Т. Омарбеков — тарих ғылымдарының докторы, профессор Қасымбаев Ж


§ 35. ҚАзАҚ ХАлҚыНыҢ ӨНЕРI ЖӘНЕ МУзыКА



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата02.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#1030
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
§ 35. ҚАзАҚ ХАлҚыНыҢ ӨНЕРI ЖӘНЕ МУзыКА 
МӘДЕНИЕТI
сурет және қолданбалы өнер. Алдыңғы қатарлы орыс 
суретшiлерi қазақ халқының өнерi мен табиғатын бейнелеуге 
зор үлес қосты. Әртүрлi экспедициялар құрамында қазақ 
жерiнде болған Б. С. Смирнов, О. Федченко, П. Ко шаров 
және басқа да сурет өнерiнiң белгiлi өкiлдерi бiр қатар туын-
дыларында жергiлiктi халықтың өмiрiн бей не ледi. Әсiресе 
белгiлi орыс суретшiсi В.Верещагиннiң шығар ма ларында 
Қазақстан, Орта Азия тақырыбы үлкен орын алды. “Лепсi 
өлкесiн қоршаған таулар” атты картинасы қазақ жерiнiң 
сұ лулығын асқан шеберлiкпен бейнелейдi.
Көрнектi суретшi Н. Хлудовтың өнерi, негiзiнен, Қазақ-
стан тақырыбымен байланысты. Суретшiнiң бiзге жеткен 
“Көш”, “Мал айдау”, “Отынға бару” секiлдi шығармала-
рында қазақ елi аса сүйiспеншiлiкпен бейнеленген.
Қолданбалы өнер — қазақ халқының өмiрiнде ертеден 
дамыған салалардың бiрi. Жергiлiктi ұста, шеберлер мен 
зергерлер дайындаған бұйымдар Петропавлдағы, Көк-
шетаудағы (1896 ж.) көрмелерде жұртқа таныстырылды.
Қолөнер салалары — үй кәсiпшiлiгi тұрмыс қажетiн өтеуге 
және мал шаруашылығы шикiзатын өңдеуге бағытталды. 
Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өзiндiк әдiстерге негiз-
делдi. Белгiлi еңбек бөлiнiсiне сай әйелдер жүн түту, жiп 
иiру, алаша тоқу, киiз басумен айналысса, ер адамдар терi-
ден, күмiстен, былғарыдан тұрмысқа, шаруашылық өмiрге 
қажеттi заттар мен сапасы жағынан көз тартатын бұйымдар 
дайындайтын.
Қазақтардың бiртiндеп отырықшылыққа ауыса бастауы, 
қолөнердiң бұрын кең таралмаған салаларының дамуына 
жол ашты.
Ағаш өңдеу кәсiбiнде ағаш шеберлiгi бұрынғыдан да 
кең тарай бастады. Көшпендi және жартылай көшпендi 
қазақтар үшiн ағаштан оюлап сәндi заттар жасау ежелден 
ке ле жатқан кәсiп едi. Тұрмысқа қажеттi бұйымдарды былай 
қойғанда, ендi егiн шаруашылығы үшiн жетiлдiрiлген құрал-
жабдықтар дайындаудың қажеттiлiгi де арта түстi.
Ою-өрнектi киiз басу, түрлi сапалы бұйымдар, әсiресе 
ерекше ұлттық өрнектермен тоқылған алаша, сырмақтар 
жасау жоғары дәрежеге жеттi. Әйелдердiң кимешек-
жау лықтарын, кiлем-қоржындарды кестелеп тiгуге баса 

193
мән берiлдi. Киiз үйдiң iшiн сәндеу де қазақ өнерiнiң бiр 
дәстүрлi көрiнiсi. Көздiң жауын алатын шидiң өзi тама-
шалауға тұратын сапада жасалатын. Ағаш ою, кебеже, 
қобдиша, сандық, ағаш төсектердi жасағанда кең түрде 
пай даланылатын ұлттық өнердiң ежелден келе жатқан 
түрлерiнiң бiрi — сүйектi өңдеу, ою. Темiрден жасалған 
сапалы құрал-жабдықтар күнделiктi өмiрде кең орын алды. 
Базардан не жәрмеңкелерден айырбаспен немесе сатып 
алынған темiр құралдар ағашты, сүйектi өңдеудi, оларға 
тамаша ою салып, өң берудi жеңiлдеттi.
Ауыл зергерлерiнiң сақина, сырға, алқа, белдiк, бiлезiк, 
жүзiк сияқты заттарды әсемдеп жасауы да кең таралды. 
Қазақ ауылында зергерлiк әсем бұйымдарды жасайтын 
шеберлер құрметке бөленетiн. Көздiң жауын алатын мұндай 
тамаша бұйымдарды кедейлердiң сатып алуға халдерi кел-
мейтiн. Халық шеберлерi жасаған тамаша бұйымдардың 
игi лiгiн көретiн, негiзiнен,  ауқатты топтар едi.
Қазақтың қолөнерлiк, зергерлiк өнер туындылары — 
көрнектi бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де 
белгiлi болды. Тiптi шетелдерге де әйгiлi едi. 1868 жылы 
Париждегi дүниежүзiлiк көрмеге қойылған бұйымдар iшiнде 
қазақ зергерлiк өнерiнiң заттары, ұлттық киiмдер болған. 
Қазақ музыка аспаптары  1872 жылы Мәскеуде өткiзiлген 
көрмеде жұртшылыққа таныстырылды.
Музыка өнерi. XIX ғасырдың екiншi жартысы — көрнектi 
халық сазгерлерi мен классикалық сипатта қалыптаса 
бастаған музыка өнерiнiң негiзi қаланған кез. Белгiлi 
қа зақ сазгерлерiнiң шығармаларынан қазақ халқының 
ұлт тық психологиясын, оның дарқандығын, кеңдiгiн, ға-
жайып батырлығын, қазақтың кең даласының асыл қа-
сиеттерiн, қазақ халқының ерекше мiнез-құлқын айқын 
аңғара аламыз. Сондықтан да бұл кезеңде дүниеге келген 
музыкалық шығармалар халықтың бойына және сезiмiне 
дәстүрлi жарқын қасиеттердi көптеп сiңiруге зор үлес қос-
ты. Сонымен қатар бұл музыкалық шығармалар қазақ 
хал қының рухани мәдениетiнiң жарқын үлгiсi ретiнде дү-
ниежүзiлiк адамзат мәдениетiнiң өркендеуiне қосылған зор 
үлес болып табылады. Осындай ұлттық музыка өнерiнiң 
саңлақ-тарландары қатарында — Тәттiмбет Қазанғапұлы, 
Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, 
Бiржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақан серi 
Қорамсаұлы, Ықылас Дүкенұлы, т.б. ерекше орын алады.

194
Тәттiмбет Қазанғапұлы (1815 — 1860 жж.)  — шертпе 
күй негiзiн қалаушылардың бiрi. Қазақтың әйгiлi күйшi-
композиторы. Туған жерi Қарағанды облысының Қарқаралы 
ауданындағы Дастар тауының етегi. Бұл жер Мөшеке бұла-
ғы деген атпен белгiлi. Мөшеке Тәттiмбеттiң үлкен әкесi 
болып табылады. Тәттiмбет бар болғаны 45 жыл ғұмыр 
ке шiп, қырықтан астам күй шығарған. Солардың iшiнде: 
“Сар жайлау”, “Бес төре” “Былқылдақ”, “Балбырауын”, 
“Салқоңыр”, “Алшағыр”, “Солқылдық”, “Көкейкестi”, 
“Қосбасар”, т.б. күйлерi бар. Тәттiмбет — лирик сазгер. Оның 
күйлерiнде, негiзiнен, өмiр тартысы, тағдыр тауқыметi, 
сарғайған үмiт, сұлулыққа құштарлық байқалады. Тәттiмбет 
шығармаларында әлеуметтiк теңсiздiкке қарсы әуен де бар. 
Сазгердiң “Бестөре” күйi халықты қыспаққа алып, жәбiрлеп 
жатқан төрелердi түйреуге арналған.
Тәттiмбет ел басқару iсiне ерте араласты. 1842 жылдан 
1845 жылға дейiн ол Қарқаралы округiнде болыстық қыз-
метте болды. Бұл жұмыстан өз арызы бойынша боса тылған 
ол, 1855 жылы Петербургке барып, Ресей патшасы II Алек-
сандрдың таққа отыру салтанатына қатысқан. Сондай-ақ 
ол өз заманының озық ойлы азаматтары Шоқан Уәлиханов, 
Григорий Потанин, Адольф Янушкевич сияқты оқымысты 
ғалымдармен, Алшынбай, Құнанбай, Шорманның Мұсасы, 
Уәлиханның Шыңғысы тәрiздi дала билеушiлерiмен, 
Шөже, Бiржан сал, Жаяу Мұса, Ықылас, Тоқа тәрiздi әншi-
күйшiлермен тығыз қарым-қатынаста болған. Тәттiмбеттiң 
өнерi туралы Бiржан салдың былай деп сүйсiнiп айтқаны 
бар:
“Тәттiмбет — ардагерiм, арғын асқан,
Қырық түрлi күй айналған бармағына”.
Құрманғазы сағырбайұлы (1818 — 1889 жж.)  — ұлы 
күй шi, композитор. Бөкей Ордасының Жиделi деген же-
рiнде дүниеге келген. Шыққан тегi Кiшi жүз, он екi ата 
Байұлының қызылқұрт ру бұтағынан. Исатай, Махамбет 
тәрiздi тарихи тұлғалар шыққан берiш руы оның нағашы 
жұрты. Құрманғазы жасынан ән-күйге әуес болып, Дәу-
лет керей күйшiмен сырлас, өнерпаз ортада өскен. Ол Бө-
кей ордасындағы атақты халық сазгерлерi Байбақты, Бай-
жұма, Баламайсаң, Соқыр Есжан, Шеркештiң күйлерiн 
үйренiп, орындаушылық шеберлiгiн шыңдады. Есейе келе, 
домбырашы, күйшiлiктi арнайы өнерге айналдырды. Ұлы 

195
күйшiнiң бүкiл өмiрi мен шығармашылығы әлеуметтiк 
әдiлетсiздiк пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өттi. 
Домбырасын қару еткен Құрманғазы азаттық үшiн күрестi 
өмiрiнiң бiр арқауы деп қарады. 
Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Құрманғазының 
алғашқы күйлерiнiң бiрi — “Кiшкентай” шаруалар көтерi-
лiсiнiң жетекшiсi Исатай Тайманұлына арналған. “Ақбай”, 
“Ақсақ киiк”, “Көбiк шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” 
сияқты күйлерiнде азат өмiрдi аңсаған халықтың үмiтi, 
өмiр тартысы, езушiлерге қарсы өшпендiлiгi суреттелген. 
Сазгердiң “Сарыарқа” атты туындысы еркiндiктi аңсаған 
халықтың жеңiлмес кейпiн, аяулы арманын көз алдыңа 
әкеледi. Күйшi осы шығармасы арқылы туған жердi, кең-
байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайды.
Құрманғазы шығармаларының iшiнде би күйлерi де 
бар (“Қызыл қайың”, “Балбырауын”). Үстем тап өкiл-
дерiнiң “ұры”, “қарақшы” деп жала жабуы салдарынан, ол 
Орал мен Орынбор абақтысында отырған. Ауызша дерек-
терге қарағанда, Иркутск түрмесiнiң де азабын басынан 
кешiрген.
1880 жылдардың аяғында Құрманғазы Астрахан маңын-
дағы Сахмаға бiржола қоныс аударды. Күйшiнiң маңына 
оның шәкiрттерi — Дина, Ерғали Есжанұлы, Меңдiғали 
Сүлейменұлы, т.б. топтасты. Халық арасында есiмдерi әйгiлi 
Сүгiрәлi, Көкбала, Шора, т.б. домбырашылар өздерiнiң 
Құрманғазының шәкiртi болғанын мақтан еттi. Аспаптық 
музыка өнерiнiң алыбы Құрманғазының алпыстан астам 
күйлерi сақталған, оның қазақ халқы мәдениетiне қосқан 
үлесi мен орны ерекше дараланып тұрады. Күй алыбы 
Құрманғазының қабiрi — Астрахан (Ресей) облысының 
“Құрманғазы төбе” деп аталатын жерiнде.
Дәулеткерей Шығайұлы (1814—1887 жж.)  — күйшi, 
сазгер, домбыра өнерiндегi лирикалық бағыттың негiзiн 
салушы. Дәулеткерей ақсүйектер тобынан шықты. Оның 
ата-бабасы қазақ хандарының ұрпақтары. Бөкей хан 
өлген нен кейiн Дәулеткерейдiң әкесi Шығай сегiз жылдай 
Бөкей ордасында хан болған. Сондықтан да Дәулеткерей 
күй өнерiнде төре күйлерi дәстүрiн орнықтырып, арнайы 
мектепке айналдырған. Дәулеткерейдi академик А.Жұбанов: 
“Төре күйлерiнiң атасы”, — дейдi. Дәулеткерей соқыр 
Есжан, Байжұма, Мүсiрәлi сияқты талантты күйшi-дом-
бы ра шылардың тәлiм-тәрбиесiн көрдi. Оның өнерiне, әсi-

196
ресе Құрманғазының ықпалы зор. Хандар тұқымынан 
шық қан Дәулеткерейдi патша үкiметi дала әкiмшiлiк бас-
қармасының құрамына енгiзiп, өздерiнiң ықпалына тар-
туға әрекет жасады. Алайда ол халықтың мүддесiн жоғары 
орынға қойып, отаршылдыққа қарсы өзiнiң наразылығын 
күйлерiнде айқын байқатты. Оның “Тартыс”, “Шолтақ”, 
“Топан”, “Жiгер” сияқты күйлерi халықтың мұң-мұқтажын 
қорғаудан туған талантты туындылар. Осылардың iшiнде, 
өнертанушылар “Жiгер” күйiн Дәулеткерейдiң ғана емес, 
бүкiл қазақ күйлерiнiң асқар биiгi ретiнде бағалап ке-
ледi. Дәулеткерейдiң адам сезiмiнiң жарқындығын және 
жалындылығын суреттейтiн жүрек тербер “Қыз Ақжелең”, 
“Қосалқа”, “Ысқырма”, “Желдiрме”, “Қоңыр”, “Құдаша” 
сияқты күйлерi қазақ күй өнерiнiң тамаша үлгiлерi болып 
табылады. Дәулеткерейдiң талантты шығармалары, оның 
өзiнiң айналасындағы ортаны ғана емес, болашақ ұрпақты 
да өнерпаз болып қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Бiржан Қожағұлұлы (1835 — 1897 жж.) — атақты сазгер, 
әншi, ақын. Ол Солтүстiк Қазақстан облысының Жамбыл 
ауданына қарасты Жаңажол ауылының аймағыда туған. 
Қайтыс болған өңiрi Ақмола облысының Еңбекшiлдер 
ауданына қарасты, “Қожағұл бүркеуi” деп аталатын жер. 
Шыққан тегi Орта жүз, керей руының көшебе тармағы. Үлкен 
әкесi Қожағұл Ресей отаршылдарының қысымынан қашып, 
Көкшетау, Ақмола өңiрiне қоныс ауда руға мәжбүр болған. 
Ол алғаш Қызылжардағы 2 жыл дық орыс-қазақ мектебiнде 
оқып, онан кейiн медре седе жалғастырған. Бiржанның 
медреседегi өнерпаз ұстаз дары оны дiни ғибадатшылдықпен 
қоса ән-күй өнерiн, ақын дық-жыршылықты меңгеруге 
тартқан. Ол Қызылжар медресесiнде араб, парсы, шағатай 
тiлдерiн меңгерiп және қол өнерiнiң алуан түрлерiнiң ше-
берiне айналып, өз ортасына танымал адам болып шыққан. 
Жиырмаға келген кезiнен өзi ән шығара бастаған. 1865 
жы лы Абаймен кездесуi оның сазгерлiк, әншiлiк, ақындық 
өнерiнiң дами түсуiне әсер еттi. Сонымен бiрге Бiржан 
салдың өзi де кейiнгi Жаяу Мұса, Құл тума, Ақан серi, Балуан 
Шолақ, Үкiлi Ыбырай тәрiздi әншi-композиторлардың шы-
ғармашылығына үлкен ықпал жасады.
Бiржанның алғашқы әндерiнiң бiрi — “Бiржан сал”. Оның 
шығармашылығы өзi өмiр сүрген заманның әлеуметтiк 
оқиғаларын, адамгершiлiк, iзгiлiк мәселелерiн қозғайды. 

197
Бiржанның ақындық, музыкалық өнерiнен демократиялық 
бағыт анық көрiнiп тұрады. Бiржанның “Ғашығым”, “Бiржан 
сал”, “Айтбай” сияқты әндерi — оның шығармасындағы 
шоқтығы биiк туындылар.
Оның “Ақтентек”, “Айбозым”, “Көкек”, “Жоныпалды” 
сияқты әндерi қазақ халқының адамгершiлiк-iзгiлiк қасиет-
терiн, көңiл күй толғаныстарын шынайы бейнелеген ұлттық 
ән өнерiн байытатын талантты дүниелер.
Бiржан — дарынды ақын. Оның Сарамен айтысы  Бiр-
жанның суырыпсалма ақындық талантын елге танытты. 
Өнерде жалғыз болмаған Бiржан маңайына талантты өнер-
паздар топтасты, серiктесiп жүрдi. Бiржанның 40-қа жуық 
әндерi бiзге жетiп отыр. Композитор М.Төлебаев “Бiржан—
Сара” операсын жазып, Бiржан шығармашылығын әлемге 
танытты.
Жаяу Мұса Байжанұлы (1835 — 1929 жж.)  — атақты 
халық сазгерi, әншi-композитор. Баянауылдағы Жасыбай 
көлiнiң жағасында туды. Шыққан тегi Орта жүздiң арғын 
тайпасының сүйiндiк руы. 4 жасында Байжанның ағасы 
Тайжан қолына алып оқытып, арабша сауатын ашқан. 
1851 жылы Петропавл қаласына келiп, орыс мектебiне 
оқу ға қабылданады және осында қала өнерпаздарымен 
ара ласып, әртүрлi муызка аспаптарында — домбырада, 
сыр найда, скрипкада ойнауды үйренедi. Сонымен бiрге ол 
осында музыкалық әдеби кештерге қатысып, ән салып, 
өзiнiң талантын елге таныта бастайды. Қаладағы саяси-
әлеуметтiк өмiрдi жақсы таныған ол, елге қайтып оралып, 
өзiнiң өнерiмен әлеуметтiк әдiлетсiздiкке қарсы әрекеттер 
жасайды. Осы мәселе оның әйгiлi “Ақ сиса” атты әнiнде 
айқын көрiнiс бердi. Осыған байланысты Жаяу Мұсаға патша 
саясатына наразы адам деген айып тағылып, Тобылға жер 
аударылды. Түрмеде ол генерал-губернатордың атына хат 
жолдап, өзiн әскер қатарына алуды сұрайды. Оның өтiнiшi 
қанағаттандырылып, Ресейдiң Қазан, Новгород, Мәскеу, 
Владимир, Петербург тәрiздi қалаларында қызмет етедi, 
Польша, Литва жерлерiн көредi. Кейiнiрек Жаяу Мұса 
генерал М.Г.Черняев отрядының құрамында Шымкент, 
Әулиеата жорықтарына қатысты. Генералдың қазақ-өзбек-
терге жасаған озбырлығына куә болды.
Өзiнiң отаршылдарға деген наразылығын, туған жерге 
сағынышын Жаяу Мұса әнге қосып, “Сүйiндiк”, “Арап 
ұрыға”, “Бозторғай” атты шығармаларын жазды. Елiне 

198
оралған соң, әлеуметтiк теңсiздiкке қарсы әндер шығаруды 
онан әрi жалғастырды.
Жаяу Мұсаның сазгерлiк өнерi осыдан кейiн жаңа сатыға 
көтерiлдi. “Ақ сиса”, “Хаулау” (алғашында “Хаулилау“), 
“Шорманұлына”, “Толғау”, “Баянауыл”, “Сұршақыз” әндерi 
осы кезде туған.
Жаяу Мұса сазгер ғана емес, өзi шығарған 70-ке жуық 
әннiң барлығының дерлiк сөздерiн өзi жазған. Орысша, 
қазақша бiрдей сауатты Жаяу Мұса — сол кездегi қоғамдық 
оқиғаларға белсене араласқан, әдебиет пен өнердiң дамуына 
айтарлықтай үлес қосқан. Жаяу Мұса артында мәңгi өлмес 
шығармалар қалдырды.
Ақан серi (Ақжiгiт) Қорамсаұлы (1843 — 1913 жж.) — ақын, 
сазгер, дарынды күйшi. Солтүстiк Қазақстан облысының 
Айыртау ауданының Үлкен Қоскөл маңында туған. Шыққан 
тегi арғын iшiндегi қарауыл руынан. Алғашқыда ауыл 
молдасынан сауат ашып, содан соң 1856—1859 жылдары 
Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) медресесiнде оқыған. 
Оқу бiтiрген соң өз ауылына қайтып, бүкiл өмiрiн қазақ 
өнерiне арнады. Оның өнерге берiлгендiгiн және бекзаттығын 
қадiрлеген халық “Ақан серi” деген ат бердi. Ақан серiнiң 
әндерiнiң көпшiлiгi, адамдар арасындағы шынайы пәк 
сезiмге толы қарым-қатынастарды сұлу сазбен жырлайды. 
Олардың қатарында — “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алты-басар”, 
“Ғашық жарға” тәрiздi елдiң құрметiне бөленген әндер бар. 
Қазақтың дәстүрлi сал-серiлiк әдет-ғұрпын барынша сән-
салтанатпен ұстаған Ақан серiнiң жүйрiк ат, қыран бүркiт, 
құмай тазы баптап, аңшылық дәстүрдi кәсiп еткенi де бел гiлi. 
Қазақ даласының бай табиғаты, осындай ерекше дәстүрлерi 
Ақан серiнiң әншiлiк, ақындық шабытын арттырып, дүниеге 
“Құлагер”, “Маңмаңгер”, “Көкжендет”, “Екi торы ат”, “Тер 
қатқан” тәрiздi тамаша әндердiң келуiне ықпал жасады.
Ақан серiнiң сазгерлiгi, оның ақындығынан кем түспейдi. 
Оның “Ақан серi” атанып, кезiнде жұртшылыққа кең та ны-
луы — әншiлiк-сазгерлiк өнерiнiң бiр шыңы ғана. Айналасына 
әншi-күйшi жастарды жинаған Ақан серi ел аралап, белгiлi 
Балуан Шолақ, Үкiлi Ыбырай, Бiржан сал, Жаяу Мұса, 
Естай сияқты әншi-серiлерiмен жақын болды. Ақанның 
“Маң маңгер”, “Сырымбет”, “Балқадиша” әндерi халықтың 
музыка мәдениетiнде ерекше орын алады. Ақан серiнiң 
шығармашылығы кейiнгi Қазақстан композиторларының 

199
шығармаларына арқау болып, Е.Брусиловскийдiң “Жалбыр” 
операсында оның “Құлагер”, “Балқадиша” әндерi орындалса, 
Д.Мацуцин “Балқадиша” әнiнiң тақырыбына вариация 
жазды. Қазақстанның ақын-жазушылары өздерiнiң еңбек-
терiнде Ақан серiнiң тарихи тұлғасын көркем тұрғыдан 
бенелеуге көп көңiл бөлдi. Олардың қатарында әйгiлi қа-
зақ ақыны I.Жансүгiровтың “Құлагер” поэмасын, қаз ақ 
әдебиетiнiң класигi Ғ.Мүсiреповтың “Ақан серi — Ақтоқ-
ты” трагедиясын, С.Жүнiсовтың “Ақан серi” романын, 
ком позитор С.Мұхамеджановтың “Ақан серi —Ақтоқты” 
операсын атауға болады.
ықылас Дүкенұлы (1843 — 1916 жж.) — күйшi, қобызшы, 
сазгер. Ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 
дүниеге келдi. Шыққан тегi Кiшi жүздiң тама руынан. Ықы-
лас жастық шағында Тәттiмбет, Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, 
Итаяқ, Әбди сияқты күйшiлердiң шығармаларын тыңдап, 
кейбiрiмен замандас-сыйлас болып, өзiнiң талантын ұштады. 
Ол ежелгi Қорқытата дәуiрiнен келе жатқан қазақ күйлерiн 
қобыз тiлiнде жырлады. Оған алғаш қобыз үйретушi әрi 
оның күй шығаруға бейiмдiгiн қолдаған әкесi болды. Аз 
уақыт iшiнде әкесi тартатын аңыз-күйлердi үйренiп алған 
ол, қазақтың көне аспабы қылқобызда ойнаудың асқан 
шеберi атанды. Ғасырлар бойы бақсы-балгерлер аспабы 
болған қобызды халықтың арман-мақсатын жырлайтын ас-
папқа айналдырды. Ықыластың алғашқы шығармаларына 
“Қасқыр”, “Ықылас” деп аталатын күйлерi жатады. 
“Кер толғау”, “Ерден”, “Жалғыз аяқ”,”Жарым патша”, 
“Жезкиiк”, “Қамбар —Назым”, “Айрауық”, “Қазан” тәрiздi 
тамаша күйлердi дүниеге әкелдi.
Ықыластың аса белгiлi туындылары — “Ықыластың 
күйi” мен “Қоңыр күйi”. Өз шығармаларына ел арасына 
тараған аңыз-әңгiмелердi арқау еткен Ықылас, тәкаппар 
патша шенеунiктерi мен менменсiген байларды кекейтiн 
“Жарым патша” сияқты күйлердi де шығарды. Ықыластың 
дарындылығы көзiнiң тiрiсiнде кең танылды. Баласы 
Жү сiп бек оның “Қорқыт” сияқты туындыларын кеңiнен 
насихаттап, кейiнгi ұрпаққа жеткiздi. Ықыластың соңында 
төл шәкiрттерi, оның өнерiн жалғастырып, ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткiзуде. Олардың iшiнде: Әлиев Сүгiр, Тоқтамысұлы 
Әбiкей, Бекмағамбетұлы Ашай және Ықыластың өзiнiң ұлы 
Түсiпбек бүгiнгi тәуелсiз Қазақстандағы музыка өнерiнiң 
айтулы тұлғалары.

200
Балуан Шолақ Баймырзаұлы  (1864 — 1916 жж.) — 
қазақтың халық композиторы, жауырыны жерге тимеген 
балуан спортшысы. Жас күнiнде саусағын үсiтiп алған 
Нұрмағамбеттiң өнерiн құрметтеген халық оны “Балуан 
Шолақ” атап кеттi. Шыққан тегi  Ұлы жүздiң дулат тайпа-
сының сәмбет руынан. Бiрақ жас кезiнде аталары Арқадағы 
Көкшетау өңiрiне қоныс аударғандықтан, оның барлық өмiрi 
осында өттi. Балуан Шолақ анасына тартып, теңдесiз алып 
күштiң иесi болып шықты. Сондықтан да жас кезiнен-ақ ел 
iшiндегi той-томалаққа қатысып, балуандықпен айналысып, 
даңқы жер жарды. Ол, сонымен бiрге цирк ойыншыларының 
сан түрлi ат үстiндегi күрделi қимылдарын да меңгерiп, 
көпшiлiкке өнер көрсеттi. Дегенмен де, сан қырлы талант 
иесi Балуан Шолақтың ән-күйге деген құштарлығы жас 
кезiнен-ақ оянып, Бiржан салдың, Ақан серiнiң әндерiн 
шебер орындайтын әншi ретiнде танылды. Осындай ха-
лық тың ән шығару дәстүрiн меңгерген ол “Көкшетау”, 
“Желдiрме”, “Ащылы-айырық”, “Дiкiлдек”, “Қос перне”, 
“Құлан кiсiнес” тәрiздi әндер шығарып, халықтың құрмет 
тұтатын сазгерiне айналды. Балуан Шолақтың әндерi өзi 
тәрiздi қайраттылықты, жiгерлiлiктi, өршiл мiнездi наси-
хаттайды. Балуан Шолақтың атын елге жайған шығарма, 
оның “Ғалия” атты атақты әнi. Бұл әнде адамдар арасындағы 
үлкен махаббат, шынайы сезiм мөлдiр қалпында жырланады. 
Бұл ән оның шығармашылығының асқар биiгi болып та-
былады. Балуан Шолақ өзi шебер орындайтын Арқа ән-
дерiн Жетiсу аймағына жеткiзуде де үлкен еңбек сiңiрдi. 
Оның тарихи тұлғасы классик жазушы Сәбит Мұқановтың 
шығармашылығына арқау болды. Кезiнде белгiлi музыка 
зертеушiсi А.В.Затаевич ел арасынан iздестiрiп, Балуан Шо-
лақтың бiрнеше әндерiн жазып алып, оны “Қазақ халқының 
1000 әнi” және “Қазақтың 500 әнi мен күйi” атты жинақтарға 
енгiзiп, қазақ музыка өнерiне үлкен үлес қосты.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақстан тақырыбы орыс суретшiлерiнiң шығармашылығында 
қандай орын алды?
2. XIX ғасырдың екiншi жартысындағы халық сазгерлерi туын-
дыларының әлеуметтiк бағыты мен маңызы неде?
3. Ақындық өнерi мен сазгерлiк талабы қоса дамыған кiмдердi 
     бiлесiңдер?

201
Құжаттар 
Ән
“...Ал осынау жырларда, шырқалған әндерде, қосыла шерт-
кен күйлерде замана үнi, кешелi-бүгiнгi ұрпақ даусы дабыл қаға-
ды. Өйткенi ән — мәңгiлiк, жыр — мәңгiлiк. Сол ән-күйiмiз ден 
халқымыздың дарқан дарынын, өнерсүйгiштiк кескiн-кел бе тiн 
аңғарғандай боламыз. Сондықтан да оны қадiрлеймiз, қастер-
леймiз.
Халық әндерiнiң ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткенi аян. “Кез 
келген әншiнiң әрбiр әндi өз өңiрiнiң ерекшелiктерiне, өзiнiң 
орындаушылық қабiлетiне қарай өңдеп айтатыны ақиқат. Бiр кезде 
жазу-сызу болмаған ел үшiн бұл заңды да құбылыс...”.
Ауыл кешi көңiлдi. Алматы, 1985. 3-4-парақтар.
Күй
“Қазақтың ежелден келе жатқан аспаптық музыкалық жанры — 
күй. Ол, негiзiнен, домбыра күйлерi, қобыз күйлерi, сыбызғы күйлерi 
болып бөлiнедi. Күй — қазақтың музыкалық шығармаларының 
iшiндегi ең iрi жанры, композициялық құрылымы жағынан халық 
музыкасының күрделi бiр саласы болып саналады...
Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. 
Қазақтың ұлттық күйлерi аңыз, ертегi, нақтылы тарихи оқиғалар 
(“Ақсақ құлан — Жошы хан”, “Әмiр Ақсақ”, “Ескендiр”, т.б.) негiзiне 
құрылып, көбiне бағдарлама түрiнде дамыды. Күй мазмұны халықтың 
басынан кешiрген тауқыметi мен әдiлетсiздiкке қарсы күресiн, азат 
өмiрдi аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезiмiне негiзделiп, терең 
толғаныспен өрнек бояуын тапты. Күйдiң мелодиялық, формалық 
құрылысы, ырғақтық орындаушылық әдiстерi сан алуан. Мысалы, 
жiгерлi, екпiндi болып келетiн Құрманғазының; романтикалық 
лирикаға, философиялық толғауларға негiзделген Дәулеткерейдiң; 
әуенi әсем, тәттi мұң мен қоңыр сазға малынған Тәттiмбеттiң; 
құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр iспеттi Қазанғаптың күйлерi”.
Күй //Қазақ совет энциклопедиясы. 
Алматы, 1975. 6-том. 154-парақ.
§ 36. РЕсЕЙ АзАТТыҚ ҚОзҒАлысыНыҢ ӨКIлДЕРI 
ҚАзАҚсТАНДА
Ресей азаттық қозғалысының өкiлдерiн қазақ жерiне жер 
аударып, қуғындаудың жаңа кезеңi. XIX ғасырдың екiншi 
жартысындағы Қазақстанның қоғамдық өмiрiндегi түбiрлi 
өзгерiстерiнiң бiрi — азаттық қозғалыстың белгiлi өкiлдерiнiң 

202
қазақ жерiнде айдауда болуы. Польша азаттық қозғалысына 
қатысқандар, халықшылдар мен социал-демократиялық 
құпия қоғамдардың өкiлдерi Қазақстанға жер аударылды. 
Олар жергiлiктi қазақ және басқа осы өлкенi қоныстанған 
халықтардың өмiрiмен танысты, патша шенеунiктерiнiң 
бақылауына қарамастан, оның тарихын, материалдық мә-
дениетiн зерттедi, ағартушылық iстi ұйымдастыруға атса-
лысты.
1863—1864 жылдардағы Польшадағы ұлт-азаттық қоз-
ғалыс көпұлтты Ресей империясының қоғамдық-сая си 
өмiрiнде ерекше орын алады. Польшадан жер аударыл-
ғандардың бiрқатары Сiбiрге жiберiлдi. Жалпы алғанда, 
Ақмола және Семей облыстары құрамында болған Батыс 
Сiбiр генерал-губернаторлығына айдалған поляк азаттық 
қозғалысы өкiлдерiнiң жалпы саны 10 мың адамнан асты.
Әлеуметтiк құрамы әртүрлi (дворяндар 50%, мещан -
дар 20%, шаруалар 21%, қалғандары 9%) поляк  тардың 
бiрқатары Орынбор өлкесiне жiберiлдi. Қазақ жерiне айдалған 
революционерлердiң басым көпшiлiгi өз заманының бiлiмдi 
адамдары едi. Азаттықты аңсағандар Ресей және шетелдер-
дегi оқу орындарында бiлiм алған, сая си көзқарастары 
жа ғынан патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы 
күрескен әскери немесе басқа да қоғамдық ұйымдардың 
бел дi мүшелерi болатын.
XIX ғасырдың 30-жылдарындағы Польша азаттық күресi 
өкiлдерiнiң Қазақстанның қоғамдық өмiрiндегi iстерi әлi 
де жергiлiктi халықтың есiнде едi. Густав Зелинскийдiң 
“Қырғыз” (“Қазақ”) поэмасы сол заманда демократияшыл 
қауым арасында кең таралды. XIX ғасырдың 40-жылдарында 
жазылған, кейiннен ағылшын, итальян, немiс басқа да 
тiлдерге аударылған поэма XIX ғасырдың 60-жылдарында 
қазақтарды Ресейге танытуда белгiлi шығарма болды. 
Қазақтардың тарихи тағдырын, өмiрiн көркем тiлмен баян -
даған бұл тамаша шығарма жергiлiктi халыққа деген құр мет. 
Мiне, осы дәстүрдi 60-жылдары бұрынғы поляк револю-
ционерлерi жаңа тарихи жағдайда одан әрi жалғас тырды.
Польша азаттық күресiнiң 60-жылдарда Қазақстанда 
болған өкiлдерi iшiнен ерекше көзге түскенi  —  Северин 
Северинович Гросс. Ол — Петербург университетiнiң заң 
факультетiнiң түлегi. Азаттық қозғалыстың басқа да ағым-
дарының көрнектi тұлғалары Н.И.Долгополов, А.В.Леон­
тьев, Е.П.Ми хаэлис, А.Блек және басқа саяси жер ауда-

203
рылғандармен байланыста болған Гросстың ағартушылық 
қызметi ерекше.
Ұлы Абай Құнанбайұлымен С.С.Гросстың шынайы 
достығы — бiр-бiрiне танымал екi халықтың кейiнгi ұр-
пақтарына белгiлi оқиға. Абайдың Шыңғыс болысындағы 
жайлауында жиi болған С.С.Гросс кемеңгер ақынның 
өмiрi, достары, отбасымен жақын танысып қана қоймай, 
қазақ халқының тарихы, мәдениетi, әдет-ғұрпы жөнiнде 
құнды мәлiметтер жинады. Егер де XIX ғасырдың 40-
жылдарында бiр поляк Адольф Янушкевич Абайдың әкесi 
Құнанбаймен жүзбе-жүз кездескендiгiн өз жазбаларында 
қызықты сипаттаса, поляк халқының екiншi өкiлi С.Гросс 
оның ұлы Абаймен шынайы достық байланыста болды. 
Семей облысының уездерiнде жылдар бойы жинақталған 
қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер сотының мәлiметтерiн 
негiзге алып, С.Гросс Семей облыстық статистикалық 
комитетi арқылы “Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшiн 
материалдар” деген тақырыпта құнды зерттеу дайындады. 
Бұл, шын мәнiсiнде, қазақ халқының мүлiктiк құқығының 
көшпелi қоғам жағдайында ерекшелiктерiн көрсететiн тұң-
ғыш еңбек едi. Бiрқатар зерттеушiлер еңбектiң авторы ре-
тiнде жергiлiктi сот П.Маковецкийдi атайды.
Орталықтан шалғай жатқан отарлық Қазақстанда ар-
найы бiлiмдi мамандардың тапшылығы немесе жетiспеуi 
жалпы азаттық қозғалыстың бiрқатар, әсiресе күн көруi 
тө мендеп кеткен өкiлдерiнiң облыс және уездiк орта лық-
тарындағы әртүрлi ақы төленетiн қызметке жал дануына 
себепшi бол ды. Полицейлiк бақылау жағдайында азаттық 
қозғалыс өкiл дерiнiң жергiлiктi жерде қызметке алынуына 
рұқсат етудiң тағы бiр себебi — патша үкiметiнiң жер 
ауда рылғандарды қамтамасыз етуге бөлiнген қаржының 
мардымсыздығы. С.И.Тэраевич, Я.С.Домашевич, тағы да 
басқа поляк қозғалысының өкiлдерi дәрiгерлердiң жетiс-
пеуiнен жергiлiктi халықты емдеумен айналысты. Ал Адам 
Бяловский Семей облысы, Өскемен уезiнiң геологиялық 
картасын жасаумен шұғыл данды.
XIX ғасырдың 80-жылдарында Ресей азаттық қозғалысы-
ның жаңа сатыға көтерiлуi Батыс Сiбiрге, Қазақстанға жер 
аударуға кең жол ашты. Том және Тобыл губернияларына 
айдалғандардың мейлiнше көбеюiне байланысты 1881 
жылғы тамыз айының 29 күнi патша үкiметi саяси жер ау-

204
да руды Қазақстанның Далалық губернаторларына тарату 
туралы арнайы шешiм шығарады.
Жер аударылғандардың жағдайы. Саяси жер аударыл-
ғандардың бiршама шоғырланған өңiрi Шығыс және Орта-
лық Қазақстан. 1882 жылы Семей облысында 54, 1883 жылы 
Ақмола облысында 23, 1886 жылы 44, 1890 жылы 32 ре-
волюционер қоныстанды. Уақытша жер аударылғандардың 
басым көпшiлiгi айдалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн, туған 
елдерiне қайтып оралуына және азаттық қозғалысының 
жаңа топтарының өлкенiң әр түкпiрiнен келiп-кетiп жатуына 
байланысты, олардың саны өзгерiп отырды.
Әсiресе XIX ғасырдың 80-жылдарында жаппай етек 
алған  халықшылдарды Қазақстанға жер аудару “ұйқыда 
жатқан” өлкенiң қоғамдық өмiрiн бiрқатар жандандырды. 
Негi зiнен, “қылмысты ойларды таратқаны”, жасырын ұйым-
дардың мүшесi болғаны және үкiметке қарсы үгiт жүргiзгенi 
үшiн шалғай аудандарға, полиция бақылауына жiберiлген 
халықшылдар қазақ жерiнде де патша үкiметiнiң жаншу сая-
сатына қарсы күрестi тоқтатпады. Тiптi жергiлiктi әкiмшiлiк 
қыспаққа қарамастан, халықшылдық идеологиясы мазмұ-
нын дағы астыртын үйiрмелердi құрды. 
1871—1874 жылдары Орынбордағы осындай үйiрменiң 
белсендi мүшелерi, саяси жер аударылғандар — халық шыл-
дық бағдарлама мен ойларды жергiлiктi тұрғындар, соның 
iшiн де, қазақтар арасында бар мүмкiндiктi пайдаланып на-
сихаттады. 
XIX ғасырдың соңғы ширегiндегi Ресей азаттық қозға-
лысы өкiлдерiнiң ресми қызметiнде ерекше орын алған 
өлкенi зерттеу iсiн жолға қою, тарих пен этнография, таби-
ғат пен ағарту, баспа iсiнiң негiзiн қалауда саяси жер ау-
да рылғандардың қалдырған мұрасы бiр төбе. Жергiлiктi 
өңiрдiң табиғат күштерiн, кен байлықтарын игерудi жолға 
қоя алатын қажеттi мамандардың Қазақстанда бол мауы, 
отаршылдық басқару аппаратын келiсiмге келуге мәж бүр 
еттi.
Әсiресе бай өлкенi зерттеуде XIX ғасырдың 80-жылда-
рында (мысалы, Семейде 1878 жылы) өлкеде құрылған 
облыстық статистикалық комитеттер ерекше рөл атқарды. 
Орал, Сыр дария, Жетiсу және Семей облыстарында қазақ 
хал қы ның саяси, экономикалық өмiрi мен материалдық 
мәде ниетiн зерттеуде зор мұра қалдырған бұл комитет тер— 
жи нақталған әртүрлi мәлiметтердiң мазмұнын анықтап, 

205
баспа бетiнде жариялауда кейiнгi ұрпақтарға игiлiктi iз 
қалдырды. Саяси жер аударылғандармен қатар, мұндай 
күрделi тың жұмысқа ғылымға құштар жергiлiктi халықтың 
талантты өкiлдерi де көптеп тартыла бастады. Саяси жер 
аударылғандардың ұсынысы бойынша 1884 жылы Семей 
облыстық статистикалық комитетiне Абай Құнанбайұлы 
мүше болып сайланды. Осындай ғылыми мекемеде Абай 
тамаша зерттеушiлiк қабiлетiн танытты. Семей облысы 
қазақтарының рулық құрамын анықтауды тұңғыш көтерген 
Абай 1900 жылы “Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу 
тарихы туралы жазбалар” деген еңбегiн статистикалық 
комитеттiң басылымында жариялады.
Жер аударылғандар бастамасымен XIX ғасырдың 80 — 
90-жылдарында Верныйда, Оралда, Омбыда, Семейде 
көпшiлiкке арналған бiрқатар кiтапханалар ашылды. Ре-
сейдiң кең-байтақ түкпiрлерiндегi iрi университеттердiң, 
академиялық мекемелердiң, ағартушылық ұйымдардың 
бастамасымен жинақтала бастаған кiтап және басқа да мер-
зiмдi басылымдардың қоры — қазақ өлкесiнде ұлттық ай-
мақтың мәдениетiн көтерудегi тамаша еңбек болды.
Саяси жер аударылғандар Қазақстандағы тұңғыш өлкелiк 
баспасөздiң қалыптасуына қол ұшын бердi. 
Патша губернаторларының тiкелей бақылауымен жур-
налистiк қызметке тартылған саяси сенiмсiздер Қаз ақ-
станның шаруашылығы, тарихы және мәдениетiне бай ла-
нысты осы күнге дейiн құндылығын жоғалтпаған еңбектер 
жариялады.
Ғылымға ептiлiгi, арнайы дайындығы бар революцио-
нерлер өздерiнiң мүмкiндiктерiнше Қазақстанды зерттеу 
мақсатында ұйымдастырылған экспедициялардың жұ-
мысына атсалысты. Азаттық қозғалысының көрнектi өкiлi 
Федор Андреевич Щербинаның бастауымен Қазақстандағы 
жер мәселесiнiң жағдайын анықтауға келген топтың құра-
мына Н.Ф.Дмитриев, В.А.Владимирский, К.А.Вернер, т.б. 
саяси жер аударылғандардың кiргiзiлуi кездейсоқ емес. 
Қазақ жерiмен, өлкенiң шаруашылық дамуымен бiршама 
жақын танысып үлгерген азаттық қозғалыс өкiлдерi бұл 
күрделi жұмысты ұйымдастыруда, iс жүзiне асыруда қабi-
леттерiн аямады. 1898 жылы алғашқы томы жарық көрген 
“Қырғыздардың жер иеленуi бойынша мәлiметтер” — өте 
құнды зерттеу. Бұл еңбектiң негiзiн құрастыруда қажеттi 

206
де ректердi жинап, мәтiнiн жазуға— белгiлi қазақ ғалымы 
Әлихан Бөкейханов белсене қатысты. Н.Я.Коншиннiң, 
Л.Чермактың, В.Р.Кочаровскийдiң экономикалық мәселелер 
бойынша, А. В. Леонтьевтiң, А. Блектiң заң, әдет-ғұрып 
саласындағы, Е. П. Михаэлистiң Тарбағатай таулары мен 
Қалба жотасын зерттеудегi еңбектерi — ғылымға қосылған 
зор үлес болды.
Саяси жер аударылғандардың бiрқатары мерзiмi аяқ-
талғаннан кейiн де қазақ жерiнде қалды, қоғамдық өмiрге 
белсене араласты. Қуғын салдарынан тағдыр Қазақстанға 
әкелген азаттық күрес өкiлдерi жергiлiктi халықтың тi лiн 
үйренiп, тарихын зерттеп, қазақ жастарын саяси белсен-
дiлiкке бағыттады. Олар отарлық өлкеде жаңа қоғам дық 
сана қалыптас тырды, отаршылдық езгiге қарсы күрес үшiн 
алғышарт жасады.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Азаттық күрес қайраткерлерiн Қазақстанға жер аударуда, патша  
үкiметi қандай мақсатты көздедi?
2. Польша азаттық қозғалысына қатысқандардың Қазақстандағы 
өмiрiн сипаттаңдар.
3. Халықшылдар Қазақстанның қоғамдық дамуында қандай рөл 
атқарды?
Құжаттар
“С. С. Гросс — Дала өлкесiндегi, сонымен қатар Семей облысын-
дағы ең белгiлi саяси жер аударылғандардың бiрi. Қуғынға түскенге 
дейiн солтүстiк-батыс губернияларда, Литвада қоғамдық қозғалысқа 
қатысқан, кейiн Сiбiрге жер аударылды. Жан-жақты бiлiмдi С. С. Гросс 
айдаудағы достары арасында табандылығымен, жекебасының 
мей лiнше шыңдалғандығымен, парасаттылығымен ерекше көзге 
түсетiн. Семейде ол жергiлiктi сот Н.Е.Маковецкийге хатшылық 
қызмет, Статистикалық комитетте жауапты жұмыс атқарды. Бұл 
жағдай оған жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпымен, заңдарымен 
танысуға мүмкiндiк бердi. Бұл жұмысқа негiз болған қырғыздардың 
(қазақтардың. — Ж.Қ.) билiк соттарының шешiмдерi едi... Сол 
жұмыстың нәтижесi осы күнге шейiн маңызын жоғалтпаған негiзгi 
еңбек...”
Швецов С.П. Культурное значение политической 
ссылки в Западной Сибири // Каторга и ссылка. 1928.
№ 3. С. 81.

семей облысының әскери губернаторына 
жер аударылған Михаил Ивановскийден
2 ақпан, 1883 жыл.
“Өмiр сүруге ешқандай жағдайым жоқ. Осыған дейiн қиыншы-
лықтан қалжырағанда, сiздiң мазаңызды алмадым. Маған несиеге 
полицей мырза үкiмет қаржысынан ұстап қалатын етiп 15 сом 
бер гiзуiңiздi өтiнемiн... Өлiп қалсам, бұл қарызды менен қалған 
заттарды сатып, қайтаруға болар...”
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк  
мұрағаты. 15-қор. 2-тiзiм. 126-iс. 14-парақ.

208
VII бөлiм.  XX  ҒАсыРДыҢ  БАс  КЕзіНДЕГі  ҚАзАҚсТАН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет