Химиялық таңбалар, формулалар және теңдеулер Элементтерді химиялық таңбалармен (символдармен) белгілеу қабылданған. Элементтік символы оның латынша аталуының бірінші немесе бірінші және келесі әрпінен тұрады: біріншісі үлкен, екіншісі — кіші әріппен жазылады. Мәселен, сутегінің латынша аталуы Нуdgenium— Н белгіленеді. Охуgenium — оттегі — О, алюминий — Аluminium — А1, темір —Ferrum— Ғе, мырыш —Zincum — Zn және т. б.
Күрделі заттардың құрамы химиялық формулалар арқылы өрнектеледі: мәселен Н2SО4 формуласы күкірт қышқылы екендігін, оның бір молі сутегі атомының 2 молінен, күкірт атомының 1 молінен және оттегі атомының 4 молінен түзілгенін көрсетеді.
Молекуласы қанша атомнан тұратындығы белгілі болса, онда жай заттардың да молекулалары формулалармен өрнектеледі. Мәселен Н2, О2, Ғ2. Ал егер жай заттың атомдық немесе металдық құрылымы немесе молекуланың атом құрамы белгісіз болса, онда оны элементтің химиялық таңбасымен өрнектейді. Мәселен Не, АІ, С. Заттың химиялық формуласын оның қүрамын анализдеу арқылы анықтауға болады.
Химиялық теңдеулерді химиялық формулалар мен таңбалар арқылы жазады. Олар химиялық реакцияларды бейнелеу үшін қолданылады және заттар массасының сақталу заңын көрсетеді. Әрбір теңдеу тепе-теңдік таңбасы арқылы қосылған екі бөлімнен тұрады. Сол жағына реакцияға кірісетін заттардың, оң жағына реакция нәтижесінде түзілетін заттардың формулаларын жазады. Теңдеудің сол және оң жағындағы әрбір элементтің атомының саны тең болуы керек.
Мысал ретінде темір (III) хлоридінің натрий гидроксидімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін құрайық. Ол үшін осы реакцияның схемасын құру керек, яғни реакцияға қатысатын және реакция нәтижесінде түзілетін заттардың формулаларын жазып оның бағытын стрелкамен көрсету керек.
FеС13 + NаОН→Ғе(ОН)3 + ЗNаС1 Теңдеудің оң және сол жағындағы темір, оттегі, сутегі және хлор атомдарының сандары бірдей болу үшін NаСІ мен NаОН формуласы алдына 3 коэффициентін қою керек: