Сурет салудың сиқырлы әлемі


Бала: - Қызыл мен сары бояуды қоссаң сарғыш қызыл түс шығады. Бояубек



бет27/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
Бала: - Қызыл мен сары бояуды қоссаң сарғыш қызыл түс шығады.
Бояубек: - Иә , олар негізгі түстер .Олар бір – бірімен араласа алады. Олар бояутақтада кездеседі.(Бояулардың араласқанын көрсету: қызыл+сары- қызғылт сары, қызыл + көк – сия көк) . (балаларға жылы және суық түстер жайлы айтып кету)
Сергіту сәті:
Бас бармағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Тәрбиеші: - Бояубек, біз суретті немен саламыз, құралдар жоқ қой?
Бояубек: - Жан –жақтарына қараңдар тауып алыңдар.
Тәрбиеші: - Балалар, Бояубек ағаш діндерін қандай құралмен салған ?
Бояубек: - Мен сендерге қылқаламсыз жапырақпен сурет салуды көрсетемін. Жапырақты бояуға батырып алып, қағаз бетіне таңба басамыз, ал діңін таяқшамен саламыз.
Балалар жұмысқа кіріседі.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Тәрбиеші: - Балалар, біз қай жыл мезгілінің табиғатын бейнеледік ?
Бала: - Күз мезгілінің суретін салдық.
Тәрбиеші: - Қандай құралдар қолдандық ?
Бала: - Жапырақпен сурет салдық.
Бояубек: - Рахмет, балалар суреттерін маған ұнады. Сау болыңыздар! Мадақтау.



13


Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Торсықты әшекелейміз .
Мақсаты: балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, заттардың пішінін, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуге үйрету, сурет салудың дәстүрден тыс әдістері: картоптан жасалған мөрді қолдану техникасымен сурет салу әдісін жаттықтыру.
Әдістер мен тәсілдер: көрнекілік (көрсету, және т.б.), сөздік , әңгіме, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас, мадақтау
Құралдар: сурет дәптері, бояу, губка, су, сүлгі, қарындаш, картоп мөрі. Билингвалды компонент: торсық - торсык- torso, ою ‑ өрнек–орнамент ornament.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет