Тәрбиеші: - Күз мезгілін орыс, ағылшын тілдерінде қалай айтамыз.
Әңгімелесу : - Күз мезгілінің түстерін атап беріңдерші.
Негізгі түсті айт :
а) қызыл, сары, көк.
ә) қоңыр, жасыл.
Неге қызыл, сары, жасыл, қоңыр түстерді күз мезгілінің түстері дейміз?
Дұрыс, күзгі жапырақтар сары, қызыл, жасыл түсті, ал жер қоңыр түсті болады.
Слайд қарау: «Күз мезгілінің айлары»
Қыркүйек айын – «Алтын күз»
Қазан айын –«Қоңыр күз»
Қараша айын- «Соңғы күз»
Сергіту сәті: ағылшын тілінде күз.
(желдің дыбысы естіледі)
-Балалар, қараңдаршы жерге жапырақтар ұшып келген. Қандай ағаштың жапырақтары?
Бала:-Үйеңкі және аққайың ағашының жапырақтары.
Тәрбиеші: - Біз екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Тапсырма: «Өз ағашынды тап»
Әр жапырақты өз ағашына тауып қойыңдар.
-Біз екі топқа бөліндік бірінші «Үйеңкі ағашы» тобы және екінші «Аққайың ағашы» тобы болдық.
Тапсырма: «Жыл мезгілдеріне қарай ағаштарды тап»
Әр жыл мезгілінде ағаштар әртүрлі болады?
Қыс мезгілінде ағаштарда жапырақ өспейді, ал жаз мезгілінде қандай болады?
Күзгі табиғат көрінісін топпен бірге саламыз. .
1.«Аққайың» тобына – салафан қалтасы, қылқалам,таяқша,губка.
2. «Емен» тобына – жануарлар трафареттері , ағаш трафаретттері ,тіс щеткасы, тарақ.
ІІІ. Қорытынды бөлімі – рефлексия:
Балалар біз бүгін қай жыл мезгілінің суретін салдық?
- Қандай түсті бояуларды қолдандық?
- Суреттерімізді құрастырып қойсақ, қандай көрніс пайда болды?
Балалар, сендерде күзгі орман көрнісі пайда болды. Менің қолымда сиқырлы жапырақ бар, оның ішінде бір нәрсе жасырынған. Не болуы мүмкін, казір қолымды салып көрейін. Күздің бізге берген сыйлығы екен. Мадақтау.
№6
Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Түрлі - түсті шарлар
Мақсаты: балаларға сурет салуды үйрету; пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін дамытып, түстерді атай білуге үйрету;
дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолданып шардың сұлбасын салуды жаттықтыру; достыққа, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |