8-10 балл – Өте жақсы 6-7 балл - Жақсы 4-5 балл - Қанағаттанарлық 1-3 балл – Нашар
Қорытынды: Кез келген тілді үйрену ең алдымен оның лексикасын меңгеруден басталады. Лексиканы меңгермей біз тілдің грамматикасын, стилистикасын, фонетикасын да меңгере алмаймыз. Ағылшын тілінің лексикасы үнемі даму, үстінде оны әр кезеңге сай оқыту мен үйрету аса маңызды. Педагогтар оқыту барысында көптеген қиындықтарға тап болады, сол қиындықтардың алдын алып болдырмау үшін ағылшын тілі лексикасының қыр сырын, ерекшеліктерін анықтап үйретудің қызықты, пайдалы, нәтижиелі жолдарын табуы тиіс. Ең басты мұғалім жас ерекшелігіне сай бастапқы меңгеру материалын дайындауы тиіс. Сонымен қатар өтілетін лексика сабақтың тақырыбына, бөліміне сай болып, қажетті жолмен түсіндірілуі тиіс. Түсіндірілу барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратындай әдіс-тәсілдер қолданылуы маңызды. Ең бастысы меңгерілген тілді бекітіп, оқушылар оны практикада қолдана алуы үшін сабақ барысында жаңа сөздерге құлақты жаттықтыру үшін тыңдалым материалы яғни видео, аудиожазбалар немесе мұғалім өзі сауатты қайталайтындай болуы керек. Оқушылар сөзді дұрыс жазып, жазу дағдысын дамыту үшін жазу жаттығулары, ойындары да аса маңызды. Оқушылардың арасында жаңа сөзді қолданумен коммуникативтік байланыс болса, білім алушылар жаңа лексиканы практикада қолдануды жетілдіре алады. Және әр сабақ сайын өтілген материалды қайталап, бекіту жаттығуларын орындату керек. Шетел тілі сабақтарында лексиканы оқытудың жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерін ескеру және қолдану арқылы ғана ағылшын тілінің маманы лексиканы меңгерген бәсекеге сай оқушыны дайындай алады.