104
тауардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаса, онда ол
бәсекешілердің өз тауарына барынша көп тұтынушыларды бай-
лау үшін қолдан келер бар мүмкіндікті жасайды деп қарастырады.
Шынайы жағдайда жаңа бәсекеші тұтынушыларды әлі арбауға
барған жоқ, бірақ менеджер осы шешімді қабылдамаса болашақта
ондай жағдай тууы мүмкін. Шешімді сценаридегі бар факті шы-
найы өмірде болдыртпауға қабылдайды. Шешім:
– сценариде келтірілген сыртқы ортаның өзгеруінен ұйым
жағдайының
нашарлауын болдырмау;
– сыртқы ортада бұрынғыдан да күшті позицияға ие болу
сияқты нақты бағытталған белгілі әрекеттерге итереді.
Осылайша сценарий менеджер үшін шешім қабылдау аясы бо-
лып келеді: ол шешімді бүгін қабылдайды, бірақ осы шешімнің
бағыттылығы мен мазмұнын анықтайтын айғақтар ертеңгі күнгі
жағдайға қатысты болады. Осыған ұқсас жағдайларда менеджер
«минимакс» ережесіне сәйкес шешім қабылдайды: “Өте
нашар
жағдайда салыстырмалы өте жақсы нәтижеге алып келетін бала-
маны таңда”.
Достарыңызбен бөлісу: