Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Сценарий шешім қабылдау ортасы ретінде



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Сценарий шешім қабылдау ортасы ретінде.
Сценарийді 
болашақта қазіргі жағдайдың нақты факторлардың ықпалымен 
өзгеру мүмкіндігін сенімді сипаттау деп түсінуге болады. Мұндай 
сценарийлер оптимистік, пессимистік немесе қалыпты болуы 
мүмкін. Сонымен, сценарийлер: 
– қоршаған ортаның қалыпты дамуы;
конъюктураның жақсаруы;
– конъюктураның нашарлауы сияқты алғы шарттарға 
негізделуі мүмкін.
Егер менеджер болашақта сыртқы ортаға қалыпты даму 
тән болады деп қарастырса, онда ол барлық мүмкін болатын 
баламалардың ішінен қалыпты сценариді таңдайды. Егер менед-
жер сыртқы орта конъюктурасы нашарлайды деп қарастырса, 
онда барлық мүмкін болатын баламалардың ішінен пессимистік 
сценариді таңдайды. Егер менеджер сыртқы орта конъюктурасы-
ның ағымдағы жағдаймен салыстырғанда жақсаруын бағдарласа, 
онда ол оптимистік сценариді таңдайды.
Мысалы, нарықта жаңа бәсекеші пайда болса, оған жауап 
қайтару қажет. Ұйымның бет алысы сыртқы ортадағы жағдайдың 
шиеленесуіне байланысты болады, демек, өзінің бұл жағдайдағы 
іс бағыты туралы ой жүгіртуі пессимистік сценаримен байла-
нысты болады. Ең алдымен, өздерінің іс бағыттарының мүмкін 
нұсқаларын, басқаша айтқанда баламаларды қарастырады. 
Мұндай баламалар бір, екі немесе барлық үшеуінен тұратын: 
– бағаны төмендету;
жаранама шығындарын көбейту;
– арзан компоненттерін қосу арқылы өндірілетін тауарлар 
ассортиментін кеңейту сияқты әрекеттерді қамтиды.
Мұндай баламаларды қарастыру нақты шешім қабылдау 
қажеттігімен байланысты. Менеджер шешім қабылдағанда тек 
сценариге тән нақты дәлелдерге сүйенеді. Егер менеджер өндіретін 


104
тауардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаса, онда ол 
бәсекешілердің өз тауарына барынша көп тұтынушыларды бай-
лау үшін қолдан келер бар мүмкіндікті жасайды деп қарастырады. 
Шынайы жағдайда жаңа бәсекеші тұтынушыларды әлі арбауға 
барған жоқ, бірақ менеджер осы шешімді қабылдамаса болашақта 
ондай жағдай тууы мүмкін. Шешімді сценаридегі бар факті шы-
найы өмірде болдыртпауға қабылдайды. Шешім: 
– сценариде келтірілген сыртқы ортаның өзгеруінен ұйым 
жағдайының нашарлауын болдырмау;
– сыртқы ортада бұрынғыдан да күшті позицияға ие болу 
сияқты нақты бағытталған белгілі әрекеттерге итереді.
Осылайша сценарий менеджер үшін шешім қабылдау аясы бо-
лып келеді: ол шешімді бүгін қабылдайды, бірақ осы шешімнің 
бағыттылығы мен мазмұнын анықтайтын айғақтар ертеңгі күнгі 
жағдайға қатысты болады. Осыған ұқсас жағдайларда менеджер 
«минимакс» ережесіне сәйкес шешім қабылдайды: “Өте нашар 
жағдайда салыстырмалы өте жақсы нәтижеге алып келетін бала-
маны таңда”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет