Ф-ОБ-001/033 тұрған. Содан соң бұл хандыққа Өзбек ұлысынан адамдар келе бастайды. 2. Ж. Ақбаев әскери сословие -–казактардың Керей мен Жәнібекке еруін, бір жағынан, психологиялық теория тұрғысынан түсіндіреді. Бұл – жауынгер- казактардың ежелден орныққан дәстүрлі нормаларға бағынуынан көрінетін «категориялық императивті»салт. Петражицкийдің психологиялық теориясын жақтаушы болған Ж. Ақбаев бастапқыда Жетісуға Кереймен және Жәнібекпен бірге тек жауынгерлер ғана келгенін нақ осы психологиялық фактормен түсіндіреді. Біздің пікірімізше, Ж. Ақбаев «категориялық императив» ұғымымен шектелмейді, психологиялық фактор шеңберін бұрынғыдан да кеңейте түседі. Алтын Орда ыдырап кеткенімен де, бір кезде құдіретті мемлекеттің әскери тірегі болған казактар өздерін парасаттылықтары мен дербестіктерінен айрылғысы келмеген тәуелсіз сословие деп сезіне берді. Ж. Ақбаевтың атап көрсеткеніндей, Керей мен Жәнібектің Жетісуға кетуіне де «сол кезде толассыз көшіп-қонып жүретін қайсар да қызба қанды Алтын Орда ұлдарының өзін-өзі сақтау сезімдері, мінез-дағдысы» психологиялық негіз болған. Жоғарыда атап өтілгендей, содан соң, өздерінің саяси ұйымын құрғаннан кейін, оларға түрлі тайпаларға жататын жай халық келіп қосыла бастаған. Казактарға қосылған жай сословие адамдарды да «казак» деп аталды. Ж. Ақбаев мұны да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. «Қарсылық білдіруші еріктілер», «еркін»,«қызба қанды» деген және басқа сөздердің «казак» есімімен байланыстырылуы, - деп жазды Ж. Ақбаев, -психологиялық жағынан әбден түсінікті; жаңа ұлыс халқының «казактар» деп атала бастағаны да әбден түсінікті, өйткені бастапқыда барлық халқы әскери адамдар мен казак кавалериясынан (атты әскерлерден) тұрған».
Сонымен, Керей мен Жәнібек хандығының әскери-саяси бірлестік ретінде құрылғанына, оның әлеуметтік негізі белгілі этникалық топ емес, қайта қазақтардың әскери сословиесі болғанына тарихи әдебиетте Ж. Ақбаев бірінші болып назар аударды деуге біздің толық негізіміз бар. Тек белгілі бір уақыт өткеннен кейін, осы саяси бірлестікке басқа ұлыстардан жай халықтың келіп қосылып, оның жер аумағының кеңеюіне қарай ол мемлекетке айналған да,
41