Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары


Тақырыбы: Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Өсімдіктердің таралу ерекшелігі мен заңдылықтары



бет13/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Тақырыбы: Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Өсімдіктердің таралу ерекшелігі мен заңдылықтары
Қазақстанның өсімдік жамылғысында 4750-ден астам жоғарғы өсімдіктер бар, олардың 66-ысы ағаштар,266-бұталар, 250-аласа бойлы өсімдіктер, л 2800-і көпжылдық және бір жылдық шөпті өсімдіктер. Жалпы өсімдіктердің 12%- эндемиктер. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің де түрлері өте көп, азық-түліктік және майлы өсімдіктердің 150 түрі, мал азықтық өсімдіктрді 500-ден астам түрі, дәрілік шөптердің 230-дан астам түрлері Қазақстанның территориясынан кездеседі.
Жапырақты және қылқан жапырақты ормандар. Мұндай орман алқаптары Алтай және Тянь-шань тауларында таралған. Алтайда көбінесе самырсын, шырша, қайың, қарағай өссе, ал Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань шыршасы және сибир самырсыны өседі.
Ашыққылқан жапырақтыларға емен және арша ормандары жатады. Еменді ормандар Ертіс және Тобыл өзендерінің аңғарындағы құмдар мен Қазақтың Ұсақ Шоқысындаөскен. Ал аршалы ормандар Батыс Тянь-Шань тауларында етек алған.
Қазақстанның топырақты ормандарында қайың,алма, жаңғақ және т.б. ағаштары өседі. Олар орманды дала және дала зоналары мен бірге таулы аудандарда кездеседі. Терек ағаштары Алтай, Солтүстік Қзақстандағы өзен аңғарларында өседі,грек жаңғағының ормандары Бтыс Тянь –Шаньның тау аңғарларында өскен.
Бұталы өсімдіктер- Қазақстанда өте көп, олардың ішінде қараған, розария, талдар көп кездеседі.
Қараған өсімдіктері Қазақтың Ұсақ Шоқысында, Алтай, Тянь-Шань, Сауыр-Тарбағатай және Жоңғар Алатауының тау тектерінде өссе, ал розариялар (роза түрлерінің қауымдастығы), тау беткейлерінде көп беімдерген.
Оңтүстік Қазақстанның өзен аңғарларында тоғай өсімдіктері көп, соның ішінде талды ағаштар, жыңғыл және т.б. өседі.
Жартылай ағашты өсімдіктерге жататын сексеуілдерҚазақстанның оңтүстік аймағының құмды жерлерінде өседі. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі бар- ақ сексеуіл және қар сексеуіл. Ақ сексеуілдер құм массивтерінде өссө, ал қара сексеуілдер сазды тақырларда, яғни Сырдария, Шу және Балқаш көліне құятын өзендердің аңғарларында өседі.
Шөлдің аласа бойлы өсімдіктері. Қазақстандағы мұндай өсімдіктер 2 топқа бөлген: 1) жусанды өсімдіктер; 2) шеркезді ((солянковые) өсімдігі.
Қазақстанның шөлді аймақтарында жусанды өсімдіктер өте көп шоғырланған. Соның ішінде ақ жусан, қара жусан, сұр жусан және оңтүстік жусаны. Ақжусандар көбінесе Каспий маңының солтүстігінде, ал қара жусандардың ареалдары сортаң топырақты жерлерде, ал Оңтүстік Қазақстанда сұр және оңтүстік жусандары кездеседі.
Аласа бойлы өсімдіктердің шеркезді тобынан сортаң топтарда сарсазон, Ұсақ шоқының гипсті топтарда көкпек, долана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет