Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын танудағы қиын- дықтар. Логикалық бастауыш жэне логикалық баяндауыш үғымы. Бастауыш пен баяндауыштың өзіне тэн белгілері нақтыланып, олардың сөйлем мүшелері жүйесіндегі алатын орны айқындалса да, сөйлемді
Қазіргі цазац тіліндегі синтаксистік парадигмалар
сөйлем мүшелеріне талдауда қиындыктар кездеседі. Ол киындық баста- уышка тэн негізгі белгілердің бірі - оның субъект атауымен байланысты. Субъект - баяндауыш аркылы айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі. Логикалык түрғыдан бастауыш-субъект, баяндауыш-предикат бола- ды да, сөйлемнің предикативтілік негізін осы екі мүше қүрайды.
Синонимдес сөйлемдерді салыстырайық: ауылдан қазір келді. Інімнің ауылдан келгені — қазір. Бірінші сөйлемнің субьектісі мен бастауышы сэйкес - інім. Баянда- уышы - келді. Келді - субьектінің әрекеті, пікірді тиянақгап, аяктап пре- дикат ретінде жүмсалған. Ал екінші сөйлемде келді басқа форма алып (келгені) күрделі бастауыштың күрамына енген де, сөйлемді тиянақгап, баяндауыш кызметіне қазір сөзі жүмсалған. Екінші сөйлемнің баста- уышына сүрақ қою да киын. Баяндауыштан кері сұрак қою аркылы ғана сұрақты былай шамалап қоюға болады: қазір болып жатқан не? Осы сөйлемнің бастауышы — інімнің ауылдан келгені, баяндауышы - қазір екенін бастауыш - «тема», баяндауыш - «рема» деген белгілерге сү- йеніп, дәлелдей аламыз. Яғни бастауыш - «тема»: ақпараттың не туралы екендігін, баяндауыш - «рема»: бастауыштағы айтылған ойдың қалай аяқгалғаны, өрбитіні. Қазақ тілінде баяндауыштың орны - актуалды, сөйлеуші нені маңызды деп есептесе, осы позицияга шығарады [27, 123
б.]. Демек, екінші сөйлемдегі тыңдаушының назарын аудартатын ақпарат әрекеттің қашан болғандығы, сондықган қазір сөзі баяндауыш болып, пікірді аяктап тұр. Ал сөйлемді басқаша қүрасак: Ауылдан қазір келген
інім. Осы сөйлемдегі әрекеттің субъекгісі (иесі) - інім. Бірақ ол сөй- лемге бастауыш қызметінде емес, баяндауыш қызметіңде еніп түр. Оның баяндауыш қызметін алуына екі себеп бар: 1) сөйлемді аяқгап, предикат ретінде кіріп тұр; 2) сөйлемнің «рема» бөлігіне орналасып, жаңа, негіз- гі ақпарат ретінде катысып тұр. Бұл сөйлемнің бастауышы да күрделі - ауылдан қазір келген. Сұрағы: «інім кім?» (ауылдан казір келген (адам)).
Бүдан шығатын қорытынды - сөйлемдегі субъект үнемі бастауыш қызметінде жұмсала бермейді, актуалдап сөйлегенде, пікірді жеткізу қүрылымына қарай баяндауыш та болады.
Келесі сөйлемдерді салыстырайық: Інім оқуга түспекші. Іншнің оқуга түскісі келеді. Бірінші сөйлемнің бастауышы - інім, баяндауышы
оқуга түспекші- логикалық предикат, пікірді тиянақгап тұр, сүрағы: «не
істемекші?».
Ал екінші сөйлемдегі ( Інімніңоқуга түскісі келеді) логикалык субь- ект - әрекет иесі - інім, бірақ ол грамматикалық бастауыш бола алмайды, себебі сұрағы - кімніңі - анықгауыштікі. Логикалық предикат - оқуга түскісі келедіойды тиянақтап, «ремалық» бөлікте жаңа акпарат беріп түр, яғни баяндауыш. Осы сөйлемдегі інімнің сөзі сөйлемнің бастапқы
<ж>
/ бөлім. Дәстүрлі синтаксистік парадигмалар
(бастауыш «тема» бөлігіне) бөлігіне орналасып, сөйлемде айтылған әрекеттің (оқуға түскісі келгеннің) субъектісі болса да, грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайды, сондықтан ол сөйлемнің логикалық бастауышы болады. Логикалық бастауыш деген ұғым қазіргі тіл білімін- де қолданылып жүр, әрі ол лингвистикалық сөздікте логикалық субьект деп беріледі. Сөздікте логикалық бастауышты екі тұрғыда түсіндіреді: а) бастауыштың бірнеше сөзден қүралып күрделі бастауыш болуы: («тема» - бастауыштық топтың түтасып бастауыш болуы) Адал еңбек баңытқа жеткізеді. Сөйлемнің бастауышы - адал еңбек; ә) жанама септік фор- малы сөздің бастауыш болуы: Оиың кеткісі келеді. Оган кету керек. Екі сөйлемнің де субъектісі - ол, логикалық жағынан бастауыш, бірақ бірін- ші сөйлемде ілік септігіндегі анықтауыш қызметінде, екінші сөйлемде барыс септігіндегі толыктауыш қызметінде жүмсалған [28, 68 б.].
Бастауыш - грамматикалық үғым. Субъект - логикалық үғым. Сон- дықган да бұл екі атау үнемі сәйкес келе бермейді. Сөйлемнің бас- тауышын табуда бастауыш белгілерінің ішіндегі грамматикалық бел- гісі - атау тұлғасында тұруы және сөйлемдегі орны негізге алынады. Ал Ауылдан цазір келген - інім сөйлеміндегі ауылдан қазір келген тіркесінің бастауыш болуы логикалық бірінші тұрғыдан қарағанда: бірнеше сөз тір- кесіп(«тема» - бастауыштық топ), бастауыштың орнында, атау тұлғасын- да, шартты түрде кімі сүрағына жауап бергендіктен.
Тіл білімінде логикалық баяндауыш - логикалық предикат ұғымы да бар [28, 169 б.]. Ол да екі жақты түсіндіріледі: бірінші, баяндауыштық топтағы сөздердің бәрінің бірігіп («тема» - баяндауыш) күрделі баянда- уыш болуы: Бейнет көрмеген, зейнет көрмейді. Бұл сөйлемнің баста- уышы да, баяндауышы да логикалық: логикалық бастауыш - бейнет көр- меген, сұрағы - кім?
Логикалық баяндауыш -зейнет көрмейді, сұрағы - «қайтеді?». Әр не- гізгі мүшені даралауға келмейді.
Ал лингвистикалық сездікте көрсетілген логикалық баяндауыштың екінші түрі - грамматикалық (синтаксистік тұлғасы) тұлғасы жағынан ба- яндауыш бола алмайтын логикалық баяндауыш дегені қазақ тіл білімінде кездеспейді.
Баяндауыштық түлғалар жіктік жалғау, тәуелдік жалғау, иелік (-нікі) форма, жатыс септігі, нөлдік тұлғада келеді. Бірақ осы тұлғалардың жіктік жалғаудан басқасы сөйлемнің басқа мүшелеріне де тэн. Тәуел- дік жалғаулы, иелік формалы, жатыс жалғаулы немесе нөлдік түлға- дағы сөздің сөйлемде қандай мүше болып жұмсалғанын ажырату үшін ол сөздің сөйлемдегі позициясына жэне предикативтілігіне назар аудару керек. Салыстырайық: Мынау - менің бөлмем. Менің бөлмем - мынау. Менікі - мына бәлме. Мына бөлме - менікі. Ата-анам ауылда. Ауылда достарым көп. Асан —менің досым. Менің досым - Асан.
Қазіргі цазақ тіліндегі синтаксистік парадигмсшар
Сонымен, сөйлемдегі негізгі мүшелерді дұрыс табу үшін: бірітаі сөйлемді аяқтап түрған предикат мүше баяндауышты табамыз; екіиьиі баяндауыштан кері сұрақ қою арқылы бастауышты табамыз; үгиіниіі ол екеуін қатар алып (тіркестіріп) пікір білдіре алатындығын тексереміз* төртінші, олардың орналасу тәртібін (позициясын) ескереміз; бесінші олардың грамматикалық тұлғасын ескереміз.