Слайд-риторика


Аристотельдің риторика жөніндегі еңбектері



бет3/12
Дата29.09.2023
өлшемі103 Kb.
#111477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
РиторЛекцМусалы

4. Аристотельдің риторика жөніндегі еңбектері.
*Аристотель біздің эрамызға дейінгі 384 – 322 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол – Стагира деген өлкеден шыққан Никомаха мен Фестиданың баласы, антикалық дәуір риторикасының ең атақты теоретигі, оқымыстысы, көне грециялық философ атанған. Ол логика мен диалектиканың бөлінбес, құрамдас бір бөлігі ретінде риториканының ғылыми негізін қалады. Сөзшеңдік, қызыл сөзділік(красноречия) жайлы ойлары оның «Аналитика», «Категориялар», «Поэтика» дейтін еңбектерінде біршама баяндалса, ал «Риторика» атты еңбегінде ділмарлық туралы арнайы тоқталған.
*Аристотельге дейін риторикалық өнердің барлық теоретиктері тек сөзшеңдіктің әдістерін ғана баяндап келсе, Аристотель шешендік өнерге бірінші рет ғылыми түсінік берді. Ораторлықты адам қызметінің ең бір ерекше түрі деп атады. Демосфеннің сөздері көне грециялық риториканың тәжірибесі жайлы толық хабар берсе, Аритотельдің «Риторика»(330 жылдың шамасында жазылған б.э.д.) атты еңбегінде алғаш рет шешендік тану(оратороведение) ғылымының негізі салынды.
«Риторика» үш кітаптан тұрады. Онда риторикалық өнердің үш түрлі мәселесі қарастырылған: 1) тіл мәселесі,
2) стиль мәселесі, 3) сөздің(сөйлеудің) мәселесі. Ең алдымен, тілдің орнын жоғары қоя отырып, Аристотель сөз түсініксіз болса, онда ол мақсатына жетпейді деген. Жауыр болған сөзден қашу керек. Көп қайталанған сөз болмауы керек. Түсініктілік пен ұғымдылықты Аристотель шешендіктің бірінші шарты деп тапқан. Стиль жөнінде ол алдымен жөн-жосықты жүйелі, ойлап алуды ұсынады. Стильдің түпкі негізі дұрыс ойлап, дұрыс баяндауда жатыр деп көрсеткен. * Аристотельдің терең сенімі бойынша, риторика, бұл - өнер, нағыз көркем шығармашылық іс, диалектикалық логикамен ұштасып, астасып жатыр. Демек, риториканы тек шешендік, қызылсөзділік заңдарымен шектеп қоюға болмайды. Аристотельдің «Риторика» еңбегін грек тілінен орыс тіліне алғаш рет 1894 жылы(Спб) Надежда Платонава деген әйел аударған. Деректерге қарағанда, барлығы сегіз Аристотель өмірден өтсе керек. Біздің баяндап отырғанымыз – бірінші Аристотель Стагирский. Белгілі жиһангез-жаулаушы Александр Македонскийдің ұстазы. Өзіміз оқып, танысып жатқан «Поэтика», «Риторика» атты кітаптардың авторы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет