Ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. Иен емес, елді мекен



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата19.02.2017
өлшемі0,9 Mb.
#4511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
орман  емес,  алас-алкабы  мол,  жалғаса  біткен  шоқ-шоқ  тоғай  екен.  Яғни, 
жүріс жеңілдеген. Бақытыма қарай кӛп ұзамай кеш батты, түн болды, түнмен 
бірге  ай  туды;  мен  қанша  қажысам  да  дамыл  таппай,  тоғайларды  жағалап, 
қолыма  жиып  алған  кісенім  қалың  шалғынға  оратылып,  жығылып-тұрып 
жүре бердім, жүре бердім. Танға жақын, түн ортасында, мүмкін, азапты әрбір 
қадам  соншама  ұзак  кӛрінген,  кеш  батқалы  бірер  сағат  қана  ӛткен  шығар, 
әйтеуір бір заматта әлім құрып, құлап түстім. 
Тыныштықтан  ояндым.  Тыныштықтан  және  аштықтан.  Құлақ  жарған 
тыныштық.  Ӛзек  суырған  аштық.  Тұла  бойымның  зіл  тартқанын,  кісек 
қажаған  жіліншігімнің  шымырлай  ауырғанын  кӛзімді  ашып,  басымды 
кӛтсргенде ғана андадым. Құлағым шуылдап, мәңгіп аз отырдым. Сол кезде 
ғана  кӛрдім.  Тура  бес  қадам  жерде  атты  номад,  яғни  далалык,  сол  кездің 
тілімен  айтканда  киргиз-кайсак  тұр  екен.  Мойны  жуан,  тоқпақ  жал  торы  ат 
үстінде, жамбастай қисайып, сығырая қарап тұр, Басында құлағы қайрылган 
тықыр тымақ, тақымында ұшы кӛкке шошайған, ұзыншақ, тұзақты ақ таяғы 
бар,—  кейін  білдім,  бұл  —  әдетте  жылқы  қайыруға  арналған,  қару  ретінде 
қолдануға да болатын құрал — құрық аталады екен. Атты, құрықты кырғыз-

Sauap.org
 
 
23 
 
кайсак  маған  әлде  сынай,  әлде  мүсіркей  қарап  аз  бӛгелді  де,  тебініп,  дәл 
қасыма  келді.  Былдырлап,  тамағынан  үн  шығарды.  Менің  түсінігімдегі 
жабайылардың  тілі.  Кімсің,  қайдан  жүрсің  деген  сияқты.  Мен  бейбіт 
пейілімді, дәрменсіз жағдайымды үғындыруға тырыстым, Онсыз да шамалап 
тұр.  Матаулы  халімді,  ешқандай  қарсылық  жасай  алмасымды  кӛрген  соң 
жайлап аттан түсті. Қарсы алдыма келді. Мен басымды қор-ғау үшін қандай 
амал  жасауым  керегін  ойладым.  Қырғыз-қайсақ  шолақ  жең  камзол  киген, 
иықты, дембелше кісі екен, бұрынғы қайратым жоқ, оның үстіне аяқ-қолым 
бұғаулы,  алыса  кетсем,  шамам  жетпесін  байқадым.  Қапысын  тауып, 
қолымдағы  шынжырды  мойнына  бір  іліндірсем,  бәлкім,  алып  жығармын. 
Білегімде  әлі  де  күш  бар,  кеше  ғана  осы  білектің  арқасында  шықтым 
қапастан.  Орнымнан  ыңырана  тұрып,—  қозғалар-қозғалмастан  ӛне  бойым 
сырқырап,  жіліншігім  ашып  коя  берген,—  шынжырлы  екі  қолымды  алға 
создым.  Далалык  жабайы  ішегін  тартып,  басын  шайқап,  бірдеңе  деді.  Мен, 
арамдығым  ішімде,  далба-дұлба  кенеп  шалбардың  балағын  кӛтеріп, 
сирағымды  кӛрсеттім.  Түземдік,  сірә,  таңырқағаны,  жаны  ашығаны  болса 
керек, таңдайын тықылдатып, терістік жақты нұсқады, қолын сілтеп, ашулы 
қалыпта  бірдеңелер  айтып,—  әуеніне  қарағанда,  онша  сыпайы  сӛздер  емес 
сияқты,—мені арқаға қақты. Иығымнан басып, сүйемелдеп қайта отырғызды. 
Содан  соң  сыртқы  қалтасынан  кішкентай  қышқаш  алған.  Тізерлей  еңкейіп, 
менің  кісенімді  айналдыра  бастаған.  Сонда  ғана  ұқтым.  Мына  түземдік  дәл 
қазіргі сәтте маған жамандық Ойлап тұрған жоқ. Қайта керісінше, бұғаудан 
босатпақ. Қолындағы қышқаш —ӛздерінің тұтқындарына, немесе құлдарына 
салатын  кісен-нің  (кейін  білдім,  бұл  аңғал  жұрт  тұтқын  ұстамайды,  құл 
иеленбейдІ  екен,  кісен  —  жылқы  мен  түйеге  ғана  салынады)  кілті.  Сәйкес 
келмеді.  Қайдан  келсін,  патша  кісені  бітеу.  Қиратып,  кесіп  қана  ашуға 
мүмкін.  Түземдік  тымағын  алып,  ақ  кӛйлегінің  кӛлеңдеген  жеңімсн  тақыр 
басының  терін  сүртті.  Содан  соң  есіне  әлдене  түскендей  атып  тұрып, 
қанжығадан  ағытып,  кішкентай  тері  торсық  алды.  Аузын  шешіп,  қолыма 
ұстатқан.  Торсық  шикі  тері  емес,  әлденендсй  бір  тәсілмен  кептіріліп, 
ӛңделген  қара  күрең  былғарыдан  тігіліпті.  Ерніме  тақап,  дәм  татып  едім, 
ашқылтым ақтың исі келді. Далалықтар жылқының сүтін ішеді деуші еді, сол 
сиякты.  Бірақ  мен  пақырда  сусын,  тамақ  таңдайтын  хал  жоқ,  торсықтың 
аузына  жармастым.  Қышқылтым,  салқын  сусын  бүкіл  денеме  жаңа  қан 
құйылғандай әсер етті. Бірақ кӛп ішпедім. Кӛтере алмаспын дегем. Әйтсе де 
қимай, тағы бірер жұттым. Әлім кіріп, кӛзім шырадай жанды. Сол кезде ғана 
мүлде басқа планетаға түскенімді, басқа бір әлемге енгенімді нақты түйсінген 
едім.  Ӛзімді  бір  құдайға  ғана  тапсырып,  қырғыз-кайсақтың  еркіне  кӛне 
бсруге  бекіндім.  Менің  қымызды,—  кейін  білдім,  жаңағы  сусын  —  граф 
Толстой сонау башқұрт даласына талай рет арнайы барып, жаз бойы жатып 
ішетін, кӛшпенді халықтардың Аттила мен Шыңғыс хан заманынан бері келе 
жатқан  дәру  асы  —  қымыз  екен,—  сол  қымызды  ашырқанбай,  түшіркенбей 
ішкеніме  және  кӛпе-кӛрнеу  әл  жиып,  қуаттанғаныма  риза  болған  кырғыз-
кайсак  оқыс  кӛңілденді.  Жан-жағына  қарап,  ойланып  аз  отырып,  мені  атқа 

Sauap.org
 
 
24 
 
қарай жетелеген. Аяқтағы кісен ептеп-септеп. жүруге жарағанымен, кӛлікке 
мінуге  жар  бермейді,  жаңа  камқоршым  аттың  алдына,  артына  шығып,  бас 
қатырып біраз әуреленді де, мені қуатты, қышқаш қолдарымен лып кӛтеріп, 
ер  үстіне  екі  бүктеп  етпеттей  салды,  содан  соң  бүған  да  кӛңілі  толмай,  екі 
аяқты бір жаққа салбыратып, кӛлденең отырғызды, қасқырдың азуындай ірі, 
аппақ тістерін кӛрсете, әлде маған, әлде ӛзіне, бәлкім, тыпыр етпей тұрған, не 
істесе де кӛне берген қаба жал, жуан бел атына ризашылықпсн, ақсия күлді, 
ымдап  кӛрсетіп,  ердің  қасынан  ұстап  отыру  қажетін,  әйтпесе  ауып  түсіп 
қалатынымды  ұғындырды.  Содан  соң  құрығын  қарына  іліп,  атты  жетектеп, 
алға түсті. 
Қаншама  жүргенімізді  білмеймін,  мен  қайткенде  де  құлап  қалмауға 
тырысып,  мәңгіріп,  кей-кейде  санам  тұманытып,  бүгіліп-созылып  әрең 
отырмын.  Бір  байқағаным,  қыргыз-кайсак  ылғи  таса  жерлермен  жүретін 
сияқты,  қиғаш  тартып,  айналып,  кӛлденеңдеп  келеді.  Ақыры,  мен  әбден 
шаршап,  шыдамым  таусылып,  аттан  ауып  түсуге  жақындаған  шақта  қалың 
қарағай  ішіне  кіріп,  ойпаңға  тоқтадык.  Қайсақ  мені  туған  бауырындай 
қүшақтап,  еппен  аттан  түсірді.  Қамзолын  шешіп,  кӛк  шӛп  үстіне  айқара 
жазып, үстіне мені жайлап жатқызды, Жең астына бүта, шӛп тығып, басымды 
биіктеді.  Қасыма  түбінде  азғана  сұйықтық  қалған  торсықты  қойды.  Содан 
соң  күнді  кӛрсетіп,  жерді  нұсқап,  кӛзін  жұмып  қолын  ербендетіп  ("Күн 
батып, түн болғанда ораламын") қозғалмай осы арада жатуымды қайта-қайта 
ескертіп, аттанып кетті. 
Қымыздың күші ме, әбден әлім құрыған ба, кеш батқанша тұяқ серіппей 
ұйықтаппын.  Қалың  қарагай  іші  қаптаған  маса,  мана  астымдағы  камзолды 
үстіге шығарып, орана тұмшаланғам, сонда да қалған қанымды сорып бітуге 
жақындаған сияқты, енді кӛлеңке қойылған сайын бұлттай қаптап, буа түсті. 
Әрине,  қашып  қүтылар  жерім  жоқ,  күндіз  кӛрген,  жағалап,  айналып  ӛткен, 
айнаның  жүзіндей  тап-таза,  дӛңгелек  кӛлдердің  біріне  сүңгіп  шықсам, 
шыбын-шіркей  атаулыдан  ғана  емес,  бар  уайым,  бар  дерттен  тазаратындай, 
домалай жӛнелгім келді, мүлде бой тасалағым келді. Әйтсе де, алда не күтіп 
тұрғанын  білмесем  де,  әуелгі  орнымнан  жылжымадым.  Қайталап  айтайын, 
мен  ӛзімді  тағдырға  тапсырған  едім.  Ішім  удай  ашып,  қаным  қайнап,  ӛне 
бойым  дуылдап,  күттім  де  жаттым.  Ӛткенге  ӛкпем  жоқ,  болашақтан 
қорықпаймын.  Кӛп  болса  құлдыққа  сатар.  Каторгадан  қиын  емес.  Бәлкім, 
айырбасқа  салар.  Онда  еркін  қазақ  қатарына  енем.  Әйтеуір  орыс  екен  деп, 
әйтеуір  христиан  екен  деп,  тегіннен  тегін  ӛлтірмесі  айқындалды.  Күттім  де 
жаттым. 
Мен күткен тағдыр — кездейсоқта ұшырасқан қырғыз-қайсақ ӛзі айтқан 
мезгілінен  кӛп  кешігіп,  түн  ортасынан  ауғанда  әрең  жетті.  Кӛзге  түртсе 
кӛргісіз  меңіреу  түнде,  шытырман  түнек  тоғай  ішінде  қалай  тапқанын  кім 
білсін,  дыбыстаған  жоқ,  ойқастаған,  кес-кестеген  жоқ,  тура  басыма  келіп 
түсті.  Менің  мана  ӛзі  қалдырған  жерде  тапжылмай  жатканыма  куанғаны 
сондай, күбірлеп сӛйлеп, қыстыға күлді, құшақтап баурына басты. Арқалап, 
қарағайдың  сыртына  алып  шықты.  Қасында  тағы  бір  кісі  бар  сияқты.  Атты 

Sauap.org
 
 
25 
 
қайсак  және  түйе.  Бық  еткізіп,  түйені  шӛгерді.  Үстіне  орнықты  етіп  киіз 
орапты,  яғни  ком  жасаган,  мені  аяғымды  жазғызып,  жайлап  отырғызды, 
жантайып,  немесе  етпеттеп  жатуға  да  болатынын  кӛрсетті,  таза  су  ішкізіп, 
қолыма,  сірә,  мал  сүтінен  дайындалса  керек,  сырға  ұқсас,  тәтті,  жұмсақ 
кетпектей тағам (кейін білдім, жас ірімшік екен) ұстатты. Жүріп кеттік. Суыт 
жүрдік.  Шайқала  ырғатылған  түйе  аршындай  адымдап,  сар  желіп  келеді. 
Жарақат  жерлерім  бойымдағы  темірге,  астымдағы  киізге  үйкеленіп,  жаным 
кӛзіме  кӛрінді.  Бірак  дыбысымды  шығармадым,  Екі  қайсақ  та  үнсіз.  Бірі 
түйені жетектеп алда, екіншісі менің ауып калмауымды қадағалап артта. Мен 
түземдіктердің  орыс  қоныстанған,  қала,  станица  салынған  аймақтан  түн 
қараңғысында,  тезірек  аулақтауға  тырысып,  асығыс  келе  жатқанын  үқтым. 
Сол  кезде  ғана  кӛңіліме  күмән  мен  қорқыныш  енген.  Мана  оңаша,  күн 
ашықта  жылысып  кет-пегеніме  ӛкіндім.  Каторгадан  қашуға  бекінгендегі 
әуелгі жоспар да басқаша еді. Мен, әрине, бүкіл Оңтүстік Сібірді — бір жағы 
Каспий теңізіне тіреліп, бір жағы Алтай  асатын, Үнді мен Ауғанға сәл ғана 
жетпей,  Мәуреннахрмен  шектесетін  кең  алқапты  мекендеген,  сандары  мол 
("Бұл  халықтың  қанша  екенін  білгіңіз  келсе,  шӛлдегі  құмды  санап  кӛріңіз", 
—  дейді,  жаңылмасам,  Вамбери),  ортағасырлық  азиялық  дәстүрден 
айнымаған қырғыз-қайсақтар туралы тарихи және географиялық енбектерден 
біраз  мағлұмат  алсам  да,  бұл  тайпаның  әдет-ғұрпы,  мінез-салты  туралы 
нақты  ештеңе  білмейді  екем.  Әйткенмен,  біздің  ӛкімет  жыл  ӛткен  сайын 
Орда ішіне бойлап бара жатқаны, кӛшпенділермен жапсарлас Сібір жерінде 
"Горькая линия" аталатын орыс шебі құрылғаны кӛпке белгілі. Империяның 
барлық  шет  аймақтары  сияқты,  мұнда  да  негізгі  тұрғындар,  басты  күш  — 
еркін  казактар.  Казак  станицаларының  біріне  жетсем  болғаны  —  азаттық 
алғаным.  Жауынгер  казактар  қапастан  қашқан  басыбайлы  шаруа  түгілі,  кісі 
ӛлтіріп  келген  кылмыскердің  ӛзін  патша  ӛкіметіне  қайырып  бермейді,  ӛз 
арталарына қабылдайды, жаңаша ӛмір сүріп, еркін казак қатарына қосылуына 
жағдай  жасайды.  Мен  казак  арасына  сіңіп,  ізімді  жасырамын,  тынығып,  ес 
жинаймын, аз ба, кӛп пе уақыт ӛтеді, егер казактың толықша, сұлу, каракӛз 
қызы  кездесіп,  басым  шырмалмаса,  еркін  ӛмір  мүлде  баурап,  біржола  казак 
болып кетпесем, жалған документ табам ба, басқадай реті келе ме, Россияға 
қайтып  оралам,  тіпті,  шет  елге  ӛтем,  революциялық  күреске  біржола,  бой 
шешіп  араласам.  Солай  қиялдап  едім.  Енді  міне,  қай  жерде  бауыздары, 
қандай  құлдық  қамытқа  жегері  белгісіз  (бұл  тайпа  кісі  етін  жемесе  керек, 
ондай  дерек  есімде  жоқ),  қарақшы  қайсақтарға  ерікті  тұтқын  болып,  жер 
түбіне  кетіп  барам.  Кетіп  бара  жатып,  тағы  да  дәтімді  бекіттім.  Бірден 
зынданға (түпнұсқада "подземная темница"  — М.) салмаса, аз-маз ес жиып, 
күш алсам, қашып шығудың әйтеуір бір ретін табарыма сенген едім. 
Таң әппақ атты. Дӛңгелене қызарып күн шықты. Қайсақ даласының шын 
сұлулығын сонда ғана кӛрдім. Арайлы шапаққа малынған орманды даламен 
келе  жатыр  екенбіз.  Үйіріле,  созыла,  шоқтана  біткен,  біріне  бірі  жалғас 
қайыңды  тоғайлардың  ақсары  балағы  лапыл  ӛрт  құшқандай.  Алаңкай, 
аластардағы  тусырылған  бітеу  шалғын  қызыл  ала,  сары  ала  ӛрнектермен 

Sauap.org
 
 
26 
 
түрлене  құбы-лады.  Анадайда  айдынына  қызғылтым  бу  үйіріліп,  аспанмен 
шағылыса  жалтыраған,  жағасы  қопа,  құрақты,  дӛп-дӛнгелек,  ойпаң  кӛл 
кӛрінсді.  Мінс,  осьіндай  дарқан  ӛлке  жартылай  жабайы  кӛшпенділерге 
тиесілі.  Әрине,  -  әділет  емес.  Дәл  осы  сәтте  мен  —  ӛз  патшалығымда,  ӛз 
халқымның  қалың  ортасында  жүріп,  қылмысты  деп  жарияланған,  бұғаулы 
каторгаға  кесіліп,  жер  түбіне  айдалған  бозауыз  студент,  мына  қарапайым, 
риясыз адамдардың арқасында азапты ажал аранынан аулақтап бара жатқан 
панасыз сорлы — ӛзімді великоросс жұртының ұлы мүдделерін аяқасты етіп, 
сатқындық  жолға  түскендей  сезіндім.  Құдіретті  қалам  иесі,  жаңашыл, 
революциялық  әуендерге  құлай  жығылмағаннан  ба,  әлде  айрықша 
тереңдігінен  бе,  әйтеуір  әділ  бағасын  таппай  жүрген  ғажайып  жазушымыз 
Лесковтың "Очарованный странник" дейтін повесі ойыма оралды. Жат жерде 
кіріптар халге түсксн, рухы бай, жаны таза отандастың тағдырына арналған 
бұл тамаша шығармада қыргыз-қайсактардың мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі 
соншама шынайы бейнеленген. Екі қайсақ атқа таласады ғой. Нарын құмын 
билеген  хан  Жәңгір  қай  жеңгенің  ал  дейді.  Атысар,  қылыштасар,  тӛбелесер 
деп ойлайсың. Жоқ. Қолдарына ұзын, ӛткір бишік ұстаған екі қайсақ кеудеге 
дейін жалаңаштанып,— әрине, бұлшық ет-тері білеу-білеу, кенеусіз күштері 
сыртқа  лықсып  тұр,—  қарама-қарсы  отырады.  Содан  соң  біреуі  ысқырта 
сілтеп, екіншісін тартып жібереді ғой. Оратыла тиген ӛткір бишіктен сорлы 
кайсактың  арқасында,  қарнында  білеудей  жара  пайда  болады.  Уақа  емес. 
Ендігі кезек сонікі. Жыландай үйіріп ол да салып калады.. Теңесті, Содан соң 
алғашқы қайсақ. Одан кейін екіншісі... 
Қойшы  әйтеуір,  тӛбелес  —  тӛбелес  емес,  бәс  тәртібі  бойынша,  екеуі 
кезек-тесіп  ұрысады  да  отырады.  Қайраттары  дию-періге  паралар,  тӛзімі 
малдан  бетер  екі  жабайы  ұзак  қамшыласады.  Арқадан,  бет-ауыздан  ештеңе 
калмайды.  Екеуі  де  терісі  тірідей  сыдырылған  ӛгіздей  болады  да  шығады. 
Тамашаға  алқалаған  жұрт  болыңдар,  тез  деп  асықтыра  бастайды.Ал  атқа 
таласкан екі ӛлермен үсті-бастарын қан жауып, күп болып, әбдсн ызаланады, 
бірақ  бәс  тәртібін  бұзбайды,  бұрынғыдан  да  жедел,  әрі  қуатты  қимылмен 
кезекпе-кезек  тӛпелесе  береді.  Ақыры,  бишігін  кӛтере  керілгенде  есінен 
айрылған  біреуі  құлап  түседі.  "Міне,  азамат!  Міне,  нағыз  қайсак!"  Жеңіл 
шыққан  түземдікті  ӛзінің  қандас,  рулас  ағайындары  қошаметтеп,  кӛтеріп 
әкетеді. Содан соң... Қайсақтардың қолына түскен таза қанды, тұнық жанды 
жиһанкездің  кӛрмеген  ғажайыбы  жоқ.  Сірә,  қайсак  қатындарына  еркек 
жетіспейтін  болса  керек,  сорлыны  зорлап  үйлендіреді.  Екі,  әлде  үш  әйелге 
қатарынан.  Сӛйтіп,  сүймеген  жабайы  қатындармен  тұрмыс  құруға,  оларға 
бала  тапқызуға  мәжбүр  етіп қояды.  Жылқының қабырғасынан бой-бойымен 
тіліп,  шекке  салып  айналдырған  арам  қолбасаларын  жегізеді.  Ӛз  отанына 
қашып  кетпес  үшін  ӛкшесін  тесіп,  бір  қабат  етінің  астына  бір  шумақ  қыл 
тығып, терісін қайта тігіп тастайды... Міне, мен де аяқ-қолым бұғауда, бұрын 
кітаптан  суретін  ғана  кӛрген,  түйе  дейтін  ұсқынсыз  махлұқаттың  бүкір 
арқасында  шайқалып,  сондай  жабайы  да  қаныпезер  жат  жұрттың  ортасына 
бара  жатырмын.  Құлдыққа,  қорлыққа  шыдамаған,  отанын  аңсаған  орыс 

Sauap.org
 
 
27 
 
адамы — мейірбанды жиһанкез ақыр түбінде аман-есен қашып шығатын. Аз 
ба,  кӛп  пе,  уақыт  ӛтср,  азаттыққа  жол  табарыма  мен  де  күмәнданғам  жоқ. 
Кеше,  тұтқынға  түскен  сәттен  бергі  барлык  оқиғаны  жіпке  тіздім.  Зәбір 
жасаған жоқ. Әуелгі болжамым дұрыс. Айырбасқа салмақ. Бұлардың әлдебір 
кӛсемдері  казактардың  қолына  түскен.  Мені  соған  алмастырады.  Әлде 
аманатқа  ұстамақ  па.  Жоқ  ӛз  елімнен  жапа  кӛрген  адам  екенімді  соқыр 
жабайының ӛзі аңдауға тиіс. Ендеше... Құлдыққа сатады. Бұхара мен Хиуаға. 
Славян  текті  құлдар  жоғары  бағаланады  дейтін.  Сондықтан  да  ұрып-соқкан 
жоқ. Ұрсып, зекіген жоқ. Алдарқатып ұстамақ. Тойындырады, бағып-қағады. 
Содан соң қымбат бағаға ӛткізеді. Осы жорамалға тоқтадым. 
Әрине,  әл  жиып,  қуаттанып  алам.  Содан  соң,  бұдан  да  алыстағы 
Трансоксианға ӛтіп кетпей тұрғанда бір ыңғайын табармын... 
Сәске түсте кӛшпенділердің тұрағына жеттік. Қала емес, селен емес, бір 
жағы  қамысты,  бітсу,  бір  жағы  жайпақ,  кӛгалды,  шағын  қол  жағасына,  кең 
далаға  орналасқан  оншақты  киіз  үй.  Әлбетте,  балалар  жүгіріп  шықты 
алдымыздан,  улап-шулап,  тегіс  жаланаяқ,  кішкентай  ұлдар  жалаңбұт, 
кеуделеріндс  ғана  шолақ  жейде.  Ӛншең  кеңқолтық,  жолбегей  киінгсн 
үлкендер  салмақтырақ.  Ал  әйелдері  беттерін  бүркемейді  екен,  үй  арасында 
еркін  жүретін  сияқты,  әуестігін  жасыра  алмаған  —  әуестігін  һәм 
жанашырлығын.  Мені  Кавказ  тұтқындарындай  зынданға  тастамады.  Кең 
дала,  зындан  қазу  —  бейнетті  жұмыс.  Тағы  бірде,  озық  ойлы  журналдан 
оқығаным бар. Бұл қайсақтар ӛте жалқау халық деп. Зынданы да, түрмесі де 
жоқ  екен.  Мені  шет  жақтағы  қоңырқай  күмбезді  киіз  шатырға  әкеп  түсірді. 
Шатыр  іші  ағаш  тор  екен  (керегені  айтады,—  М.).  Есікті  сыртынан  мықтап 
жапса, ешқайда кете алмайсың, Тек тордың жоғарғы басындағы, қатар-қатар 
байланған,  күмбездің  сүйегін  құрайтын  имек  таяқтар  арасындағы 
саңылаулар,  егер  үстінен  бастырған  киізінің  ішінде  ерекше  берік  бірдеңе 
болмаса, тіліп, тесіп, сыртқа шығуға мүмкіндік беретін сияқты. Ал юртаның 
күмбезі  биік,  саты  қоймасаң,  тӛбедегі  тесігіне  жету  мүмкін  емес.  Осының 
бәрін кӛзім бірден шалды. Бірақ әлім құрыған, дәл қазір қолдан келер қайран 
жоқ,  момақан  кейіпте  дӛңгелек,  ирек  оюлы  киіз  кілемге  жантайып  жата 
кеттім. Сол сәтінде үйге басына жеңіл ақ орамал тартқан жас келіншек кіріп, 
маған  сырлы  ағаш  ыдыс  толы  ақ ұсынды.  Манағы  қышқылтым  сусын  екен. 
Бӛліп-бӛліп  екі-үш  ұрттап,  қайырып  бердім.  Келіншек  қасын  кере, 
қабағының астымен таңдана қарап, ыдысын алды да, басыма күпсек жастық 
тастады.  Қайтадан  жантайып  үлгермедім,  осы  үйдің  иесі  болса  керек,  мені 
тұтқындаған  дембелше  қайсақ  келген.  Қасында,  ең  үлкен  қожайын  сол 
сияқты, мұрты қиылған, сұңғақ бойлы, қымбат киінген жас жігіт бар. Маған 
кәдімгідей  қол  беріп  амандасты.  Кӛзіме  кезін  қадап,  сәл  бӛгелген.  Жанары 
ӛткір,  бірақ  шуақты  екен.  Былдырлап  бірдеңе  айтты.  Қорықпа,  сойып 
жемейміз,  бірақ  ішіндіріп-киіндіріп,  қымбатқа  ӛткіземіз  деген  сияқты. 
Әйтеуір  ертеңгі  халім  кешегіден  жаман  болмасын  аңдадым.  Мырзаның 
соңын  ала  тағы  екі-үш  түземдік  кірді.  Біреуі  —  білектері  білеудей,  иықты, 
тӛртпақ кісі  — ұста сияқты, қалғандары темір тӛс, балға, тағы  бірдеңелерін 

Sauap.org
 
 
28 
 
сүйреткен, кӛмекшілерге ұқсайды. Қайсақтардың менің аяқ, қолымдағы темір 
бұғауды  бұзбақ  ниетін  аңдадым.  Жақсылық  нышаны,  әрине.  Бірақ  қуанғам 
жоқ- Ноқай немелер кісенді үзем деп отырып, сирағымды уатып ала ма деп 
қауіптенгем.  Мәселе  кӛшпенді  теміршінің  шеберлігіне  де  байланысты  емес. 
Құдайға  шүкір,  біздің  Россиядағы  ең  дамыған  ӛндіріс  —  бұғау  жасау,  ең 
сапалы ӛнім — құлдық кісені ғой. Бағыма қарай, қайсақ ұстасының дарбиған 
қолдары әрі жұмсақ, әрі епті екен, шапқысы ӛткір, балғасы салмақты болып 
шықты, жарты сағатқа жетпей, аяқ-қолым босады, патша ағзамның ең сенімді 
қызметішісі  болат  кісен  бар  қуатынан  айрылып,  салдыраған  темір  кебінде 
босағаға лақтырылған. Мен қайтадан жантаймақ едім, жас қайсақ қолымнан 
тартып  тұрғызып  алды.  Тіке  ауыл  сыртына  —  кӛлге  қарай  жетелеген. 
Соңымыздан  тағы  біреулер  еріп  келеді.  Тура  кӛл  жағасына  тірелдік.  Мені 
жерге — тықыр құрақ үстіне тізерлей отырғызды. Содан соң, арттан жеткен 
екеудің бірі беліндегі қыннан жүзі қылпып тұрған ұзын ақ пышағын суырған. 
Мен  ғұмырымда  ештеңеден  қорыққан  адам  емеспін,  оның  үстіне,  бұдан  әрі 
қорқатын,  жаныңды  әспеттейтін  ештеңе  қалмаған.  Әйтсе  де  жүрегім  суып 
кетті.  Тұра  қашсам  ба,  әлде  пышаққа  жармассам  ба.  Тұра  қашам,  мына 
үшеуіне жеткізбей кеткен күннің ӛзінде онша ұзай алмайсың. Мен ақ ӛлімді 
ерлікпен  тосып  алуға  бекіндім.  Құдайды  ұмытқалы  кӛп  болған  екен, 
қапелімде  аузыма  "Отче  наш"  түсті,  күбірлеп,  иманымды  айта  бастадым. 
Ажалдан  қорықпайтынымды  әйгілеп,  қарақшыларға  қарап,  ыржиып  күл-ген 
болдым.  Олар  да  күлді.  Жас  қайсақ  менің  басымнан  сипағам  "Қазір  кесіп 
аламыз. Ауырмайды..." Содан соң сұр пышақты жендетке қарап, бірдеңе деп 
күлді. Күлді де, тізерлеп менің қасыма отырды. Жендет қос қолдап алған кӛл 
суымен  қайсақтың  тықыр  шашты  басын  шылап,  уқалап  аз  тұрды  да 
ұстарасымен  сырылдатып  қыра  бастады.  Жас  қайсақтың  европалықтардан 
мүлде  ӛзгеше  бітімді,  шекелі,  шықшытты,  доп-домалақ  басы  әп-сәтте 
аршылған  жұмыртқадай,  жып-жылтыр  болып  шыға  келген.  Сонда  ғана 
ұқтым. Мына түземдіктер артынан не істесе де, әуелі шашымды алмақ екен. 
Ал  менің  шашым  ұйыса  бытысқан,  әртүрлі  жыбырлақ  жәндіктердің  құт 
мекеніне айналған, Міне, ӛткір ұстара тӛбемде сыр-сыр етеді. Кірлеуіт қалың 
шаш  киіздей  ұйысқан  қалпында  тұтасымен  сыпырылып,  бетімді  жанап, 
алдыма  түсе  бастады.  Мен  ӛзімнен  ӛзім  жиреніп,  әрең  отырмын.  Ақыры, 
желкеме, самайыма дейін сыпырылып болды. Есіріп, бӛртіп кетсе керек, тӛбе 
құйқам  ашып  тұр.  Бірақ  басым  жеңіл,  санам  тұнық.  Енді  ӛзімнің  бүкіл 
денемнен,  үсті-басымнан  жеркендім.  Каторжник  кебіндегі  тікенекті  кенеп 
шалбар мен түрпідей кӛйлектің әрбір талшығы бит-бүргеге айналғандай, ӛне 
бойым  дуылдап,  қышып  барады.  Менің  ахуалымды  сезгендей,  шаштараз 
қайсақ  үсті-басымды  ағытып,  шешіндіре  бастаған.  Тыр  жалаңаштанған 
қалпымда тұра жүгіріп, кӛлге шомдым. Таяз, асты балдырлы, жып-жылы суға 
бір сүңгіп шыққан соң-ақ мен ӛзімнің дүниеге деген танымым, адам атаулыға 
деген  кӛзқарасым  басқа  бір  қалыпқа  кӛшкенін,  алдағы  тірлік  қандай  кепке 
түссе  де,  ӛкінбей  ӛлетінімді  ұқтым.  Менің  соңымды  ала  жас  қайсақ  та  суға 
түскен.  Қалған  екі  қызметші  де  шешінді.  Біреуінің  колында  жұдырықтай, 

Sauap.org
 
 
29 
 
қап-қара  малта  тасы  бар.  Сабын  екен.  Түземдіктер  ӛз  тәсілімен  қолдан 
қайнатқан.  Екі  жақтап  менің  үсті-басымды  іждағатпен  жуа  бастады.  Ет  пен 
теріні емес, қу сүйекті ыспалап жатқандай. 
Жарым  кӛл  былғанды,  мен  тазарып,  жеңілейіп,  жағаға  шықтым.  Жаңа 
киім  кигізген.  Дӛрекілеу  матадан  тігілген,  ауы  кең  балағы  ұзын,  ақ  дамбал, 
мол  пішімді,  жағасыз  ақ  кӛйлек.  Содан  соң  балағы  жырым,  оқалы  шалбар, 
жеңі  қысқа,  алды  оюлы,  етегі  тізеден  тӛмен  қоңыр  мақпал  камзол.  Тақыр 
басыма  дӛңгелек  тақия  қона  кетті.  Мен  мәртебелі  тұтқын  ("знатный 
пленник")  екенімді  аңдадым.  Басқа  бір  үйге  келдік.  Жасаулы,  бай.  Тор  кез 
қабырғалар  кӛрінбейді,  түрлі  түсті,  әшекейлі  кілемдер  қапталған,  тӛрге, 
оюлы  киіз  үстіне  кӛк  ала  кӛрпе,  мамық  жастықтар  тастапты.  Мені  ең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет