«Ұстаз институты»


Курстық жұмыстың өзектілігі



бет2/8
Дата20.02.2023
өлшемі210,5 Kb.
#69621
1   2   3   4   5   6   7   8
Курстық жұмыстың өзектілігі.Ыбырай Алтынсариннің Қазақ әдебиеті мен тарихындағы орнын оның әдебиеттанудағы еңбегінсіз, атап айтқанда, әдеби сынға, көп қырлы ғалымның теориялық тұжырымдарына толы ғылыми-зерттеу жұмыстарынсыз толық сипаттау және талдау мүмкін емес. Ол қазақ әдебиеттануының, фольклортануының негізін қалаушылардың бірі. Тарихтан белгілі болғандай, фольклор, әдебиет тарихы, әдебиет байланысы, абайтану мәселелері бойынша әдебиеттанушы ғалымның еңбектері тек қазақ әдебиеттану ғылымында ғана емес, Кеңес Одағы ауқымында да жоғары бағаланады.Ғалымның әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы туралы пікірлері мен ойлары өте маңызды.
Зерттеудің нысаны – Ы.Алтынсарин шығармаларымен танысу, Ана тілі сабағында өтілетін шығармалары, олардың бала тәрбиесінде атқаратын ролі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – Ы.Алтынсариннің шығармалары әдебиетке қосқан үлесі.
Зерттеудің міндеттері:
Ыбырай Алтынсарин тағылымының құндылығын таныту;
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын таныту;
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық және ұстаздық қызметімен таныстыру;
Балаларға деген тәлім-тәрбелік өлең жолдарымен толық таныстыру.
Оқушылардың Ы.Алтынсарин шығармаларын оқуын қадағалау, қызығушылығын арттыру;
Көркем шығарманы мазмұндауға, талдауға үйрету;
Балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Педагогикалық әдебиеттерде Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің оқу-тәрбие процесінде пайдалану тиімділігінің зерттелмеуі, ғылыми жұмысымыздың көкейкестілігін айқындап, зерттеу тақырыбын «Ы.Алтынсарин тағылымы» деп алуымызға себепші болды.

1 ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам.


Ол тарихтың қиын да күрделі кезеңінде, қазақ қоғамының құрылымында да, әлеуметтік экономикалық өмірінде де аса бір қиын шақта дүниеге келді бұл қазақтардың Орта және Кіші жүздерінің Россияға қосылуы аяқталып, олардың патша империясының отарына айналған тұсы еді. Ұлы жүз әлі Қоқан хандығының қол астында болатын.
Патша өкіметі иелігіне жаңадан енген жерлерде өз билігін нығайтуға бағытталған шаралар қолдана бастады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Сперанский жасаған «Сібір қазақтарының жарғысы» қабылданады. Бұл «жарғы» бойынша Орта жүздегі хандық таратылып, Сібір қазақтарының облысы құрылады, ол өз кезегінде округтерге, округтер облыстар мен ауылдарға бөлінеді. Сібір қазақтары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынады.
Орынбор генерал-губернаторлығына қарайтын Кіші жүзде хандық 1824 жылы жойылған еді. Ал жері – Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, әрқайсысын сұлтан-правительдер билейтін. Бұлар өз кезегінде белгілі бір қашықтықтарға бөлініп, бөлім бастықтары басқараты, қашықтықтар рулар мен бөлімшелерге бөлінетін де оның басқарушыларын белгілі би тұқымдарынан Орынбор Шекаралық комиссиясы тағайындайтын.
Кіші жүздің бұл үш бөлігін де Орынбор шекаралық комиссиясы басқаратын. Патша өкіметі осылайша өзінің үстемдігін нығайту үшін қазақ даласын ішкерілей бекіністер жүйесін сала бастады.
ХІХ ғасырдың бас шенінде қазақ даласының ішкі өмірі күрделі әрі шиеленіскен жағдайда еді. Феодалдық қозғалыстар жиі болып тұратын. Бұған сұлтан Қаратай Нұралыханұлының, Арынғазы Абдолғазыұлының (Кіші жүзде), Ғұбайдолла, Уәлиханұлы мен Саржан Қасымұлының (Орта жүзде) қозғалыстарын жатқызуға болады. бұлардың ішінде айта қаларлықтай ең ірісі – Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс еді. Барлық жерлерде феодалдық өзара қырқысу соғыстары (барымта) етек алып, зорлық-зомбылық күшейе түсті, бұл қазақ шаруаларының жағдайын қиындатып, тап қайшылығының шиеленісуіне әкеп соқты.
Бұл қарсылықтар ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында Бөкей хандығыныдағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалыстардан; 50-ші жылдары Жанғожа Нұрмахамбетұлының басшылығымен болған Сырдария маңының қазақтары мен Арал қазақтарын басқарған Есет Көтібарұлының қозғалыстарынан көрінеді. Бұлардың барлығы аяусыз басып-жанышталды.
Қазақстанның Россияға қосылуының объективті прогрестік жақтары да болды. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында –ақ қазақ шаруалар шаруашылығында баяу болса кейбір өзгерістер ене бастады. Россиямен арада сауда-экономикалық қатынастар дами берді. Қазақстан жеріндегі бұрыннан бір айырбас орындарына қоса жәрмеңкелер пайда болып, қазақ ауылдарының экономикалық жағынан ілгерілеуіне себепкер болған тұрақты сауда дами бастады.
Қазақтардың мал шаруашылығы рыноктың қажетсінулеріне бейімделіп, ақша айналымы енеді.
Россиямен мәдени байланыс дами береді. Омск, Орынбор, Ордада қазақ балаларын орыс тілінде оқытатын мектептер ашылады: негізінен оқытылатын үстем тап өкілдерінің балалары болғанмен, бұл процесс қазақ даласына алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің енуіне жол салды. Ы.Алтынсариннің қызметі басталар кезеңде бұл өлкедегі ахуал, жалпы алғанда, осындай еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет