Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
биліктік өкілеттері
бар екенін білдіреді, оның көлемі менед-
жер қабылдайтын шешімнің қамту аясымен білінеді. Соны-
мен, менеджердің негізгі лауазымдық функциясы немесе оның 
лауазымдық міндеті шешім қабылдау болып келеді: ол жай шешім 
емес, ең тиімді шешімді қабылдауды үйренуі керек.
Менеджер қабылдайтын шешімдердің бағыттылығы. 
Жо-
ғары білікті сарапшылардың бағалауынша, мамандардың 99%-ы 
үдеріске жұмыс жасайды, тек 1%-ы ғана нәтижені өзінің нысана-


102
сы ретінде есептеп, үдерісті нақты нәтижеге жетуге үйлестіреді. 
В.Парето бойынша, кез келген әрекет тиімді болып саналады, 
егерде оны атқарғаннан кейін тым болмағанда бір адамның 
жағдайы жақсарып, қалғандарының жағдайы нашарламау керек. 
Басқа барлық әрекеттер тиімсіз болып саналады.
Үдеріске жұмыс жасау менеджер назарын ұйымдастыратын 
өндіргіш үдерістің барлық формалды талаптардың сақталу 
қажеттігіне шоғырландырады. Ал нәтиже ұтымды өндіргіш 
үдерістің салдары ретінде көрінеді. Жұмысқа бағдарланған ме-
неджер өндіргіш үдерістің барлық компоненттерін құрылымдық
талқыға салады, ал нәтиже өндіргіш үдерісті ұтымды ұйымдастыру 
бойынша көптеген басқару шешімдері ретінде көрінеді.
Нәтижеге жұмыс істеу менеджер әрекеттерінің басқаша логи-
касын және шешім қабылдауының басқаша логикалық тізбегін 
ұйғарады. Бұл концепция бойынша, ұйымның шығуында алатын 
нәтиженің сандық және сапалық сипаттамалары, яғни берілген 
жағдайда мақсатты қалыптастыру туралы шешім қабылдайды. 
Осы себептен мұндай басқару концепциясын мақсаттар бойынша
басқару деп те атайды. 
Қалыптастырылған мақсат өндірістік үдерісті және оның 
барлық компоненттерін белгілеген нәтижеге жету үшін үйлестіру 
туралы менеджердің шешім қабылдауына негіз болады. Егер-
де нақты нәтиже жоспарланған нәтижеден төмен болса, онда ол 
басқару қатенің салдары деп бағаланады. Мақсаттар бойынша
басқару концепциясы менеджменттің ең ұтымды сызбасы болып 
келеді.
Басқару шешімдерінің тиімділігі қабылданатын шешімнің 
тек сипатына, мазмұнына, сапасына ғана емес, сонымен қатар 
қабылданатын шешім бағытталған объектіні таңдауға да бай-
ланысты. Мақсаттар бойынша басқару концепциясы шығудағы 
нәтижені таңдауды осындай объект ретінде қарайды. Қалған 
басқа шешімдер осы негізгі шешімді дамытуға қабылданады.
Бірінші – үдеріске жұмыс істеу – доминанта ретіндегі негізгі 
шешім болмайды. Оның орнын көптеген бір бірімен өзара бай-
ланысы жоқ шешімдер басады, әр шешім өндіргіш үдерістің 
нақты функциясына немесе құрылым бөлімшесіне бағытталған, 


103
ал шығудағы нәтиже осындай көптеген шешімдердің салдары 
ретінде білінеді.
Нәтижеге жұмыс істеу барысында доминанта-шешім, соны-
мен өзара байланысты және соның мазмұнынан шығатын тәуелді 
шешімдер қабылданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет