Сұрақтар:
1. Ғылыми білімнің қандай деңгейлері бар?
2. Эмпирикалық әдістерді атаңыз.
3. Ғылыми теорияның құрылымы қандай?
№ 8 дәріс.
Тақырып: Ғылымның болжамдық қызметі
Ғылыми зерттеудің әдіснамалық бөлігі ғылым қызметінің маңызды түсінігінің фундаменті ғана емес. Ол құрастырылатын теорияның, жасалатын модельдің болжамдық қызетін де атқарады.
Бастапқыда көптеген ғылым заңдары болжам (грекше һіроіһөвів - негіз, жорамал) формасында көрінеді. Болжамлар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өздерінің логикалық формасында олар, әдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: "егер A жүзеге асса, онда өзгесі де іске асады", "егер A жэне B арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады" жэне т.б. Болжамлар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық болжамлар. Алғашқылары - жекелеген заттар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар. Мысалы, оған Айдың беткейінің құрылысы, оның минерологиялық және физика-химиялық құрамы туралы көптеген болжамларды жатқызуға болады. Айға кеңестік автоматты лабораториялар қонып, жерге оның беткейі туралы дәл ақпарат беріп, оның топырағын алып қайта оралғаннан кейін бұл болжамлар анықтығының шамалысы ғана қалды да, олардың өзіне де түзетулер енгізіліп, ал қалғандары теріске шығарылды немесе фальсификацияланды (латынша falsitificaze - қолдан жасау, бұрмалау). Екінші топтағы болжамларға, мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы болжамның негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанды. Бұл болжамдар дәлелденгеннен кейін болжамны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.
Кант бойынша тек көрініс болып саналатын болмысың барлық нақты идеалы алдымен қалыптасады, яғни обьектіге айналады, содан соң гипостазирленеді және ойдың бірлігін аяқтау үшін мамандандырылады. Тәжірибенің регулятивті бірлігі олардың көп түрлі маөмұнымен байланысу негізінде ғана емес, сонымен қатар адамдар қызметінің қоғамдық мәдениетімен де байланыстырылады.
Тіршілік критерийлері оның барлық синкретикалылығы мен дихотомиялылығында – адамның қызметінің заттық обьектісіне қосылауы, және осы қызмет рефлексиясының принципиалды мүмкіндіктері. Платон, Кант, Галилей, Лейбниц, Паскаль және т.б. ойшылдардың идеялары принципиалды мүмкіндкіктерді көрсетеді: обьективті болжамдардың, субьективті болжамдардың.
Біріншілері идеяның, концепцияның, әдістің, теорияның, тілдің болжамдық мағынасын сипаттайды. әр ғылыми концепция тереңдетілген болжамдық рефлексияға өз үлесін қосқан, бірақ бірінші университеттер ашылуынан бастап философияның рефлекстенуші қабілеттері ерекше дамып келеді. Егер айтылғандарды шындық ретінде қабылдаса, онда философияның болжамдық қызметтері оны ұғынумен теңестіріледі.
Болжамдардың екінші типі ғалымдардың болжамдық болжауларының үлкен спектрін алады, ол Фалес Милетскийдің күн тұтылуы жайлы айтқан болжауларынан басталып, Канттың Жердің айналатындығы және ХХ ғасырдың көптеген қоғамдық, технологиялық, экологиялық болжауларымен аяқталады. Болжаудың бірінші типі қоғамдық ойдың обьективті болжамдық қызметін көрсетеді, ал екіншісі қоғамдық субьектінің зияткерлік болжамдық қызметімен байланысты. Бұл қатынаста Галилей ғылымы Энштейн ғылымымен салытыруға да келмейді.
Теориялық болжамлар мен заңдар кейде тікелей сезімдік бақылауға қайшы келіп отырады. Мысалы, Коперниктің әлемнің гелиоцентристік жүйесіне қарағанда, одан ертерек Клавдий Птолемейдің (90-160) Күн және өзге планеталар қозғалмайтын. Жерді айналады деген геоцентристік жүйесі адамның тікелей сезімдік бақылауына сәйкес келеді. Коперник өз жүйесін шындыққа жақын болжам ретінде ғана қарастырса, одан шығатын математикалық салдарлар геоцентристік жүйенің салдарымен салыстырғанда өте дәл өлшемділігімен ерекшеленгендіктен бұл болжамны Күн жүйесі планеталарының қозғалысының заңы түріндегі ғылыми ақиқат ретінде қарастыра бастады.
Теориялық болжамдар бастапқыда қызық әрі фантастикалық болып көрінуі мүмкін, мысалы, соңғы онжылдықтардағы Fаламның құрылысы туралы болжамларға байланысты пікірталастар осындай. Алайда болжамлар қаншалықты кездейсоқ болғанымен, олар шығармашылық бей-берекетсіздіктің нәтижесінде емес, оның алдындағы "сәтсіз" болжамлар мен көптеген эксперименттік мәліметтерге талдау жасаудың негізінде ашылады. Жаңа болжамлар оның алдындағылардың көмегімен түсіндіріле алмаған айғақтарды жүйелеп, түсіндіріп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа болжамлардың салдарлары бақылаулар және эксперименттермен дәлелденетін болса "яғни, верифицияланса, онда мұндай болжамны жоғары деңгейдегі ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретінде қарастыруға болады.
Естілім ақпаратын таушылар Шуман толқындары екені белгілі, ол жер – ноосфера жолымен тарайды. Ақпаратты жеткізудің үлкен жылдамдығы ақпарат түсуінің төмен жылдамдығының әсерімен түсіндіріледі. Бақылаушының әсерлері сана және сыртқы әлем аралығындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Кейде феймандық диаграммаларды уақыттың эквивалентті, инверсті өтуімен байланыстырады. Г. Рейхенбах ауқыт бағытын конвенциалды деп қабылдайды.
Ғылыми теорияның интенсивті дамуы болжамдық аппараттың концептуалды тереңдетілуін алдыға қояды. Алдында қарастырылған уақыттық жеке мәселелер мен болжаулар кездейсоқ емес, ол ғылыми жолдың жаңашылдылығына әкеледі.
Сонымен, теориялық білімдер өзінің құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық болжамларды да әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғары дәрежеде дәлелденген болжамлар ғана белгілі бір теорияның құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Өзінің логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің (заңдардың) жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастардың қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын пікірлерінің бастапқы, түпкі ұсыныстардан (сөйлемдерден) таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылғандығымен сипатталады. Мұндай түйіннің нәтижесінде алынған пікірлер теорияның салдарлары деп те аталады.
Салдарлар өзінің мазмұны жағынан берілген теорияның заңдары болуымен қатар белгілі бір жағдайларды, ақуалдар мен процестерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдарлар туындайтын ұсыныстар, әдетте теорияның постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады. Әрбір жекелеген теориядағы мұндай ұсыныстарды негіздер деп те атауға болады, бірақ олардың өзі өзге кеңірек және тереңірек теориялардың салдарлары болуы да мүмкін.
Болжамды іс-әрекетті жүзеге асыратын тірі танымдық қатынас ретінде қарастыруға болады. Болжаудың классификациялық құрылымында бірнешетипологияны қарастыруға болады:
Ғылымның мәденитарихи деңгейі бойынша – ғылымға дейінгіжәне ғылыми;
Ғылым объектісі бойынша – әлеуметік, саяси, этикалық, эстетикалық, технологиялық, жаратылыстанушылық, экологиялық.
Ғылымның даму типі мен ғылым шеңберін қамту бойынша – экстенсивті, аймақтық, тактикалық, әдіснамалық, және екінші жағынан интенсивті, глобальды, стратегиялық,әдіснамалық;
Болжау субъектісінің типі бойынша – субъективті, тұлғалыщ, жеке, ұжымдық және екінші жағынын объективті, надиндивидуалдық, тұжырымдық;
Объектіні уақыттша бағдары бойынша – ретроспективті, презентивті, прогносткалық, атемпооральды;
Гносеологиялық деңегйі бойынша – логикадан тыс, эмпириалық, ойлық, теориялық;
Логикалық формасы бойынша – дедуктивті және индуктивті, аналитикалық және синтетикалық.
№ 9 дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |