Т а б и ғ а т ғ ы л ы м и п е д а г о г и к а л ы қ журнал



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата30.12.2016
өлшемі3,37 Mb.
#749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

VI  кезең.  “Жерүйық”.

“Менің  саяхатымның  екініні  кезеңі  Сырдария  өзенінің  негізгі  саласы 

болып  табылатын  Нарын  өзенінің  жоғарғы  саласынан  басталады.  Бүл  ара  осы 

меридианда  Семенов  сапарының  ең  шыркду  шегі.  Одан  әрі  менің  алдымда 

зерттелмеген,  адам  аяғы  баспаған  мүлде  меңіреу  өңірі  жатты”  — деп  жазған 

ғалым  кім?  (Ш.Уәлиханов).



Батыс  Қазақстан  облысы 

Бөкей  ордасы  ауданы 

Бөрлі  ауылы.

( 6 /2 0 1 0 )

{   География  жэне  табигат)

Q D




Қазақстан  гажаиыптары

Ө Ц Т Ү С Ш  

Н А З і Щ Ш Н Д Л Ғ Ы  

Е Р Е К Ш Е

 

Һ О І Ч Л Ш Ы І І  



Т А В Ш І  

А У М А І Ц А Р

С Ә ТІМ БЕ К О В  Рысбай,

К,азақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінің  профессоры,

М ҮСАБЕКО В  Қылышбай,

Әл-Фараби  атындагы  Қ азақ  мвт екет т ік 

үлттық  университеті  биология  мүражаиы 

директорының  орынбасары,  биология 

гылымдарының  кандидаты,

Н Ү РС Е И ТО В А   Сейсекүл,

Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

университетінің  ага  оқытуиіысы

(Соны.  Басы  журналдын  4-саны нда.)

Қаратау  мемлекеттік  табиғи  корығы  Оңтүстік  Қ азақстан  облысы 

аумагындағы  Қаратау  тау  ж отасы ны ң  орталы қ  бөлігін  камтиды .  Таби- 

ғи  коры к  М ойы нқүм ,  Қ ы зы лқүм   ж әне  Бетпакдала  өңірлерімен  ш ек- 

теседі.


“ Қ арат ау”  

деген  сөзде  көптеген  ақиқатты   аңғартатын  аңы з-оңгі- 

мелер,  қүп и я  сыры  мол  түжырымды  түйінді  үғымдар  бар.  Х алы қ  үғы- 

мында 


“ қара 

” деген  сөздің  түпкі  түбірі 



“қасиет т і”   “киелГ 

деген  үғымға 

келіп  тіреледі.  М ысалы, 

“қара  ш аңырақ”,  “қара  орман”,  “қара  ж үрт  ”, 

т.б.  сәздердің  борінде  де 



“қара 

 сөзі 

“қасиетті 

 үғым  екендігіне  ешкім 

де  күмән  келтіре  алмайды.



Ғасырлар  сөзі  —  Қаратау, 

Ақындар  влі  —  Қаратау,

Бабалар  көзі  —  Қаратау, 

Қара  шаңырақ  —  К,аратау.

Батырлар  жері

  — 

Қаратау,

 

(М үзаф ар  Әлімбаев)

Ойткені 


“ Қ а р а т а у”  

деп  аталатын  жер  атаулары ны ң  бәрін ен  де 

адам  баласының  оміріне  қажетті  байлы қты ң  көбін  табуға  болады.  Қ азақ- 

ты ң  көрнекті  ақы ны   Әбірәш  Ж әміш ев 



“Қарат ау 

—  қүт 

мекенім 

 де ген 

олеңіндегі:



Қаратау  деп  жүргеніміз

  — 

Бүлагы  екен  өнімнің,

Шырагы  екен  елімнің, 

Шуагы  еквн  өңірдің,

Оның  мынау  көктастары  — 

Қаратау  деп  жүргеніміз  —

Қунары  екен  жерімнің, 

Түрагы  екен  өмірдіц! —

деген  жыр  жолдары  Қаратау  ж ерінің  ырыс  пен  берекенің  күтты   қазы - 

насы  ж инақталған  қойм а  екендігін  дәлелдеп  түр.

Ғалымдар  мен  Қаратау  мемлекеттік  табиғи  қоры ғы н ы ң   ғылыми 

қы зметкерлерінің  деректері  бойы нш а,  сы рдариялы қ  Қаратау  алқабы н- 

да  өсімдіктердің  1666  түрі  өседі.  Ал,  оларды ң  153  түрі  тек  осы  оңірде 

ғана  осетін  эндемик  түрлерге  жататыны  аны кталган.  С оны м ен  қатар, 

табиғи  қорык,  аумағында  геологиялы к  замандардан  сақталы п  келе  жат- 

қан  осімдік  түрлері  де  м олы нан  кездеседі.

Қаратау  табиғи  қоры ғы нда  ешбір  ай м акка  үқсам айты н  табиғаттың 

биоалуантүрлілігі  сакталған  (әсіресе,  өсімдік  түрлеріне  бай)  еліміздегі

(  52  )----------------------------------- (  География  жэне  табигат  ------------------------------- Гб/ 2 0 10


бірден-бір  аймақ  деп  айтуға  болады.  Мүндағы  өсімдіктердің  ғылыми 

атауының  өзі  Қаратау  алқабын  әлемге  әйгілеп  түрғандығын  көруге 

болады.  Мысалы,  қаратау  ақшешегі,  каратау  жыланбасы,  қаратау  кекі- 

ресі,  қаратау  қауы,  қаратау  маралтамыры,  қаратау  томағашобі,  қаратау 

ырғайы,  қаратау  үшқаты,  қаратау  көкбасы,  т.б.

Қаратау  табиғи  қорығында  жануарлардың  сирек  кездесетін  түрлері 

де  сақталған.  Мысалы,  каратау  арқары  осы  өңірдің  өзіне  ғана  тән 

арқардың  ерекше  бір  түқымы  деп  есептелінеді.  Сонымен  бірге  ақтөс 

сусар,  үнді  жайрасы,  қүстардан  -   үкі,  бүркіт,  ителгі,  қара  дегелек, 

жыланжегіш,  т.б.  түрлер  кездеседі.



Ежелден елге мәлім  Қаратауым, 

Тарихтың сан гасырлық сырын  шерткен

Қойнауы  қазыналы  дара  тауым, 

Өзіңді қастерлейді бариіа қауым.

(Рысбай  Сәтімбеков)

Еліміздегі  ЕҚТА-ның  екінші  бір  тобына  — 



мемлекеттік  у.типық 

табиги  саябақтар 

жатады.  ЕҚТА-ның  бүл  санаты  биологиялық  және 

ландшафтылық  табиғи  алуантүрлілікті  қорғау  және  сақтап  қалу  мақ- 

сатында  үйымдастырылатын  мемлекеттік  табиғат  қорғау  жоне  ғылыми 

мекемелер  қатарына  жатады.

Қазіргі  кезде  елімізде  ЕҚТА-ның  бүл  санатында  10  мемлекеттік 

үлттық табиғи  саябак  үйымдастырылған.  Соның  бірі  — Оңтүстік  Казак­

стан  облысының  аумағында  орналасқан  Сайрам-Огем  мемлекеттік 

үлттық  саябағы.

Сайрам—Өгем  үлттық  табиғи  саябагы 

Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  №52  арнайы  қаулысына  сәйкес  2006  жылдың  26-қаңтарын- 

да  үйымдастырылды.  Оның  жер  көлемі  149  053  гектар  алқапты  камти­

ды.  Бүл  үлттык  саябактың  3  болімшесі  бар.  Олар  — 

Огем,  Төле  би 

жоне 


Түлкібас 

бөлімшелері  деп  аталады.  Үлттык  табиғи  саябақ  аума- 

ғындағы  табиғат  корғау  ережелерінің  ерекшеліктеріне  сәйкес  4  жеке 

аймақка  бөлінген.

1. 

Қорықтық  аймақ 

—  55  589,4  гектар  бүл  жалпыүлттык  табиғи 

саябактың  аумағының  37,3  пайызын  қүрайды.

2. 


Туристік-рекреаңиондық  аймақ 

  19711  га,  яғни  табиғи  саябак 

аумағының  13,2  пайызына  тең.

3.

  SKûAoeuHjîbiK,  турақтылық  аіімагы 



— 

13124,6  га  немесе  табиғи 

саябақ  аумағының  8,8  пайызына  тең  алқап.

4. 


Шектеулі  шаруашылық  аимаеы 

  60628  га,  яғни  табиғи  саябак 

аумағының  40,7  пайызын  алып  жатыр.

Сайрам—Өгем  үлттык  табиғи  саябағы  —  Батыс  Тянь-Шань  тау 

сілемдерінің  озіне  тән  кайталанбас  табиғат  байлыктарының  саналуан 

түрлілігін  сақтап  қалу,  қалпына  келтіру және  қорғау  максатында  үйым- 

дастырылған  табиғаты  таңғажайып  аймак.  Бүл  табиғи  саябак  аума- 

ғы  —  өсімдіктер  әлемі  мен  жануарлар  дүниесіне  бай  өлке.  Мүнда 

осімдіктердің  1635  түрі  аныкталған,  олардың  35  түрі  дүниежүзінің  ешбір 

аймақтарында  кездеспейтін  эндемик  түрлерге  жатады.  Оларды  зерт- 

теудің  ғылыми  маңызы  өте  зор.  Табиғи  үлттык  саябактағы  аршалы 

алкаптар  осы  аймактың  басты  байлығы  болып  саналады.  Онда  арша- 

ның  3  түрі  өседі.  Арша  ағашын  халкымыз 

“қасиет ті  агаш 

 деп  аса  зор 

қүрметпен  кастерлейді.  Сондыктан  да,  табиғи  саябак  кызметкерлері 

арша  ағаштарын  қолдан  өсіріп  көбейтуге  ерекше  көңіл  бөледі  және 

арша  ормандарын  калпына  келтіру  жөнінде  ғылыми-зерттеу  жүмыс- 

тары  қолға  алынған.

Сайрам—Өгем  үлттык  табиғи  саябағының  ғылыми  қызметкерлері 

Е.Толеміс,  Ш.Анарбаеваның  деректері  бойынша  (2010  ж.)  саябак  аума-



Сб/2010)------------------------------- (   География  жэне  табигат)------------------------------------ (  53  )

ғында  таулы  алқапта  табиғи  белдемдер  7  түрлі  аймақты  қамтиды. 

Мүндағы  өсімдіктердің  1635  түрінің  62  түрі  Қазақстанның  Қызыл 

кітабына  тіркелген.  Саябақ  аумағында  күстардың  300-дей  түрі,  сүт- 

қоректілердің  59  түрі  кездессе,  олардың  ішінде  қүстың  29  түрі,  сүт- 

қоректілердің  10  түрі  Қазақстанның  Қызыл  кітабына  (2008)  тіркелген. 

Қызыл  кітапқа  тіркелген  қүстардан  —  бүйра  бірқазан,  ақ  және  қара 

дегелектер,  үлар,  бүркіт,  дуадақ,  т.б.  ал  андардан  -   тянь-шань  аюы, 

көксуыр,  ақтөс  сусар,  сілеусін,  ілбіс,  жайра,  тянь-шань  арқарын  атауға 

болады.  Осы  табиғи  саябақ  оңірінде  кездесетін  көксуыр  (мензбир  суы- 

ры)  эндемик  түрге  жатады  және  оның  саны  күрт  азайып  бара  жатқан- 

дықтан,  ХТҚО-ның  (МСОГТ)  Қызыл  кітабына  да  тіркелген  [5].

Жалпы  алғанда  Сайрам—Өгем  үлттық  табиғи  саябағының  табига- 

ты  ерекше,  озіне  тән  таңғажайып  өзен-көлге  бай  олке.  Бүл  саябақ  — 

туризмді  дамытуға  ең  колайлы  аймақ.  Сонымен  бірге  экологиялық  бі- 

лім  мен  тәрбие  жүмыстарын  кеңінен  жүргізуге  де  болады.  Саябак 

аумағында  тарихи  ескерткіштер  де  коптеп  кездеседі.  “Ғайып  Ерен  Қы- 

рық  Шілтен”, 

“Нүрата”,  “Қырыққыз”,  “Жылаған  ата”,  “Әулиетас”, 

“Күйеу  тас”,  т.б.

Саябақ  аумағында  суы  салкын  да  шәрбат  бүлақтар,  озендер,  көлдер 

де  кездеседі.  Бір  созбен  айтқанда,  саябақтың  таңғажайып  табигат 

корінісі  таңғалдырмай  қоймайтыны  шынайы  шындық,  бүлтартпас 

ақиқат.

Тау  басында  толып  жатыр  айдын  көл, 

Көргің  келсе табигаттың  еажабын,

Көл  бетінен  аймалайды  салқын жел. 

Сайрам—Өгем  саябагын  бар  да  көр.

(Рысбай  Сәтімбеков)



Шымкент  мемлекеттік дендрологиялық 

саябагын 

үйымдастыру жүмыс- 

тары  1979  жылы  қолга  алынып,  151  гектар  алкапты  қамтыды.  Бүл 

дендрологиялык  саябакты  үйымдастырудың  негізгі  мақсаты  Шымкент 

қаласында  орналаскан  көптеген  кәсіпорындардан  шығатын  шаң-тозаң, 

түтіннен  және  улы  заттардан  қаланың  ауасын  тазарту  болатын.  Өйткені 

жасыл  желекті  алқап  ірі  ондірістік қалалардың  “екпесі”  деп  есептелінеді. 

Дендропаркты  үйымдастыруда  сол  кезде  облыс  басшысы  болған  біртуар 

азамат  Асанбай  Асқаровтың  еңбегі  орасан  зор  болды.  Сол  кезде  Шым­

кент  каласындағы  қорғасын,  фосфор  және  т.б.  зауыттардан  шыгатын 

улы  заттар  кала  ауасының  ластануына  эсер  еткені  белгілі.

Шымкент  каласының  маңындагы  қоқыс  төгілетін  әрі  караусыз 

калган  жер  дендропаркке  айналып,  әлемнің  түкпір-түкпірінен  жасыл 

желекті  бүталар  мен  агаштар  әкелініп  отыргызылды,  бүл  өңір  тез  ара- 

да  табигаты  таңгажайып  орманды  алқапка  айналды.  Сонымен,  сексен 

бесінші  жылдың  кәктемінде  дендропарктың  ресми  ашылуы  атап  өтілді. 

Дендропарк  аумагы  алты  аймакка  бөлініп:  олар  Қиыр  Шыгыс,  Сібір, 

Солтүстік  Америка,  Альпі,  Орталық  Азия  —  Қазакстан  және  Еуропа  — 

Қырым-Кавказ  аймактары  деп  болініп,  сол  аймақтарга  тән  агаштар 

мен  бүталар  отыргызылды.  Дендропаркте  сол  кезде  агаш  пен  бүтаның 

1400  түрі  осірідці.  Аз  уакыттың  ішінде  дендропарк  Шымкент  каласы- 

ның  ең  корікті  халық  коптеп  келетін  демалыс  әрі  мәдени  орынына 

айналды.  Мүнда  әлемнің  әр  түкпірінен  әкелінген  сирек  кездесетін 

агаш  түрлері  көптеп  өсірілді.  90-жылдардың  бас  кезінен  бастап  ден- 

дропарктің  басына  бүлт  үйіріліп,  караусыз  калган  агаштар  курай  бас- 

тады.  Дендропарк  аумагында  судың  тапшылыгы  байкалды.  Саябақ- 

тагы  агаштар  аяусыз  кыркылды.

Соңгы  жылдары  елімізде  epic  алган 

“Жасыл  аймақ”

  багдарламасы- 

на  сойкес  агаштар  мен  бүталар  қайтадан  отыргызыла  бастады.  Осы- 

ган  орай  Шымкент дендрологиялык  саябагын  калпына  келтіру  жүмыс-

сж>

{Г еогр аф и я   жэне  табигат  }

(6/2010)


тары  қарқы н д ы   қолға  алы ны п,  бүл  саяб ақ   еліміздегі  ерекше  қорғала- 

тын  табиғи  аумақтар  мәртебесін  иеленді.  Қазіргі  кезде  бүл  саябақты ң 

қүрам ы н а  калан ы ң   ортасы нан  ағып  өтетін  Қ ош қарата  өзенін  мемле- 

кеттік  табиғат  ескерткіш   тізімі  ретінде  енгізуге  арнайы   мемлекеттік 

қаулы  (24  ж елтоқсан,  2009  ж.)  қабы лданды .  Қ азір  Ш ы м кент  дендроло- 

ги ялы қ  саябағы ны ң  ж үмы сы   кайта  ж анданы п,  ғы лы м и -зерттеу  жүмыс- 

тары  қолға  алы нғаны   қуан тарлы қ  жағдай.

Шымкент  мемлекеттік  хайуанаттар  бағы  —  О ңтүстік  Қазақстан  об­

лысы ндагы   Е Қ Т А -ты ң  бір  ны саны   болы п  саналады.  Бүл  хайуанаттар 

бағы  —  1979  жылы  үйы мдасты ры лған  еліміздегі  үш  хайуанаттар  бағы- 

н ы ң   бірі.  О н ы ң  жер  көлемі  54  гектар  алқапта  орналаскан  ғылыми, 

мәдени  ж әне  экологи ялы қ  ағартуш ьиіык  орталығы  болып  отыр.  М үнда 

Қ азакстан н ы ң   Қ ы зы л  кітабы на  тіркелген  ж ануарларды ң  20-дан  астам 

түрі  колда  үсталып,  оларды  сактап  қалу  ж үм ы стары   жүргізілуде.  Бүл 

хайуанаттар  бағы ны ң  үйы мдасты ры луы нда  да  бір  кезде  облысты  бас- 

карған ,  халқы н а  қал тқы сы з  қы зм ет  аткарған   Асанбай  А сқаровты ң 

еңбегін  атап  айтқан  жөн.

Е Қ Т А -ды ң  жеке  тобы на  —  мемлекеттік  табиғи  қоры қш алар  жата­

ды.  Ж алпы ,  табиғи  коры қш алар  аумағындағы  корғалаты н  табиғат  ны- 

сандары на  байланы сты   кеіиенді,  ботаникалық,  зоологиялық,  ландіиаф- 

тылық,  т.б.  деп  жеке  топтарға  жіктеледі.

О ңтүстік  Қ азақстан   облы сы ны ң  аумағында  республикалы қ  мәні 

бар  5  ботаникалы қ  қ о р ы қш а  үйы мдасты ры лған  [21.  О лардын  борі  де 

қ ү р ғак   далалы,  шолейтті  өңірлердің  ж усанды -сортанды   алқап ты ң  та- 

биғи  бірлестіктерін,  әсіресе,  осы  алқаптарда  әсетін  ш и п алы қ  касиеті 

зор  ермен,  жусаны н  қорғауға  негізделген.  М ы салы ,  Акдала,  Ж амбыл, 

Задария  ж әне  Темір  ботаникалы к  коры қш алары .  Ал,  Боралдай  бота- 

н и кал ы қ  қоры кш асы   Қаратау  тау  ж отасы нда  (О ңтүстік  Қ азақстан  және 

Ж амбыл  облы стары ны ң  ш екарасы нда)  осетін  туркістан  аріиасы,  согды 

ерен  агашын,  алша,  пісте,  т.б  өсімдік  түрлері  қорғалады   [6,7].

О ңтүстік  Қ азақстан  облысы  аумағында  республикалы к  моні  бар  2 

мемлекеттік  қ о р ы қты қ   белдем  (А р ы с-Қ ар атау   ж әне  О ңтүстік  К азак ­

стан)  1976  жылы  үйы м дасты ры лған  [2].  Бүл  екі  к о р ы к т ы к   белдем 

келеш екте  Е Қ Т А -н ы ң   басқа  топтары н  үйы мдастыру  үш ін  косымш а 

арнайы   белінген  аумактар  болып  саналады.

Әрбір  аумакта  үйы мдасты ры лған  республикалы к  моні  бар  ЕҚТА 

туралы  бүл  деректер  география  ж эне  биология  сабақтары н  эту  бары­

сында  ж әне  сы ны птан  тыс  экологи ялы к  білім  мен  торбие  беру  жүмыс- 

тары нда  олкетануды ң  д әй ек   көздері  ретінде  мүғалімдерге  косы м ш а 

материал  болады  деп  сенеміз.

Пайда,іаньыган  эдебиеттер

1.  Ә.Бейсенова. 



Оңтустік  Қазақстан  облысы.

  Қ а з а к с т а н   ү л т т ы қ   э н ц и к л о п е д и я .  7  том  

(H  -  С ).  “ Қ а з а қ   э н ц и к л о п е д и я с ы н ы ң ”  Б ас  р е д а к ц и я с ы ,  А лм аты .  2005.

2. 


Особо  охраняемые  природные  территории  Республики  Казахстан.

  С б о р н и к   н о р м ати в ­

н ы х   п р ав о в ы х   акто в .  А лм аты .  “ Ю р и с т ” ,  2007.  с.  184.

3.  Р .В .Ященко. 

Аксу-Джабаглинский  государственный  природный  заповедник.

  З ап овед н и к  

С р е д н е й   А зи и   и  К а з а х с т а н а .  О х р а н я е м ы е   п р и р о д н ы е   т е р р и т о р и и   С р ед н ей   А зии  и 

К а зах с та н ,  вып.1  “Т е т и с ” ,  А лм аты .  2006.  с.  5—11.

4.  А. А. Иващенко,  Е.Игиков. 

Каратауский  государственный  природный  заповедник.  Запо­

ведники  Средней  Азии  и  Казахстана.

  О храняем ы е  при родн ы е  терри тори и   С редней  Азии 

и  К а зах с та н а,  вы п .1.  “Т е т и с ” ,  А лм аты .  2006.  с.  4 1 —47.

5.  Е.Төлеміс,  Ш.Анарбаева. 

Үіттық  парктің  биологиялық  алуантурлшгін  зерттеу-гылыми 

жумысымыздың  басты  багыты.

  “А т а м е к е н ” ,  № 5  (441),  12  н ау р ы з,  2010.

6.  О.Байтанаев, 



Чудеса  природы  Казахстана.

  А лм аты .  П Д   “Д о л и н а ” ,  2003.  с.  119.

7.  А.В.Чигаркин. 



Памятники  природы  Казахстана

  (п р и м е ч а те л ь н ы е   л ан д ш аф т ы   и  их  ох­

р ан а ).  А лм аты .  “ Қ а й н а р ” ,  1980.  с.  144.



(6 /2 0 1 0 )

{   География  жэне  табиғат )

(Ж )

Ға іым  Мурены

D

Шоқан  УӘЛИХАНОВ



ӨЛІІЕНІЦ  Y I Ü M I 1 БАСҢАРУ  ЖҮЙЕСІ 

МЕН  Ш С И   Й І Щ А Й Ы

(Жадгасы.  Басы  өткен  сандарда.)

Куэн-Л ун  мен  Болор  тауларының  жолы  өте  қиын  ж эне  оларды 

азғана  әскер  күшімен-ақ  қорғап  отыруға  болады.  Тек  Ақсу  мен  Янысар 

арасындағы  қолайлы  қатынас  жолдары  ғана  әскер  қойып,  қорғап  оты- 

руды  талап  етеді.  Өзінің  қолайлы  жағдайы на  қарай  Қаш қар  қаласы 

қытайлардың  қоқандықтар  мен  қожалардың  басқыншылық  әрекеттеріне 

төтеп  бере  алатын  берік  қорғаны  болуға  тиіс  еді  және  сондай  қорғаны 

да  бола  алар  еді,  бірақ  ол  міндетті  атқара  алмай  отыр:  ішкі  тәртіпті 

әскер  күшімен  сақтап  отырудың  қажеттілігі  қытайларды  күзет  әскерлерін 

шекарадан  гөрі  халқы  көп  қалаларда  анағүрлым  көбірек  үстауға  мәжбүр 

етіп  отыр.  1825  жылдан  бастап  қытайлар  өздерінің  әскерлерін  орналас- 

тыру  мақсатымен  жеке  бекіністер  салдырған.  Қытай  қамалдары  және 

жалпы  Шығыс  Түркістан  қалаларының  бәрі  де  балшықтан  соққан,  биіктігі

6 -8   сажындық1  қалың  қорғанмен  және  кеңдігі  3  сажындық  терең  ор- 

мен  қоршалған.  Қорғандарының  қытай  беседкасы  тәрізді  бірнеше  мүна- 

ралары  болады.  Қытай  бекіністері  мен  Кіші  Бүхара  қалаларының  қор- 

ғандары  бәлендей  мықты  болмағанымен,  күшті  жаудың  шабуылына  төзе 

алмағанымен,  азиялық  әскерлер  үшін  мызғымас  берік  қамал,  сондық- 

тан,  олардың  бүл  қамалдарды  тек  ашаршылыққа  душар  етіп  қана  ба- 

сып  алуы  мүмкін.

Оңтүстік  линияның  Аспан  асты  патшалығына  игілікті  болуының  өзі 

күмәнді.  Халық  қытайларды  жек  көреді  және  үздіксіз  көтерілістер  мен 

қажырлы  күресті  үнемі  қолдап  отырады.  Тек  әскер  күші  мен  қатал 

шаралар  ғана  ел  тыныштығын  сақтауы  мүмкін,  ал  енді  Қытай  үстемдігінің 

бүл  кезге  дейін  жойылмауына  және  қожалардың  әрекеттері  үнемі  сәт- 

сіздікке  үшырауына  себеп  болса,  біріншіден,  жергілікті  халықтың  өзара 

алакөздігі  мен  араздығы,  екіншіден,  қоқандықтардың  ықпалы  ғана  се­

беп  болып  отыр.  Бүл  себептер  жойылған  күнде  Кіші  Бүхараның,  тым 

болмаса  Алтышаһардың  Қытайдан  тәуелсіз  болатыны  күм әнсіз.  Енді 

осы  себептердің  өзін  талдап  көрейік.

Шамадан  тыс  ауыр  алым-салық,  қытайлардың  және  солар  қойған 

бектердің  заңсыз  қиянатшылығы  мен  парақорлығы,  озбырлығы  Алты- 

шаһар  халқын  қатты  ызаландырып  отыр,  сондықтан,  олар  қытайларды 

да,  өз  әкімдерін  де  мейлінше  жек  көреді.

Қытайлардың  хал-ахуалы  қазірде  де  өте  нашар,  сондықтан,  олар 

халыққа  жағып,  оны  өз  жағына  тарту  үшін  қолдан  келген  шараларының 

бәрін  аямауы  керек  еді,  бірақ  оны  ойлап  жүрген  қытайлар  жоқ.  Қас- 

дүшпандарының  қоршауында  отырған  қытайлар  айналып  келгенде  өшін 

халықтан  алады,  ал  енді  халық  қожалар  келсе,  кегімізді  әпереді  деген 

үмітпен  олардын,  осы  зорлық-зомбылықтарының  бәріне  де  көніп  отыр. 

Өздерінің  әлсіздігіне  көзі  жеткен  қытайлар  күдікшіл  әрі  мейірімсіз,  қатал, 

нағыз  жауыз  болып  алған.  Әрбір  көтерілістен  кейін  олар  аласүрып, 

халықты  талан-таражға  салады,  әйелдерді  зорлайды,  мешіттерді  қира- 

тып,  дәруіштер  мен  кембағал  кедейлерді  қорқытып,  үркіту  үшін  жазық- 

сыз  адамдарды  қы ры п-жоя  бастайды,  ал  енді  болар-болмас  беделі 

бар  адамдарды,  бүлікке  тікелей  қатысса  да,  бүрынғы  орнында  қалды- 

рып,  тіпті  жоғары  дәрежелі  домалақ  шар  беріп,  қүрметтейді.  Қытайлар- 

дың  бүл  саясаты,  қанішер  қарақшыларды  мейірімсіз  жауыздықпен  лаң 

салып  жүрген  провинцияларының  өзіне  губернатор  етіп  қоятын  түріктерге

1  Сажын  -   ү зы н д ы қ  өлш ем і  (бір  са ж ы н   -   2  метр  13  м и л л и м е тр ге   төң).

СЮ

{   География  жане  табиғаг 

j

(6/2010)


ұқсайды .  Басқалардан  ала-бөле  өлім  жазасы н  тартқан  жалғы з  ғана 

шейх-ахун  болыпты,  бірак,  оның  өзі  хакімбектің  үсынуымен  және  пайда- 

күнемдік  мақсатымен  істелген  іс  көрінеді,  өйткені  шейх-ахун  Қаш қар- 

дың  ең  бай  адамы  деп  саналады  екен.  Бейбіт,  тыныштык,  кездерде 

аш ы қтан-аш ы қ  тонауға,  талауға  тыйым  салынғанымен,  зорлы қ-зом бы - 

лық  деген  күшті  болады.  Қытайлар  көшеде  атынан  түспегендердің  бәрін 

шетінен  сабап,  дүкендердегі  товарларды  тартып  та  алады,  ақысыз  да 

алады.  Ресторандардан  тамақты  тегін  ішеді.  Кез  келген  қытай  әкімі 

азық-түлікті  тегін  алады,  олардың  жергілікті  халықтың  ішінде  қүл  есебінде 

иемденіп  отырған  өз  клиенттері  бар.  Қытайлар  мен  жергілікті  әкімдер 

шексіз  күдікшіл  келеді.  Полициясы  өте  қырағы  және  өз  ісін  бек  жақсы 

біледі.  Қаш қарда  қожалар  жөнінде  сөз  қылуға  болмайды,  қожа  деген 

сөз  үшін  қуғынға  үшырауы  ықтимал.  Түркістан  тілінде  қожа  деген  сөз 

мырза  деген  үғымда  айтылады,  сондықтан  ол  сөз  біреудің  атын  ата- 

ғанда  қоса  айтылатын,  қазірде  оның  орнына  ахун  дейтін  болды.  Патри- 

оттык,  өлеңдер  үшін  де  қудалайды,  бірақ  олары  сәтті  болып  отырған 

жоқ.  Қаш қарды ң  әкімдерін  қытайлар  таңдайды  да,  жоғарғы  әкімшілік 

оры ндарға  ком улды қтар  мен  түрф анды қтарды   тағайы ндайды ;  өздері 

билеп,  басқарып  отырған  халыққа  мүлдем  жат  бүл  әкімдер  ел  қамын 

ойлаудың  орнына,  өз  қамын,  өз  пайдасын  ойлап,  баюдың  қызығына 

түседі  және  де  билігінің  тағдыры  қытайлардың  қолында  болған  соң, 

сол  қамқоршыларына  жағудың  амалын  іздейді.  Қытай  мәдениетінің  өңкей 

бір  жаман  жақтарын  үйреніп  алып,  бүл  әкім дер  өздеріне  бағынышты 

халықты  маңайына  жуытпай,  аулақ  үстап,  дандайсып  кетеді  де,  сөйте 

түрып,  қытайлардың  алдына  арланбай  бас  үрып,  қүрдай  жорғалайды, 

көрген  күндері  күдікті  әйелдермен  бірге  маскүнемдікке  салынумен  өтеді 

және  ездері  көрген  сол  рақатын  қонаққа  келген  қытайларға  да  көрсетеді. 

Ұсақ  әкімдер  үлкендерінің  істегенін  істейді,  бірақ  олардың  қылығы  ана- 

ғүрлым  түрпайы,  анағүрлым  дөрекі  болып  келеді.  Қытайларға  қарағанда 

бектер  өздерінің  діні  бір  отандастарына  анағүрлым  күшті  қысым  жасап, 

заңсыз  салық  салып,  қалағанының  бәрін  тегін  алады,  қүдіретінің  күштілігін 

көрсетем  деп,  жүртты  көшеде  үрып-соғып,  жазықсыз  жазалайды.  Салы- 

ғын  телеуге  шамасы  келмеген  жергілікті  түрғындардың  тиісті  қаржысын 

тауып,  борышын  өтегенше  немесе  бір  жаққа  қашып  кеткенінше  басынан 

ж а за   ар ы л м а йд ы ,  се б е п ,  дәлел  д е ге н   те гі  іл ти п а тқа   алы нбайды . 

Шетелдіктер  женінде  әкімдер  кішіпейіл,  қошеметшіл  болғанымен,  бәтуа- 

сыз  және  күдікшіл  болады.  Жергілікті  әкімдердің  қиянатшылығын  қытай- 

лар  ете  жақсы  біледі.  Кіші  Бүхарада  көп  жыл  қызмет  еткен  “ Батыс  елке 

туралы”  деген  кітаптың  авторы:  “ ...әлділер  әлсіздерге  озбырлық  істейді 

және  бектері  де  зорлық-зомбылықпен  байығанды  жақсы  кереді;  кемба- 

ғап  кедейге  шыр  бітсе  оны  сүліктей  қадалып,  сорып  апуға  жан  салады” ,  -  

деп  жазады.  Осыларын  білген  қытайлар  жергілікті  әкімдерді  жек  көреді, 

өздерінен  кем  түтып,  менсінбейді,  бірақ  өздерінің  саясатына  сай  келіп 

отырған  соң,  олардың  бүл  қылығын  қайта  қостай  түседі.  Қытайлар  тек 

зорлық-зомбылык,  жасаушы  озбырларға  ғана  сенеді,  сондықтан,  олар- 

дың  халықпен  ешқандай  ici  жоқ.  Олар  бәрінен  бүрын  жергілікті  әкімдердін, 

мүдделері  мен  халықтың  мүдделері  бір  жерден  ш ы қпаса  екен,  олай 

болған  күнде  өздеріне  үлкен  қауіп  туады  деп  қорқады.  Алтышаһар  түрғын- 

д а р ы н ы ң ,  ә с ір е с е ,  қы тай  қо л а сты н а   қ а р а й т ы н д а р д ы ң   іш ін д е гі  ең 

сенімсіздері  деп  саналатын  қашқарлықтардың  жоғарғы  қызмет  басында 

отырғандары  ете  сирек  кездеседі.  Қашқарға  сол  жерде  туып-өскен  адам- 

дардың  ішінен  әкім  болғаны  жалғыз  ғана  Қүтлүқбек  екен,  бірақ  оның  өзі 

де  ол  орынға  көп  түрақтай  алмапты.  Асылы  әкім дер  шен  сатысының 

алтыншы  басқышына  көтерілгеннен  кейін-ақ,  өз  отанында  қызмет  істей 

алмайды.  Сөйтіп,  қытайлар  көздеген  мақсатына  жетіп  отыр:  әкімдер  ха- 

лықтан  оқшауланып,  оз  алдына  белек,  мүлдем  дербес  тап  болуымен 

қатар,  қытайларға  шексіз  берілген  сенімді  тірегі  де  болып  отыр;  отаншыл, 

адал  адамдар  тек  төменгі  әкім дердің  арасында,  әсіресе,  қыстақтарда 

ғана  кездеседі,  Артыш  қыстақтарының  мыңбектері  Халықбек  пен  Таир- 

бек  ез  елінің  сондай  адал  үлдары  болған.



(Жалгасы  бар.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет