Тақырып: Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістемелері Жоспар



бет9/26
Дата21.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#58859
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Сұрақтар:

  1. Әдіснаманың қызметтерін атаңыз.

  2. Әдіснаманың міндеттерін атаңыз.

  3. Әдіснаманың деңгейлерін атаңыз.

  4. Әдіснаманың принциптері

7 дәріс




Тақырып: Ғылыми білімнің құрылымы

Ғылыми білімнің деңгейлері және олардың қатынастары.


Ғылыми білім екі негізгі өзара байланысқан, бірақ сапасы жағынан әртүрлі деңгейден тұрады – эмпирикалық және теориялық. Олардың әрқайсысы белгілі қызмет атқарады және зерттеудің арнайы әдістерін қарастырады.
Ғылымның іргетасы эмпирикалық, яғни тәжірибелік жолмен алынған мықты бекітілген дәлелдемелер болып табылады. Мысалға аспан денелерінің ауысуын астрономиялық бақылауы нәтижесінде алынған эмпирикалыққ мәліметтердің жиынтығы. Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми қиындық өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді. 
Эмпирикалық әдістің негізгі бірнеше түрлер бар: бақылау, эксперимент, өлшеу, сипаттау, салыстыру.
Осындай әдістер нәтижесінде алынған ақпарат статистикалық өңдеуге ұшырайды. Осыған сәйкес ғылыми ақпараттың көздері және талдаудың әдістері мен жалпылау жете бейнеленеді, ол осы нәтижелерді тексеруга мүмкіндік береді.
Эмпирикалық деңгейде алынған заңдылықтар әдетте көп нәрсені түсіндірмейді. Сондықтан ғылымның эмпирикалық деңгейінен теориялық деңгей биіктейді. Теориялық деңгей болмысты толық қабылдауды қамтамасыз етеді. Теориялық танымның мазмұны болып, заңдылық пен фактыларды түсіндіру және бейнелеумен шектелмейді; сонымен қатар ол ғалымдардың әлем үйлесімділігін ашуға талпынысын көрсетеді.
Теориялық деңгей формализация, аксиоматизация, гипотезалық-дедуктивті сияқты әдістерді тұспалдайды.
Теориялық деңгейдің негізгі құрамына қиындық, гипотеза және теория кіреді. Қиындық – білім формасы, бұл тануға қажеттіні әлі танылмағандығы, яғни білмегендіктің білімі, таным барысында жауапты талап еткенде пайда болған сұрақ; қиындыққа таным қозғалысының екі негізгі кезең кіреді – құрастыру және шешу. Гипотеза – дәлелдемелердің негізінде құрастырылған болжам формасындағы білім. Гипотезалық білім нақтылық емес, ықтималдық білімді көрсетеді, яғни тексеруді, негіздеуді талап етеді. Дәлелдемелер нәтижесінде алдыға шыққан гипотезалардың бірі теорияға айналады, басқалары түрленеді, нақтыланады және айқындалады, үшіншілері егер де тексеру нәтижелері теріс болса, адасушылық деп шектеледі. Гипотеза шынайлығынын шешуші тексеруі барлық формадағы тәжірибе болып табылады, ал көмекші рөлді шындықтың логикалық (теориялық) критериі ойнайды.
Ғылыми білімнің дамыған формасына теорияны жатқызады. Теория – ақиқаттың белгілі аймағында маңызды байланыстарды және заңдылықтарды толық көрсетуге мүмкіндік беретін білім. Теорияның негізгі тапсырмасына берілген эмпирикалық деңгейдің барлық көпшілігін түсіндіру, жүйелеу, бейнелеу жатады.
Теорияда идеалды нысандардан басқа, заңдармен бейнеленетін қарым-қатынастар болады. Сонымен қатар алғашқы идеалды нысандардан екіншілік нысандарды құрастыруға болады.
Теориялық деңгей әдетте екі құрастырушыларға бөлінеді: ірге тасты теория және шындықтың нақты аймағын бейнелейтін теория.
Ғылымдағы теорияның рөлі, жекелей алғанда жаратылыстануда нысан ойша қадағаланады, сондықтан жалпылай айтқанда, теориялық нысанды қалауынша жете бейнелеуге болады және теориялық көріністерден қандай да бір нәтиже алуға болады. егер бастапқы абстракциялар дұрыс болса, онда нәтижесі де дұрыстығын сеніммен қарауға болады.
Ғылыми теория – бұл қиын құрылымы бар, білімнің (қосатын және адасушылықтың элементтері) дамып келе жатқан жүйесі:

  • бастапқы негіздер (алғашқы ірге тасты түсініктер, қағидалар, заңдар, постулаттар, аксиомалар және т.б);

  • берілген теорияның идеалданған нысаны – маңызды қасиеттердің абстрактты модельдері және зерттелетін заттардың байланыстары (мысалға, идеалды газ);

  • теория логикасы;

  • теорияның негізгі жағдайларынан шығарылған заңдар мен үкімдердің салыстырмалылығы;

  • философиялық-әдіснамалық нұсқаулар және құнды факторлар.

Кез-келген теория бірнеше функцияларды атқарады. Ең негізгілерін атайық. Синтетикалық функция бөлек ғылыми білімдерді бірыңғай жүйеге біріктіреді. Түсіндірмелі функция нақты құбылыстың себепті және басқа да байланыстарын көрсетеді. Әдіснамалық функция теория қорындағы әр түрлі әдістерді құрастыруға жауап береді. Жорамалдау функциясы немесе болжау функциясы бұрын соңды анықталмаған деректер, нысандар туралы түсініктерді нақтылайды. Тәжірибелік функция – теорияның тәжірибеге айналуға талпынысын көрсетуге бейімделеді.
Теориялар әртүрлі әдістермен баяндалады:

  • теорияның аксиомалық құрылымы;

  • генетикалық құрылымы.

Теориялық деңгей әдістері:

  • Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.

  • Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б.

  • Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.

  • Дәріптеушілік – (идеализациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді.

  • Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикальщ деректер қортыңдыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.

  • Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

  • Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді.

  • Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.

  • Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет