Сұрақтар:
Ғылыми процесстің қандай сипаттары бар?
Фундаментальды зерттеу қандай түрлерге бөлінеді?
Фундаментальды зерттеудің сипаттарын атаңыз.
Ғылыми зерттеу ретінде көрінетін қандай категориялар бар?
№ 10 ДӘРІС
ТАҚЫРЫП: ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ, ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ПӘНІ
Мәселе. Мәселенің болуы (мәселелелік жағдайдың) кез келген ғылыми зерттеудің бастапқы сәті болып табылады. Білімнің, фактілердің жеткіліксіздігі, ғылыми көріністердің қарама-қайшылығы ғылыми зерттеуді жүргізуге негіз болып табылады. Ғылыми мәселенің қойылуы келесілерді болжайды:
Осындай тапшылықтың болуын табу;
Тапшылықты жоб қажеттілігін сезіну;
Табиғи тілде мәселелік жағдайды сипаттау;
Ғылыми терминдерде мәселені қалыптастыру.
Мәселенің бар екендігіне оқушының көзін жеткізу үшін жүргізілген әдеби шолуға сүйенуге болады. Онда сізді қызықтыратын мәселенің зерттелу дәрежесінің сипатын беру керек. Ол толығымен қаншалықты оқылғанын, сонымен қатар оның жеке жақтары мен аспектілерін атап өту керек. Зерттелмеген және аз зерттелген сұрақтарды, құбылысты түсінудегі қарама-қарсылықтарды тұтасымен немесе жекелеген тараптарды, эмпирикалық мәліметтердегі қарсылықтарды ерекше тапа көрсету керек.
Зерттеу объектісі. Объект – бұл таным процессінің бағыты. Бұл өздігінен әлемнің фрагменті болып табылатын біртұтас дүние. Психологиялық ғылымның объектілері: индивид, адамдар тобы, адамдардың жалпылығы, психикасы бар жануарлар, сондай жануарлар бірлестігі. Осы аталып өткен объектілер басқа ғғылымдардың да объектісі болып саналатындықтан, сіз психологиялық зерттеу объектісін атай отырып, адамның, қандай да бір топтың немесе жануарлардың нақты қандай құбылысын зерттеуге ниетті екеніңізді берілген жұмыста жасау барысында айқындап отыруыңыз қажет.
Мәтінде объектінің барлық мәнді сипаты көрсетілуі тиіс. Зерттеудің мақсатына қарай мұндай сипаттамаларға: жыныс, жастық топтар, білім деңгейі, мамандық, қызмет түрі, денсаулық жағдайы, ұлты және т.б. жатады.
Зерттеу нысаны. Таным нысаны – белгілі тарихи жағдайларда қарастырылатын шынайы объектілердің қасиеттері, жақтары, қатынасы. Таным нысаны қандай да бір ғылым немесе ғылым кешенінің шеңберінен тыс бөлуге немесе сипаттауға болады. Таным нысаны жалпы ғылыми болуы мүмкін. Ол пәнаралық болуы да мүмкін, мысалы, жануарлардағы жыныс аралық қатынас. Оны биохимия, этология, зоология, психология, ветеринария зерттейді. Әрбір ғылым үшін кез келген оқу пәнінде өзінің жеке қарастыру аспектісі бар. Ол теориялық, эмпирикалық және қолданбалы зерттеуде әртүрлі қалыптасуы мүмкін.
Психологиялық зерттеу нысаны ретінде: жеке психикалық қасиеттер, күйлер, процесстер, функциялар, тәртіп түрлері, іс-әрекет және қарым-қатынас, жекелеген құбылыстардың кеңістіктік, уақыттық және қарқындылық сипаты, олардың арасындағы өзара құбылыс, психикалық және физиологиялық құбылыстар арасындағы өзара байланыс және т.б. Осылайша, психологиялық зерттеу нысаны ретінде алынуы мүмкін құбылыстар мен олардың тараптарының тізімі объектілер тізімінен әлдеқайда көлемдірек болып келеді.
Егер психологиялық зерттеу объектісі жұмыс контексті (тіпті автормен аталмаса да) бойынша жиі анықталатын болса, онда нысанмен жұмыс басқаша реттеледі. Бұл олардың анықталу деңгейінің әртүрлілігімен байланысты. Зерттеу нысаны автордың өзімен аталуы керек, себебі оқырманға жұмыстың мақсаты мен не үшін арналғаны түсінікті болуы керек. Егер нысан аталмаған болса, онда әдістемелік амалдың адекваттылығын бағалау қиынға соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |