Сайқымазақ: - Кім, қандай түсті шардың жібін байлады?
Бала: - Мен жасыл түсті шарға жіп байладым.
Сурет салу әдіс –тәсілі: шарды шағын пішінді етіп үріп алып, бояуға батырып алып қағаз бетіне басып, таңба басып саламыз.
Сайқымазақ: -Сурет салмас бұрын саусақтарымызды дайындап алайық.
Саусақ жаттығуы: «Достық» Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды бастаймыз.
Жеке жұмыс. ІІІ. Қорытынды бөлімі – рефлексия: Сайқымазақ: Сендерге ұнады ма?
Бала: - Иә, ұнады.
Сайқымазақ: - Маған сендердің жұмыстарын ұнады, рахмет сендерге!
Тәрбиеші: Балалар бізде қызықты шарлар пайды болды. Мадақтау.
№7 Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
ТақырыбыЖаңбырлы күн
Мақсаты: балаларға сурет салудың дәстүрден тыс әдісі, яғни жаңбырлы тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып,бірінші ПВА желімен қағаз бетіне сурет салып алуды (жердегі шалшық суды, жоғарғы жағына бұлттарды, жаңбыр тамшыларының) түсіндіру; бейнелеген заттарын музыка әуеніменқимыл – қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау. Ептілік пен жинақтылыққа тәрбиелеу.
Әдістер мен тәсілдер: көрнекілік (көрсету, және т.б.), сөздік (әңгіме, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас, ойыны және т.б.), практикалық (тапсырмаларды орындау, ойын, релаксация және т.б.)
Құралдар:көгілдір түсті бояу, ақ қағаз, құм, ПВА желімі , сүрткіш. Билингвалды компонент: жаңбыр –дождь -rain
І. Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері:
Армысың, асыл Күн!
Армысың , асыл Жер!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!