105
Біздің мемелекетімізде көп нәрсе әзірше саясаткерлердің іс-
әрекеттеріне
байланысты, олар, тәжірибедегі менеджерлердің
пікірінше, кейде ұтымсыз немесе кәсіби емес болып келеді. Іс
орта сипатының саясатқа күшті тәуелділігі, мемлекеттің жалған
мүдделерін ілгері шығаруы, экономикалық үдеріске әсер етуде
зорлық әдістеріне бару, саясаткерлердің жеке басын байытуға ты-
рысуы – осының барлығы ұйымдардың тиімді бағытта бизнесті
жүргізуге теріс ықпал жасайды. Әрине, ол
менеджердің де
кәсіби қызметіне және олардың басқару шешімдерін қабылдау
процедурасына кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге, отандық
менеджерлердің едәуір бөлігінің кәсіби
деңгейінің төмендігін
атап көрсетуге болады. Мұндай жағдайда тіпті, ең жоғарғы
білікті менеджерлер оңтайлы шешімдер мен әрекеттерге сүйене
алмайды, өйткені іс белсенділігі туралы түсінігі шамалы адам-
мен біріккен жағдайда оңтайлы нәтижеге жету қиынға түседі.
Бақылау сұрақтары
1. «Менеджердің негізгі лауазымдық міндеті» мен «менеджердің
негізгі функционалдық міндеті» түсініктерін бір-бірімен қалай үйлес-
тірер едіңіз?
2. «Үдеріске жұмыс істеу» және «нәтижеге жұмыс істеу» концеп-
циялары арасындағы айырмашылықтары
және шешім қабылдау ерек-
шеліктері неде?
3. Басқару стилін қалай түсінесіз? Нақты басқару стилін анықтау
негізінде қандай факторлар жатуы мүмкін?
4. Егер авторитарлық пен келісу стильдерін салыстырсаңыз, олардың
арасындағы айырмашылық пен ұқсастық неде?
5. Қандай басқару стилін қолданар едіңіз, егерде бағынышты
адамдарыңыздың кәсіби біліктілік деңгейі қатты өзгеше екенін білсеңіз?
6. Менеджмент концепциясында рөлдік функция дегеніміз не?
7. Менеджер өзінің лауазымдық міндеттерін
атқарғанда қандай
рөлдік
функцияларды орындайды?
8. Келесі сөйлемшелер нені білдіреді: бағынышты басқарушылық
үдерістің субъекті ретінде; бағынышты басқарушылық үдерістің объекті
ретінде?