Т. Омарбеков — тарих ғылымдарының докторы, профессор Қасымбаев Ж


§ 4. ҚАзАҚсТАН XVIII ҒАсыРДыҢ ОРТАсыНДА



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата02.01.2017
өлшемі5,79 Mb.
#1030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
§ 4. ҚАзАҚсТАН XVIII ҒАсыРДыҢ ОРТАсыНДА 
Әбiлқайыр өлгеннен кейiнгi жағдай. XVIII ғасырдағы 
Қазақстанның iрi мемлекет қайраткерлерiнiң бiрi Әбiлқайыр 
қайтыс болғаннан кейiн, ханның мирасқорлары ол бiрiк-
тiр ген Кiшi және Орта жүздердегi кейбiр иелiктерiн сақтап 
қала алмады. Мұның басты себебi, Әбiлқайыр ұрпақтарының 
әкелерiнен де гөрi орыс билiгiмен жақындаса түсуге ұмты-

24
лулары едi. Әбiлқайырдың орнына хан болған үлкен ұлы 
Нұралы орыс билiгiнен өзiн осы лауазымға ресми түрде 
бекiтудi өтiндi. Патша үкiметi оны 1748 жылы Кiшi жүз-
дiң ханы лауазымына бекiттi. Мұның өзi бұрыннан Әбiл-
қайырға жаулық көзқарас ұстанып келген сұлтандар 
мен билердiң Нұралыға қарсы iс-әрекеттердi күшейте 
түсу лерiне алып келдi. Әбiлқайырдың ата жауы Батыр 
сұл тан өзiнiң ықпалындағы шектi руының қолдауына 
сүйе  не отырып, Нұралымен қатар өзiн хан сайлауға қол 
жет кiздi және орыс билiгi қолдаған Нұралыны хан ретiн-
де мойындаудан бас тартты. Осылайша Кiшi жүзде екi 
хандық құрылды. Оның оңтүстiк шығысындағы аймақтар 
Батырды қолдап, соған бағынса, ал солтүстiк батысындағы 
рулар мен тайпалар Нұралының хандығына кiрдi. Алайда 
Нұралының басқаға бодандыққа ұмтылған саясатына, оның 
қол астындағы сұлтандардың бiразы қарсы болғандықтан, 
оның хандығындағы шеткергi аймақтар өздерiн одан аулақ 
ұстап, тәуелсiз өмiр сүре бастады. Батыр сұлтанды күшейте 
түскен оның Ресей аймағынан аулақта болуы ғана емес, 
сонымен қатар көршi Хиуа хандығында оның баласы Қайып 
сұлтанның хандық құруы да едi. Мұның өзi Сырдария 
аймағындағы Батырға бағынышты қазақ ру-тайпаларының 
бiршама тыныш өмiр сүрулерiн де қамтамасыз еттi. Ал 
Нұралы басқарған аймақ, керiсiнше мазасыз күй кешiп, 
бiрде оңтүстiктегi түрiкмендермен соғысса, бiрде батыстағы 
қалмақтармен жанжалдасып, ауыр ахуалды бастан өткiзiп 
жатты. Мұндай ахуал Ресей империясының Кiшi жүздi өзiнiң 
ықпалына бағындыруын жеңiлдете түстi. Ресейдiң Кiшi 
жүзге қатысты саясатына қазақ-башқұрт қатынастары да 
бiрқатар өзгерiстер енгiздi.
1755 жылы Башқұртстанда патша үкiметiнiң отарлау 
саясатына қарсы азаттық күрестiң жаңа кезеңi басталды. 
Осы қарулы қарсылықты жаныштау кезiнде патша әске-
ри күштерiнiң қуғынына ұшыраған 50 000 башқұрт бас 
сауғалап көршiлес Қазақстанға қашты. Көтерiлiске қатыс-
қандарды үрейлендiру және қашқындарды елiне қайтару 
үшiн патша үкiметi әртүрлi айла-амалдар қолданды. Орын-
бор губернаторы И.И.Неплюев қазақ феодалдарына үндеу 
таратып, башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат 
бер дi. Алайда қазақ жұртына патша әкiмiнiң хатынан 
гөрi башқұрттардың көтерiлiс басшысы Батыршаның үн-
де уi жақын едi. Қазақтың жетiру тәрiздi тайпалық ода ғы 

25
құрамындағы рулар ежелден-ақ башқұрттармен этника-
лық тұрғыдан туыстас болып келетiндiктен қазақтар, 
негi зiнен, ауып келген башқұрттарға барынша қолдау көр-
сеттi. Дегенмен де, Ресейдiң ықпалындағы Нұралы хан ның 
бағытын мақұлдауға мәжбүр болған, сондықтан да баш-
құрттарға жаулық қатынас ұстаған кейбiр қазақ рулары 
олар ды қудалай бастады. Мұның өзi Ресейдiң екi халықты 
ажыратуды көздеген саясатын жүзеге асыруға көмектесiп, 
башқұрттар мен қазақтардың одақтасып, патша үкiметiне 
қарсы күреске көтерiлуiне кедергi келтiрдi. Оның үстiне 
отаршылар башқұрттардың наразылығын әлсiрету үшiн 
олардың қазақ даласына қашып барғандарын кейiн қайтаруға 
асықты. Көтерiлiске қатынасқан башқұрттардың негiзгi 
бөлiгi қазақ ауылдарынан Башқұртстанға қайта оралды.
Жоңғария  мемлекетiнiң  құлауы. 1745 жылы күзде қалмақ-
тардың билеушiсi, көрнектi қолбасшы Қалдан Серен қайтыс 
болғаннан кейiн, Орталық Азиядағы саяси жағдай тiптi  
шиеленiсiп кеттi. Қазақстан мен Жоңғария шекарасында 
қайшылықтардың күрделенуi барысында XVIII ғасырдың 
орта кезiнде патша үкiметiнiң Алтайдағы зауыттары мен кен 
орындарына қауiп төндi. Осындай жағдайда патша үкiметi, 
бiр жағынан, өзiнiң экономикалық мүдделерiн қорғау, екiншi 
жағынан, Қазақстанның тәуелдiлiгiн күшейту мақсатымен 
қазақ жерiнде немесе оған тiкелей iргелес өңiрде бекiнiс 
шептерiн кеңейтуге кiрiстi. Оған дейiн 1747 жылы Алтайдың 
байлығына құныққан императрица Елизавета Петровна 
үкi метi арнайы шешiммен бұрынғы ауқатты Демидовтар 
әулетiнiң қолында болған тау-кен кәсiпорындарын орыс 
патшалары отбасыларының меншiгi деп жариялаған едi.
Жоңғар тайпалары арасындағы өзара талас, бiр кезде 
Орта лық Азияда қуатты мемлекеттердiң бiрi болған Жоңғар 
хандығын әлсiреттi. Хандыққа талас кезiнде жоңғар билеу-
шiлерiнiң арасынан қайтыс болған Қалдан Сереннiң туысы 
Әмiрсана ерекшелендi. Ол тақ үшiн күресте жоңғар ханы 
Лама Дор жи дан жеңiлiп қалып, қазақтың Орта жүзiнiң 
айма ғына қашып келдi. Мұның өзi Абылай бастаған Орта жүз 
қазақтары мен жоңғарлардың ара   қатынасын шиеленiстiре 
түстi. Жоң ғар лардың қазақтарға қарсы жаңа жорықтары 
басталды. Одан, әсiресе найман және керей тайпалары көп 
азап шектi. Қазақтардың қолдауымен жеңiске жете алмаған 
Әмiрсана, ендi Қытайға қашып барды. Бұл жағдайды 
Пекин сарайы да өз мүддесiне пайдаланып қалуға ты рысты. 

26
Жоңғарияда  билiкке таласушылардың бiрi Әмiрсананы 
император Цянь-Лун (Хун Ли) қолдап, 1755 жылдың көк-
темiнде Әмiрсана бастаған орасан зор қолды Жоңғарияға 
аттандырды. Бiр-бiрiмен қырқысып, әлсiреген жоңғар 
феодал дары Цин әскерлерiне қарсылық көрсете алмады. 
1755 жылғы шiлде айының 19-ында император Цянь-Лунның 
жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетiнiң иелiгi Цин 
өкiметiнiң меншiгi деп жарияланды. 
Алданғанын бiлген Әмiрсана, ендi Цин билiгiне қарсы 
шықты. Жағдайы қиындаған Әмiрсана Орта жүздiң белдi 
сұлтандары Абылай мен Әбiлпайызға арқа сүйеуге тырысты. 
Маньчжур-Цин әулетi Әмiрсананың қарсылығын сылтау етiп, 
Жоңғарияны түбегейлi талқандауға кiрiстi. 1756 жыл дың 
наурыз айында маньчжур-қытай әскерлерi Iлe өзенiн бойлай 
Қазақстан шекарасына дейiн жеттi. Жоңғар хандығын басып 
алған Қытай, оны iрi тайпалардың негiзiнде 4 бөлiкке бөлiп 
жiбердi. Ал Әмiрсана болса бұған наразы болып, қайтадан 
Абылайдан қолдау iздедi. Әмiрсананы паналатқан Абылай 
Қытайдың ықпалына түспеу үшiн жоңғарларды қолдау 
қажеттiгiн түсiндi. Бiрақ Қытай әскерлерi Орта жүз дiң 
жерiне басып кiрген кезде қазақтар жеңiлiп қалды. 1757 
жылы Қытаймен жағдайды шиленiстiрмеу үшiн Абы лай 
жоңғарларды қолдаудан бас тартып, өзiнiң Қытай импе-
раторына бағынатынын мәлiмдедi. Бiрақ бұл Қытайдың 
билi гiн сөз жүзiнде ғана мойындау едi. 
1758 жылы Жоңғария толық талқандалып, халқының 
оннан төрт бөлiгi аурудан, қайыршылықтан қырылды, он-
нан екi бөлiгi Ресейге қашты, оннан үш бөлiгi Цин әс кер -
ле рiнiң қолынан қаза болды, бiрқатары қазақ жерiн ба сып 
өтiп, Едiлдiң бойындағы қандастары — қалмақтарға жетуге 
тырысты. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жыл-
дарындағы қайғы-қасiрет үшiн өш алуға тырысқан қазақтар 
оларға шабуылды үдетiп, берекесiн кетiрдi. 
Сонымен 1758 жылы Жоңғария дербес ел ретiнде тарихи 
сахнадан жоғалды. Бұрынғы жоңғар жерiнде империялық 
әкiмшiлiк бiрлестiгi — Шыңжаң (жаңа шекара) құрылды. 
Әскери шептердi салудың барысы. XVIII ғасырдың 40–50-
жылдарында патша үкiметi iске асырған әскери-инженерлiк 
шаралардың нәтижесiнде Солтүстiк-шығыс Қазақстан өңiрi 
бекiнiс шептерiмен қоршалды. Сiбiр редутынан Омбыға 
дейiнгi бекiнiстердi Горькая шебi деп атады, ұзындығы — 553 

27
верста
1
. Екiншi шеп — Омбы бекiнiсiнен Ертiстiң оң жағасын 
қамти отырып, Кiшi Нарын бекiнiсiне дейiн созылды, ұзын-
дығы — 1684 верста. Бұл бекiнiстер тобы Ертiс шебi деп 
аталды. Үшiншiсi — Өскемен бекiнiсiнен басталып, Алтай 
тауларының батысын жағалай, Колыван зауыттарын басып 
өтiп, Кузнецк шебiмен жалғасты. Колыван шебi деп аталған 
бұл шептiң ұзын дығы — 723 верста болды. 
XVIII ғасырдың 50-жылдарының ба сында жоңғар-қытай, 
жоңғар-қазақ қарым-қатынастарының шиеленiсуiне байла-
нысты, Ресей үкiметi Звериноголовск редутынан Омбы 
бекiнiсiне дейiнгi аралықта қосымша бекiнiстер салуды ұй-
ғарды. Екi алты бұрышты, тоғыз төрт бұрышты бекiнiстер, 
33 редут, кейiннен Есiл немесе Пресногорьковск шебiн құрды. 
Осы бекiнiстердiң ең iрiсi Петропавл
2
 (1752 ж.) қамалы 
едi. Тобыл өзенiнен тартылған Ой шебi Жаңа Есiл шебiмен 
жал ғасты (540 верста). Ендi Қазақстанның батысындағы 
Жайықтың құйылысындағы Гурьев (Атырау) қалашығынан 
Звериноголовск бекiнiсiне дейiнгi аралықтың ұзындығы 1600 
шақырымға созылды. Патша үкiметi осылайша қазақ жерiн 
бекiнiстер арқылы отарлаудың шешушi кезеңiн аяқтады. 
Қамалдар қыс  пағында қалған қазақтардың көшiп-қонатын 
жерi тарыла бастады.
Жайықтың, Есiлдiң, Тобылдың, Ертiстiң бойында ғасыр-
лар бойы көшiп жүрген қазақ халқының шұрайлы жерiнде 
отаршылдық езгi күшейдi. Оның үстiне қазақтардың саяси 
дербестiгiне жаңа қауiп төндi.
Қазақ-орыс сауда байланыстары. XVIII ғасырдың орта-
сында Ресейде болған сарай төңкерiстерi және шаруа қоз-
ғалыстары елдiң көршi мемлекеттермен сауда байланыс-
тарын әлсiреткендiгi анық. Солай бола тұрса да қазақ-орыс 
шаруашылық байланыстары, әсiресе керуен саудасы өзiнiң 
дамуында бiрқатар нәтижелерге жеттi. Орынбор қаласы осы 
кездегi сауда айналымының белгiлi бiр орталығы болды. 
Анықталған мәлiметтерге қарағанда, 1745 — 1759 жылдары 
қа зақ даласы арқылы Орынборға жеткiзiлген мал басының 
жалпы құны 1 млн сомның шамасында бағаланған. 
XVIII ғасырдың екiншi жартысында қазақ-орыс сауда-
сының бiршама белгiлi орталықтары — Жәмiш, Железинск, 
Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма (1761 жылы негiзi салын-
ған) бекiнiстерi болды. Қазақстанды отарлауда Ресейдiң 

Бiр верста — 1,0668 шақырымға тең.

Жергiлiктi аты — Қызылжар.
 

28
әскери тiрегi ретiнде қалыптасқан Ертiс бойындағы, Шы ғыс 
Қазақстандағы бекiнiстер бiртiндеп әскери сипатын жоғал-
тып, сауда орталықтарына айнала бастады. Бұл, әсiресе 
Жоңғария құлағаннан кейiн ерекше, айқын сипат алды. 
XVIII ғасырдың ортасында Ертiс бойындағы бекiнiстерде 
ке руен сарайларының салынуы, баж салығын тексеретiн, 
жинайтын арнайы мекемелердiң ұйымдастырылуы, сауда-
гер мейманханаларының ашылуы, қазақ даласында бiр-
шама тыныштық орнауы — Қазақстанның Орта Азия хан-
дықтарымен, Ресеймен сауда көлемiнiң өсуiне, тауардың 
түр-түрiнiң көбеюiне мүмкiндiк жасады.
XVIII ғасырдың 60-жылдары қазақ-орыс сауда байланыс-
тарының кеңейген кезеңi. Әбiлмәмбет ханның үлкен ұлы 
Әбiлпайыз сұлтанның билiгiндегi сыбан-керей, қаракерей-
най ман, бура-найман, Абылайдың қам  қорлығындағы уақ, 
қыпшақ рулары Жәмiш, Семей бекiнiстерiнде өзара тиiмдi 
сауда-саттық байланыстарын орнатты. Қазақтардың жиi 
сау далайтын тауарлары: мал, малдың терiсi, киiз, т.б. бол-
ды. Жылдан-жылға саудамен арнайы айналысатын қазақ 
сауда герлерiнiң де саны өсе бердi. 
Қазақтармен сауданың тиiмдiлiгiне көңiл аударған орыс 
үкiметi бекiнiстерде мешiттер салғызды. Бұхар, Қоқан, қазақ 
саудагерлерiнiң сұрауымен айырбас сарайларын кеңейттi. Ал 
Керекудiң маңайында Қалқаман, Қарасу тұз көлдерi Ба тыс 
Сiбiрдi, Орта Азия хандықтарын сапалы ас тұзымен қам-
тамасыз ететiн орталықтар ретiнде белгiлi болды.
1766 жылы Бұхар саудагерлерiнiң өтiнiшiмен Әбiл-
мәм бет хан императрица II Екатеринаға хат жолдап, Түр-
кiстан арқылы өтетiн iрi керуендердi Семей, Жәмiш бекi-
нiстерiнде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды. Алайда 
орыс саудагерлерiнiң мүддесiн қызғыштай қорғаған патша 
үкiметi, шетелдiк көпестерге қазақ жерiнде (әрине, Ресейдiң 
құрамындағы) Ресейдiң өзiнде жеткiлiктi мөлшерде шыға-
рылатын заттарды сатуға, айырбастауға тыйым салды. 
Ре сей дiң iшкi губернияларынан және Сiбiр қалаларынан 
айырбасқа әкелiнетiн басты орыс тауарлары: шойын және 
темiр қазан, шелек, шұға, барқыт, қалайы, қант, нан, т.б. 
сияқ ты көшпендiлердiң күнделiктi өмiр қажеттерiн қанағат-
тан дыратын тауарлар болды. 
Орта Азия көпестерiнiң айырбастайтын басты заттары 
да қазақтарға баяғыдан таныс дүниелер: алаша, барқыт, 
қы жым, қамқа, жылтыр мата, әртүрлi жемiстер, т.б. едi. 

29
Шәуешектен, Құлжадан, Ақсудан, Қашқардан келе тiн қы-
тай саудагерлерiн қазақ ауылдары құрметпен қабылдай-
тын. Шетелдермен сауда Қазақстанның көршi елдермен 
экономикалық байланыстарының кеңеюiне жол ашты. 
Алай да қазақ-орыс саудасындағы отарлық белгiлер, кейiннен 
бұл сауданың бiр жақты дамуына жол ашты, Қазақстанның 
Ре сейге тәуелдiлiгiн күшейттi.
Патшалы Ресейдiң жер мәселесiндегi отаршылдық сая-
саты.  XVIII ғасырдың 50—60-жылдары патшалы Ресей 
үкi метi Қазақстанды тәуелдi ете түсу үшiн әрқилы шара-
лар ды iске асыруға тырысты. Жайық, Сiбiр, Орынбор ка зак 
әскерлерiнiң ұйымдастырылуы, әсiресе Ертiс, Есiл жә не 
Жайық бойындағы ғасырлар бойы көшпендi мал шаруа шы-
лығының өрiсi болған өңiрлерге казактардың көз алартуы 
орыс-қазақ байланыстарын шиеленiстiре түстi. Ресейдiң 
билеушi топтарының көздеген мақсаты — шұрайлы, суы мол 
жерден қазақтарды ығыстыру, бiртiндеп казактарды осы 
аудандарға орналастыру едi. 
Петербург билеушi топтарының арнайы нұсқауларында 
патша үкiметiнiң отарлау саясаты ашық жарияланды. 1756 
жы лы қыркүйек айында қабылданған шешiмде, Жайық жа-
ғасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға алғаш рет 
ресми шек қойылды. Ал 1757 жылғы желтоқсан айының ая-
ғында Кiшi жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкiметiнiң 
шешiмiмен қазақтарға Жайық өзенiнен мал айдап өтуiне 
тыйым салынды. Ертiс пен Жайық жағасына мал жаю үшiн 
қазақ феодалдарының орыс әкiмшiлiгiне аманат тапсыруы 
мiндеттелдi. 
Сөйтiп, қазақ феодалдары ғасырлар бойғы жайылым-
дарын пайдалану құқығынан айырылды. Осындай ауыр жағ-
дайға жол ашқан бiр себеп — ресейлiк отаршыл-әкiмшiлiктiң 
жекелеген қазақ ақсүйектерiнiң арасындағы алауыздықты 
пайдаланып, керек болған жағдайда ахуалды өршiтiп 
оты руы болды. Кiшi жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан 
ара сындағы осындай кикiлжiң нәтижесiнде Петербург би-
леушiлерi, Каспий теңiзi мен Жайық өңiрiндегi шұрайлы 
жердi ка зак тарға оп-оңай тартып әпердi. Ең құнарлы жер 
орыс поме щиктерi князь Юсупов пен граф Безбородконың 
қолында қал ды. Жайық казактары тiптi Едiл мен Жайықтың 
ара лығындағы жерге қазақтардың бұрынғыдай көшiп-қо н-
уы на мейлiнше қарсылық бiлдiрдi. Олар қазақтардың ма-
лы Жайықтан Едiлге қарай өткенде шөптi басып, жайпап 

30
кетедi дегендi сылтау еттi. Қазақтардың өз жерiн еркiнше 
пайдалануына жасанды шек қойылып отырғандығын патша 
әкiмшiлiгiнiң Орынбор өлкесiндегi өкiлдерi де мойындады.
Алайда 1757—1758 жылдары Орынбор өлкесiн басқарған 
П. И. Рычков пен А. И. Тевкелев Жайық бойында қа зақ-
тардың мал жаюға шек қойған үкiмет талабын ресми түрде 
iске асырудың орынсыз екенiн түсiндi және аманат алу 
арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуiне рұқ сат 
бердi. Ал Орынбор губернаторы А. Г. Давыдов қысым көр-
сетуден таймады.
Далалы, құмды аудандарға ығыстырылған қазақтардың 
жағдайы ауырлап кеттi, жұт пен қыстың суық айлары Кiшi 
жүз қазақтарының шаруашылығы мен күнделiктi өмiрiне 
бақытсыздық әкелдi.
Қазақстанның солтүстiк-шығыс аудандарындағы қазақ-
тардың жағдайы да ауырлады. Ертiстiң оң жағасындағы 
шұ райлы жердi Сiбiр губерниялық басқармасының қолда-
уымен өздерiне қаратып алған бекiнiс коменданттары әртүрлi 
айламен Орта жүз билеушiлерiн бiр-бiрiмен қырқыстырып, 
құ нарлы, суы мол жерге қазақтардың мал жаюына қарсылық 
бiлдiрiп отырды.
Орыс-казактардың санын көбейту үшiн осы өңiрге Ресей-
дiң әр түкпiрiнен қылмыскерлердi, жерсiз шаруаларды, 1760 
жылы тiптi алыстағы Доннан, Башқұрт жерiнен казак тарды 
әкелiп қоныстандырды. Тек 1799 жылғы қараша айында им-
пе ратор I Павелдiң жарлығына сай, Орта жүз қазақтарынан 
45 000 отбасына Ертiстiң оң жағасына қайта дан қоныстанып, 
мал жаюына рұқсат етiл  дi.
Сонымен XVIII ғасырдың орта шенiндегi Қазақстанның 
саяси-экономикалық дамуында бiрқатар жаңа өзгерiстер 
қалыптасты. Патша үкiметiнiң отарлау саясатына қарамас тан 
қазақ-орыс сауда байланыстары, Қазақстанның шетелдер мен 
қатынастары өзара тиiмдi жағдайда дамыды. Алайда патша 
үкiметiнiң қазақтардың өз жерiн пайдалануына шек қоюы, 
орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы, олардың 
отарлау шараларының бастамасы болатын.
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Кiшi жүзде Әбiлқайырдың өлiмiнен кейiнгi жағдай қалай қалып-
тасты?
2.  Ертiс, Жайық бойында әскери шептер салудың мақсаты неде?
3. Жоңғарияның талқандалуы қазақ-орыс-қытай байланыстарына 
қалай әсер еттi?

31
4. Қазақ-орыс саудасының басты орталықтарына сипаттама берiң дер.
5. Қазақ-орыс саудасындағы отаршылдықты қалай аңғаруға болады?
6. Патша үкiметiнiң қазақтардың Жайық, Ертiс бойына көшiп 
қонуына тыйым салуының себебi неде?
Құжаттар
Шекаралық бекiнiстердi қорғауды күшейту туралы
27 қаңтар, 1745 жыл.
“Зауытқа (шекарадағы. — Ж.Қ.) арнайы келген үкi мет өкiлiнiң 
пiкiрiнше, егер тау-кен өндiрiсi дамыса, ха лық тың да санының 
өсуiне әсер етедi. Жоңғарлар мен басқа да далалық халықтар тау 
өңiрiнен ығыстырылуға тиiс тi. Орыстар бұл өңiрде жайлы қоныстана 
бастаған, әсi ресе Есiл өзенi өңiрiнен, Сiбiр қалаларынан көптеп келiп 
жатыр.
Қауiпсiздiк үшiн бiрнеше қарапайым бекiнiстер тұр ғыз ған жөн. 
Тобольскiден, Екатеринбургтен зеңбiректер жеткiзген дұрыс”.
Алтай өлкесi мемлекеттiк мұрағаты. 
103-қор, 1-тiзiм. 55-iс. 104-парақ.
Императрица Анна Иоанновнаның Орынбор  
экспедициясының төрағасы И.Кирилловқа 
берген нұсқауларынан
18 мамыр, 1734 жыл.
Iшкi (қазақ. — Ж.Қ.) Ордада болып жатқан оқиғалар жөнiнде 
мүмкiндiгiнше хабардар бола отырып, олардың (жоңғарлардың. — 
Ж.Қ.) қытайлықтармен соғысында кiм қандай жағдайда болатынын 
бiлу қажет. Сiбiр өңiрi жөнiнде олардың жат пиғылдары жоқ па екен? 
Осыны анықтау мақсатында башқұрттар мен қырғыздар (қазақ. — 
Ж.Қ.) арасынан сенiмдi адамдарды iрiктеп, сол өңiрге аттандырып, 
олар Сiбiр губернаторына көрген-бiлгендерiн хабарлап отырса”.
Казахско-русские отношения в XVI—XVIII веках. 
Документы и материалы. 
Алма-Ата, 1961. С. 115.
§ 5. АБылАЙ ХАН БИлIГI
Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретiнде қалып-
тасуы. Абылай — қазақ феодалдық мемлекетiнiң бұрынғы 
шек арасын қалпына келтiрiп, өз хандығы кезiнде елдiң сая-
си-экономикалық дамуына түбiрлi өзгерiстер енгiзген атақты 
мемлекет қайраткерi.

32
Орта жүздiң сұлтаны Уәлидiң баласы 
Абылай (Әбiлмансұр) 1711 жылы дүниеге 
келген. Атасы — Түркiстан қаласының 
билеушiсi (оның есiмi де Абылай) әскери 
жорықтарда ерекше көзге түсiп, жауына 
қаталдығы үшiн “қанiшер” деген жағым-
сыз атқа ие болған. Абылайдың он үш 
жасында ауылын жау шауып, әке-ше-
ше, туыстарынан айырылған бала, 
әке сiнiң қызметшiсiнiң көмегiмен 
жау дан қашып құтылған. Абылай ал-
ғаш Түркiстан аймағын паналады. Ол 
осында үйсiннiң атақты биi, кейiнен 
Ұлы жүздiң бас биi атанған Төле бидiң малын бақты. Мұнда 
ол, бiраз уақыт өзiнiң хан тұқымынан екендiгiн жасыруға 
мәжбүр болды, жоңғарларға қарсы күресте қатардағы сарбаз 
ретiнде қатысып, ерлiктерiмен елдiң көзiне түстi. 1731 жы-
лы жоңғарларға қарсы шайқаста ол, Абылай атасының 
есi мiн ұран қылып жауға шауып, өзiнiң ерекше ерлiгiмен 
қиын жағдайдан қазақ жасақтарын құтқарды. Осы кезден 
бастап қазақ батырлары, билерi және сұлтандары қарапайым 
малшы болып жүрген, қара халықтың арасында өсiп, тәрбие 
алған Абылайдың шығу тегiн анықтады. Көп ұзамай Абы-
лай дың бойынан iрi қайраткерге тән қасиеттер байқала 
бастаған. Ақылымен, ержүректiлiгiмен, табандылығымен 
ерекше көзге түскен. Қашып жүргенде аты-жөнiн жасырып, 
“Сабалақ” атанған Абылай әкесiмен ағайындас Орта жүз 
ханы Әбiлмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келiп қосылады. 
Оны Ұлы жүздiң атақты биi Төлемен бiрге Орта жүздiң 
беделдi тарихи тұлғасы Қаздауысты Қызыбек би өздерiнiң 
қам қорлықтарына алып, ақыл-кеңестерiн айтып, әрқашан 
қол дап  отырды.
Абылайдың өмiрi мен ерлiгiн жырлаған Бұқар жырау 
оның жас кезiндегi ауыр өмiрiн төмендегi шумақтармен бiл-
дiрген:
Әй, Абылай, Абылай! 
Сенi мен алғаш көргенде 
Тұрымтайдай ұл едiң... 
...Үйсiн Төле бидiң 
Түйесiн баққан құл едiң... 
...Абылай атың жоқ едi, 
“Сабалақ” атпен жүр едiң...
 Абылай хан

33
15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес ке 
белсене атсалысқан Абылай қазақтарды жоңғар шабуылда-
рынан құтқарып, елдiң тыныштығын, бiрлiгiн қамтамасыз 
етудi алдына мақсат етiп қойған. Екi iрi мемлекет — Цин 
және Ресей империялары арасында қыспақта тұрған елдiң 
жағдайын, тап қазiргi ең iрi қауiп — Жоңғар шапқыншылығы 
екендiгiн түсiне бiлген Абылай және басқа да iрi сұлтандар 
ел мүддесi үшiн Ресейге арқа сүйеуге тырысты.
1740 жылғы тамыз айында Орта жүз ханы Әбiлмәмбет 
пен Абылай Орскiге келiп, Ресей империясының билiгiн 
мойындады. Орынбор комиссиясының төрағасы, князь 
В.Урусовтың мақсаты бүкiл Орта жүздi Ресейдiң құрамына 
қа былдау едi. Әбiлмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге 
бодан болуға келiсiп, қолдарына құран ұстап ант беруi орыс 
билеушiлерiне ұнады. Қазақ билеушiлерi кейiнгi оқиғалар 
барысы көрсеткендей, бұл әрекетке жоңғар шапқыншылығы 
қауiпi төнген ауыр жағдайда елге төнген қатерден құтылудың 
басқа жолы болмағандықтан, амалсыздан барған едi. Сон-
дықтан да Абылай мен Әбiлмәмбеттiң бұл әрекетi сол ке зең дегi 
ақылға қонымды, бiрден-бiр дұрыс шешiм болып табылды. 
Келесi 1741 жылы жоңғарлар Орта жүздiң аймағына қалың 
әскермен басып кiрген кезде орыстар қазақтарды жақтап, 
бұдан былай Жоңғар хандығы Кiшi жүз бен Орта жүзге 
байланысты өздерiнiң өтiнiштерiн орыс үкiметiне айту лары 
қажет екендiгiн қатты ескертiп, жоңғарлардың қазақ жерiн 
өз беттерiнше жаулауына тыйым салды. Алайда жоңғар-
лармен қырғын соғысқа белсене қатысқан Абылай уақытша 
Орынбор әкiмшiлiгiнен қол үздi. Жаумен соғыстың бiрiнде 
Абылай сұлтан жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннiң жақы-
ны Шарыш батырды өлтiрiп, бiрақ өзi де кездейсоқ жағдайда 
тұтқынға түстi. Осындайда бұл мәселеге орыстар тағы да 
араласып, Абылайды өлiмнен құтқаруға қол ұшын бердi. 
1743 жылы тамыз айында тұтқыннан босаған Абылай 
жоңғар феодалдарымен күрестi одан әрi өрiстеттi. Өзiнiң 
серiк терi Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, Тарақты Байғозы, Малайсары, Баян, 
басқа да халық батырларының күшiн бiр арнаға жұмыл дыра 
бiлген Абылайдың күресi, басқа да халықаралық оқиға лар-
мен қатар Жоңғария мемлекетiн әлсiретуге әсер еттi.
Абылайдың мақсаты — жоңғар шапқыншылығы кезiнде 
олар уақытша басып алған шекаралық өңiрдегi қазақтардың 
тарихи иелiгiн қайтарып алу едi. Жоңғарияға хан болуды 

34
көздеген Әмiрсананың қазақ жерiне паналауын Маньчжур-
Цин әулетi көршi елге үрей туғызу, тiптi шабуыл жасау үшiн 
пайдаланды. Қазақтар арасына қашып келген Әмiрсананы 
ұстап беруден бас тартқан Абылайға “сабақ беру” үшiн және 
халқы қырылып, тоз-тозы шығып бос қалған Жоңғария мен 
Қазақстан шекарасындағы иелiктердi тезiрек өзiне қарату 
мақса  тында Цин үкiметi Қазақстанға көп әскермен, мол 
қолмен басып кiрдi.
Абылайдың туы астына үш жүздiң жасақтары жиналды. 
Кiшi жүзден Ералы сұлтан бастаған қол көмекке келдi. 
Жақсы қаруланған, iрi шайқас жүргiзуден мол тәжiрибесi 
бар, зеңбiректермен қаруланған Маньчжур-Цин күшiне 
ашық қарсы тұру қиын едi. Қытай қолбасшылары Фу Дэ, 
Чжао Хой бастаған әскер 1757 жылдың маусым айында 
Қазақстан шекарасына басып кiрдi. Қазақстандық Алтайдағы 
Ресей империясының тау-кен өндiрiсiне, қазақ жерiндегi 
шекаралық бекiнiстерiне де қауiп төндi. Әмiрсана отбасымен 
Тобольскiге аттандырылды. Жоңғар хандығын талқандаған 
қытайлықтардың қол астында көптеген қазақ ауылдары 
қалып қойды. Сонымен қатар басып алған аймақта қамалдар 
салуды қолға алған қытайлықтар, қазақ ауылдарының Аягөз 
өзенiнен шығысқа қарай көшулерiне де тыйым салды. Осын-
дай ауыр жағдайда Орта жүз қазақтарының бiразы Ертiс 
өзенiн бойлап орыс шекарасына жақын маңда көшiп жүрдi. 
Мұның өзi қазақтар мен орыстардың арасында жайылымдық 
жерлерге байланысты қақты ғыстарды туғызды. Ахуалдың 
күрделене түскенiне қарамастан, Абылай дұрыс саясат ұста-
нып, патша үкiметiмен де, Қытаймен де бейбiт қатынастарды 
сақтауға күш салды. Iс жүзiнде олардың екеуiне де бағы на 
қоймаған ол, өзiнiң бодандықты мойындайтынын мәлiм-
деу мен болды. Бұл қазақ халқын күштi жаулардан сақтау 
үшiн Абылайдың қолданған айлакер саясаты едi. Осылайша 
ол, патша үкiметiмен қақтығыста Қытайдан қолдау тапса, 
ал Қытаймен қарым-қатынас ауырлап кеткенде Ресейдiң 
қолдауына сүйенiп отырды. Дегенмен де, Абылай, бәрiнен 
бұрын қытайлықтардың қаупiнен қатты сақтанды. Сондық-
тан да ол 1762 жылы II Екатерина патшайымға өзiнiң бағы-
ны шты болатынын мәлiмдеп ант бердi. Сонымен қатар ол, 
өзi нiң бұл әрекетiмен қытайлықтарды қазаққа қарсы қойып 
алмауды ойластырып, Қытай императорына үлкен сый-
сыяпаттармен елшiлер аттандыруды да ұмытқан жоқ. Абы-
лай қытайлықтардың сенiмiне кiру үшiн тiптен өзiнiң ұлы 

35
Әдiлдi Қытай билеушiсiне аманат етiп жiбердi. Мұның өзi 
Қытайды Түркiстан мен Самарқанға жорық жасау ниетiнен 
бас тартқызды. Осылайша Абылай екi үлкен империяның 
ортасында қазақ елiн және мемлекетiн қорғаудың бірден-
бiр дұрыс жолын таңдады және үлкен саясатта алғырлық 
танытып, айтарлықтай жеңiстерге жеттi. Цин әулетiмен 
әскери-саяси тартыстың қазақ елi үшiн қауiптiлiгiн түсiнген 
Абылай хан, қазақтың атақты билерi Қазыбекпен және Төле 
бимен ақылдаса келе, Қытай мемлекетiмен арадағы ки кiл-
жiңдi келiссөзбен шешуге бел байлады. Сөйтiп, XVIII ғасыр-
дың 20–30-жылдарында жоңғарлар басып алған шекаралық 
аймақтағы жайылым жерлер дипломатиялық жолмен қайта-
рылып алынды.
Абылай ханның кезiндегi Қазақ хандығы.  Ресей және 
Қытаймен қарым-қатынас. Географиялық жағынан екi iрi 
мемлекеттiң қыспағында болған Қазақ хандығының билеу-
шiсi Абылайдың басты мақсаты — мемлекет дербестiгiн 
қалай да сақтап қалу едi. Дипломатиялық шаралардың ше -
берi Абылай, хан болып сайланғанға дейiн де Тарбағатай 
тау лары, Алтай сеңгiрi, Зайсан көлiнiң шығысындағы қазақ 
жерiн қайтаруда қыруар күш-жiгер жұм сады. Жоңғария 
тарихи сахнадан мүлде жоғалып, оның жерiн басып қалған 
Маньчжур-Цин билеушiлерi Абылаймен келiсе отырып, 
жаңа шекара белгiледi. 
1757—1760 жылдары қазақ елiнiң дербестiгiн, жер ау-
ма ғының бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Абылай 
Қытайдың да билiгiн мойындайды. Бiр жағынан, Абылай 
1740 — 1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қытайдың 
билi гiн қабылдауын, дипломатиялық шешiм деп бағалады. 
Абы лай, сонымен қатар Орта Азия елдерiмен бай ла нысын 
дамытуға да көңiл бөлдi. XVIII ғасырдың 70-жылдарының 
басында Абылай бiрқатар соғыстарда Ход жент әмiршiсiне, 
Ташкент бегiне соққы бердi. Қазақтар жоң ғарлармен соғысып 
жүргенде өзбек бектерiне ауып кеткен Түркiстан, Сайрам, 
Шымкент, Созақ және басқа бiрнеше қалаларды Абылай 
күшпен қайырып алып, қазақтардың би лiгiне қаратты. 
Олар тиесiлi алым-салығын төлеп тұруға мiндеттелдi. Қа-
зақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады. Екi 
үлкен империяның ортасында тиiмдi саясат жүргiзе бiлген 
Абылай қазақтың бөлшектенiп кеткен жерлерiн қайта 
бiрiктiру мақсатын жүзеге асыруды нақты қолға алды. 
Осын дай оймен ол, негiзгi күштерiн оңтүстiктегi аймақтарға 

36
ба ғыт тай отырып, 1770 жылы қырғыздарға соқ қы берiп, 
олардың оңтүстiктегi қазақ жерлерiне үздiксiз жасай-
тын барымталық жорықтарына тыйым салды. Мұның өзi 
Абылайды халықаралық деңгейдегi iрi саясаткер және 
қолбасшы ретiнде көршi аймақтарға да әйгiлi еттi. Өзiнiң 
ха ны ның табанды да тиянақты iс-әрекетiне сүйсiнген қа-
зақ халқы Абылай туралы әртүрлi жырлар, өлеңдер шыға-
рып, оның ерлiктерi мен көрегендiліктерiн ел арасында 
кеңi нен насихаттаумен болды. Абылай тек қана Орта жүз-
де гi рулық-тайпалық иелiктердi Қазақ хандығына қосу-
мен шектелмей, Ұлы жүздiң де батыс аймақтарындағы 
жайылымдарды қайтарып алды. Қытайдың қол астында, 
негiзiнен алғанда, шалғайдағы және алыс шығыстағы Ұлы 
жүз дiң кейбiр аймақтары қалып қойды. Қазақ хандығын 
бiр орталыққа бағынған мықты мемлекетке айналдырып, 
Абылайдың қолымен жазылған құжаттан үзiндi 

37
күшейту үшiн Абылай бұрынғы хандардан қалған дәстүр-
салтты басшылыққа алып, Түркiстанды Қазақ хандығының 
астанасына айналдырды.
1771 жылы Орта жүздiң ханы Әбiлмәмбет дүние салды. 
Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген 
билеушiнiң ұлы Әбiлпайызды емес, халық арасында зор 
беделге ие Абылайды әйгiлi Түркiстанда ақ киiзге көтерiп, 
хан сайлады. Белгiлi саяси қайраткердi үш жүздiң өкiлдерi 
Орта жүздiң ханы ғана емес, барлық қазақтың билеушiсi 
деп тануы — оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегi, 
халықтың басын бiрiктiрудегi рөлiн, Ресей және Қытай 
мемлекеттерiмен дұрыс дипломатиялық қатынас орнатып, 
iс жүзiнде елдiң дербестiгiн сақтап қалғандығын мойындауы 
едi.
Ресей үкiметi өзiнiң “сазайын тартқыз да, тө ре лiк ет” 
деген саясатын сақтай отырып, бiрiккен Қазақ мемлекетiнiң 
өркендеп-дамуына құштар болмаса да, 1778 жылдың 24 
мамырында Абылайды Орта жүздiң ханы етiп бекiттi. 
Абы лай өзiне берiлуге тиiстi ханға лайықты сим волды қа-
былдауға Орынбор немесе Троицк қалаларына ба рудан бас 
тартты. II Екатерина оны Орта жүздiң ханы етiп бекiту 
ту ралы грамотасын патша өкiлдерi арқылы ханның туған 
ауы лына  жеткiздi. 
Абылай хан Қазақ хандығын билеуде бiрқатар жаңа өзге-
рiстердi заңдастырды. Iрi ұлыстарды билеуге хан өзiне жақын 
сұлтандарды тағайындады. Сот iстерiн шариғат ережелерiне 
сай жүргiзетiн билер қызметiне Абылай шек қойды. Өз са-
райында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйе-
нiп, Абылай ойлаған жоспарын қиындықсыз iске асырып 
отырды. Өзiне қарсы тұрғандарды ханның қатыгездiкпен 
басып тастағандығы да айғақ. Абылай жергiлiктi билердiң 
бытыраңқылыққа бағытталған iс-әрекеттерiн тежеу үшiн 
аймақтарды басқаратын сұлтандарды өзi тағайындады және 
олардың өзiне тiкелей бағынуын талап еттi. Сонымен бiрге 
Абы лай өзiнiң жеке әскери жасағын төленгiттер есебiнен 
көбей туге де күш салды. Мұның өзi тұрақты әскерi жоқ қа-
зақ елiн қорғаудың қамынан туған едi. Ол жүргiзген шара-
лар бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын бiр орта-
лыққа бағындыру iсiн айтарлықтай нығайтты және қазақ 
мемлекетiнiң қалыптасуында үлкен рөл атқарды. 
Хан, сонымен қатар қазақ елiнiң шаруашылық құрылы-
мына да өзгерiстер енгiзуге тырысты. Қазақтардың Ертiс 

38
пен Есiлдiң бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңiрлерiнде 
егiн шаруашылығын дамытуын қолдады. 1761 жылы орыс 
патшасына жолдаған хаттарының бiрiнде ағаштан үй тұр-
ғызу үшiн бiрнеше ұста және 200—300 пұт астық жiбе рудi 
сұраған. 
Петропавлға жақын жерде, Көкшетауда, Ертiс өңiрiнде, 
кейiнiрек Ақтөбе маңайында, Ой (Уйская) шебiне iргелес 
ау данда қыстақтары болған Абылай қазақтар үшiн егiн 
ша руашылығымен айналысудың да маңыздылығын жете 
түсiнiп, қазақ халқының дәстүрiн, мәдениетiн дамытуға 
тұ рақты көңiл бөлдi. Оның төңiрегiне атақ ты жыраулар мен 
күйшiлер, шешендер, қазақ даласына белгiлi суырыпсалма 
ақындар топтасты. Солардың қатарында кедей ортадан 
шық қан, Абылайдың өте бiр ұнатқан ақыны — Тәтiқара, 
ба тыр лардың ерлiгiн жырлаудан талмаған, сондай-ақ ханға 
жақын болған Үмбетей жы р ау, халық поэзиясы тарихын-
дағы ең iрi тұл  ғалардың бiрi, Абылайға сан шумақтарын 
арнаған Бұ қар жырау да бар едi. Ханның кеңесшiсi әрi қазақ 
хан дығы дербестiгiнiң жаршысы Бұқар жырау ханның 
iшкi жә не сыртқы саясатына мейлiнше әсер еткен дарынды 
адам болды. Өзiнiң қамқоршысы Абылайдың хандық билi -
гiн қорытындылай келе, Бұқар жырау төмендегiше жыр-
лайды:
...Хан Абылай атандың 
Дүниеден шықпай мiнiңiз. 
Алтын тақтың үстiнде 
Үш жүздiң басын құрадың, 
Жетiм менен жесiрге 
Ешбiр жаман қылмадың. 
Әдiлдiкпен жүрдiңiз, 
Әдептi iске кiрдiңiз...
Абылай 1781 жылы дүние салды. Ол Түркiстандағы Ах-
мед Иасауи кесенесiнде жерлендi. Алғашында артында 
қал ған көп ұрпағы (30 ұл, 40 қыз) үш жүздi уысынан шы  -
ғар май билеуге тырысқанымен, оның құрған мемле кетi 
өзi өлгеннен кейiн әлсiрей бастады. Абылайдың бас ми-
рас қоры Уәли сұлтанды Ресей мемлекетi Орта жүз ханы 
ретiнде танығанымен, ол мемлекет басқаруда табандылық 
көрсете алмады. Қазақ хандығының ынтымағын, бiрлiгiн 
Абы лай сияқты қамтамасыз ете алмады. Патша үкiметiнiң 
отаршыл саясатының күшейе түсуi де бұған мүмкiндiк бере 
қоймады.

39
сұрақтар мен тапсырмалар
1. Абылайдың белгiлi қайраткер ретiнде қалыптасуына қандай 
жағдайлар әсер еттi?
2. Абылай жоңғарларға қарсы күрестi ұйымдастыруда қандай еңбек 
сiңiрдi?
3. Абылай мемлекетiнiң iшкi дамуы барысын қалай сипаттауға 
болады?
Құжаттар
Абылай ханның Қалдан сереннiң тұтқынында  
болғандығы туралы мәлiмет
“...Жоңғарлардың қырғыздарға шапқыншылықтарының бiрiнде 
Абылай жекпе-жекте Қалданның (жоңғар патшасы. — Ж.Қ.) ұлы 
Шарышты өлтiредi. Өзiнiң сүйiктi ұлының мерт болғанын бiлген 
Қалдан өлтiрушiнi кiм болса да қолға түсiрудi талап еткен.
Батыр Құдаймендi және бiрнеше билерiмен аң аулап жүрген 
Абылайды Қалданның жауынгерлерi қолға түсiрiп, қонтайшыға 
(жоңғар ханына. — Ж.Қ.) жеткiзедi.
— Менiң ұлымды неге өлтiрдiң? — деген Қалданның сауалына, 
Абылай былай деп жауап берген: “Айыптау маған түсiп тұр. Оны 
өлтiрген халық. Сенiң ұлың Шарышты өлтiргенде мен халықтың 
еркiн орындадым”.
Валиханов Ч. Собр. соч. В 5-ти т.  
Т. I. 1985. С. 217.
Ш.Уәлиханов Абылай туралы
“Абылай 1756 жылы Боғды ханға тәуелдiлiгiн мойындады, князь 
деген лауазым ат және күнтiзбе алды. Абылай Iлe Цзянь-Цзунымен 
(генерал-губернаторымен) Сайрамкөл маңайында кездесiп, оны-
мен сауда келiсiмiне қолын қойды. Осыған орай Тарбағатайда 
(Шәуешекте) және Iледе (Құлжада) айырбас базарлары ашылды”.
Валиханов Ч. Собр. cоч. 
Алма-Ата, 1985. В 5-ти т. Т. I. С. 114. 
А. левшин Абылай туралы
“... (Абылай) өз заманындағы қырғыз (қазақ. — Ж.Қ.) билеу-
шiлерiмен салыстырғанда жасымен, айлакерлiгiмен, тәжiрибелi-
лiгiмен, ақылдылығымен, өз қарамағындағы халықтың көптiгiмен 
басым болды. Ресей императрицасымен және Қытай Боғды ханымен 
қарым-қатынасында тәуелсiздiгiн көрсеттi...”
Левшин А. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких  
орд и степей. СПб., 1832. С. 264–265. 

40
Орынбор генерал губернаторы Н.А.Рейнсдорпқа  
Абылай ханның жазған хатынан үзiндi
“...Менiң қол астымдағы қырғыздардан 200-дей үйдiң Қытайға 
кеткендiгi туралы Қытай начальнигi Якодан хабарландым. Менiң 
иелiгiме Үлкен және Кiшi Орда кiредi (Орта жүз Кiшi хандықтың 
басқаруында болған. — Ж.Қ.). Үлкен Орда Түркiстан және Ташкент 
қалаларының маңында қоныстанған. Онда тағы да маған қарсы 
соғысушы қырғыздар (тяншандықтар. — Ж.Қ.) бар, менiң көш 
жолдарыма қауiп төндiрiп отырады...” 
АВПРИ. Ф. 122. Оп. 122/3. 1779. Д. 1. Л.51.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет