Слайд-риторика



бет9/12
Дата29.09.2023
өлшемі103 Kb.
#111477
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
11. Шешен және аудитория.
*Қазіргі біздің заманда, оқу-көру-жазу құралдары жетілдіріліп, жаңа технологиялардың небір түрлерінің үсті-үстіне енгізіліп жатқан заманында, шешендік сөздің қадір-қасиеті барынша жоғарылап барады. Мән-маңызы арта бермесе, кемитін түрі жоқ. Қайта бұқараға әсер ету мүмкіндігі, мәлімет тарату тартымдылығы, әдістемелері жаңарып келеді. Неге бұлай? Мұның сыры неде? Біріншіден, ауызша сөз(сөйлеу) жазудан(жазбаша сөзден) бұрын шықты. Екіншіден, адамдардың көп бөлігі оқу мен жазудан гөрі тыңдау мен айтуға бейім, құмар. Мысалы, зерттеушілердің пікіріне құлақ түрсек, қала тұрғындарының 75% пайызы 10-11 сағаттың ішінде тыңдайды және айтады, ал, 25% пайызы ғана оқиды және жазады екен. Міне, осы мәліметтерге сенсек, жұрттың көбісіне жазу мен оқудан гөрі, айту мен тыңдаған әлдеқайда жағымды, қызық, жеңіл, оңай.
*Жазылған нерсені түсіну оқушының өзіне тікелей байланысты(активті-белсенді болуы керек), ал, ауызша сөзді түсіну ораторға байланысты(белгілі дәрежеде тыңдаушы пассивті болады, дайын нерсеге құлақ салып қана отырады). Және де ауызша сөздің қабылдауға түсінікті болуы оның құрылысының қарапайымдылығына, қысқа, ықшамдылығына тікелей байланысты. Әрі, ауызша сөздің жазбаша сөзден тағы бір басты артықшылығы – онда дауыс ырғақ-мәнерлілігі, әуенділік, т. б. болады.
*Қайта байланыстың түрлері: тура, тура емес, сыртқы, ішкі. 1. Тура қайта байланыс кезінде оратор өз сөзінің әсері жөнінде хабар алады»тыңдаушылардың сұрақ қоюы, реплика, залдағы шу, т.б.). 2.Тура емес қайта байланыс уағында оратор хабарды тыңдаушылардың мінез-құлқын байқау арқылы алады(тыңдаушылардың бет-ауыз қозғалысы, ишарасы-жест, өздерін қалай ұстап отырғаны,).
Аудиторияның мимикасы, жест-ишарасын байқау арқылы тәжірибелі шешен өз сөзінің әсер-күшін аңғара алады. Аудиторияны бақылау(сөйлеп тұрып) риторикалық сөздерге тән сыпат. 3. Ішкі қайта байланыс арқылы оратор өз сөзін атқарып тұрған міндетімен(қызметімен) салыстырады(көп жағдайда айтылған сөз біздің ойымызбен бірдей шыға бермейді). 4.Сыртқы қайта байланыс кезеңінде атқарылған міндет(сөз) пен аудиторияның мінез-құлқын салыстыру жатады.
Сөйтіп, қайта байланыс кезінде сөйлеуші мен тыңдаушылар өзара белгілі бір қатынасқа түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет