9. Риторика-ораторлық сөздердің тектері мен түрлері. *Көпшілікке арналып айтылатын сөздерді бітім-табиғатына, сипатына қарай топтастыру(классификация) соноу ерте замандарда-ақ басталған. Мәселен, ежелгі Грек риторикасында шешендік сөздер мынандай түрлерге бөлінген:
1.Саяси сөз.
2.Сот сөзі.
3.Салтанатты сөз.
4.Қабір басындағы қаралы сөз (атақты адамдарға арналғандықтан, бұл сөзді көрнекті ораторлар айтқан).
*Грекияда саяси және сот сөздері көп тараған. Шешендер осы салада көп көрінген. Сөздерді бұлайша бөлу тәжірибеден, сырт көріністен келіп шыққан. Логикалық негізге сүйенбей, эмоциялық тұрғыда бөле салған. Тіпті, бірнеше ғылымдардың негізін қалады деген Аристотельдің өзі шешендік сөздердің(«Риторикада») түріне(формасына, топтастырылуына) терең мән бермепті. Ол сөздерді түріне қарай емес, стиліне қарай ажыратқан.(әуелі жазылыып, соңынан жатталынған сөздер):
Құрғақ, әсерсіз сөз.
Жазылып алынбаған, еркін орындалатын творчестволық, актерлік сөз. Бұл екіге бөлінген – а) бірі мінезді білдіреді, ә) екіншісі әсер береді.
*Антикалық шешендік сөздерді топтастыруда Марк Туллий Цицеронның да пікірі болған. Ол – «Шешен туралы»(«Об ораторе») атты еңбегінде ділмарлықтың үш тегі(тобы, группасы) бар деп қараған(шешендердің сипат, мәнеріне қарай):
Ой-пікірі мол, салтанатты, кесімді, қатаң сөйлейтін, сарқылмас қуатты, селт еткізерлік, жүрек қозғарлық мәнері бар шешен.
Ұстамды, сезімтал, бәрін ұқтыра алатын, түсіндіре алатын, бірақ, асқындыра дәріптеп кетпейтін, барынша жинақы, әрлі сөйлейтін шешен.
Орташа екпінді шешен. Бұл алдыңғы аталған екі топтың аралығынан келіп шығады. Біріншідегідей қиқулап, қызынып, лаулап кетпейді, екіншідегідей незік, сезімталдыққа бара бермейді. Алдыңғы екеуіне де ұқсамайды.
Дегенмен, Цицеронның бұл классификациясында тақуалық ой шарпулары, сипаттар бар.