Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет17/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

ІІ.Негізгі бөлім :
Тәрбиеші: - Балалар, біз бүгін қызықты сурет саламыз.
Жұмбақ:
Тырс-тырс тамады,
Тереземді қағады.
Ол не? (Жаңбыр)
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: - Бүгін күн қандай?
Бала: - Күн суық болып тұр.
Тәрбиеші: - Бұлтты ма?
Бала: - Аспан бұлтты болып, жаңбыр жауғалы тұр.
Тәрбиеші: - Тақтадағы суретті қараңдаршы, бұл не?
Бала: - Күз мезгілі, жаңбыр жауып тұр.
Тәрбиеші: - Жаңбыр тамшыларының түсі қандай?
Бала: - Жаңбыр тамшылары көк түсті.
Дидактикалық ойын: «Табиғаттағы дыбыстар»
Ойын шарты: балалар, табиғи дыбыстарды атап беру керек. (қардың сықырын, жаңбыр тамшысың, жел дауылының)
Тәрбиеші: - Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс шығады?
Бала: - Тырс-тырс.
Тәрбиеші: - Ой, жаңбыр құйып жауып кетті.
Сергіту сәті:
Жауын-жауын жауады,
Бәрін суға малады.
Біз қарыңдаш аламыз.
Тамшыларды саламыз.
Музыкалық әуенді ойын: «Жаңбыр тамшыларын тосамыз»
Ойын шарты: музыкалық әуен ырғағы бойынша қимылдар жасаймыз.
Сурет салу әдіс-тәсілі:Бірінші ПВА желімімен қағаз бетіне сурет салып аламыз (жердегі шалшық суды, жоғарғы жағына бұлттарды,), содан соң құмды үстіне себеміз, артық құмды қағазды түсіріп тастаймыз, ал жаңбыр тамшыларын тіс щеткасын бояуға батырып алып, тарақпен себелеп шашып саламыз.
Саусақ жаттығулары: «Добым-добым домалақ»
Добым-добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің, (Саусақтарды ұштастыра отырып, доп кейпінжасау)
Тарелкені сындырдың. мазмұнына қарай қимылдар жасау)
Тентек болып кеттің, деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
Жеке жұмыс және кейбір балаларға көмек көрсету.
ІІІ. Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Тәрбиеші: - Қандай түсті бояуды қолдандық?
Бала: - Жерге құмды сеуіп жасадық. Аспандағы бұлтқа себілген құмды көк түске боядық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет