Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Зат массасының зат мөлшеріне қатынасындай шаманы молярлық масса деп атайды



бет6/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Зат массасының зат мөлшеріне қатынасындай шаманы молярлық масса деп атайды.
Оның өлшемі кг/моль немесе г/моль, әдетте оны М әрпімен белгілейді.
Молекуланың массасын біле отырып заттың молярлық массасын оңай есептеуге болады. Мәселен, егер судың молекуласының массасы 2,99·10-26 кг тең болса, онда молярлық масса Мr20) 2,99·10-26 кг·6,02·1023 1/моль = 0,018 кг/моль немесе 18 г/моль тең болады. Жалпы жағдайда г/мольмен өрнектелген заттың молярлық массасы сан жағынан сол заттың салыстыр-малы атомдық немесе салыстырмалы молекулалық массасына тең. Мәселен, С, Fе, О2, Н2О салыстырмалы атомдық және молекулалық массалары 12, 56, 32, 18, ал олардың молярлық массалары 12 г/моль, 56 г/моль, 32 г/моль, 18 г/моль тең болады.
Молекулалық және атомдық күйдегі заттар үшін молярлық массаны есептеуге болады. Мысалы, сутегінің салыстырмалы молекулалық массасы Мr2)=2, ал салыстырмалы атомдық массасы Аr(Н) —1 тең. Екі жағдайда құрылым бірліктерімен анықталатын (NA) заттың шамасы 1 мольге тең. Дегенмен, молекулалық сутегінің молярлық массасы 2 г/моль, ал атомдық сутегінің молярлық массасы 1 г/моль. Атомдардың, молекулалардың немесе иондардың бір молінде Авогадро тұрақтысына тең, бөлшектер саны болады, мәселен:
1 моль 12С атомында = 6,02·1023 атом І2С
1 моль Н2О молекуласында = 6,02·1023 Н2О молекулалары
1 моль иондарында = 6,02·1023 иондары бар.
Заттың массасы мен шамасы — әртүрлі түсініктер. Масса килограммен (граммен), ал заттың шамасы — мольмен өрнектеледі. Заттың массасы (т,r), заттың шамасы (п, моль) және молярлық масса (М, г/моль) арасында жай қатынас бар:


Бұл формулалар арқылы заттың белгілі мөлшерінің массасын есептеуге немесе белгілі массадағы заттың моль санын анықтауға немесе заттың молярлық массасын табуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет