100
тер немесе тағы да басқаша жіктеуге болады. Алайда,
жіктеудің
бір типіне көңіл бөлген дұрыс, өйткені ол менеджердің өз кәсіби
идеологиясын қалыптастыруға үлкен ықпалын жасайды.
Менеджер-«тыңшы».
Мұндай менеджер типі басқарып отыр-
ған ұйымында болып жатқан жағдайлар жөнінде толық ақпарат
алуға тырысады. Ол өз ұйымында болып жатқан жағдайлардың
ішінде маңызды бір нәрсені білмейтіндей мазасызданады,
бұл уайым көздеген мақсатқа айналады,
тікелей лауазымдық
міндеттерін атқаруға керек уақыты азая береді. “Қарым-қатынасты
айқындау”, өсек, ұйым жұмысын сынаушыларды айыптау мұн-
дай менеджердің мінез-құлқына айналады. Ол осы мақсатта
өзіне
сөз тасушы, тыңшы, т.с.с. сияқты бағыныштыларды тар-
тады. Менеджердің мұндай типі ұйым үшін зиян, ал өзі жұмыс
уақытын құр бекер ысырап қылады.
Достарыңызбен бөлісу: