Синтлксистік плрадигиаллр


Баяндауыш. Баяндауышқа тән белгілер



бет7/21
Дата02.12.2023
өлшемі129,25 Kb.
#132051
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Баяндауыш. Баяндауышқа тән белгілер
Баяндауыш — бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақгайтын мүше. Ол бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан же- кеше, көпше түрде үйлесіп айтылады (С.Аманжолов). Баяндауыш - пре- дикативтілік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі (Р.Әмір). Ба- яндауыш бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс-эрекетін, күйін білдіреді (Ә.Нұрмаханова).
Баяндауыш - сөйлемдегі бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс- әрекетін, кім, не екенін, затгық, мекендік, сындық, сандық қасиеттерін білдіретін мүше (Т.Сайрамбаев).
Баяндауышқа берілген бұл анықгамалар бірін-бірі толықгырып оты- рады.
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі баянда- уышқа тэн белгілер:




Баяндауыш

етістік баяндауыш

есім баяндауыш

Ол окыды.

Ол - дэрігер.

Ол айталы-

Бала сүйкімді.

Мен алдым.

Қазір түс.

Біз барамыз.

Сағат екі.


Баяндауыштың есім немесе етістік болып кұралуы сөйлеушінің субъектінің әрекеті жайлы не оның сапасы жайлы айтқысы келген- дігімен байланысты. Мысалы: Бүлар біздің курстың қыздары. Қыздар- дың төрт-бесеуі үздік оқыса, жеті-сегізі жақсы оқиды
(Ә.Нұршай- ықов).
Мағына мен оның берілу жолдары бір-бірімен тығыз байланысты: олар бір-бірін айкындайды.
Модальдық-шактық мағынаның берілу жолына байланысты баянда- уыштар дара, құрама және күрделі болып бөлінеді. Баяндауыштардың осылай бөлінуі құрылымдық түрлері деуге болады, себебі баянда-




Баяндауыш

дара баяндауыш

құрама баяндауыш

күрделі баяндауыш

Мен келдім

Ол ән салды

Біз тындап отырмыз

Сен әдемісің

Сен естіген жоқсың

Бөлме іші ала көлеңке

Ол отызда

Біз құлақ түрдік

Бұл - агамның бөлмесі


Дара баяндаүыштар қызметінде негізгі етістіктер рай, шақ, есімше, етіс формасында жіктік жалғауында келеді. Дара баяндауыш қызметінде- гі зат есім мен сын есім де жіктік жалғауында, сан есім жатыс септігі мен жіктік жалғауында келеді.
Кұрама баяндауыштар есімдер мен етістіктерден құралады. Құрама баяндауыштың негізгі сөзі көбінесе есім болады. Есім баяндауыштардың қызметін тиянақты ете түсіп, оларға шақтык, видтік, модальдық магы- на қосу керек болғанда, олардан кейін әртүрлі көмекші етістіктер, мо- дальдық сөздер айтылады [29, 140 б.]. М.Балақаевтың бұл пікірлеріне В.В.Бабайцеваның пікірі үндес келеді. Орыс тіліндегі сөйлем мүшелерін жан-жақты зерттеген галым құрама баяндауыштың екі түрін: құрама есім баяндауышты (составное именное сказуемое - был сторожем),
құрама етістік баяндауышты (составное глагольное сказуемое - начал учитъся) деп көрсетеді де, құрама баяндауыштар екі сыңардан (негізгі, көмек- ші сыңарлардан) тұратынын, құрама етістік баяндауыштағы көмекші сыңардың екі жақты қызмет атқаратынын: а) баяндауыштың сөйлемде- гі мағынасын нақтылайтынын; ә) шақтық-модальдық мағына үстейтінін көрсетеді. Іс-әрекеттің басталуын, жалгасуын және аяқгалуын көрсе- тетін көмекші етістікті фазистік деп, іс-әрекеттің жасалу мүмкіндігін, қажеттігін, керектігін көрсететін көмекші етістікті модальдық етістіктер деп атайды [30, 122-123 бб.].
Құрама есім баяндауыштағы көмекші сыңардың да шақтық-модаль- дық мағына үстейтінін П.А.Леканттың және В.В.Бабайцеваның еңбек- терінен көреміз. Авторлар құрама есім баяндауыштың негізгі компоненті - есім сөз, ол баяндауыштагы лексикалық мағынаны береді де, көмекші етістік грамматикалық мағына үстейді дейді [31, 37-38 бб.].
Орыс галымдарының құрама етістік баяндауыш, құрама есім баянда- уыш деген құрылымына А.Ысқақовтың құранды етістіктен (айта баста- ды, келе жатыр, бере салды т.б.) құрама етістіктен (ән салды, қызмет қыл- ды, еңбек етті) жасалған баяндауыштары сәйкес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет