Әдістер мен тәсілдер: көрнекілік (көрсету, және т.б.), дәстүрден тыс сурет салу, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас ойыны .
Құралдар: шар, таяқша, қағаз, бояулар.
Билингвалды компонент: шар-шары- ball
І. Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Өзім жақсы баламын,
Ана тілін аламын.
Мейлі қайда жұмсасын,
Бәріне барамын.
ІІ:Негізгі бөлім.
Қызықтыру сәті: (Сайқымазақ балаларға қонаққа келді)
Сайқымазақ: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бала: - Сәлеметсізбе, Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Мен сендерге сиқыршылар елінен келдім. Өзіммен бірге сандықты алып келдім, бірақ сандық жабық тұр, маған ашуға көмектесіңдерші. Жұмбақтың жауабын тапсаңдар сандық ашылады.
Жұмбақ.
Ұшамын тауда қалықтап
Қолың жетсе алып бақ.
Қызыл-жасыл түсім бар.
Соңымнан кәне, ұшыңдар. (шар)
(Сандықтың ішінен түрлі - түсті шарлар ұшып шығады)
Тәрбиеші: - Балалар, бұл шарлар екен. Шарлардың түстері қандай?
Бала: - Қызыл, жасыл, сары, көк шарлар.
Сайқымазақ: - Балалар, мынау шар.Шар резеңкедан жасалады.
Шарлар үрленеді, созылады, жыртылады, шардың іші толған ауа, суға салсан батпайды, себебі шар жеңіл болады, шарды қатты қыссан қысыммен жарылады.
Мен сендермен бірге ойын ойнағым келеді.
Дидактикалық ойын: «Кім тез шар үрлейді?»
Ойын шарты: өздеріңе ұнайтың шарды алып, үрлейік.
Сайқымазақ: - Дариға, сен қандай түсті шарды үрледің?
Бала: - Сары түсті шар үрледім, оның пішіні сопақша болды.
Тәрбеиші: - Арслан, кім шарды тез үрледі?
Арслан: - Мен тез үрледім.
Сайқымазақ: - Қандай көп шар болды,керемет, мағанөте ұнады!
Ал енді басқа ойынды ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Шардың жібін тап»
Ойын шарты: Түсіне қарай шарды іліп түсіне қарай жіпті байлайды. Осылай ойын әрі қарай жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |