Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет62/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Фазааралық әрекет. Дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар фазааралық беткі қабатта әрқашанда молекулааралық әсерлесу күшінің есебінен әрекеттесіп жатады және мұндағы әрекеттесу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Мінеки, осы әрекеттесу шамасына орай дисперсті системалар лиофильді және лиофобты болып бөлінеді. Лиофильді системалар тобына жататын дисперсті системадағы дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара әрекеттеседі. Мұның нәтижесінде жалпы химиядан белгілі сольватацияға (еріт-кіш су болғанда гидротация) ұқсас, дисперсті фаза бөлшегінің ай-наласында дисперсті орта бөлшектерімен қоршалған қабат лайда болады. Ал, лиофобты системалар тобына енетін дисперсті фаза мен дисперсті ортадағы заттар өзара нашар әрекеттеседі.
Фазалық өзгешелік. Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері нағыз молекулалық ерітінді болса да оларға коллоидты күйдің көптеген белгілері тән. Мысалы, жоғары молекулалық қосылыстар өздігінен ерігенде әуелі жекеленген макромолекулаларға ыдырап бірфазалы, гомогенді, тұрақты және қайтымды система құрайды. Ал, дисперстілік система қасиетіне едәуір әсер ететіндіктен, жоғары молекулалық қосылыс ерітінділері жоғары дисперсті, гетерогенді системаларға тән ортақ қасиеті болуы ке-рек. Расында да жоғары молекулалық қосылыс ерітінділері диффузия жылдамдығы, ультра сүзгіштен өтпеуі, құрылымы, оптикалық, электрлік қасиеті тарапынан алғанда, олар нағыз ерітіндіден гөрі коллоидты системаға жақын.
Дисперсті системаларды тағы да үлкен екі топқа бөлуге болады: жүзгіндер (суспензиодтар) және молекулалык коллоидтар. Жүзгіндер дегеніміз өзін қоршаған ортадан анық белгіленген физикалық шегі бар, атомдар немесе молекулалардың бірігіп өз алдына жеке агрегат қүраған бөлшектерден тұратын жоғары дис-персті, гетерогенді системалар. Ал, молекулалық коллоидты системалар дегеніміз, жеке кинетикалық өлшем ретінде болатын молекулалардың сольваттануын өздігінен қүрайтын, тұрақты және қайтымды бір фазалық гомогенді системалар. Мұндағы ірі молекулалардың өлшемі коллоидтық дисперстілік өлшеміне шамалас болады. Мінеки осы тұрғыдан алғанда жоғары молекулалық қосылыс ерітінділері дисперсті молекулалық коллоидты системаға жатады, ал олардын, гомогенділігі беткі бос энергия, фазааралық шек жайлы ойлауға да мүмкіндік қалдырмайды. Бұл да тек олардың өзіне ғана тән қасиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет