2.2. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары. Ж. Ақбаев қазақ қоғамының ежелгі кезден бергі мемлекеттік-құқылық проблемаларын алғашқы зерттеушілердің бірі болды. Оның ғылыми ынта қойған мәселелерінің ауқымы қазақ мемлекетінің пайда болу, құқылық жүйенің, құқылық ұғымдардың, терминдердің қалыптасу мәселелерін қамтыды.
Ғылым үшін зерттеліп отырған тақырыптың өзекті, негізгі құбылысының мәнін анықтаудың шешуші маңызы бар. Құқылық жүйені түсіну үшін құқықтық мәнін зерттеу қажет; құқық деген не, әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде оның белгілі бір терминологиялық рәсімге ие болатыны неліктен?
Ресейге қосылғанға дейін қазақ қоғамының мемлекеттік ұйымы, ғасырлар бойы қалыптасып, дамытылған құқық жүйесі болған. Осы уақыт ішінде мемлекеттіліктің өзін, оның құрылымын, органдарының қызметін, сондай-ақ құқылық жүйесінің қалыптасу және жұмыс істеу үрдісін сипаттайтын зор нақтылы материал жинақталды. Ерте кезден бастап ғалымдар, жазушылар,
44
Ф-ОБ-001/033
ақындар түрлі дәуірлердегі саяси оқиғаларды, әдет-ғұрыптарды, заңдарды, дәстүрлерді суреттеген көп еңбек жазып қалдырған. Алайда бұл еңбектердің көпшілігі әзірше беймәлім болып қалып отыр. Оларға қазақ қоғамының мемлекеті мен құқығы проблемаларына ден қойған революцияға дейінгі ғалымдар да қол жеткізе алмады. XVIII- ғасырдың аяғынан қазақ құқығы проблемаларын зерттей бастаған Ресей ғалымдарының негізінен өздері социологиялық зерттеулер негізінде жинаған материалдарға сүйенгенін нақ осы жағдаймен түсіндіруге болады. Зерттеулерді қазақ халқының тарихын, қазақ қоғамының ерекшелігін білмейтін, қазақ тілін, қазақтардың психологиясын түсінбейтін адамдар жүргізді. Оның үстіне бұл зерттеулер қазақ халқы өміріндегі бетбұрыс кезеңде, Ресейге қосылу нәтижесінде оның мемлекеттік ұйымы мен құқылық жүйесі бұзылған кезде жүргізіледі. Қазақтың дағдылы құқығында елеулі өзгерістер болды: ежелден өмір сүріп келген құқылық әдет-ғұрыптарға, өнеге-өсиеттерге консерватизм белгілері тән болса да, олар өзгере бастаған еді. Сөз жоқ, қазақтардың дағдылы құқықтарын жинау, қорыту және зерттеу жөнінде Ресей ғалымдары зор жұмыс істеді. Олар Ресейдегі құық ғылымының дамуына оң ықпал етті, алайда қазақтардың құқылық санасына ешқандай әсері болған жоқ. Ал мұның себептері көп еді. Қазақ құқығы туралы еңбектер орыс тілінде жазылады, таралымы өте шектеулі болды. Ең бастысы – қазақ қоғамының кез келген салада, соның ішінде құқық саласында да ғылыми зерттеулер ұйымдастыру үшін ешқандай жағдай болмады. Заң ғылымымен аса көрнекті жалғыз-жарым адамдар, онда да ара-тұра айналысып жүрді.
Қазақтың дағдылы құқығы жөнінде Ш.Ш. Уәлиханов алғашқылардың бірі болып бірқатар еңбектер жазды. Ол қазақ құқығының проблемаларын кең тұрғыдан – тарихи және өз кезіндегі қырларынан қарастырады. Ол қазақтың дағдылы құқығын, мұсылман құқығын, Ресей заңдарын жақсы білген еді, оларды салыстыра отырып зерттеді, аталған құқық жүйелерінің жақсы және теріс белгілерін иланымды көрсетті. Қазақстан құқық ғылымы үшін Ш. Уәлихановтың қазақ құқығының тарихы, оның әлеуметтік мазмұны мен келешегі жөнінде айтқан пікірлерінің зор маңызы бар. Оның пікірінше, қазақ
45