Слайд-риторика


Риторикалық сөздердің құрылысы мен жоспары



бет8/12
Дата29.09.2023
өлшемі103 Kb.
#111477
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
РиторЛекцМусалы

10. Риторикалық сөздердің құрылысы мен жоспары.
*Кез келген көпшілікке арналатын сөздердің белгілі бір жоспар-жобасы болуы керек. Сөздің логикалық құрылысы мен жаспары болмайынша, шешеннің айтатын ойы да жүйелі болмайды. Шешендік сөздің құрылысы мен жоспары жөнінде көне дәуір теоретик риторлары да ой-толғаныстарын білдіріп отырған. Мысалы, Платон қандай сөз болмасын, оның күні бұрын жасалынған, құрастырылған үлгісі болуын ескертеді. Сөздің тұтастай денесі(басы, аяғы, қолы, көз-құлағы), түр-тұлғасы көрініп тұруын талап еткен.
*Бұрынғы-соңды орныққан пікірлер бойынша, бүгіндері сөздің(зерттеу жұмыстары да) жоспары бөлімдерге, бөлімдер тарауларға, тараулар өз ішіне қарай тармақ-тармақшаларға(пункттерге) тарқатылады. Сөзді берілетін ұғымның ауқым, көлеміне орай бөлу шарт. Мұндайда мынандай жайларды есте ұстаған абзал:
1.Жоспардың айтылатын ойды тұтас қамтитындай болғаны жөн.
2.Жоспар жасауда белгілі бір сипат негізге алынуы керек(тарихи, әдеби, саяси, ғылыми-көпшілік, т.б.).
3.Жоспардың бөлімдері бірін бірі жалғастырып, толықтырып, үйлесіп-үндесіп тұруы қажет. Бір бөлімде айтылған пікір-ой басқа бөлімдерде қайталанбауын ескеру міндет.
*Түптеп келгенде, шешендік сөздің әрқашан есте болатын қатаң, логикалық құрылысын бұлжытпай сақтау керек. Олар: І. Бастау(вступление).
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды.
І. Бастау. Шешендік сөздің ең жауапты буыны – бастау. Сондықтан да жазбаша немесе ауызша сөзде бастау оқушыны яки тыңдаушыны тақырыпқа алып кіреді, мәселенің қойылысымен таныстырады. Ал, шешендік сөзде бастап айтудың рөлі, атқаратын міндеті өте үлкен. Бұл жерде ол психологиялық жүк көтереді. Кез келген шешеннің сөзінің жақсы немесе жаман шығуы бастап айтуға тікелей байланысты.
Ә дегеннен сөздің басында оратор тыңдаушылардың ықыласын аударып, олардың сеніміне ие болуға күш салады(әсіресе, үгіт-насихат сөздерінде), сөздің жоспарымен таныстырады(лекцияда). Тыңдаушының назарын аудару лектордың тәжірибесіне тура байланысты. Аудиторияға әсер етудің тиімді жолын таба білу аса қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет