Əдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы «Халықтың көшi-қоны» туралы 1997 жыл 13 желтоқсан N 204
Заңы
2. Қазақстан Республикасы Үкімет 2007 жыл 29 қыркүйек N 859 қаулысы
3. Дом там, где тебя ждут [www.kazpravda.kz] Д. Молдабаев
4. «Основные показатели деятельности управления комитета по миграции по
Карагандинской области» г. Караганда 2008г.
5. Основы социальной работы. Учебник Москва ИНФРА-М,2004.-395с
ТАРИХИ ТОПОНИМДЕРДІ ЗЕРТТЕУ МƏСЕЛЕСІНЕ
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
Ж.А.Жұмабеков
Тарихи топонимдерге ерекше көңіл аудару бүгінгі күнгі еліміздегі ономастикалық
ізденістерге деген сұраныстан туындап отыр. Топонимикалық атаулардың пайда болу тарихын
анықтау бір жағынан отандық тарихымызды танып-білуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан өлке
тарихын да жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туғызады. Географиялық атаулардың жиынтығын
топонимия деп атайды [1]. Кез-келген топонимикалық атаулар белгілі бір тарихи оқиғалармен
немесе тарихи үрдіспен байланысты. Бірақ, кез-келген топонимнің тарихын анық көрсету мүмкін
емес, олардың көбісінің пайда болуын тек жалпылама тарихи үрдістермен байланыстыруға
болады. Осындай топонимдердің ішінде нақты тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға қатыстылары
жəне т.б. болады, яғни ондай топонимдердің қалыптасуының нақты тарихи себептерін айта
аламыз.
Тіл ғылымы саласында топонимикалық зерттеулер де кеңінен орын алып, қоғамдағы
қажеттіліктерді өтеуде өз қызметін атқарып отыр. Ал, бүгінгі күні топонимиканың қоғам үшін
қажеттілігі сөзсіз. Тəуелсіздік алған Қазақстан Республикасы бұрынғы отаршылдық дəуірінің
түрлі сарқыншақтарын бойынан сыпырып тастап, жаңа егеменді қоғам қалыптастыруда.
Барлық елдерде бұрынғы замандардан бері қоршаған ортадағы объектілерді сөз арқылы
белгілеу əдісі қолданылып келеді. Сол сияқты, барлық халықтарда тарихи үрдістердің
топонимикалық атауларда сақталу заңдылығы да қалыптасқан. Ондай топонимдерден белгілі бір
тарихи оқиға туралы немесе тарихта белгілі болған тұлға туралы мəліметті кездестіруге болады.
Кез-келген өңірдің тарихы қазақ тарихының құрамдас бөлігі болып табылады жəне осы
территорияларда қалыптасқан топонимикалық жүйе өлке тарихы үшін де, отан тарихы үшін де өте
109
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
мол тарихи ақпарат береді деп есептейміз. Бұл тұжырым кез-келген өлкенің топонимикалық
жүйесіне қатысты жəне отандық ономастиканы зерттеуші мамандардың пікіріде осыған саяды:
«Белгілі бір аймақтың топонимиконы тарихи қалыптасады. Онда өткен дəуір топонимдері
сақталады, сондықтан топонимдердің əр қабаты тарихи дəуірге, сол аймақта қоныстанған халық
тарихына қатысты “қаттамаға” теңейді» [2]. Сонымен бірге, тарихи топонимдерді зерттеу
өлкетану саласымен байланысты болып табылады жəне топонимикалық мəліметтер өлкетанудағы
мəліметтердің негізгі деректік қорын құрайды. Өлкетану саласының маңыздылығы тарихшы
Х.М.Əбжановтың пікірінше бүгінгі күнде ерекше мəселе болып табылады: «Отан тарихының
өлкелік ерекшеліктерінен экономикадағы, əлеуметтік құрылымдағы, тілдегі, ділдегі, салт-
дəстүрдегі бұрын барша қоғам қастерлеген, қазір ішінара сақталып қалған құндылықтар мен
ұстанымдарды байқай аламыз» [3]. Өлкетану саласының дамуы мен қоғамдық ерекшелігі де
зерттеушінің көзқарасында «өлке тарихын жаңаша, ұлттық реңкі қанық мазмұнда жазу керек»
деген пікірге ұштасады жəне де «өлкетану тезге салынбай, ұмытылған есімдерді жаңғырту,
бұрмаланған атауларды түзеу, ойрандалған ономастиканы қазақтандыру алға баспайды,
жүйесіздікке ұрынады» деп осы саланың маңызды міндеттерін алға тартады [4]. Тарихи
топонимдерді зерттеудің де осы міндеттерді жүзеге асыруда өз үлесін қосары сөзсіз.
Тарихи топонимика дегеніміз не? Бұл ғылым саласы Біздің ойымызша белгілі-бір жерлерде
немесе кез-келген жерлерде адамдардың өміріне, тұрмыс-тіршілігіне маңызды оқиғалар болып,
олар тарихқа айналады. Тарихи топонимика саласының басты мақсаты сондай топонимдерді
анықтап, ол жерлерде болған оқиғаларды сипаттау. Біріншіден, топонимдердің атауында тарихи
оқиғаның болғандығы туралы мəлімет беріліп тұруы мүмкін. Қарапайым мысал келтірейік:
«Қалмаққырылған», яғни осы арада қалмақ əскерлерінің соғыста жеңіліс тбау оқиғасы туралы
мəлімет сақталып тұр. Мұндай топоним атауы белгілі тарихи тұлғалардың атымен де аталуы
мүмкін. Мысалы, «Ағыбай өткелі» – бұл жерде Кенесары көтерлісінің белді батыры Ағыбай
туралы мəлімет сақталған немесе «Құнанбай қонған» - мұнда белгілі тарихи тұлға Қарқаралы аға
сұлтаны Құнанбай туралы мəлімет беріледі. Екіншіден, жер-су атауларынан тарихи оқиғалардың
болғандығын анықтау мүмкін емес болады. Мұндай жағдайда əртүрлі тарихи деректерде
кездесетін топонимдер мен сол жерде болған оқиғаларды анықтау қажеттігі туады. Бұл үрдіс
тарихи деректерді қайта сипаттауға айналып кетпей ме деген заңды сұрақ тудырады. Əрине, бұл
осындай жағдайға алып келуі мүмкін. Бірақ, ол үшін тарихымыздың дерек қоры сұрыпталып, жан-
жақты талдаудан өткізілген болса, онда тек аталмыш жер-су атауларын карта бетіне түсіру жəне
тарихымызды картаның көмегімен түсіндіру мəселесі ғана зерттеушілерді толғандырар еді. Ал,
əзірге Қазақстан тарихы тəуелсіз Республика болғаннан бері жаңадан жазылып жатқанын, Елбасы
Н.Ə.Назарбаевтың бастауымен «Мəдени мұра» бағдарламасы негізінде ел тарихының деректерін
жинақтау жəне ғылыми айналымға енгізу мəселесін алға қойылғанын ескерсек тарихи
топонимдерді зерттеу арқылы қазақ тарихының əлі де болса белгісіз немесе түсініксіз тұстарын
анықтауға болады деп есептейміз.
Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері
арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр
шертеді. Осы себепті де жəне еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген
топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланыста да жер-су атауларын зерттеу
бүгінгі күні өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Қазақ ономастикасының жетістіктері мен
болашағын зерделеген бағдарламалық жинақта да осы ой алға тартылған: «Бір жағынан төткүл
дүние ел мен жер, мемлекетті ең алдымен оның белгілі тұлғаларының есімдері мен жаһанға əйгілі
жер-су таулары арқылы танитын болса, сондай-ақ ғылым мен білімді байыту көзі болса,
екіншіден, ономастикалық мағлұматтар халқымыздың, өсер ұрпақтың ел жандылығын, өз еліне
деген мақтаныш сезімін тербейтін, тəрбиелік рухани, мəдени маңызы аса зор фактордың біріне
саналады» [5].
Əдебиеттер
1. Суперанская А.В. Что такое топонимика. М.: Наука, 1984., б.3
2. Мəдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мəселелері. Астана, 2004., б.62
3. Əбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. Астана: «Ана тіл – Ата тарих» баспа-зерттеу
орталығы ЖШС, 2007., б.142
4. Əбжанов Х., б.142-143
5. Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Казахская ономастика. І том. – Астана: «1С-Сервис»
ЖШС, 2006., б.3
110
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ОПЫТ ПАТРИОТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ В ШКОЛАХ США
Таразский государственный педагогический институт
Ж.Е.Кекилбаева
Система образования в Казахстане переживает очередной этап модернизации, которая
непосредственно связана с происходящими в обществе демократическими преобразованиями, с
проводимыми в государстве социально-экономическими реформами. Предполагается, что
демократическое развитие общества повысит гражданскую активность населения, улучшит
состояние межэтнических, социально-групповых, межгосударственных отношений, сформирует
систему нравственных ценностных предпочтений и жизненных ориентиров граждан. Но
демократизация общества невозможна без гражданской активности самого населения, поэтому
возникает необходимость развития патриотического воспитания людей, особенно молодых,
включения их в активную общественную деятельность с целью формирования у них гражданского
сознания, развития устойчивых умений и навыков гражданского поведения.
Как показал анализ состояния гражданской воспитанности молодого поколения в нашей
стране, сегодня теория и практика воспитания молодежи находится в большом долгу перед
обществом. В решении этой проблемы на более высоком качественном уровне, огромный резерв
восполнения имеющихся пробелов, по нашему мнению, можно найти в зарубежном
прогрессивном опыте в этой области, в особенности в системе патриотического воспитания в
учебных заведениях США – многонациональной стране с определенными демократическими
традициями. На наш взгляд, особенно ценным является то, что воспитание гражданина-патриота в
США объявлено важнейшей государственной задачей, и поэтому ее реализация заложена в
систему финансового, правительственного, разноуровневого (федеральный, региональный,
местный), общенационального обеспечения, регулирования и контроля.
Одним из главных элементов в системе гражданского и патриотического воспитания
является "Программа гражданского воспитания", которая начинается в начальной школе с бесед о
флаге, разучивания гимна и продолжается в средних и старших классах, где изучаются как
специальные курсы, такие как "Американское правительство", "Американские законы",
"Международные отношения", "Американское судопроизводство", "Закон улицы", и т.д., так и
интегрированные в "Историю" и другие общественные
науки. Известный курс "Закон улицы"
создан ассоциацией "За гражданское образование". Он знакомит с американским гражданским и
уголовным правом, которое изучается на основе взятых из жизни реальных фактов. Здесь
разработана система творческих заданий и упражнений. Эта программа воспитания гражданина
предусматривает целую систему образовательных и воспитывающих мер, таких как обязательный
общественно полезный труд, участие в выборных органах и другие.
Американцы убеждены, что без гражданского общества, не может быть и общества
демократического. Отсюда и важное значение граждановедческого образования. Умению
участвовать в политической жизни (в соответствии с этой программой) можно научиться, получая
новую информацию, овладевая навыками социального действия и взаимодействия, вырабатывая
собственную точку зрения. Поэтому во всех школах США (начальной, средней, высшей) в течение
12 лет учат:
− понимать, что такое гражданское общество;
− думать об общественных проблемах;
− развивать навыки социального общения, критического мышления;
− отстаивания своей точки зрения.
Отметим некоторые особенности современного гражданского образования в США. По
образовательному стандарту учащиеся имеют 5 общеобразовательных дисциплин: английский
язык, математику, всемирную историю, физическую культуру и граждановедение, остальные
дисциплины по выбору (13 предметов из списка в 45 предметов, изучаемых полгода или год). Но в
средней (6-8 классы) и высшей (9-12 классы) школах еженедельно проходят уроки (их
продолжительность - 1,5 часа) под названием «Правительство», где раскрываются идеи
конституционной демократии и роль участия отдельного гражданина в политическом процессе
демократического общества в будущем.
111
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Американские педагоги ясно осознают, что образование можно использовать как
инструмент в воспитании личности, отождествляющий себя с определенным режимом,
идеологией, территорией или национальной идеей. В этом случае показательно американское
учебное пособие для старших классов «Мы, народ. Гражданин и Конституция», которое содержит
такие разделы, как «Философия и исторические основания американской политической системы»,
«Как была создана Конституция?», «Как реализуются принципы, заложенные в американской
Конституции в жизни?», «Развитие и расширение конституционных оснований защиты прав
человека». Особое внимание в пособии уделяется таким вопросам, как роль гражданина в
американском обществе; о чем должен помнить учащийся, чтобы стать настоящим гражданином
страны с конституционно-демократической формой правления. При этом авторы пособия
сообщают школьникам вполне определенные, идеологически выверенные убеждения, знания и
навыки. Юным американцам внушается, что для того, чтобы действительно быть гражданином
своей страны, надо знать историю своего государства; понимать, как работают государственные
институты; соблюдать нормы поведения, действующие в свободном обществе, построенном на
терпимости, справедливости, правдивости его членов. Гражданин должен развивать свои
интеллектуальные способности и, прежде всего, умение анализировать, принимать решения на
основе анализа проблемы, а также умение донести до окружающих свое мнение, выслушивать и
понять других. Таким образом, американский гражданин должен быть одновременно и патриотом,
и критиком, способным на протест, то есть на организованные усилия по противостоянию
определенным решениям своего правительства.
Также в Америке существует специальный федеральный закон, регулирующий правила
создания военных классов. Так, в школе должно быть определенное количество физически
здоровых учеников. Школа должна иметь соответствующие помещения для организации классов.
Соответствующее военное министерство, имеющее в своей структуре специальное управление,
как, например, министерство армии, обязано предоставлять преподавателей из числа офицеров и
сержантов. На военных лежит обязанность в деле обеспечения учебными материалами, формой.
Основными направлениями программы считаются развитие понятия «гражданин», качеств
лидера, навыков общения, отказ от наркотиков, привитие уважения к военной службе, физическое
развитие. Особое внимание уделяется и непосредственно военной подготовке. Выезды в учебные
лагеря, занятия по стрелковой подготовке, топографии и ориентированию на местности,
подрывное дело, вождение техники, все это служит росту интереса к военным классам. Ученики
имеют такие же звания, как и в настоящих вооруженных силах, только с приставкой «кадет».
Непосредственную связь со школами поддерживают ветераны вооруженных сил,
различных войн. В США много различных ветеранских организаций. Они действуют на
общественных началах, но государство активно их поддерживает, оказывая финансовую и
материальную помощь, т.к. видит в деятельности этих организаций важное средство воспитания у
населения, особенно у молодежи, гражданских и патриотических чувств. И довольно часто на
страницах американских газет можно встретить заметки о том, как, например, ветераны Второй
мировой войны посетили ту или иную школу и насколько дети были рады встрече с ними.
Наряду с общественными организациями огромная роль в военно-патриотическом
образовании учащихся принадлежит государству. Так, все большее число американских школ
открывает юношеские курсы по подготовке офицеров запаса. Это своего рода специальные
кадетские классы при школах, создаваемые с разрешения министерства образования
командованиями вида вооруженных сил США. Таким образом, видим, что понятие «патриотизм»
в США - составляющее звено жизни, элемент восприятия окружающей действительности и
поведения. Американцы даже не задумываются о значении этого слова. Государство вносит свой
вклад в укрепление и развитие патриотических чувств через прямую и косвенную пропаганду,
средства массовой информации, школьное воспитание. То есть, патриотизм в США не просто
слепая любовь к своей стране, а желание и умение сделать страну лучше.
Сложная, ответственная, интересная работа по патриотическому воспитанию молодежи
обращена в будущее не только нашей страны, но и всего человечества. От того насколько
качественно, компетентно, эффективно она будет реализовываться, зависят как внутренняя
стабильность и процветание Казахстана, так и ее международный авторитет, степень интеграции
в мировое сообщество. В этом вопросе нам следует последовать примеру США. Конечно, опыт
другой страны и культуры нельзя перенести на родную почву механически. Однако знакомство с
таким опытом, творческое осмысление его положительных и рациональных моментов очень
важны для того чтобы изменить что-то к лучшему и в нашей стране.
112
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
«СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫМЫЗ ӨСІП КЕЛЕДІ НЕМЕСЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ
САЛДАРЫН АЗАЙТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?»
«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ ЖОФ
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Д.Т.Кенжегулов
Баршаға белгілі болғандай, банктер мен кəсіпкерлердің соңғы жылдары сыртқы
ресурстарды тым артық колданудың салдары ел экономикасына қазірде үлкен кері əсерін тигізуде.
Сыртқы ресурстардың артуы тек əлемдегі ликвидттілікпен байланысты дағдарыстың басталуымен
бəсеңдетілді. Алайда, еліміздің сыртқы қарыздары əлі де тиісті нормадан əлдеқайда артық болуда.
Ұлттық Банктің мəліметтеріне сүйенсек, еліміздің жалпы сыртқы қарызы ағымдағы жылдың
бірінші жартыжылдығында 3,9 млрд. АҚШ долларына немесе 4%-ға көбейіп, 100,6 млрд. АҚШ
долларынан асып түсті.
Жоғарыда айтылғандай, жалпы сыртқы карыздың көлемі əлі де тым артық болуда жəне де
ол қазіргі кезде еліміздің халықаралық резервтерінен екі есе артық (есептік кезеңде халақаралық
резервтеріміз 47 млрд. АҚШ долл. құрады). Бұл көрсеткіш рұқсат етілген нормадан артық
деңгейде. Оның себебі – соңғы жылдардағы қадағалаусыз кеткен сыртқы қарыздың үнемі өсуі.
Жалпы бұл процесс 2004 жылдан бастап қарқынды дамып келеді. Осы жылдан бастап
қарыздың көлемі 10 млрд. АҚШ долл. аса көбейіп тұрды, ал 2006 жылдың басында ол 43,4 млрд.
АҚШ долларынан асты. Алайда, ол кезде жалпы қарыздың ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қатынасы
75%-ң төңірегінде болды (қарыздың ІЖӨ қатынасы 80% көлемінде сындарлы болып есептеледі,
яғни осы нормадан аспауы керек). Қарыздың белгіленген нормадан асуы ел төлем балансына
үлкен зардабын əкеледі, ал қарыз алған адамдарға ол дефолт қауіпін төндіреді. Бұның мысалы
ретінде қазіргі кездегі АҚШ-тағы болып жатқан қаржылық дағдарысты айтып кетуге болады. Бұл
елдегі ешнəрсемен қамтамасыз етілмеген сыртқы қарыздың мөлшері ІЖӨ-нен əлдеқайда асып
түскен.
Жалпы, сыртқы қарыздың өсуі бойынша 2006 жыл біздің ел үшін рекордтты болды, бұл
жылы ел сыртқы қаразы 30,7 млрд. АҚШ долларына артық болып, 74 млрд. АҚШ долларынан
асып түсті. Осы кезеңде еліміздің ІЖӨ көлемі 81 млрд. АҚШ долл. көлемінде болды, сөйтіп
қарыздың ІЖӨ-ге қатынасы 91,4%-ға жетті. Егер қарыздың өсу қарқыны осындай болып жалғаса
бергенде, оның көлемі ІЖӨ-нен асып тусетін еді. Алайда əлемдегі ликвидттілікпен байланысты
дағдарыстың болуы бұндай ресурстарды қымбат, əрі қол жеткізуге қиындатып жіберді.
Сыртқы қарыздың өсуіне екінші деңгейлі банктер негізгі септігін тигізді. Мысалы, 2008
жылдың басында банктердің сыртқы қарызы 45,95 млрд. АҚШ долларын құрады. Сөйтіп,
еліміздің жалпы сыртқы қарызындағы банктік сектордың үлесі 47,5%-ға дейін жетті. Ал бұл
процесспен бірге, сыртқы қарыздың уақытылы өтелуіне үлкен қысымның өсуі банктік сектордың
төлемқабілеттілігін нашарлатты. Ағымдағы жылдың бірінші жартысы банктік сектордың сыртқы
қарыздары бойынша төлемдерді өтеудің шарықтаған кезеңі болды. Осының салдарынан
банктердің сыртқы қарыздарының көлемі тек 840 млн. АҚШ долларына азайып 45,1 млрд. АҚШ
долларын құрады. Бұл көбіне, егер кейбір банктер өздерінің сыртқы қарыздарын өтеп жатса,
екіншілері, керісінше, сырттан қосымша ресурстарды тарта бастау салдарынан болды. Сөйтіп
банктер өздерінің ескі сыртқы қарыздарын қосымша жаңа қарыздардың арқасында өтеп шықты
деп айтуға болады.
Мамандардың айтуынша, 2007 жылдың екінші жартысынан басталған проблемалар тек
əлемдік қаржы нарығындағы ликвидттілікпен байланысты дағдарыстың салдарынан ғана емес, ал
сонымен бірге елдегі жүргізілген экономикалық саясаттың салдарынан да болды. Яғни, егер
монетарлы билік ел сыртқы қарызының көлемін сындарлы деңгейден төмен ұстау мақсатында
уақытылы превентивтік шараларды жургізген болса, бұл дағдарыстың салдарын елімізге əсерін
бəсеңдетуге əлдеқайда болар еді. Мысалы, егер осы уақатқа дейін қажетті шараларды жүргізу
қажеттілігі тек сөз жүзінде қалған болса, ал дағдарыс басталысымен, мемлекет тарапынан сыртқы
қарыздың өсу қарқынын шектейтін бірқатар шаралар қабылданды.
Жоғарыда айтылғанға мысал ретінде ел экономикасындағы соңғы уақытта болған
оқиғаларды келтіруге болады. Елдегі банкттер сырттан қадағалаусыз алынған ақшаны тиімсіз
пайдалана бастады. Олай дейтініміз, өзара бəсекелестікті жеңу жəне максималды пайда табу үшін
банкттер сырттан алынған қаражатты оңды-солды халыққа бере бастады. Бос ақшаны беру
113
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
барысында банкттер көптеген, нарық заңдары кешірмейтін қателіктерді жасады. Яғни, өзінің
несие портфелін қайткен күнде көбейту үшін банк басшылары менеджерлер алдында үлкен
мақсаттар қойды, бəсекелестікке төтеп беру үшін банкттер бір-бірімен жарысып, несиені беру
шарттарын жеңілдете бастады. Оның ішінде – кейбір банкттердің жүргізілген саясатына (несие
бағдарламаларына) сəйкес, несие алушының қаржы жағдайы толыққанды тексерілмеді, яғни,
қайткен күнде несие портфелін ұлғайту мақсатында, көптеген жəйттарға назар аударылмады
(несие алушының шын мəніндегі қаржы жағдайы қандай, оның басқа да несиелік
жауапкершіліктері бар ма жəне т.б.). Кепілдікке алынған мүлік нақты бағасынан тым артық
бағалана бастады, яғни, банкттер мүлік бағасын тым артық бағалағынымен тоқталмай, оған
қосымша ол мүліктің ликвидттілік коэфиценттерін төмендете бастады (мысалы, бастапқы кезеңде,
егер банкттер мүліктің нарықтық бағасының 40-50%-н несиеалушыға несие ретінде берген болса,
ал өршіп кележатқан бəсекелестікке төтеп беру үшін бұл көрсеткіш кейін 70-80%-ға дейін жетті).
Тіпті, қала тұрғындарын қойғанның өзінде, ауыл тұрғындарына да, олардын нақты жағдайларына
сəйкес келмейтін несиелер беріле басталды. Əрине, бұның барлығы банкттердің жүргізген
саясатының арқасында іске асырылды. Сөйтіп банктер тəукел-менеджменті (риск-менеджмент)
алдында тұрған талаптар мен міндеттерге қажетті көңіл бөлмеді. Ал енді, уақыт көрсетіп
отырғандай сол қателіктердің салдарын жеңілдету үшін мемлекет көмектесуге мəжбүр болуда.
Əрине, əлемдік қаржы дағдарысы қайткен күнде де өз əсерін елімізге тигізбей қоймас еді, алайда
жүргізілүге тиісті дұрыс саясаттың арқасында дағдарыстың салдарын қарапайым халыққа кері
əсерін азайтуға болар еді.
Қазіргі уақытта көптеген Европа мен Азия елдерінің басшылары болашақтағы жаңа
дағдарыстардың салдарын болдырмау үшін, ағымдағы əлемдік қаржы жүйесін қайта реформалауға
жəне қадағалауға шақыруда.
Жоғарыда айтылған проблемаларды болашақта болдырмау
мақсатында мемлекет өзінің банкттерге қатысты қазіргі саясатын өзгертуге тиіс екені баршаға
белгілі болды. Əрине, нарық заңдарына сəйкес мемлекет кəсіпкерлердің жекеменшік
коммерциялық істеріне араласпауы керек, бірақ олардың іс-əрекеті ел экономикасына кері əсерін
тигізбеу үшін мемлекет сол іс-əрекетті белгілі мөлшерде үнемі қадағалап тұруы керек. Бұндай
шаралардың бірқатарын келесідегідей етіп бөлуге болар еді:
1. Сырттан алынатын қарыз ақшаның көлемі қажетті нормадан аспауы үшін жəне де ол
алынған қаражаттың ел экономикасындағы қажетті секторларға бөлінуін мемлекет
мүмкіндігінше үнемі қадағалауы тиіс;
2. Құзырлы органдар арқылы мемлекет берілген несиелердің құжаттарын заңға сəйкестігін
үнемі тексеріп тұруы керек. Осы шараның шеңберінде, шағын жəне орта бизнеске
берілетін несиеалушылардың шарттарына аса көңіл бөлінуі керек. Яғни, олардың шын
мəнінде бизнестері бар ма, алынған қаражат тиісті мақсатқа жұмсалды ма жəне де оларды
тиісті мониторингілеу уақытылы жүргізілуде ме жəне т.с.с. Ал өз ісін енді бастайын деген
азаматтардың қаржы жағдайына жəне болашақ жоспарларына аса мəн берген жөн. Шағын
жəне орта бизнеске жеңілдетілген несие беру керек деген оймен əрине келісеміз, алайда
бұл көмек тиісті деңгейден тым артық несие беруде немесе кепілдікке алынған мүліктің
тым артық бағалауында емес, ал оларға барынша сапалы жəне тез қызмет көрсетуінде
болу керек деп түсінемін. Əрине көптеген банк менеджерлері бұндай шаралармен
келіспеуі мүмкін, өйткені үлкен бəсекелестік жағдайы кезінде болашақ банк клиентін
жоғалтпау үшін банк көптеген жағдайларға көз жұма қарайды. Алайда бұндай саясаттын
зардабын біз бүгінде көрудеміз;
3. Тəуеліз мүлік бағалаушылардың іс-ерекеттері заңнамалық түрде үнемі қадағалануы
керек. Тəжірибе көрсетіп отырғандай дəл осындай мулікті бағалаушылардың көбісі іс
жүзінде «тəуелсіз» болып қала бермейді.
Айтылған шаралардың барлығы ағымдағы заңдарға қажетті өзгеріс енгізу жəне де құзырлы
мемлекеттік орандар мен банкттердің бірлескен жұмысы арқасында асырылуы тиіс.
Түіндей келе, əлемдік қаржы дағдарысы қазіргі кезде көптеген алпауыт елдердің
басшыларына үлкен ой тастауда. Ол ой – қазіргі əлемдік қаржы дағдарысынан қолдан келгенше
тез уақытта аз шығындармен шығу жəне де өз елдеріндегі қаржы жүйесін болашақтағы кез-келген
дағдарысқа төтеп бере алатындай етіп қайта құру. Осы тұрғыда еліміздің ұстанған саясаты да
ұқсас деп айтуға болады. Олай болса, бұл мақсаттарды іске асырудың жолдары ретінде еліміздің
экономикалық ғылымындағы ғалымдардың жеткен жетістіктерін тиімді қолдану мен пайдалану
жəне де жоғарыда айтылған шараларды, тығырықтан шығудың бір тетігі ретінде қарастыру өте
орынды деп білемін.
114
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Достарыңызбен бөлісу: |