Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Жай заттар дегеніміз бір элементтің атомдарынан құралғаи заттар



бет4/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Жай заттар дегеніміз бір элементтің атомдарынан құралғаи заттар.
Мысалы, жай зат көмір — көміртегі элементінің атомдарынан, жай зат темір — темір элементінің атомдарынан, жай зат азот — азот элементінің атомдарынан кұралған.
Күрделі заттар немесе химиялық қосылыстар дегеніміз әртүрлі элементтердің атомдарынан тұзілген заттар.
Мәселен, мыс (II) оксиді мыс және оттегі элементтерінін атомдарынан, су — сутегі және оттегі элементтерінің атомдарынан құралған.
«Жай зат» түсінігін «химиялық элемент» түсінігімен бірдей деуге болмайды. Жай зат белгілі тығыздығы, ерігіштігі, балқу және қайнау температураларымен және т. б. сипатталады. Бұл қасиеттер атомдар жиынтығына қатысты және олар әртүрлі жай заттар үшін әр алуан болады. Химиялық элемент атом ядросының белгілі оң зарядпен (реттік нөмірімен), тотығу дәрежесімен, изотоптық кұрамымен және т. б. сипатталады. Элементтің қасиеті оның жеке атомына қатысты. Күрделі заттар жай заттардан құралмайды, олар элементтерден тұрады. Мәселен, су оттегі және сутегі жай заттарынан емес, ал сутегі мен оттегі элементтерінен кұралады. Элементтердің атауы (көміртегі мен оттегінің жай заттарының бірі озонды қоспағанда) өздеріне сәйкес жай заттардың атауымен сай келеді.
Химиялық элементтердің көпшілігі құрылысы мен кұрамы әртүрлі болып келетін бірнеше жай заттар түзеді. Бұл құбылысты аллотропия, ал түзілетін заттарды — аллотропиялық түр өзгерістері немесе модификациялары деп атайды. Мәселен, оттегі элементі екі аллотропиялық модификация — оттегі мен озон, көміртегі элементі үш: алмаз, графит және карбин, фосфор элементі бірнеше модификациялар түзеді. Аллотропия екі себептен пайда болады:
1. молекуладағы атомдар санының әртүрлі болуынан (мысалы оттегі О2 және озон О3) немесе
2. әртүрлі кристалдық формалар түзуінен (мысалы, алмаз, графитжәне карбин §11.2 қара).


Салыстырмалы атомдық масса
Қазіргі зерттеу тәсілдері атомдардың тым кіші массаларын үлкен дәлдікпен анықтайды. Мәселен, сутегі атомының массасы 1,674·10−27 кг, оттегінікі, 2,667·10−26 кг, көміртегінікі 1,993·10−26 килограмға тең.
Химияда атомдық массаның абсолюттік емес, оның салыстырмалы мәндерін қолданады. 1961 ж. атомдық масса бірлігіне көміртек изотопының атом массасының 1/12 бөлігіне тең атомдық масса бірлігі (қысқартып а. м. б.) қабылданған. Химиялық элементтердің көпшілігінің атомының әралуан массасы болады (изотоптарды, §2.4 қара). Сондықтан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет