Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


табиғи изотоптық құрамы бар элемент атомының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасын химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы* А



бет5/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

табиғи изотоптық құрамы бар элемент атомының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасын химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы* Аr деп атайды.
Элементтердің салыстырмалы атомдық массасын Аr, белгілейді, мұндағы r—ағылшын сөзінің геlаtіvе — салыстырмалы бастапқы әрпі Аr (Н), Аr (О),
Аr (С) жазуы сутегінің, оттегінің, көміртегінің салыстырмалы атомдық массаларын көрсетеді.
Мәселен,

Салыстырмалы атомдық масса химиялық элементтің негізгі си-паттамаларының бірі. Атомдық массалардың қазіргі мәндері Д. И. Менделеевтің элементтердің периодтық системасында келтірілген (кітаптың алғашқы бетін қара).


Салыстырмалы молекулалық масса
Табиғи изотоптық құрамы бар элемент молекуласының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасын заттың салыстырмалы молекулалық массасы Мr деп атайды.
Сан жағынан салыстырмалы молекулалық масса зат молекуласының кұрамына кіретін барлық атомдардың салыстырмалы атомдық массасының қосындысына тең. Ол заттың формуласы бойынша оңай есептелінеді. Мысалы Мr(Н2О) дегеніміз.

Демек, судың салыстырмалы молекулалық массасы 18,01534-ке немесе жинақтаса 18-ге тең. Салыстырмалы молекулалық масса берілген заттың молекулалық массасының 12С— атом массасының 1/12 бөлігінен неше есе көп екендігін көрсетеді. Мәселен судың молекулалық массасы 18-ге тең. Бұл су молекуласының массасы 12С атом массасының 1/12 бөлігінен 18 есе ауыр деген сөз. Салыстырмалы молекулалық масса — бұл заттың негізгі сипаттамаларының бірі.


Моль. Молярлық масса
Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) зат мөлшерінің бірлігіне моль қабылданды.
Моль — бұл 0,012 кг көміртегі 12С изотопында болатын атомдар санына тең құрылымдық бірліктер (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар немесе басқалары) болатын заттың мөлшері.
Көміртегі атомының массасын біле отырып, (1,993·10−26) 0,012 кг көміртегідегі атомдардың санын А есептеуге болады:

Бұл санды Авогадро тұрақтысы деп атайды (белгісі NА, өлшемі 1/моль). Кез келген заттың моліндегі құрылымдық бірліктердің санын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет