Литература
1. 1. Ф.Н.Емельянова, Н.К. Кириллов, Организация переработки сельскохозяйственной
продукции, М.: Изд-во «Экмос», 2000, 384 с.
2. Рональд Г.Коуз, Институциональная структура производства // Природа фирмы, пер. с англ –
М.: Дело, 2001, С.342
3. Основные направления социально-экономического развития Российской Федерации на
долгосрочную перспективу, Министерство экономики РФ, 2001, С.5-6
ХХІ ҒАСЫР – «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПƏНІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН ТУДЫРАДЫ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
М.І.Узбаева, А.Ж.Ізбасарова
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты білімді, мəдениетті, шығармашыл, белсенді жəне
адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.
Мектепте балалардың ой-өрісінде, сана-сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер олардың
психологиялық даму жағдайларына байланысты. Себебі барлық қабілет-қасиеттердің негізі
мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика,
психофизиология ғылымдарында теориялық жəне тəжірибелік тұрғыдан дəлеленген.
Оқытудың технологиялық негіздерін білу əр оқушының таным деңгейін дұрыс саралауға
көмектеседі. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеп білу – оның даму бағытын
айқындаудың басты шарты.Сондықтан да қазіргі педагогикалық психологияның оқушының
саналы əрекетіне мəн бере бастауының бір себебі осында [11].
Біз болақта Қазақстанды өркениетті байыған елдердің қатарына қосамыз деп талап қойған
халықпыз. Сондықтан солардың бойындағы бар қасиет бізде де болуы қажет. Өзін жақсы адам
ретінде тəрбиелеу үшін ең алдымен адам өзін тани білуі тиіс.
Өзін өзі тани білуі өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз – бұл ең алдымен
тұлғаның өзінің рухани жəне дене күшін, əрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзінің
қоғам мүшесі екендігін, айнала қоршаған орта мен басқа адамдармен қарым-қатынасын тануы.
өзіндік сана адамгершілік сананың дамуына ықпал етеді. Бала өзін өзі тəрбиелеуге үйрететін əдіс
өзін өзі тану өзінің ойын өзі дұрыс түсіне білуге түсіне білуге байланысты. Адам өз ойы, іс-əрекеті
арқылы өзінің қандай адам екенін түсінеді [12]. Қазіргі Қазақстандағы көпұлтты мектептерде көп
мəдениеттілік, демократиялық, адамгершілік пен толеранттықлық мектебі қалыптасуда.
Сондықтан олардың оқу-тəрбие үрдісінде өзіндік ерекшеліктері болады [1].
Сапалы білім еліміздің болашағына қызмет ету үшін болашақ қоғам мүшелерінің бойында
адамгершілік-рухани қасиеттердің ерекше орын алуы аса маңызды. Сол себептен «Өзін-өзі тану»
бағдарламасы балаларды ізгілікке үйретіп, тəрбиелеудің ең тиімді жолдарының бірі болып
табылады.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының оқу-əдістемелік кешені балалардың ойы мен ары таза
қоғам мүшелері етіп тəрбиелейді [5].
Еліміздің бірінші ханымы Т. С. Назарбаеваның жеткіншек тəрбиесіне деген
жанашырлығы, еліміздің болашағына деген зор сенімі қоғамның дамуына қарай болашақ
97
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ұрпақтың қалыптасуына көңіл бөлуі «Өзін-өзі тану» пəнінің үздіксіз білім беру жүйесіндегі
тұжырымдамасы, олардың негізінде дайындалуда. Оның пəн ретіндегі мектептегі орны жеке
тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етумен,
адамзаттың табиғатпен үйлесімділікте дамуын сезіндірумен айқындалады.Бұл жеке тұлғаның
рухани-адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды
қалыптастыруда ең маңызды пəн адамгершілік тəрбиелеуді негізгі қарым-қатынас жасау мен
дүниетанудың құралдары баланың зердесі мен шығармашылықты дамытудың арнасы. Пəн арқылы
оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мəдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеу
машығында оқушының өзіндік қарасы қалыптасады [8]. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының
тұжырымдамасын айқындайтын басым бағыттары:
- балаға зінің қажеті мен мүмкіндігін, қабілетін сезіндірудің əлеуметтендіру аясында жеке
тұлғасының үйесімді дамуын қамтамасыз ету;
- мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі тану үрдісін ұйымдастру барысында этномəдени
ұстамының сəйкестлігін жүзеге асыру;
- заман ағымына орай, бүгінгі таңдағы балалардың танымдық қызығушылығына сəйкес білім
мазмұнын анықтау [9].
Заман табына байланысты бұл сабақ адам бойында адамгершілік, қарым-қатынастарда өзін
дұрыс ұстай білуді, өзін өзі тəрбиелей алуға, рухани бай қасиетін қалыптастырумен қоса ата-
анасымен, қоршаған орта мен ересектер арасында дұрыс қарым-қатынас жасай алуға дағдыланып,
əрі жағымды əсер ете алу арқылы өз ойына жете білуі мен қоршаған ортаға əсер ету жолдары
қарастырылады.
Сабақтың негізгі мақсаты – баланың қоршаған ортамен ізгілік қатынастын орнату мен
өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал жасау. Пəн арқылы қабылдау баланың: қоршаған орта
туралы түсінігі кеңейеді, алған білімінің тəжірибеде қолдануға үйренеді; өзіне өзі бақылау жасап
өз ісіне баға беруді үйренеді; өзінің көңіл күйін сезініп, айналасымен жақсы қарым-қатынас
жасауға дағдыланады. Осының бəрі қазіргі заманның білімге қойылған талабы. Өтетін сабақтарды
мазмұнды, жан-жақты танымды болғандықтан балалар қызығушылықпен қатысады.
Біздің тəжірибелі ұстаздарымыз өзінің шығармашылығымен, шеберлігімен, мейірімділігімен
əр баланың ішкі жан-дүниесін ашып, өзіне деген сенімділігін нығайтып, бойларына ізгілік,
əдептілік жайлы психологиялық жағдай туғызады. Сабақтың бұл кзеңінде баланың көңіл-күйіне
əсер етуі қиялдауы, əуенді сезінуі, түсінуіне əрекет жасап, ерекше мағына береді [10]. Бүгінгі күні
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту тəрбие теориясының жаңа негізін құрайтын іштен тазарып
пендешілік санамызды жəне ойлау қабілетімізді арттыру арқылы, дүниенің қыр-сырына көз
жеткізе алатын, жалпы маңызы өте зор интегративті, қызықты, күрделі, инвариантты ізденіс
жолындағы пəн. Бұл пəн арқылы руханилығымызды байытып шын көңілден, ақ жүректен, аялы
алақанмен айтылға бір ауыз жылы сөздің өзі неге тұрады десеңізші! Өзіңді бір қуанышты,
көтеріңкі сезінесің.
Мұнда əр адамның жан дүниесіне сергектікпен үнілуімен қоршаған орта мен қоғамдық
құбылыстардың заңдылықтардың ұғыну үшін əр адам, алдымен өзін-өзі тануы үлкен рөл
атқарады. Бұл пəнді меңгеруде əр жас өзін сынай, бағалай білуі арқылы айналасындағыларға
мейірім, шапағат шашып, адамгершлік қасиеттерді ойына дарытудың жөні бөлек екеніне көз
жеткізеді [7].
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды
қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,
жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,
шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,
оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін
қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек
күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі
мүмкін емес [2] .
«Өзін-өзі тану» пəні психология, социология, философия, педагогика, этика, эстетика жəне
т.б. ғылымдармен тығыздылығын айтуға болады. Осының ішінде ең қажетті ғылым -
психологиямен тығыз байланысты. Сабақ барысында мұғалім əр баланың мінез-құлқы, өмірге
деген қызығушылығын байқап оқушыларды зерттейді.
«Өзін-өзі тану» сабағында баланың мүмкіндігін ашу көзделеді. Егемендік алып, етек
басын жинай бастаған мемлекетімізге тұлғасы үйлесімді, өз ойын ашық айта алатын, ұлттық-
98
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
патриоттық сезімі бар жас ұрпақ қажет. Қазақ жəне аралас мектептерінде арналған жоба
бағдарламасының салмағы қомақты, ұлттық мүдде басым болуы керек [6].
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, танымдық қызығушылығы артып, адамдар арасындағы
қарым-қатынас өсіп, өзекті мəселелерді шеше білуі, ұйымдастырушылық қабілетін дамып, көру
арқылы мəселелерге сыни көзбен қарауға дағдыланады.
Мемлекетіміздің ұлттық дəстүр, əдет-ғұрыптарын білмеген адам қалай елінің патриоты бола
алады? Міне сондықтан да, мемлекетіміздің тəрбиелі азаматтарын шығару, тікелей мұғалімдерге
байланысты.
Елімізде болып жатқан саяси-əлеусеттік, мəдени-этникалық, экономикалық өзгерістер
халыққа білім беру мен тəрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қазіргі кезеңде қоғамдағы
ізгілікке, руханинилыққа бетбұрыс жəне оқу-тəрбие жұмысын оқушы жанына түсетіндей етіп
талабы туындап отыр [3].
Қазақ тілінде «Өзін-өзі тану» пəнінен бағдарламалар құрылған жоқ. Мектептерде осы
сабақтан беретін мұғалімдер əр орыс тілінде жазылған оқулықтардан іздеп, теріп, аударып өз
бетінше жылдық жоспарларын құрып қиналады.
Қанша дегенмен де, мемлекеттік тіл қазақ тіл болғандықтан да, əрбір Қазақстан азаматы
қазақ тілін білуге шарт.
Патриотизм – мемлекеттің іргетасы. Яғни сол мемлекетке шын жаны ашып, оның нығаюына,
көркеюіне ат салысатын шынайы патриот адамдар болмаса, ол мемлекет құрып қирайды [4].
Балаларға кішкене кезінен бастап өзін өзі танып, ұлттық тəрбие алса, баланың жастайынан
осы елдің азаматы мен патриоты ретінде өзін сезінсе, оның бойында ел үшін жауапкершілігі
пайда болуына ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
Балаларға дұрыс патриоттық тəлім-тəрбие беру үшін қазір «Өзін-өзі тану» пəні ең басты
балабақшадан бастап жүргізілсе, кейін мектеп қабырғасында оқушыларға өзін тани отырып оған
ұлттық тəрбие беріп, қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кəсіби дайындау
проблемаларын шешу қажеттілігі туып отыр Қоғам дамуына байланысты жаңа пəн шығуына
ықпалын тигіззіп жатыр. Дегенмен де біздің жастардың дамуы ілгері болуы үшін бұл саланың да
ықпалы зор деп ниеттенемін. Адам жеке тұлға болып қалыптасу жолында əрқашан өз бетінше
іздену қажет. Егер адамдар өмір бойы өз беттерінше ізденулерін тоқтатпаса, өзін де жəне
қоршаған ортаны да руханилыққа толықтырып отырады. Бұдан адамдардың бойында
адамгершіліктік , жауапкершіліктік, еліне-жеріне деген патриоттық сезімімен қарайтын тұлға
дамиды деген сенімдемін.
Бұл пəн қазіргі заманда өте қажетті болып саналады. Əрі адамды өз бетінше
шығармашылыққа итермелейді. Оқушылар үшін де бұл сабақ үлкен қызығушылық тудырады. Бұл
сабақта ең бастысы өзін-өзі сыйлауға үйретеді. Ал өзін-өзі сыйлаған адамды жеке тұлғаға
жатқызуға болады.
Əдебиеттер
1. А. Майемер. Көпұлтты жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімнің кəсіби біліктілік
ерекшеліктері. //Білім. №2. 2007. 17 бет.
2. Қ. Бітімбаева. Мұғалім-мектептің жүрегі. //Білім. №3. 2004. 48 бет.
3. Ж.Д.Жұмабекова. Дамыта оқыту технологиясы-тілдік құзыретті жетілдірудің негізі. //Білім
.№2.2004.51-52 беттер
4. Т. Жандаулет. Дүниетаным-ұлттың да, мемлекеттің де діңгегі. //Жас алаш. 25 июнь. 1998. 7 б.
5. С.Д. Қалманбаева. «Өзін-өзі тану» пəнін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізу іс
тəжірибесінен. //Өзіндік таным. № 5-6, 2006 ж. 21 бет.
6. Ф. Ерменбекова. Өзіндік танымның өзекті мəселелері. //Өзін өзі тану. №5-6, 12 бет.
7. З. Оспанова. Студенттердің өзін-өзі тану уралы ойлары. «Өзіндік таным». №1, 2006 ж. 12 бет.
8. Б. Игенбаева. //«Өзін-өзі тану» пəнін оқытудың өзіндік ерекшеліктері. «Өзіндік таным». №4,
2003 ж. 21-22 бет.
9. Г. Өтебаева. Балабақшадағы «өзін-өзі тану». //Өзіндік таным. №2, 2004 ж. 26-27 бет.
10. Г. Берікболова. Өзін-өзі тану курсының психологияның көзқарасы. Өзіндік таным. №2, 2006
ж. 27 бет.
11. Б. Игенбаева. «Өзін-өзі тану» сабақтарында жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта
оқытудың психологиялық негіздері. //Өзінік таным. №2, 2005 ж. 2 бет.
12. Б. Əділбекова. ХХІ ғасыр мектебінің негізгі оқу əдістерінің бірі - өзін-өзі тану. //Өзіндік
таным. №3, 2003 ж. 17 бет.
99
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІНІҢ МІНДЕТІ – ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
М.І.Узбаева
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парагдигмасы өзгереді, білім берудің жаңа
мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:
Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен,
ғылымдағы шығармашылық жəне нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының
нақтылануымен байи түсуде;
Ақпараттық дəстүрлі əдістерді ауызша жəне жазбаша, телефон немесе радиобайланыс
қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
Баланың жеке басын тəрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға
ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
Мектеп, отбасы мен қоршаған əлеуметтік ортаның бала тəрбиесіндегі рөліне мəн берілуде
[10].
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз
онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат,
жылдам өркендету үстіндегі, күллі əлемге əйглі əрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп
көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға апаратын құдіретті күні – білімге тəн.
Мемлекетіміздің болашағының болуы тікелей біздерге байланысты. Оларға талап қойып, олардың
қабілеттерін, мүмкіндіктерін анықтап, соған байланысты оқыту – бүгінгі күннің өзекті мəселесі.
Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына
сəйкес оның дамуның қажетті жəне табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына
ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нəрседен бас тартып, əлеуметтік қайта
жасалымдардың негзін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге
талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.
Инновациялық іс-əрекет – дəстүрлі іс-əрекетпен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид
қызметінің негізгі түрлерінің бірі.
Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, əзірленген немесе педагогикалық бастама
ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады [11].
Инновация (латын сөзі in-b nivis жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту деген мағынаны білдіреді.
С.И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған,
алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Инновация дегеніміз білім беру, тəрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа
тəсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды қолдану деп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар əртүрлі түсінеді:
1. жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі;
2. өзгеріс;
3. құрал-əдіс-тəсіл [12].
Инновацияның үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың
тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады [9].
ХХІ ғасыр – қатаң бəсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр Демек,
əлемдік бəсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаны
тəрбиелеу біздің мойнымызда.
Бəсекеге қабілетті шығармашылық тұлға тəрбиелеу, Елбасының «Қазақстанның əлемдегі
бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауына лайық өзіміздің
білімімізді біліктілігімізбен аянбай еңбек етсек, біздің игі еңбектеріміздің арқасында жүзеге асады
[3].
Тəуелсіздік талаптарының мақсат-мұраттары да, табиғаты мен тағылымы да бөлек. Осы
реттен келгенде, оқу білімді ұйымдастыру мен жетілдірудің инновациялық бағыттылығын
100
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
басшылықа алу, оны өмір тұрмыста, еңбекте жүзеге асырудың мəн-маңызы айрықша болып
табылады. Жаңа уақыт ұсынған талаптарды басшылыққа алу, ұлттық мұратқа негізделген
байыпты бағдарламаға, тарихымыз бен танымымызға сай келетін үлгі-өрнектерге табан тіреп,
одан кейін ғана əлемдік үрдістерге бет бұру қажет.
Оқу-білімді ұйымдастыру мен жетілдіру ісінде жаңа технологияларды басқару мен
инновациялық бағыттарды жүзеге асыруға батыл қадамдар жасау қажет.
Осының негізінде:
білім-ғылым жүйесін ұлттық құндылықтармен байыту;
ежелгі жəдігерлер сырына үңіліп, ұлттық мақтаныштарымыз: əл-Фарабиден Абайға,
Əуезов əлеміне ұласқан руханият дүниесіндегі өзіндік өзгешеліктерді көрсете білу;
əр кезеңдерде өмір сүрген қазақ зиялылар өмірінің мұраларын байыпты саралап, бүгінгі
күнмен үндесетін тұстарын жиі қолдану;
ұлттық мұратты асқақтатып, тарих пен танымды тең ұстап, мəдени-рухани құндылықтарды
еселеп арттыру арқылы ақпараттың білімді, жаңа технологияларды меңгеру қажет [2].
Білім беру саласы мен білімнің негізі барған сайын интеграцияланып, интернационалдық
сипат алып барады. Қандай ұлттық сана мен білім үлгісі болмасын əлемдік ғылымның
жаңалығына сүйенеді, оны оқулыққа кіргізеді, жинақталған білімді ортақ пайдаланады.
Білім ұлттық сананың өлшемі, өркениеттенуінің кепілі, экономикалық дамудың алғы
шарты, нарықтық бəсекенің қозғаушы күші екенін Елбасы Н. Назарбаев айтқан [1].
Білім беру-қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық, мəдени жəнне дене дамуы
мен кəсіби біліктілігінің жоғары жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тəрбиелеу
мен оқыту процесі – деп Білім беру заңында көрсетірген [5].
Қазіргі Қазақстандағы көпұлтты мектептерде көп мəдениеттілік, демократиялық,
адамгершілік пен толеранттықлық мектебі қалыптасуда. Сондықтан олардың оқу-тəрбие үрдісінде
өзіндік ерекшеліктері болады. Мұндай мектептердегі өте маңызды бағыттардың бірі -
педагогикалық үрдіс барысында көпмəдениетті ортадағы оқушылардың отбасыларымен жұмыс
жүргізу арқылы байланысты нығайту. Ең маңыздысы – мұғалімінің көпмəдениетті, көпұлтты
мектептерде жұмыс жасауға қаншалықты дайындығы, педагогикалық ұжымда сынып жетекшінің
тиімді жаңа технологияларды қолдануы, тəрбие жұмысында қандай қиындықтарды басынан
өткізді [6].
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды
қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,
жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,
шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,
оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін
қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек
күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі
мүмкін емес [7].
Елбасымыз Н. Назарбаев: Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін
іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол
үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,
андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті
– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. Ұстаздықтың стратегиялық ролі
– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас
қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық
парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші
мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Жаңа формация
мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық
түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл
тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген [8].
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы инновациялық іс-əрекеттерді
төрт бөлікке жіктеуге болады: əдіснамалық, пəндік-теориялық, əдістемелік, технологиялық.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың əдісамалық бөліктеріне
кіретіндер: ізгілікті философия, философия ғылымы, ғылым əдісамасы, педагогика əдіснамасы,
əдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы.
101
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың пəндік-теориялық бөліктеріне
жататындар: мұғалімнің беретін пəні бойынша теориялық бөлімі, педагогика, психология,
дидактика, педагогикалық инноватика бойынша жаңа білімдері.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың əдістемелік бөліктеріне
мұғалімнің өзі беретін оқу пəнінің тарихы мен əдістемесін білуі жəне тəрбиелік жұмыстарын,
сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды өткізу əдістемесін білуі жатады.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың технологиялық бөлігі мұғалімнің
өз пəні бойынша нақты педагогикалық технологияларды білуі, меңгеруі жəне оны өз
тəжірибесінде қолдануы жатады. Сондай-ақ мұғалімнің тəрбиелік технологияларды білуі,
меңгеруі, пайдалануы да кіреді [14].
Мұғалімдердің шығармашылық белсенділігі инновациялық іздемпаздығы практикалық,
ілімдік тұжырымдарының пісіп жетілуін күттірмейтін озық тəжірибелердің дүниеге келуіне,
оқытудың жаңа түрлерінің кеңінен қанат жайып кетуіне ықпал тигізуде.
Педагогикалық озат тəжірибе оқу-тəрбие жұмысының үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен
орын алады. Осыған орай, əрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тəжірибесін, белгілі
педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісіне шеберлікпен
пайдалаудың жолдары қарастырылады [4].
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы,
дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен
анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру
ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі [10].
Заман талабына сай біздің мемлекетіміздің білім беру орындарында ұлттық моделіне өту
оқыту мен тəрбиелеудің соңғы əдіс-тəсілдерін, жаңа инновациялық психологиялық-педагогикалық
диагностиканы қабылдай алатын, нақты тəжірибелік үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді,
шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді [13].
Қазіргі заман талабына сай біздің мемлекетіміздің білім беру орындарында ұлттық моделіне
бет бұруда. Жаңа технологиялар арқылы оқушының ана тілінде бай əрі əдемі сөйлеу мəдениетін
дамыту тіл білімімен тығыз байланысты [14.].
Қанша дегенмен де, мемлекеттік тіл қазақ тіл болғандықтан да, əрбір Қазақстан азаматы
қазақ тілін білуге шарт. Қазіргі кездегі өзекті мəселенің бірі ретінде қазақ тілі тұр. Барлық елді
мекендерде қазақ мектептері қазір ашылып жатыр. Жоғары оқу орындарына түсу үшін жыл сайын
берілетін гранттар мен несиелердің көпшілігі ұлттық мектеп бітірген түлектер жеңіп алады.
Мемлекеттік қызмет пен сайланбалы лауазымдарға мемлекеттік тілді білетін адамдар өте алатын
болсын деген талаптар көтеріліп жатыр. Күні ертең бұл мəселелердің тегіс шешілетіні анық
Қазіргі заман талабына қазақ тілін үйрететін арнайы орталықтар ашылып жатыр. Адамдар
қазақ тілін білу үшін қазақ тілі маманын жалдап жатыр. Дегенмен де бұл талапты одан əрі
күшейту дұрыс болар еді. Қанша дегенмен де іс қағаздар толтыру жəне т.с.с.көпжерлерде қазақ
тілін қажет етсе, онда олар тілді таза əрі дұрыс меңгеруі тиіс. Ол тілді ең алдымен таза əрі тез
меңгеруі үшін біздің керек десеңіз күнделікті теле-радиохабарымыз жоқ дегенде 50-60 %-ы қазақ
тілінде болуы керек. Бұл біздің тіл туралы заңымызда да бекітілген еді. Олай болса оның өзі де
тілді меңгеруге өз ықпалын тигізер еді. Міне сондықтан да мемлекеттік тілді жаңа
технологияларды қолдана отырып, сабаққа қызықтырушылықтарын арттырып оқытса жəне
мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілсе үлкен нəтижеге жетер едік.
Мемлекеттік тіл жоқ болса, онда ұлт та жоқ болады. Себебі тіл мен дін бір ұлтты басқа
ұлттан ажыратады. Бір елде екі идеология жүру мүмкін емес. Міне сондықтан да қазақ тілін
дұрыс жолға қойсақ, Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілге
өтіп, адамдар арасынағы достық қарым-қатынас одан əрі нығайып қатайып, онымен қоса қазақ тілі
дамып, өркендеп, байып, мемлекетіміздің көптеген мəселелері шешілер деген сенімдемін. Себебі
қанша дегенменде Қазақстан жастары біздің болашағымыз. Олардың білімділігі қандай деңгейлі
екендігі бізге байланысты. Шығыстың ғұлама ғалымы Əбу Насыр əл-Фараби айтқандай:
«Жастарыңызды көрсетіңіз, мен сіздедің болашағыңызды айтып берейін». Яғни біздің
мемлекетіміздің жарқын да ашық болашағы болуы үшін жастарымызды қазіргі заман талабына сай
мемлекеттік тілді өте жақсы меңгерген, мəдениетті, адамгершілігі мол, шығырмашыл əрі
іздемпаз, білімді жастарды тəрбиелеп шығару болып табылады.
102
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Достарыңызбен бөлісу: |