§ 32. ҚАзАҚсТАНДАҒы ХАлыҚ АҒАРТУ IсI
Ағарту iсiнiң басты бағыттары, орталықтары. 1867—1868
жылдардағы әкiмшiлiк-аумақтық реформалар негізінде
бiртiндеп қарқын ала бастаған қоғамдық қозғалыс, Ресей
империясының алшақ жатқан аудандарында да ағарту iсiне
жаңа өзгерiстер алып келдi.
XIX ғасырдың 60—70-жылдарынан ұйымдастырыла
бастаған ғылыми қоғамдар, көпшiлiкке арналған кiтап-
ханалар, ағарту iсiнiң жолға қойылуы қоғамдық өмiрдiң
жандануын тездеттi, оған әсерiн тигiздi.
Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат
та ныту қоғамдары да, көпұлтты қазақ өлкесiндегi тұңғыш
мектептердiң қызметiне жаңа бағыт бердi. 1868 жылы
құрылған Түркiстан статистикалық комитетi, 1878 жылы
ұйымдастырылған Семей облыстық және кейiнгi жылдары
бiрiнен кейiн бiрi жұмысын жолға қойған басқа да ғылыми
ағартушылық мекемелер қазақ және өлкенi қоныстанған
басқа да ұлттар арасында ғылым мен бiлiмнiң, сауаттылықтың
негiздерiн таратуда белгiлi рөл атқарды.
Қазақстанды зерттеуде, бiрқатар еңбектер жариялауда
пәрмендi рөл атқарған орыс географиялық қоғамының
Түркiстан, Батыс Сiбiр бөлiмдерi, кейiннен ашылған
Семей бөлiмшесi қазақ жерiнде ғылыми экспедициялар
ұйым дастырды. Абай Құнанбайұлы Семей облыстық ста-
тистикалық комитетiнiң белдi мүшелерiнiң бiрi болғаны
жұртшылыққа мәлiм. 1883 жылы Семейде қоғамдық кiтап-
хана ашылды. Алғашында кiтап қоры 260 томнан ғана тұр-
ған бұл кiтапхана жылдан-жылға өсе бастады, кейiннен
қоғамдық өмiрдiң бiр орталығына айналды.
Осы қалаға жер аударылған А.Д.Блек, Е.П.Михаэлис,
А.В.Леонтьев, Н.И.Долгополов, П.Лобановский, С.С.Гросс
және де жергiлiктi халықтың өкiлдерi, соның iшiнде, Абай
Құнанбайұлы кiтапханаға құнды басылымдарды жинауға
атсалысты. Кейiннен Ресейдiң әр түкпiрлерiнен осы кiтап-
179
ханаға көптеген журналдар, әр ғылым салаларынан кiтаптар
келiп түсе бастады.
Ақысыз пайдаланатын қоғамдық кiтапханалар Тор-
ғай да, Орынборда ашылды. 1876 жылы Ташкентте ұйым-
дастырылған халықтың сауатын көтерудi басты мақсат
еткен арнайы комиссия да жергiлiктi тұрғындар арасында
бiрқатар iзгi өзгерiстердi жүзеге асырды. XIX ғасырдың II
жартысында өлкеде әртүрлi мектептердiң ашылуына әсер
еткен басты фактор, тек ағартушылық ғылыми мекемелер мен
кiтапханалар ғана емес едi. Патша үкiметiнiң отаршылдық
басқару жүйесiне тiлмаштарды даярлау қажеттiлiгi,
ша руа шылық және шенеунiк әкiмшiлiк мұқтаждығына
қыз мет кер лердiң жетiспеуi, аралас орыс-қазақ мектептерiн
жыл дан-жыл ға көбейтудi қажет еттi.
1861 жылы Троицк қаласында, Торғай маңайындағы
Орынбор бекiнiсiнде, Қазалыдағы №1-фортта ашылған орыс-
қазақ мектептерi қазақ жастарын қамтуға тырысқан осындай
типтегi оқу орындары болды. Алайда жеке бекiнiстерде
ұйымдастырылған қазақ мектептерiнiң материалдық жа-
ғы нан қамтамасыз етiлуi, ондағы оқушыларға бiлiм беру
дә режесi өмiр талабына сай келмедi. Қазалы және Перовс кi-
дегi мектептер кейiннен қалалық училищелер болып қайта
құрылды. Онда Қазанда, Петербургте бiлiм алған ұстаздар
сабақ бердi.
Қазақстанда халыққа бiлiм берудiң басты бағытта ры —
Орал, Семей, Торғай, Ақмола және Сырдария, Же тiсу об-
лыстарын басқару туралы уақытша ережеде айқындал ды.
Ағарту iсiн дамыту үшiн қазақтарға өз ерiктерiмен қаржы
жинауға құқық берiлдi.
Ал мұсылман дiн өкiлдерi қазақ ауылдарында мешiт жа-
нында мектептер ашу үшiн уездiк басқармадан ерекше рұқсат
алуы қажет болды. Қазақ шаруаларының шамалы бөлiгi ғана
ақы төлеп, казак станицаларындағы, орыс қыстақтарындағы
мектептерге балаларын оқуға беруге рұқсат алды. Алайда
қазақ жастарын орыс мектептерiнде оқытудағы патша өкi-
метiнiң мақсаты — тек балалардың сауатын ашу ғана емес,
со нымен қатар оларды отаршылдық пиғылда тәрбиелеу
едi.
Мектеп, медреселерде қазақ жастарының бiлiм алуына
мейлiнше кедергi жасауы, патша өкiметiнiң Орта Азия мен
Қазақстанда ислам дiнiнiң тарауына қарсылығының бiр
көрiнiсi едi. Орынбор губернаторы Крыжановскийдiң 1867
180
жылғы “Ресейдiң шығыс бөлiгiнде мұсылмандықпен күресу
жөнiндегi шаралары” да исламдық мектептерге шек қоюға
бағытталған арнайы әкiмшiлiк саясаттың бiр бағыты.
1879 жылы желтоқсанның 11-i күнi сол Н.Крыжановский
халық ағарту министрiне жолдаған хатында Орал, Торғай
облыстарында сауаттылық дәрежесiн көтеру мәселесiн айта
келе, қазақ мектептерi үшiн арнайы оқытушылар даярлайтын
оқу орындарын ашуды да қажет деп тапты. Оны бiтiргендердi
ауылдық старшын, болыстық iс жүргiзушi, тiптi молда
қызметтерiне тағайындау ұсынылған едi. Тұңғыш қазақ
мұғалiмдiк мектебi 1883 жылы Орынбор губерниясының
Орск қаласында ашылды. Оған басшылыққа және Торғай
облысы мектептерiнiң инспекторы қызметiне, ағартушы
Ыбырай Алтынсарыұлы тағайындалды. Бұл маңызды iс
оқытушылар дайындауды тездеттi.
Ағарту iсiнiң құрылымы. XIX ғасырдың аяғында
Қазақстанда ағарту iсiнiң төмендегiдей жүйесi қалып-
тасты: бастауыш оқу орындары, приход мектептерi, толық-
тырылмаған гимназиялар, орыс-қазақ аралас мектептерi,
ауылдық сауаттылықтың негiзiн үйрететiн мектептер. Орта
оқу орындары: реалдық училищелер, қыздар мен ер балалар
гимназиялары. Сонымен қатар мұғалiмдер семинариялары
орта буын оқу орындарына теңестiрiлдi. Арнайы маман
даярлайтын оқу орындары: қазақтың мұғалiм даярлайтын
мектептерi, ауылшаруашылық, малдәрiгерлiк, Торғайдағы
қолөнер мектептерi, Оралдағы қолөнер кәсiпшiлiгiне шәкiрттер
даярлайтын арнайы мектеп, Омбыдағы механикалық-техни-
калық училище, Атыраудағы теңiзде жүзу iсiн үйрететiн
мектеп, т. б. әртүрлi материалдық жабдығы бар оқу орындары
ашылды. Оқу iсiнiң ұйымдастырылу сапасына қарай 1872
жылы Омбыда, 1879 жылы Ташкентте ашылған мұғалiмдер
институты да Ресейдегi орта оқу орындары жүйесiнiң бiр
бөлiгi едi.
XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде — екi сегiз сыныпты ер
балалар гимназиясы, екi жетi сыныпты қыздар гимназиясы,
Верный қаласында сегiз сыныпты әскери гимназия, Оралда
реалдық училищенiң 6, 7 және 8 сыныпты ер балалар гим-
назиясы, Семейде 4 сыныпты ерлер, 5 сыныпты қыздар
гим назиясы ашылды. Сонымен қатар Қазақстанда шiркеу
приход мектептерi, жексенбiлiк сауат ашатын мектептер де
болды.
181
Патша өкiметiнiң кедергi жасауына қарамастан, мұсыл-
мандық мектептер мен медреселер жастардың сауатын ашуға,
инабаттылыққа баулуда белгiлi рөл атқарды. Пантюркизм
мен панисламизмнiң орын тебуiне қарсы күрес дегендi желеу
еткен өлкенiң генерал-губернаторлары осы мұсылман дiнiмен
байланысты оқу орындарының оқытушыларын әрдайым
қуғындап, әкiмшiлiк шаралармен қыспаққа алып отырды.
1870 жылы наурыз айының 26-ында қабылданған үкiметтiң
бұратана халықтар арасында сауат ашу туралы арнайы ере-
жесiнде, мешiттердiң жанында ашылған мектептерде орыс
тiлiн оқыту мiндеттi деп танылды.
XIX ғасырдың екiншi жартысында қалыптасқан мектеп-
терде бiлiм беру жүйесi (кейбiр өзiндiк ерекшелiктерiне
қарамай) жалпы Ресейлiк ағарту iсiне мейлiнше жақын
едi және әртүрлi нұсқаулар арқылы үкiмет империяның
орталық аудандарындағы бiлiм берудi ұлттық аймақтарға
таратуға әрдайым мүдделi болды. Торғай және Орал
облыс тарындағы қазақ және басқа тiлдерде бiлiм беретiн
оқу орындары Орынбор оқу округiне бағындырылды. Ақ-
мола және Семей облыстарындағы оқу орындары Батыс
Сiбiр оқу округiне қарады. Әртүрлi сипаттағы оқу орын-
дарындағы өзгерiстердi ретке келтiрiп отыру кеңсесi Томск
қаласындағы шенеунiктерге бағындырылды. Сыр дария
және Жетiсу облыстарындағы оқу орындарының қыз метiн
қадағалау Түркiстан генерал-губернаторлығына тапсы-
рылды. Шыңжаң нан Жетiсуға ойысқан ұйғырлар мен дүн-
гендер санының бiртiндеп өсуi, Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнде
басқа аудандармен салыстырғанда қазақтардың басым-
дылығы орыс-түземдiк мектептердiң көбiрек ашылуына
әсер еттi. Осыған байланысты өзiндiк ерекшелiктерi бар
әртүрлi буындағы мектептерде оқу iсiн жолға қою, қазақ
жастарының сауатын ашуда араб таңбаларын дамытудың
қажет екенiн көрсеттi.
Шығыс Қазақстанда түстi металлургия өндiрiсiнiң, Батыс
Қазақстанда мұнай өндiрiсiнiң жолға қойыла бастауы,
өлкенiң Орталық аудандарында көмiр өндiрiсiнiң дамуы осы
бай өлкенi игеретiн бiлiмдi инженер-техник мамандарды
даярлауды күн тәртiбiне қойды. Алайда Қазақстанда түрлi
шаруашылық салаларында мамандар даярлайтын бiрде-
бiр арнайы техникалық оқу орны болмады. Қаржының
тапшылығы Қазақстанда ағарту iсiн артқа тартқан бiр
кедергi болды. Мектептерде оқу iсiн ұйымдастыруға қажеттi
182
қаражаттың бiр бөлiгi жергiлiктi тұрғындар есебiнен жина-
латын. XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда ағарту iсiнде жан
басына шаққандағы шығын Ресейдiң Орталық аудандарымен
салыстырғанда әлдеқайда төмен едi.
Қазақстанда халық-ағарту iсiнiң дамуына кедергi болған
негiзгi себеп — оқу орындарының барлық буындарында
дерлiк бiлiмдi ұстаздардың жетiспеуi. Томскiнiң, Қазанның,
Мәскеудiң, т.б. iрi мәдени орталықтардың оқу орындарын
бiтiрген мамандар Қазақстандағы ауыр материалдық және
тұрмыстық жағдайға төзбей, қайтып оралатын. Жалақының
аздығы, оқу iсiн ұйымдастырудағы олқылықтар, оқу құрал-
дарының, кiтаптардың жетiспеуi де халық ағарту iсiнiң қар-
қындап дамуына кедергi болды.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Халық ағарту iсiнiң дамуына қандай жағдайлар әсер еттi?
2. Қазақстандағы оқу орындарының басты буындарын сипаттаңдар.
3. Ағарту iсiнiң әлсiз дамуының себептерiн қалай түсiндiру ге бола ды?
Құжаттар
Батыс сiбiр оқу бөлiмiнiң басшысына семей қалалық
5 кластық училище оқытушысының көмекшiсi
л.степановичтан
Баянхат
“Жоғарғы мәртебелiм, Сiзден қандай болса да бiр қызмет берудi
басымды ие өтiнемiн. 5 балам бар, Отанымда (туған жерiмде. — Ж.Қ.)
шешеме де көмектесемiн. 3 балам оқуда. Уездiк қалада (Өскемен.
— Ж.Қ.) бiр ғана жалақымен бала-шағаны асырау немесе оқыту
қиындығы менi қатты қиналтып жүр. 15 жыл мектепте ұстазбын. Өз
iсiмдi жақсы көремiн. Барлық қиыншылықтарға төзiп, шағымсыз
үндемегенiм де осыдан. Ауыр халiм ендi Сiзге осы жағдайымды
бiлдiруге мәжбүр етiп отыр”.
Государственный архив Томской области (ГАТО).
Ф. 126. ОП. 1. Д. 771. С. 27—29.
§ 33. МҰсылМАНДАРДыҢ АҒАРТУ ЖүЙЕсIНIҢ АХУАлы
Исламдық бiлiмнiң жағдайы. Ұзақ жылдар бойы қазақ
халқының сауаттылығы екi пайыз болды деп келдi, мұнда
тек Ресейге қосылғаннан кейiнгi орыс және орыс-қазақ
мектептерiнде бiлiм алған сауатты адамдардың саны ғана
есепке алынатын. Ал бұрынғы Ресей патшалығындағы
183
мұсылман халықтарының исламдық бiлiм алуын кiмде-кiм
анықтауға, зерттеуге тырысса, оның алдын орап, әртүрлi
айыптарға душар болатын.
XIX ғасырдағы Қазақстанда мұсылмандық бiлiм алу
көптеген жасанды кедергiлерге тап болды. Мұсылмандық
оқу орындарын аралаған патша шенеунiктерi көшпелi халық
арасында сауаттылықтың таралу мүмкiндiгiне сенiмсiздiкпен
қарады.
Үкiметтiң мақсаты — орыс және орыс-қазақ зиялы мек-
тептерiн ашу және кеңейту болды. Сонымен қатар төмен-
дегiдей мiндеттердi шешуге тырысты: жергiлiктi орыс қо-
ныс танушыларының бастауыш бiлiм алуға деген талабын
қана ғаттандыру, өлкедегi бай табиғи байлықты игеру үшiн
бiлiмдi мамандарды даярлау, бiртiндеп орнығып келе жатқан
отарлау жүйесiнiң басқармасы, болыстық, уездiк және
облыстық әкiмшiлiк үшiн сауатты адамдар даярлау.
Патша үкiметi ағартушылықпен ғана емес, көшпелi ха-
лықты орыстандырумен де айналысты.
Семей облыстық халықтық училищесi инспекторының
мойындауынша, оны “бiртiндеп және өте абайлап” жүр-
гiзуге тура келген. Сондықтан ресми құжаттарда, соның
iшiнде, патша губернаторларының жылдық есептерiнде
Қазақстандағы конфессионалдық мектептердiң барлық iсi
өз дәрежесiне сай келмейтiндiгi көрсетiлiп отырған.
Әрбiр ауылдағы мешiт жанында дiни мектеп болған. 1867—
1868 жылдардағы әкiмшiлiк-аумақтық реформаға дейiн
мектеп және медреселер, негiзiнен, кедергiсiз өз жұмысын
атқарып отырған. Қазақ даласындағы басқару жүйесi әкiм-
шiлiк құрылымның өзгеруiмен бiрге, дiни мектептердiң
қызметiне де өзгерiстер енгiзiлдi.
Ресей империясындағы мұсылман мектептерiнiң алдағы
дамуы туралы мәселе, алғаш рет 1870 жылы наурыз айын-
дағы үкiмет шешiмiнде, яғни “Бөтен христиандар мен татар
магометандар туралы” арнайы ережеде бекiтiлдi. Бұл ережеде
мемлекет қаржыландыратын қалалық және ауылдық бас-
тауыш мектептер, мұғалiмдер құрамына орыс тiлiн бiле тiн
оқытушы молда не татарша бiлетiн орыс мұға лiмi бо луы,
өз қаржысы есебiнен мұсылман заңдарын оқытатын мұға-
лiмдердi тарту көзделдi. Сонымен қатар ол ережеде жаңа
ашыл ған мектеп немесе медресе орыс мұғалiмiн алуға мiндеттi
болды, олай болмаған жағдайда мектеп ашылмайтын.
184
Ережедегi соңғы бөлiм көптеген қиындықтар туғызды,
көп жағдайда дәстүрлi мектептер мен медреселерде орыс
сыныптары болуынан бас тартқан ұстаздар қудаланды.
Сонымен 1870 жылғы 26 наурыздағы ережеге сәйкес орыс
сы нып тары “мұсылмандар көп тұратын барлық орыс қалала-
рында” бекiтiлдi.
Медресе жан-жақты бiлiм беруге негiзделдi. Онда құранды
оқумен қатар мүлiктi мұраға қалдыру және бөлу туралы заң,
юриспруденция, тарих, философия және жаратылыстану
энциклопедиясы, араб тiлiнiң грамматикасы, догматика,
логика сияқты ғылым салалары, математика, орыс тiлi
оқы тылды. Медресенi бiтiргендер өз бiлiмдерiн Бұхара
мен Ташкенттегi дiни оқу орындарында жалғастырып ке-
лiп, ауылда мұғалiм ретiнде медреселердiң қызметiне ара-
ласты. Кей медреселерде жаңа пәндер де енгiзiлдi. Мыса-
лы, метофизика, мұсылман заңдары және физика. Қазан,
Орынбор және Орта Азиядағы дiни семинарияларды, мед-
ре селердi және басқа да оқу орындарын бiтiрген мұғалiмдер
адам гершiлiк қасиеттi жоғары қойды.
Бiлiм берудiң жалпы барысы. Үкiмет мектеп пен мед ре-
се лердiң ұстаздар құрамын қатаң бақылап, оларды “пан-
тюркизм мен панисламизмнiң” буындары деп қарады. Орыс
тiлi жүр месе, әскери губернатор мектептi не медресенi жауып
тастайтын.
Мешiт жанындағы дiни мектеп жекеменшiк иесiнде болды.
Оқу үйлерiнiң жетiспеуiнен көптеген медреселерде, әсiресе
далалық облыстарда бала саны 70 шәкiрттен аспайтын.
Медре седегi оқу бағдарламасы үш, төрт, бес кейде он жылға
созылған.
Күнделiктi оқу кестесi 7.00-ден 11.00-ге дейiн және 13.00-
ден 16.00-ге дейiн жоспарланатын. Оқу жылы мамыр айында
басталып, тамызда аяқталатын.
Оқушылардың көпшiлiк бөлiгi шеткерi аудандардан
келiп, медресе жанындағы жатақханаларда тұрды. Орталық
әкiмшiлiк бұған ерекше назар аударып отырған. Халық
училищесiнiң инспекторы, статс кеңесшi Злобин 1901 жылы
21 ақпанда дала губернаторына жолдаған хатында: “Медресе
жанында тұратын оқушылар магометандық фанатизм
ықпалына түсiп, осы жатақханаға уақытша тоқтаған жүргiн-
шiлердiң арасында бiршама уақыттарын өткiзiп жүр”, — деп
жазды.
Қазақ жерiндегi дiни оқу орындары әртүрлi қоғамдас тық-
185
тар қолдауында болған. Олар жастар арасында ағартушы-
лық жұмыстарға өз үлестерiн қосып отырған. Бiрақ мұндай
ұлттық зиялы қауымды бiрiктiрген қоғамдастықтарға патша
әкiмшiлiгi терiс көзқараста болды.
Мектептер мен медреселердiң, қалалық және басқа кi-
тап ханалардың жабдықталуын, негiзiнен, жеке адамдар,
қайырымдылық ұйымдары, жергiлiктi мұсылмандық қоғам-
дар көтерiп отырды.
Петропавлдағы iрi мұсылмандық орталық жұмысына
татарлар және парсы-түрiк елдерiнен келген мұсылмандар
қатысып отырған. Қалалық мұсылмандар кiтапханасы осы
орталықтың қаржыландыруымен 1910 жылға дейiн жұмыс
iстедi.
Кейiннен Петропавл қоғамын тек бiр ғана мұсылман-
дардың мүддесiн көздейдi деген жаламен жауып тастады.
1905—1907 жылдары Ресейдегi революция үкiметтi ағарту
саласында жеңiлдiктер жасауға итермеледi. 1905 жылғы
17 қазандағы манифестен кейiн мұсылмандық мекемелерде
де, қоры жеткiлiксiз аз болса да кiтапханалар ашылды
және тегiн болды. Дегенмен, XIX ғасырдың аяғындағы
Қазақстандағы мұсылмандар мектептерiнiң санын толық
анықтау қиын.
Сонымен қатар қазақ жастары зайырлы оқу орындарында,
соның iшiнде, бастауыш оқу орындарында (прогимназияда,
қалалық училищеде, ерлердiң және әйелдердiң приходтық
училищесi, орыс-қазақ аралас мектебi және алғашқы са-
уат сыздықты жою мектебi), орта бiлiм беретiн ерлер мен
әйелдер гимназиясы, оқытушылар семинариясы, кәсiптiк
мектептерде (ауылшаруашылық, фельдшерлiк, қолөнер)
бiлiм алды. Қазақ балалары Омбы, Орынбор мұғалiмдер
институтында, Қазан, Томск, Петербург университеттерiнде
оқыған. 1896 жылы тек Торғай облысынан Ресейдiң әртүрлi
оқу орындарында 50-ге жуық негiзiнен қазақ студенттерi
бiлiм алған. Петербург университетiнiң стипендиаты, Семей
облысынан шыққан Жақып Ақбаев заң факультетiн бiтiрген
алғашқы кәсiби қазақ заңгерi болды.
Қазақ балаларының бiраз бөлiгi орыс мектептерiнде, соны-
мен қатар ауқатты отбасынан шыққан балалар үйде мұғалiм
жалдап бiлiм алған.
1897 жылғы санақ бойынша қазақтардың жалпы саны
4 млн-нан 5 млн-ға дейiн деп көрсетiлген. Соның iшiнде хат
танитындар саны, оның 10 пайызын құрайды.
186
Бұл деректер кеңес заманында жиi қайталанған “отар лық
кезiнде қазақтардың сауаттылығы екi пайыздан аспады”
де ген жалған қорытындының орынсыздығын көрсетедi.
Қазақстандағы бiлiм берудiң үкiмет саясаты, ең алдымен,
өздерiнiң отаршылдық ниеттерiн iске асыруға кедергi болып
отыр деп есептеген мұсылман мектебiнiң ықпалын әлсiретудi
мақсат еттi.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мұсылмандық оқу-ағарту iсiнiң құрылуы қандай жағдайда жүрдi?
2. Мектеп пен медреселердi ашудың қиыншылықтары қандай болды?
3. Мұсылмандық оқу орындарында оқыту қалай жүзеге асты?
4. Қазақтар арасында сауаттылық деңгейi қандай еді?
Құжаттар
Түркiстан өлкесiнiң бас инспекторы,
жоғарғы мәртебелi мырзаға
Баянхат
“Жетiсу облысының әскери губернаторының нұсқауына сай,
халық ағарту инспекциясының арнайы рұқсатын алмаған мұсыл-
мандық мектеп және медреселер жабылады. Ол туралы уездiк әкiм-
дерге арнайы тапсырма берiлдi.
...Қазiргi кезеңде ғалым-оқытушылар тек татарлардың арасынан
кездеседi. Дүнген, ұйғыр, сарт (өзбек) және қырғыздардан ондай
мұғалiмдердi таба алмайсыз.
...Мұсылман мектептерiн ғалымдармен қамтамасыз ету орыс-
түземдiк жүйе арқылы iске асырылса, оңды болар едi”.
ЦГА Узбекистана (г. Ташкент).
Ф. И47. ОП. 1. Д. 49. С. 36—37.
§ 34. ыБыРАЙ АлТыНсАРыҰлы ЖӘНЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰлы
ыбырай Алтынсарыұлы (1841—1889 жж.) — көрнектi
ағартушы, қоғам қайраткерi, жазушы, этнограф. Жаңашыл
педагог 1841 жылы қазан айының 20-да (жаңаша күн-
тiз бе мен — қарашаның 2-сi күнi) дүниеге келдi. 1844
жы лы әкесi ерте қайтыс болғаннан кейiн, жас Ыбырай
атасы Балқожа бидiң қамқорлығында болды. Оның туып
өскен жерi — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Ар -
қа рағай өңiрi. Дүниеден қайтқан соң, ол осында Тобыл
өзе нiнiң жағасында жерленген. Ыбырай 1850 жылы
Орын бор шекара комиссиясының қазақ балалары үшiн
187
ашқан мектебiне қабылданды. Ыбырай
жас кезiнен-ақ бiлiмге құштарлығын
байқатты. Мектепте орыс, араб, татар
және парсы тiлдерiнен және басқа да
негiзгi пәндерден үздiк нәтиже көрсет-
кен болашақ ағартушы Орынборда
айдауда жүрген әртектi зиялы қауым
өкiл дерiмен танысты. 1857 жылы осы
мектептi алтын медальмен бiтiрген ол,
Орынбор шекара комиссиясында әскери
старшина болып жұмыс жасайтын үлкен
әкесi Балғожа Жаңбыршыұлының
хатшысы болды. Бiраз уақыт Орынбор
облыстық басқармасында тiлмаштық
қызмет те атқарды. Ыбырайға 1860 жылы Орынбор (Тор-
ғай) бекiнiсiнде қазақ балаларына арналған мектеп ашу
тапсырылды. Ол осы мектепте орыс тiлiнiң мұғалiмi болып
қызмет еттi. Бұл бүкiл өмiрi ағартушылық-ұстаздық қыз-
метке арналған қайраткердiң өмiрбаянының бастауы едi.
Бұл жұмысқа белсене кiрiскен Ыбырай өзi тiкелей халықтан
жинаған қаржыға мектеп үйiн және интернат салғызып, 1864
жылы 8 қаңтарда мектептiң жаңа ғимаратын салтанатты
түрде ашты. Сонымен қатар Ыбырай Торғайда Орынбор
генерал-губернаторының тапсырмасымен қосымша уездiк
судья болды және Торғай уездiк бастығының аға жәрдемшiсi
жұмыстарын да атқарды. Кейiннен Ыбырай Торғай облыстық
ағарту инспекторы қызметiне тағайындалып, Елек, Қоста-
най, Торғай, Ырғыз уездерiнде екi сыныпты орыс-қазақ
мектептерiн ашты және оларды кiтаптармен жабдықтады.
Оның ұсынысымен көшпелi өмiр салтына сәйкес келетiн
мектептер үшiн қазақ ұлтынан оқытушылар даярлау қолға
алынып, 1888 жылы 10 сәуiрде Орскiде қазақ мұғалiмдерiн
дайындайтын мектеп ашылды. Ыбырай Алтынсарин, соны-
мен бiрге экономика, ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсiп-
шiлiгi салаларында мамандар даярлайтын училищелер
ашуға барынша назар аударды. Ол Қостанайда ашылатын
ауылшаруашылық училищесiне өзiнiң иелiгiндегi жердi
берудi өсиет етiп қалдырды. Ыбырай қазақ қыздарының
бiлiм алуына да көп көңiл бөлiп, Торғайда, Қостанайда,
Қарабұтақта, Ақтөбеде арнайы қазақ қыздары мектеп-
интернаттарын ашқызды.
ыбырай
Алтынсарыұлы
188
Ыбырай өз заманына белгiлi еуро па лық педагог-ғалым-
дардың, жазу шылардың жаңа типтегi оқу жүйе сiн дегi
тәжi рибесiн, озық әдiс теме лерiн басшылыққа ала отырып,
қазақ бала ларына бiлiмдi ана тiлiнде бер гiзуге айрықша
көңiл бөлдi. Ол, сондықтан да “Қазақ христоматиясы” атты
оқулықты, “Қазақтарға орыс тiлiн үйретудiң бас тауыш
құралы” атты дидактикалық оқу құралын жазып шықты.
Бұл еңбек тер қазақ балаларының орыс тiлiн же дел меңгеруiне
көмектесiп, сонымен қатар оларды өз халқын құрметтеуге,
еңбексүйгiштiкке, адамгершiлiкке тәрбиелейтiн тамаша
шығармалардың үлгiсiне айналды. Орыс алфавитi негiзiнде
құрастырылған бұл оқу құралдарын патша шенеунiктерi
басқа да далалық облыстардағы ауылдық мектептерде
пайдалануға мүд делi болды. Әрине, Едiл бойында, Сiбiрде,
Орта Азияда және Қазақстанда миссионерлiк қозғалыстың
рухтан ды рушысы Н.И.Ильминскиймен тығыз байланыста
болған Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарасына осы
белгiлi адамның әсерi тидi. Соған қарамастан ол миссио-
нерлердiң ықпалында кетпей, керiсiнше оларды өз мақсаты-
на жету үшiн пайдаланды.
Ыбырай Алтынсарыұлы — педагог, жаңашыл ағартушы
ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар кейiнгi ұрпақтарға
мол мұра қалдырған ғалым-этнограф. Әсiресе Алтынсары-
ұлының көңiл аударған саласы — қазақ халқының әдет-
ғұрпы. Ауыл өмiрiн көптеген әңгiмелерiне арқау еткен
ғалым-педагог осы салада көптеген ой-пiкiрлерiн ұсынды.
Ыбырай, сонымен қатар қазақ халқының ауыз әдебие-
тiнiң үлгiлерiн жинап, жариялауда да белгiлi болды. Қа-
зақ халқының тарихы жөнiнде де мәлiметтер жинаған
ағар тушы шығармаларының тәрбиелiк мәнi зор едi. Ол
оты рықшылықты, жер шаруашылығын дамытудың жар-
шысы болды. Көпшiлiкке белгiлi “Қыпшақ Сейiтқұл” атты
әңгiмесiнде Торғай өзенi бойында жатақшылыққа кө шiп,
егiншiлiкпен айналысқан қазақтардың өмiрiндегi өзгерiс-
тердiң уағыздаушысы болды. “Талаптың пайдасы”, “Байлық
неде” сияқты прозалық шығармаларының мазмұны — қазақ
қауымының өмiрiн қайтадан жандандыруды көксеген ағар-
ту шының арманы.
Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы (1845—1904 жж.) — қазақ
халқының жазба әдебиетiнiң негiзiн салушы, ойшыл, ұлы
ақын, философ. Туған жерi — бұрынғы Семей облысына
қарасты Шыңғыс тауының баурайы болатын. Орта жүз
189
арғын тайпасының тобықты руын би-
лейтiн атақты әулеттен шыққан. Әке-
сi Құнанбай да, атасы Өскенбай да өз
заманының озық ойлы, беделдi тұл-
ғалары болатын. Шешесi — Ұлжан сөзге
шешен, тапқыр да, алғыр қазақ қыз -
дарының бiрi едi. Осындай тектi орта
Абайға ерекше қабiлет және ақыл бере
алды. Кейiн Құнанбай баласын Семей-
дегi Ахмет Ризаның медресесiне оқуға
бердi. Медреседе ол Шығыс әдебиетiн көп
оқыды, қаладағы орыс мектебiне барып
жүрдi. Мектепте жүрген шағында өзi де
ақындық талантын байқата бастады. Алайда ел билеу iсiне
балаларын да тартқысы келген атақты аға сұлтан Құнанбай
Абай дың қаладағы оқуын аяқтатпады. Әкесi де баласының
болашағынан үлкен үмiт күттi. Сондықтан да ол Абайды өзiне
жақын ұстап, ел басқару iсiн меңгеруге тәрбиелей бастады.
Мұның өзi Абайды қазақ халқының рухани мұраларымен
танысуға тәрбиеледi. Бiртiндеп ол әкесiнiң төңiрегiндегi
қазақ билерi тәрiздi көсiле, шешен сөйлеуге дағдыланды
және әдiл билiгiмен жас кезiнен-ақ елге танылып, есiмi
алысқа кеттi. Ру тартыстарынан көп нәрсенi байқаған оның
әкесi Құнанбаймен көзқарастары бiрыңғай қалыптаспады.
Алайда ол әкесiн ерекше құрметтедi.
Ақынның маңайына топтасқандар iрi ру басылары, белдi
ақсүйектер емес, қарапайым топтан шыққан талантты
қазақ жастары едi. Семейде кездес кен, кейiнгi жылдары
байланысы үзiлмеген орыс зиялы қауымының өкiлдерi де
Абайға жан-жақты ықпал еттi. Ресей азаттық қозғалысының
Семейде айдауда болған белгiлi өкiлдерi — Е.П.Михаэлис,
А.В.Леонтьев, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов, тағы басқалар
оның ақындық шығармашылығының демократиялық
бағытта қалыптасуына себепшi болды.
Абай да патшалық дара билiктен орыс халқын айыра бiлдi.
Орыс-қазақ еңбекшiлерiнiң достығын уағыздаған Абай орыс
халқының тiлiн, мәдениетiн үйренуге шақырды.
Орыс демократиялық мәдениетiнiң көрнектi өкiлде-
рi — А.С.Пушкинге, М.Ю.Лермонтовқа, М.Е.Салтыков-
Щедринге, Лев Толстойға және басқа да ойшыл ақын-
жазушылардың шығармашылығына бас идi.
Абай Құнанбайұлы
190
Тек ұлы ақын ғана емес, сонымен қа-
тар көрнектi, халық кең таныған сазгер
болған Абай, Пушкиннiң “Евгений Оне-
гинiнен” өзi аударған бөлiмдерiне ән
шығарды. Абайдың әсерiмен ақындығы
толысқан үлкен ұлы Ақылбай мен
немере iнiлерi Шәкәрiм мен Кәкiтай,
кiшi ұлы Мағауия да орыс халқының
мәдениетiне терең көңiл қойып, өздерi
де поэзиялық туындылар жазды.
Абайдың балалары да әкесiнiң ақы-
лымен орыс мектептерiнен бiлiм алды.
Ұлы Әбдiрахман Петербургте Михайлов
артиллерия училищесiн бiтiрдi, бірақ
өкінішке қарай, жастай дүние салды. Абайдың лирикалық
өлеңдерi қазақ халқына арналды. Оның өлеңдерiнен қазақ
жерiнiң, қазақтың ұлттық психологиясының ерекшелiктерi
айқын көрiнедi. Ол шығыстың хикаяларын және әдебиетiн
жетiк меңгердi. Оның “Масғұт” және “Ескендiр” атты өлеңдерi
шығыстың екi хикаясын баяндайды. Абайдың ислам дiнiне
деген көзқарасы, оның идеяларын құрметтеуге құрылды.
Ол өзiнiң исламға байланысты өзiндiк қорытындыларын
философиялық тұрғыдан өлең түрiнде баяндады. Абай
шығармаларында өлеңдерден басқа ғақлия (қара сөз) деп
аталатын прозасы және орысшадан аударылған өлеңдерi
өзiндiк орын ал ды. Ақын өлеңдерiнде өзi өмiр сүрген қо-
ғамдағы адам баласына тән ерiншектiк, дарақылық, жал-
қаулық, күн шiлдiк, өтiрiкшiлдiк, өсекшiлдiк, мақтан шақ-
тық, жағым паздық, жiкшiлдiк тәрiздi мiнез-құлықты аяусыз
сынып, өзiнiң талантты шығармаларымен қазақ халқына
рухани тәрбие беруге баса көңiл бөлдi.
Патша әкiмшiлiгi халық арасында жоғары беделге ие бол-
ған ақынның халық мүддесiн қорғауына наразылық бiлдiрдi.
Полицейлiк қарауыл қойып, ақын шығармашылығы на
губернатордың қысым жасауы да осыған байланысты едi.
Абай әндерi, өлеңдерi қазақ даласына кең тарады.
Алай да рулық-патриархаттық дәстүрге мойынсұнған топ -
тар Абай ға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттен дi.
Ұлы ойшылды күндеп, ақындық шабытын уланды руға ты-
рыс ты. Бiлiмдi де талантты Әбдiрахманның (1895 ж.), одан
кейiн гi сүйiктi баласы Мағауияның (1904 ж.) құрт ауруынан
дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. Ол 1904 жы-
Абайдың ұлы
Мағауия
191
лы қайтыс болды. Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы
кемеңгерi едi. Абай шығармаларының терең, пәлсапалық
ойлы мазмұны — ұрпақтарға қалған өшпес мұра. Ақынның
денесi Шыңғыс таудағы Жидебай мекенiнде жерленген.
Бұл жерде қазақтың екi ұлы перзентiне — Абайға және
оның немере iнiсi Шәкәрiмге бүгiнгi ұрпақтың атынан қос
мұнаралы сұлу кешендi мазар тұрғызылған.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ыбырай Алтынсарыұлының ағартушылық көзқараста ры қалай
қалыптасты?
2. Абай шығармаларына, көзқарасына қандай жағдайлар әсер еттi?
Құжаттар
Дала генерал-губернаторы мырзаға
Құпия
23 қыркүйек, 1903 жыл.
“...Құнанбайұлы өте ақылды, парасатты адам, ол алты жыл би
болған. Тоғыз жыл Шыңғыс болысын, одан соң үкiметтiң таға йын-
дауымен Мұқыр болысын басқарды.
Құнанбайұлының қызметi парасаттылықпен, iске тыңғылық-
тылықпен, жiгерлiлiкпен, үкiметке берiлгендiгiмен, дiн жолынан
аулақ тұрғандығымен көзге түстi. Балалары орысша оқып, жазады.
Құнанбайұлы орыс әдебиетiне мейлiнше қызығады, кiтап, газет-
жур налдарды жаздырып алады. Бұрынғы жылдарда өлкедегi
бұра таналар арасында беделi зор болатын. Бұл күндерi оның әсерiн
бұрынғы күндерiмен салыстыруға келмейдi. Ол қартайды, денесi
ауырлады. Қырғыздардың iсiне араласпайды. Өзiн партиялардың
күресiнен алшақ ұстайды.
Құнанбайұлының жергiлiктi әкiмдермен пiкiр алысуы, оның
мемлекеттiк мүдделердi толық түсiнетiндiгiн бiлдiредi, бiздiң елi-
мiз дiң азиялық иелiктерiндегi мәдени iстерiмiз жөнiнде дұрыс
пiкiрде.
Ол мұсылман фанатиктерiнiң үкiмет iстерiне қарсылық жасауын
айыптайды... Бұл мәлiметтер Құнанбайұлы тарапынан ешқандай
саяси қауiп жоқ екенiн дәлелдейдi және оны шүбәсiз жандардың
қатарына қосқан жөн.
Бас штабтың генерал-майоры, Семей облысының губернаторы
Галкин”.
Касымбаев Ж. История одного документа//
Простор. 1974. №6. С. 96-97.
192
Достарыңызбен бөлісу: |