Слайд-риторика


Қазіргі шешендік сөз түрлері



бет12/12
Дата29.09.2023
өлшемі103 Kb.
#111477
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
15. Қазіргі шешендік сөз түрлері.
*Жоғарыда соноу көне дәуірлердің кезінде де риторикалық сөздердің бір қалыптан шыққандай, бір-ақ түрлі болмағандығына көз жеткіздік. Қазірдің өзінде де шешендік өнер өз ішіне қарай тармақталып, жіктелу үдерісін бастан кешіп отыр. Біздің заманымызда ораторлық-шешендік сөздерді теоретиктер тектері мен түрлеріне қарай былай топтастырып келеді:
І.Әлеуметтік-саяси сөздер.
Мұның түрлері: 1.Әлеуметтік-саяси немесе саяси-экономикалық тақырыптағы баяндама. 2.Съезд, конференция, жиналыстардағы есеп беруге арналған баяндама. 3.Саяси сөз. 4.Дипломатиялық сөз. 5.Саяси шолу. 6.Әскери-патриоттық сөз. 7.Митингідегі сөз. 8.Үгіт сөзі.
ІІ. Академиялық сөздер.
Мұның түрлері: 1. Жоғарыы оқу орындарындағы оқылатын лекциялар. 2. Ғылыми баяндама. 3. Ғылыми шолу. 4. Ғылыми хабарлама.
ІІІ. Сот сөздері.
Мұның түрлері: 1. Прокурор сөзі (айыптау сөз). 2. Адвокат сөзі (қорғау сөз). 3. Қоғамдық қорғау сөз (ұжым атынан). 4. Айыпкер сөзі (қорғану сөз).
ІУ. Әлеуметтік-тұрмыс сөздері.
Мұның түрлері: 1. Мерейтой сөзі (юбилей-жасқа, жылға толу, жеке адамға, мекемеге бағытталған мақтау сөз). 2. Стол басындағы сөз (тост-тілек сөз). 3. Қаралы сөз (Қабір басындағы, немесе, қайтыс болған адамды еске түсіру сөзі).
У. Діни уағыз сөз.
Мұның түрлері: 1.Уағыз, өсиет сөз. 2.Мешіттерде, шіркеулерде, соборларда айтылатын сөз.
*Риторикалық сөздердің бұдан өзге де түрлері көп-ақ. Оларды қай т е к к е жатқызу ойлануды, әлі де нақтылай түсуді қажет етеді. Мысалы, мыналар: айтыс-тартыс сөздер, оның түрлері; экспромт түрлері; пресс-конференцялардағы сұрақ-жауап сөздер; радио-телевизиядағы сөздер, оның ерекшеліктері; Дөңгелек стол басындағы сөздер, оның ерекшеліктері, тағы басқалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет