті 
пісіріп  жеген  аты  белгісіз  азаматтар  жасасын!  Бүкіл  түземдіктер  әулеті 
алғашқы  күннен  бастап  осылай  күрессе,  олардың  ӛмірі  ұзағырақ  болар  еді, 
әлемнің  этникалык  картасы  да  басқашарақ  сызылар  еді.  Мүмкін,  казіргі 

Sauap.org
 
 
38 
 
жиһангерлік соғыс мемлекеттер арасында емес, құрылықтар арасында  — ақ 
нәсіл  мен  қалған  адамзат  арасыңда  ӛтіп  жатар  еді.  Сонда  мен  кім  жағында 
соғыспақпын?  Әрине...  Әрине,  зорлықшылдар  жағында  емес.  Яғни... 
қараларға  қосыла  қоймаспын,  қызылдарға  (түпнұсқада  "краснокожие"  емес, 
"красные", бірақ бұл сӛз америкалык үндістер туралы айтылғаны күмәнсіз,— 
М.)  білмеймін,  қоңырлармен  —  кӛшпенді  қайсақтармен  бірге...  Отаныма 
емес, обырларға қарсы!.. 
Ӛзімді қайсақ ӛмірі баурап, тартып бара жатқанын, солардың бірі болуға 
айналғанымды  соғыс  үшінші  жылға  ауғанда  аңдадым.  Пенде  деген  қызық. 
Басқа түскенді кӛтереді. "Адам тозаққа да үйренеді" дейді номадтар. Ал мен 
тозақ  емес,  ұжмақ  —  түрме  мен  айдауды  айтпаймын,  бұрынғы  кен 
тіршілігіммен  салыстырғанда  да  ұжмақ  ішіне  енген  едім.  Үйренбес  қисын 
жоқ. 
Тіпті,  мәңгі-бақи  осы  далада  тұрып  келе  жатқан  сияқтымын.  Орманды, 
шалғынды,  ӛзен,  кӛлді  кен  дала.  Мыңдаған  жылқы  мен  қой.  Күмбезді 
ақшаңқан шатырлар. Малдың еті мен сүтінен ғана дайындалатын табиғи, таза 
тағамдар.  Ашық  аспан  астындағы  ұйқы,  ат  үстіндегі  серуен.  Ӛзің  ру 
кӛсемінің,  ел  ақсақалының  бел  баласысың...  Иә,  мен  егіздің  сыңары  едім, 
Сіләмбек  мырза  екеуміз,  біздің  қайсақтардың  бейнелі  тілімен  айтқанда,  егіз 
қозыдай, бірге жүреміз. Сіләмбек менен сабақ алады. Орыстың тілі мен хаты. 
Ӛте зерделі. Ынтасы да мол. Хат біліп, тілге бастыққан соң, әкесінің дәулеті 
жетеді, жаңа жүйедегі ел билігіне — болыстыққа таласпақ. Бірақ ен негізгісі 
бұл  емес.  Жанымыз  жарасқан.  Айрыла  алмаймыз.  Үйде  де,  түзде  де.  Жазда 
жұрт  ішінде  —  жиын,  тойда,  қыста  оңаша  қоста  —  жылқыда.  Әуелде  жұрт 
Сіләмбектін  орыс  бауыры  дейтін,  келе-келе  Сыпатай  байдың  орыс  баласы 
деді,  ақыры  Сыпатайдың  Стамбегі  болып  шықтым:  Сыпатай  мырзаны  кӛке 
деймін,  Зербала  бәйбішені  апа  деймін.  Шынында  да  менің  ата-анаға  деген 
сезімім  оянған.  Кештеу  болса  да.  Кеш  дейтінім,  ӛзімнің  анам  (түпнұсқада 
"матушка",—  М.)  жасымда  ӛлген,  әкемнің  ("батюшка")  еркелетуі  аз  болды, 
менің  ӛзім  де  табиғатым-да  жатбауыр  тусам  керек,  қапас-қамалда  отырған 
кезімде,  сірә,  бүкіл  әулетке  келген  осыншама  "масқара"  қорлыкка  шыдай 
алмай,  ажалынан  бұрын  үзілген  әкемнің  ӛлімі  де  толқыта  қоймап  еді,  міне, 
соңғы  неше  атасынан  бері  қыспақ  керіп  келе  жатқан,  үлкен  ұлдары 
жазыксыздан  жалаға  ұшырап,  Сібір  айдалған,  ӛмір  заңы,  табиғат  заңы 
бойынша  біздің  нәсіл,  біздің  жұртты  жек  кӛруге  тиіс  Сыпатай  мырза  мен 
Зербала  бәйбішеге  қарап  отырып,  мен  ата-ана  дейтін  сорлы  жұрттың  кӛңіл 
күйін,  жан  сырын  ұққандай  едім.  Кеткен  ата-анама,  кӛз  алдымдағы  кемпір-
шалға  жаным  ашыды,  пейілім  түсті.  Оның  үстіне,  шынын  айту  керек,  дәл 
осындай мінез-құлық жүйесі қазіргі кезде мен үшін ӛте пайдалы еді. Әлбеттс, 
кәдімгідей бала болам, осы, сұлу болса да жабайы далада, мейірбан болса да 
жат  халық  ортасында  қалам  деп  ойлағам  жоқ.  Мен  күннен  күнге  қызған, 
уақыт  озган  сайын  кӛбірек  құрбандық  тілеген  обыр  Молох  —  адамзат 
басында бұрын-соңды болмаған ғаламат тағылықпен жүргізіліп жатқан қасап 
қырғынның — тажал соғыстың тоқталар күнін күтуім керек еді. 

Sauap.org
 
 
39 
 
Қайдан.  Кӛп  ұзамай  сырттағы  соғыс  ішке  кӛшті.  Басқа  тәсілдермен, 
басқаша жағдайда. 16-жылы июньде бұратана жұрттан майдан жұмыстарына 
кісі алу туралы патша жарлығы шықты. Бүкіл қайсақ даласы дауыл тұрғандай 
дүрлікті.  Қазір  16-жыл  оқиғаларын  білгіштсрдің  қалай  бағалап  жатқанын 
білмеймін.  Менің  ойымша,  орыс  ретіндегі  ғана  емес,  қазақ  ретіндегі 
пікірімше, дүрлігетін ештеңе жоқ, әскер жұмысына жігіттерді беру керек еді. 
Қазақ зиялылары ӛздерінің жанадаң ашқан баспасӛзі арқылы осыған үндеді. 
Бірақ қарсы үгіт пәрмендірек болды. Оқығандардың тағы бір тобы — кӛбіне 
кешегі  семинаристер  мен  фельдшер,  тілмаштар  қайткеңде  "орысқа  бала 
бермеу",  тіпті,  кӛтеріліске  шығу  туралы  насихат  жүргізді.  Менің  ойымша 
бұлардың  біразы  есірік  ақымақ  болса,  біразы,  бәлкім  кӛпшілігі  патша 
ӛкіметінің арандатушы жақдайшаптары еді. Ойлап кӛріңіз. Қалай бермейді? 
Қалай  кӛтеріледі?  Қазақтардың  ӛз  тілімен  айтқанда,  ашса  алаканда,  жұмса 
жұдырықта отыр. Қару жоқ. Әскер тәртібінен, қазіргі соғыс онерінен мүлде 
бейхабар, Осындай жағдайда "Ойбай, кӛнбе! Аттан, кӛтеріл!" деп не санасыз, 
не арандатушы — қайткенде де ӛз халқына жау адам ғана ұран салуы мүмкін, 
"Онсыз да шығайын деп тұрған кӛз еді" дегендей, менің жаңа жұртым дүбір-
дабырға толды да кетті. 
Он  тоғыз  бен  отыз  бірдің  арасындағы,  патша  жарлығы  бойынша 
майданға  аттануға  тиіс  жігіттер  қолдарына  ақ  сойыл  алып,  ашуланып  атқа 
мінді.  Топ-топ  болып  ауыл  арасында  шұбырды,  болыстарды,  песірлерді 
қорқытты, кей жерлерде, қағаз жойылса азаттыққа жететіндей, бір жасалган 
тізім  қайта  жасалмастай,  дайындалып  қойған  тіркеу  актілерін  ӛртеді  —  не 
керек,  кеше  ғана  тұнып  отырған  ел  жел  үйірген  кӛл  бетіндей  толқыды.  Ӛз 
арасынан  шыққан  зиялылар  айтқан  үгітке  кӛнбеді,  патша  шенеуніктерінің, 
болыс-билердің  сӛздеріне  сенбеді.  Бүларды  кінәлау  қиын,  әрине.  16-жылғы 
дүрбелең  қазақтардың  отар  болып  отырса  да  импсрия  құрамына  енбегенің, 
империя  мүддесімен  үйлеспеген,  ондағы  билеуші  жұрттың  мінез-құлқымен 
де  сыйыспаған  жаттығын  кӛрсетті.  Әрине,  соған  орай  сазайларын  шекті. 
Ймпериялық  ӛкімет  үшін  бұратаналардың  майданға  барғанынан  гӛрі  бас 
тартқаны тиімдірек болып шықты. Жасай алмай жүрген қысасқа, сылтау таба 
алмай отырған зорлыққа кең жол ашылған, қарусыз, момын жұртты опалаң-
топалан  етіп  ата  қонысынан  аластауға,  кырып-жойып,  қанын  судай  ағызуға 
тамаша мүмкіндік туған. 
Мен  —  кӛзім  кӛк,  шашым  жирен,  тілім  бӛтен  орыс  баласы  —  кӛңіл 
жарастығымен  ғана  табыскан  жаңа  жұртыма,  тіпті,  бір  шаңырақ  астында 
тұрған  әкейге  "жарлыкка  кӛн,  балаңды  бер"  деп  үгіт  айта  алмайтын  едім. 
Кӛнбегенде  не  күтіп  тұрғанын  тағы  анық,  білем.  Сондықтан,  әкейдің  бүкіл 
ауыл,  рулы  ел  болып,  кӛтеріле  кӛшу  туралы  пікірін  терістемедім.  Дала 
қаншама кең болса да Оксустың арғы бетіне дейін түгел империя ғұзырында, 
дегенмен  де,  Сыпатай  мырза,  елдің  басқа  да  қарттары  түстікте,  әлденендей 
алыс  аймақта,  бәлкім,  Ауғанстанньщ  арғы-бергі  жағында  ақ  патшаның 
құрығы  жетпейтін  Жиделі-Байсын  дейтін  жер  бар,  соған  ӛту  керек  десті, 
Сұрастырып  қарасам,  біздің  орыс  халқының  қаймақ  жағалаулы  сүт  ӛзені 

Sauap.org
 
 
40 
 
туралы  аңызына  ұқсас,  арманда  ғана  бар  ертегілік  мекен  сияқты,  Орыстың 
оқуын тауысқан, білмейтіні жоқ Станислав-Стамбек мұның бәрі бос қиял деп 
айта  алмайды,  бірақ  казак  станицалары  кӛп,  переселен  ауылдары  жиі,  яғни 
қатер-қауібі мол Қызылжар аймағы, Есіл, Кӛкше ӛңірінен аулақтау талабын 
орынды санағам. 
Әйелдер  жылап,  мал  шулап,  ит  үріп,  азаматтар  тегіс  томсарып,  түріле 
кӛштік.  Патша  халық  наразылығын  кӛрген  соң  жарлығын  кайтып  алар, 
мүмкін,  мал  беріп  құтылармыз,  мүмкін,  батыстағы  соғыс  бітіп  қалар  деген 
далбасамен  жүргенде  ұтымды  уақыт  ӛтіп  кеткен,  бұл  кезде  ел  ішіне  әскер 
шыға  бастап  сеі.  Бес  күндік  үрдіс  сапардан  соң,  кӛз  ұшында  мұнарта 
бұлттанған  Кӛкшеден  асып,  суы  мӛлдір  Қалқұтаннан  ӛтіп,  Терісаққанға 
шыққан  кезде  соңымыздан  казак  жүздігі  қуып  жетті,  Біз  бес  жүз  түтінбіз. 
Атқа  мінгсн  жігіттердің  ӛзі  мыңға  тарта.  Күштің  ара  сал-мағы  —  онға  бір. 
Тек  біздің  пайдамызға  емес.  Казактар—  тегіс  қарулы,  тастүйін  әскер.  Біз 
түгелге жақын қарусыз, қарақурым тобырмыз. Олардың қынабында қылыш, 
мойнында мылтық. Біздің жігіттер тегіс сойыл сүйреткен. Бірді-екілі шоқпар, 
найза  бар.  Жеті  ме,  сегіз  бе  шиті  мылтық.  Менің  қолымда  ағылшын 
винчестері, Сіләмбек мырзада, бұл ӛңірге қалай жеткені белгісіз, бес-алты-ақ 
оғы  бар  жапон  винтовкасы.  Күш  тең  емес  еді.  Онға  бір  деп  айтудың  ӛзі 
артық.  Патша  жасағымен  қандай  да  бір  кездесу  үлкен  апат  әкелетінін 
білгендіктен, мен үнемі кеш соңында отырғам, офицерлерімен сӛйлеспекпін, 
ешкімге зиянымыз жоғын айтып, мәмілеге келмекпін, тақа кӛнбесе, шығынға 
ұшырамай, аман-сау ежелгі ғұзырға — ескі қонысқа қайтуға да болады ғой. 
Алдымен  елші  алысармыз,  содан  соң  шешім  табармыз  деп  ойлағам.  Кӛз 
ашқаннан  патша  тәртібін  танып,  қамаудан,  айдаудан  етсем  де  ақылым 
кірмепті.  Долбар,  далбаса  емес,  аңкаулық,  аңғалдық  емес,  нағыз  кещелік, 
есуас  ақымақтық  екен.  Империялық  масаттық  буына  басы  айқалған 
великоросс, оның ішінде қанды қылыш казак бұратана жұртты кісі қатарына 
қоса  ма.  Бағып  отырған  мал  құрлы,  жайылып  жүрген  аң  құрлы  кӛрмейді. 
Кеңеспек  қайда,  тәжікелессе  жӛн  ғой,  тілдесуді  артық  санайды.  Кӛп 
айтылатын "бикеш пен тоқаш" (түпнұсқада "кнут и пряник",— М.) деген сӛз 
бар  ғой,  Сірә,  Британ  империясына  орайлы  теңеу  шығар.  Бізде  тоқаш  жоқ, 
бишік  тым  әлсіз  қару  саналады,  күркіреген  зеңбіректі  ғана  мойындаймыз. 
Хош.  Кӛлденеңнен  казак  жүздігі  кӛрінгенге  мен  алға  шығуға,  келіссӛзге 
ыңғайланғам.  Қасымдағы  жігіттерге  аузымды  ашып  үлгермедім,  жорық 
сапымен  келе  жатқан  жүздік  қатарларын  түзеді  де,  аспан  астын  күркірете 
уралап,  дүрсе  қойды.  Әп-сәтте, бейқам  болмаса да  шұбыра  созылып, бейбіт 
келе жатқан кӛшке жетіп, қақ ортасынан омырып ӛттІ. Жарқылдатып қылыш 
сілтеп,  қайыра  шауып,  жалпақ  жұртты  ту-талақай  еткен.  Теңі  қисайған,  бас 
үзген түйелер, иесі аударылып түскен, ерін мойнына алған аттар, әйелдердің 
шулаған, балалардың аңыраған, үлкендердің ӛкірген үні — аспан асты ойран-
топалаң болды да кетті. Кӛш басындағы жасақ, әр тұстағы бестеген-ондаған 
жігіттер  сонда  ғана  ес  жиса  керек,  ақ  сойылдарын  кӛтеріп,  берекесіз, 
жамырай  ұмтылған.  Тарсыл-гүрсіл  сол  кезде  басталды.  Еміне  шапқан 

Sauap.org
 
 
41 
 
жігіттер  құрық  сілтср  жер  қайда,  тұзақ  тастар  шамаға  да  жете  алмай,  ат-
матымсн омақа аса құлап жатыр. Тым-тырақай қашар дсгем. Жан ашуы киын 
екен, негізгі лек тоқтамады, ойран болған кӛш үстінде казактармен араласып 
кеткен.  Кӛптің  аты  кӛп,  казактар  қаша  ұрысып,  сыпырылып  шыға  берді. 
Бірақ  қатарлары  бүтін  сияқты,  кӛп  үзамады,  үш-тӛрт  жүз  қадамдай  жерге 
барып, қайтадан сап түзеді. 
Мен  осы  кезде  ғана  ес  жиыппын.  Менімен  бірге  кӛш  соңын 
шапқыншылардан  қорғауға  тиіс  бес  серігім  тегіс  аттан  түскен,  қатарласа 
қорбаңдап,  жерде  жатыр.  Сонау  орта  ғасырлардан  калған,  оқпаны  ұзын, 
атылуы  ӛте  күрделі,  жамау-құрау  шиті  мылтықтарын  текенің  мүйізінен 
жасалған  қос  ашага  тіреп  қойып,  атысып  жатыр.  Ӛздерінше  атысып  жатыр. 
Яғни, қазір  Европаның  музейлерінде де  қалмаған жабайы мылтық  тӛңірегін 
қара түтінге толтырып, тарс етіп атылады. Бірақ қайда кеткені, қанша жерге 
жеткені белгісіз — құлап жатқан жау жоқ. Сонда ғана ақылым кірді. Асығыс 
аттан  түсіп,  қара  қасқа  азбанды  келденең  қойдым  да,  түбіршек  тӛмпешке 
шығып,  винчестерді  ердің  артқы  қасына  орнықтырдым.  Бұрын  тапаншадан 
басқа қару ұстамағам, бірақ винтовканың қалай атылатынын білем, санаулы 
ғана  оқты  қимағаннан  іс  жүзінде  сынамап  едім.  Топтана  үйірілген  казактар 
шабуылға бсйімделгендей жазыла беріп еді, бел ортасын байлап, тарс ұрдым. 
Сол сәтінде-ак сымпыс құйрық жирен ат ойнап шыға берген. Келер мезетте, 
мен  сабырмен  сығалай  тартып,  екінші  мәрте  атқан  кезде  казак  жүздігі  қақ 
ортасынан  опырылғандай  кӛрінді,  Сірә,  жаудың  бірін  кӛктей  тесіп  ӛткен 
қуатты  болат  оқ  екіншісін  тағы  ӛлтірген,  немесе  ауыр  жаралаған  сияқты. 
Баяғы,  бүкіл  империядағы  тыңшылар  мен  жандармдарды  жӛнге  салу  ісіне 
жалгыз ӛзім кіріскен замандағы қанқұмарлық сезімім қайта оянса керек, мен 
екі-үш  минут  ішінде  оншақты  рет  атып  жібердім.  Кейінгі  оқтар  нысанаға 
дарымады, немесе жанды жерден тиіп, бірден алып түспеді, әйтеуір иесі жер 
қауып, ойнап шыққан ат тӛртеу-ақ. 
Асықпай  кӛздеп,  тағы  бір  оқ  жібердім.  Әрине,  мүлт  кеткем  жоқ.  Сол 
кезде  менің  ақылынан  аусарлығы  басым  ағайындарым,—  әлбетте, 
бұрынғыларын  емес,  кейінгілерін,  қазақтарды  айтам,—  ұрандаса  ұмтылған. 
Абыржымаған, тайқымаған орыс-қазақтар жүз қадамдай жерге жіберіп алды 
да,  тобымен  атып,  оңай  қайырды.  Бірақ  ӛздері  де  сол  орында  қалмады. 
Ӛліктерін  артып,  иесіз,  үрке  шошынған  бес-алты  аттың  екі-үшеуін  ұстап, 
тәртіппен  аулағырақ  шегінген.  Мен  жаңа,  жігіттер  қаптай  ұмтылғанда  тағы 
екі оқ жіберіп үлгерген едім, енді орайы келіп тұрса да, шалымнан озғанша 
қайыра  атпадым.  Онсыз  да  санаулы  оқты  аяғаннан,  жауынгерліктен  ада, 
жендет  дұшпанды  есіркегеннен  емес.  Сӛз  жоқ,  казактар  қайсақ 
мылтықшыларының қай жерде жатқанын аңғарды, бірақ кӛк түтіннің ішінде 
тӛрт  жүз  қадамнан  ұрып  тұрған'—  жалғыз-ақ  винтовка  деп  ойламауға  тиіс. 
Менің  жүйкесі  берік  бес  серігім  нысананың  алысын  жаңа  ғана  аңдағандай, 
нәтижесіз тарсылын тоқтатқан, енді сырымыз ашылып қалуы мүмкін. Оның 
үстіне казактар қосымша күш шақыру үшін кері бұрылған сияқты. Шынында 
да солай болды. Бірақ сол ғана емес екен. Біз артынан қуады деп қауіптенсе 

Sauap.org
 
 
42 
 
керек,  казак  жүздігі  бар  тәртібімсн  сап  түзел,  қашпай,  шегініп  қана  бара 
жатқанын  айғақтағандай,  желе  аяңдап  ұзай  берді.  Ұзай  бере,  қырда,  қатар 
айдалып  келе  жатқан  жылқыға  шапты.  Ӛлеріне  қарамай  біздің  жігіттер  де 
ұмтылған.  Казактардың  негізгі  тобы  кері  бұрылып,  шеп  құрып  қанаттаса 
тоқтады  да,  қалғандары  қиқулай  ӛңмендеген  қалпы,  үш-тӛрт  жүздей 
жылқыны  беліп  алды.  Содан  соң  барлығы  бірдей  ат  қойды;  алдағы  малын 
шұрқырата  қуып,  шашырай,  жапырлай  ентелеген  қазақ  жігіттеріне 
тарсылдата мылтық атып, дүркірей топырлап ұзай берген. 
Жау келесі күні де, арғы күні де қайта шаппады. Кейін естідік, казактар 
бізден қозы кеш жер ұзаған соң жараларын танып, аз-маз ат шалдырыпты да, 
суыт  жүріп,  кешке  қарай,  жолда  кездескен  —  кӛшпеген,  кӛтерілмеген, 
Қайрақты бойында бейбіт отырған бір ауылды шауып, еркек кіндіктісін тегіс 
қылыштан  ӛткеріп,  қыз-келіншектерін  зорлап,  масқаралап,  екі  мыңдай  кой, 
бес  жүздей  жылқы  айдап,  Кӛкшетау  шәріне  үлкен  салтанат  үстінде 
қайтыпты.  Осындай  ұзақ,  үлкен  әрі  жеңісті  жорықта  небәрі  жеті  адамынан 
айырылған. 
Ал біздің шығынымыз орасан. Қаза тапқан қарулы жігіттің ӛзі сексенге 
тарта. Қылышқа шалынған, жүктен жығылған, нӛпірде ат тұяғының астында 
қалған  қатын-қалаш,  шал-шауқандардың  ұзын  саны  отызға  жақын.  Әртүрлі 
жағдайда  оншақты  жас  бала  ӛліпті.  Орны  толмас  қайғы.  Бірақ  ең  үлкен 
қасірет 
—  Сыпатай  байдың  жалгыз  ұлы,  менің  туған  бауырым  Сіләмбек 
мырзаның қазаға ұшырауы еді. Сол жақ иығынан шабылған қылыш кеудені 
қақ айырыпты. Қанішер арам қылыштың жүзі менің жүрегімді де екіге бӛліп 
түсіпті.  Мен  ӛткенге  оралу  жоқ  екенін  бар  болмысыммен  сонда  ғана 
ұғындым. 
Қаралы  топалан  үстінде  сабыр  сақтаган  Сыпатай  ақсақал  ғана. 
Мүрделерді  жинатып,  ауған  жүкті,  шашылган  мүлікті  қайта  артқызып, 
мсртіккен, жараланған, елген мал атаулыны сол арада қалдырып, кӛшті қайта 
түзді. Кеш бата Терісаққанның бір жағы су, бір жағы дӛңес жарқабақ, шыға 
берісі қайың, тал аралас қалың жынысты бір түбегіне келіп жеттік. Қарауыл, 
күзет қойып, бекінген соң жүк түсіріліп, бел шешілген. 
Таң  атқанша  ұйқы  да,  тыныштық  та  болмады.  Ӛлгендерді  жоқтап 
күңіренген әйелдер, жарақат жанына батқан, ымырсыған еркектер, үрей буып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет