химиялық элемент дегеніміз (ядроның) оң заряды бірдей атомдардың белгілі бір түрі. 107 элемент белгілі. 101-ші химиялық элемент Менделеевий Мd деп периодты заңның авторы Д. И. Менделеевтің құрметіне аталған. 104-ші элемент —курчатовий Кu — көрнекті совет физигі И. В. Курчатовтың құрметіне берілген. Курчатовийді 1964 ж. Дубно қаласындағы Біріккен ядролық зерттеу институты синтездеді. 1970 ж. февральда сол институтта 105-ші элемент алынды. Дубно қаласында жұмыс жасайтын социалистік елдердің физиктер коллективі 106-шы және 107-ші элементтерді синтездеу жұмыстарын аяқтады. Қазіргі кезде реттік нөмірі оданда жоғары болатын химиялық элементтерді жасанды жолмен алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әдетте барлық элементтерді металдарға және бейметалдарға бөледі. Бірақ бұл шартты бөлу бейметалдар мен металдардың қасиеттері 8.1, 12.1—12.3 параграфтарында толығырақ қарастырылады. Элементтердің маңызды сипаттамасы олардың жер қыртысында яғни қалыңдығы шартты түрде 16-км-ден алынған жердің, сыртқы қатты қабатында т а р а л у ы болып табылады. Элементтердің жер қыртысында таралуын жер химиясы туралы геохимия зерттейді. Жер қыртысының орташа химиялық құрам кестесін академик А. П. Виноградов құрастырды*. Бұл мәліметтер бойынша жер қыртысы массасының ең көп таралған элементі оттегі 47,2%, сонан соң кремний — 27,6, алюминий —8,80, темір — 5,10, кальций —3,6, натрий — 2,64, калий—2,6, магний—2,10, сутек—0,15%-ін құрады.
Келтірілген сандардан элементтердің жер қыртысында біркелкі таралмағандығы көрініп тұр. Көрсетілген 9 элемент жер қыртысы массасының 99,79%, барлық қалғандары небары 0,21% құрайды. Табиғатта «атомдық салмағы (атомдық масса) аз элементтердің, ал организмде жеңіл элементтердің (Н, С, N. О) көп болатынд ы ғ ы н» алғаш рет Д. И. Менделеев дәлелдеді. Космоста да ең жеңіл элементтер — сутегі мен гелий кең таралған.
Жай және күрделі заттар. Аллотропия Химиялық элементтердің атомдары бос күйінде өте жоғарғы температурада болуы мүмкін. Олар дара атомдар немесе жай және күрделі заттардың қүрамындағы атомдар.